Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені



1 Тақырып. Мәдениет ұғымы және оның мәні.
2 Тақырып. Мәдениет . адамзат әлемінің айнасы.
3 Тақырып. Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым., құқық, саясат
4. Тақырып. Мәдениет және өркениет.
5. Тақырып. Мәдениеттер типологиясы
6 Тақырып. Номадалардың ежелгі мәдениеті.
2 Бөлім. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер
7.Тақырып. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.
8 Тақырып. Антика дүниесінің мәдениті..
9 Тақырып. Ислам әлемінің мәдениеті.
10 Тақырып. Орта ғасырлық қазақ мәдениеті.
11 Тақырып. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері.
12 Тақырып. Орыс мәдениеті. мәдениеттің православилік типі.
13 Тақырып. ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті.
14 Тақырып. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары.
15 Тақырып. Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.
Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС КЕШЕНІ

1 Бөлім. Мәдениет теориясы
Глоссарийлер (анықтама, сөздік);
Аксиология - құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның
іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің
философиялық теориясы. Аксиология (грек, axia - құнды, logos - ілім) –
құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және
құндылық әлеміінің құрылымы туралы философиялық ілім.
Ақпараттық қоғам – (лат. informatio – түсіндіру, хабарлау) – 1945 жылы
жапон ғалымы Е. Маслоуда енгізген термин.
Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын
білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және
мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.
Архетип (грек. Arche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа.
Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәденпи архетиптер – бұл ілкі мәдени
түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-
рәміздер, тарихтың терең қойлауларынан үзілмей өсіп шығып, қазіргі
мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын
жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-
құндылық бағдар.
Барокко (итал. Barocco - бір түрлі ғажайып) – ақсүйектік мәдениеттің
дамуына байланысты ХУ-ХУІІ ғасырда Еуропа өнерінде қалыптасқан негізгі
стильдік бағыт.
Варварлық (грек barbaros – тағылық) – 1) ХІХ ғ. қоғамтануындағы (Л.
Морган, Ф. Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы орта
дәуір (тағылық, варварлық өркениет); 2) астарлы мағынасында- әсіре
қатігездік, мәдениетсіздік.
Ведалар (санскр. veda – білім) үнді әдебиетінің ең көне (ІІ соңы 1
мыңжылдықтар басы) діни және философиялық мұралары.
Верификационизм (лат. verus – ақиқат, facio- жасаймын) – ғылыми ақиқат,
оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік
концепция. Верификационизм логикалық позитивизм мен аналитикалық
фигоафияның бір тармағы болып табылатын ғылым тіліне қатысты логикалық
эмпиризмде кең қолданыс тапты.
Генезис (грек. Genesis – пайда болу, қалыптасу) – генетикалық-диахрондық
әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы
кезеңі, шығу тарихы қалыптасу сатылары. Генезис мәдениеттану ілімінде
кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің
қалыптасуына үлкен мән беріледі. О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби
оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау
нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды.
Герменевтика - алғашқы мағыналары көне немесе көпмағыналы болып келетін
мәтіндерді ұғындырудың әдістері туралы өнер мен ілім.
Готика, готикалық стиль – ХІІ-ХУІІ ғ. батыс-еуропа өнерінде қалыптасқан
көркем, ерекше сәулетті стиль. Тасты ою және сәулетті үлгілердің тік
сызықты қалыптарға сай келуімен сипатталады.
Грек мифологиясы – табиғат, қоғам және адам туралы ой-қиялыды көркемдеп
бейнелейтін қоғамдық таным түрі. Құдайлар және Эллада кейіпкерлері туралы
ертегі - әңгімелер жиынтығы (Эллада – грек тіліндегі Греция атауы).
Дао – қытай философиясы негізгі ұғымдарының бірі. Конфуций ұғымынша, адам
жолы, яғни өнегелі тәрбие және моральға негізделген әлеуметтік тәртіп.
Декаденттік – шығармашылықтарында ой шабытынан түңілу, өмірлік мәнді
мәселелерге тірелу, өзінділілік және талғамдылық басым болатын көркемөнер
мектептері мен қайраткерлерін бағалауға арналған идеологиялық қалып.
Зороастризм – орта азия, иран,таяу және орта шығыс халықтарының діні.
Заратуштра деген әулиенің атымен аталған. Екі қарама-қарсы бастама –
мейірімділік пен өшпенділік-күресі, отты қадір тұту арқылы ұғымға тән Дін
ілімі авестеде баяндалған.
Зиялылық, интеллигенттік – зерде дамуының жоғарғы деңгейі, білімділік,
сонымен бірге адамның сыртқы кейпіне сай әлпеті бар жоғары ішкі мәдениет.
Интерпретация – талдау, түсіндіру, түсінікті тілге айдару; Мәтіннің
көркемдік мазмұнын стилін (тілін), құрылымдық қағидаларын талдауға
жетелейтін әдебиеттерді оқып-үйрену әдісі.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің түрі. Ойды бейнелеудің негізгі әдістері –
сызық, үзік сызық, көлеңкелі белгілер. Маңызды әрі қосымша қызмет атқаратын
- түс.
Космогония – ғарыш тұтас, реттелген және дүние заңдылықтарына қатысты
қарағанда ұйымдасқан нәрсе ретінде түсіндіріліп және және қабылдап отырған
әлемді мифтік – діни тұрғыдан тану.
Құрылымдылық – көркем шығармашылықты индустриялы тұрмыстың тәжірибелігі
мен пішіні жағынан жақындастыратын ХХ ғасырдағы өнер бағыты.
Құран – исламның қасиетті кітабы, мұсылмандардағы құқығын (шариғат)
жазуға негіз болған діни, мифологиялық және хұқықтық мәтіндер жинағы.
Либеретто – музыкалық-драмалық шығарманың (опералар, оперетталар) сөзбен
берілген мәтіні, балеттік спектальдердің сценарийі; опералардың,
балеттердің, оперетталардың қысқаша мазмұны.
Материалдық мәдениет – заттық үлгіге жинақталған адамның рухы; затттардың
арқысында жүзеге асырылған адам жаны; материзацияланған және заттанған адам
жаны. Ол материалдық байлықтардың барлық түрін қамтиды. Өткен заманның
археологиялық ескерткіші, топос мәдениеті, яғни тұрмыстық орындар, сәулет
ғимараттары мен құрылыстары.
Мифология – мифтердің жеке ерекшеліктері; миф мен аңыздарды ертегіні
зерттейтін ғылыми пән.
Модернизм – стиль шарттылығына тәжірибе жасауға арқа сүйеген, өткен
өмірдің дәстүрлі пішіні мен эстетикасын жоққа шығарған ХХ ғ. өнер мен
әдебиеттегі бағыттың жалпы атауы.
Мәдениет құрылымы – жекеленген артефактілердің түрі мен құрылысы
қарастырылатын мәдениет туралы ғылым тарауы.
Нирвана - өмір тіршілігінен және талпыныстардың барлығынан безушілік,
адам талпынысының соңғы мақсаты болып табылып құдіретпен бірігетін
буддизмдегі жоғары рахаттану қалпы. Нирванаға шому – толық тыныштық қалыпқа
берілу.
Ноосфера (ақыл – ой өрісі) – адамзаттың рухани шығармашылығы шешуші мән-
мағынаға ие болатын биосфера дамуындағы ерекше кезең.
Оперетта – вокалды және аспапты музыка, би мен сөйлесу сәйкестеліп келіп,
күлкілі мінезде берілетін музыкалы – сахналық шығарма.
Патетика – асқақтау категориясы шеңберінде жазылатын өнердің түрін
сипаттау.
Постимпрессионизм – ХІХ-ХХ ғ. импрессионизмге қарсы пайда болған
шетелдегі көркемсурет құбылыстарының шартты белгілері; постимрессинонистер
түс тазалығы мен сәйкестігін сақтай отырып, аса шартты, бірақ сонымен
бірге, жалпыланған, тұтас әлем бейнесін жасауға тырысты.
Реализм - өзіне міндет ретінде шындықтың толық, жалғансыз бейнесін беруді
алдына қойған әдебиеттегі және өнердегі бағыт. Реализм - өмір шындығы деп
түсіндіру ежелгі мәдениет дәстүрлері бір және бірнеше тарихи дәуірлерден
өтеді. Реализм термині және оны толық түсіну 19 ғ. пайда болған.
Ресессанс – қайта өрлеу
Реформация – діни оқытушылықтағы шындықты түсіндіру үшін құрылған, римдік
– католиктік шіркеукдің монополисіне қарсы бағытталған солтүстік және
орталық еуропадағы 16 ғ. діни қоғамдық қозғалыс.
Риторика – антикалық және одан кейінгі кезеңдердегі шешендік өнер мен
оның теориясы. Ауыспалы мағына: Елірген, әдемі бірақ мағынасы таяз тіл.
Рококо – сәулет өнері мен сәндік өнеірдегі батыс еуропалық көркем стиль.
Ғажап ассиметриялық өрнектер мен эстетикалық ләззаттарының құралы.
Дворяндық ақсүйектердің мерекелік өмірлерінің сәндік бұйымы болып табылады.
Сансара – үнді дінінің және діндік философияның негізгі ұғымдарының бірі,
жаңа дәуірде рухтың түрленуі. Карма, қарғыс заңы бойынша жүзеге асады
Символизм – ХІХ ғ. аяғындағы француз поэзиясы смен әдеби сынындағы
антинатуралистік бағыт, символистер бейнелі – символдық шындықты ашық айту
арқылы астарлап жеткізу поэзияға тән деп есептеледі: Ресейде поэзия өз
мәніндегі паймағамлардың естілмеген өзгерістерді қарсы алумен өздігінен
хабарланған.
Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке
шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем
шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.
Сюрреализм – сфераны санасыз бейнелеу өнердің басты мақсаты ретінде
көрсететін 20 ғ. көркем мәдениеттегі авангардтық бағыт.
Табу (полинез) – қанда да болмасын затқа, қимыл-әрекетке, сөзге
бағындырылатын бағалылардың кез-келген қасиеттелген тыйымдардың жүйесі. Д.
Фрезер, Э.Б. Тайлер, К. Леви-Стросс, З. Фрейд суреттеген.
Талант, дарын – керемет тума қасиеттер, ерекше табиғи қабілеттер,
дарындылық; дарынды адам.
Тәңірлік күнтізбе – орталық азиядағы көшпелі халықтардың күнтізбесі.
Тәңірлік күнтізбе бойынша аспан жарықтарының, жұлдыздардың және жануарлар
кейпіндегі құдайлардың көмегімен әлемді бәрінен жоғары тұратын тәңір
басқарады. Тәңірлік күнтізбе құрылымдық негіздемесі – қазақтардағы мүшел
деп аталса, ал өзбек, түркімен, ноғай, әзербайджан, түріктерде мучаль,
муджьаль болып аталады. Орталық және оңтүстік – шығыс азияның кең аймағының
бәрінде бар.
Тәңірлік – далалықтардың ежелгі діні, тәңірге сену, түркілік жоғары
мәдениеттің биік дәрежесі. Ол әлемдегі ең жоғары әділеттілік бар дегенге
негізделген. Бұл дін ғарыштық өмірдің айналым заңын білген. Сондықтан өлім
деген түсінікті қазақтар білмеген, оларда қайтыс болу деген түсінік қана
болған. Бұл физикалық әлемде өлу, ал паралельдік әлемде тірілу деген мағына
береді (Е. Шаймерденұлы)
Тотем – халықтың ежелгі ата-бабасы, рудың басы деп есептеген аң, құс,
өсімдік, зат немесе табиғат құбылысы. Діни сенімнің белгісі және табу
ретіндегікөрінген (мәселен, тотемдік аңға аңшылық жасауға болмайды) Тотем
табынушылық сиқырлы әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен анықталады.
Тұсау кесу – баланың алғашқы қадам басуына орай жасалатын әлет-ғұрып.
Баланың қалыптасушы, дамитын, шексіз жасайтын адам ретіндегі түсінігінің
әлемтанымдық мәні байқалады (Қ. Нұрланова).
Түркі мәдениеті – еуразиядағы туысқан тілдес халықтарының қолжеткізген
табысы. Ертеден-ақ түркі мәдениеті ерекшелігін жылқы малы – ат білдірген.
Түркі мен ат біртұтас бірлік ретінде танылған. Түркі салт атты жүріп,
қытай, үнді, иран, византия тарихына осылай – ат үстінде енген. Түркі
мәдениеті керемет жасаған жетістігі – дөңгелекті көлік. Түркі мәдениеті
рухани жоғары жетістігі – дін тәңірге сенім.
Фетишизм – жансыз заттарға табыну, бойтұмардардың шамадан тыс күшіне
сену; заттар мен құбылыстарды құдай деп түсіну.
Фольклор – қазіргі тілдерде бұл термин индустриалды дамыған қоғамда
мәдениет құбылыстарының дәстүрлі шығу тарихын зерттейтін академиялық пәннің
атауын білдіреді.
Формация – белгілі бір даму сатысына, кезеңіне сәйкес бір нәрсенің түрі,
құрылысы; қоғамдық-экономикалық формация тек қана өзіне тән өндіріс
әдісімен және осы әдіспен байланысты идеология, мәдениетпен сипатталатын
адамзат қоғамы дамуындағы тарихи айқындалған саты.
Хаос – ғарыштың кескінсіз қарама-қарсыжағы, сондай-ақ жаңа бастама
түріндегі шексіз, бос әлемдік кеңістік.
Христиандық – біздің дәуіріміздегі 1 ғ. пайда болып еуропа мәдениетінің
рухани негізі болған әлемдік діннің бірі. Негізін салушы хрситың атымен
аталған. Христиандық құдайы – тағдыр әміршісі, әлемді жоқтан жасайтын
құдіретті тұлға.
Хронотоп – (сөзбе-сөз (уақыт-кеңістік) – нақты бір (мәдени, көркем) мәнді
көрсетуге бағытталған кеңістік және уақыт өлшемдерінің бірлігі.
Цивилизация (өркениет) - (лат. азаматты, мемлекеттік) алғашқы
қауымдыққұрылыстың соңынан еретін саты; нақты бір қоғамның, халықтың елдің
тарихи, географиялық, социо- мәдениеттік ерекшеліктерінің жеке
өзгешеліктері; өзіндік жайлылығы бар қазіргі заманның қоғамы; адамның
өзіне, өзінің дамуына деген тәжірибедегі және рухани қарым-қатынасы негізге
алынған адамзат тарихындағы негізі типтік бірлік.
Шедевр – орта ғасырдағы шеберлік атағын алу үшін қолөнершінің ұсынатын
үлгілік бұйымы; өнердің, шеберліктің ең жоғары жетістігі болып табылатын
шығарма.
Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі
түрі.
Экзистенциализм - ХХ ғ. басындағы батыс философиясындағы бағыт; идеялық
шығу кездері кьеркегор философиясы, өмір философиясы, феноменология.
Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және діни емес (Хайдеггер, Сартр,
Камю) деп бөледі. Негізгі ұғымы – адами тіршілік.
Экспрессионизм-ХХ ғ. басындағы батыс еуропа өнеріндегі бағыт.
Буржуазиялық қоғамға жекелеп қарсы тұруы оның дүниетанымдық негізі болып
табылады.
Экспрессия - мәнерлілік (сезімнің, толқып ойланудың) байқалу күші.
Этнография - әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, жеке-жеке орналасуын
және мәдени - тарихи қарым-қатынасын зерттейтін тарих ғылымдарының бір
бөлігі. Сонымен қатар олардың материалдық және рухани мәдениетін, тұрмыс
тіршілік ерекшеліктерін зерттейді.
Этнология–бұл да этнография дегенді білдіреді. Этнология этномузыкатану,
этнопедагогика, этнопсихология, этноәлеуметтану, этномәдениеттану
кезеңдеріне бөлінеді.

1 Тақырып. Мәдениет ұғымы және оның мәні.

Дәріс мақсаты: Мәдениет ұғымы және оның мәні. “Мәдениет “ұғымының
қалыптасуы тарихымен және мәдениеттің құрылымы, мәдениет морфологиясын
қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. “Мәдениет “ұғымының қалыптасуының тарихы

2. Мәдениеттің құрылымы
3. Мәдениет морфологиясы .
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер).
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам
жасаған әлем сияқты екінші табиғат. Мәдениет адамдардың өмір сүрген
ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше
құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің,
ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады.
Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы
қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.
Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке
пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да
оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім,
өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі
кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке
қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған
орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы технологиялық мәдениет,
еңбек мәдениеті ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт
болып табылады.
Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен
бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала
заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс
Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар
және тағы басқалар.
2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында
тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер
етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар
нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал
жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер,
тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен,
ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің
даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың
сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-
түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері
мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде
меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу
процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау
қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі
қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде
болады.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер,
элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік
салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке
көрінісі болады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру
процесімен байланысты;
2) Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік
өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның
құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады.
Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты
атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады.
Халықта күш - білімде деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде
көрініс тауып, анықталады.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Мәдениет дегеніміз не?
Дүниеге көзқарасты қалай түсінеміз?
Мәдениеттану қандай ғылымдармен байланысады?
Мәдениеттанулық білімнің ерекшелігі неде?
Ойшылдардың мәдениеттану саласындағы үлесі қандай?
Мәдениеттің қандай түрлерін білесіз?
Мәдениеттің постмодерндік түсінігі қандай?
Субьмәдениет ұғымы және оның түрлері қандай?
Мифологиялық көзқарастың мәні неде?
Мәдениеттің негізгі мәселесіне не жатады?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.

2 Тақырып. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.
Дәріс мақсаты: Мәдениет тілі. Адам мәдениеттің субъектісі ретінде
екенін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениет тілі.
2. Адам мәдениеттің субъектісі ретінде.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Тіл-адамзаттың білімі мен
тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Танымды білдіретін әрбір
таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ
обьектілердің қарама-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі
болып саналады. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде
біліп үйренеді, содан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға,
өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып
отыру үшін пайдаланылады.
Мәдениеттің екінші элементі - ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық -
деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субьектінің (адамдардың немесе әлеуметтік
алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін,
талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандыратын құбылыс, процестердің
қасиеттерін айтамаыз.
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы
өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам
өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәсселен, 1823 ж. гректердің Милос
аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита) аталған, бойы 207
см келетін әйел мүсіні - әйел сұлулығының үлгісі аталды. Теңіз ішіндегі
құмнан шығармақ болғанда мүміннің қолысынып қалса да, ондағы әйелдің тұрған
тұрысы, бейнесі, мойыны, омырауы, белі, мықыны қай заманда блсын ғажап сұлу
көркемдікті паш ететін құбылыс.
Ол б.з.б 33-2-ғ. жасалған көрінеді. Ал енді мүсін тек адамдарға ғана
рухани ләззат береді. Адамнан басқа тірі жанға оның ешқандай әсері жоқ
болмайды да. Олай болса, сол мүсіннің тек геометриялық түрі емес, оның
рухани мәні болғанын байқатады.
Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы,
болашағының сатысы, сондықтан бұрыңғы мәдениет туындыларын қазіргі сана
дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау ойлауды
қажет етеді. Мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені
мәдениет – сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы
да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет
дамуына тиек етті. Солардың бірі табиғи ортамен байланыстыра қарау.
Мәдениеттің ерекшелгі сол, ол тек обьективті шындық түрі ғана емес, шығу
тегі жағынан алғанда, оның обьективті мазмұны. Мәдениеттің
материалдылығының өзі, шығу көзі адамға байданыстылығында. Адамның өмір
сүру тәсілі мен обьективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат
алады. Материалдық мәденет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің
мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам
шығармалары арқылы сондай-ақ өлең, жыр, терме, жұмбақ, жаңылтпаш,
әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен
адамдық сипат алуы керек..
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Мәдениет туралы көзқарастары қандай?
Мәдениет тілін қандай ғылымдар зерттейді?
Тілдің мәні неде?
Тілдің қызметтері қандай?
Симантика нені зерттейді?
Герменевтиканың пәні неде?
Ғылым мен өнердегі рәміз табиғатын көрсетіңіз?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 7, 8.

3 Тақырып. Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым., құқық,
саясат.
Дәріс мақсаты; Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым.,
құқық, саясат.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениеттің түрлері: өнер
2 дін, мораль, ғылым., құқық, саясат.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы,
адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке,
сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-
билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен
жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер
әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да,
өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап
көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі
қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі.
Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік
заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет -
адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Оны латын тілінде
аударғанда байлау, екінші қайта оралу дегенді білдіреді. Дін адам
жанынан туындыайтын дүние. Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден
тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Дін қоғамды
бүкіл адамзатты жақсылыққа бастаушы. Барлық діндердің ортақ ерекшелігі-
халықты тіәртіпке, мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, инабаттылыққа
шақырады. Дін мәдениетпен шектелмейді. Ол мемлекетпен, саясатпен, басқада
түрлі салалармен тығыз байланысты. Дінсіз қоғам, мемлекет болмайды.
Ғылым мен өнер - екі фундаменталды мәдениетке және екі дүниетанымға
негізделген феномен Әрбір дәуірдің өз үстем жақтары бар, солармен қатар
дүниетанымның шеткі формалары бар, дегенмен олар да адамзат қоғамының
дамуында елеулі рөл атқарады. Мысалы, орта ғасырдағы Еуропа дәстүрінде
христиан діні басым болды, ресми түрде де, халық санасында да басымырақ
көрсетті, ал ғылым бедерсіз бір түсті, элиталық түрдегі дүниетаным,
ағартушы монахтар мен жаңадан пайда бола бастаған ақсүйектік университет
төңірегінде танымал болды.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Көркем мәдениет пен өнер ұғымдарының арақатынасы?
Өнердің пайда болып қалыптасуы туралы қандай ілімдерді білесіз?
Өнердің мәдени-әлеуметтік мәні неде?
Өнер пен әдептің арақатынасы қандай?
Мәдениет тарихындағы дін мен ғылым қарым-қатынасының мәселесі неде
жатыр?
Синкретицизм, тотемизим және басқа да діни сенімдердің сипаттамасын
беріңіз?
Неліктен дін магия ғылымының алдын алушы болып есептеледі?
Мораль ұғымы дегеніміз не?
Адамгершіліктің қандай бастауларын білесіз?
Саяси жүйе денеміз не?
Саяси жүйенің мәні неде?
Мемлекет- қоғамның неліктен саяси институт болып есептеледі?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7, 8.

4. Тақырып. Мәдениет және өркениет.
Дәріс мақсаты; Мәдениет және өркениеттің өзара қатынасы. Формациялық
және өркениеттілік қағидаларымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениет және өркениеттің өзара қатынасы
2 . Формациялық және өркениеттілік қағидалары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар
кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырайық. Осы сипатта біздің
зердемізге бірінші түсетін ұғым өркениет. Өркениет (цивилизация)
семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің сөзі) азаматтық дегенді
білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды варварлықтар деп өздері атаған басқа
халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
Өркениет олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық
мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму
дәрежесін білдіреді.
Мәдениет пен өркениеттілік осы екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ бір
емес. Мәдениетт - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп
алып өңделген заты, құбылыс. Мәдениет пен өркениет бір біріне байланысты
ұғымдар.
Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде
алғанда- алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау
мағынасында – бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, ақырында, тар
мағынада - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері,Үнді өркениеті,
Вавилион өркениеті.
Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы - мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға
көтерілуі, ол қоғамдық-экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын
процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәулді болады.
Сондықтан ғылым қоғам мен мәдениетті бір-біріне қарсы қоймай, олардың
тарихи ажырамас тығыз бірлігін ашып көрсетеді. Бұл бірлік адам дамуы қоғам
дамуымен жеңгейлес болғанда толық мүмкіндік табады. Адам дамуы- оның
қызметінің әмбебаптық сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам өмірінде
неғұрлым кең орын алған сайын, адам болмысы да жан-жақты сипат алады, ал ол
мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады. Жалпы адамзаттық мәдениет ұлттық
мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес.
Ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттық интернационалдық мәдениеттің де болуы
мүмкін емес.
Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нәтижесі.
Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет
арақатынасы ерекше рөл атқарады.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Мәдениет түсінігінің мәнін қалай ұқтыңыз?
Мәдениеттің негізгі бөліктеріне нені жатқызасыз?
Қандай субмәдениеттерді түсіндіре аласыз?
Мәдени этноцентризм мен мәдени релятивизмнің арақатысын көрсетіңіз?
Мәдениет пен өркениет ұғымдарының қандай айырмашылығын көрсете аласыз?
Мәдениеттің дамуына табиғи жағдайлар тіл, жазу, тәрбие қалай әсер
етеді?
Әдебиеттер: 2, 5-7.

5. Тақырып. Мәдениеттер типологиясы
Дәріс мақсаты; Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи
өлшемдері. Мәдениет процесс ретінде. Мәдениет синергетикалық жұйе ретінде
қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері.
2. Мәдениет процесс ретінде.
3. Мәдениет синергетикалық жұйе ретінде
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Тарихи мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша
қисынмен зерттейді. Тарихи мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ,
онда тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.
Типология - (грек тілінен типос пішін, үлгі. Із және логос ілім, сөз
деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерологттеу объектілерін
жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен
тәсілдерін айтады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де өз
әсерін тигізді.

Жер бетіндегі адазаттың тұтас әлемі

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Тип және Типология дегеніміз не?
Типтің түрлерін атаңыз?
Мәдениеттер типологиясы қалай жүзеге асады?
Мәдениет типологиясының мақсаты неде?
Мәдениеттің қандай модельдері антропология мен мәдениеттануда
қарастырылады?
О. Шпенглер іліміндегі мәдениет типологиясының мәні неде?
Н.Я. Данильевскийдің мәдениет типологиясының мәні неде?
К. Ясперстің мәдениет типологиясының ерекшелігі неде?
Әдебиеттер 1, 2, 5, 6, 7.

6 Тақырып. Номадалардың ежелгі мәдениеті.
Дәріс мақсаты: Номадалардың ежелгі мәдениеті. Алғашқы қауым мәдениеті.
Миф. Өнердің пайда болуы. Діни сенімдер. Номадизм – мәдени тип ретінде.
таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Алғашқы қауым мәдениеті.
2. Миф. Өнердің пайда болуы. Діни сенімдер.
3. Номадизм – мәдени тип ретінде.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Алғашқы қоғамдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл
сұрақтың жауабы өте тереңде жақандығы соншалықты, себебі адамның қалыптасу
процесінің тарихы сонау заманда жатқандығы бәрімізге белгілі. Адамдардың ең
алғашқы еңбек құралдарының пайда болғандығы 2,5 млн. Жылға жуық уақыт
өткендігін айтсақ та болады.
Дүние жүзі жүргізіп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы
адамдардың қоныстары ашылып олардың тастан жасалған құрал - саймандары
көптеп табылуда.
Ғалымдардың айтуынша алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді: олар
тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі.
Белгілі зерттеуші А. Қасымжанов қазақтың өзін және дүниені тануының
кейбір уақыттық кезееңдерінің сипаттамасын әмбебеап тәртіптің үлгілерімен
салыстыра отырып, төмендегідей типологияны ұсынады:
1. Мифология - бұл барлық халықта өткен адамзат сана - сезімінің алғашқы
тарихи нысаны.
2. Ренессанс. Сөзбе-сөз бұл қайта туу, қалпына келтіру, мәдениеттің
қайсыбір классикалық жағдайына қайта оралуы деген сөз.
3. Ағартушылық - қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды
бөлігі болып табылады Бейнелеу өнерінің тамаша туындысының бірі 1940 жылы
Францияның оңтүстік батысындағы Монтиньяк қалашығындағы Ласко үңгірінен
табылған Алғашқы қауым бейнелеу өнерінің сикст капелласы. Бұның әсемдігі
соншалық, адамдардың олардың түпнұскасы екендігіне күмән келтіріп, жұртты
мазақ ету үшін осы заманғы суретшілердің салған туындылары деген сөздерді
таратты, алайда бұл жалған пікірді ғылыми сараптама мүлде жоққа шығарды.
Кейінгі палеолит дәуірінің үңгір суретшілерінің аң бейнелерін нанымды
етіп салғаны соншалық, олар көрген адамға атылуға дайын тұрған тірі
аңдардай әсер қалдырған.
Өнердің таңғажайып туындылары Украинаның Мезинск қаласында табылған. ХІХ
ғасырда табылған бұл археологиялық мол олжаның арасында тас және сүйектен
жасалған еңбек құралдарымен қатар, киім тігетін көзі бар инелер, сүйектен
жасалған сымбат геометриялық әшекейлер, ал мамонттың азу тісінен жасалған
түрлі статуэткалар мен мүсіндер, білезіктер және әдемі геометриялық
әшекейлермен, оюлармен безендірілген. Геометриялық әшекейлер - Мезинск
өнерінің басты элементі болып табылады.
Магияның негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты.
Тотемизм - адамдардың өздерінің ата тегін жануарлармен, жануарлар
дүниесімен тығыз байланысты. Австралия - тотемизм мен сиқырлаудың
классикалық елі.
Қазақтар ислам дініне сенеді. Бірақта көшпелі қазақтар арасында ислам
діні жансарлау болды. Отырықшы қалалар мен енгіншілік аудандардағыдай терең
тамыр тартып кете алмады. Көшпелі аудандарда халалалардағыдай мешіт,
медреселер болмады. Бірен-саран бола қалған күнде ьек қыстау маңынд ғана
болды. Қазақтар ислам дініне еннен кейіндеөздерінің исламнана бұрыңғы
көптеген салт-саналарын сақтап келді. Бұл салт-сана әдет-ғұрыптар ырымдар
ретінде ислам дінімен сіңісіп, айыра танығыссыз болып кетті.
Номинализм - (лат. Nomen - есім, атау) – ұғымды тек жекеленген
заттардың атауы ғана деп есептейтін орта ғасырлық философиялық бағыт.
Номадтық термині адам топтарының кеңістіктегі орналасуын білдіреді.
Номадтық терминінен және осы атаудың түп төркінінен қарым-қатынастың
кешендігін бірақ экологиялық, экономикалық және әлеуметтік күштердің бүтін
бірлік құрайтынын көруге болады
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Миф туралы түсінік
Мифтің құрылымы қандай?
Өнер дегеніміз не?
Діни наным-сенімдер дегеніміз не?
Номадтық терминді қалай түсінесіз?
Әдебиеттер: 1,5, 7.

2 Бөлім. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер
Глоссарийлер (анықтама, сөздік);
1. Антропологизм – философиялық концепция, оның өкілдері “адам” ұғымын
негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам,
ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға
болады деп тұжырымдайды.
2. Архетип(алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда
инстинктілермен қатар “ұжымдық бейсаналылықтың” қатпарларында болатын
және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен
психикалық құрылымдар болып табылады.
3. Кісілік-қазақ дүниетанымының категориясы, адамгершілігі мол, ағайын-
бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам болу дегенді
білдіреді.
4. Көзқарас-метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы,
объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған
ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан
туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының,
құндылықтық бағыттарының жүйесі.
5. Кумулятивизм-ғылым философиясының методологиялық ұстанымы, білімнің
дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді
біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.
6. Мәдениет – адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі,
материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер
мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылықтарда,
адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.
7. Мәдениет Философиясы - мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және
құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зерттейтін философиялық
пән.
8. Семантика–тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен, мағынамен және
белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясымен байланысты
проблемалар зерттеледі.
9. Сенсуализм- таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты
формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен
туындайды деп есептейді.
10. Таным – объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.
11. Тұлға – қоғамдық қатынастардағы индивид.
12. Феномен – мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым.
Шындықты мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен (“заттарды
көріп тұрмын”) заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін
түсінуге көшеді.

7.Тақырып. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.
Дәріс мақсаты; Қосөзен. Египет. Мәденипеттің үнді-буддизм типі.
Мәдениеттің Конфуцийлық- даосистік типі. Мәдениеттің ежелгі көшпелілік
типі. Ежелгі түрік өркениеттерімен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Қосөзен. Египет.
2.Мәдениеттің үнді-буддизм типі.
3. Мәдениеттің Конфуцийлық- даосистік типі.
4. Мәдениеттің ежелгі көшпелілік типі. Ежелгі түрік өркениеті.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Адамзат тарихындағы алғашқы алтын ғасыр туралы поэмасы шумер елінің
топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазып,
дүниежүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда
ғалымдар Месопотамия – архивтер отаны деп тегінен атамағынын көреміз.
Шумерліктер ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері
жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы
шумерліктер еді.
Қос өзеннің байырғы тұрғындары-шумерлердің діни наным-сенімдері де,
мифологиясы да жанжақты дамыған. Өз құдайларын діңгір-тәңір деп атаған
шумерлер әлемнің жаралуының басын Ан - Ки деп білген. Аны – аспан, Киі
– жер демек, көк иесіне Ан деген ,ал жер иесіне Ки деген атақ берген.

Мәдениеттің үнді-буддизм типі. Жер шарында қасиетті де құдіретті
мәдениеттердің бірі Үнді мемлекетінде қалыптасып үнді-будда мәседниеті.
Үнді елі әдеби ескерткіштерге де өте бай болып келеді. Ежелгі Үндістанның
аса құнды әдеби мұрасы – б.з.б. үшінші ғасырдың аяғында жазылған атақты
Махабхарата және Рамаяна поэмалары. Эпикалық Рамаяна поэмасы Раманың
ерліктеріне арналған. Бұл поэмалар – үнді халықтарының салт - дәстүрлерінің
қалыптасуына эстетикалық және адамгершілік идеаларының жоғары көтерілуіне
және бүкіл үнді мәдениетінің өркендеп дамуына ықпал етті.
Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа халықтар сияқты табиғат
күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің
жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала
отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Б.з.б. бір
мыңжылдықтың ортасында Қытай елінде кейіннен философиялық жүйеге үш басты
идеологиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі, және
Үндістанда пайда болып, кейінен Қытайға кеңінен тараған – буддизм. Бұл
ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны ерекше, осы заманға дейін
қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.
Қос өзен (Ежелгі Месопотамия) мәдениеті. ХІХ ғ. Соңғы ширегінде Тигр және
Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге шумер
өркениеті деген жаңа мәдениет белгілі болды. Қос өзеннің ең көне мәдениеті
Шумер - Аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И.
Грозныйдың шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон
мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады.
Алтайдағы Түрік қағанаты кезеңінен қалған тарихи мәдени скерткіштердің
бірі - Орхан жазбалары. Ескерткіштр - тіл жағынан түркі тайпаларының бәріне
қатысты жазба мұралар. Зерттеушілердің анықтауы бойынша ескерткіштерді
тілдік айырма әртүрлі аймақтан табылғандығына сәл де болса айырым
белгілеріне қарай 3 топқа бөлініп келеді:
1. Енисей жазу ескерткіштері
2. Талас жазу ескерткіштері
3. Орхон жазу ескерткіштері
Қазақ халқының мәдениеті – ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір
сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті
мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жаңа заманға сай дамып қалыптасқан
түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық және
рухани мәдениеттің сипатты белгілеріде орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет
қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Музейлердің қор жұмысы
Интерактивті тақтаны орнату
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Интерактивті тақтаның құралдары
Білікті маман дайарлау
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Пәндер