Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «Қара сөздері» пәл-сапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірге толы.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат мүдделері бізге тамаша әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың шығармалары өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.
Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айту арқылы ғана таралады.
Ресей географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суреттейтін және ол туралы мақала жариялды.
Кейінгі жылдары республикалық ғылыми зерттеу орындары қадамдар жасады. Күнделікті баспасөз бетіндегі мақалаларда былай қойғанда, көлемді монографиялық зерттеулер де жарық көруде. Бұл еңбектер, сөз жоқ Абайтану тарихында жаңа бір белес биігін танытады.
Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылыми болып қалыптасты. Бұл ғылымды негіздеуінде аса көрнекті ғалымымыз М. О. Әуезовтың еңбегін атап көрсету қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образын жасаумен қатар, терең ғылыми зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды. Ақын шығармашылығын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды. Абайдың өмірі мен творчествосы туралы фактілерге бай, ғылым тұжырымдары дәйекті де, терең көлемде монография жариялады. Ұзақ жылдар бойына еңбек етіп, Абай творчестволарының келелі мәселелері туралы көптеген зерттеулер, мақалалар жазды(1) .
Бүгін де Абай мұралары жанрлық жағынан да, поэтикалық тілі, көркемдігі мен халықтығы жағынан да жан-жақты әрі тиянақты зерттейді. Абай творчестволарының арналары басқа елдер әдебиеттік, оның ішінде классикалық әдебиетімен байланысты қаралып, одан ақынның аудару тәжірибиелері мол зерттеулер тұғызып отыр. Абайдың дүниеге көзқарасы, қоғамдық ойлары, оның орыстың ұлы демократтары идеясымен байланысы сияқты мәселелерінің де беті ашылды.
Абайдың даналық ойларын, қоғамдық, әлеуметтік пікірлерін, философиялық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық көзқарастарын, ақындық өнерінің қуатты құдіретін саралап сипаттаған көрнекті жазушылар мен ғалымдардың Абай мұрасы туралы еңбектері әр жылда жарық көріп отырады. Мысалы, М. Әуезов «Абай Құнанбаев», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Әр жылдар ойлары»; Т. Тажибаев «Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева», «Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы»; Қ. Жарықбаев «Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ағартушысы»; Шаймерденова К. «Педагогические взгляды Абая Кунанбаева» бұл тізімді әлі де жалғастыруға болады, алайда оның қажеті жоқ шығар деген ойдамыз.
Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі болмай, бүкіл одақ ғалымдарының төл ісіне айналып кетті. Абай шығармаларының басқа тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалалар мен кітаптар оны қалың қауымға бұрынғыдан да танымал ете түсті.
Абай мұрасы - өшпес қазына. Он жыл асқан сайын жаңарып, халқымен бірге жасасып келеді. Ұлы жазушы М. Әуезов ақын шығармаларының толық жинағына арналған алғы сөзінде: “Абай поэзиясы өзі айтқандай кең байтақ өмір базары … әркімнің өз іздеген нәрсесі бар - салалап, ақшасына соны алар” дегендегі іздеген оқушы өз мұқтажын осы қазынадан таба бермек” деп жазды. Шынында әр оқырман, жаңа ұрпақ өз қажетін, көңіл іздеуін Абайдың сырлы да, ғажайып әлемінен тапты.
Абай шығармаларының тілі - Абайтанудың алғашқы қадамынан қолға алынып, біршама жан-жақты зерттелінген объект.
Жас ұрпақты адамгершілікпен еңбекте, достыққа, бауырмашылдыққа баулитын шығармалар жазған қазақ халқының дара ақыны. Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Абай туындыларын мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға оқыта отырып тәрбие беру-шеберлікті қажет етеді. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Абайға дейінгі ақындарға қарағанда, Абай шығармаларының шығысқа тән өзіндік ерекшелігі барлығымызға байқалады.
Абай әрбір шығармасы арқылы балаларға тәрбие беруді ойластырады. Абайдың “Ғылым таппай мақтанба”, “Бойы бұлғаң”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Әсемпаз болма әрнеге” сияқты өлеңдерінде балаларға тән ойшылықты, білімге ұйтыушықты, іскерлікті, тапқырлықты көрсетуге болады. Өлеңдерінің тіл шеберліктеріне орай, жастарды білім алуға, өнерді, ғылымды игеруге шақырады. Әрбір өлеңінде адалдыққа, әділдікке, ізеттілікке, еңбек сүйгіштікке, достыққа, бауырмашылдыққа, жақсы мінезге баулу, тәрбиелеу ісі қамтылған.
Абай тәрбие мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Абай өз халқының төл перзенті, сол ортада өсіп өніп, өзі өскен ортасының тәлім-тәрбиесін алып, кейін сол ортаға қызмет етіп, оның жаманы мен жақсысын әбден біліп ой елегінен өткізе отырып әбден кемелденген, кезінде, енді өзінің педагогикалық ой толғаныстарын, келер ұрпаққа білдіріп, беріп отырған кеңесі болатын. Адам тәрбиесі туралы осынау ойлар желісі: Тоныкөк пен Култегін жазбаларынан бастап, Әл-Фараби, Ғаббас Жауһари еңбектерінде тереңдей түссе, Абай осы ғұламалардың педагогикалық ойларын барынша айқындап, мәнін аша түсуді мақсат етеді.
Абай тәрбие мәселесіне көңіл бөле отырып, адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып-естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді” - деп ақыл естің тәрбиенің желісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.
Абай жас ұрпақтың белгілі бір мамандықты игеруін уағыздайды. Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, - бар қалан.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелеп жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Белгілі абайтанушы-ғалым М. Мырзахметұлы: «Абай мұрасының оқыту республикамызда барлық тілдердегі мектептердің оқу бағдарламасынан тұрақтфы орын алса да, дәл кәзірге дейін ұлы ақын туындыларын оқытудың әдістемесі мен ол туралы сан қилы көрнекі құралдарды жасау қолға алынбай келеді. Ал бұл істің жүзеге асуын күнделікті меттеп тәжірибесінің күн тәртібінеқойып отыру талабымен санаспауға болмайтын кезең туды», -деп жазған еді»(3) . Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарды ұйымдастыруда Абай мұрасын қолданудың әдістемелік сипатын, өсіп келе жатқан буындардың көзқарасы, ақыл-парасаты, іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына іс жүзінде ықпал етуінде екендігі анық.
Оқушылар Абай шығармаларын оқи келе оның өмірге деген көзқарасын және де тәрбие мәселелерін осы Абайдың шығармаларынан табады. Абайдың ұлы ойшыл, ғұлама ғылым, ұлағатты ұстаз дәрежесіне жетуі өз халқының бұрын соңды жасаған ұлттық тәрбие ойларынан, халық даналығынан бастау алғандығы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысаны “Атаның баласы болма, адамның баласы бол…, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой пікірді қуаттау болды. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.
Проблеманың көкейкестілігі мен практикалық маңыздылығы бізге зерттеу тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу объектісі : Абай Құнанбаевтың педагогикалық және психологиялық көзқарастар жүйесін бастауыш мектептің оқу тәрбие ісіне енгізу жолдары.
Зерттеу пәні: Абай Қунанбаевтың тәлім-тәрбиелік мұраларын тиімді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушылардың танымдық дүниетанымын дамыту.
Зерттеу мақсаты : оқушыларға Абайдың шығармаларын оқыта отырып, оларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, білімділікке, достыққа, әдептілікке баулу, сабақта және сабақтан тыс уақыттарында оқушыларға Абай даналығын таныту, Абайдың шығармаларына деген қызығушылығын арттыру.
Ғылыми болжамы: Абай Қунанбаевтың педагогикалық мұраларының тәлім- тәрбиелік маңызына терең бойлаған күнде ғана, рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
- Аталған тақырып бойынша әдебиеттермен танысып, оларға талдау жасау.
- Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие ісінде Абай Құнанбаевтың педагогикалық- психологиялық жүйесінің тиімді жолдарын анықтау.
- Абай Құнанбаевтың педагогикалық- психологиялық көз- қарастар жүйесін пайдалану арқылы, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Зерттеу әдісі:
- Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді талдау әдісі.
- Оқу процесін бақылау әдісі.
- Педагогикалық эксперимент әдісі.
- Мұғалімнің тәжірибелерін жинақтау және қорытындылау әдісі.
Зерттеу орны: Мойынқұм ауданы, Тұрар Рысқұлов орта мектебінің 2 «ә» сыныбы.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде проблеманың теориялық негіздеріне шолу жасалды, қазақтың көрнекі ағартушысы Абай Қунанбаевтың психологиялық-педагогикалық көзқарастарының қалыптасу барысы анықталып, оларды жақсарту және жетілдіру жолдары белгіленді. Алынған материалдар зерттеудің ғылыми апаратын және оның болжамын жасауға негіз болды.
Екінші кезеңде Абай Қунанбаевтые мұралара арқылы бастауыш сынып оқушыларының арасында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің нәтижесінде жинақталған материалдар қорытылынды.
Үшінші кезеңде жинақталған материалдар талданды, алынған нәтижелер мен қорытындылар, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді.
І ТАРАУ. АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ - АЗАМАТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
1. 1 Абай Құнанбайұлы еңбектерінің тәрбиелік мәні
Абай мұраларын зерттеу, жинақтау мектеп оқушыларына оқыту арқылы, Абай тағылымымен беру, үйрету іс-азаматтық тағылым екендігі даусыз. Абай - қайталанбас тұлғаның бірі. Оның ақындық өнері - қыры мен сыры мол дүние, әдебиет сабағында көркемсөз шеберлерін талдаған кезде, Абай шығармаларын салыстыра оқытуға басты назар аударғанымыз жөн. Абай өлеңдері арқылы адамгершіліктің асыл қасиеті мен достыққа тән шумақтарын оқушылар жүрегіне жеткізе білу нағыз шеберлікті қажет етеді. Абай шығармаларындағы шыншылдық, әрбір өлеңінен байқалынады. Халықтың дәстүр мен әдеп-ғұрып, салт сана әрбір өлең шумақтарында кездеседі. Абайдың “Қалың елім, қазағым қайран жұртым”, “Сегіз аяқ” өлеңдерін оқушыларға түсіндіруді түпкі жолдармен іске асыруға болады. Ақын өлеңдеріндегі әрбір шумақтар жақсы мен жаманды, ақылды мен ақымақты, мақтаншақты, достықты білдіре отырып, жақсы болуға, білімге, ғылымға, іскерлікке тәрбиелеуге басты назар аудартады. Бұл жағдайда көп, ұстаздар біле бермейді. Ақынның әрбір өлеңін талдап оқу арқылы оқушыға қажетті шумақтарды жеткізе білу - мұғалімнің шығармашылығының шеберлігін қажет етеді. Абай тағылымына түсіне білуіміз қажет. Абай айтқан әрбір сөзде үлкен мән жатыр. Өлең шумақтарындағы философиялық ойларды оқушыларға дұрыс жеткізе білуіміз қажет. Абай - әдеби тілдің атасы екендігіне кәміл сенуге болады. Абай шығармашылығындағы ойлы шумақтарды әдеби тілдің орынды қолданғандығын өлеңді оқыған сайын білесіз. Оның қара өлеңдеріндегі шығысқа тән терең ойларына да тән қаласың. Абай - сөз шебері әрі әдеби тілдің атасы. Ұлы ақынның айтар ойы, армандаған мұраты қазақ халқының ұғымыме үйлесіп жатыр. Қорыта айтқанда, дәстүрдің ұлы мен үні бола білу - кез-келген ақынның қолынан келе бермейді. Абай өз дәуірінің үні бола білді. Абайды ақын еткен оның шығармасы болса, Абайдың ұлылығын дүние жүзіне белгілі еткен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов болды. Оның “Абай жолы” эпопеясы, Абай өмірінің тарихи кезеңін түгел қамтыды(1) .
Қазақ әдебиетінің классигі - Абайдың шығармаларын мектепте оқытуда ерекше назар аударуға тиісті бір мәселе бар: Ол- ақын мұрасына, олардың тақырыбы мен көркемдік өрнектеріне, әлеуметтік мәселелерге талдау жасау мен ғана шектелмей, суреттердің дүние, өмір қоғам туралы көзқарасын, яғни дүниетанымын көрсететін ойларына да кең сипаттама берілуі керек-ау. Бұл қазіргі уақытта аса жайлардың бірі.
Абай - білімді, философ ақын. Әуезов ақын шығармашылығының қалыптасуына, дамуына үш мәдениеттің елеулі әсері болғанын атап көрсетеді. Мұның біріншісі - қазақ халқының есте жоқ ерте заманнан жиып өсіріп келген өз даналығы - халықтың ауызша әдебиет қоры. Екіншісі - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың рухани қазынасы. Үшіншісі - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениет “Абайдың ақындық біліміндегі ең бір ірі жағы осы айтқан үш қазынаның қайсысына барса да құр ғана үйренуші, еліктеуші боп барған жоқ”, - деп жазды(1) .
М. Әуезов: «Қайдан алсын, нені алсын - баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақындық ерекшелігі арқылы үнемі ой елегінен өткізіп, өз өнерімен мықтап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым табысы етіп ала біледі»(1) .
Біздіңше М. Әуезов осы сөзінде Абайдың дүниетанымына байланысты философиялық мәселені қозғап отыр.
Абай білім терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, адам және қоғам, болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең.
Данышпан ақын дүние құбылыстарын ұғыну мәселесінде ғылымға үлкен мән берген. Ғылым адамның танымдық қызметінің ерекше түрі екенін терең түсінген(2) .
Абай өзі өмір сүрген қоғамның қайшылықтарын әлеуметтік теңсіздіктердің, қазақ елінің экономикалық және мәдени жағынан арта қалушылығының себептерін көре білді. Бақытқа жеткізетін жалғыз жол - өнер мен білімді жоғары бағалау, халықты өнер білімге шақырып, “мыңмен жалғыз алысып”, надандықпен күресті. Міне ойшыл ақынның кітап қырлары осындай.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер деткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім - дейді.
Абай атамыз, бізге өзінің жан озабын ақтарып, басқасын былай қойғанда, осы біз жастар бұл төрт жолдың мойынға түсер салмағының қаншалықты ауырлығын жете сезінуі деп айта аламыз ба?
Абайды қанша оқығанымен шөліңіз қанбай қуныға түседі екенсіз.
Төмендегі екі-ақ шумақ өлеңі оны оқыған жанды ауыр ойға қалдырады.
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшақ басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Сөйткен адам жолығар,
Кешікпей-ақ тосқанға.
Кім мұны өтірік дей алады? Ешкімде. Айналамызға зер салсақ, мұндай жандар республикамыздың кез-келген түкпірінен табылады.
Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір тіршіліктің мағынасы, адам және қоғам, болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең. Абайдың әдеби мұрасынан философиялық категориялардың алуан түрлі көріністерін табуға болады. Абай дүниенің болмасын, оның болған және бола беретіндігін, табиғаттың өмір сүру заңдылықтарын түсінген. Ол құбылыстарының сырын, дүниенің бір қалыпта тұрмайтындығын, жаратылыстың бар нәрсені бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп жататындығын, мұның өзі табиғи дамудың заңдылықтары екендігін таныған(4) .
Абай өлеңдері - еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы шығармалар. Абай дүниеде өмір сүру де, оны білу де, тану да бәрі еңбекпен келетінін түсінді. Адам өмірі үшін де ол еңбектің шешуші роль атқаратынын, еңбексіз өмірдің адамды аздыратынын ескертеді.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп, -
деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі көрінісін, махаббаты жарасқан екі жастың тұлаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді. Абай шығармаларының шалқар көзі дәуірінің қасіреті мол шырайсыз шындығында жатыр. Ақын өмір теңізін кешіп жүріп, оның терең тұнығынан меруерттерді, сынаптай таза мөлдір тұнығынан нәр татты(5) .
Абай шығармаларының шырқау биігі мен шынарлы шықты, жер жүзілік көркем өнер туындыларының ең жақсы үлгілері деңгейінен табылады. Абай есімі адам баласы тарихында сирек кездесетін таланттар қатарында аталады.
Абай лирикасы - өмірдің шынайы жылуына толы күн нұрындай әсерлі шығармалар, жан сергітер самал лебі есіп тұр. Ақын өлеңдері оқушысын күн нұрына бөлеп, көк майсоға орағандай керемет ләззат береді. Ол кейде шексіз қуаныш бесігінде тербетсе, кейде қайғы-қасіреттің қара түнегіне душар етеді. Абай терең ойдың ақыны. Ол әрбір жүрек тебіренте тереңдете толғайды. Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдарының өзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған сайын бұрын оқыған Абай сөздерінің жаңа сырын ашып отырасың.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла, -
деген жолдардың өзінен-ақ ақын көп нәрсе аңғартқандай. Абай дүниенің құбылысын терең түсінген ақын. Абай сөздері ойлы, сырлы (содан жиған тергендерін ой-елегінен өткізе отырып, ақындық қуатты) (6) .
1. 2 Абайдың ұлттық тәрбие негіздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz