XVIII-XIX ҒАСЫРДАҒЫ НЕМІС ФИЛОСОФИЯ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫП: XVIII-XIX ҒАСЫРДАҒЫ НЕМІС ФИЛОСОФИЯ
ТЕКСЕРГЕН:БОЖБАНБАЕВ БАУЫРЖАН
СТУДЕНТ: ИДРИС НҰРҒАЗЫ
МАМАНДЫҚ: БАҒА
ТОБЫ:104
АЛМАТЫ 2006
И. Кант (1724-1804) жаңазамандық парадигма желісін, эпистемологиялық роблематика бағындарын онан әрі жалғастырады. Оның гнесеологиясы жекелеген индивидке басымдылық беруден келіп шығады. Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып., И, Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмперизмнен (Локк және Ю) , рационализм мен скептецизмнен (Декарт) асып түсуге тырысады. Өзініңфилософиясын негіздеуді Кант Юммен пікірталасқа түсумен қатар, экспириментальды ғылым негіздердің тұрақтылығын талдау мен әлдеулерден де бастайды. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік болып табылады.
Рационализм мен эмпиризмді синездеуге тырысып Кант танымдағы субьекттің белсенділігін мойындайды. Бұл белсенділік қабілет субьекттің обьектіге әсерінен көрінеді. Және обьект субьекттің алдында қалай көрінсе, ол обьекттің субьектіге әсерінің нәтижесі емес, бұл жерде обект парасат пен ақылдың берсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың түйіндеуінше, кезкелген таным субъектпен сипаталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Субъект обьектке салған барлық әсердің формасы бар. Обьект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Осылай біз себептілік категорияларының көмегімен жалпымәнді және қажетті формалары негізінде сезімдік қабылдау формасындағы әр түрлі құбылыстарды обьекттен бөліп алып, белгілі бір тәртіпке келтіреміз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт, себептілік жатады, әйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін алғышарттар болып табылады.
Кеңестік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарыныңтанымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау фрқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше, барлық сезімдік әсерлер сырқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық обьект деп аталады, ал танымдылық қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант зат деп атайды. Біз өзіміздің танымдылық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдылық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант «өзіндік зат» деп атайды.
Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: анлитикалық таным, синтетикалық таным, синтетикалық априор таным. Синтетикалық априорлық дегенді Кант тәжірибеге бағындайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостиори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Синтетикалық априорлы танымға мынандай математикалық пайымдау мысал бола алады: «түзу сызық екі нүте арсындағы ең қысқа қашықтық болып табылады». Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар болыа табылады, ал олардың пікірлері жалпымәнді және қажетті сипат алады.
Бұл ғылымдағы зерттелетін элименттерді тәртіпке келтіру үшін қолданылатын формалар барлық субъектке тән. Демек, Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану берік негізге сүйенеді.
Кант Юмнің скептизмін теріске шығарып, оның тұжырымдары кемшіліктерін айқындайды, сонымен қатар рационалдық интуицияға негізделген рационалистік догматизмді де теріске шығарады. Канттың пікірінше, рационалдық догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық инстукция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Осы сәттен бастап Кант танымды сынайы басталды. Ол дәстүрлі рационализмді жалған ғылым деп есептейді, өйткені біз рефлекцияны тек тәжірибе жағында ғана, оның шеңберінен шықпай ғана іске асыра аламыз. Ал инстукцияның көмегімен сезімдік тәжірибе шекарасынан шығып кетеді, яғни трансценденттікке иек артады. Бірақ адам «трансценденттік» туралы біле алмайды, өйткені ол таным шарттарынан асып кетеді.
Өзінің көзқарасын негіздей отырып, Кант екі дәлел келтіреді:
1 Біз тәжірибе мүмкіндігіміз шекарасынан тыс жатқан нәрселерді сезіммен қабылдаймыз. Сондықтан трансценденттік біздің танымымыз шекарасынан тыс орналасқан және ол таныла алмайды. 2 Рационалистер өз түйіндерін дәлелдеу барысында «растайды» және «терістейтін» дәйектер келтіреді. Мұның екеуі де салмақтық болғандықтан берілген жағдайды бірдей дәлелдейді де, тіркеске де шығарады. Мұның «растайтын» және «тірістейтін» дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және теріске шығарылатын болғандықтан адамды априорлы теориялық тығырыққа әкеліп терейді. Кант мұны антиномия деп атады. Аниномиялар біздің трансценденттік туралы ешнәрсе біле алмайтығымызды көрсетті. Сонымен, таным үдерісінде метафизикалық сұрақтар үнемі туындай отырады, алайда оларға толық жауапты біз бере алмаймыз деп сынайды Кант.
Мұндай жағдайда діни сұрақтарға берілген жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінің біз дәлелдей де, теріске шығара алмайды. Бірақ біздің сенуімз мүмкін немесе керісінше сенбеуіміз мүмкін. Кант сенімнің орнын діннің ауқымы ішінде қалдырылады да, ал дін туралы білімді одан айырады. Ол ақыл-ойдың ауқымы ретінде математика мен жаратылыстануды айқындайды. Осылай Кант өзінің «Таза ақыл-ойсыны» еңбегінде сол замандағы жаратылыстанудың алғышарттарын сипаттап, ғылымның дінге бағындайтығын көрсетеді.
Осы жұмысындаКант ескі метафизиканы сынай отырып, филосфияның нені зерттеуі керек екендігі туралы мәселені көтереді. Философияның зертеу аймағын қайта қарай отырып, Кант ескі метафизиканың негізі болып табылатын логиканың шектеулі екендігін аңғарды. «Жалпылогиканың» шектеулігі, онда пікір мен ойтұжырым формаларына баса назар аударылып, ал олардың мазмұнын қарастыруды теріске шығарғаннан көрінеді. Бұл алдын ала бар білімді өзгерткенімен жаңа білім алуға мүмкіндік бермейді. Бұл логиканы Кант талдау логикасы деп аталады. Жалпы логиканың мақсаты мен функциясын жан-жақты қарастыра отырып, танымдағы пікірдің рөлі мен білім алу туралы мәселелерді зерттей отырып, Кант жаңа логиканың ---тсинтез логикасының қажеттілігі туралыойға келеді.
Жаңа логиканың мәні логикалық формалардың мазмұндық жағын зерттеу болып табылады. Бірақ мұндай логика субъекті шеңберіненшығарып кетеді, яғни трансценденттік логикаға айналады. Бұл мақсатты логиканың таным теоргиясы мен синтездейтін жаңа философия ғана шеше алады, ал ескі метафизика болса, ол логика мен таным теориясы арсындағы байланысты керек етпейтін онтотлогиға баса көңіл бөлетін болды. Осылай Кант адамның танымдық әректті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу философиясның мақсаты деп санады.
Егер ғылымның міндеті ақиқатты негізде, философияның міндеті ақиқатты меңгеруге септігін тигізетін аданың танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу болас, ал оральдың, эстетиканың және саясаттың мақсатын анықтау мәселесі Канттың «Практикалық ақыл-ой сыны», «Пікірлесу қабілетіне сын» еңбектерінде сөз болады. Кант моральдің дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болады. Бұл норма абсолюттік міндет болып табылады, себебі ол тікелей тәжірибеден туындайды. Ол біздің ішкі дүниемізде негізі қаланған және біздің моральдық еркімізге бағытталған. Канттың пікірінше, адам өзінің моральдық принциптерін тәжірибе жолымен тексере аламайды. Адам әрқашан да өз қылықтары мен әрекеттерінде өзінің парыздық сезіміне сүйінеді. «Сен тиіссің» деген императивтік өзге де трансценденталдық формалар---кеңістік, уақыт, себептілік және т. б. сияқты біздің санамызға сіңіп кеткен.
Кант бойынша мораль абсолютті және міндетті. Бұл жағдайды негіздеу барысында Кант табиғи адам мен ақылды адам арасында айырмашылық жүргізе отырып, «субектке» сілтеме жасайды. Адам табиғи мақұлық ретінде ақылды негізінде бекітілген заңдарға бағындайды. Ал ақылды бола отырып адам заңдар формасындағы абсолюттік моральдық міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-ойымен қатар ерікке ие болғандықтан, этика ақылды мақұлық ретіндегі адамға негізделеді.
Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар:»Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымдығана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет». Канттың пікірінше, адамосы ұстанымға сәйкес моральдық міндеткерлікті жалпыға тән маңызы бар деп түсінеді, ал моральдық өлшемі осындай жағдайдағы әрбір адам үшін бұл ұстанымның әділдігі болып табылады. Демек, бұл ұстаным әркім және барлығы үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызметатқарады. Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады эәне өзіңді қоршаған адамдарға құрал ртінде емес, өзіндік мақсат ретінде қарауға және қабылдауға бағдар беруі тиіс. Барлығының бұл ұстанымға деген құрметі, оның жасырын еместігі мен дұрыстығы адамзаттық қоғам үшін негіз бола алады.
Канттың философияны ғылымға айналдыруға тырысқан ұмтылысы И. Фихтенің шығармашылығында жалғасын тапты. Канттың нағыз ізбасары И. Фикте ұстазының ілімін ғылыми жүйе түрінде баяндауға тырысты. Фихтенің пікірінше, кезкелген ғылым өзіның жетілген формасына келгенге дейін екі кезеңнен өтеді: эмпирикалық жәнетеориялық. Теориялық деңгейде таным үдірісінің барлық формаларының жүйелі түрде қосу жолымен адамның танымдық қабілетін ғылыми негіздеу жүзеге асады. Ғылыми жүйесінің негізделуі МЕН=МЕН принципін білдіреді. Философтың пікірінше өзін-өзі пайымдау сөзге нәрсеге сәйкестендіру жолымен мүмкін болады.
Адамның танымдық қабілетінің субстанциясы қиялдың іс-әрекеті болып табылады.
ГекельКант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырады. Егер Кант трансценденталды алғышарттарды---қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорины және априорлы субъект пен берілген себептілік принципін аштым және негіздедім деп ойласа, Гекель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кант пен салыстырғанда Гекель трансценденталды алғышарттарды тарих құқрастырады деп санады, өйткені ол Аболюттік Идея дамуының интерсубъективті үдірісі болып табылады. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гекель өзінің «Рух феноменологиясында» түсіндіреді.
Көптеген философия тарихшылар К. Маркеті де гегелдік философияның жалғастырушысы деп есептеді. Гекель ойлап тапқандиалектикалық үдіріс ретіндегі әлем туралы көзқарастарын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындады. Егер Гекель тарихта мәдени-тарихи факторға баса нзар аударса, ал Маркс материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатация механизмін ашуында ғана емес, бөлек тенудің эканомикалық формаларын да айқындауында еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz