Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы



I .Кіріспе
II. Негізі бөлім
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқыту технологиясының маңызы
III.Қорытынды
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу- ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » бағдарламасында көрсетілгендей... «Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі –орыс тілінің жетіліп көркеюіне баса назар аудару»,т.б. болмақ. Бұл пәнде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру , бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ.
1. Қоянбаев Ж..Б . Қоянбаев Р. М.
«Педагогика» Алматы 2000ж
2.Қалиев С. «Этнопедагогика» Астана 2007ж
3. Табылдиев Ә. «Қазақ этнопедагогикасы» Алматы 2001ж
4. Сарбасова Қ. «Математика мұғалімдерін даярлау» Астана 2003ж
5. Информатика негіздері. Ғылыми әдістемелік журнал.2008ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
I .Кіріспе

II. Негізі бөлім
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы
оқытудың маңызы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқыту технологиясының
маңызы
III.Қорытынды

I.Кіріспе
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу- ағарту ісінде
оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан -2030 бағдарламасында көрсетілгендей... Қазақстандық
патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық
мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін
қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын
мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі –орыс тілінің жетіліп
көркеюіне баса назар аудару,т.б. болмақ. Бұл пәнде көзделетін мақсат
келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті
білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру , бүгінгі нарықтық
қатынас жағдайында өздерінің ата-бабларының дәстүрін сақтай отырып еңбек
етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң
қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.
Студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми
негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің
теориясы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесімен этнопедагогика пәні
айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне
негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.
Этнопедагогиканың мақсаты- халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін,
ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты
жетілген, саналы намысқор,патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың
бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де,
ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты
жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар
жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер
туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырады.

II.Негізгі бөлім
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың
маңызы.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытуға кәсіби даярлығын
жетілдірудің бір жолы олардың математиканы оқытуда халықтық тәжірбені
биімді пайдалана білуі болып табылады. Өйткені халықтың ұрпақ
тәрбиелеудегі сан ғасырлық тәжірбиесінде мектеп практикасында математиканың
пайдалануға болатын материалдар баршылық (қазақ халқының ауызша есептері,
ауыз екі шығармашылық үлгілері, қазақтың байырғы өлшемдері, т.б).Бұл
материалдар бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытудың құралы бола
алады, себебі, ол біріншеден, оқушылардың математикалық білім, біліктілік,
дағдысын қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытып,
ақыл-ой ұшқырлығына, шапшандығына баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінен мағлұмат беріп, ата салт-дәстүріне аялы көзқарасты
қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет-ғұрпы
арқылы жалпы адамзаттың әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа
халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден,
оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отансүйгіштікті
дамытуға жәрдемдеседі. Бұл материалдарды бастауыш сыныптарда математиканы
оқытудың әртүрлі формаларында-сабақтарда, математикалық үйірмелерде,
математикалық кештерде, т.б. пайдаланудың мәні зор. Өйткені бастауыш сынып
оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ойын іс-әрекеті
оқыту процесінде жетекші роль атқарды.Оқушының оқу танымдық іс-әрекетін
оқытудың әртүрлі құралдарымен (ойындар, жұмбақтар,т.с.с.) белсендіру арқылы
нақты нәтижеге қол жеткізуге болатындығы педагогика ғылымында әлдеқашан
дәлелденген болатын.
Ауызекі поэтикалық шығармашылықтыңөте бай үлгілерінің бірі-ойындар
мен ойын-өлеңдері бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда маңызды
орын алады.
Оларды математиканы оқыту процесінде қолданғанда,ойын процесі мен оқу
процесінің бір-бірімен ажырамағаны жөн.Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай
да білімді игеріп жатқанын,ал оқу процесінде қалай ойынға араласып кеткенін
аңғармауы шарт.Сонда ғана мұғалім халық ойындарын оқу іс-әрекетімен
байланыстыра алғандығын байқатады және оқушыларда пәндік
білім,біліктілік,дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Қазақ халық ойындарын пайдалануда мұғалімге мынадай талаптар
қойылады:
-ойынның сабақтың немесе сыныптан тыс жұмыстың әрбір кезеңіндегі орны мен
мақсатын,міндеттерін нақты анықтау ;
-оларды қолданудың теориясы мен практикасын жетік игеру;
-ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын ала дайындау.
Математиканы оқытудың әдістемелік құралы бола алатын жұмбақтарды
былай топтауға болады: қандай да бір заттың немесе құбылыстың сандық
сипаттамасын тұспалдайтын жұмбақтар; зат немесе құбылыс
бөліктерінің,жаратылыс иелері мүшелерінің сандық мәнін тұспалдайтын
жұмбақтар.
Математикалық мазмұндағы жұмбақтардың педагогикалық
мүмкіндіктері:оқушыларға заттың немесе құбылыстың сандық сипаттамасын және
мәнін түсінуге, көре білуге септігін тигізеді;олардың ой-өрісін, білім
қорын кеңейтеді, ақыл-есін, қиялын дамытады, ойын шынықтырып, ойлауға
жаттықтырады, зейіні мен ынта-ықыласын арттырады, дүниетанымдық көзқарасы
мен эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Ауызекі халық шығармашылығында мақал-мәтелдер елеулі орын алады.
Халық мақал-мәтелдерін зерттей отырып, қазақтардың математикалық білімге
деген талаптарын тұжырымдауға болады. Мәселен, Есепсіз дүние жоқ ,
Есебін тапқан екі асар, Саны бардың мәні бар деп халық даналығы жас
жеткіншіктерді сан ілімін меңгеріп,оны үйренуге, оған үлкен жауапкершілігін
қарап, есептің өмірдегі мәнін дұрыс түсінуге шақырады.
Сондай-ақ мақал-мәтелдерде халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, адам
жанының нәзік сырлары ( ерлік пен батырлық, достық пен ынтымақ, т.б.)
сияқты іргелі мәселелермен қатар қазіргі математика ғылымында кездесетін
ұғымдардың да үлкен тізбегі (сан,кеңістік,артық,кем,тең,шамалар ,т.б) әр
қырынан көрінеді.
Халық ауыз екі шығармашылығының аса бір қызықты саласы-қазақ халқының
ауызша есептері бастауыш мектепте математиканы оқытудың қажетті, әрі
мазмұнды құралы болып табылады.Оларда халықтың әр дәуірдегі әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайы,кәсіби еңбегі,дүниетанымы,болашаққа деген сенімі,есепке
жүйріктігі,ақыл –ойының ұшқырлығы айқын бейнеленген. Ауызша есептер аса
қарапайымдылығымен,логикалық шымырлығымен,қысқада бейнелі тілінің
түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады.
Бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын есептердің көпшілігі
арифметикалық амалдардың нәтижелерінің мәнін табуға (Тоғыз тораудағы
кездесу, Сабантойда,т.б) амал компоненттері нәтижелерінің арасындағы
тәуелдікті тағайындауға негізделеді. Бұл есептерді бастауыш мектеп
математикасының мазмұнындағы оқу материалына және оларды оқыту мақсатына
сәйкес әр сыныптардағы сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда пайдалана
отырып,оқушылардың әр түрлі әрекеттерін (ұжымдық,топтық,дара) ұйымдастыруға
болады.
Ауызша есептерді шығару жұмысын ұйымдастыруда бастауыш мектеп
математикасындағы есептерді шығару әдістемесін басшыллыққа алу
керек.Сонымен қазақ халық есептерінің мазмұнын талдау,шығару әдістемесін
айқындау олардың бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда
төмендегідей педагогикалық мүмкіндіктері бар екендіктерін ашып көрсетті:
1. білімділік: бағдарламалық талаптарға сай білім,біліктілік және дағдыны
қалыптастырады,есепті шығару жолдарын меңгертеді, қолайлы тәсілді өздігінен
табуға үйретеді, қазақ халқының байырғы өлшемдері туралы тұсінік береді,
математикалық білімді күнделікті өмірде, нақтылы жағдайларда қолдана білуге
баулиды;
2. тәрбиелік: ұлттық сана –сезімді қалыптастырады, адамгершілік асыл
қасиеттерді бойға сіңіреді,кәсіби еңбекке бейімділікті,халықтық дәстүрге
сыйлы қатынасты тәрбиелейді;
3. дамытушылық: ақыл ойды, логиканы дамытады, ойлаудың математикалық стилін
қалыптастырады, есеп шығаруға құштарлықты арттырады, психикалық қасиеттерді
(зейін,ес,қабылдау,ой,т.б) жетілдіреді.
4. танымдық : халықтық тұрмыс-тіршілігімен, өмір тәжірибесімен, кәсіби
еңбегімен таныстырады, дүниетанымды байытады (жан – жануарлар,
өсімдіктер,т.с.с) оқудың өмірмен,практикамен байланысын көрсетеді.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері тек ою-өрнек,әшекей
бұйымдармен заттар ғана емес, олар – математикалық
білімнің,есептің,бұрыштар өлшемдерінің,сызбаның, т.с.с. көрінісі.
Мәселен,қолөнер туындылары, оларға түсірілген ою-өрнектер геометриялық
фигуралар пішінді (сызық, үшбұрыш,төртбұрыш,т.с.с.) болып келеді.Оларды
жасауда, ою-өрнектеу де шеберлер симметриялық, пропорциялық сияқты негізгі
принциптерді басшылыққа алған.
Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын жасауды үйретуде де халық
математикалық тәсілдерді пайдаланған: сызу,есептеу,өлшеу, т.с.с.
Бұл айтылғандардың барлығы, бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы
оқыту процесінде сәндік-қолданбалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте математиканы оқыту үрдісінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Пәндер