Ағаш өңдеу тарауын оқыту



Кіріспе ... ... ... . 2
І тарау. Ағаш өңдеу тарауын оқыту мазмұны ... ... ... ... ... .. 4
1.1 5.сыныпта ағаш өңдеу тақырыптарын
оқытудағы бағдарламаның мазмұны...
1.2 Ағаш өңдеу тақырыбын 5.сынып оқулықтарында оқыту мазмұны ... . 9
ІІ тарау. 5.сыныпта ағаш өңдеуді оқыту әдістері ... ... ... ... ... 12
1.3 Ағашты өңдеуді оқыту әдістері ... ... 14
1.4 Ағаш өңдеуді оқытуды ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.5 Сабақ үлгісі ... ... ... ... . 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... . 22

Пайдаланылған әдебиеттер
Ағаш-табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан да біз ағашты күнделікті өмірімізде жиі пайдаланамыз. Атап айтқанда, ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастамайды, жиһаз фабрикалары үстел, орындық, комод, шкаф, шифоньер жасай алмайды, күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтың көбі осы ағаштан жасалады. Басқа шикізаттарға қарағанда әртүрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жас күнінде былқылдақ, июге, тоқуға, ойып-шабуға келгенде теңдесі жоқ материал.
Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал-саймандарды қажет етпеген. Темір ара, балта, шапашот, бұрғы секілді негізгі қарапайым құралдарды пайдаланған.
1. Білім стандарты. – Алматы. – 1999.
2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы. -1987.
3. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері. – Алматы. – 2004.
4. Әліпбаева А.халық өнері – асыл қазына// Мектептегі технология. – 2003. - №4. – 6-9 беттер.
5. Жасанова А. Технологияны оқыту әдістемесі. – Алматы. – 2005.
6. Өстеміров К. Технология
7. Мұхаметжанұлы Е. Ағаш материалдары, олардың қасиетері//Мектептегі технология. – 2009. - № 3. – 26-28 беттер.
8. Сарсембаев Қ. Ұлттық өнер// Мектептгеі технология. – 2005. - №9. – 8-10 беттер
9. Шардарбекоы Д. Сабақ және оны өткізудің негіздері.- Алматы. – 2003

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 2

І тарау. Ағаш өңдеу тарауын оқыту мазмұны ... ... ... ... ... .. 4

1. 5-сыныпта ағаш өңдеу тақырыптарын
оқытудағы бағдарламаның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Ағаш өңдеу тақырыбын 5-сынып оқулықтарында
оқыту
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9

ІІ тарау. 5-сыныпта ағаш өңдеуді оқыту әдістері ... ... ... ... ... 12

3. Ағашты өңдеуді оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14

4. Ағаш өңдеуді оқытуды ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 14

5. Сабақ
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 23

Кіріспе
Ағаш-табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан,
адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан да
біз ағашты күнделікті өмірімізде жиі пайдаланамыз. Атап айтқанда, ағашсыз
құрылыс өз жұмысын бастамайды, жиһаз фабрикалары үстел, орындық,
комод, шкаф, шифоньер жасай алмайды, күнделікті тұрмыста қолданылатын
ыдыс-аяқтың көбі осы ағаштан жасалады. Басқа шикізаттарға қарағанда
әртүрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жас
күнінде былқылдақ, июге, тоқуға, ойып-шабуға келгенде теңдесі жоқ
материал. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал-саймандарды қажет
етпеген. Темір ара, балта, шапашот, бұрғы секілді негізгі қарапайым
құралдарды пайдаланған.
Қазақстанның алқапты аймақтарында, сулы, кең байтақ далаларында
жасыл орман-тоғайлар көп кездеседі. Биік зәулім бәйтеректер, сымбатты
сұлу ақ қайыңдар, былқылдаған талдар, теңдесі жоқ жуан қарағайлар
мен емен, үйеңкі бәрі далаға ерекше сән , көрік береді. Бірі қатты,
екіншісі жұмсақ болып келетін бұлар жасалатын зат-мүлікке сәйкес
таңдалып отырған. Ағаштың осы жақсы табиғи ерекше қасиеттерін
пайдалана отырып, шеберлер күнделікті тұрмыс қажетін өтеуге
қолданылатын дүние-мүліктер жасап, халықтың мәдени қорын байыта
түскен. Ағаштан түйін түйген шеберлердің қолынан ыдыс-аяқ, ағаш
төсек, жүкаяқ, киіз үйдің сүйегі, арба, шарбақ және т.б. заттар
шыққан.
Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй шаруашылығына қажетті
бұйымдар ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, мәнерлеп
оюды, көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер
салуды шебер игерді. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне
сақтар дәуірінен бастап айналысқан (б.э.д. VI-VIIғасыр).
Ағашты қолымызға таяқ қылып ұстаған күннен бастап, көптеген
қасиеттерін меңгеріп, кеңінен пайдаландық. Олардың әрбір түрінде,
қиынды-кесіндісінде өте әдемі табиғи көркем сурет бар екеніне
көзіміз жетті. Осы қасиеттерін ағаш шеберлері жұмыс барысында қашан
кескенде, бояғанда ескеріп, орнымен пайдаланып отырған. Емен, қайың,
терек секілді ағаштарды Солтүстік аудандарда толық пайдаланып, оның
ішінде қызыл қайыңды жақсы табиғи көркем суреттері үшін жиһаздар,
үй мүліктерін жасауға ерекше сақтап бағалаған. Олардың түрлерінен
ердің қастарын қашап, шапса, діңінен ыдыс-аяқ жасаған және оларды
әсем оюлап, өрнектеп безендірген. Ал орталық, шығыс аймақтарда алма,
акация, ырғай, алмұрт ағаштарын кеңінен қолөнер жұмыстарында
пайдаланған.
Кебеже, сандық, жүкаяқ, қобдишалар жасау үшін алма мен жаңғақ
ағаштарын, ал музыка аспаптарын жасауға тал, қарағай, алма, арша
ағаштарын таңдады. Терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін
көлемді құрылыс қажеттерін өтейтін бұйымдарға пайдаланды.

І тарау. Ағаш өңдеу тарауын оқыту мазмұны

1. 5-сыныпта ағаш өңдеу тақырыптарын оқытудағы бағдарламаның
мазмұны

Оқушыларға сапалы білім берудің негізі оқытудың әдістемесінде және
оны дұрыс ұйымдастыруда.
Шығармашлық еңбектің маңызды мәселелерін шешу мақсатында мына
әдістемелерді қолдану қажет:
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу;
- еңбекті мақсаткерлікке бейімдеу;
- педагогикалық ізденіс;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары және зерттеу жұмыстарының ұстанымдары.
Олар:
1. Қолөнер туындысының жасалу технологиясы, шығу тарихы, этнографиялық
мәні;
2. зертханалық жұмыстар, зертханалық әдістер;
3. Диагностика;
4. талдау:
- сыныптан тыс жұмыстар;
- шығармашылық есеп, семинар өткізу;
- ашық сабақтар;
- кабинет жабдықтау жұмыстары;
Оқушыларды еңбекке оқытудың негізгі идеясы - теория мен
тәжірибенің байланысы – ғылыми тұжырым.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы ең негізгі міндет –
баланың толық білім алуына ықпал жасау. Ілім мен тәжірибені
байланыстыра отырып, баланың санасына ғылыми тұрғыда жеткізу. Оқушыларды
еңбекке оқыту үрдісінде ғылыми тұрғыда ұштасырып, баланың ой-өрісін
жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру.
Теориялық білім берудің ұстанымдары:
- заттың жасалу технологиясы;
- технологиялық карта;
- жұмыс жасау операциялары;
- шикізат материалдары, олардың техникалық, физика-биологиялық
қасиеттерін тану;
- құрал-жабдықтар, станоктар, олармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері,
технологиясы;
Екінші тәжірибелік білім берудің ұстанымдары:
- теория жүзінде алған білімдерін іс жүзінде тәжірибеге енгізу;
- дене еңбегімен айналысу, қол еңбекпен шұғылдану және машықтану
қабілетін дамыту;
- өзіндік еңбекпен шұғылдану, іс-әрекеттену, шеберлік дағдыны
қалыптастыру;
- ой еңбегін дене еңбегіне айналдыру;
- балалардағы талант пен дарындылықты байқау, қызығуы мен еңбек
сүйгіштігін қалыптастыру және икем мен бейімділігін анықтау.
Үшінші мәселе, оқушыға ғылыми тұрғыда білім беру, өнер тануға
баулу. Мәселен, белгілі бір қолөнер туындысын тану мақсатында
семинар сабақ жүргізіледі. Онда назарға алынатын ғылыми тұжырымның
ұстанымдары:
- оқушыларға беретін тәлім-тәрбие үрдісіндегі маңызы;
- заттың құндылығы мен маңызы;
- заттың шығу тарихы;
- халықтың тұрмыстық қажеттілігінде атқаратын қызметі мен рөлі;
- өнерде алатын орны;
- жалып еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің бала өмірі үшін
маңыздылығы.
Бұл үш әдіс: теория және ғылыми тұжырым - оқытудың белсенділігін
артырады және баланың толық білім алуына септігін тигізеді.
Оқушылардың еңбекке үрдісі оның физиологиялық дамуына үлкен ықпал
жасайды. Сол себепті еңбекті дұрыс ұйымдастыру мұғалімге жүктелген
күрделі міндеттердің бірі. Сондықтан еңбекті ұйымдастыру барысында
төмендегідей еңбек тәртібіне көңіл бөлу қажет:
- бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына жағдай туғызу, ол үшін жұмыс
орнын дұрыс ұйымдастыру, құралдарды қолдану. Әдіс-тәсілдерді дұрыс
меңгеру;
- жұмыс орнында гигиеналық тазалықтың сақталуын үнемі қадағалап
отыру;
- баланың еңбектегі іс-әрекетін шамасына байланысты ұйымдастыру;
- баланы еңбекке ынталандыру арқылы рухани күшінің үйлесімді дамуына
ықпал жасау, жігерлендіру.
Технология білім саласының басты мақсаты, оқушыларды өздігінен еңбек
етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті меңгеруге көмек ету. Бұл
тұрғыдан төмендегі талаптар туындайды:
- жаңа оқу әдістерін пайдалануда, қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне
арқау болып отырған халықтық педагогиканы әлеуметтік-экономикалық
терең өзгерістерге бет алуымызға байланысты мектеп оқушыларын жаңа
экономикалық жағдайда өнімді еңбекке ұйымдастыру ісін жүзеге
асыру жұмыстарында кеңінен пайдалану;
- еңбекке баулу сабақтарында ұлттық қолөнерге үйретуде оқушылардың
өндірістік үрдістер туралы политехникалық түсінігін қалыптастыру
үшін , оларға жалпы технология мен техникалардың ғылыми негізі
туралы мағлұматтар беру;
- әрбір оқушының психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, ағаштан
жасалған бұйымдармен таныстырып, оқушылардың білімін, шеберлігін
қалыптастыру;
- халық өнерін игеру, ағашты өңдеу арқылы бұйымдар жасау оқушыны
еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп,
мәдени мұрасын қастерлеп дәстүрін жалғастыруға баулу;
- сабаққа ағаш өңдеу туралы мағлұматтарды, іс-әрекеттерді біріктіру
қажеттілдігіне сәйкес техникалық, технологиялық ұйымдастыру туралы
ұқсастықтарды және экономикалық мағлұматтарды оқу материалына
сәйкес сабақта оқушыларға қолдану.
Сонымен, 5-сыныпта Ағаш өңдеу тақырыбында оқыту әдісіне мынадай
бес элемент қамтылуы тиіс:
1. Мақсат қою
2. Болжау
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары
4. Логикалық құрылым
5. Түзету

2. Ағаш өңдеу тақырыбын 5-сынып оқулықтарында оқыту
мазмұны

Технологияны оқыту процесінде дербес жұмыстарды пайдалануды мұғалім
тапсырма әзірлеу және оларды сабақ элементтеріне қарай бөлуден
бастаған жөн. Сондықтан бұл мұғалімнен оқу материалын жан-жақты, терең
талдай білуді талап етеді. Оқу материалын маңызына қарай 3 топқа
бөлуге болады: аса қажетті, пайдалы керекті, пайдалы, бірақ өте мұқтаж
емес.
Аса қажетті кескіш аспаптар мен жабдықтардың атқарар қызметі;
станокта қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері т.б. Жұмыс орнын сәтті таңдап,
қауіпсіздік ережелерін сақтау, сызу, электр схемаларымен жұмыс істей
білу де жатады.
Сабақтың екінші элементі-жаңа тақырыпты меңгеру. Технология сабағы
- дидактикалық мақсатқа орай теориялық және практикалық болып келеді.
Теориялық сабақтарда- оқушылар теориялық біліммен қаруланса, практикалық
сабақтарда практикалық жұмыстармен машықтанады.
Үшінші кезеңде сабақтың түрлеріне қарай мынадай сауалдар туындайды.
Тәжірибелік оқу процесінде дербес жұмыстардың қайсы түрін қай кезде
қолдану қажет.
Мысалы; 5-сыныпта Ағашты кесу тақырыбын өткенде оқушылар
физикадан алған білімдерін де пайдалана алады. Сабақ барысында
оқушыларға: ағашты кескіш аспаппен кесу кезінде неләктен түрліше күш
жұмсалады деген сауал қойылды. Сауал қою карточка, сұрақ, сызу,
сурет, схема арқылы жүргізіледі. Берілген жауаптарды оқушылар
толықтырып, қорытындылайды. Осылайша білім негіздері қалыптасады.
5-сыныптан бастап тәжірибелік оқу процесі барысында күрделі емес
заттарды конструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы; балалар күрегі,
кітап сөрелері, құс үйшіктері, гүл өсіретін жәшік, т.б. бұйымдар
жасалады. Бұдан соң тапсырма күрделене түседі. Бірте-бірте үлгі
қарапайым жұмыс-бұйым құрастыру, материалдарды өңдеу деңгейіне көтереді.
Бұл үшін әрине біліктілік керек. Жабдықтардың техникалық сипаттамасы
мен аспаптардың болуы да шарт. Шығармашылық-технологиялық жұмыстар
бұйымдар жасап шығарар алдында берілген оқытушы тапсырмасынан кейін
жүргізіледі. Технологиялық карталарда операциялар, материалдар,
аспаптар, эскиздер туралы қажетті мәліметтер жинақталады.
Технологияны оқытуда дербес жұмыстарды пайдалану практикалық
сабақтарда оқушылардың шеберлігі мен дағдыларын қалыптасыруға
бағытталған. Мұндай сабақтардың құрылымы да бөлектеу болады. Ол дайындық
пен шеберлікті, дағдыны, игеру мен оқу, практиаклық және қорытынды
бөлімі сияқты элементрден тұрады. Дайындық бөлімі жинақталған білім мен
шеберлікті одан әрі дамытып, жаңа материалды тереңірек меңгеруге жол
ашу болып табылады.
5-сыныпта Ағаш өңдеу тақырыбын оқыту барысында сабақтың аралас
түрлері жиі қолданылады, яғни теориялық және практикалық түрлер де
қатар жүреді. Мұндай сабақтар мынадай компоненттерден тұрады:
оқушылардың бұрыннан жинақталған білімдері мен шеберлігін дамытып, жаңа
материалдарды тезірек меңгеруі, іс-әрекеттің практикалық әдістерін
ұғыну, оқушылардың жұмыс үстіндегі шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру
т.б. Үлгі компоненттерді жүзеге асыру үшін карточка-тапсырмалар және
шығармашылық жобалар да қолданады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін
қамтамасыз етіп, шығармашылық қасиетін шыңдай түседі.

II тарау. 5-сыныпта ағаш өңдеуді оқыту әдістері

1. Ағашты өңдеуді оқыту әдістері

Ағаштан әсем, жақсы бұйымдар, жиһаздар, ыдыс-аяқ, ер-тоқым, киіз
үйдің сүйегін т.б. тұрмыс қажеттілігіне керекті заттар жасап шығару
үшін, оның өсу процесінен бастап, кесіп, кептіріп дайындау жұмыстарын
және де физикалық, механикалық негіздерімен қоса, табиғи биологиялық
процестерін де білу қажет.
Ағаштың құрылысы: ағаш басқа өсімдіктер секілді бірнеше
бөліктерден – жер аытындағы түбірі мен тамырларынан және жер бетіндегі
діңі мен бұтақтардан тұрады.
Түбір - тамырдың жалғасы, ағашты құлатпай тік ұстап тұру үшін
және діңі мен жапырақтарына жерден су мен минералды қоректік заттар,
көмір қышқыл газын беру қызметін атқарады.
Ағаштың діңі - ағаштың ең негізгі бөлігі. Сондықтан ағаш өңдеу
жұмысының барлық процестерінде пайдаланылады, ағаштың жіңішке жоғары
басын бөлікке бөлсе, төменгі жуан түбіріне жуық бөлігін екінші
бөлікке жатқызады.
Ағаш бұтақтары ағашың ең жоғары бөлігінде орналасып, жапырақпен
жалғасады.
Ағаштың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Сыртқы саралап оқыту
Компьютермен оқытудың негіздері
Кіріктірілген сабақ
Токтың әсері
Пәндер