Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану
Кіріспе ... ... ... ... . 4
І Бастауыш сынып оқыту үдерісінде дамыта оқыту технологиялар негізінде ұйымдастырудың ғылыми.педагогикалық негіздері
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ..7
1.2 Бастауыш сынып оқыту үдерісінде дамыта оқыту технологияларынын қолдану ерекшеліктері ... ... ... 16
ІІ Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дамыта оқыту технологияларын жүзеге асыру мәселелері
2. 1 Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың ерекшеліктері.
2.2. Дамыта оқыту технологиясын қазақ тілі пәнін оқытуда жүзеге асыру ... ... ... 46
2.3 Жеке сабақ үлгілері ... ... 52
Қорытынды ... ... .. 59
Пайдаланылған әдебиеттер

Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].

1 "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы /баптары бойынша түсіндірмелері/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. - Астана, 2000.
2 Назарбаев Н.Ә."Қазақстан-2030"Ел Президентінің Казақстан Халқына Жолдауы. -Алматы: Республикалық "Кітап" өндірістік бірлестігі, 2008.
3 Қоянбаев Ж.Б., Р.М. Қоянбаев Педагогика -Алматы: 2002
4 Бержанов Қ.Б., С.М.Мусин. Педагогика тарихы. -Алматы: Мектеп 1984
5 Құрастырушы И.Н.Баженова. Педагогикалық ізденіс 1989 -Алматы: Рауан. 1990.
6 Сарыбаев Ә.И., Қазақ советі мектебінің тарихы. –Алматы: 1971.
7 Савин Н.В. Педагогика. –Алматы: Мектеп. 1975.
8 Көшкенбаев И. Оқыту теориясы. -Алматы 1989.
9 Ұзақбаева С. Тамыр терең тәрбие. -Алматы, Өнер 1995
10 Бейжанов Қ., Ш.Әшірәлиев. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы 1973.
11 Алтынсарин Ы.. 3томдық шығармалар жинағы -Алматы: Наука КазССР, 1976.-352 б.
12 Қоянбаев Р. М, Ыбыраимжанов Қ. Т Педагогикалық сөздік –Алматы: 2001
13 Науатова О. Жаңа технология әдістерін білім беру жүйесінде ғылыми тұғыда пайдаланып, дамыта оқыту. //Мектеп журналы. №5 2006. 9-11бб
14 Қабылбекова О. Деңгейлеп оқыту. //Мұғалім әдіскер журналы.
2004 жыл №2. 12-14бб
15 Қоянбаев Ж.Б., Р.М. Қоянбаев Педагогика -Алматы. 2002.
16 Савин Н.В. Педагогика. Алматы. Мектеп. 1975 жыл.
17 Ысқақов Ж., Педагогика. Шымкент 2004 ж.
18 Төлепова М.Дербес оқытудың маңыздылығы //Бастауыш мектеп журналы 2004 №3.26-28бб
19 Оразханова. Дамыта оқыту технологиялары. //Бастауыш білім журналы. 2003 №6. 19-21бб
20 Ысқақов Ж., Педагогика. Шымкент 2004 ж.
21 Жазықбаева Ұ. Жаңа буын оқулықтарымен оқытудың маңыздылығы //Бастауыш мектеп
22 Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта
оқыту. Методикалық оқу құралы. Алматы, 1999 жыл.
23 Караев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. Ізденіс. -2004. №1. -233 б.
24 Аймауытов Ж. Педагогикалық-психологиялық еңбектер.
25 Байтұрсынов А. Оқыту әдістері туралы пікір Алматы
26 Жұмабаев М. «Педагогика» -Алматы: 1992.
27 Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Методикалық оқу құралы. -Алматы, 1999 жыл.
28 Н.Ә."Қазақстан-2030"Ел Президентінің Казақстан Халқына Жолдауы. -Алматы: Республикалық "Кітап" өндірістік бірлестігі, 2008.
29 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002. 6-7 бет.
30 Мұхаметжанова А. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. //Бастауыш мектеп 2008 №4 11-12 бб

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І Бастауыш сынып оқыту үдерісінде дамыта оқыту технологиялар
негізінде ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ..7
1.2 Бастауыш сынып оқыту үдерісінде дамыта оқыту технологияларынын
қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
16
ІІ Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дамыта оқыту
технологияларын жүзеге асыру мәселелері
2. 1 Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 34
2.2. Дамыта оқыту технологиясын қазақ тілі пәнін оқытуда жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
... ... 46
2.3 Жеке сабақ үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 59
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 60
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық-
саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар
енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған
төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің
мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа
технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы
пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу-деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылғандай барша
қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет-Қазақстанды бәсекеге
қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан
болмасын мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз
үлестерін қосуы маңызды.
Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі
әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз
болатын басты тұлға- мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім
беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет- білікті,
кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі
кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана
емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық
технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан
дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2030 даму стратегиялық бағдарламасында ...4-ші басымдылық :
осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың білімділігі мен оларды қайта
даярлауды одан әрі өркендеуің, дегені де болашақ мамандардың талапқа сай
болуы керектігінің айғағы [2].
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі мектеп мұғалімдерінің және
оқытушыларға пайдасын тигізіп отыр. Сондықтан да олардың тәжірибесін
зерттеуде зор маңыз бар. Өйткені әрбір жаңа педагогикалық құбылыс
талқылауды, зерттеуді және таразылауды қажет етеді. Озат тәжірибені зерттеу
және оны оқу үдерісіне енгізу терең сауаттылықты, қажырлы еңбекті, сонымен
қатар, үнемі өзгеріп отыратын ғылыми жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Жаңа заманға лайықты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
барысында, оқушылардың даму мүмкіндігін зерттей отырып, сапалы білім,
саналы тәрбиені жаңа педагогикалық технологиялар арқылы жұмыс жасап келе
жатқан мектептерді атауға болады. Әрбір баланың жеке қасиеттерін аша
отырып, шығармашылыққа баулуда бірнеше мектептер жұмыс істеуде.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау
мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты
мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар
қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы
бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа
үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын
ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер
тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты
ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту үдерісін ізгіліндіру оның практикалық
бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар
атқарылуда.
Дегенімен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы
жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру үлгіні, көрсету сияқты өнімсіз
еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі
қателіктер бастауыш сынып оқушыларының абстрактілі ойланудағы
мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтежесінде
мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды
іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді
ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр. Осы себептен оқушылар игерген
білімдерін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болуда.
Педагогикалық үдеріс бастауыш мектеп оқушысының жеке басын
демократиялық бағытта қалыптастыру және оны жан – жақты дамыту үшін
неғұрлым қолайлы қандай талаптарға жауап беруі тиіс?
Біріншіден, қарым - қатынастық мазмұны, атмосферасы, өзара қатынастық
түрі баланың оқуына, адамгершілікке жататындардың бәрін меңгеруіне, өзін
адам ретінде тануын, ізгілік, өзін - өзі сыйлау сезімін, өзімен
есептесетіндігін, өзін керек ететіндігін, өзін елеп, бағалап отыратындығын
түсіне білуін тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Екіншіден, педагогикалық процесс оқытудың әлеуметтік мәні бар шарттарын
қалыптастыруға, рухани өсуге, адамгершілік жағынан ширауына, ынтымақтастық,
өзара көмек сезімін оятуға, балалар ұжымын ортақ мақсат, өзара қарым -
қатынастық бірыңғай принциптері негізінде біріктіруге ықпал етуі керек.
Үшіншіден, педагогикалық үдерісті балалардың творчествосына,
алғырлығына, дербестігіне, танымдық және қоғамдық белсенділігіне кең өріс
берілуі қажет; балар коллективінде өрілетін қарым - қатынас сипаты әр
баланың өзіне тән адамдық болмысын дамуына көмектесуі тиіс.
Сонымен бірге педагогикалық процесті балалардың белгілі жас топтарының
психалогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, бір ізге келтіру керек. Біз
алты жасар балалардың әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесі жетіспейтіндігін,
олар актуальді талабы, албырт белсенділігі, ойын қызметіне деген
тенденциясы болатындығын, бұл функционалды күштер қимылы мен дамуының шағын
екенін, ал балалық шақтағы жетекші белгілердің бірі – баланың есеюге
талпынысы екенін жоғарыда айтқанбыз. Егер осынау психологикалық
ерекшеліктерге ден қойылмай, өктемдік позициясындағы педагогикалық процесс
құылатын болса, балалардың талаптары мен потенциалдық мүмкіндіктерінің
толық түрде, жан – жақты ашылып дамуы үшін жағдайлар жасалмайды. Бала
біртүрлі тұйықталып, өзіне - өзі қорғана бастайды: оның дамуға тырысқан
функционалдық тенденциясы ықтиярсыз мәжбұр болу салдарынан өзінің қимыл
қарқынын бәсеңдетеді, ал, оқуға деген енжарлық өзінің жеке басының
кемсітуге қамыққан кездегі ыза ретінде туады. Және керісінше, оқушыларға
өзіндік-ар-ождан тұрғысынан қарау әдісін дәйекті түрде жүзеге асыру,
олардың жетекші психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, адамгершіліктік
жағдай туғызып, әр баланың өзін адам ретінде сезінуіне мүмкіншілік беруі
ықтимал [3].
Осы тұрғыдан мәселелерді қарастыра келе, біз дипломдық жұмыстың
тақырыбын “Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын
пайдалану” деп анықтап алдық. Осы тақырып төңірегінде дипломдық ғылыми
зерттеу жұмыстарды орындау барысында алға қойған мақсатымыз:
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологияларын қолдану арқылы
оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы жазылған теориялық
әдебиеттерге талдау жасау.
2.Дамыта оқыту технологияларын қолдану барсындағы озат педагогикалық
тәжірибелерді салыстыру, өміршедігін анықтау.
3. Бірінші сыныптың қазақ тілі сабағында дамыта оқыту арқылы
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы дамыта оқыту технологиясы.
Зерттеудің әдістері: Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру;
жинақтау, талдау, байқау, бақылау, әңгіме, сұрақ-жауап және кеспелі
әдістер.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні.

1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен мазмұны
Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда
келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру
жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.
Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті.
Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика
мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан
– жақты білім беруге шақырды.
Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе - Коменскийдің
педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі [4].
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін,
дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді
деді Коменский.
Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды
нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы
дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер – білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу,
ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты
бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс
жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір
форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер – білімді
толық меңгергенше жүргізу керек”, - деген өте орынды пікір айтылды.
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский
оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан
абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін
құрды”.
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке
келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына іріктелген оқу жылы
жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты,
оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін
енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты
ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан
сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты
жоспарлау, сабақтағы тәртіп т.б.). Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша
оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға,
жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан – жақты дамыту идеясын
ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты
жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада
көру, есту және т.б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және
сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден,
олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап
көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ.
Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың
ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды [5].
Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің
ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп
көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.
Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын,
тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық
білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.
Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті
кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім
қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.
Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның
әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар,
онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған
білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп
баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке,
дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор
міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды.
Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы
қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға
оның ата – анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті
істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық
ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу
жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.
Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци
бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың
міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады.
Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды
ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер
берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география
және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ
Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай
ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.
Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ
жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда.
Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді.
Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға
үнемі көңіл бөлуді талап етті.
Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы
оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде
сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін
ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан
деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци
санымен буржуазиялық - демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып
табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін
арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының
нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек
көрсетуді көздеді.
Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық
тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді
еңбекпен ұшырастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің
көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты.
А. Дистервергтің педагогикалық ой – пікірі. Педагогиканың дамуының
негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет
деп түсінді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде
балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Песталоцци сияқты Дистверг те
оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл – ойын, қабілетін дамыту деп
көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан – жақты дамытумен қатар, балаға моральдық
тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса
тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді [6].
Дистерверг бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап
айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті
білім берілуін қостады. Орта мектептерде өмірге қажетті білімдердің
берілуін жақтады. Дистерверг әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың
дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен
жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау
ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге
қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады.
Дистерверг сезім мүшелерін әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды
таныстыруға зор мән берумен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті
болып, барынша ойландыратындай болу өте қажет деп түсінді.
Дистерверг оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне
зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші – негізгі
мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол “Балалар түсіне
алмайтын материалды балаларға оқытпа” немесе “Уақтынан ерте ешнәрсеге
оқытпа” деген ережені ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы
келмейтін мәліметтерді бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру
керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын
материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі
кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы
деді.
Матералды пысықтауға Дистерверг үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың
мынадай: “Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек”
деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыру
қажет деді.
Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады.
Оқыту баланың ақыл – ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін,
мінез - құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін
мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. “Кім
жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді”, - деп тұжырымдады ол.
Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл – ойын дамытуға
тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте
жоғары бағалады. Әңгіме балардың ақыл – ойын дамытады, іздеуге, талдауға,
ойлауға үйретеді деп санады.
Савин бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды.
Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ол оның маңызды құралы – оқу, ол
оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды [7].
Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы
қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын қоршаған дүниені
танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болды. Біріншісіне
жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің
кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой
қызығушылығы; этикалық қызығушылық - оқушыларды көркемдік жағынан бағалай
білушілікті көрсетті. Қызығушылықтардың екінші тобына жататындар:
симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады, әлеуметтік
қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара - қатынасын анықтайды; дінге қызығу
– діни ұғымды күшейтеді.
Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын
анықтайды деді. Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік
көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар
ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен
байланыспады. Сөйткенменде оқушылардың әрсалалы қызығушылықтарын дамыту
тұрғысынан және оқуды соларға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының
құптарлық пікірі де болды.
Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөніндегі
теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. Оның ойынша оқу процесі немесе сабақ
төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп те
атайды. Олар: 1) анықтық - айқындық, 2) ассоцация, 3) жүйе, 4) әдіс.
Бірінші – анықтық - айқындық сатысында оқытылатын материалды оқушылар
басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, бұл
сатыда оқытушы жаңа материалдарды хабарлап, көрнекілікті қолданады.
Екінші саты - ассоцацияда жаңа материал оқутудың мұнан бұрынғы өткен
сабағында алған мәліметтері өмірден алған елестетулерімен ұштасады.
Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым
сәтті болады.
Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен
сабақта алған мәліметтерімен байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар
мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика
саласында бұл сатыда әртүрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар
оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық
және творчестволық ойлауын бақылайды.
Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу
материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Н. И. Пироговтың түсінуінше,
оқытудың желісті болуы үшін аса қажет.
Негізгі дидактикалық принциптерді Н.И Пирогов саналылық, көрнекілік,
оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.
Н. И. Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты
болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді
орынды бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу
жұмысын бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы
болды.
Кіші жастағы мектептен балаларын оқыту мен тәрбиелеуде Н. И. Пирогов
ойын әдістерін пайдалануды ұсынды. Ойынды ол алғашқы білім берудің күшті
құралы деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару, пайдаланбауды тәрбиешілердің
әлсіздігі деп есептейді. К.Д. Ушинскийдің педагоггтық пікірінің ең негізі
мәні -әрбір елде халықтық мақсат –мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік
ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді. -Дүние жүзінің
басты міндеттеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра,
Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының
болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын
байқайды, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен
тұрмысын,талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстығын көрсетті. Ушинский орыс
халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті: ғасырлар
бойынша сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы
мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен
гуманизм, мол творчестволық сезімділік [8].
Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді;
халықтың өмірін жөндеу оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептейді
Ушинский. Ол “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін,ол халықтық болуы тиіс”, -
деді. Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан
бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін
ескермеушілерді, орыс мектебінде орынсыз түрде шетелдің педагогикалық
теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.
Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский
мынадай негізгі жолдарды белгіледі:
1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді.
Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын
қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында
бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік – буржуазиялық құрылысты
революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасында
қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.
2. Халықтың идеяның басты бір сипаты-қоғамшылдық, соған байлансыты
тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы
тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.
Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да
көңіл бөлді. “Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана
емес, ол әрі өте пайдалы тынығу”, -деп есептеді.
Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы формальдық және материалдық
білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
Ушинкий білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның
ойынша, мектеп те табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар:
ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің
халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі-ана тілі деді.
Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға үйретіп қоймай, айналасын
қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге
көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: Ана тілі бүкіл ақыл – ой дамуының
негізгі және тәрбие мен оқу үдерісін ана тіліне байланыстыра құрған жөн.
Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша әңгіме жүргізуге бөліну
тиіс.
Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете
алатындай ғана бағытта оқыту керек деді: “Бірде – бір мұғалім өзінің ең
басты міндеті – тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет
сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек” – деді.
Бұл үшін Ушинский оқыушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға
қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігін баса көңіл бөліп,
мұғалімдерден де осыны талап етеді. К.Д.Ушинский дүние жүзілік классикалық
педагогиканың қорытқан мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының
тәжірибесіне сүйене отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.
К.Д.Ушинский оқыту жұмыстарының негізгі жолы сыныптағы сабақ жүйесі
деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында ретті, дұрыс
ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың
негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген
білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді
ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген
ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең
меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.
К.Д.Ушинский оқу үдерісін сапалы ұйымдастырудың басты шарты –
методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне
байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары
бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу,
әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша)[9].
Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс
істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде
деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі
мұғалім ісінің көрсеткіші” – деді.
К.Д.Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде меңгерілген
білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әрбір берілетін білім мен
дағдыларды оқушылар сыныпта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай
болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп – төгіп, ауырлата беруге
болмайды.
К.Д.Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты
жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі
талаптарды сабақта қолдану, сыныптағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау
жөнінде нақты нұсқаулар береді.
Л.И.Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысының ұйымдастырудағы міндеті
– барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол үшін
оқу матиралы қызғылықты және балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы
қабылдайтындай дәрежеде болу керек деп санады. Сыныпта балаларды
алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің болмауын талап етті,
мұғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым - қатынас болуын, балалардың
мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке
даяр болуын қажет деп есептеді.
Л.Н.Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға
қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді
айтып баларды шаршатпау, сабақ материалының балалар тым қиын немесе жеңіл
болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір
жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтау қажет
деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, көп көңіл
бөлді. Л.Н.Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем
әңгіменің болуын талап етті. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н.
Толстой балаларды байқағыш-тыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна
мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен
картиналарды пайдалануды да қуаттады.
Л.Н.Толстой өзінің дидактикалық пікірінде бастауыш мектептің оқулығының
қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың
қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын
болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті. Оқулық балаларға
білім ғана беріп қоймайды, сонымен бірге олардың тілін дамытады деп
есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы жазылуына ерекше мән берді
[10].
Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі, ол жөнінде жазылған пікірлерді
мұғалімдік шеберлікті жетілдіруге Л.Н.Толстойдың зор мән бергендігін айқын
көрсетеді. Оқытудың барлық тәсілдерін меңгеріп, оны оқушының және мектептің
ерекшелігіне қарай пайдаланып, балаларды қызықтыра алса, оқушылардың
белсенділігін арттырса, сонда ғана мұғалім жемісті, жұмыс істей алады.
Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу үдерісінде белгілі педагогикалық
мәселелерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі
педагогикалық лаборатория деп саналады.
Мектепте білім берудің мақсаты – жастарды жан-жақты дамытып, өмірге,
еңбек іс-әрекетіне қалыптасуына даярлау. "Білім беруді жетілдірудің негізгі
талаптарынң бірі — оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу
пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялар барынша айқын баяндалатын
болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде
көрініс беруі қамтамасыз етілсін", - деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту үдерісінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен
теориялық және практикалық дайындығына, оқу үдерісін ұйымдастыра және
басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым
мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен
оқушылардың арасындағы адамгершілік өзара қарым-қатынас және бірлікке
байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы
жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тере зерттеп, тиімді етіп балай білген
жөн. Бұл жөнінде И.В.Волковтың "Творчествоға баулимыз", В.Ф.Шаталовтың
"Баршаны да, әркімді де оқыта білейік" дген еңбектерінде сабақты өткізу
принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердің
идеяларын сабақ үстінде шығармашылық пайдалану оқыту үдерісін жақсартудың
шешуші жолдарынң бірі.
Оқыту үдерісін терең әрі берік, дәл білім алу таным жолындағы
оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі — бұл мұғалім мен
оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесінің барысында шәкірттерге
білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің
бір бөлігі.
Оқыту үдерісінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық
іскерлігі және дағдысы қалыптасды. Оқыту үдерісін басқару үшін оның
жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын
жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің
белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны);
2. мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-
қатынасы (сабақ беру);
3. оқушылар сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті);
4. оқыту әдістері;
5. оқытудың материалдарық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық құралдары;
6. Оқыту нәтижелері.
Білім адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы — талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақгау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйсініп,
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамыта оқытудың негізгі ережесі, яғни
оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей
білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Ы.Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің
айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: “Халық ағарту
жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып
жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына
байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ
мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты.
Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат
көремін...”.
“Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика
құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұхият түрде жүргізілген
инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды”, - деп мұғалімдердің
беделін жоғары көтерді. Оның ауылдық мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары,
сірә, жайдан – жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде
алғашқы сабақты өзі өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім –
тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көп шілігінде жылдық қорытынды
емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның
асыл қасиеті екенін көреміз. Ы. Алтынсарин оқыту үдерісінде балалардың
білім дәрежесін ескеріп отыруды мұғалімдерден талап етіп отырды. Оның өзі
де оқулықты орыс - қазақ мектептері жағдайына лайықтап жасады. Мектептегі
оқыту жұмысы сол заманның техника жаңалығы дәрежесінде болуы керек, бұл
өте маңызды жағдай деп көрсетті. Міне, осыдан келіп ол түрлі құрал –
жабдықтар сатып алу, модельдер, коллекциялар жасау мәселесіне көп қаржы
бөлді [11].
1.2 Бастауыш сынып оқыту үдерісінде дамыта оқыту
технологияларынын қолдану ерекшеліктері
Егеменді еліміздің елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен
жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп,
жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде
білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің
бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның
парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы
бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой
қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
12 жылдық білім берудегі өзгешеліктердің бірі баланың мектепке 6
жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен бастау.
Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен
технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және
жасайтын ұрпақ дайындауды көздейді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе
алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту
барысында білім мазмұны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілік пен
гуманистік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Педагогикалық технологияларды ажырата топтастыру жолдары
Т.В.Шаталов технологиясы
Принципі:
-үздіксіз қайталау,кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту,тірек
сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау.
-жеклей әрекет жасау
-ізгіліктілік
-күш түсірмей оқыту
-түзету,жетістікке жетелеу
-жетістіктің аралығы
-тәрбие мен оқытуды байланыстыру.
Мақсаты:
-Білім,білік ,дағдыны қалыптастырады
-Жеке ерекшеліктерін ескере отырып , барлық балаларды оқыту
-Жеделдете оқыту.
Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
1.Материалдар ірілендіріліп беріледі
2.Блоктық түрде беріледі
3.Оқу материалдарын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беріледі
4.Берілетін ақпаратты айқын бейнелейтін тірек конспектісі
5.Ұжымдық оқыту технологиясы.
Мақсаты: әр оқушының қабілетін дамыту,еңбек етуге баулу,
ұйымдастырушылық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі
басқаруға,байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
-Жекелей оқыту
-Жұптық оқыту
-Топтық оқыту
-Ұжымдық оқыту
Технологияның жүргізілу кезеңдері:
1.Тапсырмаларды даярлау кезеңі:
-берілген тапсырмамен танысу
шағын бөлімдерге бөлу,әр бөлімге ат қою
-жоспар құру
-жоспарға сүйене отырып , тест мазмұнын меңгеру
-тексеру сұрақтарын даярлау.
2. Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:
-тақырыптың мақсаты
-жоспармен таныстыру
-мазмұнын түсіндіру
-бақылау сұрақтары.
3.Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу,
баяндау кезеңі.
Тәрбиелік мәні.
-Өзін-өзі басқару
-Өзіне-өзі қызмет ету
-Жауапкершілікті сезіну
-басқаның еңбегін бағалай білу
-ұқыптылық
-белсенділік
-адалдық
-байқампаздық
-зейінділік
-ынтымақтастық
-ұжымдық
Ынтымақтастық педагогикалық технологиясы
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикпасына өту.
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау.
Ерекшелігі:
1.Мұғалім де оқушы да субъект болады
2.Басымдық көрсетілмейді
3.Бірлік,одақта қызмет етеді
4.Мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды
5.Балаға жекелік ізгілік тұрғысынан қарау.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)
Мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып , азамат етіп тәрбиелеу.
Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,білімін кеңейту,тереңдетуге жағдай
жасау.
Ерекшелігі:
1.Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады
2.Бала психикасы дамуға ,есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру
3.Әсемдікті ,әдемілікті қабылдау
4.Рухани жетілдіру
5.Ізгілікті жеке қарым-қатынас орнату.
6.Ата-анамен ьірлесіп жұмыс істеу
7.Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
Мақсаты:математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-
өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін
тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі:
1.Өзара байланысты амал,операция т.б біріктіре және бір мезгілде қарастыру
2.есеп құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету
3.тура есептерді кері есептерге айналдыру
4.жүйелі де тиянақты білім беру.
Әдістемесі:
1.Бір мезгілде тура және кері амалдар мен моперацияларды меңгерту.
2.өзара қарама –қайшы ұғымдарды салыстыру
3.тұтас және қарама-қарсы ұғымдарды сәйкестендіру
4.амалдардың орындалу тәртібін реттеу.
С.Н.Лысенькованың технологиясы
Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық –жеделдете
оқыту.Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Әдістемелік ерекшелігі:
-үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмысын
орындау үщін тиімділігіне қарай беріледі.
-Ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау
-ат-аналардың өзара әрекет жасауы
-оқу жылдарының аралық байланысы
-мқғалімге оқушыны үйретуге , ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі.
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль дегеніміз-үлкен бір жүйе,мұнда оқушы білімді жеке-жеке
тараулар бойынша емес,бір тұтас тақырып түрінде жүйеленген білім
алады.Өзін-өзі дамытуға , бірін-бірі оқытуға ,кітаппен жұмыс істеуге
үйренеді.Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөлімнен тұрады:
1.Кіріспе
2.Диалогиялық сұхбат
3.Қорытынды бөлім
Оқу модулін кестеде былай көрсетуге болады:
Кіріспе бөлім(модульге ену,тақырыпқа ену)
Диалогиялық сұхбат бөлімі-көбіне сұхбаттасу,диалог арқылы оқушының танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру.
Қорытынды бөлімде-бақылау.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Ол үш құрылымдық
деңгейден тұрады.
1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны тани білу
3.Ой толғаныс сатысы,сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау технологиясының
көптеген стратегиялары бар:
1.Көрнекілік стратегиясы
Баланы ойландырып сөйлету. Көрнекілікті уақытында пайдаланып, дер
кезінде көрсету керек.
2.Венн диаграммасы
Мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға көмектеседі.
3.Инсерт стратегиясы
Бұл стратегиясы бойынша оқушыларға оқу тақырыппен танысу барысында:
М-білемін
+-білмеймін
--білмеймін
?-мені таң қалдырады
белгілерін қояды.Бұл оқушының оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге ,
ойын білдіруге ұмтылатын тәсіл.
4.Жолаушының қойын дәптері стратегиясы
Мұнда оқушылар көптеген құбылыстарды көріп талдауға үйренеді.
Жазуға жетелейтін сұрақтар:
-не елестеттіңіз?
-нені байқадыңыз?
-неге назар аудардыңыз?
5.Автордың орындығы сстратегиясы
Оқушыны орындыққа отырып,жазған шығармасын оқиды. Топтп үш-төрт жұмысты
ортаға салуға болады.
Шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы
1.ШҚО жүйесі 4-бөлімнен тұрады:
-сілтеу
-шолу
-машықтану
-сынау
1.Сілтемеде-мұғалім кіріктірілген шоғыр тақырыпты шола отырып
түсіндірсе,оқушы ноы таңдай отырып тірек окнспект жасайды.
2.Шолуда-шәкірт мұғалімнің ұсынысымен өз бетінше дайындыққа көшеді.
3.Машықтануда-әрбір оқушы өз сыныбында сай мұғалім берген әр деңгейлі
тапсырманы ретімен орындап шығады.
4.Сынауда-шәкірттер түгелдей дерлік жауап беріп,үй тапсырмасының орнына
жүретін карточкаларын,сұрауларын,жаттығулар ын,есептерін айтып түсіндіріп,
ұпай санымен белгіленетін рейтингтік бағалар алады.Үздік үлгеретін
шәкірттер үйге апталық шығармашылық тапсырмалар алып,оны орындап,сабақ
кезінде қорғап шығады.
В.Т.Кабуш технологиясы.Тәрбиеленуді ізгілендіру жүйесі.
(Т.М.Мәжікеевтің құрастыруы бойынша)
Мақсатты бағыты:
1.Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру қабілетін , қызығушылығын дамыту
және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру.
2.Адам +қоғам мүшесі+тұлға+азамат тізбегін жүзеге асыру.
3.Азаматтық тәрбие , әлем мәдениетін ,құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Мазмұнының ерекшелігігі:
1.Жанұялық тәрбие беру
2.Жалпы адамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру
4.өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату
5.азаматтық және ұлттық , әлеуметтік мәдениетке жетелеу
6.өмірге қабілеттендіру қабілеттендіру.
Әдістемелік ерекшелігі:
1.Тәрбие негізгі роль атқарады.
2.Болжаған жетістікке жету жолында үздіксіз , тізбекті жұмыс жүргізеді.
3.Кез-келген балаға сенімбілікпен қарау.
4.Күштеусіз,зорлықсыз тәрбиелеу.
5.Еркіндік
6.Шығармашылыққа тәрбиелеу.
Қашықтан оқыту
Бұл күнде қашықтан оқыту білім беруді дамытудың нақты элементі болып
табылады.Өйткені қашықтан оқыту жүйесінің икемділігі сол , оқушылар
негізінен дәріс,семинар түріндегі сабақтарға бармай,өздеріне ыңғайлы
мезгілде ,қолайлы жерде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Қазіл бұл жобаға Батыс Қазақстан облысының 66 , Шығыс Қазақстан
облысының 35 және Павлодар облысының 208 мектептері қосылды.
2002 жылы Батыс Қазақстан облысында бірінші болып қашықтан білім беру
орталығы ашылды.
Қашықтан оқыту жобасын іске асыру үщін мектептерге 5-10 компьютер
жасақталып,электронды оқу залдары мен теледидар іске қосылды және
мультимедиялық жоба және экранды электронды дәріс залдары жабдықталды.
Қашықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды
оқулықтар мен Қашықтан оқытудың жер серіктестігіарнасы болвп табылады.Ал
қарама-қарсы байланыс интернет арқылы білім берудің вертуальды технологиясы
институнда өңделген Прометейбағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.
Мәселелік оқыту технологиясы
Мақсаты-оқушыны өз бетімен ізденуге үйретуге,олардың танымдық және
шығармашылық икемділіктерін дамыту.Мәселелік оқыту технологиясының
ерекшеліктері мынадай:
-оқушының белсенділігін арттыру
-оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.
-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды,білім ге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр
мұғалім өзіне лайықтысын таңдап алады.Жаңа техонлогияны жүзеге асыруда
мұғалім белсенділігі , шығармашылық ізденісі ерекше роль атқарады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді қызметін
дамытуға бағытталған.
Деңгейлеп оқыту технологиясы –оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы
емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты мақсаты-сынып оқушыларын
қабілетті,қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау,әрбір оқушы өзінің
даму деңгейінде оқу материалдарын меңгеруін қамтамасыз етеді.
1-деңгейді тапсырма мемлекеттік стандарт деңгейі , мұны орындауға
барлық оқушылар міндетті,2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді,және бұл
деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы.Ал 4-деңгейлі тапсырманы
оқушының шығармашылық пен жұмыс істей алатындай , өзіндік пікірін жеткізе
алатындай қабілетті оқушылар орындайдй. Әрине барлық оқушылар 4-деңгейлі
тапсырманы түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейлі тапсырманы түгелге
жуық орындайды,озар оқитын оқушылар алға кетеді.Бағалау балдық жүйемен
жүзеге асырылады.1-деңгейді орындаған балаға 5-балл, 2-деңгейлі тапсырмаға
10-балл, 3-деңгейлі тапсырманы орындаған балаға-15-балл, 4-деңгейге 20-
балл.
Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде өзін ақтаған
жаңа білім түрлерін дамытуда көптеген педагогикалық инновациялық әдістердің
ішінде деңгейлеп оқыту технологиясы АҚШ-та бастауыш сыныптардан , ал
Жапония мен Франция елдерінде ортаңғы,жоғарғы сыныптарда жүзеге асыруда.
Бұл технология біріншіден , дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді,өйткені ол оқушының ойлауын елестету мен есте сақтау
ынтасын,белсенділігін дамытып,білім сапасының артуына көмектеседі.Әр
оқушының кемінде мемлекеттік – стандарт деңгейін алуына кепілдік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап
мектептің барлық пәндеріне еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып
келеді.
Сынып ішілік деңгейлеп саралау (Н.П.Гузик бойынша) . Автор өз
жүйесінің айрықша екі тұсын : деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту және
дамытушы сабақтар циклі бар қиыстырылған оқыту жүйесі - деп атаған.
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес
типтен құралады.
Бірінші тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп
атайды)
Екіншіден – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік
жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.(Әр тақырып
бойынша мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5-ке дейін өткізіледі).
Үшінші- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары(тақырыптық
сынақтар деп те аталады).
Төртінші- материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары(олар тақырыпты,
тапсырманы қорғау сабақтары деп аталады).
Жақсы мұғалім тәрбиелеу жөнінде өз пайымдауларын айтқан бірнеше педагог-
ғалымдардың пікірін қарастыратын болсақ Ресей педагогтарынан Н. К. Крупская
- мұғалім жақсы педагог болуы үшін алдымен өз бойына ең алдымен өз пәнін
жақсы білуі керек деп есептейді. Сонымен қатар ғылымның негізін, оның
қазіргі кездегі жағдайын, ғылымның даму қарқынын, оның өмір мен
тәжірибемен, басқа ғылымдармен байланысын терең түсіну қажеттігін атап
көрсетті. Нақты айтқанда ол ғылымның диалектикалық негізін меңгеру керек,-
бұл бірінші шарты, алайда бұл мұғалім үшін әрине жеткіліксіз. Екінші шарт-
мұғалім білім беру барысында сол білімдерді тек көрсетіп қана қоймай,
қазіргі заманғы техниканы пайдалана отырып, сол білімдердің ең негізін,
маңызын түсіндіру керек. Айтқан әр тұжырымдамасын дәлелмен көрсетіп отыруы
басты шарт. Сонымен қатар оқушыларға білімдерді меңгерулеріне барынша
көмектесіп, сол меңгерген білімдерін өмірде тиімді қолдана білуі арқылы
дами түсуге жол ашуы қажет. Үшіншіден, мұғалім балалардың жас ерекшеліктері
мен даму заңдылықтарын, ойлау қабілеттерін, олардың әр жастағы даму
ерекшеліктерін, олардың өмірлік тәжірибесін, мінез-құлқын білуі шарт. Осы
негізге сүйене отырып білім беруді оңтайластыру керек екендігін айтады.
Әрине, бұл шарттарды орындау аса қажет.
И.Ф. Харламов мұғалімнің кәсіби өсуінің сатыларын төмендегідей
көрсетеді: педагогикалық біліктілік; педагогикалық шеберлік; педагогикалық
шығармашылық; педагогикалық жаңашылдық . Н.А.Петров болса мұғалімнің
оқушыларға деген қарым-қатынасы өте жұмсақ, жылы болуы керектігін атайды.
Сонымен қатар балалардың іс-әрекеттеріне асығыс шешім қабылдамай, оны жан-
жақты талқыға салып, саралап, таразыға салып, әрекет жасау қажеттігін баса
айтады. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz