Абай Құнанбайұлы (1845-1904) жайлы ақпарат
1 Абай Құнанбайұлы
2 Абай қазақ қоғамындағы барлық жаңашылдықтың, ілгерішілдіктің тасушысы
3 Абайдың демократиялық ұстанымдары

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл және композитор. Абай (шын аты - Ибраһим) 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі – Құнанбай тобықты руының управителі болған. Шешесі Ұлжан баласын жақсы көрген және еркелетіп қойған Абай деген аты кейіннен ұлы ақынның шын есімін ығыстырып бүкіл әлемге танымал болды. Бастапқыда Абай ауылдағы молдадан білім алды. Дәулетті Құнанбай Абайды Ахмет Ризаның медресесіне оқуға беріп, ол жерде бала Абай шығыс әдебиетін үйренеді. Сол кезде Абай орыс мектебіне барып жүреді. Оның ақындық дарыны медреседе-ақ көрінген болатын.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ классикалық жазба әдебиетінің
негізін салушы, ойшыл және композитор. Абай (шын аты - Ибраһим) 1845 жылы
Семей облысындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі – Құнанбай
тобықты руының управителі болған. Шешесі Ұлжан баласын жақсы көрген және
еркелетіп қойған Абай деген аты кейіннен ұлы ақынның шын есімін ығыстырып
бүкіл әлемге танымал болды. Бастапқыда Абай ауылдағы молдадан білім алды.
Дәулетті Құнанбай Абайды Ахмет Ризаның медресесіне оқуға беріп, ол жерде
бала Абай шығыс әдебиетін үйренеді. Сол кезде Абай орыс мектебіне барып
жүреді. Оның ақындық дарыны медреседе-ақ көрінген болатын. Бала шығыс
ақындарына еліктейді. Құнанбай өз балаларын ел басқаруға тартпақ ниетпен
Абайды оқуын бітіртпестен қайтарып алады. Бірақ рулар арасындағы дау-
шарлардан көп нәрсені аңғарып, Абай мұны бос әурешілік санап ел басқарудан
біртіндеп кете бастап, әкесінің үмітін ақтамайды. Ақынның айналасына ірі ру
билеушілері мен дала ақсүйектері емес, сөз өнерін қадірлейтін талантты
жігіттер топталады. Абай Семейде жүргенде танысқан орыс зиялыларының
өкілдері ақынның дүниетанымына үлкен ықпал етеді. Оның демократиялық
бағыттағы ақындық шығармашылығына саяси жер аударылған орыс азаттық
қозғалысының өкілдері Е.П. Михаэлис, А. Леонтьев, С.С. Гросс, Н.И.
Долгополовтардың ықпалы болғаны мәлім. Қазақ және орыс ойшылдарының мәдени
достастығының қажеттігін жақсы түсініп, қазақ-орыс еңбекшілерінің
достығының пайдалылығына сене отырып, Абай осы ұлы халықтың тілі мен
әдебиетін үйренуге шақырды. Абай демократиялық мәдениеттің көрнекті
өкілдері А.С. Пушкинді, М.Ю. Лермонтовты, М.Е. Салтыков-Щедринді, Л.Н.
Толстойды және басқа да ақын-жазушылар мен ойшылдарды аса құрмет тұтқан.
Қазақ әдебиетіндегі жұлдызы жарық терең поэзиямен қатар Абай композитор да
болған. Оның өзі аударған Евгений Онегиннен үзінділерге жазған әндері
кеңінен танымал. Абай поэзиясының ықпалымен өскен оның шәкірттері Шәкәрім,
Көкбай, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия да еуропалық және орыс әдебиетіне терең
қызығушылық танытып, өздері ақындық шығармалар шығарды. Абайдың балалары
әкелерінен үлгі алып, орыс мектептерінде білім алды. Ұлы Әбдірахман
Петербург артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі қазақ ақынының
халық мүдделерін қорғауын мақұлдамады. Оған белгілеген губернатордың
полицейлік қадағалауы да соны растайды. Абайдың өлеңдері мен әндері бүкіл
қазақ даласына кеңінен таралды. Патриархтық-рулық топтар мен қызғанушылар
Абайға оның туыстарн қарсы қоюға, оның жақындарымен өзара қарым-
қатынастарын ушықтыруға және оның шығармашылығының таралуына кедергі
келтіруге тырысты. Тіпті ұлы ақынды қорлауға дейін барды. Өз ортасында Абай
рухани жақындар мен өзі сияқты жарқын тұлғаларды таппады. Ақын сенген
адамдардың сатқындығы, олардың қатігездікпен күрестегі жігерсіздігі мен
әлсіздігін Абай ауыр көтерді. Оның талантты ұлдары Әбдірахманның 1895 жылы,
Мағауияның 1904 жылы мезгілсіз қайтыс болуы ақынның жүрегін жаралап кетті.
Ол 1904 жылы Мағауияның өлімінен соң 40 күннен кейін қайтыс болды. Абай тек
жарқын ақындық қана емес, сондай-ақ терең философтық ойдың да иесі болған.
Оны логикаға, психологияға, шығыс, батыс еуропалық және орыс философтарының
еңбектеріне тартып тұрды. Абайдың өмір туралы ойлары керемет ескерткіштен,
оның көркемдік-философиялық прозасы Ғақлиядан табылды. Қазақ халқының
данышпаны халық сүйетін өшпес мұра қалдырды. Қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаушы А. Құнанбаев болып табылады. Жиырма жыл бойы Абай, енді
есті азамат, халық ақындық шығармашылығын, шығыс ақындары мен орыс
классикалық әдебиетін зерттеді. 1886 жылы 40 жасында Абай өзінің Жаз
өлеңін жазды, одан кейінгі жиырма жыл өмірі ақындық қызметпен өтті. Абай
қазақ қоғамындағы барлық жаңашылдықтың, ілгерішілдіктің тасушысы болды.
Оның пікірінше, әрбір ой ойлайтын адам айналаны қоршап тұрған шындыққа
өзінің саналы көзқарасын шығаруға тиіс. Ол адамзат қоғамын ізгі және есті,
ілгерілей дамушы ретінде көргісі келді. Әрбір адамның жеке-жеке адамзат
қоғамына қызмет ету жолдарын Абай Құнанбаев қоғамның материалдық және
рухани игіліктеріне жету мен гүлдендіру құралы ретінде ең алдымен еңбектен
көрді. ХІХ ғасырдың екі жартысындағы патшаның отаршылдық саясаты мен
феодалдық езгінің нәтижесіндехалық бұқараларының тек кедейленуі, қазақ
шаруаларының жұтауы тез жүрді. Қазақтар жұмыссыздар тобырын толықтыра
түсті. Қазақ кедейлігінің осы бөлігін қамын ойлап, Абай оларды жалдамалы
еңбектен жалпы еңбектің ілгерішіл түрі ретінде жиренбеуге шақырды. Абайдың
бүкіл шығармашылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz