Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері 12
1. 2 Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері мен
механизмдері 27
2 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері 32
2. 2 Жасөспірімнің интернет-тәуелділігін төмендетудің әдіс-тәсілдері мен тәжірибелік көрсеткіштері 59
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Азаматтар мен оқушы жастардың денсаулыған сақтау және дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында белгiленген «Қазақстан - 2030» стратегиялық нұсқалы бағыттарының бiрi болып табылады [1] .
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы бойынша 2002 жыл Қазақстанда Денсаулық жылы болып жарияланды. Біздің қоғамымыздың, елiмiздiң болашағы байланысты болып отырған жеткіншек ұрпақтарымыздың салауатты өмiр салтын құрулары ғалымдарды, дәрiгерлердi, ата-аналарды және бiлiм беру жүйесiнде қызмет ететiн педагогтарды күннен-күнге көп толғандырады. Оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерiнiң сайдың тасындай сау өмiр сүрiп, еңбек етуiне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттiк тұрғыда мән берiлiп отырганы бекерден бекер емес. Әсiресе, жас ұрпактьң ауырмай, сырқамай ер жетiп, мұраларының биiгiне жасқанбай қол созып, күрескерлiк қалыппен алға басуынан артық ғанибет бар ма! [2] .
Қытай дәрігерлері жастарға көк шайды ішкізіп әлек, Украина Президенті «сыраға салынған» ұрпақты жөнге салмақ, Оңтүстік Кореяда ғаламтордың «торына» түскен балалар болашағына алаңдаса, Германияда кәмелетке толмағандар арасында «тері рагы» ауруы белең алып кетті. Ертеңіміздің жалғасы жастар. Ал жастардың денсаулығы жақсы болмаса, ертеңгі күннің жарқын болуы да шамалы. Соңғы жылдары әлемнің әр елінде биліктегі азаматтар жастардың денсаулық проблемалары жайлы мәселелерді жиі қозғайтын болды. Соның ішінде жасөспірімдер арасында ауру түрлерінің көрсеткіштері жоғарылауда. Қоршаған ортаның ластануы, денсаулыққа зиянды әсер ететін экологиялық проблемаларды, бұрыннан белгілі аурулар түрі көбейіп кетті. Біз «Жаңа ғасырда жаңа ауруларға» шалдығатын болып жүрміз. Техника дамыған сайын адамның өмірі жеңілдей түседі. Адам өмірі жеңілдеген сайын денсаулығы нашарлайтын үрдіс байқалады. Бұл қазіргі уақыттың айқын ақиқаты болып отыр[3] .
Сондай аурулардың бірі, жаңа ғасыр жаңа ауруы - интернет-тәуелділік. Интернетке тәуелділік дегеніміз ауру ма? деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, тартысқа толы сұрақ. Егер алкагольді ішімдіктерге тәуелділікті ауыр екендігін бұрыннан-ақ білсек, интернетке тәуелділікті де аурулар қатарына жатқызуға болады ма? Қанша дегенмен де ұқсастықтары баршылық қой. Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.
Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған. Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген. Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі, ауоуға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.
Bernad Batinic, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді. ” - деп, өз ойын нақтылады.
Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады[4] .
Қоғамдағы өсіп келе жатқан компьютеризация және «Интернетизациямен» байланысты шетелде 1980 жылдарда бастау алған Интернетті патологиялық пайдалану проблемесы өзекті бола бастады. Яғни «Интернет-тәуелділік» туралы айтылып отыр (синонимдері: интернет-аддикция, нетаголизм, виртуалды аддикция, Интернет әрекет-қылықтық тәуелділік, Интернетті артық (патологиялық) қолдану) . Griffiths, 1995 көсетуі бойынша Жоғары технологиялармен байланысты бейхимиялық (әрекет-қылықтық) аддикцияның жаңа формаларын белгілеу үшін М. Грифитс «технологиялық тәуелділіктер» терминін ұсынды, ол оны пассивті (Мысалы, теледидардан тәуелділік) және активті (Интернет-ойындар) деп бөлді.
Соңғы екі онжылдық ондаған миллион адамдардың кәсіби әрі күнделікті өмірінде Интернеттің кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Интернет арқылы өмірдің барлық аспектілері жайлы ақпарат алынады, сауда, қарым-қатынас, сексуалдық және ойындық құмарлықтар жүзеге асырылады. Y. Amichai-Hambuger, E. Ben-Artzi (2003) мәліметтерінде израильдік психологтар «өмір аспектілерінің ішінде Интернет тимей өткені жоқ» деп дәл айтқан болатын[5] .
Интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология педагогика, экология және т. б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді.
Қазіргі шақта компьютер біздің өмірдің таптырмас бөлігі, алайда кей кезде біз осы түсті металдың қымбат бөліктерінің еңбекке қабілеттілігінен тәуелді болатындығымызды әрқашан да мойындамаймыз. Қазіргі кезден компьютерлік желілер қызметтің банкілік іс, қауіпсіздік жүйесі, медицина, өндіріс, ғылым сияқты және тағы басқа маңызды салаларға ендірілген. Мұндай сфераларда қателіктер жіберілмейді, ал жіберіліп қойса, қымбат бағамен түзетіледі. Адамның компьютерден тәуелділігі мұнымен шектелмейді. Калифорниялық бір ер кісі Online-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай, өзі отырған қара шаңырақты да осы интернеттің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін интернетте отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен интернеттен көп достар таптым”. Жоғарыда аталып өткен оқиға Интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді[4] .
Сонымен компьютер, бұл зат біздің өмірге салыстырмалы жақында еніп, онда мәңгіге бекітілді. Ендігі бір де бір кәсіпорын, бір де бір оқу орны компьютерлік технологияларсыз өз ісін жүргізбейді[6] . Бір жағынан компьютер өмірді айтарлықтай жеңілдетті, екінші жағынан адамзат компьютерлік ойындар мен Интернеттен тәуелділіктің қалыптасуы сияқты глобальды проблемалармен ұштасып отыр.
Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік Интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.
Өркениеттілік компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады[7] . Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т. б. ) .
Сондықтан да аталған тақырып қазіргі таңда еліміздің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу мәселелері арасындағы ең өзекті мәселелер қатарына жатады деп толық сеніммен айта аламыз.
Зерттеудің обьектісі: Интернет-тәуелділігі және оның жасөспірім шақтағы көріністері.
Зерттеудің пәні: Интернет-тәуелділігіне жағдай жасайтын факторлар, оның белгілері және механизмдері, жасөспірім жастағы балаларға интернет-тәуелділіктің ықпалы.
Зерттеудің мақсаты: Интернет-тәуелділіктің пайда болу себептерін, кезеңдерін, белгілерін, механизмдерін және жасөспірімдердің дара ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдердің интернет тұтынушысы ретіндегі виртуалды және интернет-тәуелділігінің алдын алу және жою жолдарын қарастыру.
Зерттеудің болжамы: Егер интернет-тәуелділіктің пайда болу себептері, кезеңдері, белгілері, механизмдері және жасөспірімдердің дара ерекшеліктері ескерілсе, онда жасөспірімдердің виртуалды және интернет-тәуелділігін болдырмай, оның алдын алуға болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Интернет-тәуелділігінің пайда болу себептері, кезеңдері, белгілері мен механизмдерін ашу;
- Жасөспірімнің жас ерекшеліктері негізінде интернет тұтынушысы ретіндегі психологиялық аспектілерін түсіндіру;
- Жасөспірімдердің бойындағы тәуелді әрекет-қылықтың алдын алу шараларын қарастыру, тиімділігіне көз жеткізу.
Зерттеудің кезеңдері:
І кезеңінде интернет-тәуелділік мәселесі бойынша ақпараттар, материалдар, теориялық әдебиеттер жинақталды. Ғылыми аппарат айқындалды.
ІІ кезеңде интернет-тәуелділігінің пайда болуы, дамуы, оның кезеңдері, белгілері мен механизмдеріне байланысты материалдарға теориялық талдау жүргізілді. Жиналған материалдардың қажеттілерін іріктеп алдым.
ІІІ кезеңде теориялық-ғылыми мәліметтерді тәжірибелік-зерттеу жұмысында қолданып ой қорытындыланды.
Зерттеудің базасы: Тәжірибелік зерттеу жұмысы Тараз қаласының Тараз «Парасат» колледжіндегі 4 курс білімгерлерімен өткізілді.
Зерттеудің әдістері: зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттер тұрғысынан талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы, К. Леонгардтың тест-сұрақшасы, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері
Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер сферасы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді[3] .
Интернет-тәуелділікпен алғашқы болып өз қызметінде Интернетті пайдаланып, қызметкерлерінде он-лайнда отырудан патологиялық құмарлық пайда болу салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар, сондай-ақ дәрігер психотерапевттер кездесті. Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И. Гольдберг. К. Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін адддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И. Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция» терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды.
M. Orzack, 1998 мәліметтерінде М. Орзак Интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдары бөліп көрсетілген:
Психологиялық симптомдар:
- көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі;
- тоқтаудың мүмкін еместігі;
- компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы;
- жанұя және жолдастарын елемеу;
- компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу;
- өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеріне жалған айту;
- жұмыс немесе оқудағы проблемалар.
Физиологиялық симптомдар:
- карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы) ;
- көз сұйық затының құрғауы;
- бас ауруы;
- омыртқа ауруы;
- уақытында тамақтанбау;
- жеке гигиенаны сақтамау;
- ұйқының бұзылуы.
К. Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (Интернет-тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады:
- электрондық поштаны тексеруге деген бағыттылық;
- келесі он-лайн сеансына алаңдаушылық;
- он-лайн уақытын арттыру;
- итернетке төленетін ақшаның артуы.
Орныққан итернет-аддикцияның белгілеріне К. Янг (2000) бойынша келесі критерийлер жатқызылады:
- интернетке толық ену;
- желіде өткізілетін уақытты үнемі арттырып отыру;
- интернетті пайдалануды тоқтату кезіндегі тынымсыздық сезімдері;
- уақытты басқарумен байланысты проблемалар;
- қоршаған ортамен (жанұя, мектеп, жұмыс, достар) проблемалар;
- желіде өткізген уақыт жайлы жалған айту;
- интернетті пайдалану кезіндегі көңіл-күй өзгерісі.
Көрсетілген тәуелділіктің арасындағы таралым 1-5%-ды құрайды (Griffiths, 2000; Young, 1998), ҒТП сәйкес виртуалды тәуелділікке әртүрлі мамандар бейімделуі артуда. Kim et al., 2005 келтірген мәліметтерінде Корей зерттеушілерінің мәліметтері келтірілген және оған сәйкес жоғары сынып оқушыларының 38%-нда Интернет-аддикция бар екенін көрсетті. Ресейдегі (WWW. monitoring. ru) зерттеулер бойынша 1992-2004 ж. ж. жасөспірімдер саны 2-25%-ға дейін өсті, яғни жасөспірімдер желінің белсенді пайдаланушыларына айналып келуде, осыған сәйкес жастар арасындағы Интернет-аддикция жағдайлар саны да өсуде.
К. Янг (Young, 1998) Интернет-тәуелділіктің 5 негізгі түрін сипаттайды:
- киберсексуалды тәуелділік - порносайттарға кіруге және киберсекспен айналысуға, чаттарда «ересектерге» арналған арнайы телеконференцияларда сексуалды тематиканы талқылау.
- виртуалды танысуларға құмарлық - жанұямен, достармен реалдық қатынастардың орнына виртуалды кибер қатынастарды қалау.
- желіге деген тым жоғары қажеттілік - онлайндық азарттық ойындар ойнау, үнемі аукциондарға қатысып сатып алулар жасау.
- тым көп ақпарат қабылдау (жабысқақ «веб-серфинг») - жүйедегі үнемі саяхаттаулар, ақпаратты мәліметтер базасы және іздеуші сайттарда іздеу.
- компьютерлік тәуелділік - компьютерлік ойындарға үнемі қатысу (атыс ойындары «Doom», «Quake», «Unreal», «Stan Craft» стратегиясы және т. б. ) .
К. Янг және Р. Роджерс (Young, Rodgers, 1998) жүргізген пилотаждық зерттеуге 259 адам оның ішінде 130 ер адам (орта жас шамасы-31) және 129 әйел адам (орта жас шамасы-33) он-лайндық режимде Р. Кеттелдің 16 факторлық жеке тұлғалық сұрақшасын (16PF) және Янг құрастырған Интернет-тәуелділік сұрақшасын толтырды. Алынған мәліметтерге сәйкес аддикт адамдар абстрактілі ойлаудың жоғары деңгейіне ие, өз-өзіне сенімді индивидуалистер, сезімтал және басқаларға эмоционалды жауап беретіні анықталды[4] .
Зерттеушілердің пікірінше индивидуалист бола тұра, аддиктілер ұзаққа созылатын изоляцияға оңай бейімделеді.
М. Шоттон (Shotton, 1989) компьютерден тәуелділіктің типологиясын дайындады, онда бұл тәуелділіктің 3 түрін анықтады.
Бірінішіден , бұл « желішілер » (networkers) : олар оптимист, тәуелділіктің басқа типтерімен салыстырмалы түрде - анағұрлым әлеуметтік белсенді, адамдарға позитивті қатынас көрсетеді, жолдастары болады, ата-аналарымен жағымды қарым-қатынаста болады. Компьютер олар үшін - хобби сияқты: олар өшірілген мәліметтер базаларына ізденіс салулары немесе MUD типіндегі рольдік топтық ойындар ойнауы мүмкін, алайда көрсетілген басқа тәуелді типтерге қарағанда өз бетінше аз программалайды, компьютерлік графика немесе аппараттық қамсыздандырумен қызықпайды.
Екіншіден , бұл « жұмысшылар » (workers) - саны бойынша ең аз топ. Олар неғұрлым жаңа әрі қымбат комьютерлерге ие. Программалау процесін нақты жоспарлап алып, бұл бағдарламаларды керекті нәтижеге жету үшін дайындайды. Әдетте бұл топтың өкілдері жақсы оқыған стандартты оқыту бағдарламалары оларды қанағаттандырмайды, сондықтан да олар қосымша оқу курстарына қатысады. Оларға қатаң «қызметтік этика» тән.
Үшіншіден , бұл « зерттеушілер » (explorers) - саны ең көп топ. Олар бағдарламалауды интеллектуалды әрекет және көңіл көтерумен теңдей көреді. Аса күрделі бағдарламалар жаза отырып, көбінесе оны аяғына дейін жеткізбей, одан да күрделі жаңа түрлеріне көшеді. Бұл топтың өкілдері компьютерлік пираттылық және хакерліліктің қызметін атқарады. Формальды жағынан алғанда олардың білім дәрежесі «жұмысшыларға» қарағанда төмен алайда, «зерттеушілер» олардан қалмай отырып қана коймай, тіпті білім көлемімен озып та кетеді. Амбициялары көп байқалмайды: жоғары шен де, үлкен төлемақы да олар үшін басты орында тұрған жоқ. Сөйтіп, олар өмірдегі жетістіктердің әлеуметтік критерийлеріне селқостықпен қарайды. «Зерттеушілер» үшін компьютер партнер және дос, оның жаны бар, адамдармен қарағанда онымен қарым-қатынас жасаған жеңілірек болып көрінеді.
Kraut et al., 1998; Shapira et al., 2000 көрсеткендей, Интернетке тәуелділер арасында депрессия және обсессивті-компульсивті аффективті бұзылыстардың басымдылығы; Джолдыгулов және т. б., 2005 мәліметтеріне сүйенетін болсақ, сондай-ақ, азпрогредиентті шизофрения шеңберіндегі жасырын депрессияның жоғары деңгейде екені анықталды. Kim et al., 2005 айтуынша, Корей зерттеушілері Интернет-аддикциясы бар жоғары сынып оқушыларында депрессияның, суицид қаупінің жоғары болатыны анықтады. Y. Hambuger, E. Ben-Artzi (2000) Айзенк сұрақшасының көмегімен Интернетке тәуелділердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, интроверттер мен экстраверттер Интернеттің әртүрлі ресурстарын пайдаланатынын, сондай-ақ экстраверт ер адамдар Интернетті «көңіл көтеру» үшін пайдалануда жағымды корреляцияланса, ақпараттық сайттарды пайдаланумен нейротизм жағымсыз байланыста болатынын көрсетті. Әйел адамдарда экстраверсия негативті корреляцияланды, ал нейротизм Интернеттің ақпараттық сайттарын пайдалануда жағымды болатынын көрсетті. Кейін жаңағы авторлар Интернет-аддиктілер, оның ішінде басымы әйел адамдар үшін жалғыздық сезімі тән, бұл сезім деңгейін төмендету мақсатында әйел адамдар чаттарда қарым-қатынас жасап, уақыт өткізетіні анықталды (Y. Amichai-Hambuger, E. Ben-Artzi; 2003) .
Американ зерттеушісі S. Calpan (2002) Интернетке тәуелді тұлғалардың депрессия, жалғыздық, ұялшақтық, өзімшілдік сияқты жеке қасиеттерді бөліп көрсетті.
Н. В. Чудова (2002) болса, әртүрлі зерттеушілердің нәтижелері жалпылай келе, Интернет-аддиктілердің келесідей қасиеттерді тізімін келтіреді: өзінің дене дамуына байланысты «Менін» қабылдауындағы қиындықтар; тікелей қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар (тұйықтылық) ; интеллектуализацияға бейімділік, жалғыздық сезімі және өзара түсіністіктің жетіспеушілігі; агрессивтіліктің төмендігі; эмоционалды күйзеліс және негативизмге бейімділік; фрустрацияланған қажеттіліктің болуы; тәуелсіздік; идеалды «Мен» туралы түсінік дифференциалданбаған; реалсызданған, өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі; проблемалардан және жауапкершіліктен қашуға бейім болу
Менделевич В. Д. 2003 көрсетуінше, интернетке тәуелді адамдарда басқа аддикциялардың жасырын формалары көрініс табады: сексуалды аддикция «киберсекске» ауысады; псевдология, крусодерлілік сияқты кибер-қатынаста көрініс табатын коммуникативті тәуелділік.
Д. Гринфилд (Greenfield, 1999) көбінесе интернет-тәуелділікпен қатар (жағдайлардың 20%-нда кездеседі) сексуалды аддикция жүреді деген деректер келтіреді. M. Griffiths (1998) Интернет-аддикция Интернеттің әртүрлі формаларын пайдалану негізінде қалыптасуы мүмкін деген гипотезаны алға тартты. M. Griffiths 1999 зерттеулерін К. Янг зерттеулерімен салыстыратын болсақ, интернеттің көптеген интенсивті тұтынушыларының көпшілігі міндетті түрде Интернет-аддиктілер емес, олар желіні басқа аддикцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланатынын атап көрсеткен болатын. J. Kandell М. Грифитс зерттеулерінен айырмашылығы ол Интернет-аддикцияны желідегі белсенділік формасынан тәуелсіз болып табылатын Интернеттен патологиялық тәуелділік деп анықтады.
Интернет-аддикцияның дефиницияларын (қысқаша түсінігі, ұғымы) кеңейте отырып, К. Янг, R. Davis (2001) Интернетті патологиялық пайдаланудың когнитивті әрекет-қылыққа әсер ету моделін ұсынды. Интернет-аддикцияның 2 формасын бөліп көрсетті: интернетті спецификалық патологиялық пайдалану (Specific Pathologial Internet Use) және интернетті негізгі патологиялық пайдалану (Generalized Pathological Internet Use) . Бірінші түрі интернеттің кез-келген арнайы қызметінен тәуелділіктің туындайтыны көрсетеді: онлайндық қызметтер, онлайндық аукциондар, акцияларды онлайндық сату, онлайндық гемблинг. Аддикцияның мазмұны сақталады, және интернеттен тыс жүзеге асырылуы мүмкін. Екінші түрі интернетті көп мақсатты әрі маманданусыз тым артық пайдалану жатқызылады, яғни желіде нақты мақсатсыз уақыт өткізеді және интернеттің әлеуметтік сферасымен байланысты[5] .
Интернет-аддикция құбылысы әртүрлі әрекет-қылықтық тәуелділіктердің қосындысынан тұрады (жұмыс істеу, қарым-қатынас, ойындық қажеттілік) . Компьютер мұнда тәуелділік обьектісі емес, ал оны жүзеге асырушы құрал болып табылады[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz