«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1) «Араб-исламдық» философиясының пайда болуы, тарихи

жағдайлары.

2) Ақыл-парасат және логика туралы ілімдер.

3) Ақыл-парасатты жан, өлім және бақилық туралы мәселелер.

4) Қазіргі заманның араб-исламдық философиясы.

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

VIII ғасырдың басына қарай мұсылман елінде жаңа дін кеңінен тарай бастады. Ислам тарихы негізінен екі: арабтық және түріктік кезеңнен тұрады. Бұл кезең ХII ғасыр аяғына таман түрік мемлекетінің үстемдігі орнауымен байланысты болды. ХVI ғ. Осман империясы құрылып, оның ресми діні ислам болып бекітілді. Оған біріккен халықтардың дәстүрлі мәдениетінің өзара қарым-қатынасының негізінде мұсылмандық мәдениет қалыптасты.

Ислам, яғни Мұхаммед пұтқа табынушылықтың «білімсіздігіне», «надандығына», «білімнің» дінін қарама-қарсы қойды. Ол жаңа сенімді тек қана әскердің күшімен емес, еріксіз экономикалық қыспаққа алып та көндірді және сонымен қатар, адамдардың түсінуіне, оларды басқа ілімдерге қарағанда, исламның басымдығына сендіруге ұмтылу арқылы енгізді. Зерттеушілердің есептеуінше, Құранда бір түбірлі «ілм» - білім, ғылым сөзі 750 рет кездеседі екен.

Жалпы VIII ғасырдан бастап Орта Азияда ғылымның әр түрлі салалары қарқынды дамыды: алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына Әл-Хорезми, Ибн Абдаллах, Ар-Раванди, Ибн Закария, Әл-Разиден, Ибн Араби, Әл-Бируни, Омар Хайям, Әл-Кинди, Әл-Мамун, Әл-Фараби, Ибн Сина, Мұхаммед Газали, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ибн-Рушд сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары және философ-ойшылдары өздерінің үлкен үлестерін қосты. Ал, Батыстағы христиан діні болса, бұл уақыттары грек пен рим философиясына тыйым салып, материалистік ой-пікірлерге жол бермеді, тек діни-идеалистік философия - схоластиканы ғана жақтады. Ғылымды қуғынға салды.

  1. «Араб-исламдық» философиясының пайда болуы, тарихи жағдайлары.

Ғылымдағы теориялық жетістіктер мен философиялық шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды. Хорезмдік Әл-Хорезми математика ғылымның жаңа саласы - алгебраны бірінші болып жасады. Оның «Астрономиялық таблицалар», «Күн сағаты жайындағы трактаттар», «Жердің келбеті» т. б. шығармалары Шығыс пен Батыс математикасы мен астрономиясын қалыптастырып, дамуына үлкен үлес қосты.

Жалпы «Араб-исламдық» философия белгілі бір шамада айтылатын термин. Оларға араб халифатының құрамына енген әр түрлі халықтардың және тек қана араб тілінде емес, сонымен қатар парсылық тілдерде жазылған философияны жатқызады. Сонымен бірге, бұл философия әрқашан да діни болған емес, алайда олар сол мәдениетте, исламдық үстем болған елдерде лезде пайда болды және дамыды.

Бұл, әрине, араб-мұсылман философиясының шын мәнінде өзінің бастапқы кезеңінсіз болғандығын көрсетеді. Өйткені антикалық сатыдан олар үшін басқалар өтті және олардың жетістіктерін пайдалана отырып, олар көп ұзамай, өзіндік мазмұны бар, әлемді философиялық тұрғыда көрудің үлгісін толықтыруда жаңа табыстарға жетті.

Исламның рулық-тайпалық идеологиямен пұтқа табынушылық дінмен күрестегі жеңісі арабтарға қоғамдық өмірді ұйымдастырудың жаңа түрін әкелді және әр түрлі халықтардағыны өзіне сіңірді. Бұл, әрине, исламның ішінде көптеген секталардың пайда болуына соқтырды. Діннің таңған күшіне қарсы наразылық әр түрлі идеялы ағымдарға ұласты. Оларға өз кезегінде - зороастризм, христиандық және буддизмнен нәр алған ежелгі - иран діні, зороастризм, гностицизм, діни-философиялық ілім - манихейшілдік өз ықпалдарын жасады. Ақыр соңында, антикалық ой да исламдық теологияның дамуына өз ықпалын көрсетті.

Әрине, мүмкіндіктердің рөлін абсолюттендіруге болмайды, Құран ең қарапайым қоғамдық сауалдарға жауап берді, онда теориялық тереңдіктер жоқ, тілімен және идеяларымен, саналары ысылмаған қарапайым адамдардың талабына сай болды. Көптеген жылдар бойығы жағдайларды қарасатыруына байланысты, оның сөз қолданыстарындағы көптеген қайшылықтардан құтыла алмады.

Жалғыз бір Құдай деген не? Аллаға деген сенім немен қорытылады? Әділ мінез-құлық қандай? Егер барлығы алланың билігінде болса, онда адам өз қылықтарына өзі жауап береді ме? Жауаптылық, ерік, бостандық, ойлыақыл дегеніміз не?

Бұларға жауап беру үшінғ оларға өңделген теория керек болады. ал, көршілес мәдениетте ондай теориялар - византиялық және таяу шығыстық ірі қалалардың кітапханаларында және монастырьларында ежелгі даналық, оның биік ғылымы аман сақталған.

IX-XII ғасырлар аралығы - мұсылман рационализмінің шырқау шыңы. Философия дамуындағы рационалистік бағыт Шығыстың мына философтары арқылы сипатталады: Ибн Абдаллах (724-760), Ар-Раванди (827-864) . Олар ежелгі грек тілін білген, ерте иран және еврей философияларын меңгеріп, антик және шығыс философтарының шығармаларын араб тіліне аударды. Абдаллах Аристотельдің «Категориялары» мен «Аналитикасын» араб тіліне аударып, исламнан бірте-бірте түңіліп, зороастризмге ден қойса, Ибн Абдаллах пен Ар-Раванди бастапқыда мұтазалиттер идеялары мен көзқарастарын мойындайды, кейінірек Ар-Раванди шиизмге, ақырында мүлдем діннен алшақтайды. Олар исламға күмәнмен қарап, Құранның қасиеттілігіне күдік келтіріп, оның кейбір жағдайларының қайшылықтары мен әдеби тұрғыда жетілмегендігіне назар аударады.

Әл-Мамун (813-833) . Бағдад қаласында Даналық үйін ашып, онда ежелгі философиялық және ғылыми түрдегі қолжазбаларды жинақтады. Ал-Мамунның 830 жылы Византияны талқандағанда, құн ретінде ақша немесе асыл бұйымдар емес, ежелгі дана философтардың кітаптарын атағандығының өзі сол уақыттың руханилық ерекшелігін көрсетеді. Даналық үйінде көптеген көшірушілер, шығармаларды жүйелендірушілер қызмет істеп, қолжазбалар мен кітаптарды араб тіліне аударған.

2. Ақыл-парасат және логика туралы ілімдер.

«Әлем реттілігі тұтас күйінде - бұл, Құдай немесе тұтас күйінде Жарату, өйткені ол ( әлем реттілігі ) - бір тұрғыда Жарату, ал екінші тұрғыда ол Құдай, мән біртұтас» - дейді Ибн Араби.

Онтологиялық жалпы алғанда, әдеп - бұл универсалды нақтылық (логос) . Онда болмыстың потенциалды жағдайларындағы барлық түрі сақталған. «Адамда әлемдегі барлық, мәнділік потенциалды түрде жинақталады» (Ибн Араби), одан ғарыштың бүкіл алуан түрлілігі туындайды. Адам - логос - бұл әлемнің алуан түрлілігінде өріс алатын монада. Тағы бір тұрғы - ғарыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір келбеті, адамның өзі Ғаламның көшірмесі сияқты, сондықтан адам арқылы абсолют өзін тани алады, адамда ғана Құдайдың барлық қырлары қордаланған.

Адам эзотериялық білім арқылы Тұтастыққа қол жеткізеді және Тұтастықпен сүйіспеншілік экстазында Құдаймен қосылады. Адам таным арқылы тұтастық пен өзінің бірлігіне қол жеткізеді, Ғаламның жалпы ырғағына енеді, әлемдік бүтіндіктің бір бөлшегіне айналады. Дәл осы жағдайда ғана адам толық еркіндікке жетеді.

Жалпы Араб-мұсылмандық философиясында ойлыақыл - бұл адамның дін тәртібін орындауды қолдайтын тақуалық жолдарды тануға міндеттейтін құдайлық сый. Ол адамға жердегі өмірінде өлімнен кейін әділ сауап алу үшін не істеу тиісті екендігін білуге рұқсат етеді.

Ақыл-парасат мәселесі бірнеше тұрғыдан қарастырылды. Біріншіден, ойлыақыл адамның өз қылықтарына деген жауапкершілігін көрсететін заңгерлік ұғым ретінде. Шариғат (мұсылман заңы) балаларды және ақылынан адасқандарды заңды жауаптылықтан босатты. Оларда қажетті деңгейде ойлыақыл жоқ, яғни заң білімдері де және сондықтан тақуалықты олардан таоап етуге болмайды. Жөнді тәртіп - білімге, діни заң біліміне және ойлыақылға ие болған есейген адамның міндеті. Сол себептен ойлыақылдылық ұғым, сонымен бірге, діни ұғым, өйткені онда дінде айтылған білімдер, дәстүрлер ұйғарылады. Демек, өзіне сенім білімдерін және тіршіліктік жинақтылықты, ойлыақылдылықты қоса отырып, практикалық ақылдылыққа келеді.

Метафизикалық тұрғыда араб-исламдық философтар: «Ойлыақыл мәселесін материямен байланыстырып, болмыс субстанцияларының бірі ретінде, бірақ өз мәнінде оған жатпайтын, денеде болатын, бірақ материалды емес» - деген анықтама берді. Бұл жерде, біріншіден, құдайлық ойлыақыл мен сол құдайлыққа ұқсас адамдық ойлыақыл айырмашылықтарынан тұрады, ал адамдағы ойлыақыл алғашқыға тек қана ұқсас, демек кемеліне жетпеген кей жағдайда зиянды деп түсініледі.

Екіншіден, адамдық ойлыақылдың өзі потенциалды, яғни ойлауға бейімділік, қабілеттілік бар (мысалы балада) және актуалды, яғни іске асырылған, қарекетте бар.

Үшіншіден, ойлыақыл оқу арқылы игерілу түрінде тәжірибеде қалыптасқан және тікелей көкей көзбен тепе-тең тәжірибе арқылы келмеген сезумен байланысты қарастырылған.

Төртіншіден, ойлыақыл әсерлерді қабылдаушы енжар күйінде және заттарға әсер етуші, қалыптастырушы белсенді күйінде де көрінеді.

3. Ақыл-парасатты жан, өлім және бақилық туралы мәселелер.

Ақыл-парасат, ақыл-парасатты жан мәселесі діни көзқарастардағы - жанның өлетіндігі және өлмейтіндігі туралы және оның денемен байланыстылығы немесе оның тәуелсіздігі түрінде қосымша метафизикалық сипатқа ие болады. Мұсылман теологиясы, дене мен жанды біртұтас байланыстырып, олардың жалпы өлмейтіндігін, ақыретте қайта тірілетіндігін мақұлдайды. Ал, діни философтар қалай дегенмен жан туралы мәселені бір жақты шешті: жан өлмейді және өлімнен кейін ол денеден бөлінеді және әлемдік жанмен қосылады. Ақыл-парасат және ақыл-парасатты жан да дәл осылай.

Енді жоғарыда аталған және жалпы философиялық мәселелер сол уақыт деңгейінде нақты философтарда қандай түрлерде көрініс тапты және сол арқылы орта ғасырдағы араб-исламдық философиясының ерекшеліктерін анықтаймыз.

Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде «Ертедегі халықтар хронологиясын», «Үнді суреттемесін» т. б. жазды. Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен әл-Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеяларды ойлап тапты. Табиғаттың және оның заңдылықтарының объективті түрде өмір сүретініне күмән келтірмеді. Табиғат ұдайы өзгерісте және дамуда болады, материя заттардың формасын өзі жасап, өзі өзгертеді деді. Жан (ойлау, рух) дененің қасиеті деп түсінді.

Ислам философиясының негізін қалаушылардың бірі Әл-Кинди (800-879) өзінің еңбектерінде: Құдай материяны, түрді, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе мәңгілік емес, оның да соңы бар. Ақылдың көмегімен адам, заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Әл-Кинди ойлыақылдың төрт түрін ерекше атап көрсетеді, олар: белсенділік, самарқаулық, талдау және жинақтаушы.

Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде мәңгі өмір сүреді деген жалған түсініктерді теріске шығарды.

Қорыта келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы ойшылдары мен ғалымдарының философиялық және жаратылыстану-ғылыми көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.

Ибн Сина ( Авиценна ) (980-1037) . Оның негізгі еңбегі «Дәрігерлік ғылымының қағидалары» - медициналық білімдердің шын мәніндегі энциклопедиясы болып табылады. Бес ғасыр бойы ол Шығыс пен Батыстың дәрігерлері үшін қолдан түспейтін жетекші құралы болып келді. Оның басты философиялық еңбегі - «Айығу кітабы» («Книга исцеления») .

Философия, Ибн Синаның анықтамасы бойынша, болмыс жайындағы ғылым, оның пәні - болмыстың жеке-дара жақтары емес, біртұтастығы. Ол философияны үшке бөледі: физикаға, логикаға ( табиғат пен адамды танып білу жайындағы ілім ) және метафизикаға ( тұтас болмысты танып білу жайындағы ілім ) . Ол табиғаттың санадан тысқары объективтілігін мойындады. Логика жайындағы ілімінде логикалық категориялар мен принциптер, объективті дүниенің заңдылықтарына сәйкес келуі тиіс - деді ол.

Оның метафизикасындағы негізгі мәселе - эманация теориясы. Бұл теория бойынша, дүниені құдай жаратқан жоқ, ол одан табиғи жолмен, эманация жолымен, яғни тікелей емес, бірқатар оны тудыратын «ойлыақыл» арқылы пайда болған. Егер жаратушы құдай мәңгі болса, дүние де мәңгі, өйткені оның көзі - мәңгі материя, себеп пен салдар әрдайым өзара байланысты - егер себеп бар болса, онда салдар да болады деп есептеді.

Ибн Сина өзінің философиялық талдауларында мынадай идеяларға келеді: егер философия ойлыақыл мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Әрине, осы тектес идеялары үшін ол үнемі қуғынға ұшырап отырды.

4. Қазіргі заманның араб-исламдық философиясы.

Мұхаммед Икбал (1877-1939) ХХ ғасырдағы елдерінің философтарының бірі. Оның жан табиғаты туралы идеялары «Парсыдағы метафизиканың дамуы» еңбегінде көрсетілген. Ол жан үш бөлікті модельден тұрады деп есептейді: ақыл, жүрек және рух. Жүрек танымның ең жоғарғы құралы ретінде саналады, ақыл мен рух өзара байланыста.

Икбалдың ойынша, жаратушы құдай: еске сақтау, тану, түсіну қабілеттерімен ерекшеленеді. Бұл қабілеттер жеке адамның қасиеттері арқылы көрінеді. Икбалдың философиялық жүйесі оның «Исламдағы діни ойлардың құрылымы» деген кітабының негізінде жазылған. «Дін дегеніміз өте маңызды мәселе; ол тек бір ғана ой, бір ғана іс-әрекет емес; ол адам болмысының көрінісі. Сондықтан философия дінге баға береді, оның бейнелі жиынтығы. Адамдардың алдында тұрған жалғыз жол құрмет сақтау, бірақ қазіргі білімдерге тәуелсіз көзқарас білдіре отырып, ислам ілімін осы білімдер қатарында ұғыну керек».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Мұсылман мектептері
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz