СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАЙЫНДАҒЫ Ы.МАМАНОВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ


Д. АБДУЛХАК
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ФҚФ - 111 тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Жылқыбай Г. Қ.
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАЙЫНДАҒЫ
Ы. МАМАНОВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Мақалада сөздің морфологиялық құрылымы проблемасы жайындағы Ы. Маманов ұстанымының ерекшелігі сөз болады.
В статье рассматриваются особенности принципа Ы. Маманова о проблемах морфологической структуры слова.
This article deals with principles of linguist Y. Mamanov, about morphological structure of word.
Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның кешегі кезеңіне көз жіберген жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады. Әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, олардың ұстанған ұстанымдары сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қай халықтың да өсіп өркендеген ғылымы мен ілім-білімінің көш басында сол халықтың ғылымына, әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси өміріне еңбек сіңірген, оның іргелі теориялық тұжырымдарына елеулі үлес қосқан ардақты есімдердің тұрары сөзсіз. Сондай ғалымдарымыздың бірі - Ы. Е. Маманов - қазақ тіл білімінің морфология саласына қалам тартқан ғалым.
Ы. Е. Мамановтың қаламынан туған ірілі-уақты мақалалары, тезистері, көлемді еңбектерінің саны 70-тен асады. Көзі тірісінде жарық көрген еңбектерінен басқа ғалымның ҚР ҒА Тіл білімі институты қызметкерлерінің қолға алуымен 2007 жылы «Ы. Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты шығармалар жинағы жарық көргенін ерекше атап өткен жөн. Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен немесе көлемімен өлшенбейді, мән-маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланатынын ескерсек, ғалым қаламынан туындаған тіл білімінің морфология саласына арналған 70-тен астам ғылыми мақаласының, көп жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, студенттерге арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерінің морфология теориясының дамуына тигізген әсері санымен емес құндылығы арқылы бағаланған деуге болады.
Қазақ тіл білімінің мәселелеріне байланысты ғылыми еңбектерде, монографияларда, шолу мақалаларда ғалымның құнды пікірлері ескеріліп, талданып, 2002-ші жылғы «Қазақ грамматикасының» морфология бөлімінде Ы. Мамановтың кейбір ғылыми тұжырымдары, пайымдаулары негізге алынған. Ғалым тіл ғылымының қай саласына болмасын, өзіндік ой-пікірімен келіп, ғылымда әбден қалыптасқан, даусыз мәселелерді қайталамай, үнемі мәселе етіп қоятындай тілдік фактілерге ерекше назар аударып отырады. Сондай мәселелердің бірі - сөздің морфологиялық құрылымы тақырыбы.
Сөздердің морфологиялық құрылымын қарастырғанымызда, алдымен, «Сөз дегеніміз не және ол қандай тұлғаларға бөлінеді?»- деген мәселеге тоқталмақпыз. Бұл жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Сөзге анықтама берудің әр түрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай тұрғыдан айтқан пікіріне байланысты әртүрлі болып келе береді. Сол сияқты түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалардың ішінде де айырмашылықтар кездесіп отырады.
Белгілі қазақ ғалымы Н. Сауранбаев: “Сөйлемдегі ойдың бөлшегі болатын белгілі ұғымның дыбыстық көрінісін сөз дейміз” - деп, сөзді сөйлемдегі белгілі бір ой бөлшегінің дыбыстық көрінісі ретінде таниды [1, 54] .
Ал А. Ысқақовта әр кезде жарық көрген еңбектерінде әр түрлі анықтама беріледі: “Сөздер адамның сезімі арқылы қабылданған заттардың, олардың әр алуан қасиеттерінің, сапаларының, әрекеттерінің бейнесі; “Белгілі бір ұғымның атауы (белгісі я таңбасы) ретінде қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз”. Бұл анықтамаларда сөз жеке алынады да, заттар мен қасиет, сапа, әрекет бейнесі екені немесе белгілі бір ұғым атауының дыбыстық комплексі екені айтылады. Ғалымның бұлардан кейінгі еңбегінде былайша түсіндіріледі: “Түбір морфема өздігінен жеке тұрып, семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі сөз болады. А. Ысқақовтың соңғы шыққан оқулығында да осы анықтама қайталанады [2, 24] .
А. Ибатовтың кітабында да А. Ысқақовтың осы көзқарасымен сай келетін анықтама берілген: “Негізгі түбір морфема сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі деп саналады да, ол сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Сондықтан негізгі морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып танылады. Негізгі морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан де дербес қолданыла беретін тұлға, морфема . . . ” [3, 36 б. ] .
Тілші-ғалым Ы. Мамановтың сөз, морфема туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. “Қазіргі қазақ тілі” еңбегі мен “Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік” атты мақаласында түбір сөз бен түбір морфеманың өзіндік айырмашылықтарын ғылыми негізде сипаттап көрсетеді [4] .
Белгілі лингвист ғалымдардың: «Морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі», - дейтін анықтамасының барлық тілге бірдей ортақ қағида екендігін дәлелдейді. Морфемаға байланысты берілген белгілі орыс тіл білімін зерттеуші ғалымдардың пікірлерін Ы. Е. Мамановтың ізімен қарастырғанда, былай болып келеді: “Тілде морфемалар дербес қолданылмайды, тек сөз құрамында қолданылады” [5, 118] ; “Сөз бен морфеманың басты айырмашылығы - сөз құрамында дербес, еркін қолданылады, ал морфемалар сөз құрамында өзінің орнын сақтайды [6, 25] .
Орыс тілі - флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі - аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы. Е. Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол - “сөз мұқылы” ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді [4, 22] . Өйткені, Ы. Е. Мамановтың дәлелдегеніндей, орыс тіліндегі сөздер грамматикалық формаға енгенде ғана толық мағыналы дербес сөз болып, сол тілдің сөздік құрамына ене алады. Қазақ тілінің сөздік құрамы жеке түбір сөздерден тұрады. “Яғни, қазақ тіліндегі әрбір түбір сөз - өз алдына толық мағыналы дербес сөз, лексикалық бүтін. Сөздің грамматикалық формасы түбір сөзге форма тудырушы қосымша жалғану арқылы жасалады. Ал грамматикалық формадағы сөздердің лексикалық мағынасын түбір сөз білдірсе, оның грамматикалық формасын форма тудырушы қосымша белгілейді де, бұлардың ара-жігі айқын көрініп тұрады [4, 23] .
Сонымен, Ы. Маманов пікірлерін басшылыққа ала отырып, сөз, морфема туралы мынадай тұжырым жасауға болады: қазақ тіліндегі түбір сөзге берілген анықтама орыс тіліндегі түбір сөзге берілетін анықтамамен сәйкес келмейді; қазақ тіліндегі түбір сөз (кейбір көнеленген, өлі түбірлерді қоспағанда) лексикалық бүтін болса, орыс тіліндегі түбір сөз лексика-грамматикалық бүтін; қазақ тіліндегі түбір сөз морфема емес, ол туынды, біріккен, қосарлы сөздер қатарында тілдің сөздік құрамына және екі тілдік сөздікке енетін негізгі атауыш сөздер; белгілі лингвистердің “морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі” деген анықтама барлық тілге бірдей ортақ қағида екені ескерілуі қажет.
Қазіргі қазақ тілінің жүйелі түрде қалыптасқан алуан түрлі грамматикалық формаларының әрқайсысы өз алдына грамматикалық мағына білдіреді. Қазақ тілінде сөз құрамындағы әрбір грамматикалық көрсеткіштің орын тәртібі мен білдіретін мағынасы жүйелі түрде қалыптасқан. Олардың (форма тудырушы қосымшалардың) орын тәртібі тұрақты болумен бірге, білдіретін мағыналары да ашық, айқын көрініп тұрады.
Ы. Е. Маманов: “Түркі тілдерінде, ауызекі сөйлеу тілінде болсын, толық мағыналы сөздер екі-ақ түрде қолданылады. Бірі - лексикалық бүтінге жататын түбір сөз күйінде, екіншісі - бір сөз табына тән грамматикалық формалар”, - деп көрсетеді де, осыған орай барлық қосымшалар да, негізінен екі-ақ түрлі қызмет атқаратындығын (бірі - сөз тудыру, екіншісі - сөздің грамматикалық формасын тудыру) дәлелдейді [4, 50-51] . Осыған байланысты сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшалардың ара-жігін анықтайтын мысалдар келтірсек: түн, түндік, түнемел; бала, балапан, балалық сөздері түн және бала сөздеріне сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер. Бұлардың сөздік мағыналары түн, бала сөздерімен байланысты, бірақ әрқайсысы дербес лексикалық бүтіндер. Ал форма тудырушы (сөз түрлендіруші) жұрнақ арқылы жасалған айт, айтса, айтатын; ақ, ағырақ, ақтау туынды сөздер емес. Айт, ақ сөздерінің әртүрлі грамматикалық формалары. Ендеше, Ы. Мамановтың дәлелдегеніндей, форма тудырушы (сөз түрлендіруші) жұрнақтар мен жалғаулардың грамматикалық қызметі бір, екеуі де белгілі сөз табының грамматикалық формаларын тудыратын қосымшалар. Яғни, қазақ тілі оқулықтарында қосымшаларды қызметіне қарай топтастыру принципі де ана тілінің тілдік материалы негізінде емес, орыс тілі грамматикасының үлгісімен топтастырылған.
Тілші-ғалымдар форма тудырушы жұрнақтар мен жалғауларға төмендегідей анықтамалар берген: “Жұрнақ түбір морфемадан сөз немесе сөздің формасын тудырып, деривациялық мағынаны білдірсе, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып, реляциялық мағынаны білдіреді. Жұрнақ түбірге жымдаса кірігіп, одан жасалған туынды сөзде тұтастық қасиет сақталынады, жалғау сөздің түбіріне немесе негізіне кірігіп кетпей, жай ғана селбесіп, қосақталған қалыпта тұрады. Жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық жақтан кірігуі және онымен байланысы әлдеқайда солғын, әлсіз болады” [2, 288] .
“Жалғау - жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне азын-аулақ үстеме мағына беріп тұратын грамматикалық тұлға” [7, 52-54] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz