Психологиядағы зерттеу әдістері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Психологиядағы зерттеу әдістері және оның түрлері.
  2. Даму психологиясының зерттеу әдістері
  3. Психика жайлы түсінік.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Психологияны зерттеу барысында сипаттама, тарихи-салыс- тырмалы және талдау-жинақтау әдістері қолданылды.

Зерттеу материалдары. Мұнда Ә. Ө. Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы», «Қазақ терминологиясының мәселелері», Ә. Т. Қайдаридың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас», Ш. Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі», С. Әлісжановтың «Қазіргі қазақ тіліндегі философиялық терминология» еңбектеріндегі теориялық қағидалар мен «Ана тілі» газетінде бекітілген терминдері басшылыққа алынды.

Психологиядағы зерттеу әдістері және оның түрлері.

Әдіс - түсінудің жолы, тәсілі. Әдістер арқылы біз ғылымның мәнін табамыз, түсінеміз. Психологиялық зерттеулердің әдістері мына талаптарға сай болуы қажет; ғылыми әдістер ең бірінш объективті болуы қажет. Әдістер жарамды (валидность) және сенімді (надежность) болуы керек. Жарамдылығы - зерттелетін құбылыстарды анықтауға және бағалауға деген жарамдылығының сапасы жоғары болуы керек. Сенімділігі - осы әдісті көп рет қолдану барысында алынған нәтиженің қайталанып келуі.

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1. Зерттеуді жоспарлау, яғни әдістерді, әдістемелерді жинау және мақұлдау. Жоспарлау сонымен қатар логикалық және хронологиялық зерттеу схемалары, контингентті таңдау, зерттелушілер саны, мұнда математикалық талдау мен барлық зерттеудің мазмұны жоспарланады.

2. Зерттеуді өткізетін орынға сыртқы тітіркендіргіштердің әсері болмауы қажет (кем дегенде бұл әсерлер ескерілсін), сонымен бірге санитарлық-гигиеналық және инженерлік-психологиялық талаптарға сай болуы қажет, яғни жақсы жұмысқа қолайлы, ыңғайлы жағдайлар болу керек.

3. Зерттеуді техникамен қамтамасыз ету:

І топ. Ұйымдастырушылық әдістері. Олар салыстырмалылық әдіс (әр топтардың, жастардың, әрекеттердің және т. с. с. салыстырылуы) ; лангитюдтік әдіс (ұзақ уақыт бойы бір адамды зерттеу) ; комплекстік әдіс (зерттеуде әр түрлі ғылымның мүшесі болады, сонымен қатар бір объектіні әр түрлі әдістермен зерттеу) .

ІІ топ. Эмпирикалық әдістер, мұнда: бақылау және өзін-өзі бақылау; эксперименттік әдістер, психодиагностикалық әдістер (тест, анкета, сұрақнама, социометрия, интервью, әңгіме), іс-әрекет жемісінің анализі және биографиялық әдіс немесе өмірбаян әдісі.

ІІІ топ. Берілген ақпаратты талдау: сандық (статистикалық) және сапалық (ақпаратты топтарға бөлу, талдау) әдістер.

IV топ. Интерпретациялық әдіс: генетикалық (ақпаратты талдау дамуы жоспары бойынша кейбір фазаларды, кезеңдерді, критикалық кездерді бөлу) және жүйелік (жүйелі байланысты әрбір жеке адам мінезімен байланыстыру) әдісі.

Психологиялық әдістердің негізгі топтары: обьективті және субькетивті. Обьективті әдістер: бақылау, өзін-өзі бақылау, араласа бақылау, сырттай бақылау. Психикалық құбылыстарды сандық бағалаудың субьективті әдістері. Психологиялық тесттердің негізі типтері. Проективті тестер мен эксперимент.

ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Оларды жас ерекшелікік психологияда қолдану. Даму психологиясының әдістерін топтастыру.

Даму психологиясының әдістерін сипаттау. Зрттеудің генетикалық әдістері. Жасқа байланысты «көлденең кесу» Онтогенетикалық эволюцияны зерттейтін лонгитюд әдісі. Бақылау. Оның түрлері. Бақылау әдісінің ерекшеліктері. Оларға қойылатын талаптар. Бақылаудың пәні, мақсаты, бақылау сұлбасы. Бақылау материалдарын талдау және түсіндіру.

Даму психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері.

Психологиялық эксперименттің құрылымы. Эксперименттік зерттеудің негізгі сатылары. Экспериментті жоспарлау және эксперименттік зерттеуге сәйкес әдіснаманы таңдау.

Әңгімелесу әдісі. Сауалнама (анкета) . Тест. Іс-әрекет өнімдерін талдау. Социометрия және оны даму психологиясында қолдану ерекшелігі. «Егіздер әдісі», оның мәні. Өмірбаяндық (биографиялық) әдіс. Оның ерекшеліктері. Қазіргі психологиядағы диагностика мәселесі. Даму психологиясының міндеттерін шешудегі кросс мәдени зертеулердің мәні.

Бақылау. Психологиялық дамудағы баланың ерте кезеңінен бастап дамуын зерттеудегі көп жетістікке қол жеткізетін әдістердің бірі.

Бақылау әдісі - бұл қиын әдіс емес, оны тек дұрыс ұйымдастыра білген жөн. Сонда ғана адамның табиғи тәртібі туралы дұрыс фактілерді аламыз. Адамды бақылап жүргенде ол өзінің сыртынан біреудің бақылап жүргенін білмейді, яғни ол кезде адам табиғи қалпында жүреді. Сондықтанда, бақылау әдісі - өмірдегі дұрыс фактілерді қорытындылай алады. Тәртіптерін, өзін-өзі ұстануын мектепке дейінгі жастың ойын үстінде оқушының- сабақта, жасөспірімнің құрдастары ортасында, үлкендердің жұмыс орнында жүргенде бақылауға болады. Бұл кезде психолог адам туралы ойлау қабілетін, есте сақтауын, эмоциясын, қабылдауын, сөйлеу мәнерін, іс-қимылын, жеке тұлға ретінде қандай адам екенін біле алады.

Бақылау сонымен бірге адамның психикалық дамуын сараптай алады. Бақылау әдісіне шектеу қою бірнеше себептерге байланысты.

- Бірінші - табиғылығын, тұрақтылығын адамның әлеуметтік, физикалық, физиологиялық және психикалық процесінің барлығын түгелдей жеке қарастыру, бақылау мүмкін емес.

- Екінші - бақылау зерттеу кезінде баланың мүмкіншілігін, табысқа жетілуін бір нәрсені жылдам жасай білуін шектейді.

- Үшіншіден - бақылау кезінде бұл фактіні қайтадан сол қалпында өзгерізсіз көре алмаймыз.

- Төртінші - бақылау тек түртіп алады, психологиялық дамуы қалыптастыра алмайды.

Сол себептен, лонгитюдты бақылаулар жүргізу арқылы бір немесе бірнеше адамға, осы жерде А. Газель 165 балаға 12 жыл ішінде бақылау жүргізген екен. Сонымен қатар, баланың күннен-күнге дамуын жазып отырған ата-аналарды мәліметтері үлкен әсер еткен. Бақылау түрлері, «өзін-өзі» бақылауды көру, сезім, уайым өзінің ішкі әлеміне анализ жасау, өз уайымын түсіну, өз әрекетін бағалау сияқты түсініктер жатады. Басқа вариантта бақылау- іс әрекет нәтижесінің психологиялық анализ деп атап отырып, барлық жас ерекшелік деңгейлерінде жақсы қолданылады. Бұл жағдайда процесс әрекеті емес, ал оның нәтижесі (баланың суреттері, жас өспірімдердің өлеңдері немесе күнделіктері, конструкциялар т. б. ) зерттеледі. Көбінесе психологтар жеке тәуелсіз (дербес) сипаттам ала отырып, түрлі әрекеттерде тұлғаны зерттеу осы әдіс тәсілді кеңінен қолданады. Осы зерттеу эксперименттік психологиялық зерттеудің негізіне кіреді. Мысалы: бұл әдіс биогеографиялық әдіс формасында болуы мүмкін.

Эксперименттік әдістің қолдануына 100 жылдан астам уақыт өтті. Айтып өтетін жай, алғашқы экпериментальды әдіс балалар үшін құрастырылған. Эксперимент 4 ерекшелікпен айқындалады:

1) экспериментте зерттеуші зерттеу құбылысты анықтайды да, ал бақылаушы зерттеу жағдайына белсенділік арттыра алмайды немесе зерттеу жағдайына арласпайды.

2) экспериментатор зерттеу процесінің жағдайы өзгерте алады.

3) заңдылықты байланысты анықтау үшін экспериментте жеке жағдайда өзгерістер ене алады.

4) алынған нәтижеде математикалық өңдеу жүргізуге болады, сонда жағдайды сандық қатынасы өзгереді.

Психологиялық дамуда экспериметтің дәстүрлі түрі қолданады, қалыптастырушы эксперимент, конста лабороториялық көптеген зерттеулер әксперименттің конструкциялық құрылымын құрайды.

Қалыптастырушы эксперимент нақты сапамен үйренушілікті бағытта болжайды. Фактілі түрде осы дамытушы әдістер экспериметальды педагогикалық процеске арнайы құрастырылған.

Мұндай тапсырмалар тренинг ретінде жас ерекшеліктеріне қарай қарастырылады ( мысалы: мектеп оқушыларымен қарым-қатынас тренингі, мектепке дейінгі балаларға психогимнастика т. б. ) .

Психологтар нақты сапалы түрде әртүрлі экспериментальды әдістер қолданады: егіздік әдіс, социометрия, әрекет нәтижесінің анализі, тестілеу, анкета жүргізу, моделдеу. Аталған әдістердің көпшілігі зерттеуші, нәтижесінде жаңашыл қорытында алады.

Психика жайлы түсінік.

Психика жоғары ұйымдасқан материя қасиеті ретінде. Психикалық құбылыстар табиғаты мен механизмдері. Тітіркенгіштік. Сезісталдық пен түйсік, олардың тітіркенгіштікпен салыстырғандағы ерекшеліктері. Мінез-құлық сыртқы орта жағдайлаына бейімделу процессі ретінде. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы ретінде. “Мен-концепция” және адамның сыншылдығы, олардың адам мінез-құлқының қалыптасуындағы ролі. Психиканың негізгі функциялары. Сыртқы орта жағдайларына бейімделу- психиканың интегрнативті функциясы. Адам психикасының шығу тегінің жалпы мәселелері.

Жануарлар психикасының дамуы. Жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысы және қарапайым жүріс-тұрыс сатысы. Психиканың қарапайым сенсорлық сатысындағы жануарлардың жүріс-тұрысының қалыптасуындағы сыртқы тітіркендіргіштер қасиеттерінің ролі. Сезімталдық мүшелерінің ддифференццациясы. Жүйке жүйесі және жануарлардың жүріс-тұрысы. И. П. Павовтың шартты және шартсыз рефлекстер жайлы ілімі. Дағдылар сатысы, оның ерекшеліктері. Интеллектуалдық мінез-құлық сатысы. Леонтьв-Фабри концепциялары. П. Шарден идеалистік көз қарасы.

Адам психикасының дамуы. А. Н. Леонтьев пен Б. Г. Ананьеатің жастық кезеңдері. Адам психикасының сатыларының жалпы сипаттамасы: нәресте, ерте сәбилік жас, кеш сәбилік жас, мектепке дейінгі, жеткіншек жас, жастық шақ, акмеололгиялық кезең, герантогенез кезеңі.

Сана туралы жалпы түсінік . Сана психикалық бейнелеудің ең жоғары деңгейі және өзін-өзі реттеудің ең жоғарғы деңгейі ретінде. Белсенділік пен интенционалдық - сананың негізіг сипаттамасы. Рефлекия және сананң мотивациялық-құндылыұ сипаты. Адам санасының дамуы мен қалыптасуындағы еңбек ролі. А. Н. Леонтьев концепциясы.

Саналы әрекеттердің санасыз түрткілері. Санасыз механизмдер мен әрекеттер. Санасыз психикалық процесстер мәселесінің жалпы сипаттамалары. Санасыз процесстердің классификациясы. Д. Н. Узнадзенің санасыз ұстанымдар концепциясы. Вегетативтік компоненттердің психологиялық зерттеулер үшін мәнділігі. З. фрейдтің санасыз процесстерді зерттеуі. Санасыздық теориясы. Ығыстыру және қарсыласу механизмдері. З. Фрейд теориясының невроткалық симптомдарды емдеудегі мәні.

«Сана үсті» процесстері. Саналы және сана алды процесстердің арақатынасы. Қабылдау иллюзиясы, ұстанымдар қателігі, фрейдтік феномендер.

Адам іс-әрекетінің жалпы психологиялық сипаттамасы. Іс-әрекет түсінігі. Іс-әрекетті тудырушы себептер. Іс-әрекет мақсаты. Іс-әрекеттегі ерік пен зейін. Адам іс-әрекетінің ерекшелігі мен атрибуты. Адам іс-әрекетінің түрлері. Іс-әрекет және адамның дамуы.

Іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі түсініктері . Кеңестік психологтардың еңбектеріндегі іс-әрекет мәселесі. Іс-әрекет құрылымы. Әрекет іс-әрекеттің орталық компоненті ретінде. әрекеттің негізгі сипаттамалары. Іс-әрекеттің психологиялық теориялапрының негізгі заңдылықтары. Іс-әрекет шарттары. Опеарция жайлы түсінік. Автоматты әрекеттет мен дағдылар. Іс-әрекеттің физиологиялық функциялары.

Тұлға бағыттылығы мен іс-әрекет түсінігі. Бағыттылықтың негізгі формалары: әуестік, қалау, ұмтылыс, қызығу, идеалдар, иланымдар. Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Қажеттіліктер жайлы түсінік. Іс-әрекет мақсаты. Адамның мотивациялық сферасының негізгі сипаттамалары: кеңдігі, икемділігі, иерархиалануы. Мотив жайлы түсінік.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Бағыттылықтың негізгі формалары: әуестік, қалау, ұмтылыс, қызығу, идеалдар, иланымдар. Адам іс-әрекетінің мотивациясы мәселесі. Қажеттіліктер жайлы түсінік. Іс-әрекет мақсаты. Адамның мотивациялық сферасының негізгі сипаттамалары: кеңдігі, икемділігі, иерархиалануы. Мотив жайлы түсінік.

Мотивтендірілген мінез-құлық тұлға мінездемесі ретінде. Табысқа жету және қашқақтау мотивациясы. Тартылу деңгейі және өзін-өзі бағалалу. Аффиляция және билік мотивациясының көріну ерекшеліктері. Терістеу мотивациясы. Просоциалды мінехз-құлық. Агрессия және агрессиялық мотиві. А. Бандура бойынша агрессивті мінез-құлық типтері. Агрессияға деген тенденция және агррессияны басу тенденциясы.

Мотвациялық сфера дамуының негізгі заңдылықтары. А. Н. Леонтьев бойынша мотивтердің даму механизмдері. Балалардағы мотивациялық сфераның қалыптасуының негізігі сатылары. Балалрадың алғашқы қызығуларының ерекшеліктері. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардағы мотивациялық сфераның қалыптасуының еркшеліктері. Мотивациялық сфера қалыптасуындағы ойынның ролі.

Эмоция түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. Түйсіктердің сезімдік астары. “сезім” және “эмоция” түсініктерінің арақатынасы. Эмоциялардың негізгі сипаттамалары. Эмоциялардың негізгі түрлері. Эмоция классификациялары. Эмоциялардың амбиваленттілігі. Жоғарғы сезісдер. Көңіл-күйдің негісгі сипаттамалары.

Эмоциялардың дамуы және олардың адам өміріндегі мәні. Органикалық қажеттліліктер балалардағы алғашқы эмоциналдық көрінулерді тудырушы ретінде. Жағымды және теріс эмоциялар қалыптасуына ықпал етуші факторлар. Фрустрация эмоция қалыптасу механизмі ретінде. Балаларда эмоциялар мен эмоциялық күйлердің қалыптасуындағы ересек адамдардың ролі. Жоғары сезімдердің қалыптасу заңдылықтары. Мінез-құлықты реттеудегі эмоция ролі. Эмоциялардың негізгі функциялары. Эмоционалдық көрінулердегі даралық айырмашылықтар.

Эмоционалдық стресс түсінігі. Стресс организмнің өзгеше реакциясы ретінде. Г. Селье бойынша стресстің негізгі сатылары. Психикалық стресс классификациясы. Ақпараттық стресс пайда болу шарттары. Эмоционалдық стресстің көріну ерекшеліктері. Үрейлер классификациясы. Стресс көрінуі және даралық ерекшеліктері.

Эмоциялық күйді реттеу. Ф. Б. Березин бойынша психикалық күйлерді реттеу механизмдері. Психологиялық қорғаныс классификациясы. Психологиялық қоғаныс функциялары. Стресстік күйдің қалыптасуындағы фрустрацияның ролі. Қажеттіліктер және олардың стресс дамуындағы ролі. Интрапсихикалық қақтығыс. Қақтығыс түрлері. Қақтығыстың алдын алу. Қақатығыс шешу жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Эмперикалық әдістер
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Бақылау. Өзін-өзі бақылау
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Ұжым психологиясы мәселесі
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдісі
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz