Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау


Жұмыстың мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас құрудың психологиялық мәселелері . . . 7
1. 1 Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . . 7
1. 2 Студент тұлғасының психологиялық даму ерекшкліктері . . . 18
1. 3 «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас шеңберінің
қалыптасуы . . . 292. «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынасты қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы психологиялық шарттары . . . 37.
2. 1 «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынаста жетістікке жету жолдарының психологиялық шарттары . . . 37
2. 2 «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас құрудағы психологиялық зерттеу әдіс- тәсілдері… . . . 42
2. 3 Тәжірбиелік - эксперименттік жұмыстардың мазмұны мен
оларды талдау . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
ҚОСЫМШАЛАР . . .
Кіріспе
Зерттеу көкейтестілігі: Мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына жету деңгейінде жас ұрпақтың рухани байлығын, ізгілікке, парасаттылыққа баулитын қарым-қатынас мәдениеті мен еркін ойлау қабілетін, білімділігін арттыру көкейтесті мәселеге айналып отыр. Жалпы адами құндылық, ұлттық мәдениет пен дәстүрді қорғау білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары болып есептелінеді.
Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, білім, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттың жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайларында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын қарым-қатынас мәдениеттерін жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр [1] .
Қазақстан Республикасының мемлекттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мекемелерді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі. Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар, жедел ақпараттану, жаңа стратегиялық бағдарлану, әкономикалық саладағы түбегейлі өзгерістер заманы адамзат қоғамы алдына аса күрделі міндеттер қойып отыр. Өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда ұлттық білім беру жүйесінің де жаңа талаптарға сай бейімделуі, жаңа реформалық қайта құруларға ашық болуы табиғи құбылыс. Бүгінгі күні қалын жұртшылық назарына ұсынылып, бүкіл халықтық талқылау жүріп жатқан «ҚР-ның 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» - осындай заман талабынан, объективті себептерден туындаған дүние [2] .
Психология ғылымында қарым-қатынас өзекті мәселе болып табылады. Өйткені психология ғылымының кез-келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол студенттің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтық топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады [3] .
Қарым-қатынас білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненттері, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам заттың дүние танымы мен сана сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас студенттердің саналы көзқарасын, мәдениетін ізгілікті қарым-қатынас орнатуға, рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіншілік береді [4] .
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қ. А. Яссауи т. б адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің мақсатына ерекше назар аударған. Орта ғасырлық ғұламалардың мұрасындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер XIX ғасырдың 2-жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапқан.
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдастыруы жайлы ұсыныстар маңызды болып шықты (Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, А. А. Брудный, А. А. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, Л. А. Карпенко, В. Н. Панферов және т. б. ) мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып, В. Н. Панферов қарым-қатнастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б. Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық - коммуникативтік, реттеуші - коммуникативтік және аффективтік - коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент реттінде міндеттілігін атап көрсетеді [5] .
Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов т. б. еңбектерінде көрініс тапты.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізді. Мәселен, мынадай еңбектер: қарым-қатынастың
филасофиялық негізін В. С. Бибер, Я. Н. Когон, М. Х. Балтабаев, т. б қарастырған. Қарым-қатынастың психалогиялық мүмкіншілігін Қ. Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, С. Бабаев, А. А. Леонтев, С. Л. Рубенштейн зерттеген т. б. [6] .
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-қатынас мәселесінің мән-мазмұнына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, оқытушы мен студент қарым-қатынас мәселесі. Өйткені XXI - ғасырға лайық жан-жақты жетілген, білімді дарынды, тәрбиелі ертеңгі қоғам иесі жоғары оқу орындарында білім алып тәрбиеленетіні даусыз. Сондықтан да бүгінгі студентке - ертеңгі маман ретінде қарайтынымыз хақ [7] .
Зерттеу мақсаты:
- оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты түзету;
- оқытушы мен студент арасындағы өзара әсерлесуді реттеуші маңызды механизмдерді қалаушыларға қоғамдық мораль нормалары, қағидалары жатады;
- оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтап, ЖОО-да, оқу-тәрбие процестерінде пайдалану жөнінде әдістемелік нұсқаулар жасау.
Зерттеу нысаны: ЖОО-ғы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Оқытушы мен студент қарым-қатынасын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: ЖОО-ғы оқытушы мен студенттердің қарым-қатынастарын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік қағидалары орынды пайдаланылса және оқытушылар студенттермен қарым-қатынас барысында жас ерекшеліктерін, мінез-құлықтарын ескеріп, оқыту барыснда қарым-қатынас жасау дұрыс ұйымдастырылса, онда студенттердің өзін-өзі еркін ұстауын, мәдениетті сөйлеуін, адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастыруға оң ықпал жасайды. .
Зерттеудің міндеттері:
- «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас шеңберініңқалыптасуын айқындау.
- Оқу-тәрбие процесінде жалпы оқытушылар мен студенттерарасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы.
- ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің қарым- педагогикалық-психологиялық жолдары.
- Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас , кейбір маңызды шарттарды айқындап, ұсынылғанәдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, зерттеу проблемасына сай педагогтардың, психологтардың, философтардың еңбектері, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, ғылыми педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік журналдар, оқулықтар және оқу құралдары.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, психологиялық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, оқытушылармен, студенттермен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнама алу, психологиялық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қортындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- «қарым-қатынас», «қарым-қатынас мәдениеті» деген ұғымдарына ғылыми және психология теориясы тұрғысынан анықтамалар жетілдірілді;
- оқытушы мен студент қарым-қатынастарын қалыптастырудың негізгі психолгиялық шарттары айқындалды;
- оқытушы мен студент қарым-қатынастарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәні: болып психологиялық процесс, қоғам және қарым-қатынастарын қалыптастырудағы жалпы заңдылықтары, оқытушы мен студенттің қарым-қатынастарын дамыту. Зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдамасы жеке тұлғаның дамуына себепші болатын әрекеттілік қатынастарын жетілдіру.
Қорғауға ұсынылған қағидалар: «Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас құрудың психологиялық шарттарына анықтама берілді;
- оқытушы мен студенттердің қарым-қатынасын қалыптастырудың құрылымы мен мазмұны негізделді;
- оқытушы мен студенттердің қарым-қатынасын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: Магистрлік диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, зерттеу болжамы, міндеттері, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, зерттеудің практикалық мәні, зерттеуге ұсынылатын қағидалар.
««Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынас құрудың психологиялық мәселелері» - атты бірінші тарауда зерттелініп отырылған мәселеге байланысты ғылыми жазылған еңбектерді, психологиялық тұжырымды негізге ала отырып, оқытушы мен студенттердің қарым-қатынастарының мәні ашылып және оның сипаттамасы, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленеді.
««Оқытушы студент» жүйесіндегі қарым-қатынасты қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы психологиялық шарттары» - атты екінші тарауда оқытушы мен студентердің қарым-қатынасын қалыптастырудың жаңа жүйесін практика жүзінде қолдана алуы, оқыту барысында оқытушылар мен студенттің қарым-қатынасын қалыптастыруды жетілдіру туралы.
Қорытынды: теориялық және практикалық жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада: қарым-қатынсқа байланысты студенттермен жүргізілген практикалық жұмыстардың кейбір материалдары берілді.
1. «ОҚЫТУШЫ СТУДЕНТ» ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. 1. Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
Елбасы Нұрсултан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі жастар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын [8] . Қазіргі қоғамымыздағы өзгерістер адамгершілік құндылықтары, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым- қатынас мәселесінің шиеленісіп отырған уақытында адамға адамның қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді [9] .
Еліміздің «Білім туралы» заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау атап көрсетілген [10] .
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәденилік жаңғырып, ерекше маңызға ие бола бастады.
Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп есептелінеді.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалады. Осы орайда қарым-қатынас мәдениеті проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп өзекті мәселенің бірі екені белгілі. Қарым-қатынас - қоғам дамуының құралы және терең негізі болып табылады, мәдениет деңгейін бейнелейтін қоғамдық тарих дамуының нәтижесі.
Ғылыми теориялық бағытта қарым-қатынас мәдениеті - рухани қатынастармен материялдық байлықтың, құндылықтардың адам санасындағы бейнесі, тұрмыс тарихындағы өткені мен бүгінгі күннің іс- әрекеті, мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормаларының сипаты [11] .
Мәдениет - көп қырлы процесс. Адам өмірінің кез-келген әрекет деңгейлерінде мәдениет көрінеді. Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын, оның үздіксіз дамуы жүретін адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамды тұтастай және нақты, оның негізі - жеке адамды, олардың даму деңгейі мен қасиетін де мәдениет анықтайды.
Мәдениет - адамдарды құрушы, оларды әлеуметтік белсенді, кәсіби кемелденген және мақсатқа ұмтылдырушы. Мәдениет - адамзат әрекетінің кез-келген түрін игергендіктен адамның ойлауы мен мінез-құлық стилін жүзеге асырады. Ол білімділікті, тәрбиелікті, интелегенттілікті сипаттайды. Адам мәденилігі көрінуінің маңызды критерийлері - достарымен, әріптестерімен, туыстарымен, таныс және таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау.
В. С. Библердің зерттеулерінде мәдениет ұғымы төмендегідей жіктеледі
- мәдениет - әртүрлі (өткен, бүгін, ертен) мәдениет адамдарды қарым-қатынасы мен бір кезеңдегі болмысы, мәдениетті туғызушы диологиялық формасы.
- мәдениет - жеке адам шегінде индивидтің өзіндік детерминациясы, өмірінің, санасының, ойлауының формасы.
- мәдениет - адамның құлдылығы, оның қайталанбайтын белгісі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас тәрбиесі, қарым-қатынас жиілігі, қарым-қатынас өркенділігі тағы сол сияқты, әрбір адамға таныс сөздерді өмір ағымы барысында айтыпта, естіпте жүреміз. Қарым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең ендеп бара жатқан құбылыс.
Қарым-қатынас психолгиясының негізгі бағыт-бағдары.
1. «Мен» - «Басқа» жүйесіндегі қарым-қатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамадрдың бірін-бірін тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
2. «Топ» - «Мен» жүйесіндегі қарым-қатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқын мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену - даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
3. «Мен» - «Топ». Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өзәлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, қарым-қатынас психолгиясының негізгі мәселесі - адами қатынастардың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, қарым-қатынас пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы студенттер мен топтардың әлеуметтік мінез-құлық заңдылықтарын қарастырады. Адам өмірін қарым-қатынассыз, арақатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас - қатысушылырдың кері байланыс уақытын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуге, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық қарым-қатынас - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары.
Персонааралық қарым-қатынас ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары
Ролдік қарым-қатынас - белгілі әлеметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, студент - оқытушы, әке - бала, бастық - бағынушы [12] .
Қарым-қатынас - өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан да тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынас деп - адамдардың бірлескен іс-әрекет барысында, олар бір-бірімен түрлі ойлармен, идеялармен, қызығушылықтарымен, көңіл-күй сезімдерімен бөлісуін айтады.
Қарым-қатынас жеке көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдау алмасу, жекелеген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, тұлғалардың өзара ықпалдастығын орнатып, жүзеге асыратын негізгі құрал. Әр бір адамның бақылауымен қалайша, қандай әсерде болуы керек деген мәселе қарым-қатынас нысанасы болғандықтан қарым-қатынас орнату және қалау тікелей қадір-қасиетін көрсететін мінез-құлық мәдениетіне тәуелді болатындығын аңғартады. Ал мінез-құлық мәдениеті адамдардың күнделікті өмірдегі көрінісін тауып жүрген мінез-құлық түрларінің жиынтығы (тұрмыста, еңбекте, оқуда, демалыста, тұлғалармен түскен әртүрлі қарым-қатынастардағы мінез-құлық түрлерінің жиынтығы) .
Мінез-құлық мәдениет оқытушы мен студент арасында болатын қарым-қатынас мәдениетімен салыстырып қарағанда кеңістік ұғымдағы құбылыс болып табылуымен танылды.
Мәдени қарым-қатынасты меңгеру процесі адам өмірінің алғашқы жылдарында тілді белсенді меңгеріп, мінез-құлық ережелерін үйрену барысында-ақ жүреді. Оқымыстылардың (А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский т. б. ) айтуынша дәл осы процесс кезінде коммуникативті мінез-құлық формаларының маңызы өте зор. Қарым-қатынас құралдары мен амалдарын белсенді игеру кейінгі жылдарда да жалғасады. Мінез-құлықтың жаңа формаларын байқап көру ынтызарлықты адамдардың кемел жас шақтарында байқалады. Студент бейімділікті жасау арқылы қарым-қатынастың белгілі бір сәтінде қажеттілікке асатын стратегиясын тауып отырады екен.
Қарым-қатынастың стратегиясы қарым-қатынастағы психологиялық заңдылықтарға негізделінетінін ескерсек онда психологиялық салауатты стратегияны жасау және жүзеге асыру бірқатар біліктіліктің болуын талаптайды. Атап айтқанда: өз мінез-құлығында партнер мінез-құлығымен психофизикалық өзара әсері деңгейінде үйлестіру біліктілігі, интеллектуальды операциялар жасау біліктілігі серіктесін психолгиялық қолдау көрсету арқылы қайтымды байланыс орнықтыру біліктілігі. Осы аталған біліктіліктердің барлығы қарым-қатынасты қабілет құрылымына қосылады.
Студенттердің жалпы болашақ маман иелерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру барысындағы басты факторлардың бірі ұлттық ерекшеліктерді ескеру және де қазіргі таңда бұл көзқарас философтар, педагогтың, психологтың және оқытушылардың назарын аударуда. Сондықтан болашақ маман иелеріне қарым-қатынас мәдениетінің құндылығын, компоненттері мен көрсеткіштерін түрлерін жан-жақты ұғындыру маңызды болып табылады [13] .
Жалпы болашақ мамандарда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі «мәдениет», «қарым-қатынас», «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Яғни психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарым- қатынас мәдениетінің мәні және құрылымы ашып көрсетілуі тиіс.
Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай принциптер басшылыққа алынуы тиіс:
- тұлғалық бағыт принципі;
- жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттардың бірлігі принципі;
- өмірмен, еңбекпен байланыс принципі;
- тәрбиелік ықпалдар принципі;
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда сананы қалыптастыру әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, қарым-қатынасты қалыптастыру мәдениетінің әдістері, ынталандыру әдістері деп жіктеледі.
1. Сананы қалыптастыру әдістері: қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру, оның қажеттілігін саналы түрде мойындауынан басталады. Осы сипатта дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі қарым- қатынас мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Этикалық тақырыптық әңгіме, моральдық бағамдар мен қарым-қатынас нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Ол адамгершілік қарым-қатынас ұғымы түсініктерінің мазмұнын ашып қана қоймай, адамдарды инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, қарым-қатынас қалыптастыруда оңды өзгерістерге ықпал жасайды.
- Іс-әрекет ұйымдастыру және қарым-қатынасты қалыптастыру әдістері: жеке тұлғаның білімін нақты іс-әрекетке қарым-қатынаста пайдалану арқылы көрінеді. Ұжыммен белгілі - бір іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына негіз болады.
- Ынталандыру әдісі - мадақтау, жарыстыру. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы оқытушы тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада:
- ұнамды психологиялық жағдай жасау;
- тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына жағдайлар түзу;
- үлгі-өнеге болу, оқытушының кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz