Математика пәнін оқыту арқылы бастауыш мектеп оқушыларын уақытты орынды пайдалануға үйрету жолдарын көрсету


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негізі.
- Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысында жас ерекшелігін ескеру.
- Бастауыш мектеп оқушыларын оқыта отырып тәрбиелеудің жолдары.
ІІ тарау. М атематика сабақтарында бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды уақытты орынды пайдалауға үйрету
2. 1. Бастауыш мектептегі математика пәні мазмұнының құрылымдық ерекшеліктері.
- Математика сабақтарында тәрбие беру жолдарының өзіндік сипаты.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Халыққа білім беру ісін жетілдіру - мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Ел президенті 2030 - жылға қарай Қазақстан Республикасы Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді, Біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады, - дейді.
Президентіміздің үкілі үмітін ақтауға барлық іс-әрекет, күш жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы тәрбиенің рөлі мен мүмкіндіктері арта түсуде.
Педагогика ғылымының тарихына көз жүгіртіп қарасақ, оқу процесінде оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай сонымен қатар тәрбиенің түрлі қырларын жүзеге асыру маңызды орын алғанын байқаймыз.
Педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции және т. б орыс халқының өкілдері К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б қазақ халқының өкілдері Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, және т. б. ұлы тұлғалар өскелең ұрпақтың оқу тәрбие ісінің жұмысын ұйымдастырудың жаңа қырларын ашуда ең бірінші бастауыш білім беру жүйесі мен кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын қалыптастыруда оқу - тәрбие жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері мен теориялық және әдістемелік мәселелеріне аса көңіл бөліп, осы бағытта көп жұмыс жасағандарын аңғарамыз.
Педагогтардың басшылығымен сабақты жүйелі түрде оқыту үшін мұғалімнің сабақта жұмыс істеуге мүмкіндігінің болуы, оқушылардың білімі мен жан-жақты дамуына педагогтар тарапынан жағдай жасалуы тиіс. Қазіргі оқытудың тәрбиелік және оқушыларды жан-жақты дамыту сипатына ерекше мән беріліп - оқытудың методологиялық негізі бүкіл сабақтың барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, сабақ процесінде оқушыларға жан-жақты тәрбие беру.
Оқыту мен тәрбие біртұтас педагогикалық процесс екендігін ескере отырып, оқыта отырып тәрбиелеудің мәні - тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру болып табылады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын - мектеп. Балалар мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алып шығады. Сол себептен де оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту керек. Тәрбие шектен тыс қалып, оқыту жоғары болғанымен оқушы жан-жақты дамымайды.
Зерттеудің пәні: математика (4 сынып)
Зерттеудің обьектісі: Математика пәнін оқыта отырып тәрбиелеу.
Зерттеудің мақсаты: Математика пәнін оқыту арқылы бастауыш мектеп оқушыларын уақытты орынды пайдалануға үйрету жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1) Тақырып төңірегінде жазылған педагогикалық - психологиялық, тарихи-философиялық және тағы басқа ғылыми тұрғыда жазылған теориялық еңбектерге талдау жасау.
2) Оқыту барысында оқушыларға тәрбиелік іс-әрекеттерді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша тарихи, дидактикалық, теориялық, және оқу әдістемелік құралдарды оқып талдау; Оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысында жас ерекшелігін ескеру.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабәлеті менбіліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Ұстаз еңбегінің нәтижелі болуы тек жекелеген пәнді терең меңгерту ғана емес, сонымен қатар педегогикалық-психологиялық негізін терең білумен де байланысты. Өйткені жеткіншектердің таным үрдісін: қабылдауы мен қиялын, ойлауы мен есіне сақтауын, ерік, жігерін, т. б. білмей тұрып сапалы білім, сапалы тәрбие беру мүмкін емес.
Оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты - оқушыларда білік, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық жақтан дұрыс ұйымдастыра білу аса қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз оқушының жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығуын ояту.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі-бала, жеткіншек, жас өспірім ортақтығымен түсіндіріледі, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері.
Көрнекті грек философы Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді (7 жасқа дейін, 7 - 14 жасқа дейін, 14 - тен 21 жасқа дейін) . Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескере көрсетті.
Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы Жан Жак Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі.
1-кезең баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі
- 2-кезең 2-ден 12 жасқа дейінгі3-кезең 12-ден 15 жасқа дейінгі4-кезең 15 жатан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері.
Баланың осындай жетілу дәуірлерінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.
Оқыту барысында жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және дамуына келер болсақ, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық педагогикалық ой - пікірлерге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның “Адам тәрбие тақырыбы” деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: “… өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психологиялық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс- әрекет жасаңыздар”, - деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психологиялық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Жас ерекшелік психологиясы проблемаларын ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғалымдар Б. П. Ананьев, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В Давыдов, А. В. Запорожец, Л. В. Занков, Г. С. Костюк, А. Н. Леонтьев, Н. А. Менчинская, Д. Б. Эльконин тағы басқа нәтижелі зерттеді.
Бір қатар еңбегінде (Н. А. Менчинская, Г. С. Костюк т. б) оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс-әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды. Яғни оқушылардың білімді игеруі мен олардың дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатынын ашып көрсетті. Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың игеруге тиісті ұғымдардың белгілері мен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқыту да неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болды.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді.
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту және тәрбие беру жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс-жүзіне асырылады.
Әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке- жүйесінің қызметін, мінез-құлық, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін, қабілетін білуі, күнделікті тәрбие жұмысында осы ерекшеліктерді негізге алуы, сөйтіп әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал.
Бұл принцип халық педагогикасында да ескерілген: “Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу”, “Жаманнан жақсы туады, атасын айтсаң - нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз”, - деп әр адамның жеке ерекшелігі, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан тәрбиеде әр балаға жеке келу қажеттігін танытады. Сонымен бірге тәрбие жұмысында жас ерекшелігін ескеру керектігін “Баланы бес жасқа дейін патшадай қара, он жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңа бала”, - деп бағдар берген.
Әр бір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамуының белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әрі кезде көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысына екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл-әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді. Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен баланың жеке басының психикалық дамуының деңгейімен, білім ойлауының даму дәрежесімен белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады. Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірі бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын байдың өсуін, дене салмағының артуын яғыни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің еліміздің ғалымдары-педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөлінеді.
Мысалы ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т. б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
Соңғы жылдары туған жастан жас өспірім шаққа дейін 7 топқа бөліп қарастырып қаралуда.
- Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін) .
- Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жылға дейін) .
- Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) .
- Мектепке дейінгі шақ (4 жастан 7 жасқа дейін) .
- Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін) .
- Жеткеншек шағы (11-12 жастан 14, 5 жасқа дейін) .
- Жас өспірім шақ (14, 5жастан 17 жасқа дейін) .
Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.
Психологиалық-педагогиканың зертеулері тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген программа бойынша оқыту нәтижелі оқу процесін белгілі бір түрде ұйымдастырып оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетіні көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс-әрекетінің неғұрлым жоғары дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясынан педагогикалық критерийлерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері (кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ, балдырғандық және мектепке дейінгі шақ ) деп бөлінеді.
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылар (яғни бастауыш сынып 1-ден 4-ші сыныпқа дейін), ортаңғы сынып (5-9 сынып), (9-11) жоғарғы сынып деп топтастырылуда.
Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері: бұл жаста бала организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. 3-7 жасқа дейін жалпы өсумен қатар ткандармен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдалуының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110грамнан 1350 грамға дейін өседі. Шартты рефлекс пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Мектепке дейінгі шақтың ерекшелігі құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынастарының пайда болуы “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей психологиялық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан бала-бақшада немесе дайындық тобында тәрбиеленген бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын болып есептеледі. Себебі бала өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын - баланың психикасында сапалы өзгеріс туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандыра алмайды. Бұл қажеттілікті балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес сол сияқты әлеуметтік қарым-қатыасты да нақтылап көрсетеді. Ойын барысында бала белгілі рөлдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар ұжымдық сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге өзіндік сапасында жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу әлеуметтік сезімдерін топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б қабілеттерін қалыптастырады.
Ал баланың мектепке дейінгі шақтағы сенсорлық дамуына келер болсақ - бұл жастарда баланың сөздік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейінмен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады. Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері қимылын сезгіштігінің табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі түстер мен олардың ренктерін ажырату нәзіктігі артып фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол - белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұлар өздігінен бола салмайды сан алуан қасиеттер мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттеріне игеруінің нәтижелі болып есептелуі.
Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бір сыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т. б байқалады.
Бала бастауыш мектеп шағында денені барлық органдарымен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа, бел бүгілістері дамиды. Әйтседе қанқаның қатаюы әліде аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктерде ашады. Сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының оқу жабдықтары парта немесе стол, орындық көлемінің сай болуы, оған дұрыс отырғызу - бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі осыдан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz