Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін.өзі басқару тұжырымдамасы ... ... ... ... .

1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының артуы, табиғи ресурстардың бей - берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.
Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген және республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасы қамтылған. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан - жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.
І. Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы

Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі болып табылады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады. Оларға стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Тұжырымдаманың теориялық қана емес , сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады. Сондай-ақ тұжырымдамада басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз ету қарастырылған.
Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, екіншісі “Қазақстан Республикасы ндағы өзін-өзі басқару туралы”. Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі.
Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында былай деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. Бірінші Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру туралы. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасының “Жергілікті өзін-өзі басқару” заңында мынадай анықтама берілген: “Жергілікті өзін-өзі басқару” Қазақстан Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудң нысаны болып табылады. Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің жергілікті қаржыландырылуы туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат; жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістері; жергілікті
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж.
2. «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1995 жылғы 18 желтоқсан.
3. 2015 жылға дейінгі арналған Қазақстан Республикасының аймақтық даму стратегиясы.
4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.
5. www.minjust.kzқр Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайты.
6. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы.
7. Қазақстан Республикасының “ҚР мемлекеттік жергілікті басқару туралы” заңы”.
8. Арбатов А.”Механизм регулирования развития регионов.” Экономист, N12,2001г.
9. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы.
10. Анимица Е.Г. ”Основы местного самоуправления” Учебник: М. Финансы и статистика. 2001.
11. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999.
12. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
13. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы.
14. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, «Жеті жарғы».
15. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж.
16. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы.
17. ҚР Президентінің жолдауы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».
18. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы.
19. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару
тұжырымдамасы ... ... ... ... .

1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын
болжау мен
бағдарламалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары ... ...
... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және
қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған
байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік
экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы
дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың
екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан
қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық
тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының
мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын
алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының
артуы, табиғи ресурстардың бей - берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі
экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең
басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993
жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.
Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып
нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім
өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің
монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы
алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата
Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында
қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын
алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық
процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің
негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың
маңыздылығы көрсетілген және республика дербестігінің экономикалық
алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасы қамтылған. Атап
айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге,
оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік
пен жан - жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және
өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.
І. Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1. Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы

Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы өзін-өзі
басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі болып табылады.
Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады. Оларға стратегиялық мақсаттар,
меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық
саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару,
инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Тұжырымдаманың
теориялық қана емес , сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына
өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету және
аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ тұжырымдамада басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік
деңгейін қамтамасыз ету қарастырылған.
Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті
мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды:
біріншісі “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы”, екіншісі “Қазақстан Республикасы ндағы өзін-өзі басқару туралы”.
Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі
қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі.
Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің
ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық
жағдайын белгілейді. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де
қарастырылған. Заңның үшінші бабында былай деп жазылған: жергілікті
мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін:
жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік
құрайды.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. Бірінші
Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-
өзі басқару және жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру
туралы. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасының “Жергілікті өзін-өзі басқару” заңында
мынадай анықтама берілген: “Жергілікті өзін-өзі басқару” Қазақстан
Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда
жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудң нысаны болып табылады. Заңның
ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің
жергілікті қаржыландырылуы туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері
келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат; жергілікті қауымдастық
құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға
тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістері; жергілікті халықтың
өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістері; заңды және жеке
тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорлары; заңмен тиым салынбаған өзге де
көздер.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің
негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік
бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты енуін қамтамасыз етеді. Бұл
қағидалар тек саяси әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджметтің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.
Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан терең де сапалы өзгерістер
ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп
соқтырады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін
бұрынғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп
отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.
Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының
бірқатар кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:
• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуды, қолда бар өндірістік, экономикалық
және интелектуалдық әлеуеттің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етпеді;
• Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді
ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені
жетілдіруді мүмкін етпеді;
• Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар
әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу
орын алды;
• Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге
жауапкершіліктің орын алмауы табылды;
• Келісімсіз әрекет жасау, қызметті пайдалану, атқарушы органдарда кең етек
алды.
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері
мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын
қайта құрудың обьективті қажеттілігін тудырады.
Қазіргі кезедегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі
1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі
шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік басқару
жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген бұл құжат 1997 жылдың 4 наурызында жарық
көрген. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттік органдар құрылымы келесідей:
• Қазақстан Республикасы экономика министрлігі;
• ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі;
• ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі
• ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
• ҚР білім және ғылым министрлігі;
• ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
• ҚР стратегия жөніндегі агенттігі;
• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын
бизнесті қолдау жөніндегі агенттік;
• Үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрі қарай жетілдіру экономика
мен шаруашылық тетіктерін нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты.
Басқару құрылымы әрі қарай жетілдірудегі негізгі талаптар болып мыналар
табылады:
• ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына, дәл кезіндегі
мақсаттарға сәйкес болуы керек;
• ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық
тетігінің өзгеруімен қатар іске асырылуы керек;
• Бұрын өзін өзі ақтаған басқарудың ұймдастыру нысанындағы, қағидаларды
және әдістерді жалғастырып пайдалану.
Ұйымдастырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зерттеліп
отыруы қажет. Ол мәселелер мынандай топтарға жинақталады:
• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын
оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның
функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру.
Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалардың шаруашылық
дербестігін елеулі көтеру;
• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы міндеттерді
шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
• Еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешім қабылдаудың әдістерін
және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын
тиімді етіп құру.

1.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі.

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының
мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының
Парламенті, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының
Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі
жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық
тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін камтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған
мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл
үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы
төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы
жоқ.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы
Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде Президент билік
тармақтарының әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы
дегенді білдіреді. Президент қызметі тұнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24
сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы
Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлады. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш
Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылы 16 қазанда Президент сайлауы
туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес
жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика
Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен
бастап ол қызметіне кірісті деп есептелінді, әрі сол күн оның Қазақстан
Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып
табылды. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген
өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында
көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
• Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке
тағайындайды, оны кызметінен босатады;
• Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің кұрылымын
белгілейді, оның мүшелерін кызметке тағайындайды және қызметтен
босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық
атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады;
• Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды
мәселелер бойьшша отырыстарында төрағалық етеді;
• Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады;
Республика Үкіметінің және республикалык, облыстық маңызы бар
қалалары әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе
ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен
Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық
органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы
төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
• Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін
тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін
қызметтен босатуға құқылы.
• Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын
тағайындайды;
• Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының
Қазакстан халкына беретін антын қабылдайды;
• Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын
шақырады;
• Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол
кояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген
баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
• Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
• Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын
және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке
тағайындайды, оларды қызметтен босатады;
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып,
Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары әскери атақтар мен
өзге де атақтарды береді;
• Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне
сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында
немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара
немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика
Парламентіне дереу хабарлайды, Қауіпсіздік Кеңесін құрады.
Президент Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң
шығару өкілдіктерін құрады. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-
тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата
депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы.
2) Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы
Конституциясының 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының
берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінің
басты нысаны емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды
орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен
өкімдер шығарады.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндеі қылмыстық
іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана жауап
береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының
кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының
көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат
ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен
тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы сайланады. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Республиканың жасы
жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты
бола алады.
Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қабылдау және қарау;
Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы
Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан
Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат әр
облыстан, республикалық, маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының
астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының
бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті
депутатын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасының
кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және
кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың не Республика астанасының, аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған
азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің
ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және
Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын
қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық
Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан
Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер
жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды,
оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің
атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы
есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның
баптары бойышпа ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде
қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді;
4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы
санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару
өкілеттігін беруге құқылы;
5) Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық
Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;
6) Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындап,
бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды.
Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мынадай мәселелер
бойынша шығарылуы тиіс:
1) жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен
жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметінің
негіздеріне;
4)салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалык бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7)білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты
негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге қатысты заңдар.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер
Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының
көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда
көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде
үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы
болып табылады, атқарушы органдарды жүйесін басқарады және олардың,
қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті
құрады. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы
органдар құрайды. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың
Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де
лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк
мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика
Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа
құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде
Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi. Үкiмет
Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде
Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика
Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары
жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және
Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді. Мұндай көпшiлiк
дауыстың болмауы Үкiмет Бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi. Республика
Үкiметi мүшелерiнiң:
1. өкiлдi органның депутаттары болуға;
2. оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы
төленетiн қызметтер атқаруға;
3. кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
4. коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң
құрамына кiруге хақы жоқ.

Республика Үкiметi:
1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны
жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды
әзiрлейдi;
2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк
жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi
әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Басқару теориясының қазіргі жайы
Адам ресурстарының ағымы
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Дағдарыстан кейінгі кезең
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ МЕН САЯСИ РЕЖИМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Пәндер