2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИДРИСОВА ДИНАРА

2 - СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

050102 - мамандығы-« Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

ТҮРКІСТАН, 2011ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Бастауыш оқыту теориясы мен

әдістемесі» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. д., доц.

Б. Ортаев

«» 2011ж.

Тақырыбы: « 2 - СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ І»

050102 -мамандығы - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған: ППМ- 811о тобының

студенті Д. Идрисова

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Б. Даулетбекова

ТҮРКІСТАН, 2011ж.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5
І. 2-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Оқу материалдарын оқытып-үйретудің жоспарын талдау

1. 2 Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшелігі

1. 3 Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

ІІ. 2 - СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. Ауызша қосу және азайту әдістерін меңгертудің жолдары
  2. Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін көтеру жолдары

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . . 59

Кіріспе

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған жоқ.

Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы" заңында “Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді” - деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда.

Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, «тура пропорционал», яғни тура тәуелділік бар екенін көрсетті.

Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.

Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде « . . . адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын жаңа кезең басталды.

Міне осы “ математикаландыру кезеңінде» орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика пәні болып табылады.

Бастауыш математиканың білім мазмұны « . . . дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес» болу керек.

Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен -күнге нығайып келеді [1] .

Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтаң қай саладан болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә.

Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді.

Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж. Қараев, С. Рахметова, Ф. Ш. Оразбаева, Н. Құрманова, Н. Оразахынова, К. Жақсылықова, Г. И. Уәйісова, Т. Әбдікәрімова, Ж. Балтабаева, Ә. Е. Жұмабаева, Б. Қ. Игенбаева, Р. О. Ізғұттынова, Б. Т. Қабатай, Н. Ә. Тойбазарова т. б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде қарастырылған.

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту», - делінген Қазақстан Республикасының бастауыш білімді дамыту тұжырымдамасында.

Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін әрбір жас баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтарымыз.

Бастауыш мектеп жас кезеңі ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет [1] . Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдауда - кезек күттірмейтін іс.

Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты істі жүктейді.

«Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым А. И. Маркушевич айтқандай, оқушыларға математикалық білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті [2] .

Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.

«Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Д. И. Писарев. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру мұғалімдер үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімінің математика пәні мазмұнының ерекшелігін айқындап, талдауды қажет етеді. Сондықтан диплом жұмысымның тақырыбын «2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: 2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздей отырып, оны анықтаудың әдістемесін ұсыну және оны тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: 2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері

Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:

-2-сынып математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама беру;

-оқу материалдарын оқытып-үйретудің жоспарын талдау;

-математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшелігіне талдау жасау;

-2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтаудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін:

білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.

Зерттеудің көздері:

зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик-әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.

Зерттеудің әдістері: зерттеу алдына қойған мәслелерді шешу үшін

-талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т. б. әдістер арқылы мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;

  • педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
  • педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, бастауыш мектептегі оқу үдерісін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу, математикалық талдау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Диплом құрылымы:

дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

І. 2-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Оқу материалын талдау

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: « . . . практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту», - деп анықтайды.

Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру мәселесі Қазақстанда А. Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, М. Е. Есмұқан, А. Көбесов, Ә. К. Қағазбаева, А. М. Мүбәраков, Д. Рахымбек, О. Сатыбалдиев және басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И. Б. Бекбоев, В. А. Гусев, В. А. Далингер, Ж. Икрамов, А. И. Мордкович, В. А. Оганесян және басқалар тарапынан зерттелген.

Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә. Б. Ақпаева, Ж. Т. Қайыңбаев, М. И. Моро, Т. Қ. Оспанов, А. М. Пышкало және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.

Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін оқыту мәселесін Т. Ж. Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін арттыруда), Б. Беседин, М. Вахидов, М. Е. Степанов (функцияларды зерттеуде), Ю. А. Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К. А. Таңатаров (математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда), Н. И. Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р. Б. Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда), Р. С. Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А. Ө. Байдыбекова, Е. А. Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т. б. ғылыми еңбектерінде негізге алған.

Белгілі қазақстандық ғалым Л. Т. Искакованың зерттеу жұмысы мектепте математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-әдістемелік негізіне арналған.

Бастауыш сыныпта білім берудің көп пәнділігі, тәрбие жүйесінің ерекшеліктері, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендердің мектеп өміріне енуі, педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде, оқулықпен жұмыс істеуді ғылыми тұрғыдан зерттеуді керек етеді.

Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, жоғары білімді маман даярлаудың жаңа стандарты, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуді кәсіби іс-әрекетте меңгерген мұғалімдерді даярлау қажеттілігі туындайды.

Оқулық - ол оқытуды бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап. Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны, мәтінге қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі ол оқулықтану саласы болып отыр, сондықтанда әрбір ұстаз, әдіскер бұл саланы игеруі бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде шығарыла бастаған жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің тұжырымдамасы ғылыми-теориялық бағамдаулар негізінде өмірге келуде. Әйтсе де, жалпы ғылыми қағидалар мен өз еліміздің идеологиясын басшылыққа алып, ұлттық сана, рухани құндылықтарымызды арқау еткен нақты да дәл оқулық теориясын жасау алдағы күндердің еншісінде қалып отыр.

Еліміздің төл Конституциясы, «Тіл туралы» және «Білім туралы» Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, бастауыш сынып оқушыларына математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін оқытуға арнайы көңіл бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстан Респуликасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту.

Бастауыш сынып оқушысын жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу қазіргі заман талаптарының бірі. Өйткені оқушының рухани әлемінің дамуы, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы өздігінен жүрмейтіні анық.

Қандай зәулім үй салсаң да, оның іргетасы дұрыс қаланбаса, күндердің күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді бала тәрбиелеуде де мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ.

Сондықтан білім берудің әр сатысының мақсат - міндеттері, формаларының айқындалуы, 2002-2003 оқу жылынан бастап еліміздің ғалымдарымыз, әдіскерлеріміз, мұғалімдеріміз дайындаған төл оқу құралдарына толық көшуі, осы жаңа буын оқулықтарының нақты іс жүзіне асуы өте маңызды десек қателеспейміз. Алайда, қателесу, кемшілік жібермеу тіршілік иесінің бәріне тән жағдай. Сол себепті, мұндай жағдайда атамыз қазақ айтқандай «көш жүре түзеледі» деген қағиданы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешені білім берудегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, ал бір ғана математика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер М. Дулатов, К. Жәлелов, Қ. Сәтбаев, С. Қожанов, Ә. Қасымов, Е. Қасболатов, Е. Омаров, Т. Құралов сияқты жазушы, ғалымдар ат салысқан.

Оқулық авторлары өз туындыларының бірінші басылымында кеткен, жіберіп алған «әттеген айларын» екінші басылымда немесе мұғалімдерге арналған қосымша оқу құралдарын шығару ия болмаса мақалалар жазуда, лекциялар оқуда түзетуде.

Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріл шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т. б. ) жаңаша ойлау қалыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде.

«Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Кіші мектеп жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.

Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.

Математика - мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия, комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т. б. ) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

  • Жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру;
  • Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім, білік, іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;
  • Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, қоршаған ортаны танып-білуге арналған нысандарды бақылай, өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім берудің мазмұнын іріктеудің негізіне оқытуға құзіреттілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар алынған. Курстың практикалық бағыты мен өмірмен байланысы күшейтілген, меңгеру деңгейінің төмендеуіне байланысты алгебралық және геометриялық материал жеңілдетілген, математикалық дамытуға қажет болатын баланың ойлау стилін қалыптастыру арқылы игеруді жеңілдетуге мүмкіндік беретін материал ендірілген.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оөушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері туралы
Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz