ISDN жайлы жалпы түсінік


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 1
Негізгі бөлім
1. ISDN туралы жалпы түсінік . . . 5
2. Қолдану аясы және қызмет көрсету түрлері . . . 10
2. 1 ISDN және телефондық байланыс . . . 10
2. 2 ISDN және алшақтағы байланыс . . . 11
2. 3 ISDN және телекомпьютинг . . . 12
2. 4 ISDN және видеоконференциялар . . . 13
2. 5 Жаңа кезеңдегі факстар . . . 12
3. Internet желісіне ISDN (ЦСИС) арқылы қосылу . . . 13
3. 1 ISDN интерфейстері: BRI и PRI . . . 14
3. 2 ИҚЦТ телефондық қызметі және Интернет желісі . . . 15
4. ISDN-ге қосылуға арналған байланыс құралдары . . . 17
5. ISDN артықшылықтары . . . 17
Қорытынды . . . 19
Әдебиеттер тізімі . . . 20
КІРІСПЕ
Ақпараттандырудың жоғарғы деңгейі және дербес компьютерлерді (ДК) енгізу мен дамыту, соңғы он-жиырма жылда телекоммуникацияны қарқынды прогресске ынталандырды, әсіресе қазіргі кезде шаруашылық қызметтің телефония желісіне пара-пар келетін деректер беру желісі дамыды.
Қазіргі заманғы деректер беру технологиясының дамуы цифрлық байланыс қызметін көрсететін белгіленген цифрлық арналарға қызығушыықтың азаюы. Даму шегіне ISDN және Frame Relay технологиялары жетуде. Олардың орнына АТМ технологиялары келуде. WDM технология жәймендеп қарқын алуда.
Нарықта технологиялардың кең қолданылуы оның негізінде құрылған тенологияның эффективтілігіне байланысты. Технологиялардың ауысуы экономикалық жағынан бәсекеге төзімді, ескі технологияларға қарағанда жаңа техникалық енгізулері бар жаңа технологиялардың келуі. Нарықтық қатынаста экономикалық фактор негізгі болады.
Технологиялардың ауысуы операторлардың алдына жаңа тапсырмалардың туғызады. Мысалы пакеттік комутацияның енгізудің негізгі қозғаушы күші ДБ-нің дамуы болды.
ISDN и Frame Relay технологиялары қазіргі кездегі телекоммуникация және деректер беру және телефония желілерінің интеграциялық процессі негізінде құрылды.
Беру желілерінің даму сатылары бірінші желінің аналогтық желіден цифрлық желіге көшуі және цифрлық телефония аясында интегралданған цифрлық IDN (Integrated Digital Network) желілеріне пайда болуы болды. Цифрлық арналарға көшу желілердің сапасын жақсартты және пакеттік коммутация протоколдарын дамытты. Пакеттік коммутация ең белгілі протоколы X. 25, әлемдік практикада кеңінен қолданыап келеді.
Компьютерлік тенологиялардың әрі қарайғы дамуы және желінің өткізгіштік қабілетіне сұнраныстың көп болуы пакеттік коммутация протоколының жаңаруына әкелді. Телекоммуникацияның дамуының бұл кезеңі трафик берілісін цифрлық түрде қамтамасыз етіп аналогтық телефония қызметі түрінде көрсететін IDN-нен интегралды қызмет көрсетудің цифрлық тораптарына көшуден бастады. Бұл ауысуға негіз болған біріншіден, IDN-технологиясының дамуы АЦТ-ның көмегінсіз желіде цифрлық ағынды беруі, екіншіден деректер берудің көп қолданылуы операторлардан қызмет номенклатурасының кеңеюін талап етті . Осылай, ISDN технологиясы қолда бар байланыс арналарды цифрлық ақпарат беру үшін және цифрлық ағынды қолданушыға дейін желі структурасын радикалды өзгертпей жеткізуге негізделген. Қазіргі кездегі телекоммуникациялық технологиялар цифрлық принцип негізінде құрылған. Соның ішінде ISDN желісі көптеген уникальды мүмкіндіктерді қамтиды.
Үшінші сатысы кең жолақты қызметке көшу және ISDN -нің кең жолақты желі интеграциясына көшу (видеокөрініс беру желісі, жоғарғыжылдамдықпен деректер беру, кабельдік телевидение және т. б) .
Технологияның дамуы жағынан деректер беру бұл саты Frame Relay технологиясынан АТМ технологиясына көшумен сипатталады. Қазіргі кездегі телекоммуникациялық технологиялар цифрлық принцип негізінде құрылған. Соның ішінде ISDN желісі көптеген уникальды мүмкіндіктерді қамтиды.
1. ISDN жайлы жалпы түсінік.
ISDN дегеніміз не?. . ISDN (Integrated Services Data Network (ағылшын тілінен аударғанда -Қызметтер интеграциясын қамтитын цифрлық тораптар) ) -ақпараттық және сөздік кең қолданыс спектрін қамтамасыз ету үшін соңғы (оконечными) құрылғылар арасындағы толық цифрлық байланысты қамтамасыз ететін желі. ISDN -бұл аналогтық телефондық линиялардың цифрлық нұсқасы (цифрлық ағын коммутациясымен) басқа сөзбен айтқанда цифрлық телефондық станциялардан тұратын және бір-бірімен цифрлық арналар арқылы байланысқан желі. Яғни қарапайым сөзбен айтқанда ISDN - нің артықшылығы қарапайым модемдерге қарағанда стандартты аналогтық телефондық линиялар арқылы жоғары жылдамдықпен бір уақытта деректер, сөз, текстпен аламаса алады, және жалға алынған линиялардан бағасы көп төмен. Сонымен қатар таратудың жоғары сапасы мен сенімділігі кепіл береді және қызмет көрсетудің кең ауқымын қамтамасыз етеді.
Интегралдық қызмет көрсетудің цифрлық тораптарының (ИҚЦТ) пайда болуы және жылдам дамуы мына факторлармен түсіндіріледі:
- Байланыс тораптары бойынша берілетін ақпараттар көлемінің өсуі (ақпарат көлемі өнеркәсіптік потенциал квадратына пропорционалды) . Сондай-ақ ақпарат түрлері де (сөз, деректер, графика, файлдар, бейнеақпараттар және т. б. ) ұлғаяды. Сонымен қатар, сұқбаттық режимдегі жұмыс талап етіледі. Күні кешеге дейін бұл мәселе ақпарат түрлеріне байланысты жеке тораптар құрумен шешілген болатын: сөз - телефондық торап; телеграфтық хабарлар - телеграфтық торап; деректер - деректерді беру торабы; бейнеақпараттар - телевидение торабы. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты тораптар да құрылған болатын: сұқбат қажеттілігіне байланысты АТ торабы, интерактивті режимге - ШП торабы, есептеу ресурстары -АЕТ (ақпараттық есептеу торабы) .
Мұндай көлемде проблеманы шешу экономикалық жағынан тиімді емес екені көрініп тұр.
- Беру мен коммутациялаудың цифрлық (дискреттік) тәсілдерінің елеулі артықшылықтары мынада: қабылдау тәсілін (оптималдыға жақын) жүзеге асыру қарапайымдылығы; дұрыстықты (кез келген берілген шамаға көтеру) көтеру алгоритмін жүзеге асыру қарапайымдылығы; жоғары сенімділікті элементтік базаларды - интегралды микросхемаларды (ИМС) кеңінен қолдану мүмкіндігі; беріліс және коммутация процестеріне ЭЕМ-ді табиғи ендіру мүмкіндігі; көпканалдық жүйелер техникасы саласындағы деректерді беру техникасы мен есептеу техникасының жетістіктері.
Жалпы интеграция ұғымы түрлі деңгейлерде қарастырылады. Интеграцияның 1-деңгейі - канал түзетін және коммутациялық аппаратуралардың біртіндеп бірігуі, яғни бұл аппаратураны құру кезінде қолданылады: қызметке бейімдеудің біртұтас принциптері (сигналдарды уақытша бөлу) ; біртұтас элементтік база - интеграцияның орташа және үлкен дәрежесін қамтитын ИМС-дан ӨҮИС-ға (өте үлкен интегралдық схемалар) дейін, мысалы, біркристалдық ЭЕМ; эксплуатациялаудың біртұтас принципін және өзіндік бақылау мен диагностиканың тіркелген жүйелерін кеңінен қолданып қызмет көрсету.
Қазіргі уақытта интеграцияның бұл деңгейі көп жағдайларда қолданылады (әсіресе шетелде) . ИКМ типті беріліс жүйесі, уақытша коммутациялау принципіндегі коммутациялық аппаратура кеңінен қолданылады.
Интеграцияның 2-деңгейі - түрлі хабарды (сөз, деректер) біртұтас дискретті (цифрлық) формада беруді қамтамасыз ететін цифрлық байланыс тораптарын құру. Шын мәнінде, ДБ үшін кеңінен қолданылатын ТЖ каналдары дискретті түрдегі (спектр келісілмеген) сигналдарды беруге мүмкіндік бермейді.
Сондықтан дискреттік сигналдар алдымен аналогтыға түрлендіріледі, олардың спектрі жиіліктің талап етілген облысына қойылады, аналогты сигналдар ТЖ канал бойынша беріледі, ал сонан соң қайтадан аналогты формадан дискретті формаға аударылады. Бұл функцияларды модем орындайды. Цифрлық (дискреттті) каналдарға көшу деректерді беру аппаратурасын ыңғайлы түрге келтіреді.
Интеграцияның 3-деңгейі - қызмет көрсету интеграциясын қамтитын біртұтас цифрлық торап құру, бұл кез келген түрдегі хабарларды беруді қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ қызметтің кең көлемін ұсынады - сұқбат, құжаттылық, графиктік ақпараттарды беру және қабылдау, есептеу ресурстары және т. б.
Есептеу техникасы және байланыс техникасы жабдықтарының даму тенденциясынан бастап, сондай-ақ элементтік база эволюциясын бастан кешірген ИҚЦТ дамудың бірқатар кезеңдерінен өтті.
Кезең 0. Хабардың түрлеріне байланысты (сөз, деректер, графикалық ақпараттар), көрсетілетін қызметтер түрлеріне байланысты (сұқбат, құжатталған және т. б. ) жеке тораптар бар.
Кезең 1. Беру мен коммутациялаудың цифрлық тәсіліне көшумен сипатталады, дәстүрлі аналогты телефондық торап біртіндеп қызмет түрлерінің кең спектрін қамтитын, сөз бен деректерді біртұтас цифрлық формада беру мүмкіндігін қамтитын интегралдық цифрлық торапқа IDN (Integrated Digital Network) түрленеді. Осымен бірге ДБ және АЕТ тораптары да дамый береді.
Кезең 2. Интегралдық цифрлық торапты (IDN) ДБ және АЕТ тораптарымен біртіндеп біріктіру арқылы интегралды қызмет көрсететін цифрлық торап ISDN (Integrated Services Digital Network) құрылады. Физикалық орта ретінде цифрлық телефондық каналдар қолданылады. Бейнеақпараттарды беру торабы бір шетте қалып қояды.
Кезең 3. Кеңжолақты интегралдық қызмет көрсету торабы BSN (Broadband Services Network) құрылады. Бұл торап қолданушыларды кеңжолақты цифрлық каналдармен (сөз, деректер, факсимильді ақпараттар беруге арнлаған, сондай-ақ телевизиялық программалар беру, файлдарды жоғары жылдамдықта беру, бейнеконференциялар ұйымдастыру және т. б. қызмет түрлерін ұсынады) қамтамасыз етеді.
Шет елде ИҚЦТ 2-ші кезеңнің соңында 3-кезеңнің басында жүзеге асырыла бастады. Кейін шағын мемлекеттер (Швеция, Австрия, Швейцария, Жапония) 2-ші кезеңді аяқтап, 3-ші кезеңді құруға кірісіп кетті. АҚШ, Англия 2-ші кезеңді аяқтайды. Біздің мемлекет тек 1-ші кезеңді игеруде, 2-ші кезеңді жүзеге асыру үшін ҒЗЖ және ОКР жүріп жатыр.
МСЭ-Т анықтамасы бойынша ИҚЦТ дегеніміз - цифрлық коммутациялаудың бір құрылғысында және берілістің цифрлық трактында байланыс орнату үшін байланыстың бірнеше түрін қолданатын (мысалы, телефония, деректерді беру және т. б. ) байланыс торабы.
ИҚЦТ сәулеті ВОС (OSI) жеті деңгейлі эталондық модельге негізделеді. Дегенмен хабарды жеткізудің түрлі тәсілдерін біріктіру ИҚЦТ сәулетінде кейбір ерекшеліктер тудырады. Сондықтан ИҚЦТ сәулетіндегі 2-ші деңгей екі ішкі деңгейге бөлінген:
- біріктіру деңгейі;
- каналдық деңгей.
Біріктіру деңгейінің негізгі қызметі транспортировкалау технологиясына нұсқау жасайтын (көрсететін) арнайы меткалы кадрлар құру болып табылады.
Осы метка бойынша деңгейлері жоғарырақ сәйкес басқару хаттамалары таңдалады. Сонымен қатар осы ішкі деңгейде, мынадай әрекеттер орындалады: мультиплексорлау, циклдық синхрондау, ИКМ-кадрлар қалыптастыру, каналдық деңгейдегі интерфейстік кадрларды сегменттеу, мультиплексорлауды басқару.
Қалған деңгейлер қызметтері бойынша АЕТ сәулетіне ұқсас.
ИҚЦТ құрылымы. ИҚЦТ құрылымы қолданушылардың орналасуымен, ақпараттық-есептеу және байланыс ресурстарын үлестірумен анықталады. ИҚЦТ құрылымы магистралдық (базалық) және абоненттік (терминалдық) (1 сурет) болып бөлінеді.
Терминалдық торап мыналарды қамтиды: терминалдар (Т), абоненттік пункттер (АП), концентраторлар (К), және негізінен цифрлық байланыс каналдарын қамтиды. Стандартты цифрлық шығысы 64 Кбит/с-қа тең өлшемді қамтитын терминалдар мен АП тікелей КТ-не қосылуы мүмкін.
Магистралдық (базалық) торап мыналарды қамтиды: КТ, цифрлық каналдар, торапты және есептеу ресурстарын (ЕК- есептеу кешендері, ДБ-деректер банкы және т. б. ) басқару жүйесі.
Магистралдық тораптың топологиясы әртүрлі болуы мүмкін - жұлдызша тәріздес, сақиналық, үлестірілген және т. б. Соңғы уақытта ИҚЦТ даму шамасы мен оның көлемінің ұлғаюына байланысты құрылымды иерархиялық түрде жасап жүр, бұл экономикалық жағынан тиімді және қайта қабылдау санын қысқартады.
ИҚЦТ техникалық базасының негізін хабардың барлық типін біртұтас цифрлық формада беруді қамтамасыз ететін көпканалдық беріліс жүйелері құрайды.
ИҚЦТ коммутациялық түйіндер КК-ды немесе ПК-ды қамтитын КТ-не қарағанда күрделірек, себебі ИҚЦТ-де түйінде аралас немесе бейімделген коммутацияны қамтамасыз ету керек. КТ есептеу техникасының жабдықтарын кеңінен қолдану арқылы орындалады. ИҚЦТ КТ-де ВОС моделінің алғашқы 4 деңгейі жүзеге асырылады.
Сурет 1. ИҚЦТ құрылымы
Телевизиялық және радиохабарларын тарату торабы. Телевизиялық хабар тарату торабы кең жолақты телевизиялық каналдарды қолдану негізінде құрылған. Хабар көзі аппараттық телестудия болып табылады, оған ақпарат телестудиядан келіп түседі немесе жылжымалы телеқондырғыдан келіп түседі. Телевизиялық программаларды үлестіру торабынан ақпарат телеорталыққа келіп түседі, ол жерден радиотолқындар таралып, халықтың қолында орналасқан телевизия-қабылдағышқа беріледі. Телевизиялық хабар тарату торабының жалпы құрылымдық сұлбасы 2 суретте берілген. Мұнда мынадай белгілеулер қабылданған: ТО - телеорталық; АО-орталық ақпараттық радиоүй (телевизиялық және радиохабарлары программасының көзі) ; ШҚТА - шеткі қалааралық телевизиялық аппараттық; РТБС - радиотелевизиялық беріліс станциясы; ЖС - спутникті байланыстың жердегі станциясы; КС - космостық станция; ШРС - шеткі радиорелейлік станция; АРС - аралық радиорелейлік станция. Тораптың барлық құрастырушыларының өзара әрекеттесуі ерекше түсінікті талап етпейді.
Сурет 2. Телевизиялық хабар тарату торабының құрылымдық сұлбасы
Бұл торап былайша ұйымдастырылған: байланыс желісі арқылы программа орталық қалааралық хабар тарату аппаратынан немесе телевидениясынан бірінші торап каналы бойынша тораптық түйінге (бұған телеорталықтан берілісті жүзеге асыратын аппарат қосылған) келіп түседі.
Телевизиялық программаларды берудің қосымша торабын құру үшін радиорелейлі беріліс желісінің және жасанды жер серіктерінің (кейде кәбілдік) көмегімен алынған каналдар ыңғайлы. Телехабарларды беру сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында әдетте жер бетіндегі жабдықтарды (кәбілдік және радиорелейлік желілер) ЖЖС көмегімен алынған каналдармен бірлестіріп қолданады.
Құрылымы бойынша радиохабарды тарату программасын үлестірудің қосымша торабы ұқсас, құрылымдық сұлбасы 3 суретте берілген.
Сурет 3. Дыбыстық хабар тарату торабының құрылымдық сұлбасы
Мұнда бұрынғы белгілеулерге мыналар қосылады: РД/ОА - радиоүй және оның орталық аппараттығы; коммутациялық- үлестіргіш аппараттық (КҮА) ; РТТ - радиотрансляциялық түйін; ШҚХТА - шеткі қалааралық хабар тарату аппараттығы; ТҚХТА - түйіндік халықаралық хабар тарату аппараттық; ұзын (орташа) диапазонда жұмыс істейтін радиохабарын таратқыш (ҮД (ОД) - РХТ) ; ШС - шеткі станция; ҚКмКС - қызмет көрсетілмейтін күшейткіш станция; ТТ-тораптық түйін.
2. Қолдану аясы және қызмет көрсету түрлері
Кез-келген адамға үйде жұмыс істейтін маман болсын, үлкен корпорацияның желілік администраторы болсын, цифрлық, сөздік және видеодеректерді телефон линиясы арқылы тез және арзан беру мүмкіншілігі болу керек. ISDN-нің жоғарыда келтірілген мүмкіншіліктер берілген технологияны қазіргі кезеңнің әр-түрлі сфераларында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан да ISDN ең назар аударуға тұрарлық және болашақта кеңінен қолданылатын технлогия. ISDN-ді жай телефондық байланысқа қолданудан басқа, сигнал таратудың цифрлық технологиясы көптеген кәсіпорныдар және фирмалар үшін: алыстағы қолданушымен жұмыс жасағанда және Internet желісімен эффективті жұмыс жасау үшін, видеоконференция ұйымдастырғанда идеалды жүйе болып табылады.
2. 1 ISDN және телефондық байланыс.
ISDN-ді телефондық байланыс үшін қолдану жаңа телекоммуникацялық технологияның тарихи бірінші қолдану аясы болды. Қарапайым аналогтық желілерге альтернатива ретінде құрастырылған ол бірнеше ерекшеліктерден тұрады және ISDN-терминалын қолданушыларға келесі мүмкіндіктер береді: сұйықкристалды дисплейдің болуы және шақыруларды интерактивті басқару үшін және хабар алмасу үшін, кеңейтілген телефондық пернетақта болуы, іс-жүзінде байланыс орнатуға уақыт кетпейтіндігі, (милисекунд ішінде), бір мезгілде байланыс лииясында үш абоненттің қатар болуы және үшеуін қатар ұстап тұру, сөздік және текстік хабар алмасу, қабылданған сөздің дауысын басқару, дыбысталудың жоғары сапалылығы және т. б.
Байланыс құрылғысы ISDN-телефондары. ISDN-телефондары текстік және сөздік хабарлармен алмасуға мүмкіндік береді, бірнеше абоненттермен аудиоконференцияға мүмкіндік береді, номер теру уақыт алмайды, сөзді таратудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді және көптеген қосымша функциялары бар.
Видеотелефония
Видеотелефония сеансы үшін екі жақта да видеотелефон болуы керек (камерасы және экраны бар ISDN телефон) . Сеанс экономиялық сондай-ақ көріністің сапасы максималды режимде де жұмыс істей алады, абоненттер арасындағы алшақтығына қарамайды.
Байланыс құрылғысы ISDN-видеотелефондары. Видеотелефондар. Көптеген ұйымдар географиялық жағынан алыстағы бөлімшелері бар, олар басқа қалаларда немесе елдерде болуы мүмкін. Бұл филиалдардың жұмысшыларына басшылармен, әріптестермен, тапсырыс берушілермен және жабдықтаушылармен кездесу үшін командировкалерге шығуға тура келеді. ISDN жүйесі дамығаннан кейін жол жүргеннің орнына видеотелефония сеанстарын қолдануға мүмкіндік алды, солай уақыт пен ақшаны үнемдеуден басқа шешімдерді қабылдау шапшаңдылығы да жоғарылайды.
2. 2 ISDN және алшақтағы байланыс
Сети ISDN-желілері өтініш бойынша байланысты қамтамасыз ететін функциясы бар, өтініш бойынша өткізгіштік мүмкіншілігі (бірнеше В-арналарды бір логикалық каналға біріктіру), арнадағы деректердің компрессиясы, ақпаратты қорғау, филиалдармен байланыс орнатылған кездегі келеңсіз жағдайды шешу.
Екі алшақтатылған офис бар деп есептейік. Оларды біріктіру үшін олардың әрқайсысына ISDN линиясын жүргізу және ISDN/Ethernet маршрутизатор алу жеткілікті. Желілер арасындағы алмасу жылдамдығы 128 кбит/с болады. Ақпарат алмаса отырып желіні бөлмей сіздер ISDN телефон қолдана аласыз. Бірақ ISDN телефонды қолданғанда желілер арасындағы ақпарат алмасу 64 кбит/с-қа төмендейді, бірақ, тек ISDN телефон жұмыс істеп тұрған уақытта ғана!
Желілік коммутаторла, маршрутизаторлар. Алшақтағы ЛВС терді біріктіру үшін қолданылады, соның көмегімен корпаративті ақпараттық ресурстарға кіруге рұқсат ала алады, мысалы деректер базасына.
2. 3 ISDN және телекомпьютинг.
ISDN- қызықтырар тағы бір түрі алшақтағы байланысты ұйымдастыру үшін телекомпьютинг қолданылады. Бұндай әдіс алшақтағы офистердің жұмысшыларының өз компаниясының орталықтағы офиспен үйлесімді және нәтижелі хабар алмасу үшін жасалған. Телекоммьютинг- жұмысшылардың офиспен тұрақты байланысы үшін үйден шықпай-ақ телекоммуникациялық құралдарды қолдана алу мүмкіндігін туғызады, оның арқасында жұмысқа бармай үйде жұмыс істей беруге болады. ISDN алшақтағы қолданушылардың орталықтағы офистерімен байланысу үшін өте қолайлы құрал болған сайын, мекеменің үй офисі деп аталатын бағытта барлық жұмысының бағыттық барысын қайта қаралады.
2. 4 ISDN және видеоконференциялар.
ISDN- реалды видеоконференциялар жасау үшін ең тіке және қолайлы түрі. Қатысушылар саны төртеуден аспауы керек, бірақ реалдық уақытта үш төрт адамның жұмыс жиналысын өткізуге болады.
ISDN-ге қызығушылықтың өсуіне белгілі бір деңгейде мултимедиа жүйесінің дамуы әсер етеді. Батыстағы көптеген коммерциялық радиостанциялар ISDN-ді стереодыбысты жоғары сапамен беру үшін қолданады. Одан басқа, қазір нарыққа күзеттік жүйелер мен видео бақылау жүйелері шықты, олардың жұмысы ISDN принціптерін қолдануға негізделген.
2. 5 Жаңа кезеңдегі факстар.
Егер сіз керекті құжатыңызды алу үшін факстың жанында көп тұрғыңыз келмесе және берілген текст оқуға келмейтін болғандықтан жіберуді бірнеше рет қайталағыңыз келмесе сізге жаңа дәуірдің факсимилді аппаратына көшу керек. Байланыста цифрлық технологияларды қолданудың артықшылығы қосымша қызметтердің бар болуымен анықталады, және олар соңғы кездері мини-АТС қолданушылар арасында кеңінен қолданыс табуда. Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап көсетейік:
. шақырулардың переадресация түрінің әртүрлілігі;
. шақыруды ұстап қалу;
. бос емес линияға босағаннан кейін автошақыру;
. ISDN линиясына қосылған әр құрылғыларға жеке номер беру;
. келген шақыру номерін анықтау;
. кіріс және шығыс шақыруларға шек қою;
. сөйлесу кезінде мәлімет келтіру (шақыруды ұстап тұру) ;
. конференцбайланыс;
. абоненттердің жабық тобын ұйымдастыру;
. будильник;
. берілген номер бойынша шақыру;
. дыбыстық почта;
Осы барлық қызметтер ISDN технологиясына интеграцияланған және ISDN-нің кез-келген абоненті қолдана алады. Сонымен қатар көптеген қосалқы қызметтер бар, олар ISDN құрылғысы деңгейінде қарастырылады және станциядан қолдау керек етпейді.
3. Internet желісіне ISDN (ЦСИС) арқылы қосылу
Қызметтер интеграциясын қамтитын цифрлық тораптар (ЦСИС - ISDN) - бұл технология қолда бар телефондық линиялар арқылы деректер беруді өте жоғары жылдамдықпен іске асыру үшін құрылған.
INTERNET желісі - көп көлемді деректерді орын ауыстыру және оларға рұқсат беруге арналған қызмет. ИҚЦТ 128 Кбит/с жылдамдықтың арқасында және одан жоғары жеке тұлғалар және бизнес өкілдеріне коммуникациялық байланыс үшін керекті болады. ИҚЦТ реалдық уақытта INTERNET-тің мультимедиалық артықшылықтарын көруге және естуге мүмкіндік береді. ИҚЦТ байланыстың басқа түрлерімен сәйкес келеді Frame Relay, ATM. ИҚЦТ-ның аппараттық құралдары берілген:
- телефондық аппараттармен ИҚЦТ;
- видео конференцияға арналған құралдармен;
- маршрутизаторлармен;
- компьютерлік платалармен;
- терминалдық адаптерлермен.
ИҚЦТ-ның бір құрылғысына қосылған құрылғы1 суретте көрсетілген.
Сурет 4 - Бір ИҚЦТ құрылғысына қосылатын құрылғы
Internet желісіне ISDN арқылы қосылу негіздері: ИҚЦТ қолда бар желі және қызмет құрылғыларын қолдануға мүмкіндік береді. ИҚЦТ абрвиатурасын екі компанентке бөлуге болады:
- қызметтер интеграциясы,
- цифрлық желі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz