«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   

«Ақын - жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . … . . . 3

І. XV-XVII ғғ. ақын-жыраулар шығармасындағы философиялық дүниетаным.

1. 1. Қазақ ақын-жырауларының әлеуметтік ойлары… . . . 7

1. 2. Шалкиз поэзиясының қазақ рухани дүниесіндегі орны . . . ……22

ІІ. XVIII ғ. жыраулар шығармашылығындағы философиялық идеялар

2. 1. Бұхар жырау және қоғамдық ой ағымы . . . ………. . 28

2. 2. Зар-заман ақындарының әлеуметтік философиясы………. 35

ІІІ. Ақын-жыраулар мұрасындағы рухани құндылық қатысты көзқарастары

3. 1 Ақын-жыраулардың менталитеттік бейнені қалыптастыруы…. 35

3. 2 Ақын-жыраулардың тәлім-тәрбие жөніңде…… . . . …. 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . 46

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . …. 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі егемендік алған елімізде мәдени, рухани жұтаңшылық әлі де болса халық сана-сезіміне үлкен дағдарыс әкеліп, кері әсер етуде. Бұл құбылыстың себебі неде? Осы сұрақ үлкен толғанысты, ойлауды, тиянақты тұжырым жасауды талап етеді. Қазіргі қазақ зиялыларының пайымдауынша, мұндай тығырыққа тірелуден адам санасының жете бермейтін жағдайында әрі карай тұнғиыққа батпау амалын көрсететін бір-ақ бағдарлама бар. Ол халықтың идеялық, рухани біліктілігін нығайту.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан берғі уақытында, өзінің тарихи аренаға шығуында қаншама жағымды, әрі жағымсыз жәйттарды басынан кешірді. Небір қиянат пен зорлык-зобалаңдарға және зұламаттарға ұшыратқан қоғамдық-саяси, мәдени әрекеттердің барлығы ұлт санасында сақталып, қоғамдық өміріндегі тіршілігінде, өмірге деген көзқарасында, ұғымында, болмысында, дүниетанымында өзіндік із қалдырып, жадыда сақталып, салт-санасын оятып, ұлттық менталитетінде өшпес белгілерін қалдырды. Ұлттық менталитет ұзақ жылдары бойы ауызға алынбай қамауда жатты. Өйткені, кеңес дәуірі кезіндегі саяси тоталитарлык жүйе үшін әр ұлттың өзіндік "мені", дүниетанымы сол қоғам үшін және оның жүргізіп отырған саясагы мен идеялогиясы үшін қарама-қарсылықтары көп болды. Ал қазіргі Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін өзіндік бет бейнесін, даму стратегиясын анықтаудағы ұлттық менталитетіміздің, ұлттық салт-сана мен дәстүрлеріміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің, жалпы мәдениетіміздің қалыптасуында ролі қандай?

Жыраулық мәдениет ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуының қайнар көзі десек артық емес, әрі ол Қазақ халқының санасының, дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен мәдени құндылықтарының негізі десек қателеспейміз. Жұмыстың өзектілігі негізінен - жырау деген кім, оның анықтамасы қандай, жыраулык мәдениет деген ұғымды қалай түсінген дұрыс сияқты сұрақтармен байланысты. Жалпы жыраулық мәдениеттің қазақ халқының мәдени-тарихи даму шеңберінде оның алатын орны қандай? Рухани тіршілігін қалай білдіреді? Ал осының барлығының түп негізіне ұлт ретінде өзімізді өзіміз тану, білу, сезіну жатады. Өзіндік «жалпы» адамзаттық өркениетте алатын жырау орнының ерекшелігі қандай? Келешек ұрпаққа ұлттың қадір қасиетін қастерлеуге шақыру осыдан келеді.

Бұл еңбек қазақ мәдениетінің қайнар көзі болып табылатын жыраулық мәдениеттің табиғатын, философиясын зерттеуге арналады. Осыдан, бүгінгі қазақ елінің қиын мезгілді басынан өткізІп отырғанын саралай келіп, көптеген сұрақтарға тиянақты, дәлелді жауап табамыз деген ойдамыз. Дербес

мемлекетіміздың саясатына орайлас, халқымыздың сана-сезшш, ойлау жүйесін, қазіргі заман талабына сай келетін, Қазақ қауымын ойлататьш, осы өмірге басқаша, жаңа дүниетаныммен қарайтын еңбектер де баршылық, бұл да сондай еңбектін қатарынан көрінсе деген ойдамыз.

Зерттеу тақырыптың өзектілігі Қазақстанда қабылданған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен де байланысты.

Бұрынғы Одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, олар өз бетінше әлеуметтік-экономиқалық, мәдени дамудың арнасына түскен уақытта Бұл сапалы өзгерістерге лайық руханиятты қалыптастыру қажеттігі өз-өзінен түсінікті. Біздің елімізде оның тәуелсіздігінің бірінші күндерінен бастап-ақ ұлттық идеологияны, Қазақ қоғамының ұлттық идеясын қалыптастыру мәселесі қолға алынды. Әсіресе оның негізгі принциптерін істеп шығаруға байланысты шарттар, оның ең алдымен кімнің идеяларын сәулелендіруі, қандай талаптарға жауап беруі және өзіне нелдерді біріктіруі тиіс екендігі үнемі Президентіміздің назарында болып келе жатыр. Ел басымыздың ойы бойынша, ұлттық тәуелсіздік идеологиясы халқымызға тән болған ең ынтық сезім және ділдік түсініктердің жинақталған көрінісі болуы керек. Сондай-ақ Қазақ мәдениетінің бірегейлену құндылықтары сиякты менталитетіміздің таяныштарының қоғамдағы орны мен ролі жоғары. Әсіресе, оларды қазіргі өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын халықтың жеңіп, пайдалы ескі мен жаңаның ара қатынасындағы мұрагерлікті орнықтырудағы орны өз алдына. Ол үшін діл мәселесін сөз еткенде, оның коғамдық психологиямен өзара қатынасындағы менталитеттің орны ерекше екендігін арнайы айтуымыз керек. Соны да назарда түтуымыз керек, соңғы уақытта "менталитет" түсінігі саяси, тарихи, әлеуметтік-психологиялық және философиялық әдебиетте жиі қолданыла бастады. Алайда Қазақ менталитетінің архетипі - ақын-жыраулар шығармашылығы арнаулы зерттеудің объектісі болған жоқ.

Назарбаев Н. Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму жолын белгілеген "Қазақстан-2030" атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды [1] . Бұл үрдістерді ары карай тереңдету тек ұлттық философия аясында ғана жүзеге аса алады және батыстық дайын философиялық үлгілерді қабылдау еліміздің алдында тұрған күрделі рухани мәселелерді шешуге негіз бола алмайды.

Жас мемлекет үшін азаматтарының патриоттық сезімдерінің орны айрықша болатын болса, онда осы қасиетті рухтың крғамдық санада белгілі үш сатысы бар. Олардың әуелгісі - Отанды сезіммен сүю болса, келесісі -санамен сүю, соңғысы - кәсіби сүю. Қазіргі біздің жағдайымыздағы қоғам

мүшелерінің Отанды сезіммен сүюі ғана бар да, ең қажеттісі болып табылатын соңғы екі сатысы жетпеуде [2, 4-5 бб. ] . Демек, жергілікті басым көпшілік халықтың отарсыздандыруға (деколонизация) ұмтылу ынтасының әлі де болса дамымауының себебі - Кеңес дәуірінде ұлттық ділді қалыптастыру жолында үрей мен кемсітуден туындаған ездік менталитета Қазақ халқынан арылту, тазарту, еңсесін көтеру, түлету үшін тарихи әділетсіздіктің күллі қыр-сыры ашылуы нәтижесінде жаңа ұлттық сана-сезім қалыптасуы керек және Бұл ұлттық философияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақ философиясының батыстық үлгілерден бір ерекшелігі оның ауызекі мәдениеттен қайнар алатындығы. Қазақ рухани мәдениетінде философия жеке білім саласы болып дамымаған. Хатқа түсіріліп, кітап болып көмкерілмеген халықтың даналық көріністерін тек төлтума мәдени контекстіде қарастыруға болады. Сондықтан да көтерілген тақырып терең тарихи-мәдени тағылымды талап етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Егеменді ел болудың арқасында, Қазақ халқының тарихын қайта қарап, саралау, тиянақты, әділетті тұжырым жасау мүмкіндігі пайда болды. Тарихшыларымыз Бұл салада объективті түрде бірмаша тарихи туындылар бергені аян. Бізге сол тарихтың маңызды бір бөлігі ретінде, кенже де болса, күні кеше пайда бола бастаған, Қазақ философиясының тарихы айырықша, қызықты көрінеді. Бүгінгі күні философиялық әдебиетте, Қазақ халқына қандай философия етене жақын дегенге әртүрлі пікірлер айтылады. Белгілі ғалым, философ Кішібеков Д. : «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, оның философиясы жай қарапайым философия дәстүрінде», - дей келе: «Біздің мақал-мәтелдеріміз тұнып тұрған философия», - деген тұжырымға келеді [3, 29 б] . Осыған орай ғалым Орынбеков М. : «Қазақ коғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады», - деп жазды [4, 33 б. ] .

Ғалымдарымыз Қазақ философиясын оның бет-ажарына, реңіне қарап ажырататын сияқты. Бұл бет-ажардың аржағында, өте тереңде көмескіленіп, тот басқан, бірақ сыры мен мәнін мәңгілік жоғалтпайтын даналық жүйелері өзінің беташарларын күтуде. Бүкіл адамзат философиясының бір бұтағы, тармағы болатын Қазақ философиясын Қазақы түрде, яғни, түпнұсқаның кілтін тауып ашып, ойлаудың иірімдерінен сусындап, оның сұлу да ақылгөй зандылықтарын меңгерген жағдайда ғана ол өзінін тылсымын ашпақ.

Қазақ ұлттық менталитетінің қайнар көзі болып табылатын жыраулық мәдениет мәселесі қоғамдық сананың құрамдас бөлігі этномәдениеттің өмір сүру тегі архаиқалық сананың дүниетанымдық негізі ретінде төмендегідей ғалымдардьщ еңбектерінде кенінен айтылды: Айтқазин Т., Ақатаев С. Н., Ақмамбетов Ғ. Ғ., Әбішев Қ. Ә., Эженов М. С., Бұрбаев Т., Ғарифолла Есім, Кішібеков Д. К., Есекеев Б. Ж., Ерғалиев I. E., Нұрмұратов С. Е., Нұрланова Қ. Щ., Нұрышева Ғ. Ж., Нысанбаев Ә. Н., Орынбеков М. С., Сүлейманов Ф. М., Шалабаева Г. Қ., Шүлембаев Қ., т. б.

Бұл тұрғыда ғалым тарихшы, философ Сәбетқазы Ақатайдың «Інжу-маржан секілді» атты еңбегінде «Зиялы қауым Қазақ философиясын «өмір сүру философиясы» деп жүр. Бұл жалпылама сипат беретін тәрізді, себебі, көшпелі халық жалғыз біз емес қой. Сондықтан Бұл ләзімнің сабақтас астары - «дала философиясы» деген түсінікті қолданған дұрыс шығар» -делінген. [5, 12 б. ] .

Философ-ғалым Зейнолла Қариұлы: «Ұлттық философияны қалыптастыру үшін ен еуелі ұлтқа философияның категория ретіндегі діл анықтамасын берген абзал», [6] - деп жазады.

Ұлтымыздың ойлау тәсілдерін үйреніп, оған қайта оралу кажеттігінен туған ғалым ойы ретті де. Бұл құбылысты танып-білу, Қазақ халқы үшін өзін-өзі тану мүмкіндігіне жол ашады.

Батыстық, шығыстық және қазақы менталитеттік ерекшеліктер жөнінде Ғабитов Т. Х. "Мәдениеттану" (Алматы: Раритет, 2004) оқулығында жалпылама кестені келтірген [7, 323 б. ] . Нұрмұратов С. өз еңбегінде Қазақы ділдің көріністері ретінде шешендікті, мәдени ашықтықты, келісімділікті, сұхбатқа ыңғайлықты, төзімділікті және т. б. атап өтеді [8] . Ақатай С, "ұлттық менталитеттің қалыптасуында тарих пен әлеуметгік тәжірибенің ықпалы зор: зәбір көрген ұлт не жасқаншақ, не өршіл келеді де, ол менталитетінен белгі беріп тұрады", - дейді [9] .

Молдабеков Ж. "Тектіліктің түрағы - тұлғалыққа тірек" атты мақаласында және Бұрбаев Т. "Ұлт менталитеті" монографиясында іргелі ойлар айтылған. Молдабеков Ж. тектіліктің даралық деңгейлерін атай келе (тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халқының тектілігі), осы ұғымның казіргі заманға қатысты тағылымдық жақтарын алға тартады: "Бөтеннің аруағына табынып тамсанбай өз тағдырыңның табанын құратын ақ жолда тартынбай әрекеттену. Өзін байыпты болсаң, халқың құрметшіл болады: баланың парызын білсең, әкеңнің қарызын ұқсаң, халқың ынталы болады . . . " [10, 10 б. ] .

Қазақ менталитеті философ Кішібеков Д. монографиясында жан-жақты қарастырылған [11] .

Ақын-жыраулар шығармашылығында айшықталған Қазақ менталитетін зерттеген ғалым Тұрсынов Е. Қазақ жырауларының мынадай мәдени қызметтерін атап өтеді:

1. Жеке ру-тайпа мүдделерінен гөрі жалпы ел тыныс-тіршілігінің түбегейлі мүдделерімен көбірек байланысты.

  1. Бейбіт және соғыс жағдайындағы мемлекеттік мәнісі бармәселелермен айналасу.
  2. Әскери рухтандыру мақсатында өткен батырлар туралы мадақжырларын шығару.
  3. Болашақты болжай білу [12, 40-49 бб. ] .

Ұлттық менталитет пен көшпелілік дүниетаным қазіргі Батыс философиясында да қарастырылып жатыр. Мысалы постмодернизм аясында қалыптасқан номадология көшпелілік ділге ерекше көңіл бөледі. Ә. Қодар аударған Делез Ж. бен Гваттари Ф. номадалық менталитета былай суреттейді: "Отырықшы халықтардың кеңістігі дуал, шекара, жолдармен бөлшектенген. Кошпенділер шекарасы трассамен бірге ауысатын тегіс кеңістікті мекендейді. Айдалада осылай ғажап дыбыспен құм шағылдардың қозғалатыны бар . . . Көшпенді тегіс кеңістікті иеленеді - оның мекендік қағидасы осы. Кошпендіні қимыл арқылы анықтау кате болар еді. Көшпенді, дәлірек айтқанда, қозғалмайтындарға жақын деген Тойнбидің пікірі өте дұрыс. Мигрант дегеніміз пайдасыз мекенді тәрк еткен қашқын. Көшпенді ешқайда қашпайда, қашқысы келмейді: ол орманы сиреп, шелейті көбейген тегіс кеңістікке сіңіп кетеді.

Көшпенді, мүмкін, қозғалатын да шығар, бірақ ол отырған күйі қозғалады (бәдәуи шапқанда, малдас құрып отырады) . Көшпенді күтуге шебер, ол шексіз шыдамды. Байсалдылық пен жылдамдық, тоңмойындылық пен қагілездік, қозғалысы жоқ қозғалыс, крзғалыстағы крзғалыссыздық -Клейсттің осы сипаттары көшпендіні толық суреттейді. " [13, 97 б. ] .

Делез Ж. бен Гваттари Д. мынандай көркем бейне келтіреді: "Номада жағада тұрып, өзен ағысын байқаумен шектелмейді. Ол өзі осы ағынмен қосылып кеткен" [14, 32-37 бб. ] . Көшпеліде түйық кеңістікті бөлетін жол жоқ. Ол кеңістіктегі бір белгіден екіншісіне қарай ғана жүреді, ол қозғалыс бағытымен бітісіп кеткен (маршрутқа айналған) . Кешпелі, дейді номадологтар, тек белгілері бар жазықтықта өмір сүреді, ал отырықшылардың кеңістігі шекаралармен, жолдармен, қабырғалармен бөлінген. Көшпеліде қозғалыс та, территория да жоқ. Ол отырып, қаззғалады. Тағы да көшпеліні мәдениеттен тыс қалдыру әрекетін коріп отырмыз. Біздің ойымызша, бұл пікірлер номадалық мәдениетті іштен терең білмегендіктен туындайды. Көшпелі ділді түсіну үшін оған іштен қарау қажет.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Өткен дәуірдің философиялық жүйелерін, ақын-жыраулардың философиялық ойларын талқылағанда оларға нақтылы тарихи тұрғыдан қарауымыз керек. Қазақ халықының төл туындысы - ақын-жыраулар шығармаларындағы ойдың өрбуі. Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларын ғана жанр түсінбей, одан да ертеректе өмір кешкен бабюаларымыздың қалдырған бай рухани қазынасының жалғасы деп қарастырған жөн болар. Ал қазақ халқының қазіргі Қазақстан Республикасы жерінде ежелден бастап туындаған ұлағатты істері олардың заңды мұрагері. Қазақ хандығы ақын-жыраулар шығармаларына жеке-жеке талдау жасамас бұрын, осы жыраулар ақындардың кімдер екеніне жалпы шолу жасасақ деген ойдамыз. Жырау - ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы. Халықтың қамын ойлай білетін парасы мол ел ағасы, бетің бар, жүзің бар демей, тура айтар өткір әділ биі, сәті келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап, жауға аттанған. Олар ел тағдырын шешер ірі оқиғалар мен әсі мәнді көкейтесті мәселелер жайында толғаған.

Халық өзгелерден гөрі қайғырғанда демеп, қуанышына қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты қадірлеген. Жыраулар әлеуметтік мәні зор ірі, киелі мәселелерді жырлаған. Бұл сипаттар Тәтіқара, Көтеш, Шал шығармаларынан ХІХ ғасырдағы ақындар мұрасынан айқын аңғарылады. Орта ғасырдағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль атқарады. Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларға жырау өзінің өмір жолында түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, елеулі қоғамдық мәселелер көтереді.

ХV-ХVІІІ ғасырдағы жыраулар мен ақындар елдік, ерлік, өнер, замана хақында толғаған. Олар өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Этика хақында да өшпес елеулі еңбектер қалдырды.

Заманның ойлы перезенті ретінде өмірдің сан-алуан мәселелерін срапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық, дидактикалық тұжырымдар жасап, атамекенді қорғап, ел бірлігін сақтау мәселелерін көтерген. Ақын-жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарихи іздер сайрап жатыр. Әр дуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты дәлдікпен көрінбесе де, жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы олардың сыртқы да ішкі бейнесі анық байқалады. Мәселен Асан Қайғы жырлары арқылы Жәнібек, Шалкиіз арқылы Темір, Бұқар, Үнбетей, Тәтіқаралар арқылы Абылай, Байтоқ, Жанұзақ арқылы Жңігірған поэзия жолына жазылып, тарихтағы мәшһүрлігі арта түскендей.

«Өнер алды - қызыл тіл» деп есептеген халқымыздың тлғау өнерін жете меңгерген ақын-жырауларды аса құрмет тұтқаны белгілі. Бастауын сонау Қорқыт ата, Аталықтай, бертін келе шығармалары біздер үшін, болашақ ұрпақ үшін жоғалған, есімдері аңызға айналған Кет-Бұға, Сыпыра, Жұма Құл жыраулардан алатын, кейінгі ұрпақ әулие танып, «көшпенділер» философиясы атаған, көптеген нақыл сөздердің афористік-философиялық толғаулардың авторы - Асан Қайғы. Мінекей, көріп отырғанымздай кез-келген халықтың философия тарихы сол бір халықтың өмір-тіршілігінің айнасы . Сондықтан да мен осы халқының ХV-ХVІІІ ғасыр аралығындағы жасаған ақын-жырауларының еңбектерімен, мұраларымен танысуға тырыстым. Себебі, ақын-жыраулардың еңбектері арқылы өз халқының бастан кешкен оқиғаларына, тарихи даму заңдылықтарына көз жеткізуіме мүмкіндік болды. . Менің бұл дипломидық жұмысымның негізгі арқауы болып отырған мәселелер бұл ақын-жырауларымыздың философиялық толғаулары, афористік нақыл сөздері, мораль, этика хақындағы еңбектері. Ал бұл еңбектердің бүгінгі таңдағы маңыздылығы соншалықты, әрбір азаматтың өзін-өзі жақсы, ұнамды жағынан көрсетуіне, инабатты болуына, жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуіне қосар үлесі мол деп білемін. Яғни, біздің этикамыз дамымай, моральдық тұрғыдан жоғарламай біздің мәдениетіміздің өркендеуі жоғары сатыға көтерілуі мүмкін емес.

Зерттеудің басты мақсатына жыраулық мәдениеттің Қазақ ұлттық менталитетіне және ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына тигізген әсері және оның рухани байлықтарымызды сараптаудағы озіндік құндылықтарын талдау жатады. Жыраулық мәдениет ол ескінің қалдығы ғана емес, тұрақты сана құбылысы ретінде оны тиісті жағдайда мәдениеттің өлшемдік мәні ретінде

алу қажет. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:

  • ұлттың яқи Қазақтың өз ерекшелігін паш ететін, яғни өзіне ғана тәнұғым, терминдер туындатқан философиясын пайымдау және де солфилософияның - халқымыздың коршаған табиғи және әлеуметтікортаны игеру барысында қалыптасқан дүниетанымдық-, ойлау жүйесі мен ұғымдарын өркениет ағымындаталдап, олардың тұрақтылығы мен мен ішкі заңдылықтарын ашу;
  • жыраулық мәдениетті, мәдени-рухани байланыстарымызды қоғамдықсананың тұрақты компоненті ретінде қабылдап, оны зерттелу тарихымен тарихи-әлеуметтік тәжрибелерде қолдана отырып, мәденифилософиядық тұрғыдан дәлелдеу;
  • дәстүрлі мәдениет пен қазіргі ұлттық мәдениеттегі жыраулықмәдениеттін элементтерін анықтай отырып, олардың арасындағыдәстүр мен сабақтастықты көрсету;
  • жыраулық мәдениеттің қазіргі әдебиетте талдау деңгейін анықтап, оның типологиясын зерттеу;
  • жыраулық мәдениеттің жоғалмайтын қазіргі ұлттық мәдениетімізде жиікөрініс беретін мәдени құбылыс екендігін дәлелдеу.

Зерттеу объектісіне жыраулық мәдениетті қоғамдық сананың құрамдас бөлігі әрі тұрақты мәдени құбылыс ретінде әлеуметтік-философиялык тұрғыдан зерттеу жатады.

Зерттеу пәні ретінде жыраулық мәдениет пен қоғамдық сананың қарым-қатынасы және жыраулық мәдениеттің ұлттық мәдениеттің деңгейінде жан-жақты көрініс табу ерекшіліктері қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттет жұмысында отандық және әлемдік әдебиеттегі алғашқы ізденістердің бірі болғандықтан және соны әдістеме қолданылғандықтан төмендегідей ғылыми нәтижелер айқындалды:

  • жыраулық мәдениет тек қана архаиқалық санаға тән құбылыс емес, олсондай-ақ қоғамдық сананың құрамындағы тұрақты бөлігі әріэтномәдениеттің қайнар көзі екендігі мәдениет философиясы тұрғысынанталданады;
  • Қазақ философиялық ойлауының дүниетанымның бір түрі ретіндегі ақын-жыраулар мұрасы құрамына діни, философиялық, әдеби факторлары менбілімдерді қамтитын сана ретінде қарастырылады;
  • жыраулық мәдениет ұлттық мәдениеттің өмір сүру тетіктерінің бірі, қоғамдық сананы ұйымдастырушы, ұлттың басын біріктіруші күш ретіндезерделенеді;

- ділдің этниқалық, топтық, кәсштік, өркениеттік, дши т. т.
құндылықтармен айқындалатындығы дәлелденеді;

ақын-жыраулар толғауларында көрініс табатын Қазақы ділдің ұлттық, этностық, әлеуметтік, топтық сананың ұжымдандырылған түрінен байқалатын бірегейлік, айқындылық біркейіптілікті көрсететіндігі дәлелденеді;

  • тіліміздегі мақал-мәтелдердегі, билер сөзіндегі, шешендік өнеріндегі, ақын-жыраулар шығармаларындағы халық философиясының үлгілеріжаңа герменевтиқалық тәсілмен сарапталады;
  • Қазақ ұлты әлемдік қауымдастыққа қандай ұстанымдар менпринциптерді басшылыққа ала отырып енуі керек екендігі көрсетіледі. Ұлтымыздың ғаламдық қауымдастықтағы орны да осылар арқылыайқындалады. Сондықтан өзіміздің кім екенімізді, тарихи- бен даму бағдарларымызды айқындап алу ерекшемаңызды. Осы түста өткенді философиялық рефлексиялай отырып, ұлттық болмыс пен бітімге, тіл мен ділге негіз болған факторлардыайқындап, олардың келешектегі орны мен білгеніміз абзал.

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары.

1. Диссертациялық зерттеу жұмысы жыраулык мәдениетті мәдени
құндылықтарды тудыратын сананың тұрақты компоненті ретінде
тұжырымдап, оны кез келген әлеуметтік ортада өмір сүретін құбылыс
ретінде сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын жалғастыруы
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz