Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Кіріспе ... ... ... ... ... .3
І Этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Этнопедагогиканың шығуы мен дамуы...6
1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... 15
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану әдістемесі ... ... ... ...
2.1 Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... .5
2.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой . пікірі ... ... ... .16
2.3 Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселелерін шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «... Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды...» [1].

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. –Алматы, 1997.
2. Қазақ Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11-маусым.
3.Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр.пед.соч. –Москва, 1955.
4.Табылдиев Ә. Қазақ энциклопедиясы. –Алматы, 2001.
5. Пестолоции И.Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2. –Москва, 1963.
6.Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. –Алматы, 2004.
7.Волков Г.Н. Этнопедагогика. –Чебоксары, 1974.
8.Жарикбаев К. Из истории развитиия педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. –Алма-Ата, 1978.
9.»Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. –Алматы, 19-20 мамыр 1992.
10.Кожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1993.
11. Озғанбай Ө. Халықтан озған ұстаз жоқ. –Алматы, 1996.
12. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі –ақылдың көзі. –Алматы, 1980.
13.Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. –Алматы, 1998.
14.Қалиев С.К. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл. докт. ... дис. Автореф. –Алматы, 1996.
15.Ұзақбаева С.А., Момынбаев Б. Қазақ халық педагогикасының шетелдерде дамуы. –Алматы, 1994.
16. Измаилов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. –Москва, 1991.
17.Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1989.
18.Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы, 1993.
19. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. –Алматы, 1999.
20.Асанов Ж. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. –Алматы, 1999.
21.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы, 1976.
22.Жарықбаев Қ.Б., Бөлеев Қ. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлері. Арнайы курс бағдарламасы. –Алматы, 1995.
23. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. –Алматы, 1998.
24. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. –Алматы, 1980.
25. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1993.
26.Гумилев Л.Н. География этноса в исторической период. –Ленинград, 1990.
27.Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР в древнейших времен до конца ХҮІІІ в. –Москва, 1989.
28.Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. –Алматы, 1990.
29. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 2 том. /Құрастырғандар Жарықбаев Қ., Қалиев С. –Алматы, 1998.
30.Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. –Алматы, 1998.
31.Кон С. К проблеме национального характера. –Москва, 1971.
32.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –Алматы, 1995.

ТҮРКІСТАН, 2010 ж.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН
ПАЙДАЛАНУ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуының теориялық
негіздері

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Этнопедагогиканың шығуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..6
1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... 15
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын
пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.1 Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың
педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой –
пікірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...16
2.3 Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі

.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
К І Р І С П Е
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік
және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім
беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие
беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби
дайындау мәселелерін шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары
еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан -2030 халыққа
Жолдауының Қазақстан мұраты бөлімінде былай айтылған: ... Олар
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесінде
дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық
жасайды... [1]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында
Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны
– Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ... әлемдік және отандық
мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік
тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру, - делінген [2].
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің іс-тәжірибелерін зерттей келе,
оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайы төмен деңгейде екенін, өйткені олардың
ол мәселе бойынша теориялық білімдері, практикалық іскерліктері мен
дағдылары жетіспейтінін көрсетті. Оған себеп, мектептердің оқу-тәрбие
жұмысының бағдарламалары, оқу және әдістемелік құралдар ұлттық тәрбиенің
ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге
асырылды. Ал педагогтік жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярланбады.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында: Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны
жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ,
болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында
этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етеп ендіруді, -ұсынды
[3].
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық
тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда Білім туралы заңда
білім беру жүйесінің міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар
жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау, сабақ беруде
этнопедагогика элементтерін қолдану оларға жүйелі этнопедагогикалық білім
беру арқылы жүзеге асырылады.
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып
келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-
дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-
қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде
ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға
отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың
тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш
мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға,
өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге
септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі
өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі
жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры
молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала
тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін
ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері
мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде,
бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың
зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан
диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға
алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі
даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі оқу -
тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың тілін
дамыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы
ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын
көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
-Этнопедагогиканың шығуы мен даму мәселелерін зерттеу;
-Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасау;
түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы
қысқаша мағлұмат беру;
ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың
әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту
арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін
дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат,
қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; таным, білім, жеке тұлға және оның
іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық,
психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің
пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу
мәселесіне қатысты іргелі еңбектері. Этнопедагогикалық ойлардың дамуының
жалпы заңдылықтары; жеке тұлғаға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері арқылы тәлім-тәрбие беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы,
Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлекеттік стандарты, жоғары оқу
орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен
оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен
жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін зерделеу және баспасөзде жарық көрген
ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау.
Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер бөлімінде, әдебиеттердің тізімі, мақала
авторлары, жарық көрген кезеңдері көрсетілген.
І. ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМЫП, ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ
Қай заманда,қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор
міндеттердің бірі-болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-
парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-
дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ
тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік
ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше
жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогиканың ғылыми негіздері
туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың
аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен
дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас
процесі мен нәтижесі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген
тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып,
бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида
болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол
халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден
басталып, ел-жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік
орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының
барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық
дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі,алтын діңгегі болып келгені
даусыз. Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың
өзара сабақтастығы және ұстамдық-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі
ғылыми педегогика халық педагогикасынан бастау алып,оны ғылыми теориялар
тұрғысынан жан-жақты зерттеп,өз керегіне пайдалануда.
Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші
рөл атқарса,ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара
байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материялдық мәдени байлықтары
және олардың өзіндік ерекшкліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба
ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын
анық байқауға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыда қарастырылған
зерттеулерге сүйене отырып,этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-
тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың
мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал
ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі
этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың
бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де,
ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты
жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар
жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер
туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырады.
Халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілгері бастауы,
халықтық рухани мұрасы.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық
өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық
тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада
қолдана алу дағдысын игеруді көздейді [4].
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі
жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті
дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік
қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе
этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін
көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.
“Этнос” гректің - etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан.
Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” термині орынды қолданыла бастады.
Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”),
“ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, “халық” сөзінің “бір топ адам”
(мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екені белгілі.
Сондықтан “этнос” терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді.
Оған әлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға болады.
Шындығында, әрбір адам, бір жағынан,белгілі бір қоғамның мүшесі бола
отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның
бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз
эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе,
этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық
педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің
қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің
ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік
етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді
[5].
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне
тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму
заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі
элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,
өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына
тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық
адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау
және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету
басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы
қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын
түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық
өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің
қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ
мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және
жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың
қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі
халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі
салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу
дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу
жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу
жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие үдерісінде
кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған
халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту
екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық
тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі
қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік – эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға
қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен
танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен
көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап,
өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының
бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру,
халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи
этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер
дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және
өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың
студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше
[6].
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі
екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық
ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының
күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның
нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп
педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т.б.) оның этникалық
педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді.
Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы,
профессор Г.Н. Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды
[7]. Ал Қазақстанда этнопедагогика терминін тұңғыш енгізген профессор
Қ.Жарықбаев өзінің Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-
пікірдің даму тарихынан атты әдістемелік ұсынысында берген еді [8].
Сондай-ақ ол 90-жылдары Халықтық педагогика – халықтың тәрбиелеу және
оқыту туралы білімдерінің қосындысы ал Этнопедагогика – халықтық тәлім-
тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы
ғылым саласы деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ
этнопедагогикасы бойынша зерттеу мәселелерін анықтап берді [9].
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің
қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан
Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов: Халықтық педагогика және
Этнопедагогика ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін
анықтауға бағытталған Е.Л.Христова, Г.Н.Волков, Я.И.Калбиков, И.С.Кон,
А.Э.Измаилов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық
бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік
талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М.Ф.Шабаева, Г.С.Виноградов
еңбектерін атауға болады [10].
Соңғы уақыттарда қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен
жетістікердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны
әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл
оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі–халықтық тәрбие тәжірибесі мен
оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де
қатысы бар екені даусыз.
Осы орайда этнопедагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар
аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық
педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халықтық педагогика мен
қазіргі тәрбие тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар
жасалған. Бұл тұрғыда Н.Тұрсынов (Тәжікстан), В.И.Элашнили (Грузия),
Н.В.Павлова, С.Темурова, А.Минаваров (Өзбекстан), З.Кусейнова, Ж.Бешимов,
Б.Анышев, Т.Максутов (Қырғызстан), А.Ф.Ильшентаев (Башқұртстан) және т.б.
зерттеулері аса көңіл аудартады [11].
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде
(Битиева Н.Б., Қыдырәлиев К.Н., Насруллаева Н.Н., Байман Ф.Е. т.б.)
халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық
тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың,
эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын
бөліп атайды.
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі
тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе
жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ.Жарықбаевтың
еңбектерінде айқын көрініс тапқан [12]. Ал бірқатар ғалымдар (А.Көбесов,
С.Қалиев, С.Ұзақбаева және т.б.) еңбектерінің нәтижелері тарихи-
педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын
басшылыққа алуды жүктейді [13-15].
Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар,
ЫАлтынсарин, А.Құнанбев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев) шығармашылықтарының
тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте
замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз
тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі.
Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерінің
есепке алыну қажеттігін ескертеді.
Алайда халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына
арналған зерттеулер мен жарияланымдарда оның ежелгі заманнан келе жатқан
тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның
ролі жайлы ойлар айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің әлсіз тұсы халық
педагогикасын оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын
байқатады. Мәселен, осыған байланысты М.Ф.Шабаева кешенді көзқарастың
жоқтығы, жеке топшылаулардың басымдылығы халық педагогикасының шын өміршең
және рухани фактор ретіндегі орнын бұрмалап түсіндіру қаупіне алып
келетіндігін орынды ескертеді.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымы мен сан-салалалы ғылымның басын
қосатын аса күрделі білім саласы.
Әсіресе халық педагогикасын зерттеудің теориялық негізін анықтауда өз
саласындағы жетістіктермен қатар онымен сабақтас тамырлас ғылым
тарауларындағы жаңалықтардың орны өзгеше.
Соңғы жылдардағы философия, этнография тарауларындағы халықтық
мәдениет, дәстүрлі мәдениет, руханилықтың иманенттік өзіне тән
формалары жөніндегі көзқарастар тәрбие қызметін халықтық мәдениеттің
маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыруға ықпалдылығымен құнды. Бұл
тұрғыдан келгенде тәлім-тәрбие халық өмірінің барлық саласынан көрініс
табатын материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі тарихи
қоғамдық құбылыс.
Ал халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы
сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандықтан, мақсатқа сай
тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Демек, қай халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің пайда болып,
жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен кеңістіктен тыс құбылыс емес, қайта
бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, тарихи өзгерістермен,
ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен, өзге де қызмет түрлерінің дамуымен
тығыз байланысты.
Осы орайда халқымыздың тарихи жолында жинақтаған тәрбие тәжірибесімен
педагогикалық ойлары көрініс беретін салт-дәстүр, халық шығармашылығының
түрлі жанрлары, шаруашылық кәсібі, қоғамдық өмірі, материалдық мәдениет
ескерткіштері этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісінің нысанына
айналуы аса қажет.
Тұрмыстық - мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным,
білім, тәжірибе, дағды, өнеге ауызша сөз бен нақты іс-әрекет арқылы
берілген тарихи кезеңдердің ерекшеліктері педагогикалық білімдердің ішінен
нәтижеге жеткен сұрыпталған ойлардың қолданысқа түсуін қамтамасыз еткен.
Сондықтан да педагогикалық мәні жағынан фольклор жанрларының ішінде әсіресе
мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі ретінде ерекше көзге
түседі.
Этнопедагогиканың проблемаларымен айналысушы ғалым А.Э.Измаилов Халық
педагогикасын ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан,
халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде
тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық
педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында,
мақал-мәтелдерінде, сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің
көрінісін беріп отырады. – деп орынды атап көрсеткен еді [16].
Халықтық педагогикалық білімдері кешенді комплексті және синтетикалық
сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі, аса ауқымды педагогикалық
мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме-дәл жеткізе
алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халықтық тәлім-тәрбиелік білімдерінің мазмұнын тәжірибе арқылы сан рет
тексерілген қағидалар, көзқарастар, идеялар және түсініктер жиынтығы
құрайды. Ұлы ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, түрколог А.Байтұрсынов
Ертегілер көбінде ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық, жамандық,
достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық,
аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге беру мақсатымен шығарған
әңгімелер екендігі сезіледі. -деп өте орынды түйін жасайды [17]. Бұл
түйіннің халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өзге жанраларына қатысы бар.
Мәселен, Ә.Қоңыратбаевтың пікірінше Термеде адам мінезі қандай болу керек
дейтін этикалық-сатриалық элемент бар. Терме сазындағы айтушылар жастарды
халықтық мінезге тәрбиелегісі келеді. Бұл ойларды фольклор
материалдарының тәрбиелік функциясын ашып көрсетуге бағытталған арнайы
зерттеулер нәтижелері қуаттай түседі [18].
Халықтың тәрбие дәстүрлері ғылыми аргументтері мен дәлелдеулері емес, іс-
әрекеттерінің қиысынымен, тәрбиеленушінің жан дүниесіне ықпалының
нәтижелігімен құнды. Балалар мен жас өспірімдердің әке-шеше, ру, тайпа,
халық, ұлт қалаған қасиеттерді саналылықпен бойына сіңіру, ата-аналар мен
үлкендердің (ауыл-аймақ, ел-жұрт) тәрбиеленушіде кемшіліктер болдырмауға
бағытталған іс-әрекеттерінің олардың тарапынан әрдайым қолдау табуы
тәрбиенің жемісі. Бұл халық көзқарасында адамның қоғамдағы орны оның қалай
тәрбиеленгендігі мен өлшенетіндігінің белгісі. Болашақ маман тәрбие
жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика
жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет.
Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі
құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі
міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және
аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы
ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі
жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық
мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар
және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын
игеруі аса маңызды.

танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын акрттырады.

студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні
ерекше.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгеріленуі педагогикалық ойлардың дамып-
жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін
талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі
айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне
айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді. Осыған
орай, халықтық тәрбиені –ру, тайпа, халық және ұлттың психикалық
тұрпатының ортақтығы көрініс табатын педагогикалық мәдениет ретінде
анықтап, оны этникалық құбылыс ретінде құрастыруды ұсынған Г.Н. Волков
түйіндері аса көңіл аударарлық және ол ойды әрі қарай дамыту қажеттігін
алға тартады .
1.2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы ІІ. Бастауыш
сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін
оқыту үдерісінде пайдалану жолдары.

ана тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдары.

IІ ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
2.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі
болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен,
ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері,
соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың
ұжымдық творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның
сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы
кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты
неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар
туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін
зерттеп, анықтау қажет.
Образды ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай
сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми
тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор
сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе,
белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс
бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор
шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз халық
ауыз әдебиеті деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз
әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның
тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес.
Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба
мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір
көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп
көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен
көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық
арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет
сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған.
Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп
варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба)
мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында.
Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор
шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен,
фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз,
би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді.
Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі
А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай
келгенде, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі
халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы
фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да
фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, Халық ауыз әдебиеті
деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де
болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле
келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық
поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор
шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші,
ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар
отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының
қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары
да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын
иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа
айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған.
Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді
кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып
отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген
көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор
дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғылым саласын
фольклористика деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл
атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге
- білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел
арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz