Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану



Кіріспе ... ... ... ... ... .3
І. Этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуының теориялық негіздері ... 6
1.1. Этнопедагогиканың шығуы мен дамуы ...
1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы ... ... ... .15

ІІ.Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ...25

2.1.Бастауыш математика курсының мазмұнында қазақ этнопедагогикасы элементтерін қолданудың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерінің алатын орны және оларды қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ..45
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселелерін шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «... Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды...» [1]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ... әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру,» - делінген [2].
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. –Алматы, 1997.
2. Қазақ Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11-маусым.
3.Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр.пед.соч. –Москва, 1955.
4.Табылдиев Ә. Қазақ энциклопедиясы. –Алматы, 2001.
5. Пестолоции И.Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2. –Москва, 1963.
6.Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. –Алматы, 2004.
7.Волков Г.Н. Этнопедагогика. –Чебоксары, 1974.
8.Жарикбаев К. Из истории развитиия педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. –Алма-Ата, 1978.
9.»Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. –Алматы, 19-20 мамыр 1992.
10.Кожахметова К.Ж. халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1993.
11. Озғанбай Ө. Халықтан озған ұстаз жоқ. –Алматы, 1996.
12. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі –ақылдың көзі. –Алматы, 1980.
13.Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. –Алматы, 1998.
14.Қалиев С.К. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл. докт. ... дис. Автореф. –Алматы, 1996.
15.Ұзақбаева С.А., Момынбаев Б. Қазақ халық педагогикасының шетелдерде дамуы. –Алматы, 1994.
16. Измаилов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. –Москва, 1991.
17.Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1989.
18.Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы, 1993.
19. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. –Алматы, 1999.
20.Асанов Ж. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. –Алматы, 1999.
21.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы, 1976.
22.Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлері. Арнайы курс бағдарламасы. –Алматы, 1995.
23. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. –Алматы, 1998.
24. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. –Алматы, 1980.
25. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1993.
26.Гумилев Л.Н. География этноса в исторической период. –Ленинград, 1990.
27.Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР в древнейших времен до конца ХҮІІІ в. –Москва, 1989.
28.Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. –Алматы, 1990.
29. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 2 том. /Құрастырғандар Жарықбаев Қ., Қалиев С. –Алматы, 1998.
30.Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. –Алматы, 1998.
31.Кон С. К проблеме национального характера. –Москва, 1971.
32.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –Алматы, 1995.
33. Елубаев С. Қазақтың байырғы қара есептері. –Алматы, 1996.
34. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. –Алматы, 1995.
35.Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластар математикасын оқыту методикасы. –Алматы, 1987.
36. Сарбасова Қ.А. Математика мұғалімдерін даярлау. –Астана, 2003.
37.Жолтаева Г.Н. Негізгі мектепте математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элкементтерін пайдалану әдістемесі. Пед.ғыл.канд. ... дисс. –Алматы, 1999.
38. Ұзақбаева С., Сарбасова Қ. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. –Алматы, 1998.
39.Әбілқасымова А.Е., Ұзақбаева С.А., Сарбасова Қ.А. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану. Әдістемелік нұсқау. –Алматы, 1998.
40.Утеева К.А. Методические условия учета национальных особенностей в обучении математике в начальной казахской школе. Дис. ... канд. Пед.наук. –Алматы, 1994.
41.Нурсултанов К. Очерк истории математических знаний в Казахстане и вопросы использования ее материалов в педагогическом процессе казахской школы. Дис. ... канд.пед.наук. –Алматы, 1974.
42.Сарбасова Қ.А. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлығын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд. ... дис. –Алматы, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА
ЭЛЕМЕНТТЕРІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доц. Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы
Дәулетбекова Б.
С.Қожагелдиева Орындаған: ППМ-511 тобының
____ _____________2009 ж. студенті Жанбекова Л.
Хаттама №__________ 050102- Бастауыш оқыту педагогикасы
______________2009 ж мен әдістемесі

ТҮРКІСТАН, 2009 ж.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН САБАҚТА
ҚОЛДАНУ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуының теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Этнопедагогиканың шығуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму
тарихы ... ... ... .15

ІІ.Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін
сабақта қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25

2.1.Бастауыш математика курсының мазмұнында қазақ этнопедагогикасы
элементтерін қолданудың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ
этнопедагогикасы элементтерінің алатын орны және оларды қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...47

К І Р І С П Е

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік
және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім
беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие
беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби
дайындау мәселелерін шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары
еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан -2030 халыққа
Жолдауының Қазақстан мұраты бөлімінде былай айтылған: ... Олар
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесінде
дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық
жасайды... [1]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында
Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны
– Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ... әлемдік және отандық
мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік
тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру, - делінген [2].
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің іс-тәжірибелерін зерттей келе,
оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайы төмен деңгейде екенін, өйткені олардың
ол мәселе бойынша теориялық білімдері, практикалық іскерліктері мен
дағдылары жетіспейтінін көрсетті. Оған себеп, мектептердің оқу-тәрбие
жұмысының бағдарламалары, оқу және әдістемелік құралдар ұлттық тәрбиенің
ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге
асырылды. Ал педагогтік жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярланбады.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында: Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны
жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ,
болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында
этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етеп ендіруді, -ұсынды
[3].
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық
тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда Білім туралы заңда
білім беру жүйесінің міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар
жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау, сабақ беруде
этнопедагогика элементтерін қолдану оларға жүйелі этнопедагогикалық білім
беру арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық мектептің қажеттігі –қазір елімізде орын алып отырған
иммунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін,
Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын
балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер
мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулары,
мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы мұғалімдер беделінің төмендеуі,
оларға қамқорлықтың жасаланбауы, ұл және қыз балалардың бұзақылық,
тәртіпсіздігін бірте-бірте жоюды және олардың алдын алу, болдырмаудың
негізгі жолы екендігі, ал мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау,
білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, ұлтжанды болып өсуі және т.б.
еліміздің болашағы жарқын болуы үшін тәрбие бесіктен демекші, бастауыш
сыныпта оқытылатын пәндер арқылы, әсіресе математика сабағында
этнопедагогика элементтерін қолдану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап,
жоғарыда айтылған мәселелердің көкейтестілігіне қарай диплом жұмысымыздың
тақырыбын Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика
элементтерін сабақта қолдану - деп таңдадық.
Зерттеу нысаны: математика сабақтарында этнопедагогика элементтерін
қолдану үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика
элементтерін сабақта қолданудың мазмұны, әдістері, дидактикалық құралдары.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқытуда
этнопедагогика элементтерінің мәні мен мазмұндық ерекшеліктері туралы
оқушыларға білім беру.
Зерттеу міндеттері:
1 Этнопедагогиканың шығуы мен даму мәселелерін зерттеу;
2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихына талдау
жасау;
3. Бастауыш математика курсының мазмұнында қазақ этнопедагогикасы
элементтерін қолданудың сипаттамасын беру;
4.Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ
этнопедагогикасы элементтерінің алатын орны және оларды қолдану
мүмкіндіктерін ашу.
Бүкіл қазақ халқына, әсіресе жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру –ел
болашағының негізі екенін ескере отырып, болашақ мұғалімдер алған
этнопедагогикалық білімдері мен іскерліктерін оқушыларға ұлттық тәрбие
беруде пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
Этнопедагогикалық ойлардың дамуының жалпы заңдылықтары; жеке
тұлғаға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері арқылы тәлім-тәрбие
беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы,
Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлекеттік стандарты, жоғары оқу
орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен
оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен
жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін зерделеу және баспасөзде жарық көрген
ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау.
Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМЫП, ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ

Қай заманда,қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор
міндеттердің бірі-болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-
парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-
дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ
тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік
ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше
жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогиканың ғылыми негіздері
туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың
аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен
дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас
процесі мен нәтижесі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген
тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып,
бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида
болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол
халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден
басталып, ел-жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік
орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының
барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық
дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі,алтын діңгегі болып келгені
даусыз. Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың
өзара сабақтастығы және ұстамдық-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі
ғылыми педегогика халық педагогикасынан бастау алып,оны ғылыми теориялар
тұрғысынан жан-жақты зерттеп,өз керегіне пайдалануда.
Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші
рөл атқарса,ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара
байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материялдық мәдени байлықтары
және олардың өзіндік ерекшкліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба
ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын
анық байқауға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыда қарастырылған
зерттеулерге сүйене отырып,этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-
тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың
мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал
ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі
этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың
бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де,
ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты
жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар
жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер
туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырады.
Халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілгері бастауы,
халықтық рухани мұрасы.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық
өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық
тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада
қолдана алу дағдысын игеруді көздейді [4].
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі
жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті
дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік
қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе
этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін
көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.
“Этнос” гректің - etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан.
Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” термині орынды қолданыла бастады.
Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”),
“ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, “халық” сөзінің “бір топ адам”
(мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екені белгілі.
Сондықтан “этнос” терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді.
Оған әлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға болады.
Шындығында, әрбір адам, бір жағынан,белгілі бір қоғамның мүшесі бола
отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның
бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз
эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе,
этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық
педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің
қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің
ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік
етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді
[5].
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне
тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму
заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі
элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,
өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына
тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық
адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау
және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету
басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы
қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын
түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық
өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің
қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ
мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және
жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың
қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі
халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі
салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу
дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу
жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу
жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие үдерісінде
кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған
халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту
екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық
тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі
қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік – эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға
қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен
танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен
көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап,
өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының
бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру,
халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи
этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер
дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және
өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың
студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше
[6].
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі
екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық
ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының
күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның
нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп
педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т.б.) оның этникалық
педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді.
Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы,
профессор Г.Н. Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды
[7]. Ал Қазақстанда этнопедагогика терминін тұңғыш енгізген профессор
Қ.Жарықбаев өзінің Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-
пікірдің даму тарихынан атты әдістемелік ұсынысында берген еді [8].
Сондай-ақ ол 90-жылдары Халықтық педагогика – халықтың тәрбиелеу және
оқыту туралы білімдерінің қосындысы ал Этнопедагогика – халықтық тәлім-
тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы
ғылым саласы деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ
этнопедагогикасы бойынша зерттеу мәселелерін анықтап берді [9].
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің
қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан
Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов: Халықтық педагогика және
Этнопедагогика ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін
анықтауға бағытталған Е.Л.Христова, Г.Н.Волков, Я.И.Калбиков, И.С.Кон,
А.Э.Измаилов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық
бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік
талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М.Ф.Шабаева, Г.С.Виноградов
еңбектерін атауға болады [10].
Соңғы уақыттарда қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен
жетістікердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны
әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл
оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі–халықтық тәрбие тәжірибесі мен
оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де
қатысы бар екені даусыз.
Осы орайда этнопедагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар
аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық
педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халықтық педагогика мен
қазіргі тәрбие тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар
жасалған. Бұл тұрғыда Н.Тұрсынов (Тәжікстан), В.И.Элашнили (Грузия),
Н.В.Павлова, С.Темурова, А.Минаваров (Өзбекстан), З.Кусейнова, Ж.Бешимов,
Б.Анышев, Т.Максутов (Қырғызстан), А.Ф.Ильшентаев (Башқұртстан) және т.б.
зерттеулері аса көңіл аудартады [11].
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде
(Битиева Н.Б., Қыдырәлиев К.Н., Насруллаева Н.Н., Байман Ф.Е. т.б.)
халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық
тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың,
эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын
бөліп атайды.
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі
тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе
жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ.Жарықбаевтың
еңбектерінде айқын көрініс тапқан [12]. Ал бірқатар ғалымдар (А.Көбесов,
С.Қалиев, С.Ұзақбаева және т.б.) еңбектерінің нәтижелері тарихи-
педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын
басшылыққа алуды жүктейді [13-15].
Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар,
ЫАлтынсарин, А.Құнанбев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев) шығармашылықтарының
тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте
замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз
тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі.
Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерінің
есепке алыну қажеттігін ескертеді.
Алайда халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына
арналған зерттеулер мен жарияланымдарда оның ежелгі заманнан келе жатқан
тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның
ролі жайлы ойлар айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің әлсіз тұсы халық
педагогикасын оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын
байқатады. Мәселен, осыған байланысты М.Ф.Шабаева кешенді көзқарастың
жоқтығы, жеке топшылаулардың басымдылығы халық педагогикасының шын өміршең
және рухани фактор ретіндегі орнын бұрмалап түсіндіру қаупіне алып
келетіндігін орынды ескертеді.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымы мен сан-салалалы ғылымның басын
қосатын аса күрделі білім саласы.
Әсіресе халық педагогикасын зерттеудің теориялық негізін анықтауда өз
саласындағы жетістіктермен қатар онымен сабақтас тамырлас ғылым
тарауларындағы жаңалықтардың орны өзгеше.
Соңғы жылдардағы философия, этнография тарауларындағы халықтық
мәдениет, дәстүрлі мәдениет, руханилықтың иманенттік өзіне тән
формалары жөніндегі көзқарастар тәрбие қызметін халықтық мәдениеттің
маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыруға ықпалдылығымен құнды. Бұл
тұрғыдан келгенде тәлім-тәрбие халық өмірінің барлық саласынан көрініс
табатын материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі тарихи
қоғамдық құбылыс.
Ал халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы
сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандықтан, мақсатқа сай
тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Демек, қай халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің пайда болып,
жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен кеңістіктен тыс құбылыс емес, қайта
бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, тарихи өзгерістермен,
ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен, өзге де қызмет түрлерінің дамуымен
тығыз байланысты.
Осы орайда халқымыздың тарихи жолында жинақтаған тәрбие тәжірибесімен
педагогикалық ойлары көрініс беретін салт-дәстүр, халық шығармашылығының
түрлі жанрлары, шаруашылық кәсібі, қоғамдық өмірі, материалдық мәдениет
ескерткіштері этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісінің нысанына
айналуы аса қажет.
Тұрмыстық - мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным,
білім, тәжірибе, дағды, өнеге ауызша сөз бен нақты іс-әрекет арқылы
берілген тарихи кезеңдердің ерекшеліктері педагогикалық білімдердің ішінен
нәтижеге жеткен сұрыпталған ойлардың қолданысқа түсуін қамтамасыз еткен.
Сондықтан да педагогикалық мәні жағынан фольклор жанрларының ішінде әсіресе
мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі ретінде ерекше көзге
түседі.
Этнопедагогиканың проблемаларымен айналысушы ғалым А.Э.Измаилов Халық
педагогикасын ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан,
халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде
тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық
педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында,
мақал-мәтелдерінде, сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің
көрінісін беріп отырады. – деп орынды атап көрсеткен еді [16].
Халықтық педагогикалық білімдері кешенді комплексті және синтетикалық
сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі, аса ауқымды педагогикалық
мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме-дәл жеткізе
алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халықтық тәлім-тәрбиелік білімдерінің мазмұнын тәжірибе арқылы сан рет
тексерілген қағидалар, көзқарастар, идеялар және түсініктер жиынтығы
құрайды. Ұлы ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, түрколог А.Байтұрсынов
Ертегілер көбінде ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық, жамандық,
достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық,
аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге беру мақсатымен шығарған
әңгімелер екендігі сезіледі. -деп өте орынды түйін жасайды [17]. Бұл
түйіннің халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өзге жанраларына қатысы бар.
Мәселен, Ә.Қоңыратбаевтың пікірінше Термеде адам мінезі қандай болу керек
дейтін этикалық-сатриалық элемент бар. Терме сазындағы айтушылар жастарды
халықтық мінезге тәрбиелегісі келеді. Бұл ойларды фольклор
материалдарының тәрбиелік функциясын ашып көрсетуге бағытталған арнайы
зерттеулер нәтижелері қуаттай түседі [18].
Халықтың тәрбие дәстүрлері ғылыми аргументтері мен дәлелдеулері емес, іс-
әрекеттерінің қиысынымен, тәрбиеленушінің жан дүниесіне ықпалының
нәтижелігімен құнды. Балалар мен жас өспірімдердің әке-шеше, ру, тайпа,
халық, ұлт қалаған қасиеттерді саналылықпен бойына сіңіру, ата-аналар мен
үлкендердің (ауыл-аймақ, ел-жұрт) тәрбиеленушіде кемшіліктер болдырмауға
бағытталған іс-әрекеттерінің олардың тарапынан әрдайым қолдау табуы
тәрбиенің жемісі. Бұл халық көзқарасында адамның қоғамдағы орны оның қалай
тәрбиеленгендігі мен өлшенетіндігінің белгісі. Болашақ маман тәрбие
жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика
жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет.
Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі
құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі
міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және
аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы
ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі
жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық
мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар
және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын
игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу
жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу
жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие үдерісінде
кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған
халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту
екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық
тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі
қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік – эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға
қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен
танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын акрттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен
көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап,
өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының
бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру,
халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи
этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер
дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және
өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың
студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні
ерекше.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгеріленуі педагогикалық ойлардың дамып-
жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін
талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі
айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне
айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді. Осыған
орай, халықтық тәрбиені –ру, тайпа, халық және ұлттың психикалық
тұрпатының ортақтығы көрініс табатын педагогикалық мәдениет ретінде
анықтап, оны этникалық құбылыс ретінде құрастыруды ұсынған Г.Н. Волков
түйіндері аса көңіл аударарлық және ол ойды әрі қарай дамыту қажеттігін
алға тартады .

1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы

Қазақ халқының ұлы ағартушысы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам
қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына
теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру,
ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептің ұлттық тәрбиенең
мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін
негіздеді. Сол арқылы олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын
ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі
білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен
бірлікте болуын дәлелдеді.
Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар,
ЫАлтынсарин, А.Құнанбев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев) шығармашылықтарының
тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте
замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз
тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі
[19]. Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің
ерекшеліктерінің есепке алыну қажеттігін ескертеді.
Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алған профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-жылдарыдың басында жазған Ауылдағы
қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері атты мақаласында
Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және
халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл аптқарған дей келе, қазақ
балаларының ауылдағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін
айтып, қазақ педагогикасының тарихына алғаш рет Халықтық педагогика
терминін былай ендірген: Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-
мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы
көп жинақталған [20 ].
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі тәрбие
мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе
жинақталған. Ал бірқатар ғалымдар еңбектерінің нәтижелері тарихи-
педагогикалық мәселелердің бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын
басшылыққа алуды жүктейді.
Қазақ халық педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары
арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М.Ғабдуллин еді [21]. Ол өзінің
Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп
ой қозғаған: қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-
жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе.
Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және оның тарихы бойынша педагогика
ғылымдары доктор ғылыми дәрежесіне 14 адам ие болды, оның жетеуі
–Қ.Әмірғазин, М.Балтабаев, Қ.Ералин, С.Қалиев, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай,
С.Ұзақбаева –қазақ этнопедагогикасынан; жетеуі –Қ.Жарықбаев, А.Көбесов,
А.Ильясова, К.Құнантаева, І.Халитова, М.Тәнекеев, Т.Әлсатов-қазақ
этнопедагогикасының тарихынан қорғаған [22]. Профессор С.Қалиев мектеп
мұғалімдері мен студенттерге арнап халықтық педагогика және
этнопедагогикалық білім беру бойынша бірнеше еңбектер жазып шығарды [23].
1987 жылы С.Қалиевтің Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі
көрінісі атты кітабы жарық көрген [24]. Кітапта халық педагогикасының
негізгі көздеген мақсаты мен оны бүгіннің кәдесіне жарату, халық
педагогикасының шетелдерде және Қазақстанда зерттелу барысына қысқаша ғана
тоқталған. Автор шетел педагог –ғалымдарының халықтық педагогиканы бала
тәрбиесінде пайдалану туралы ой-пікірлерін, қазақ халқының мәдени мұрасын
зерттеуші орыс және батыс оқымыстыларыны, қазақ халқының ағартушы-
демократтарының еңбектерін талдай отырып, олардың халқымыздың өткендегі
мәдени мұрасы жөніндегі ағартушылық ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы, дамуы, қазіргі
жайы мәселелерін жан-жақты сөз етіп, оның теориялық-методикалық мәселелерін
анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы айтарлықтай.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгеріленуі педагогикалық ойлардың дамып-
жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін
талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі
айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне
айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді. Осыған
орай, халықтық тәрбиені –ру, тайпа, халық және ұлттың психикалық
тұрпатының ортақтығы көрініс табатын педагогикалық мәдениет ретінде
анықтап, оны этникалық құбылыс ретінде құрастыруды ұсынған Г.Н. Волков
түйіндері аса көңіл аударарлық және ол ойды әрі қарай дамыту қажеттігін
алға тартады. Г.Волков, К.Қожахметовалардың басқаруымен жарық көрген
Қазақстан халқының этнопедагогикасы авторлар ұжымы еңбегінде Біз
этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде
қарастырамыз [25]. Ол этнография, этнофилософия, этникалық мәдениет
ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы.
Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасы өмірінде және білім беру
мекемелеріндегі үздіксіз іске асатын этникалық тәрбие жүйесі болып
табылады деп көрсеткен.
Сонымен қатар ғалымдар этникалық деген ұғымды айтқанда оқыту мен
тәрбие саласындағы этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін,
мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік өзгешеліктерді есепке алу деп
түсіндіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының
тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін
зерттеу деп түсінуіміз керек екен. Осындай байланыс тұрғысында білім беру
үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады.
Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі,
оқушы тұлғасының қалыптасуы өз этносы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері
негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен
заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның
болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері болатыны
сияқты этнопедагогиканың да белгілі терминдері бар. Олар – шәкірт, ұстаз,
оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгі- өнеге
көрсету, ақыл өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т.б. Ал тәрбие
түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек, эконмикалық, ақыл-ой, әсемдік,
экологиялық, адамгершілік, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз
тәрбиесі.
Профессор С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін
ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауда П.Плеханов ұсынған төмендегідей
әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына
төмендегілер:
- идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үрдісіне
тәуелді екендігін анықтау;
- ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму
тарихын қоғамның даму үрдісімен қарастыру;
- тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және
әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік
ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Сонымен бірге ғалым бұл талаптармен қатар тарихи- педагогикалық
зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің
барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру,
барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес
ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика,
психология, социология, археология) зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде
пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін
атап көрсетеді.
Сондай-ақ, Л.Гумилев осындай түрлі көзқарастарды зерттеп,
қорыта келе олардың ішінен үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады
[26]. Олар:
- В.Анучкин бастаған ғалымдар тобының бірыңғай географиялық жағдайда
этнос мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік
заңдылығын туғызды деп қарауы;
- С.Токарев, А.Агеев, И.Козлов сияқты тарихшылар мен этнографтардың
этносты адам баласына әлеуметтік бірлестінен туған феномен деп
есептеуі
- Л.Гумилев, М.Артамонов бастаған үшінші ғалымдар тобының адамның
шығу тегін зерттеу үрдісінде материяның қоғамдық және табиғи-
диалектикалық даму заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық,
биологиялық қозғалу формасы мен қоғамдық-формациялық даму
өзгерістерін кешенді түрде алып қарастырған жөн деген көзқарастары
[27].
Профессор С.Қалиев өзінің Қазақ этнопедагогикасының теориялық
негіздерімен тарихы еңбегінде этностар тарихын зерттеудің ғылыми-
әдіснамалық негіздерімен қазақ этнопедагогикасының тууы тарихы мен бүгінгі
күнгі өзекті мәселелеріне жан-жақты ғылыми- педагогикалық тұрғыда терең
талдау жасаған. Және ол еңбекте қазақ атауының этимологиялық мәніне, оның
халық тәлімінің тарихи кезеңдері баяндалады.
Екінші тарауынды Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық
мәселелері тарауында энопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар,
этнопсихология мен этнопедагогиканың ортақ белгілері, қазақ
этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері, қазақ халық педагогикасының
негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы жан-жақты
қарастырылған.
Үшінші тарауында қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы мен тарихи
даму көздері деп аталып, онда халық педагогикасы –этнопедагогикасының
зертттеу объектісі, оның туып, қалыптасуы мен даму кезеңдері.,
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлері,
Ы.Алтынсариннің тәлімдік мұралары, қазақ этнопедагогикасы жөніндегі
А.Құнанбаевтың көзқарастары және шетел ғалымдарының қазақ этнопедагогикасы
туралы огй-пікірлері баяндалған. Оқулықтың жалғасы 1999 жылы қазақ
этнопедагогикасының тарихы деген атпен жарық көріп, ұлттық педагогиканың
кеңестік дәуірде, яғни 1920-1990 жылдары қалыптасып, даму тарихын
қарастырады [28]. Еңбекте қазақ этнопедагогикасының негізін салушы
көрнекті педагогтар: Ә.Диваев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытова, С.Торайғыров,
М.Жұмабаев, М.Әуезовтың педагогикалық көзқарастары баяндалады.
1994 жылы Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің құрастыруымен Қазақтың
тәлімдік ой-пікір антологиясының бірінші томы жарық көрді [29 ]. Мұнда
қазақ халқының көне заманнан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңде
тәлімдік ой-пікір нұсқалары, онда аса көрнекті ғұлама ғалымдардың, ақын-
жыраулардың, шешендер мен билердің жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беру
хақындағы әртүрлі көзқарастары мен шетел зиялыларының қазақ халқының
мәдениеті туралы пікірлері баяндалады.
1998 жылы Г.М.Храпченков пен В.Г.Храпченковтың История школы и
педагогической мысли Казахстана атты оқу құралы шықты [30]. Онда
Қазақстанда революцияға дейінгі және кеңестік кезеңде мектеп пен
педагогикалық ой-пікірдің дамуының теориялық-әдіснамалық проблемалары
қарастырылған.
Дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі, өсіп жетілген әртүрлі
формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-
құлқының ұрпақтан ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі.
Салт пен дәстүр айырмашылығы ол салт адам өмірінің күнделікті
тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі
қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім,
заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әркет, адамгершілік,
құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ,
ру, тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Жыраулар – ерте кездегі ел тәрбиешілері, ақылгөй ақындар, әрі елдің
қамқоршы ақсақалдары. Жыраулурдың ең сүйікті жанры – толғау.
Жыраулардың толғаулары ой толғау және сыр толғау деп бөлінеді. Жыраулардың
ой тоғаулары өсиет, нақыл, афоризм түрінде келеді. Онда жыраулар замана
жайындағы ой тебіреністерін, адамгершілік, әдеп қақындағы ойларын баяндау
арқылы тыңдаушыларын адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелейді. Жыраулар
ұрпақты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейтін батырлар жырларын
шығарды.
Жиембет, Доспамбет, Қазтуған, Шалкиіз сияқты жыраулар тек ақын ғана
емес, әрі ру, ұлыс басшылары, яғни шын мәніндегі ел тәрбиелеген жыраулар
болды. Сондықтан олардың жырларының тәлім-тәрбиелік мәнін халық зор
бағалап, ұрпақ тәрбиелеу ісіне жан-жақты пайдаланып отырған. Мысалы: Бұқар
жырау халықты бірлікке, Махамбет ақын елді ерлікке шақырады.
Жыраулар мен жыршыларды халық елдің еркін сөйлейтін “еркесі”, ой
бастайтын “серкесі” деп, ардақтап, айтқан жырларын ауыздан-ауызға жеткізіп,
жаттап алған. “Дуалы ауызды”, “Ұлағатты сөзді” жырауларды халық өзіне ұстаз
тұтқан. Сондықтан да сонау тас жазуынан белгілі Күлтегін жырларынан бастап,
осы уақытқа дейінгі поэтикалық шығармаларды біздің “ақын халық” жоғары
бағалап, ондағы тәрбие өрнектерінен тәлім алады, олардың жырларын
термешілер тебірене жырлап, өз мақамдарымен мақтаныш тұта айтады.
Жыраулардың жыр түйіндері мақал-мәтелге айналып, ой түйіндері оқу-
білім негізіне нұсқа болады. Сондықтан да жырауларды, халық
ақындарын,ақындар мен жыршыларды халық тәлімгерлері деуіміз керек. Халық
педагогикасын қалыптастырушылар да, негізінен, осы жыраулар мен жыршылар
өнерпаз халық жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Жыр алыбы Жамбыл және Нұрпейіс , Кене, Үмбетәлі сияқты ондаған халық
ақындары мен жыршылар, әрі өздері жырлап, әрі ертедегі жыршылар шығарған
халықтық жырларды қазіргі ұрпаққа жеткізіп, халық педагогикасының мұралық
асылдарын мирас етіп қалдырды.
Келер ұрпаққа ой саларалық, ақыл-кеңес берерлік келелі ой-пікірлерді
оқымысты ғалымдар, ақын-жыршы-жыраулар, шешен-билер өздерінің өлең-
жырларында шешендік сөздерінде, ғылыми ой толғамдарында, рубаяттарында үлгі-
өнеге етіп айтып кеткен. Кейінгі ұрпақ оны ауыздан-ауызға аңыз етіп, айтып,
жаттап, жадында сақтап біздің дәуірімізге жеткізген. Ал, көпшілік орта
ғасыр ойшылдары араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін жақсы білген. Сол
тілдерде өздерінің ой түйіндерін, ғылыми еңбек ретінде жазып, қалдырып
кеткен.
Орта Азия және Қазақстан қаласында өмір сүрген, халқына өз еңбектерін
үлгі-өнеге, нақыл-насихат, рубаяттар түрінде қалдырып кеткен ойшыл
оқымысты, ақын ұлдар түрік системалы ұлттардың ұлт болып бөлінбеген, қойы
қоралас, сауда-саттығы аралас, мәдени байлығы көпке ортақ болып келген
дәуірде өмір сүргендіктен, біз оларды түрік системалы ұлттардың бәріне
ортақ зиялы ұлдар деп қарап, олардың насихат-нақыл сөздерін, тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлерін өзімізге өнеге тұтамыз.
Осы ойшыл оқымысты ғұламаларды регионалдық тұрғыдан (жер жағдайына
қарай) барынша шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз. Шығыс Түркістан
өлкесіне жататындар (Ю.Баласағұн, М.Қашғари, А.Йүгінеки) Батыс Түркістан
өлкесіне жататындар, яғни, Орта Азия авторлары (А.Яссауи, Қорқыт, Әбілғазы)
Алтын Орда авторлары (С.Сари, М.Әлі, Хорезми, Қ.Жалайыри, Дулати).
Ал, жазу ескерткіштерінің түріне қарай, Орхон жазу ескерткіштері
(Монғолия жерінен табылғандары ҮІ-ХІғ.ғ.) мен көне Ұйғыр жазу ескерткіштері
(“Алтын жарық”жору ІХ-ХІІ ғ.ғ. кітаптары), көне қыпшақ жазу ескерткіштері
ХІ-ХҮ ғ.ғ. деп үш топқа бөлуге болады. Жоғарыда айтылған ақын-жырау, ойшыл
ғалымдар еңбегі араб, парсы тілдеріне көне ұйғыр және көне қыпшақ жазу
ескерткіштері арқылы бізге жеткен.
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың ең алғаш нәр алған бастау
бұлағы, бірінші-қазақтың бай қазынасы-ауыз әдебиетінің асыл үлгілері болса,
екінші-Физули, Фердауси, Низами, Науай, Сағди, Қожа Хафиз сияқты Шығыс
класиктерінің шығармалары болады, үшінші-орыстың Пушкин, Лермонтов,
Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер сияқты классик
жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақпен Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі Зереден, халық
ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе, қазақтың
шешендік сөздерден әкесі Құнанбайдың, аталары: Өскенбайдың, Кеңгірбайдың
өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме-толғаулары мен
қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз өнерінің бүге-
шігесін жетік білуіне септігін тигізді. Қала берді шығыс әдебиетін еркін
оқып меңгерген жас ақын Абай осы елдердің салт-дәстүрлерін, тіршілік-
тынысын, ерлік есін өз шығармасының тақырыптық арқауы етті. Мысалы, Абай
шығыс халқының Масғұт атты ертегісін поэманың мазмұнына желі етеді. Онда
есіз тамда қарақшылар өлтіргелі жатқан шалды ажалдан арашалап құтқарған
Масғұттың (Мұхамед пайғамбардың) ерлігін суреттейді. Жігіттің осы ерлігіне
дән риза болған әулие шал оған үш түрлі жемісі бар гүлді сыйға ұсынып:
--Ағын жесең: ақылын жаннан асар,
Сары жесең: дәулеттің судай тасар.
Егер де қызыл гүлді алсаң тыңдап,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,--
деп ақыл байлық әйелдің бірін таңдауға мұрсат береді. Жігіт байлық бір жұт
алса жоқ болады, көре алмас күндестерде көп болады, бір кісілік ақыл өзімде
де бар, көп наданның арасында жұрттан асқан ақылды болып не бітірем. Қой,
оданда сұлуды жолдас етейін деген тоқтамға келеді. Әулие шал: Шырағым,
әйелді жолдас етуді неге қаладың?- дегенде, жігіт: Қан да, қара да анадан
шықты, әйел сөзіне құлақ салмас жан болмайды. Ханды қаһарынан қайтаратын,
ердің ашуына арашашы, ақылшы болатын үйдің де, түздің де, татулық, бірлік,
береке ұйтқысы- әйел. Соны ойлап, әйел қауымымен дос болуды қаладым,-
дейді. Абай еңбектерінде біріншіден, өнер мен ғылымды, адамгершілікті,
достықты паш етсе, екіншіден, халақ қамын ойлайтын парасатты азаматтар қай
елде болмасын ұлтына, дініне қарамай, солардан үлгі алу, өнеге тұту, дос
ету, сөйтіп Адам баласының бәрін бауыр тұту, гуманистік ұлы қасиет, сол
қасиет жас ұрпақтың бойынан табылса екен деген ақынның ой тілігі. Абайдың
барлық еңбектерінде жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар – ождан қай
дәуірде болмасын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып
шығытын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нұсқасы, жастарды алға жетелер жарық
жұлдыз-нысанасы екені даусыз.
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай
халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты
зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.

Қазақтың халықтық педагогикасының негізгі көзі – халқымыздың салт-
дәстүрлері. Өйткені олар –халық мәдениетінің басты саласы. Халықтық салт-
дәстүрлерде тәрбиенің басты факторлары: табиғат, еңбек, тұрмыс –тіршілік,
әдет-ғұрып, өнер, дін, үлгі, қарым-қатынас, іс-әрекет анық көрініс береді.
Сондықтан ұлттық тәрбие беруде халықтың салт-дәстүрлерін тәрбие құралы
ретінде мектепте пайдалану маңызды мәселе.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта Халық педагогикасы
деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қарсы төрт тұрғыдан қарастырып
жүр. Олардың біріншілері халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса,
екіншілері әр халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері халықтың
педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі; төртіншілері: халық
тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды. Халық педагогикасының теориялық
негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын –халықтың
таптық педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы белгілі ұлттық
педагогиканың санасы ретінде қарастырады. Халық педагогикасымен ұзақ жылдар
бойы айналысып келген, дамуына үлес қосқан ғалым Г.Н.Волков педагогикалық
әдебиеттерге тұңғыш рет этнопедагогика деген ұғымды енгізген
этнопедагогика –халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың
педагогикалық көзқарастары туралы ұғым. Халық педагогикасы халықтың ауыз
әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен
тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педжагогикасы халыққа қажет
қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың,
міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы
дей келе... бұл білім мен мағлұматтар әдетте ауызша таралады, оның зерттеу
тақырыбы-тәрбие, ал тәрбие объектісі –адам, тұлға, -дейді Г.Н.Волков.
Академик А.К.Конның басшылығымен 1983 жылы педагогика баспасынан
шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміз –белгілі бір қоғамда немесе
коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында
қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі [31].
Қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік және оқулық мүмкіндіктерін
қазіргі мектептерде пайдалануға және іске асыруда мұғалімдердің, әсіресе
болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық дайындықтарын жан-жақты жүргізу
керек. Көптеген мұғалімдер этнопедагогиканы оқу-тәрбие жұмысында пайдалана
білмейді, өйткені олар арнайы дайындықтан өтпеген және этнопедагогика пәні
жүргізілмеген. Ал студенттерге психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуда
этнопедагогика бойынша ғылыми білімдер жүйесі берілді, себебі оған жоғары
оқу орындарының болашақ мұғалімдерге этнопедагогиканы жеке оқу пәні етіп
ендірілді.
Педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына
енетін жаңа Қазақ этнопедагогикасы пәнін оқытуға 40 сағаттық уақыт
бөлінген.

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН
САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Бастауыш математика курсының мазмұнында қазақ этнопедагогикасы
элементтерін қолданудың сипаттамасы

Қоғам дамуында болып жатқан өзгерістерге байланысты мектепте
математикалық білім беру мазмұнының ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарға, ізгілендіру мен демократияландыру идеяларына бағытталуы,
математиканы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Халықтық педагогика ұғымы
Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Пәндер