Қоғамға қажетті сала тынысы



1 Қоғамға қажетті сала тынысы
2 Таңданыстан . талғамға!
3 Ұғынықты ұсыныстар
4 Стратегиялық серпін
5 Ой иірімдеріндегі шындық
Аталмыш жиында Т.Досмұ¬хам¬бетов осынау мәселеге қатысты баян¬дама жасап, туризм және спорт саласында қордаланған проблема¬лар мен оларды шешу жолдары туралы өз пікірін білдірді. Онда министр қазіргі таңда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаң¬ғыру¬дың және демократиялық өзгерістердің терең¬деуінің жаңа кезеңінде тұрғанын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қар¬қын¬ды дамыған мемлекеттер қата¬рына енуінің негізгі жеті басымдығы көзделгенін, соның ішіндегі басым бағыттарының бірі – туристік клас¬тер екенін айтып, оны қалып-тастыру үшін туристік индустрияны дамы¬тып, әлемдік рынокта бәсеке¬ге қа¬бі¬летті бола алатын туристік өнімдер жасап, туристік қызметті лайықты түр¬де көрсете білу керек¬ті-гін атап өтті. “Қазіргі таңда, – деді министр, – осыған байла¬ныс¬ты және Мем¬лекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-қимылдар жоспа¬рын орындаудың желілік кестесіне сәйкес министрлік туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама¬сын қабылдау қажеттілігі және саланың мәртебесін арттыру туралы ұсыныс енгізді. Ал жалпы айт¬қан¬да, министрлік алдында ал¬да¬ғы бес жылда еліміздің туристік саласын инвестициялау, ол үшін еліміздің барлық жерінде туризм инфра¬құрылымын дамытып, турис¬тік индустрия нысандарын салу міндеті тұр. Бұл туризмді дамытуда стра¬тегиялық маңызды міндет болып табылады”.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамға қажетті сала тынысы

Аталмыш жиында Т.Досмұхамбетов осынау мәселеге қатысты баяндама жасап,
туризм және спорт саласында қордаланған проблемалар мен оларды шешу жолдары
туралы өз пікірін білдірді. Онда министр қазіргі таңда Қазақстан әлеуметтік-
экономикалық жаңғырудың және демократиялық өзгерістердің тереңдеуінің жаңа
кезеңінде тұрғанын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында
еліміздің қарқынды дамыған мемлекеттер қатарына енуінің негізгі жеті
басымдығы көзделгенін, соның ішіндегі басым бағыттарының бірі – туристік
кластер екенін айтып, оны қалыптастыру үшін туристік индустрияны дамытып,
әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатын туристік өнімдер жасап,
туристік қызметті лайықты түрде көрсете білу керектігін атап өтті. “Қазіргі
таңда, – деді министр, – осыған байланысты және Мемлекет басшысының
Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-қимылдар жоспарын орындаудың
желілік кестесіне сәйкес министрлік туристік саланы дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажеттілігі және
саланың мәртебесін арттыру туралы ұсыныс енгізді. Ал жалпы айтқанда,
министрлік алдында алдағы бес жылда еліміздің туристік саласын
инвестициялау, ол үшін еліміздің барлық жерінде туризм инфрақұрылымын
дамытып, туристік индустрия нысандарын салу міндеті тұр. Бұл туризмді
дамытуда стратегиялық маңызды міндет болып табылады”.
Т.Досмұхамбетов туризмді дамыту мәселесімен қатар, еліміздің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін ел спортшыларына айрықша рөл беріліп отырғанын
мәлімдеді. Бұл орайда, ол еліміздің мүмкіндігі жоғары ел ретінде танымал
спортшылардың халықаралық спорт ареналарындағы нәтижелеріне байланысты
екенін, соған орай министрлік дене тәрбиесі мен спортты дамытудың үш жылдық
бағдарлама жобасын әзірлегенін жеткізді.
Елімізде 28600 спорт ғимараты бар. Солардың 16 мыңнан астамы әуесқой спорт
алаңдары болып табылады. Олар көбіне оқу орындарында дене тәрбиесі пәнінің
академиялық сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Бүгінде республикада дене
тәрбиесі және спортпен 2 млн. 82 мың адам немесе халықтың 13,7 пайызы
тұрақты түрде айналысады. Соның ішінде, 200 мыңнан астамы балалар мен
жасөспірімдерге арналған 390 спорт мектептерінде шеберліктерін шыңдауда.
Соңғы кездері елімізде 4 республикалық және 12 облыстық спортта дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты, 3 Олимпиялық даярлау орталығы мен
Олимпиялық резервті даярлаудың 13 өңірлік орталығы ашылды. Бірақ, бір
өкініштісі, олардың өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ.
Сонымен қатар, аталған жиында баяндамашы 2011 жылы Алматыда өтетін Азия
ойындары туралы өз пікірін білдіріп, ол сол кезде Азиядағы маңызды
халықаралық спорттық оқиға болатынын, сондықтан осы жарыс арқылы еліміздің
спорттық беделін арттырып, қысқы олимпиялық спорт түрлерін дамытудың
инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік алатынын тілге тиек етті.
Аталған жиын соңында министр оған қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл ретте өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты Астанадағы Шахмат
клубының директоры, Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Сардар
Шәріпов пен қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басқа да
өкілдері сұрақ қойып, қанағаттандырарлықтай деңгейде жауап алды. Былтырғы
жылдың қорытындылары қай салада болсын көңілге тоқ. Тұрғындар саны көші-қон
және бала туудың есебінен 21,7 мың адамға өсіп, 572,1 мың адам болды.
Яғни, өсім 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,3 пайыз құрады. Экономика
да тұрақты дамыды. Оның мысалы – өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр 77
млрд. теңгеге жетті. Бұл мұның алдындағы жылғы деңгейден 16 пайыз көп.
Өткен жыл ішінде қала экономикасының әртүрлі салаларында қосымша 15,2 мың
жұмыс орны ашылды, бұл еңбек рыногында тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге
мүмкіндік берді. Сонымен бірге, экономиканың индустриялық-инновациялық даму
жолына шығуы жағдайында, индустриялық паркті құруға айырықша назар
аударылуда. Қазірдің өзінде 17 ұсыныс іріктеліп алынды. Инвесторлар 175
миллион АҚШ долларына дейін қаржы салуға мүдделі болып отыр. Сонымен қатар,
бір мезгілде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде, бұл үшін биылғы
жылға бюджеттік қаржыдан 2 миллиард теңге бөлінді.
Әкімнің сөзіне қарағанда, индустриялық аймақ елорданың қуатты өнеркәсіп
орталығына айналатын болады. Онда инновациялық дамудың, кадрларды
дайындаудың және жұмыспен қамтудың мәселелері кешенді түрде шешілмек.
Құлаққа жағымды жаңалықтың қатарына халықтың нақтылы табысы өсетіні туралы
мәлім етілді. Қазір жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақысы 60 мың
теңгені құрайды. Бір сүйсінерлігі сол, осы көрсеткіш жөнінен Астана орасан
зор шикізат ресурстарымен экономикалық мүмкіндіктері бар Атырау және
Маңғыстау облыстарынан кейін үшінші орынды иеленеді екен.

Таңданыстан – талғамға!
Иә, елорда туралы айтқанда тілдің майын тамызып, небір таңданыспен әңгіме
қозғайтынымыз рас. Мұның жөні де бар. Қазақ мемлекеті астанасының шапшаң
қарқынмен дамып, өркендей түсуі қандай бір асқақ теңеумен аңыздай етіп
айтардай жүрекжарды пікірге сай екендігінде күмән жоқ. Құрылыс құлашын
жаюда. Кешегі бір елеусіз жатқан аймақтан көз жауын аларлық көркем
ғимараттар өсіп шығуда. Бұларға таңданбауға бола ма?! Бірақ таңдана беруге
тағы болмайды. Іс көркі әманда өзінің сапасымен, халыққа жағымдылығымен
еселенбек. Бұл тұрғыдан алғанда әкімнің есебінде айтылғандай, елорданың да
елеулі кемшіліктері бар. Соны түзеу үшін тұрғындармен ақылдасу ниеті,
әрине, құптарлық.
Мысалы, ресейлік оралман мынандай ұсыныс айтты. Құрылыста қажетті
технологиялар тиімді көрініс таппайды. Мысалы, битум өндірісін қолға алатын
кез жеткендей. Мұның өзі жұмыс сапасын арттыруға ықпал етер еді. Мен, деді
ол, егер әкімдік тарапынан қолдау білдіріліп жатса, бұл жөнінде ресейлік
технологияны пайдаланудың сырын ашар едім. Өз кезегінде әкім оралманның
ұсынысына қолдау білдіріп, жеке қабылдайтынын мәлімдеді.
Немесе №31 мектептің мұғалімі мәлім еткендей, қалада мектептер мен
балабақшаларында орын жетіспеушілігі тұрғысындағы пікірге қалабасы мынадай
уәж айтты. Бұрын мұндай мекемелер бюджет қаржысынан тұрғызылып келсе, енді
кейбір компаниялармен келісім-шарт нәтижесінде осындай нысандар салынатын
болады. Және де жуырда әкімдікте болған кездесуде Премьер-Министр
К.Мәсімовтің келісімін ала отырып, алдағы жылдарға жоспарланған мұндай
нысандардың салыну мерзімін неғұрлым бергі жылдарға жылжытудың мән-жайы
тиянақталғанын айтқанда тұрғындар бір серпіліп қалды.
Таңданбайтын бір мәселені Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма
театрының әртісі Г.Әспетова қозғады. Иә, жаны ашыған соң айтып отыр. Екінің
бірі біледі бұл жәйтті. Ұлттық өнердің Сарыарқа төріндегі қарашаңырағы тым
қолапайсыз күйде. Мұның жөні қалай болар екен? Әкім жауапты қысқа қайырды.
Биыл театрдың жобасы жасалып бітіп, келесі жылы құрылыс басталмақ. Жұрт қол
шапалақтап жіберді.

Ұғынықты ұсыныстар
Кездесуге қатысушылардың біразының көңілі күпті екендігі олардың көтерген
мәселелерінен айқын сезіліп тұрды. Олардың біразы жер телімін бөлуге келіп
саяды. Мәселен, “Нұр-Астана” мешітінің имамы медресе жатақханасын салуға,
ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшісі арнайы ғимарат тұрғызуға жер
қажеттігін өтінді. Сондай-ақ қаладағы мүгедектер де осындай өтініш айтты.
Бұл жөнінде әкім нақты уәде берді. Мүмкіндігінше жер телімдері бөлінетін
болады. Ол тұрғын үйге қатысты көптеген сұрақтардың болуына байланысты
түйінді жауабын бере кетті. Жер телімдеріне сұраныс көп. Қазіргі кезде
тұрғын үй салуға жер алғысы келіп кезекке тұрғандар саны 50 мыңнан асып
кетті. Сол себептен де Астананы дамытудың және салудың бас жоспарына
түзетулер енгізудің тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейінгі кезеңге
арналып, құрылыс салушыларға жер бөлінгенге дейін инженерлік жүйелермен
және коммуникациялармен қамтамасыз етілетін жеке тұрғын үйлер
құрылыстарынан 10 ауданды орналастыру қарастырылған. Әкім тұрғын үй
мәселесіне қатысты туындаған пікірлерді ескеріп, бұл реттегі Мемлекеттік
бағдарлама ауқымында 2007 жылы мақсатты трансферттер есебінен 3576 пәтер
қатарға қосылатынын ескертті. Ал бүгіндері мемлекеттік бағдарлама бойынша
тұрғын үй сатып алуға тілек білдіргендердің саны 14 мыңға жуықтап қалыпты.
Жасыратыны жоқ, қалада өз төлемдерін жасап, мерзімді уақытында пәтерлерге
қол жеткізе алмай отырған тұрғындар жеткілікті. Қысқаша айтқанда, алданып
қалғандар. Сұрақтың көбі осыған қатысты қойылды. Әкім жауабы нақпа-нақ
болды. Қазіргі уақытта үлесшілердің мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында
осындай “проблемалық” 21 тұрғын үйдің құрылысын аяқтаудың, оларға жаңа
инвесторлар тартудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр екен.

Сапа – іске сын
Жуырда өткен қала әкімдігіндегі кездесуде Үкімет басшысы ірі қалаларда
заңсыз құрылыс жүргізуді ауыздықтап, олардың заманалық бейнесін
қалыптастырудың қажеттігін ескере келе, бұл жұмысқа беделді халықаралық
сәулетшілерді тарту және қала құрылыстарын бас жоспар негізінде жүзеге
асыру жөнінде Астана қаласының әкіміне нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырған
болатын. Мұның мәнісі неде? Әрине, жоғарыда айтқанымыздай, қаладағы құрылыс
нысандарының кейбірінде сапасыздыққа жол берілуіне тосқауыл қою ниетінен
шыққан жанашырлық еді. Күні кеше ғана Парламент депутаттары да құрылыс
сапасының кейбір түйткілдеріне наразылық білдіріп, депутаттық сауалдар
жасады. Бәрі ортақ істің мүддесі үшін. Бұл жөнінен де тұрғындар тарапынан
орынды сын-пікірлер айтылмай қалмады. Әсіресе, тығыз орналасқан үйлердің
аулаларының өзін меншіктеп алып құрылыс салушыларға наразылық күшейіп
барады. Оны тежеуге бола ма? Әкім мәселенің тиімді жолдарына тоқталды. Енді
аулалық аумақтарды тарылтатын тұрғын үйлер құрылысын тұрғызуға тыйым
салынды. Сонымен бірге, құрылыс сапасын жақсарту ниетімен қазірдің өзінде
“іші әрленбеген” деп аталатын тұрғын үйлерді қабылдауды болдырмау жөніндегі
ұсыныстар шешімін табуда. Сонымен қатар, үйлердің үстінен мансардтық
қабаттарды салу практикасы да, тұтастай алғанда, өзін-өзі ақтамауы себепті
мұндай тәсіл енді қолданылмайтын болады. Ұсыныстар көп әрі ұғынықты. Көлік,
байланыс, қызмет ету, тұрғын үй қорын күтіп ұстау саласына қатысты
туындаған проблемаларды шешу жолдарын әкім жіктеп айтып берді. Сондай-ақ
білім, медицина саласындағы “әттеген-айларға да” баса көңіл бөлінді.

Стратегиялық серпін
Бүгінгі таңда елорданы дамыту және құрылыс салу жұмыстары жүйелі
жүргізілуде. 2030 жылға дейінгі мерзімде бас қаланы тұрақты дамытудың
стратегиялық жоспары мен Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған
әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Сондай-ақ халықаралық және аумақаралық ынтымақтастықтың қазіргі
заманғы орталығы ретінде елорданың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
нақты шаралар аумақтық деңгейде қайта қаралды.
Қазірдің өзінде 2030 жылға дейінгі бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеу
аяқталды. Астананың сол жағалауындағы жаңа орталықтар базасында бүгінгі
медицинаның негізгі бағыттарын біріктіретін қазіргі заманғы медициналық
кластер құру қамтамасыз етілуде. Бұл ретте елорда тұрғындары үшін жоғары
сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.
Елорда астаналықтар үшін Еуразиядағы сәулеті жағынан ең әдемі, жайлылығы
жөнінен қазіргі заманға лайық қала болу мүмкіндігіне ие. Елбасы
Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай бұл міндетке қол жеткізу жолында қала
әкімдігі мен елордадағы барлық құрылымдар күш біріктіруде. Бүгінгі таңда
халықаралық деңгейдегі жаңа университет құрылысының жұмысы жүргізіле
бастады. “Астана – жаңа қала” АЭА аумағын кеңейту мәселелері шешілуде, ол
3 мың гектардан астамға арттырылады. Сонымен бірге, осы жерде “Хан шатыры”
сауда және ойын-сауық кешені секілді ғажайып нысан, бір шатырдың астындағы
“Батығай” қаласы тұрғызылмақ. Биылғы жылы 30-дан астам ғажайып зәулім
ғимараттардан тұратын Қабанбай батыр даңғылының кешенді құрылысы басталады.
Және де елорданың “айшықты белгісіне” айналатын әуежайдан қалаға кіре
берісте бірыңғай сәулеткерлік сән құрылымы тұрғызылмақ.
Қаланың онжылдық мерейтойы қарсаңында оның көркін жақсарту бағытында біраз
жұмыс атқарылады. Тек демеушілердің қаражатымен Республика даңғылындағы
үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру қолға алынды. Осы бағытта 2
миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады.
Қаланың орталық көшелерінде орналасқан көпірлердің, қасбеттердің тұрғын
үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жарықпен безендірілуіндегі эскиздік
жобалар қайта қаралуда.

Ой иірімдеріндегі шындық
Иә, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің астарында қаншама сыр
жатыр десеңізші. Солардың кейбірін жіктеп көрелік. Әкім баяндамасы БАҚ-
тарда кемінде бір апта бұрын жарияланғанда, жұртшылық талқысы бұдан да кең
ауқымды бола түсер ме еді? Есепті баяндамада сын жағы аздау көрінді, деді
зейнеткер. Алматы, Сарыарқа аудандары әкімдерінің кездесулерін сыни
тұрғыдан тиянақтап “сүзіп” алғанда ортақ іске мол пайдасы тиер еді. Астана
әкімдігінің ақпарат қызметіне сәл де болса талдау жасалып, ширықтырылуы
керек еді. Қаладағы көптеген қырсыздықтар жеткілікті қырналмай қалғандай
әсер етті. Биылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіріп отырған
әкімдіктің осы тараптағы іс-шаралары тасада қалғаны қынжылтады. Сұрақ
қойылса да, әкім жауап берсе де сартылдай соғылған шапалақ сыры неде екен?
Өз қабылдауына кіре алмағандарға әкім “кейін жүздесемін” деп уәде беріп
жатты. Сонда бұған дейінгі тосқауыл кімнен болып отыр?
Тұрғындардың ой иірімдерінен келтірілген осындай үзіктерден де сыр ұғып,
пікір түюге болатын секілді...
...Асқар Мамин есеп берудің басында: “Астана тұрғындары алдында есеп бере
отырып, қала азаматтарымен тікелей және ашық әңгіме, тұрақты кездесулер
қала әкімі ретінде мен үшін тек әкімдіктің жұмысына негіздемелі баға беру
ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте алда тұрған міндеттерді айқындап
алу екендігін ерекше атап көрсеткім келеді” деп, Президент Әкімшілігі
Басшысының орынбасары Дархан Кәлетаев қатысып, үлкен мән берілген бұл
кездесудің терең мәнін ашқан болатын.
Есеп барысында түйген ой: әкім мақсаты орындалды –Астананың адымы аршынды
екендігі айқындалды. Жаңа міндеттер қыруар. Астана қаласының онжылдығы
қарсаңында тұрмыз. Әдетте мерейтой мақсатты жұмысты талап етері сөзсіз. Сол
биіктен табылуға әкім есебінің де өзіндік игі әсері тимек.
Тәуелсіздігімізді тербеткен Алматының, қазақтың Алматысының қазіргі ахуалы
қандай, әлеуметтік-экономикалық дамуы қай дәрежеде, біткен шаруа
қаншалықты, шешілмеген мәселелері қандай деген сауалдарға жауаптар бұрнағы
күні Алматы қаласы әкімінің есепті кездесуінде егжей-тегжейлі айтылды.
Мемлекеттік бюджеттің бестен бірін тауып отырған қаланың тіршілігі
төмендегідей.

Әкімнің халықпен кездесуі болатындығынан алдын ала құлағдар болған халық үш
мың орындық Республика сарайын лық толтырып, айтатын уәждері мен қоятын
сұрақтарын жұптап отыр еді. Қала басшылығына келгеніне екі жылдан енді ғана
асқан Иманғали Тасмағамбетовтің баяндамасынан ауқымды істердің барынша
тыңғылықты орындалғанын аңғару қиын болған жоқ.
Бұл есептік кездесу бір жағынан 2006 жылдың ғана қорытындысы емес,
“Тасмағамбетов Алматыға әкім болып келгелі не тындырды” деген сауалға жауап
іспеттес болды.
Есепті дайындау барысында Алматы қаласының әкімдігі тұрғындар арасында
сауалнама жүргізіп, қалалықтардың 77 пайызы әкімдік қолға алған істерді
құптайтындықтарын, 40 пайызы 2006 жыл Алматы үшін табысты болды деп
есептейтіндіктерін анықтаған екен.
Сонымен, іске тындырымды әкімнің баяндамасында Алматының 2006 жылғы ауыз
толтырып айтарлықтай табыстары тізбектеліп, әлі де болса атқарылуға тиіс
қордаланған мәселелері де ұмыт қалған жоқ. Алдағы жылға құрылған жоспарлары
да рет-ретімен айтылды. Мәселен, қаланың бюджеті 2004 жылғы 52 млрд.
теңгемен салыстырғанда, екі есе ұлғайып, 2006 жылдың қорытындысы бойынша
103 миллиард теңгені құраған.
Соңғы жылдары Елбасы бастап, ел қостаған жақсы дәстүрге сай бас қосып
отырмыз. Шүкір, бабын тапқан бастама да, шешімін тапқан шаруа да жетерлік,
деп сөз бастаған әкім ілімнің, білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағы
болған – Алматыны енді ірі қаржылық, туристік және спорттық орталыққа
айналдырудың жай-жапсарын атамас бұрын, өткен жылы өндіріс көлемі – 8,
инвестиция тарту – 30, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 37 пайызға артқанын
жеткізді.
Былтыр білім беру және денсаулық сақтау салаларының әрқайсысына 2005 жылмен
салыстырғанда 30-35 пайыз артық қаржы бөлінген.
Біз бүгін кеңестік кезеңде бірқалыпты дамыған қаланың жоғары қарқынды
дамуды бастан өткеріп жатқанына куә болып отырмыз. Ел астанасы болмағанмен,
Алматы – Қазақстанның ірі қаласы. Әлемнің әр елінде осыған ұқсас
мегаполистер бар. Мысалы, АҚШ-тағы Нью-Йорк, Австралиядағы Сидней,
Қытайдағы Шанхай, Түркиядағы Ыстамбұл қалалары. Аталған елдердегі барлық
маңызды экономикалық және саяси үдерістер осы қалалармен тығыз байланысты,
деді қала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқар Егеубаев - публицист
Алаш мұраты – отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі
ПАРТИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі
Еңбегіңе қарай өнбегі
Бәсекенің экономикалық мазмұны
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек түрлері
Пәндер