Абай Құнанбаев (1845—1904) өмірінен қысқаша мәлімет



1 Абай Құнанбаев — қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға
2 Абайдың шығыс классиктерінің шығармаларына деген ынтасы
3 Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар
4 Абай поэзиясы — адамзаттың асыл қазынасы
5 Абайдың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны
6 Абайдың поэмалары
Абай Құнанбаев — қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның шығарма-шылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады. Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын өз кезінің ең озық деңгейіне көтере білді, қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп, өркениетті (прогресшіл) сипатта дұрыс корытынды шығара алды. Өзі өмір сүрген тарихи кезеңнің алға тартқан ащы сұрақтарына ұлт тағдырына катысты аса білермендікпен жауап беріп, ел санасын ұлы мақсаттарға бұруға талпынды. Ақыл парасаты кемеңгерлікке ұласқан ақынның бұл максат-мүдделері оның мән-мағынаға, көркемдікке толы әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай шығармаларында өз дәуірінің келелі мәселелері шынайылықпен суреттелді. Өз кезінің алуан түрлі мәселесі қамтылып, өзі өмір сүріп отырған коғамның шын сырын ашты. Абай калдырған әдеби мұра терең мағыналы ізгі ойларға толы, шебер тілмен өрнектелген көркем де асыл туындылар.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845—1904)
Өмірінен қысқаша мәлімет.
Абай Құнанбаев — қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы
тұлға. Оның шығарма-шылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой
парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің
асқар шыңы болып табылады. Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын өз кезінің
ең озық деңгейіне көтере білді, қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп,
өркениетті (прогресшіл) сипатта дұрыс корытынды шығара алды. Өзі өмір
сүрген тарихи кезеңнің алға тартқан ащы сұрақтарына ұлт тағдырына катысты
аса білермендікпен жауап беріп, ел санасын ұлы мақсаттарға бұруға талпынды.
Ақыл парасаты кемеңгерлікке ұласқан ақынның бұл максат-мүдделері оның мән-
мағынаға, көркемдікке толы әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай
шығармаларында өз дәуірінің келелі мәселелері шынайылықпен суреттелді. Өз
кезінің алуан түрлі мәселесі қамтылып, өзі өмір сүріп отырған коғамның шын
сырын ашты. Абай калдырған әдеби мұра терең мағыналы ізгі ойларға толы,
шебер тілмен өрнектелген көркем де асыл туындылар.
Бүгінгі таңдағы мүлде жаңа сапаға көшкен казақ әдебиеті қазіргі
деңгейге сол ұлы Абайдан бастау алған рухани теңкеріс нәтижесінде қол
жеткізгені аян.
Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты (бұрын
Семей облысы болған) Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге
келген. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да, атасы Өскенбай да өз кезінің атақты
адамдары, тобықты руының билеушілері болған. Абайдың Өскенбайдан туған өз
әкесі Қүнанбай ата-бабаларынан да асып, ұзақ жыл аға сұлтан болып ел
басқарған.
Құдайберді, Тәңірберді (Төкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жастай
қайтыс болған), Ысмағұл тәрізді жеті ұлының ішінен Абай ерте көзге түседі.
Дарын-қабілеті мен ақыл-парасаты жастайынан байқалған Абайдан ата-анасы зор
үміт күтеді.
Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен
кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі
мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмарта тыңдап өседі.
Болашақта үлкен ақыл иесі болатын дарынды бала Абайды әкесі ерте
таниды. Әке көңіліне менің орнымды басса, жолымды қуып, туымды ұстаса осы
Абай ұстайды деген сенім ұялайды. Сондықтан Абайды өз мақсат-мүддесіне сай
етіп тәрбиелеуді көздеген Құнанбай ауылдағы Ғабитқан молдадан оның сауатын
аштырып, одан кейін Семей қаласына оқуға жібереді. Абай онда әуелі Ғабдұл-
Жапардың, одан кейін Ахмет-Ризаның медресесіне түсіп окиды.
Абай өзінің өте алғыр, дарындылығының арқасында өзге сабақтастарынан оқ
бойы алда болады. Кітапты көп оқып, өз бетінше көп ізденеді. Соның
нәтижесінде Шығыстың классиқ ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули
шығармаларын қызыға оқиды, басқа да әдеби мұралармен, хисса, дастан,
ертегілермен осы кезде танысады.
Абайдың шығыс классиктерінің шығармаларына деген ынтасының зор болғаны
сонша өлең жазуға деген алғашқы талпынысын соларға сыйынудан бастайды.
Физули, Шамси, Сайхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз — бу Һаммаси
Мәдет бер я шағири фарияд! —
деп келетін бұл алғашқы өлең Абай ақындығының бастау көзі болып
табылады.
Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп
қалмай, араб, парсы, түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің
шығармаларын оқып-үйрену дәрежесіне көтеріледі.
Сөйтіп, мұсылманша оқуды еркін меңгеріп алған Абай енді орысша білім
алуға бет бұрады. Осы ниетін жүзеге асыру мақсатында медресенің соңғы жылы
Семейдегі "Приходская школаға" түсіп оқиды. Мұнда үш ай орысша оқып
сауаттануы болашақ ақынның кейін өз бетімен ізденіп, орысшаны игеріп
кетуіне, орыс тіліндегі басылымдарды оқып, ой-өрісін кеңейтуге, білімін жан-
жақты тереңдетуіне мүмкіндік туғызады. Сол дәуір өлшемімен карағанда
далалық өлке үшін бұл әжептеуір оқу деңгейі еді. Сондыктан әкесі Құнанбай
Абайды он үш жасқа толған соң-ақ оқудан шығарып әкеп, болашақтағы ел
басқару ісіне баули бастайды. Қасына ертіп жүріп ел ішіндегі өзара тартыс,
дау-дамайларды байқатады, ейгілі би-шешендердің сөзін тышдатады, оның
шешендік өнер нақыштарын, мәнер-машықтарын үйреніп, көңіліне тоқып өсуіне
мүмкіндік жасайды.
Құнанбай өзі бастан кепгіріп, жинақтаған тәжірибесін, ел билеудің өзіне
тән сан түрлі әдісін Абайға да үйретіп, қалыптастырады. Ел ісіне араласу
арқылы Абай халық тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын тереңірек танып-біледі.
Бойында әже мен ана мейірімі, өз дәуірінің озық ойлы адамы болған,
алғыр да сұңғыла әке тәрбиесі жинақталған Абай Шығыс пен Батыс әдебиетінен
алған тағылымын тоғыстыра келіп, ел билеу ісінде халықпен ерекше жақындаса
түсті. Өз ой-мақсатын ел мүддесімен, халық мұңымен ұштастыра білді.
Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел билеу ісіне ерте іліккен Абай
он екі жыл болыс, алты жыл би болып қызмет атқарған. Билік басында болғанда
Абай ел ықыласына, халық құрметіне ие болып отырған. Болыс та, би де болған
ол халықтың қиын тұрмысын, отар елдің ауыр тағдырын жан-жүрегімен сезіне
білді. Білім алмағандықтан надандық жайлаған өз ұлтының жағымсыз іс-
әрекеті, мінез болмысы қарапайым жұртқа тізесін батыратын әкімдердің
оспадарлығы, бақталастыққа толы болыстык, қызмет — бәрі Абай жүрегін
сыздатып, кеңілін құлазытты.
Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар. Абайдың поэзиясынша, көркемдік
әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар
болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең
жолдары кімді де болса рухани биіктерге, құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан
өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз
шеберлігі арқасында, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше
биікке көтерілген. Әр ұғым, әр кағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып,
есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке
тән асыл қасиеттерді (ар, ұт, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т. Б.)
бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу
керек деген ойды оқып білеміз. Бұл ақынның көпшіліктің іс қылығына көңіл
толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды
аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған көпшілікті сынға алады.
Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды
сынап, шенейді. Іс-өрекетте ішкі рухани дүние — "иман жүзің сай болу керек"
дегенді айтады. Осыған орай "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншак,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап еңбек терең ой,
Қанағат рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге
шақырады.
Осындай терең гуманистік, жоғары эстетикалық философияға құрылған ой
жүйелері Абайдың биік танымын аңғарта түседі.
Абайдың сарқылмас мұрасы қазақ халкының ғана емес, бүкіл адамзаттың
таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы— үлкен ірі философиялық
мәселелерді шешуге барлық мұсылман атаулыға тән ислам діннің қағидаларын
арқау етуі. Сөйтіп, жаны таза, пәк, эстетикалық талғамы жоғары образды
сомдауда, соның алғы шарттарын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол
жеткізуі.
Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан
басталады. Ақын отбасында ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары
бағалаған. Сондықтан да әрқайсымызды адалдыққа, парасаттылыққа,
адамгершілікке, сұлулыққа апарар жол ананың сүтінен, әкенің пәрменді
үлгісінен деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады.
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне,
олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен
қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар,
өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мәселен:
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, деген.
Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін кағиданы
ұстанады:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей, сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз...
Абайдың білімге, ғылымға шақырған өлеңдері өз алдына бір төбе. Абай өз
заманындағы жас ұрпаққа, "көкірегі сезімді, көңілі ойлы" адамдарға үміт
артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға
ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға
қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі — міне, осындай асыл қасиеттерді
уағыздау Абайдың бүкіл шығармаларының негізгі идеялық-такырыптық үзілмес
жүйесінің біріне айналды.
Абайдың білімге, ғылымға шақырған өлеңдерінің негізгі мақсаты — "Оқыған
білер әр сөзді, Надандай болмас ақ көзді" немесе: "Оқыған, білген-білген-
ақ..." сияқты сөздердің түп-төркінінде, тамырында жатыр.
... Жастықтың оты, кайдасың,
Жүректі түртіп козғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Мұнда адамның негізгі эстетикалық болмысының бастау көзі ғылымды
игеруде жатыр, соның пайдасын білуге негізделген дегенді меңзейді. Себебі
көкірегі ашық, танымы терең адамның қабылдауы да жан-жақты, әр нәрсеге
көңіл бөлгіш, байқағыш, ой түйгіш болатыны анық. Абайдың "дүниенің көркін
болжау" үшін ғылымды игеру, оның "пайдасын" сезіп-білу керек деген қағидасы
да осы ойдың корытындысы болып табылады.
Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады.
Олар: "Жазғытұры", "Қыс", "Күз". Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы
өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. Табиғат аясында сол
табиғаттың ауа райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі,
мінез-кұлқындағы, әдет-ғұрпындағы уақыттың демімен қанына сіңісті
қасиетінің жырлануы түскиіздің ою-өрнегіндей. Қоңыраулатып келер көктемде
табиғатпен бірге түлеп, жаңарып-жасарып, жазғытұрым көтеріңкі көңіл-күйімен
әсерленіп жүрген дала перзенттерінің тірлік-тынысы нағыз романтика екенін
жүрегімізбен сеземіз де ләззатқа бөленеміз. Бойыңызды билеп алған бұл
сезім, "Жазғытұрымды" оқыған сайын, Абай дәуіріндегі қазақ ауылының сұлу
табиғи келбетін көз алдыңызға елестетеді. Сөзбен өрнектелген бұл табиғат
пейзажындағы өзгеше әлемді жан-жүрегінізбен ынтыға қабылдап, жетегінде
кетесіз. Себебі суреттелетін детальдардың барлығы, ең алдымен, ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келе жатқан, қанымызға жақын, санамызға, ұлттық
пайымдауымызға жақын, екіншіден, көшпелі казақ тұрмысына ғана тән дүниелер
болғандықтан, әрбір образды сурет бойымызды елітпей қоймайды:
Түйе боздап, қой қоздап, қорада — шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып сылаңдап ағады су.
Осы бір ғана шумақтағы мамыражай, жаймашуақ "елжіреген күннің көзі",
"кілемнің түгіндей", "масатыдай құлпырған жердің жүзі" — үлкен суреттің бір-
бір бөлшегі десек, "гүл мен ағаштың майысып қарауы", "судың сылаңдап ағуы"
— осы сөздердің барлығы қосылып сұлу табиғаттың өсем бейнесін — образды
суретін беріп түр. Ақын өз көзімен көріп, өсер алған табиғат көрінісін
шебер суреттей отырып, табиғатты жалаң күйінде емес, оның аясындағы қазақы
өмірді онымен қиюластыра бейнелеп, сөзбен көркем картина жасаған. Сонымен
қатар барша сұлулық атаулының иесі — Аллаға деген сенімді де жадынан
шығармайды. Діни танымда қалыптасқан түсінік бойынша осыншама тамаша
жаратушының ісі деп көрсетеді ақын. Мысалы:
Жаз жіберіп, жан берген кара жерге,
Рахметіне Алланың көңіл сенер...
Немесе:
Тамашалап қарасаң тәңір ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер... —
деп, ақын Алла есімін марапаттаған, оның зор екендігін дәріптеген. Ақын
өз көзқарасын таныта келе, бүкіл адамзаттық деңгейдегі ойшылдық мінберіне
көтеріледі.
Абай "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа" дейтін өлеңінде ән табиғатын
терең ашып түсіндіре отырып, оның тындаушыға тізер өсерін, эстетикалық
ләззат берер ықпал-күшін таратып айта отырып, ән-күйдің құдіретін, қасиетін
ұғыну үшін тыңдаушы талғамы да жоғары болуы қажет дейді.
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім өннің жайын, —
деп өз оқырманына әнттің орындалуы, айтылуы, әсер етуі, қабылдануы
сияқты қасиеттерін сипаттай отырып, эстетикалық талғам мәселесін де естен
шығармайды. Мысалы:
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Немесе:
Адам аз мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз ол өлеңнен бәһра аларлық.
Сондай-ақ:
Жаманға "жар" деген-ақ ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер? —
деген жолдардың барлығы да тыңдаушы мөдениеті туралы айтылған ойлы,
нөрлі пікірлер.
Ән құдіретінің сөзбен айтып жеткізгісіз сырын Абай барынша көркем
образды суреттеумен дәл берген. Ақын көңілінің нәзік пернелерін нақ басқан
ән-күй, саз (музыка) үнінің әрбір толқынды иірімдері ұлы жүректен өлең
болып қайта туғандай.
Шырқап, калқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп оятар, баста миды.
Немесе:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Немесе:
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар.
Немесе:
Жақсы өнді тындасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық, —
деп келетін жолдар ақынның жоғарыда айтылған пікірін растай түседі.
Академик Зәки Ахметов Абай ақылдығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен
бірге аса дарынды сазгер (композитор) болғанын, кептеген әдемі, әсерлі
әндер шығарғанын айта келіп: "Ол халық өлеңдерінің, музыкасының аса зор
қоғамдық менін, эстетикалық көркемдік касиетін терең түсініп, бағалай
білді. Өлең мен ән-күйді ол халықтың өмірінің ар-ман-қуанышы мен
мүддесінің, қайғысының, ой-сезімінің тамаша көрінісі деп таниды... "Көңіл
құсы күйқылжыр шартарапқа" атты өлеңінде ол әннің орасан зор мағыналық және
мәнерлі күшін айқын ашып көрсетті. Ол "ақылдының өзіндей ойлы күйді" қандай
жоғары бағаласа, терең сезімге толы өнді де солай бағалайды", — деп атап
көрсетеді.
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан өлеңдерінің ішіндегі мазмұнына түрі
сай, ең бір күрделі де көркем жазылғаны— "Сегіз аяқ".
Абай өзі өмір сүрген дөуірдің дерті болған әлеуметтік мәселелерді
кеңінен толғап, сол қоғамның, сол ортаның індетіне айналған жат қылық,
жаман мінез, құлықсыздық, жалқаулық, партияшылдық, арызқойлық, законшілік
сияқты халыққа пайдасы жоқ өрекеттерді қатты сынға алады. Адал еңбекпен мал
табуға, ар-ұятты ойлап бірлік етуге, достық-бауырларын қарым-катынаста
болуға шақырады.
Біріңді, казак, бірің дос
Көрмесең — істің бәрі бос, —
деп, елді бірлікке, ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырады. Өлеңде мақал-
мәтел сияқты нақылға айналып кеткен бірнеше жолдарды атап айтуға болады.
Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды карның тіленбей.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоктық
Аздырар адам баласын.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсе бұйрығың.
Баяғы жартас — бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байкамас.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым—тап шыным.
Бұл өлеңнен ақынның адамзат бейнесін, өз тұлғасын, заманына көзқарасын,
бойындағы кайтпас кайрат-жігерін, ақыл-парасатын, халқын сүйген ұлтжанды
жүрегін сеземіз және ақындық шеберлігі мен талантын да танимыз.
"Өлсем орным — қара жер, сыз болмай ма?"
Бұл өлең— Абайдың ақындық келбеті айқындалып, толысып кемеліне келген
шағында, данышпандықтың дара тұлғасына айналып, адамзаттық деңгейде кең
толғанатын шағында жазылған шоқтығы биік өлеңдерінің ішіндегі бірегейі.
Болашақ ұрпаққа "аманат" ретінде сыр шерте отырып, өзінің ішкі жан
дүниесінің шынайы жай-күйін, халін сөз етеді.
Өлсем орным — кара жер, сыз болмай ма?
Өткір тіл — бір ұялшақ кыз болмай ма?
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран, менің жүрегім мұз болмай ма?
Ақын өз өмірінің шерлі сырын болашақ ұрпаққа ұғындыра отырып,
тағдырындағы басты кезеңдерді сынап емес, оны түсінуге шақырады.
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып, арткыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бейшара,
Сіздерге еркін тиер, байкап кара.
Екі күймек бір жанға өділет пе,
Қаны қара бір жанмен, жаны жара.
"Өлім құшағында "жүрегі мұз" болғанмен, сонда — о дүниеде шарасыз
күйдемін — жауап бере алмаспын. Ерлік сіздерге тиген соң, әр ісімді абайлап
қараңдар, әділет таразысына салып қарағанда, нахак күйдірмеңдер. Бұл
дүниелік тіршілікте қаным қарайып, жаным жараланып бір күйіп ем, енді о
дүниеде жатқанда екінші рет күйдірмеңдер, есіркеп қараңдар, тыныш
ұйықтатыңдар", — деп толғанады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбак адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, сокпаксыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Абай дана Абай дара
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ - қазақтың бас ақыны жайлы ақпарат
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Пәндер