12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды камтамасыз ету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-8

1 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі аспектілері

1. 1 12 жылдық жалпы орта білім берудегі негізгі күтілетін нәтижелері . . . 9-16

1. 2 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттілігіне байланысты негіздемелер . . . 16-24

1. 3 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің дамуы . . . 24-32

2 12 жылдық мектепте құқықтық білім берудің ерекшеліктері

2. 1 Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру . . . 33-38

2. 2 Мектеп оқушыларына құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастырудың маңызы . . . 38-45

2. 3 «Құқық негіздері» оқулығы бойынша оқушыларға құқықтық тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі бағыты . . . 45-50

3 Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмыстарының жүйесі

3. 1 Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сана сезімдерін қалыптастыру жолдары . . . 51-56

3. 2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні мен танымдық сипаты . . . 56-65

Қорытынды . . . 66-71

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 72-73

Қосымша . . . 74

КІРІСПЕ

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе екеендігі баршаға аян. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық оқытудағы басты бағыттары:

  • қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
  • өзін-өзі тәрбиелеуге дамытуға;
  • өз ойын еркін нақты айта білуге;
  • өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
  • жоғары білімді шығармашыл дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының құқықтық білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа құқықтық білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту -үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру -оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі инновациялық құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология [1] .

12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол; жеке тұлғаға құқықтық тәрбие мен білімді бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану, баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек. Интеллектуалдық дайындық - баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы мынандай ерекшеліктермен анықталады:

  • Дифференциалдық қабылдау;
  • Аналитикалық ойлау;
  • Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі) ;
  • Есте сақтау;
  • Білімге қызығушылық;
  • Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі;
  • Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы.

Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану - оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікір-сайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс - әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой - өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым - қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады. Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан - жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да, мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына”, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т. б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда - 13 жылдық; Голландияда - 14 жылдық жүйе қабылданған. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші - бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші - (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші - (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. Барлық білім беретін мектептерге құқықтық тәрбиемен қатар, құқықтық білім беру жұмыстары да жүргізіліп келеді. «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы мұғалім деп ұлы қаламгер Ғ. Мүсірепов айтпақшы, «Мектептің тірегі де, жүрегі де-мұғалім»

Сондықтан мұғалім, баланың оның жеке қабілеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, әрбір мұғалімнің қасиетті борышы мен міндеті. Құқықтық білім беру мен тәрбие алудың ең негізгі ережелері Республикадағы заңдарды оқып үйрену және қоғамдағы тәртіпті сақтау болып табылды. Құқықты оқу арқылы кез-келген бала өзінің қоғамдағы орнын, құқығы мен міндеттерін, бостандығын түсіне алады. Құқық негіздері пәні оқушыларды адамгершілік идеясын тәрбиелеп, жоғарғы мәдениетті, тәрбиелі, парасатты азамат болып шығуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаз оқушы бойына мынандай қасиеттерді қалыптастыра білу керек. Жеке тұлғаның күш-қуат, талант мүмкіндіктерін ашу, әрбір оқушының ой-жүйесін кеңейте түсуге қолайлы жағдай жасау, азаматтың қоғам алдындағы жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін білу, туған жерін, Отанын, өскен елін, ата-атанасын сүюге тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, тілді, дінді құрметтеу, қоғамның мәдени экологиялық және саяси өміріне белсене қатысуға тәрбиелеу. Құқықтық білім, тәрбие - құқықтық сауаттылықтан басталады. Азаматтарға құқықтық білім беруге құқықтық қарым - қатынас мынандай жолдармен іске асырылады:

  1. қарым қатынас
  2. қарым қатынастағы мұғалімнің жылулық сезімі
  3. оқушымен (жеке тұлғамен пікірлес болуы)

Құқықтық білім берудің реформалауына ҚР-ның Конститутциясы, ҚР білім беру туралы заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, балалардың құқығы туралы конвенция, білім туралы концепция және басқа құқықтық нормативтік актілер негізі болады. Концепцияның негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңарту болса, Конвенцияның негізі - бала құқығын қорғау болып табылады. Еліміз құқықтық мемлекет құруға кірісті. Бұл іс - шараның басты принциптерінің бірі - құқықтың білім берудің сапасын арттыру. Құқықтық білім - адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан - жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ал, құқық пәнін оқыту барысында әрбір ұстаз оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, сенімдерін қалыптастырып, олрдың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл, ынтымақтастық, ұлтжандылық мұраттарына дұрыс бағыт беріп отыру керек [2] .

Зерттеудің нысаны: 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі жолдарын қарастыру.

Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының бойына құқықтық білім мен тәрбиені қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты: әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және құқықтық тәрбие беруде баланың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, олардың бойына жоғары адамгершілік идеялык қасиеттерін ашу арқылы жастарды заңды құрметтеуге тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы: Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Зерттеудің міндеттері:

- 12 жылдық білім беруде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен құқықтық тәрбие беру үдерістерін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құру;

- құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдістемелік тиімділігін айқындау.

Зерттеудің жетекші идеясы : болашақ маманның кәсіби құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиені ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі мектептерде құқықтық білім мен құқықтық тәрбие беру, үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: құқықтық білім мен тәрбие берудің іс-әрекетін жүзеге асыру, мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі ақпараттың әлеуметтік рөлі туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы педагогикалық тұжырымдамалар құрайды.

1 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі аспектілері

1. 1 12 жылдық жалпы орта білім берудегі негізгі күтілетін нәтижелері

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;

- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;

- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;

- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;

- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;

- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.

Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы негізгі оқу бағдарламалары
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Бейіндік оқытудың жүйесі
Бейіндік оқыту технологиясы
12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz