Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І . ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 4

  1. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің жіктелуі . . . 6

IІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ . . . 16

2. 1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары . . . 16

2. 2. Болжамның категориялары . . . 16

2. 3. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.

Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.

Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай деген: “Басқару - бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру - бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1] . Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.

Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.

Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.

Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зерттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері - болжау ұғымына қатысты толық ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.

Жұмыстың зерттеу пәні - әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін көрсету.

Тақырыптың зертелу деңгейі - Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай жұмысымда шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. И. В. Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған.

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және үш кестеден тұрады. Жұмыстың көлемі - 39бет.

Негізгі бөлім

І Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы

Әлеуметтік жұмыс біздің еліміз үшін салыстырмалы түрде ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеттің жаңа аймағы болып табылады және де оның көптеген аспектілері теориялық жағдайда әлі де болса “даулы” мәселе күйінде қалуда. Сондықтан да әлеуметтік жұмытың әдістерін анықтау, оның классификациясы және мазмұнды сипаты үнемі ғалымдар мен практиктердің талқылау пәні болып табылуы кездейсоқ емес.

Жалпы ғылыми мағынада әдіс - философиялық және ғылыми білім жүйесінің негізделуі мен құрылу тәсілі, сонымен қатар болмыс, шындықты меңгерудің теориялық және тәжірибелік операциялары мен амалдардың жиынтығы. Өзінің генетикалық тамырымен әдіс адамның практикалық қызметінен туындайды, оның тәсілдері шындықтың зыңдарына тиесілі болуы керек. Таным барысында ойлау әдісінің дамуы мен дифференциясы әдіс туралы ілімге - әдіснамаға алып келді. Әдіснама - теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру мен ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, сонымен қатар, осы жүйе жайлы ілім.

Әдіснамалық ғылымның негізінде практикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың және білім алудың тәсілі ретінде көрінетін әдіс туралы ілім жатыр. Әдіснамалық талдау объект туралы білім алу қалайша мүмкін, объект туралы қорытындылардың негізділігі мен білімнің дұрыстығын қандай әдістер қамтамасыз етеді, объектінің табиғатына білім алудың қанай поцедуралары адекватты деген сұрақтарға принципиалды жауаптар беруге негізделген. [1]

Әрине, әлеуметтік жұмыс әр аспектіде әртүрлі сапада көрінеді және әртүрлі әдістер мен көзқарастар, бағыт - бағдарларды қолдануды талап етеді. Егер әлеуметтік жұмыстың ғылыми пән ретіндегі басты мақсаты - әлеуметтік шындықты тану болса, онда ол практикалық іс-әрекет ретінде осы ақиқаттың түрленуімен байланысты.

Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді, түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың ( табиғи және әлеуметтік ) бір жағы ұғындырылады. Сонымен қатар ешқандай ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын сферасын шектеуге мәжбүр. Кез - келген ғылым объектіге ол қалыптасқан дәстүрге қатысты бағыт - бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның объектісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объектісінен ажыратылады. Ортақ қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні - ол, таңдамалы түрде алынған объективті қүбылыстың бір салада зерттелінуі.

Ғылымнын пәнін анықтау -сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты. Егер обьект ғылымға тәуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның категориялар жүйесінде тіркелінеді.

Осыған сәйкес, ғылымның объектісі мен пәнінің таңдалуы элеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмүнына әсерін тигізеді. Әлеуметтік жұмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын тигізетін бағыттардың әртүрлілігі тән болып табылады.

В «Словаре-справочнике по социальной работе» ( 2000г ) отмечается : . . . Объектом исследования социальной работы является процесс связей, взаимодействий способов и средств регуляции поведения социальных групп и личностей в обществе. Предметом социальной работы как самостоятельной науки являются закономерности, обусловливающие характер и направленность развития социальных процессов в обществе.

«Основы социальной работы» ( 1999г ) /3/ деген еңбекте көрсетілгендей: « Әлеуметтік жұмыстың объектісі - басқа адамның көмегіне мұқтаж адамдар, қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр сырқаттар, балалар, ауыр өмірлік жағдайға түскен адамдар, теріс жолға түскен жасөспірімдер және т. б. . ».

Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық әлеуметтік жүмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін тигізеді. Объект пен пән тұрғысынан алынған түрлі құрылымдарға қарамастан бұлар бір - біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.

Әлеуметтік жұмыста объектіні тану үшін қолданылатын объективті ғылыми білімнің қалыптастыру әдісі басқа ғылымдарда қолданылатын тәріздес.

Ғылымда білім алу жолдарына қатаң қатынас бар. Олардың жеткілікті қатал регламенттері бар. Алынған білім объективті ғылыми талаптарын қанағаттандыру үшін, ғылымда әдістен тыс білім болмайды : егер қүбылысты зерттейтін ғылымда әдіс болмаса, ол туралы ғылыми білімнің де болмағаны.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы деп - әлеуметтік қызметкердің өзінің іс-әрекетіндегі қойылған мақсатына жеткізетін әдістері мен амалдардың жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік технологиялары қарапайым ( арнайы мамандығы жоқ адамдар да жүргізетін), күрделі ( мамандықты қажет ететін) және комплексті ( бірнеше мамандықтарды қажет ететін) болып бөлінеді.

Әлеуметтік жұмыстың жалпы технологмясымен бірге ( диагноз, экспертиза, болжау, көпшілікпен байланыс) әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін көрсетуге болады.

Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге бөлінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту ( реабилитация) технологиялары.

Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функцияданан тұрады: диагностикалық ( клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттық бақылау ( клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық ( клиенттінің болатын жағдайы анықталады), жобалылық ( шешім қабылддауға ұсыныстар шығару) .

Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар ( инновациялар) енгізіледі, мысалы сенім телефоны.

Әлеуметтік жұмыстың принциптері деп, - оның бастапқы негізін, әрекетінің ережесін айқындайтын идеяларын айтады. Гумандық принципі адамды аса бағалы деп түсінуді талап етеді. Латын тілінен алғанда « гумандық» - « адамгершілікті білдіреді». Қоғамдағы болып жатқан процестерге қарағанда, бірінші орынға адамның назарын қояды. Мысалы, егер адамдар жақсы өмір сүре бастаса, онда елдегі реформа дұрыс жүргізіледі деген сөз. Ал егер, керісінше, адамдар нашар өмір сүрсе, онда реформа қате жүргізілді деген сөз.

Әлеуметтік жұмыста гуманизм адамгершілікті, адамдарға деген адамгершілік көзқарасты, мейірімділікті білдіреді.

Альтруистік қатынас өзімшілдікке ( эгоизмге) қарама-қарсы. «Альтруизм» латын сөзінен шыққан, « басқа» деген мағынаны білдіреді. Ол буддизм мен христиан заманында моральдық принцип ретінде белгілі болды. Терминнің өзін ХIX ғасырда О. Конт « басқа адам үшін өмір сүру » деге көзқарас деп білдірген. Альтруизм әлеуметтік жұмыста адамға адал, риясыздық, жанкештілік көмек дегенді білдіреді.

« Конфиденциалдық» деген қағида сізге адамның айткан құпия сырларын, ауруларын тарихын кімге болса, соған айтпай, құпияда сақтауын білдіреді.

« Демократизм» мен « толеранттық» қағидалары кез-келген адаммен дұрыс қатынаста болуға, оның жасаған қылықтарына шыдамдылықпен, түсінушілікпен қарауды білдіреді.

Демократиялық әлеуметтік қызметкер өзінің клиентінің ойлау құқығын құрметтейді.

Адам құқығы мен заңды сақтау - әлеуметтік жұмыстың қағидалары, ол мемлекеттің саясатын білдіретін заңдарды қатан сақтауды талап етеді.

  1. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің жіктелуі

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған әлемді зерттейтін білімдер жүйесінің көптігіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмұны мен мінезі т. с. с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы ( философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер деп бөліп қарастырылады.

1. Жалпылама немесе философиялық әдіс ~ субъектінің түрлі қызмет түрлерінде дүниетанымдық және әдістемелік бағыттарының бірыңғайлылығымен түсіндіріледі. Жалпылама әдістердің тарихи танымда екі түрі бар: диалектикалық және метафизикалық. Бүл жалпы философиялық әдістер. 19 ғасырда метафизикалық әдіс диалектикалық әдіспен ығыстырыла бастайды. Сонымен қатар әрбір құбылыс пен оқиғалар өзінің құрылуы мен дамуына байланысты зерттелінеді.

2. Жалпы ғылыми әдіс қызметтің көп саласында қолданылады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыста да. Олар барынша кең тәртіп аралық спектрде қолданылады. Жалпы ғылыми әдістердің классификациясы ғылыми таным деңгейімен тығыз байланысты.

Ғылыми таным екі деңгейде: эмпирикалық жэне теориялық деп ажыратылады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейі шын мәнінде бар, сезілетін проблемаларды зерттеумен ерекшеленеді. Осы деңгейде түрлі бақылаулар мен эксперименттер арқасында объект туралы ақпарат жинақталады. Барлық қабылданған ақпараттарды кесте, графика, сызба түрінде жүйелейді. Ғылымда жалпы ғылыми негізгі екі эмпирикалық әдістерді айқындау қабылданған : бақылау жэне эксперимент.

Бақылау.

Ғылыми таным ақиқатты бейнелеудің тәсілі ретінде адам іс - әрекеттінің аясы мен табиғат қүбылыстарының ерекшеліктерін қабылдау қарастырады. Кең мағынада айтар болсақ, әрбір эмпирикалық зерттеудің кез - келген әдісі объектінің өзгешелігі мен өзгерістерін қарастыру мақсатымен оны бақылаудың элементтерін құрайды. Алайда, ғылымда мынадай дәстүр қалыптасқан : ол басқа әдістерден ерекше әдіс, ол өзін - өзі бақылау мен бақылауды біріктіреді. Әлеуметтік жұмыста бақылау түсінігіне, индивидтің жеке ерекшеліктерінің зерттелуі және олардың көрінуі жатады.

Эксперимент - ғылыми танымның басты әдісі. Сонымен қатар әлеуметтік жэне психологиялық зерттеулердің себеп - салдарлық тәуелділіктерін анықтауда жэне зерттеуді жүргізуге қолайлы жағдайдың орнатылуы. Бақылауға қарағанда эксперимент шындықты танудың белсенді жолы. Оның ерекшелігі зерттеуші кез - келген уақытта зерттеуге араласа алады. Егер пассивті бақылау мынадай сұрақтарға жауап ала алса «қалай?», «қандай жағдайда?» ал экспериментте «неге осылай болып жатыр?» деген сұраққа жауап аласыз.

Ғылыми зерттеудің теориялық деңгейінде логикалық таным іске қосылады. Бұл деңгей зерттеу құбылысының терең заңдылықтарын ашуға көмек береді.

Ғылыми абстракция әдісі таным процесінде сыртқы құбылыстардың дерексізденуін және процестің терең маңызын анықтайды. Осы әдіс негізінде танымның екі сатысы бар:

  • зерттеу нақты анализ бен эмпирикалық материалды алудан басталады. Мұнда жалпы ғылыми түсініктерді, анықтамаларды бөліп көрсетеді.
  • танылған құбылыстардың негізінде жаңа қүбылысты түсіндіру жолышығады. Бұл абстракциядан нақтыға шығудың жолы.

Анализ бен синтез әдісі.

Талдау арқылы зерттелініп отырған қүбылыс, процесс құрамдас бөліктерге бөлініп, әрқайсысы жеке дара зерттелінеді. Анализ нәтижесін жалпылай қарастырып, синтез арқылы әлеуметтік процесс туралы бірыңғай ғылыми портрет жасайды.

Индукция мен дедукция әдісі.

Индукцияның көмегімен дара фактор зерттеуден жалпы қорытындыларға ауысу қамтамасыз етіледі. Дедукция арқылы жалпы қорытындыдан жекеге ауысады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы кеңінен алғанда өзіне әлеуметтік даму процесінің теориясын, әдістердің бірыңғайлылығы мен әдістемелердің көптігін көрсетеді.

Тарихи әдіс.

Тарихи зерттеулер пайда болу мен қалыптасудың тарихи уақыт контекстіндегі әлеуметтік заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, процесте әрекет етіп отырған әлеуметтік күштер мен проблемаларды анықтау болып табылады.

Қарапайымнан күрделіге өту әдісі Әлеуметтік процестер күрделі жэне қарапайым әлеуметтік кұбылыстардың жиынтығынан тұрады. Әлеуметтік дамуда қарапайым құбылыстар жоғалмайды, олар күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Күрделі әлеуметтік құбылыстар ғылыми таным аспектісінен негіз алып, одан да айқын анықтама алады. Осыған орай қарапайым әлеуметтік процестен күрделі процеске айналу, ойлаудың абстрактылыдан нақтыға көшу.

Сандық және сапалық анализ бірлігі.

Бұл әлеуметтік қатынасты тану әдісі болып табылады. Әлеуметтік теориялар әлеуметтік процестердің сапалық жағын ғана анықтаумен шектелмейді. Олар сандык байланыстарды да зерттейді және танылған әлеуметтік қүбылыстар сапалы түрде анықталған түрде көрініс табады. Мысылы, процестер құрылымының өлшемі әлеуметтік дамудың көрсеткіштерін көрсетеді.

Жалпы ғылыми әдістерге статистикалық әдісті жатқызуға болады. Математикалық есептеулермен алынған ақпараттың дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Жеке арнайы гылыми әдістер - шынайы өмірдің жеке облыстарының өзгерулерін танудың спецификалық жолы, нақты білім жүйесіне қатысты болады. Мысылы, әлеуметтануда - социометрия әдісі, математикада -коррелляциялық анализ т. с. с. Осы әдістер сәйкестендіріліп әлеуметтік жұмыс проблемаларын шешуге қолданылады.

М. Г. Зайнышевтың айтуы бойынша, отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс практикасында ғылыми зерттеудің тәсілдеріне жеке әдістердің қолданылмағанын айтады. Кейбір авторлар бір ғана іс-әрекеттің жүйесін әдіс деп атайды, басқалары техникасы, кейбіреулері-әдістеме, кейде әдіснама деп атайды /14/.

Танымал әлеуметтанушы В. А. Ядов бұл терминдердің мәнін былай ашады : әдіс - мәліметтерді талдаудың негізгі жолы; техника - әдісті қолдану барысындағы арнайы тиімді пайдаланудың тәсілі; әдістеме -техникалық тәсілдердің қолдануы және олардың ретімен жүруі; процедура- барлық операциялардың реттілігі, зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің жалпы жүйесі. Мысалы, қоғамдық пікірді әлеуметтанушы зерттеу барысында мәлімет жинау әдісі ретінде анкетаны қолданады. Түрлі себептерге байланысты сұрақтардың бір бөлігін ашық түрде, бір бөлігін жабық түрде құрастырады. Осы екі тәсіл анкеталық сұраудың техникасын құрайды. Сұрақ парағы яғни алғашқы мәлімет жинау құралы, респондентке берілетін ережелер бұл жағдайда әдістемені құрайды.

Ғылыми зерттеулер көмегімен практик-мамандар олар қолданған әдістер өз нәтижесін беруде ме, қойылған мақсаттарына жетуде ме, соны анықтай алады. Зерттеулер әлеуметтік жұмыскердің өзімен де және социологтармен де жүргізіледі. Бірақ та әлеуметтік жұмыскерлер зерттеуді өз күштерімен жүргізуді тиімді деп мойындауда. Зерттеу практикалық араласудың қандай типі қай жағдайда нәтижелі болады.

Әлеуметтік жұмыс пәнаралық білімнің облысында пайда болып дамуда,
жаратылыстану (медицина, биология т. с. с. ) әлеуметтік-гуманитарлық
бағыттағы (әлеуметтану, психология, антропология) әрқайсысында жеке
әдістер қолданылады. Олардың мақсаттарына байланысты әдістер мен
техникалар қолданылады. Жеке әдістердің мысалына интервъю, анкета, контент-анализ, эксперттік әдістер, тестілеу, фокус- группа әдісі және осы әдістердің өнімділігін зерттеу жатады.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерінің классификациясы практикалық іс -әрекет тұрғысынан қарағанда күрделі және аз зерттелген проблема. Кәсіби іс - әрекет әдістерінің классификациясы - әлеуметтік жұмыстың ғылыми ұйымдастырудың маңызды компоненті. Алайда әдістерді талдау мен сипаттау, олардың мазмұнды дифференциациясы арнайы әдебиеттерде тек қалыптасу деңгейінде. Егер әлеуметтік жұмыстың анализі білімнің ғылыми жүйесі ретінде гуманитарлы танымның әдіснамасына сүйенетін болса, онда әлеуметтік жұмыскерлердің іс - әрекетінің тәжірбиесінің әдіснамалық негізделуі басқа бағыттар мен жағдайларды қажет етеді.

Кез - келген ғылыми ұйымдастырылған теориялар мен тәжірбиесіндегі әдіснамалық талдауда негізгілердің бірі болып табылады. Ғылымда әрқашан кәсіби қызметте қойылған мақсаттар мен соған жету әдістерін айқындап алған жөн. Егер әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістер мен құрамдас пәндерде қолданылатын әдістер ұқсас болса, онда қызмет әдістері мүлде басқа сапалық типте болады. Дәл кәсіби мақсаттар мен оларға жету жолдарының өзі әлеуметтік жұмысқа дербес мамандық статусын береді.

Ғылымда қызмет әдісі осы әдісті іске асыру жолы ретінде қарастырылып, қойылған мақсатқа жеткізеді. Адамзатпен түрлі қызмет әдістері жиналған. Бірақ та үздіксіз тапсырмалардың күрделенуі жаңа түрлерінің пайда болуы, оларды шешу әдістерін жаңартуға соғады. Бұл пікір әлеуметтік жұмысқа тікелей байланысты.

Жалпы ғылымда әлеуметтік жұмыстың келесі әдістері қалыптасқан :

1. Социологиялық әдістер алғашқы ақпарат рөлін орындайды. Онсыз практикалық әлеуметтік жұмыста анализ жасау мүмкін емес.

2. Әлеуметтік жүмыстың педагогикалық әдісі:

  • Сананың қалыптасу әдісі;
  • Іс-әрекеттің қалыптасу әдісі;
  • Қолдау мен сөгу әдісі;
  • Тұлғаның ұжымдық қызметке ену әдісі;
  • Уақыт өте киындайтын қызметке бейімделу әдісі;
  • Педагогикалық түзету әдісі;

3. Психологиялық әдістері

  • Психодиагностика әдісі;
  • Психологиялық кеңес әдісі;
  • Психологиялық таңдау ;
  • Әлеуметтік - психологиялық тренинг, аутотренинг ;
  • Жүріс - тұрысты түзеу әдісі, мотивация, қарым-қатынас, өзін-өзібағалау ;

Осы классификацияда әлеуметтік жұмыс түрлі аспектілерде психологиялық, педагогикалық практикаға сіңісіп кеткенін байқаймыз.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін классификациялауда түрлі пікірталастар жүріп, кейінірек әлеуметтік жүмыстың әдістерінің үш тобын бөліп көрсету ұйғарылды.

Әлеуметтік жұмыстың практикасында қолданылатын әлеуметтік көмек беру әдістері топтастырылды :

  1. Әлеуметтік - экономикалық ;
  2. Әкімшілік - ұйымдастырушылық;
  3. Психо - педагогикалық ;

Әлеуметтік-экопомикалық әдістерге әлеуметтік жұмыстағы көрсетілетін барлық көмек көрсетудің жолдары жатады. Олар клиентке әлеуметтік жұмыс тарапынан рухани - материалдық, ұлттық, отбасы және басқа да әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Бұл топқа табиғи жэне ақшалай көмек, жеңілдіктер тағайындау, жәрдемақы, потранаж, тұрмыстық қызмет, рухани көмек беру жатады.

Ұйымдастырушылық реттеу әдістері .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Педагогика ғылымының қызметтері
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогика ғылымының әдістері
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz