1970—1990 жылдары Қазақстанның әл ауқаты


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

1. 1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы

1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіп косшорындары мен цехтар салынды. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды, Рудный - Алтай, Қостанай - Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өндірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа салалары - газ, подшипник, трактор, фосфор, атом өнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний, глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұста-пресс машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) қаласында тұңғыш рет шапшаңдатылған нейтронды (Б- 350) өндірістік атом реакторы жұмыс істей бастады. Екібастұз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80 жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылы бүкіл елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар алюминийді қайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен - Гурьев - Куйбышев "ыстық" мұнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды. Қаратау - Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш ондіру жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат базасына айналды. Көмір ондірудің негізгі процесі толық механикаландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері өндіріске енгізідді. Түсті металл балқыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық орталықтардың саны артты.

1965-80 жыддары республика бойынша өндірілген жалпы қоғамдық өнім 3 еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде өндірді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергиясының жан басына шаққанда Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие болды. Жарыстың коллективтік және жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген. Жұмысшы табының қалың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын", "Бескүндік тапсырмасын төрт күнде", "Сапа бесжылдығына - жоғары кепілдік" деп аталатын патриоттық қозғалыс азаматтық үлкен мәнге ие болды. "Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжыддығына - жастардың энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін - механизм-дерге жүктейік", "Тиімділік пен сапа бесжылдығына - тыңның толық дәнді масағы" деп аталатын және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек және саяси белсенділіктерінің артуына ықпал етті. Семей облысы Шүбартау ауданы мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашылығы - жастар ісі" деп аталатын бастамалары қолдау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша жарысқа түсу, аралас мамандық кәсіпорындарының жарысы, достық бал-қымасы, бригадалық шаруашылық есепті енгізу қозғалысы т. б. кең өрістетілді. Ғылым мен өндіріс қызметкерлері арасындағы өзара достық нығайды. Осы жылдарда ҚазССР ҒА республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәдениетін өкендетудің маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыққа айналды. Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия, зооло-гия, астрофиз және жаратылыстану техника білімдер салала-рындағы зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.

Қазақ ССР-і, РСФСР және УССР өндірістік және ғылыми коллективтері арасындағы тәжірибе алмасу барған сайын жаңа салаларды қамтыды. Донбас пен Қарағанды шахтер-лерінің, металлургтерінің, "Казметаллургстрой" және Череповец трестері құрылысшыларының, Кривой Рог пен Соколов - Сарыбай кеншілерінің, Запорожье және Өскемен металлургтерінің, Ембі мен Түмен мұнайшыларының, Қазақстанның және Алтай өлкесі мен Орынбор тың игерушілерінің, Қазақстанның, Ростов обл., Ставрополье, Кубань қой өсіру-шілерінің арасындағы жарыс дәстүрге айналды. Е. Проскурин мен АДәрібаевтың, Ембі мен Түменнің мұнайшылары АНаза-рымбетов пен М. Фарраховтың арасындағы творчестволық достыққа ұласты. Республика өкілдері Қарақұм каналын, Белоруссияның Солигорск комбинатын, Бүхара - Орал таз құбырын, камазды салуға қатысып, БАМ-ды, қара топы-рақты емес аудандарды игеруде қажырлы еңбек етті. Қазақстаңда ірі агроөңдірістік жүйелерді қалыптастыруда, бірсыпыра территориялық-өндірістік комплекстер құру жөніндегі кең көлемді жұмыстарды өрістетуде, өндіргіш күштерді орналастыру проблемаларын үйлесімді шешуде, ҚазССР-інің бүкілодақтық экономикадағы үлесінің артуында рөлі зор болды.

Россияның қара металл прокаты мен автомобильдерді ауыл -шаруашылық машиналары мен тау-кен шахталарына арналған құрал-жабдықтарды, Украинаның құрылыс-монтаж жабдығы мен металл кесетін станоктары, Белоруссияның радиоаппаратуралары мен подшипниктері ҚазССР-інің өңдіріс потенциалының бұрын болып көрмеген динамикалық қарқынмен өсуіне жағдай жасады. Қарағанды металлургия, Соколов-Сарыбай, Жаркент кен-байыту, Қаратау химия, Жезқазған кен-металлургия, Өскемен титан-магний, Жетіқара асбест комбинаттары, Бұқтырма, Қапшағай СЭС-тері, Павлодар алюминий, Гурьев мұнай-химия, Кентау тарнсформатор заводтары, Ермак ферроқорытпа заводы, Алматы төменгі волътті армаратуралар заводы, "Семипалатинск-ковальт" заводы сияқты индустриялъгқ алыптар - барльгқ коллективтік еңбегінің және ынтымақтаса күш жұмсауының игі нәтижесі еді.

Бірақта өнеркәсіп өнімдерінің табысы КСРО-ның қарулы күштерін нығайтуға жұмсалды. Соның салдарынан қалыпты жанжақты шаруашылығының дамуы жоғалды. Орта жылдық өндірістік өнім 9-шы (1970-1975) бесжыддықта 10% (1975-1980) 8, 4%-ке, 11-ші (1980-1985) бесжылдықта 3, 8%-ке, ұлттық кіріс 4, 4 %-ке азайды. 9-шы бесжылдықта 12, 6%, 10-шы бесжыддықта 25%, 11-ші бесжылдықта 3, 6% жоспар орындалмаған.

Сонда мұның себебі не? Республиканың экономикалық өнімінінің жартысынан астамы одақтық Министрлер одағының басшылық тарабында болды. Соның салдарынан шикізат өнімін жөнелтуге кедергі жасалды.

Кәсіпорынның жалпы табысы 15 миллиард сомның Қазақстан бюджетіне тек қана 30 миллион сомы түсті немесе 1% қана құрады, Республикадан кең көлемде мұнай, көмір, түрлі-түсті қара және сирек кездесетін металдар, тыңайтқыштар шығарылды. Жалпы көрсеткіш пен пайда табудың санына түскен қаржыдан министрлер орталығы қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың денсаулығын сақтауға, әлеуметтік құрылымының дамуына ешқаңдай қаражат бөлмеді жән көңіл қоймады.

2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы.

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймақтың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17, 7 млрд. пұттан астам астық сатты. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп тұрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.

Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарақтану 15 жылда (1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3, 4 есе өсті. Ауыл, селоға қызмет көрсететін барлық салалар - химия, құрама жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және селолық құрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғыр-ландыру, оның агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге асырыдды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, жер сулаңдырудың және жайылымдарға су жіберудің колемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрикалары, жүздеген совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар құрылды.

1971-1982 жылдары ғана 7, 9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі тұрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласыңда 46 мыңға жуық дәрігер еңбек етті.

1985-1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады.

Ауыл шаруашылығының төменгі дәрежеде дамуының негізгі себептері мыналар: шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық секторларды жою және мемлекеттік меншікке алу совхоздарды көбейту. Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда болады. Бұның бәрі шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де немқұрайлы қарауға әкелді! Тұрғындар ауылдық жерлерден кете бастады.

Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985 жылы 388 ғана қалған.

Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орындары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды.

Жалпы істің нәтижесіңде 1956-1965 жыддармен салыстырғанда 1966-1975 жылдардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққанда орта есеппен 1, 9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16, 4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта маусым сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990 жылдары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылық болса республика алар межені қол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бұрынғыдан бетер биіктетті. Он бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31, 5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.

Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бұзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойлас-тырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арам шөптермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.

3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы

Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.

Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге томендеп, колемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.

Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жүқпалы аурулар кобейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.

1970-1990 жылдары Арал жағалауында жалпы өлім саны екі есе көбейді. Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге ұшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі экологиялық қауіп бұты сейілмеді.

Қоғамды саяси өзгерістер шарпыды.

Л. Брежнев басқарған мемлекеттік партия 60-шы жылдардың 2-ші жартысыңда КПСС-тің ХХ-съезі салған жолдан тайып кетті. Бұрынғы сталиндік өкіметтің саяси құрылымын және мемлекет бюрократиялық басқаруды сақтап қалуға барлық мүмкіндіктерді жасады. Репрессиялық құрбандыққа ұшырау тоқтатылмады.

1978 жылы Қазақ ССР-ның жаңа конституциясы Қабылданды. Оның жобасы кең көлемде талқыланғанмен формальдық тұрғыдан жүргізілді.

Ұсыныстар мен ескертулер республиканың правосын кеңейтуге, қоғамды демократияландыру, адамның құқығын сақтау туралы жағдай бүркемеленіп келді және республиканың негізгі заңында айтылмады.

Конституция бабыңда Қазақстан ұлттық республика ретінде көрсетілмеген.

КПСС-тің басқару рөлі заңды түрде бекітілді. Бұл басқа да партиялар құруға мүмкіндік бермеді.

Нақты өкімет қоғамның барлық жолында партиялық аппараттық басқаруға көшті. Кәсіподақ ұйымдары әкімшілік және партиялық органдардың көрсетілген жұмыстарын атқарды. Халық совет депутаттары өкіметті басқарудан қалды.

Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасындағы әбден асқынған әлеуметтік ауытқушылық көптеген адамның, отбасының тағдырын таптап, шексіз қүлдырауға, жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара құлы болуға мәжбүр еткені бәрімізге мәлім. 1989 жылдың 28 наурызында Қазақ КСР Министрлер кеңесі Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай, Семей, Талдықорған, Орал және Шымкент рблыстарының шал-ғайдағы аудандарының әлеуметтік дамуын жеделдету жөнін-дегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Бұл республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы өлі тыныштықты бұзған қаулы болып табылды.

Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның 71-інің әлеуметтік даму дәрежесі өте төмен, ал оның 30-ының мүлдем мешеу қалғандығы ашық айтылды. " . . . Осы 30 ауданда 1 млн. аса адам тұрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар. Ондағы әйелдің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары деңгейде" 1 - деді. Н. Ә. Назарбаев осы мәселеге арналған мәжілісте. 1990 жылдан бастап осы аудандардың "ұмыт қалған" ауылдардың әлеуметтік дамуын жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллион сом қаржы бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алып, еңсесі көтерілгенде түп бесігіміз - ауылдардағы тыныштықты жойып, алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елге айналу - басты мақсат болды.

1989 жылы ақпанда "Невада-Семей" деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі еддеріңцегі азаматтық қарсылық көрсету марштарына қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына "Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы", "Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды", "Гринпис" ұйымдары, Жапония, АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.

"Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі О. Сүлейменов халықаралық қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға көмектесті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бұл акция біздің еліміздің атом қаруын таратпау саясатының басы болды.

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы аддында ядролық саясаттың өзіндік қырсырын, ядролық қаруды жоюдың түрлі мәселелері бойынша ұстанымдарын анықтау секілді өте маңызды міндеттер тұрды. Ядролық қарудан бас тарту саясатын ұстанған Қазақстан 1991 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы декларациясына қол қоюшы ретінде Ресей, Украина және Беларуспен бірігіп, бұрынғы КСРО ядролық арсеналының қызметіне, ядролық қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін жоғалтпау үшін бақылау жасау қажеттігін айтты Қазақстан сондай-ақ КСРО-ның стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сенімділігін қуаттады.

4. Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен зәбірленгендер.

Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңында басталған республика тұрғындары құрамын Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мұнда 100-ден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 1939 жылы қазақтардың пайдасына қалыптаспаған тұрғындар саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынадай еді: қазақтар -, 39, 7, орыстар 37, 8, немістер - 5, 8, украиндер - 5, 4, өзбектер мен татарлар - 2, үйғырлар мен беларустар - 1, 1, кәрістер - 0, 6, әзербайжандар -0, 5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттық құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.

Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл тек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: XX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет едде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар . берген багаға сайсақ, сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзынырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.

Бұл қоныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіңдегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.

Шындығында дәл сол саясатты кеңес өкіметі одан әрі жалғастырады.

Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да бір миллион 200 мың адам қоныстандырылды.

Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе Кеңестік жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналады. Мұнда түрмелердің, легерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдауылмен әкеліп болғанында қисап жоқ. Олардың талай мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.

Соғыс қарсаңыңда және соғыс кезінде сатқыңдық пиғылда деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғыңдау шаралары қолға алыңды. Бейбіт жатқан, беикүнә жандарды жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты. Ондағы мыңдаған қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан және дерттен дүние салды. Тірі қалғаңдарының санасында қатыгез, қаскөй жендеттердің қарекетінен шеккен адамның иманын қасым ететін үрей мәңгілік сақталып қалды.

Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныс-тандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті.

Ресми деректер бойынша сол кезде Қазақстан жұрты бір жарым миллионнан астам адамға көбейген екен. Алайда, бұл сан тым кемітіліп отыр. Соғыс кезінде әртүрлі өндіріс-термен бірге мұнда 350 мыңнан астам адамның әкелінгені де анық. Сол жылдары республикамызда кеңес ғылымы мен мәдениеттің бетке шығар қаймағы - көптеген көрнекті ғалымдар, жазушылар, артистер мен сазгерлер жиналғанын еске түсірудің де артықтығы жоқ.

Амалсыздан қоныс аударушыларды қазақтардың қаншама қонақжайлықпен қарсы алғаны баршаға мәлім. Ұжымдастыру мен ұлы жұт діңкелеткен, өздері асқа жарымай жүрген халық қу дала, қу мекиенде қалған жандарға баспана беріп, бауырына тартып, соңғы тілім нанымен бөлісті. Мұны дархандық көрсетіп, ақ, адал көңілімен жасағанына да дау жоқ. Аман қалып, адам қатарына қосылуына жәрдемдескен жандар оларға күні бүгінге дейін көрсеткен көмегі үшін дән риза 3 .

"Ұлы қоныстандыру" мұнымен де тоқталған жоқ. 60-шы жылдарға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге екі жарым миллиоңдай адам келді. Олардың бір бөлігі көп үзамай мұнда жердегі жұмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет орындары "қызыл" көрсетіп, алдарқатумен қатар "қамшы" сілтеп те жіберді, алғашқы тыңгерлердің арасында Қазақстанға күштеп әкелінгендердің ішінде тікелей қамту орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Нақ сол 30-шы жылдардағы сияқты бұл жолы да қаптатып Қоныстанушыларды жіберген орталық өкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым тұрғыңдарымен де ақыл қосып әуреге түскен жоқ.

Өлкенің мүмкіндігін мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми негізді бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанда астық өндірісін өркендетуге кім қарсы болсын! Соңынан адам күлерліктей аз түсім - гектарынан бар-жоғы 3-5 центнер астық алу үшін жер оңдеуге орасан зор ақша шашатын үкіметті ақылды қожайын деп айтуға ауыз бара ма? Ал солай болғанына куәміз. Қазақстанның қүшақ толар "күлшелерінің" шамамен 40 миллион гектардан тұратын байтақ алқаптың есебінен "пісірілгені де" баршаға аян. Мұны мемлекет қазынасынан олшеусіз жәрдем корсетуді талап еткен аса қымбатқа түскен астық әрі үстірт экономикалық және демографиялық стратегия демеске лаж жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарттарын қамтамасыз ету бағдарламалары
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан(1970-1985)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
Экожүйелік қызметтердің экономикалық құндылығын бағалау
Қазақстан ауыл шаруашылығы
Банктің негізгі міндеті - экономикалық өсуді ынталандыру және дамушы Азия Даму Банкіне мүше мемлекеттердің экономикалық дамуын жеделдетуге қатысу
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Германия Федеративтік Республикасы, тарихы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Қызылорда облысының халқы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz