«Түркі» этносы және этнонимі
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. «Түркі» этносы және этнонимі
2.Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы
3.Қазіргі түркі әлемі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер – бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар «Орхон – Енисей жазуы» деп аталып кеткен. Ескерткіштер – YII-YIII ғасырлардағы түркі ру тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған.
Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы Н.Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді). Академик В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж.-1897ж. жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С.Е. Малов болды. Ол Орхон – Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Түркі этносы және этнонимі
2.Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы
3.Қазіргі түркі әлемі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей
жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер – бір замандарда түркілер
мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені
маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар Орхон – Енисей
жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – YII-YIII ғасырлардағы түркі ру
тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге
қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты
адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-
Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас
кірпіштермен қоршалған.
Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы
Н.Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына
іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы
неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді). Академик В.Радлов
басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба
ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж.-1897ж. жариялады. Шын мәнінде
Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С.Е. Малов болды. Ол Орхон –
Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.
Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты
ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғаннан және жаң хандардың
билігінен құтылып аз уақытқа болса да өздерінің батыстағы тегі бір
туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық
мемелекеттік университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі
орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі 10 жылдығына арналған
Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер атты халықаралық ғылыми
теориялық конференция болып өтті.
Байырғы түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі 732 жылы
Орхон өзенінің (Монғолия) бойына орнатылған тас ұстыны болса, осы ұстынның
тарихта тұңғыш рет жасалған дәлме дәл ғылыми көшірмесі Астанамыздың
төрінде, Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы 1-ші
атриумына мәңгілікке 2001 жылы 18-ші мамырда орнатылды.
Түркі сөзі біздің заманымыздан бұрынғы Y ғасырда брінші рет
көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан
және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы
көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы даладатүркі мемлекетінің, түркі
тілінің қалыптасу дәуірінен беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп
жазылады: Әлемнің көгінде аспан төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы
екеуінің арасында адам бласы жаратылды. Азамат балсының үстінен менің
бабаларым Бумын қаған мени Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар
өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып оны бекітті. Мұнда дүниенің
төртбұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған
уақытымен бйланысты суреттеледі.Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге
шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түрнікше білген халықтардың бәрі
жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын сролтүстік және оңтүстік деп екі
топқа бөледі, әрқайсында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер:
печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, яғма, башқұрттар, қырғыздар т.б. Оңтүстік
тобына жататындар:шігіл, тухси, яғма, играк, жумыл, ұйғыр, хитайыл, табғаш.
Махмұд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, шігіл, играк
халықтарын атады.
Түркі халықтарының өзіндік дербес ел болуымен мемлекеттігі көрші
елдерден мысалы славян, арап, тіпті парсы халықтарына қараған нашар дамыған
түркі жұртының арасында шын мәнінде дербес мемлкекеті бар, тез өсіп,
өркендеп келше жатқан ел- Түркия Республикасы. Ал Кеңестер Одағы кезімени
айтатын болсақ, оның 583 ұлттық аумақтық құрылымының үштен бірі тарихи
қалыптасқан түркғі тілді халықтадыукі соның бесеуі қазір тәуелсіз
республикалар (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан , Азербайжан
), әзірше автономиялық республика құқығында -9 (Татарстан, Башқұрстан,
Чуваш, Нахачеван, Қарақалпақстан, Дағыстан, Сақа елі, Тува, Қабарды-Балқар
елі ), 3 автономиялық облыстар дәрежесінде (Хақас елі, Таулы Алтай, Қарашай-
Черкес елі), ал 1-і автономиялық округ санатында (Дунған-Ненец елі).
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЭТНОНИМДЕРІ ТАРИХЫНАН
Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның
негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды.
Өйткені, тарихта тукюэ, түркі, түрік деген атпен пайда болған
халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі
халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог,
академик А.Н. Кононовтың пікірінше, ту-кюэ тұлғасындағы терминді
қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз түркут немесе түркләр болуы
мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес
елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы
дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь
жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан
оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин
және монғол тілінің маманы Шмидт Ту-кюэ монғол сөзі дейді. Себебі монғол
тіліндегі дудулға сөзі шлем деген мағынаны білдіреді.
Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда
болған. Ол Троя аңызының шығуына байланысты трюк сөзінің пайда болуы.
Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір түрік сөзіне
келіп тіреледі.
Этнограф ғалым Д.Айтмұратовтың еңбегінде түрк сөзі шығыстың бір
ханының аты. Ал Авестада болса, ол бір қаһарманың аты. Е.Блоше Тұран
жеріндегі жасаушы түрк тайпаларының аты Turya деп көрсетсе, кейбір
ғалымдар түркі сөзі тура деген сөзден шыққан деген пікірді айтады.
Шахнама дастанының дүние жүзіне танулы бұл Тұран сөзінің Тұр
есімінен пайда болғанын, яғни Феридумның аты Тұр сөзі, Түрік сөзімен
байланысты екенін дәлелдейді.
Ал, түрк халықтарында бұл туралы аңыздар көп. Мәселен, біз М. Қашқаридің
еңбегінен, хадистерде жазылған құдайдың сөзі туралы мәліметтерді
келтірсек, онда былай көрсетілген Бізді жаратушы құдай: - менде күшті
әскер бар, мен оларға түрк деген ат бердім және оларды шығысқа
жайластырдым. Мен қай кезде, қандай да бір халыққа қаһарлансам сол халыққа
түрк деген қолданысты беремін деген екен.
Сондай-ақ түрк этнонимі туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер
бар. Дегенмен бұл пікірдің барлығын түрк сөзінің келіп шығуы тарихына
байланысты жалған этимологияға қарағанда ғылыми этимологияға негізделген
дұрыс.
Мәселен академик А.Н. Кононов, Н.Я. Марр түрк сөзінің шығуы тарихы
туралы Құдайдың атаған түрк сөзінің қолдайтынын және өзінің пікірі де
осымен мазмұндас екенін айтады.
Түрк-монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге
үңілсек, біз ең алдымен түркі-монғолдарының татар-монғол болып бөлінуінен
дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы оғұз этнонимінің
шығуы тарихы жайлы дерек көздерге сүйенгенімізде. Оғұздың арғы атасы Монғол
ханнаң тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған.
Қараханнан туған Оғұз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман
түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі яғни бабасы. Сондықтан
түркі халықтары арасында үлкен бір мұра Оғызнама дастаны қалған.
Сондай-ақ Ә. Бахадырханның Түрктер шежіресі еңбегінде көптеген
деректерді келтіреді. Себебі, түркі тілдерінің негізін оғыз, қыпшақ, қарлұқ
тайпалары құрайды. Ал оғыз негізінен монғолдан туылған ұл, дегенімен ол
өзінің дүниеге келуінен ерекше болып туылып, бүкіл монғолдарды мұсылман
дінін қабылдауға мәжбүр еткен. Оғұз дүниеге келгенде әкесі Қара хан бір
жылға дейін өзгеше туылған ұлына ат қоя алмаған. Соңында Оғұз ханның
салтанаты Шыңғыс ханнан кем болмағанын шежіреден байқаймыз. Ол өз дәуірінің
ханы болған. Түркі халықтарының оғыз тайпасы осы Оғыз ханнан тараған ұрпақ
болып саналады.
Ал қыпшақ тайпасы оғұз тайпасынан кейін пайда болғанын дәлелдейтін
мына пікірлерге сүйенсек, Оғұз ханның батыр, бектерінің бірі соғыста қайтыс
болып, оны іздеп келген әйелі, баласын ағаш қуысында туады. Оны естіген
Оғұз хан баланың атын Қыпшақ қойды, себебі ежелгі түркі тілінде Қыпшақ
сөзінің мағынасы іші қуыс ағаш дегенді білдірген. Сондықтан қуыс ағаш
ішінде туылған деген мағынаны білдіретін Қыпшақ сөзі, қазіргі күнде
барлық қыпшақ елінің бабасы. Өйткені, Оғұз хан оны тәрбиесіне алып, Еділ
жұртына патша етіп дайындаған.
Осы уақыттағы түркі тайпалары: ұйғыр, киікті, қыпшақ, қалаш, қарлұқ
болатын Қыпшақтар Еділ, Жайық бойында, киіктілер түркімендермен бірге,
қарлұқтар Сыр бойында еді, - дейді профессор К.Мәмбетов. Біздің пікірімізше
Еділ, Жайық бойында сол кезеңде қазақ және қарақалпақ халықтарының қыпшақ
тайпалары жасаған. Оны тарихи деректер мен шежірелер дәлелдейді. Ал
түркмендермен бірге киіктілер деп отырған тайпалар ысықтар болуы мүмкін.
Өйткені, ысықтарды киік сауған, киікті деп те атайды. Себебі Каспий
теңізінің жағалауында ығысықтар деген тайпалар жасаған. Сыр бойындағы
қарлұқтардың негізі қимақтардан тараған, осы күнгі дулаттар болуы мүмкін.
Қазіргі дулаттардың өзі қарлұқ тайпасының өкілі екені тілдік
ерекшеліктерімен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінен айқын көрінеді.
Ұйғыр этнонимі бір заттың ұйуынан алынған сөз. Мәселен, сүт құрамындағы
заттарды бір-бірінен айыруға болса да,ол ұйығаннан кейін бір –бірінен
ажыратып болмайды. Сондай-ақ тоғыз сайда отыратын тоғыз санды ұйғырлар
атанған тайпа ұйғыр халықтарының негізін құрайды.
Ең алғаш рет қыпшақ даласында бірнеше түркі тайпалары жасағаны мәлім.
Дегенімен, олардың бірігуі мен тарқауы өте тез болған. Бірігу – бір түрдегі
және бір тілдегі халықтарды қалыптастырған болса, ал айрылу көп
түрлі және көп тілді халықтарды пайда ете бастаған еді. Ал Шыңғыс
ханның немере, шөберелері кезінде он бестен астам түркі тайпалары халық
болып қалыптасқан. Олардың ең ірілері өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз,
қарақалпақ, татар және башқұрт хандықтарын құрып, сол халықтардың
қалыптасуына негіз болды. Бұл халықтар бірден пайда бола қойған жоқ. Ең
алғашқы тілі мен түрі бір-біріне ұқсас болған халықтар одағы түзілді. Ол
он сан түрік тайпаны өз айналасына біріктіре алған ХІV ғасырдағы Ноғайлы
одағы еді. Одан кейінгі Өзбек ханның тұсындағы өзбектер одағы, өз
айналасына өзбек, қазақ, қарақалпақтардан тұратын үш халықты біріктірген
болатын. Соңынан бұлардың барлығы да өз алдына халық болып қалыптасты.
Профессор Н.А.Баскаковтың түркі тілдерін жүйелестірудегі
классификациясы осы кезеңге сәйкес келеді. Өйткені, ол қыпшақ-ноғай,
қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-оғұз, қыпшақ-қарлұқ деп, қыпшақ тілдеріндегі түркі
тайпаларын іштей төрт топқа бөледі.
Осы түркі халықтарының ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бір
негізден тараған деген пікірге толық қосыламыз. Себебі, оны дәлелдейтін ең
алғаш аталған халықтардың қазіргі күнге дейін сақталған тілі, әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері. Мәселен, Оңтүстік қазақтарының тілі, ұлттық дәстүрі, әдет-
ғұрпы қарақалпақтарға ұқсас келеді. Өйткені, қазақ халқының дәстүрінде
болмаған нәрсенің өзі Оңтүстік қазақтарында ұшырасуы, ол тегіннен-тегін
нәрсе емес. Қарақалпақтардың қазақтар мен бірге жасағанын дәлелдейтін
көптеген тарихи дерек көздері бар. Мәселен, Ноғай ордасы, Орманбет би
өлгенге дейінгі аралықтың өзі біраз нәрсені аңғартады. Негізінде қарақалпақ
халқы қазақтармен бірге Еділ, Жайық бойларында, Жетісу өңірінде жасағаны
тарихи деректерден айқын көрінеді.
1596 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан кейін қарақалпақ халқы үлкен
бүлгіншілікке ұшырап, Хорезм, Түркістан төңірегінде жасап жатырған өз
халықтарына барып қосылған.
Қарақалпақ халқы жайлы мәліметтер ХІV-ХVІ ғасырларда Хорезм, Сарайшық,
Түркістан құжаттарында кездесетін болса, ХVІ ғасырдан бастап, Түркістан,
Хорезм және Бұхара деректерінде кездеседі.
ХVІ ғасырдың соңында қарақалпақ халқы Түркістан уәлеятының жергілікті
халық болып есептелген және Сығанақта жасаушы халық сипатында мәлім
болған. Түркістан бұл уақытта біресе Бұхара ханының, біресе Қазақ
хандығының қол астында болып тұрған.
ХІV ғасырда Алтын Орданың ыдырап кетуіне байланысты, бірнеше түркі
халықтары пайда болады. Өзбек, қазақ, түркімен және қырғыз өз алдына халық
болып ұйымдасты. Соңынан татар, башқұрт және Сібір мен Кавказдың түркі
тілдес халықтары өз ара ажыраса бастаған еді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырға келгенде
көпшілік түркі халықтары өздерін ұлт ретінде тани бастады.
ХVІ ғасырға келгенде өзбектер үш хандыққа (Хорезм, Бұхара, Қоқан), онан
көп кейін қазақтар жүзге (ұлы, орта, кіші) болып бөлініп, өз хандықтарына
ие болған еді.
Бұл жағадайлардың барлығы да тілде өз көрінісін табады. Өйткені, өзбек
тілінің Хорезм диалектісі, Бұхара диалектісі, Қоқан диалектісі болып
бөлінуінің өзі де, қазақ тілінің қалыптасуына өз ықпалын жасады. Өйткені
жүзге бөлінген халықтың тілінде, әдет-ғұрпында әрине көптеген
өзгерістердің болуы, көршілес түркі халықтарының ықпалы дегіміз келеді.
Өйткені, қазіргі күнге дейін қазақ тілінде сөйлегісі келмей жүрген қазақтың
ата-тегінде, қанында өзге халықтың қаны мен тілінің ықпалы бар деп
ойлаймыз.
Ал қарақалпақ халқының шежіресін жазған профессор К.Мәмбетов,
Қарақалпақтардың шыққан тегін сақ және массагет тайпаларымен
байланыстырады. Олардың ішінде дәрья бойы сақтарының құрамы нәтижесінде
пайда болған деп ой түйеді. Қарақалпақтардың жауынгер халық болғаны жайында
көрнекті тарихшы С.П.Толстов жазады, әсіресе ІХ ғасырдағы араб тарихшысы
А.Н.Науверий Сол дәуірдегі Хорезм патшасы Алтын Таштың сахара тайпаларынан
таңдап алған атты әскерлерінің аты қалпақтар, - деп аталатын еді дейді.
Бұдан басқа да мәліметтерге қарағанда ерте дәуірлерде ежелгі Хорезмде
қаңлылар мемлекеті қыпшақтардың бір бөлігі болған ябырлар мемлекетінің
пайда болуы, түркі халықтарының этнографиясымен байланысты деп есептейміз.
Бұл дәуірде Әму мен Сыр дәрьяның төменгі ағысында оғұз, қыпшақ және қарлұқ
тайпалары бірігіп жасады. Бұлардан оғұздар: түркімен және әзербайжан,
қарлұқтар: өзбек пен ұйғыр, қыпшақтар: қазақ, қарақалпақ, қырғыз тайпаларын
пайда еткенімен, кейінен оғұз-қыпшақ және қарлұқ-қыпшақ болып араласып
кеткендігі белгілі. Бұл уақытта қазақтардың басты бөлігі Жаңакент пен Созақ
аралығында, ал қарақалпақтар Арал теңізінің оңтүстік жағаларынан бастап
Жаңакентке дейінгі жерді иелеген. Міне, осындай дереккөздерді жинақтай
келе,біз түркі тілінің дереккөздерін, туыстас түркі халықтарының тілі,
тарихы, әдебиеті мен мәдениетін қарастыра отырып, анықтауымызға болады.
Сондай-ақ түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық
классификациясын нысанаға алуымыз тиіс деп ойлаймын.
Жалпы түркі тілін зерттеуші мамандар мен ғалымдардың алдында, түркі
тілдерінің зерттелуі қажет деген мәселенің тұрғаны айқын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Бичурин. Собрание сведений о нородах обитавших в средней Азии.
2. Д.Айтмұратов. Тюркские этнонимы. Н.,1999г.
3. Ә.Бахадурхан. Түркілер шежіресі. Н.,1988ж.
4. С.Әбушәріп. Түркістан тарихы. А.,2001ж.
5. К.Мәмбетов. Қарақалпақтар шежіресі. Н.,1993ж.
6. Н.А.Баскаков. Ввдение в кыпчакские языки. Н.,1984г.
Түрік этнонимі
Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі
және ол 542 жылға жатады.
Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақ тары деп санаған. Шежірелерде бұл
кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың
бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды
деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы
тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.). VI ғасырда Қазақстан
жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан
шыққан Түрік қағанатының билігі.
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері)
ежелгі ошақтары. Түрік этнонимі. Ашина түркілері-Түрік елінің негізін
қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия
халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны. Қазақстан жеріндегі
ескі түрік мемлекеттері. Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-
Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және
саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні.
Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың
басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары.
Батыс түрік қағанатының құлауы. Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш
– елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары.
Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман
мәдениеті таралуының әсері. Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық
құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы
қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және
оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі.
Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы.
Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және
қалалар. Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз
тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын
ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері
және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз
мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлері, діні. Қорқыт ата дастаны. Солтүстік, шығыс және орталық
Қазақстандағы Қимақ қағанаты.
Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері,
қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Қимақ қағанатының
әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ
қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және
қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – Дешті Қыпшақ. Қыпшақ
конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың
шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен,
Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі
үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы половецтер (құмандар).
Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.
Негізгі :
1. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999
2. Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы,
1985.
3. Асфендияров С. Д. История Казахстана с древнейших времен. А., 1993.
4. Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.
5. Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.
6. Бартольд В. В. Двенадцать лекций по истории тюркских народов Средней
Азии. Алматы, 1998.
7. Бизахов С. Түбі бір түркілер. Алматы, 2000.
8. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена.
М., 1964.
Лекция тақырыбы: Ғұндар
1. Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректер
2. Алғашқы орналасу террриториясы
3. Ғұндар империясының құрылуы
4.Еуропалық ғұндар
5. Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси
тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ.
Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі
(сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп,
б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ)
батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан
бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар
өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық
төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа
тайпалардың жерін тартып алады.).
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі
жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан
кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік
және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын
қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып
батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына
түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта
Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д.
1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да
батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды.
Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы
тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу,
оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар
жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық
және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және
орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы
Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан
даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру,
әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң
аулау,егіншілік дамыды.
Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де
түркі тілі болған.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас
пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек
маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте
күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған.
Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан
құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі
туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар
болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы
бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам
мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Лекция тақырыбы: Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері
1. Батыс түркі қағанаты
2. Шығыс түркі қағанаты
3. Түргеш қағанаты
4. Ұйғыр қағанаты
5. Қарлұқ қағанаты
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың
этникалық саяси өзегі он тайпа (он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды.
Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес
тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның
Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың
бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның
інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет
шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік
әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-
саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты.
Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды.
Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана
лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды.
Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған,
оларды қара будун(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар -
ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-
салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие
соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық
мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі
қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және
Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді
әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың
нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның
бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының
арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы
мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады.
Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі
қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі
қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны
қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс
жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар
Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері
қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс
Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған
жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.
679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта
көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі
қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен
басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған
кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер
бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде
орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер
күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне
жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
(Кейбір тарихи деректер бойынша, сары және қара деген тайпа бөліктері
этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған
кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты
сары түргеш деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - қара түргеш.)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған
арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб
мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы
Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін
жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның
басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы
күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған
Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды.
Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-
еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан
әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси
бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-еліттен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-
қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік
болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында
түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан
әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің
батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана
қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты
өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін сары түргештер
мен қара түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746
жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады.
Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға
белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның
Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады
да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан
көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен
қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші
сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына
шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды
тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс
Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ
тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты
орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда,
Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-
әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті,
ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта
ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны
Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай
манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады.
Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған
шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың
патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді
жәнеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман
көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол бұлақ деген атпен
белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде үш қарлұқ атын алтай тауы мен Балқаш
көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне
айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық
кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос
ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына
көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12
ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына
Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар,
чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ
тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына
дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы,
Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың
билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың
билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес,
қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған.
Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және
т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті
иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс
түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма
тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап
болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Лекция тақырыбы: Оғыз және Қарахандар мемлекеті
1. Оғыздар мемлекеті
2.Қараханиттер мемлекеті
1. Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі
ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында
оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. Оғыз деген терминнің
этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде,
оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ,
тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және
үшүк (учук).
8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте
оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде
олардың Көне Гузия деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың
көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін
күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып
алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенеттерді жеңеді де,
Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенеттермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың
оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен
Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері
және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар,
имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының
құрылуы ұзақ продесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан
Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар
туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің
(9 ғ.) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің
астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде
сөйлеген. Жабғы атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы
болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы
билеушілер өкіметі мұрагерге - иналамиға - беріліп отырған. Жабғы
мемлекетінде оғыз әскерінің сюбаши деп аталатын бас қолбасшысы маңызды
роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар
дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды.
Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды.
Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны
болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды.
985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын
талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа
қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен,
қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың
ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен
Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына,
қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
2. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.) негізін салған Сатұқ Боғра
хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін
жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті
тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында
басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман
Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан
бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге
бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер
шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж.
соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі,
орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып
алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана,
Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы.
Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір
еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте
інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп
өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да
біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан
кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф
Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс
қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай
өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-
1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж.
бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж.
Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен
Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің
бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ
олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157)
салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан
әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.
Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген
сыртқы әскери саясаты болып табылады.
12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре
бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар
мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж.
шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм
шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді,
ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің
мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-
мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол
уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын
берді. Мұндай салық икта деп аталады, ал оны жинаушыны мукта, немесе
иктадар деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік
дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне
байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік
этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.
Лекция тақырыбы: Хазар қағанаты
1. Хазар эхтнонимі. Этникалық құрамы
2. Хазар қағандығының құрылуы
3. Ішкі және сыртқы саясаты
4. Діни танымы
Хазарлардың тым ертеректегі өмір-тіршілігі жөніндегі маліметтер онша
көп емес. Тек Атилла қайтыс болған кезде Еділдің төменгі сағасында тұрғаны
белгілі. Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығы мен Кавказды билеп
тұрған болатын. Сол ғасырдың екінші жартысына қарай сібірлерді өздеріне
қосып алып, тез күшейе бастады.
Хазарлардың көршілерімен болған қарым-қатынасы жөнінде. Сасанитдердің
Кавказдың оңтүстігін басып алып, жергілікті тайпаларды өзіне бағындыра
бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды.
Хазарлар 627— 628 жылдар арасында кавказдықтарды бағындырды. Сол батыста
хазарлардың қолдануына арқа сүйеген Византия армиясы Иранның ішкі
өлкелеріне дейін сүғына кіріп, зор жеңістерге жетті.
Хазар қағандығы — Батыс түркі қағандығының, ыдырауынан кейін төменгі
Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ҮІІ ғасырдың ортасында
құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Астанасы — Семендер (Дағыстанда).
Кейін Итил қаласы болды (Төменгі Еділде). Хазар қағандығы Солтүстік
Кавказды, Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерді иелеңці. Хазарлар — түркі
тегінен шыққан халық, олар Шығыс Еуропада ІҮ ғасырдағы хундар заманында
пайда болды. ҮІ ғасырда хазарлар Бірінші (Батыс) Түркі қағандығының
құрамына кірді, олар түркі тілінде сөйледі. Ол туралы Орхон-Енисей
жазуларында айтылады. Хазар тілі бұлғар және чуваш тілдерімен тығыз
байланыста.
Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді.
VIII ғасырдың басыңда Византияның әсерінен хазарларға христиан діні тарала
бастады. Арабтар ислам дінін, Византия христиан дінін енгізуге тырысты.
VIII ғасырдың бірінші жартысында (731 ж.) Солтүстік Дағыстандағы
хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады. VIII ғасырдың аяғы мен IX
ғасырдың басында хазарлар ұрпағы — Обадия Хазар қағандығын басқарды да,
өздерінің мемлекеттік дінін иуда деп жариялады. Бірақ осы кезде хазарлар
мүсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді. Ал хазарлар
хорезмдіктерге қарсы 764 жылы Кавказдың мұсылман облыстарына жорық жасады.
Хазар елі тікелей халифатпен, олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен
шекаралас болды.
Орыстардың Еділ бассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славян
әлеміне шабуылдап өткен еді. (Біз IX ғасырдың екінші жартысында бірнеше
славян халқы хазар қағанына салық төлегенін орыс шежірелері арқылы
білеміз.) Хазарлар солтүстікке терендеп енген бұл кезде орыстар әлі
нормандар деп аталатын. Орыстар швед тілінде сөйлеген кезде солтүстік
Новгородқа жақын жерде тұрған орыс князі қаған шенін иемденгені де тарихтан
белгілі. Кейіннен орыс патшасының өз туыстарына, балаларына неміс сөзінен
шыққан "князь" термині жиі қосылып, тұрмыста қолданылып кетті.
IX ғасырда Балтық теңізінен Қара тенізге дейінгі аймақ орыстар құрған
мемлекет болды. Орыстар хазар хандығынан бірнеше рет соққы жеді. Орыстар
910—915 жылдары Камадая Каспий теңізіне, Хазарға Святослав шапқыншыларын
жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені де тарихтан белгілі.
Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943—944 жылдары жасаған
шапқыншылығы кезінде Кавказ мүсылмандарының бас қаласы — Бердьев, соңдай-ақ
хазарлар қоныстанған жерлер тонауға түсіп, қиратылған. Святославтың үшінші
жорығы 965 жылы Хазар қандығына қарсы бағытталды. Бұдан соң бірнеше жыл
бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жерімен қоса орыстардың қол астында
болды. Бірақ кеп уақыт өтпей-ақ орыстар өзі жаулап алған жерді тастап кеггі
де, кейін Хазар қағандығы қайта қалпына келді. Ресей үшін бұл сәтті кетіс
болды. Егер Святослав Итилде қалып қойған болса, онда орыстар мүсылман
әсеріне еріксіз тап болар еді.
Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святославьтың басқа
жерлердегі әрекетіне назар аудару керек. Оның нормандарға және Батыс
Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипатқа ие болды.
Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.
964—965 жылдары орыс князі Святослав Игоревич Еділге жорық жасап, Хазар
қағандығын талқандады.
Хазар қағандығы X ғасырда түгелімен ислам дініне кірді.
Ішкі қайшылықтары мен көшпелі халықтардың шабуылынан талқандалған Хазар
қағандығы XI ғасырдың басында өмір сүруден біржола қалды.
Хазар мемлекетінің қүлауына орыстардың жеңісінен басқа мынадай себептер
әсер етті: түркі тайпаларының арасында "кундар" немесе "кайилар" деп
аталатын түркілердің сонау шығыстағы бір бұтағы осы аласапыран жылжулар
кезінде Сырдарияның төменгі ағысындағы ғұздардың иеліктеріне бірінші болып
бас сүққан болатын. Осыдан бұрынырақта ғүздардың жартысы ислам дінін
кабылдап, екінші жартысымен қырқысып жатқан. Осы қырқысудың арқасыңца ғүз
немесе түрікмен халқының жартысы парсы еліне қоныс аударған. Олар барып
алдыңғы Азияда Селжуктар империясын қүрды. Ғүздардың екінші жартысының үрыс
салып батысқа қарай жылжуы Хазар хандығының қүлауын тездетті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz