А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ



1 Қазақ әдебиетіндегі Құран хикаяларын жырлау
2 Жалпы мұсылман әлемінде бар дәстүр
3 Шәді Жәңгірұлы негізгі тақырып
Қазақ әдебиетіндегі Құран хикаяларын жырлау, Мұхаммед Пайғамбар, төрт шарияр, сахабалар өмірін арқау еткен діни қиссалар дәстүрі ежелгі дәуірлерге жол тартып жатқан көне әдеби құбылыс екені анық. Ахмет Ясауи хикметтері, Ж.Баласағұн, А.Жүйнеки шығармалары мен Алтын Орда дәуірінде өркендеген жазба әдебиеттің де басты тақырыптарының бірі – дін, Адам Атадан бастап күллі пайғамбарлар мен Мұхаммет Пайғамбардың өмір жолын жырлау болды. Сондай шығармалардың қатарында Рабғузидің «Қисасу-л-Әнбиясы» мен Махмуд бин Әли ас-Сараи ... әл-Кердерінің еңбегі «Нахжу-л-Фарадистерді» ерекше атап айтуға болады. Ғалым Ә.Наджип Рабғузи қиссаларын сөз еткен тұстарда шығарманың Тоқбұға әміршінің өтінішімен жазылғанын, сол дәуірде осы тақырыпқа қатысты еңбектердің мол болғанын автор Насыр Бұрхан-ад-Дин Рабғузидің өзінің жазып кеткенін айтады [1, 128]. Осы әдеби дәстүр қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қайта өркендеді.
1 Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур. Туркестан: «Туран», 2007
2 Әуезов М.О. ХҮПІ-ХІХғ. ақындары // Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы: Т.16. -А., 1985. -Б. 176-198
3 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, 1993
4 Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. –Астана, 2000
5 Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. Алматы, 1994
6 Қыраубайқызы А. Шығыстық қисса-дастандар. Алматы, 1997
7 Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы, 1988
8 Бермағамбетов С. Діни-ағартушылық және Кердері Әубәкірдің әдеби мұрасы, канд. дисс. авторефертаты. А., 1995
9 Камалқызы Ж. Ақылбек Сабалұлының әдеби мұрасы, канд. дисс. Түркістан 1999
10 Керім З. Қолжазба дастандар (канд. дисс.) Түркістан, 2000
11 Алпамысова З. Халық ақыны Қуаныш Баймағамбетовтің әдеби мұрасы, - Алматы, 2002
12 Тұяқбаев Ғ. Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының әдеби мұрасы, - Тараз, 2004
13 Сейтжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері және қазақ әдебиетімен дәстүр сабақтастығы («Мұхаббат-нама», «Хұсрау-Шырын» поэмалары негізінде). Канд.дисс. –Астана, 2003
14 Тулеубаева С. «Тысяча и одна ночь» в казахской фольклорной традиции... КДА, -Алматы, 2004
15 Егеубаев А. Кісілік кітабы. –Алматы, 1998
16 Қожа Ахмет Ясауи.Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). -Алматы, 1993
17 Жәңгірұлы Ш. Назым Сияр Шәриф. Алматы: Қазақстан, 2003
18 Баласағұн Ж. Құдатғу білік. Алматы: «Жазушы», 1986
19 Шайхисламұлы Ж. Қисса Йусуф әләйхис-салам илән Зулейханың мәселесі. Қазан, 1918

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ
Ф.ғ.к, доцент С. ЕРГӨБЕК,
қазақ әдебиеті кафедрасының магистранты А.Малтабарова

Қазақ әдебиетіндегі Құран хикаяларын жырлау, Мұхаммед Пайғамбар, төрт
шарияр, сахабалар өмірін арқау еткен діни қиссалар дәстүрі ежелгі
дәуірлерге жол тартып жатқан көне әдеби құбылыс екені анық. Ахмет Ясауи
хикметтері, Ж.Баласағұн, А.Жүйнеки шығармалары мен Алтын Орда дәуірінде
өркендеген жазба әдебиеттің де басты тақырыптарының бірі – дін, Адам Атадан
бастап күллі пайғамбарлар мен Мұхаммет Пайғамбардың өмір жолын жырлау
болды. Сондай шығармалардың қатарында Рабғузидің Қисасу-л-Әнбиясы мен
Махмуд бин Әли ас-Сараи ... әл-Кердерінің еңбегі Нахжу-л-Фарадистерді
ерекше атап айтуға болады. Ғалым Ә.Наджип Рабғузи қиссаларын сөз еткен
тұстарда шығарманың Тоқбұға әміршінің өтінішімен жазылғанын, сол дәуірде
осы тақырыпқа қатысты еңбектердің мол болғанын автор Насыр Бұрхан-ад-Дин
Рабғузидің өзінің жазып кеткенін айтады [1, 128]. Осы әдеби дәстүр қазақ
әдебиетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қайта
өркендеді. Қазақ әдебиеті тарихындағы бұл әдеби құбылыс кеңес дәуірінде
арнайы зерттеу нысаны бола қоймады. Бірақ ХІХ ғасыр әдебиетінің, ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиетінің тарихы сөз болған тұстарда әр ғалым өзінің
зерттеу еңбегінің тақырыбына орай тек жанама сөз етіп отырды. Онда да бұл
әдеби дәстүр – діни ағартушылық ағым – көп жағдайда сыни тұрғыдан бағаланып
жатты. Тақырыптың зерттелуіндегі алдыңғы толқын ретінде М.Әуезов [2],
Б.Кенжебаевтардан [3] бастап Н.Келімбетов [4], Ө.Күмісбаев [5],
А.Қыраубаеваға [6] дейін осы сипатта болды. Аталып отырған кеңес дәуірінің
жас ғалымдары осы тақырыптың кейінгі жаңаша зерттеулерінің басы болды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін бұл тақырыпта көптеген ғалымдар зерттеу
жұмыстарын жүргізді. У.Қалижанұлы [7], С.Бермағамбетов [8], Ж.Камалқызы
[9], З.Керім [10], З.Алпамысова [11], Ғ.Тұяқбаев [12], Қ.Сейітжанов [13],
С.Тулеубаева [14] секілді зерттеу еңбектері. Аталған тақырып бұл еңбектерде
бірде фольклорлық мұра, бірде әдеби мұра ретінде қарастырылады. Осы ретте
әсіресе бұл тақырыпты арнайы монографиялық дәрежеде зерттеген Н.Келімбетов,
А.Қыраубаева, Б.Әзібаева, У.Қалижандарды ерекше атап өту қажет. Бұл
ғалымдардың еңбегі кітаби ақындар және олардың шығармашылық мұрасы жөнінде
бұрынғыдан гөрі көп алға басушылық болды.
Ғалым Н.Келімбетов Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы, шығыс классикалық
поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі секілді тақырыптарда жұмыс
жасап, кітаби ақындар жазба әдебиет өкілдері және олардың шығармашылық
мұрасы жазба әдебиет деген қорытындыға келді. А.Қыраубаева бұл тақырыптың
тарихын Алтын Орда дәуірінен бері тартып, ХХ ғасыр басымен сабақтастырды.
Фольклор мен жазба әдебиет арасындағы аралық, көпір ретінде таныды.
Б.Әзібаева кітаби ақындарды фольклорлық мұраны жазып алып, жырлаушылар
ретінде, олардың шығармашылық мұрасын тұтас фольклорлық мұра ретінде
таниды.
Ғалым А.Егеубаев Кісілік кітабы атты зерттеу еңбегінде түркі
әлемінің қос алыбы, ұлы ойшылдар Әбу Насыр әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұн
шығармашылығындағы ойшылдық үндестікті өзара сабақтастықта қарастырады.
... Әл-Фараби даналық толғамдары мен Жүсіп Баласағұнның эстетикалық
көзқарастарының арасындағы үндестік, сабақтастық желісі бүгін де айдан
анық. Ежелгі дүние әдебиетінде ақыл, білім, бақыт туралы тебіреністер
дәстүрлі тақырып арналары болған деуге сая салу оңай. Бірақ екінші ұстаз
ілімімен Жүсіп Баласағұн арасындағы тектестікті, тамырластықты сезбеу тағы
да мүмкін емес. Ой толғам табиғатының, эстетикалық көзқарастық бірлігі
даусыз. Фараби көптеген трактаттарында ғылыми толғам, ғылымдық көзқарас пен
ақыл-білімнің негізі, пайдасы адамның құт-бақыты, жақсы әкімдердің құлық
табиғаты туралы құнды көзқарастарын білдірсе, Құтты білікте осынау
әлеуметтік мәні күшті толғам-пікірлер өлеңмен, дидактикалық поэзия
үлгісімен жырланады. Біздіңше, Орхон-Енисей, Фараби мұраларынсыз Құтадғу
біліктің іргесі үнемі жалаңаш қала бермек. Осы ортада елеулі мәдени
дәстүр, мектеп жатыр [15, 116-117]. Ғалым пікірінде кез-келген ол мейлі
әдеби, мейлі фәлсафалық туынды болсын тосыннан туылмайтынын, соған дейінгі
сол дәуірдегі арғы-бергі не әдеби, не фәлсафалық дәстүрлер мен мектептер,
ой-орамдар үндестігі мен жалғастығы, сабақтастығы дәрежесінде дүниеге
келерін аңдаған, аңдатқан ой бар. Сол секілді ортағасырлық әдеби, діни-
фәлсафалық жәдігерлер, атап айтсақ, Ахмет Ясауидің Хикметі мен Жүсіп
Баласағұнның Құтадғу білігі, Ахмет Йүгнекидің Һибат-ул-хақайығы ұзақ
ғасырлар бойы түрік халықтарының сөз өнерінің өркендеуіне мол үлес қосып
келгені даусыз. Аталған ұлы жәдігерлердің ХІХ-ХХ ғасырлардағы бүкіл қазақ
әдебиетіне жасаған игі-ықпалы жөнінде де солай деуге болады. Мысалы,
А.Ясауи шығармашылығының, оның хикметтерінің қазақ әдебиетіне еткен игі
әсері, дәстүр болып енген ықпалы жөнінде ғалым М.Жармұхамедұлы: Диуани
хикмет бастан аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Дін қағидалары
мен жалпы адамгершілік, мейірім-шапағат, бауырмалдық мәселелерінің туған
әдебиетімізде кең қанат жаюына осы Диуани хикметтің әсер-ықпалының мол
болғаны даусыз,- дейді [16, 13]. Сонымен бірге, ғалым ұлы ақын
хикметтерінен қазақ әдебиетіне дәстүр болып енген тақырыптар мен
үндестіктер мәселесін, образдар жүйесін Әбубәкір Кердері, Дулат Бабатайұлы,
Абай шығармаларымен сабақтастыра қарастырады. Әлбетте, аталған
шығармалардың бүкіл қазақ әдебиетіне еткен әсер-ықпалы мәселесінен осы
кезеңде шығармашылық еткен кітаби ақындар шығармашылығы да тыс тұра
алмайды. Керісінше, діни оқу орындарында тәрбиеленген, бүкіл шығармашылық
ғұмыры дінмен, діни-фәлсафалық әдебиетпен, мұсылмандық шығыспен байланысты
қалыптасқан кітаби ақындар шығармашылығы оларға барынша жақын болды деуге
болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында ерекше дамыған
кітаби ақындар шығармашылығы да кездейсоқ туындаған әдеби құбылыс емес.
Керісінше, өзінің табиғи дәстүрлі даму жолымен келген, ежелгі әдеби, діни-
фәлсафалық дәстүрмен сабақтастықта дамыған әдеби құбылыс. Демек, кітаби
ақындар шығармашылығының қайнар бастауында ең алдымен ортағасырлақ әдеби,
діни-фәлсафалық жәдігерлер А.Ясауи, А.Баласағұни, А.Йүгнеки шығармалары,
онан соң Алтын Орда ескерткіштері, Рабғузидің Қисасу-л-Әнбиясы мен Махмуд
бин Әли ас-Сараи ... әл-Кердерінің еңбегі Нахжу-л-Фарадистері тұр десек,
қателеспейміз. Яғни, кітаби ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетінің ежелгі
әдебиетпен табиғи байланысын, сабақтастығын көрсетеді. Бұл ретте Шәді
Жәңгірұлының Назым сияр Шариф шығармасын ерекше атап айтуға болады.
Себебі бұл туынды - Рабғузи қиссаларының ізімен жырланған немесе ақынның
бұл шығарманы жазу үстінде пайдаланған басты еңбектерінің бірі болды дей
аламыз. Сол секілді кітаби ақын Жүсіпбек қиссаларының да көпшілігіне
Рабғузи қиссалары оқиғалары өзек болып өрілгені даусыз. Мәселен, оның
Қисса Хазірет Жүсіп Аләйһиссалам Илән Зылиханың мәселесі, Қисса
анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны, Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр
секілді діни дастандары.
Жалпы мұсылман әлемінде бар дәстүрдің бірі – кез-келген еңбекті Алла
Тағаланы мадақтап сөз етумен ашу. Сонан соң ғана негізгі мәселеге көшу. Сол
секілді біздің ортағасырлық әдеби ескерткіштеріміз де осы дәстүрді
ұстанған. Мысалы, Құл Қожа Ахмет Ясауи өзінің хикметтерінің өн бойында
Алланы түрлі есімдерімен құрметтеп атап отырады. Аллаға ғашық болу, дидар
көруге құштар болу тек бір Аллаға арналып өлеңмен өріліп отырады. Ясауи
хикметтері негізінен Аллаға зікір айтуға лайықталып белгілі бір ырғақтарға
құрылып отырған. Сол себепті де шумақтың не екінші жолы, не төртінші жолы
бір сөзбен аяқталып отырады. Мысалы:

Бісміллә деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен Дәптер сәни сөзін аштым міне [16, 17].

Сол секілді әр екінші жол не төртінші жол үнемі қайталанып отырады.

Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма,
Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне.
Барша әулие жиылып келіп ырзық берді,
Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне [16, 25].

Немесе:

Құлһу Аллаһу Субхан Аллаһу құлшылық қылдым,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін бе?!
Бастан-аяқ қасіретіңде күйіп-жандым,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін бе?! [16, 31].

Бұл хикмет жолын мысал етіп отырған себебіміз: олар Хақ Тағалаға
арналған және әдемі әуез, әуенмен, ырғақты жүйемен орындалып отырғаны
аңғарылады. Сол секілді Құл қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің тұтастай
жолдары Мұхаммет пайғамбарға, Төрт шариярды жырлауға арналған. Олардың дін
мұсылман жолындағы қайраткерлік істері, әсіресе, Мұхамет пайғамбар көп
жырланған. Ақын хикметтерінде Аллаға ғашықтықты, оның дидарын бір көруге
күйіп-жанып құштар болуды жырласа, Пайғамбарды ерекше ілтипат, құрметпен,
сүйіспеншілікпен жырлайды және пайғамбар тақырыбына үнемі қайта соғып
отырады. Ол өлең жолдарын алқалық зікірге лайықтап, ырғақпен беріп отырады:

Есіме түсіп жанымдай сүйген Мұхаммет,
Сенің жолыңа пида болам, Мұхаммет...
... ..
Айналайын нұр жүзіңнен, ей, Алла,
Бір тамшыдан дариядай тасыт мені, Мұхаммет.
... .
Әуел бастан бір тамшы шарап маған нәсіп болған,
Ұдайы сіздің даналығыңызды мадақтайын, Мұхаммет [16, 53-54].

Ақын пайғамбар тақырыбына үнемі қайта соғып отырады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Пәндер