XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ ойшылдары
1 Ш. Уәлихановтың
2 Ыбырай Алтынсарин
3 Абай Құнанбаев
2 Ыбырай Алтынсарин
3 Абай Құнанбаев
Ш. Уәлихановтың басқа ағартушылардан айырмашылығы таптық мүдделердің бір-бірімен сиыса алмайтындығы туралы айтылған пікірлерімен және сол туралы батыл болжам жасауында. Оның пікірі бойынша, қазақ халықына тап осы дәуіріндегі өмірінде білімсіздігімен байланысты «өз қажеттілігін түсінбеу» тән. (Ш. Уәлиханов. 5 - томдық Шығ. жинағы, т, 1, Алма - Ата, 1961. 495.) Шоқанның көзқарасы бойынша халық мүддесі жүзеге асырылды деп, тек жоғарғы тапқа емес барлық адамдарға бақытты өмір шарттары жасалғанда ғана айтуға болады.
Ш.Уәлиханов ойынша, заңдарда заңды түрде бекітілген қоғамның мүддесі бейнелінуі тиіс. Сондықтан заңдарды шығару мен өзгертуге үлкен ұқыптылықпен қарау керек. Егер күшіндегі заң дұрыс орындалмаса онда бұл заң бюракратияның негізінде пайда болғандықтан формализм ғана болады.
Ш.Уәлиханов ойынша, заңдарда заңды түрде бекітілген қоғамның мүддесі бейнелінуі тиіс. Сондықтан заңдарды шығару мен өзгертуге үлкен ұқыптылықпен қарау керек. Егер күшіндегі заң дұрыс орындалмаса онда бұл заң бюракратияның негізінде пайда болғандықтан формализм ғана болады.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ ойшылдары
Ш. Уәлихановтың басқа ағартушылардан айырмашылығы таптық мүдделердің бір-бірімен сиыса алмайтындығы туралы айтылған пікірлерімен және сол туралы батыл болжам жасауында. Оның пікірі бойынша, қазақ халықына тап осы дәуіріндегі өмірінде білімсіздігімен байланысты өз қажеттілігін түсінбеу тән. (Ш. Уәлиханов. 5 - томдық Шығ. жинағы, т, 1, Алма - Ата, 1961. 495.) Шоқанның көзқарасы бойынша халық мүддесі жүзеге асырылды деп, тек жоғарғы тапқа емес барлық адамдарға бақытты өмір шарттары жасалғанда ғана айтуға болады.
Ш.Уәлиханов ойынша, заңдарда заңды түрде бекітілген қоғамның мүддесі бейнелінуі тиіс. Сондықтан заңдарды шығару мен өзгертуге үлкен ұқыптылықпен қарау керек. Егер күшіндегі заң дұрыс орындалмаса онда бұл заң бюракратияның негізінде пайда болғандықтан формализм ғана болады.
Халықтың басым көпшілігінің білімсіздігі, ғылыми-жаратылыстану білімдердің тапшылығы қазақ халықының санасында діни түсініктер, әртүрлі ырымдар мен нанымдар үстемдік етті. Әрине бұл жағдайда өзінің әлеуметтік болашағын көруге септігін тигізетін атеистік түсініктерді ашықтан ашық үгіттеуде халықтың қолдауын туғыза қоюдың өзі қиын мәселелердің бірі болатын.
Алайда дінді ағартушылық тұрғыдан сынау еркін ойлылық идеяларын дамытуда елеулі қадам болды. Ең маңыздысы дінді сынау бұл уақыттары абстрактылы сипатта болмай, негізінен өмір талаптарымен сәйкес әлеуметтік озықтылық үшін күреспен, таптық және саяси қарым-қатынастар практикасымен байланысында еді. Ағартушылар осы жердегі өмірдің құндылықтарын о дүние деп аталатын жалған өмірдің құштарлығына қарсы қойды. Әсіресе бұл бағытта Ш. Уәлихановтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол адам өмірінің мәні және адамгершілік туралы мұсылман түсініктерінің дүмшелігін көрсетіп адамның нағыз қызығатын мүдделерін табиғи негіздермен байланыстырды.
Ш. Уәлиханов қазақтардың арасындағы надандығынан туындайтын ескі нанымдар мен жоққа сенушілікті көрсете отырып Халықтың өзінде көптеген жалған сенімдер және зиянды дәстүрлер жасырылған, - деп жазды. Бұл жалған нанымдардың қайнар көзі бақсылық сенімде екендігін Ш. Уәлиханов атап көрсетті: Бұл діннің негізі болып өлген ата-бабалар рухын құрметтеу саналады осыған байланысты ата-бабаларына арналған барлық дәстүрлер мен ырымдарды жасау қырғыздар үшін ең қастиетті болып саналады.
Ш. Уәлиханов туындыларындағы негізгі айтынатын мәселе осындай сенушіліктер көпшілікті адасулар мен надандыққа әкелетіні. Ш. Уәлихановтың этнографиялық зерттеулермен айналысуы қазақтардың әдеттерімен және нанымдарымен жақынырақ танысуға және олардың мәнін ашуға мүмкіндік берді. Көпшілік арасында дуалау, тәуіпшілік, көріпкелділіктің таралуы бақсылықтың белгісі. Әсіресе медицинамен келіспейтін тәуіпшілік айтарлықтай кедергі келтірді. Қырғыздар - қиналып босанған әйелдерді рухтың жауыз әзәзілдігіне жатқызып оларды ұрады, үркітеді тілін тартады, - деп жазды Ш. Уәлиханов. (Ш. Уәлиханов. 5 - томдық Шығ. жинағы, т.1, Апма - Ата, 1961. 528.) Мәлім, Осындай жабайы ұғымдармен және сонымен бірге акушерқалардың жоқтығынан жүкті әйелдердің көпшілігі сабаудан не босану кезінде өледі. Бұл надандық іс-қимылдардың негізінде жаман рухтарға деген сенім жатыр. Ондай рухтарды халық: жын, албасты, джезтырнақ - деп, атайды. Ш. Уәлиханов көрсеткендей, - босанғанда қиналған әйелдерді олардан албастыны зиян келтіруші рухты кетіру үшін ұрып-соғады.
Ырымшылдықтарды және нанымдарды, әшкерелеуде олардың қайнар көздерін ашпайынша жеткілікті түрде зиянды ырымдармен және дәстүрлерге қарсы күрес жүргізу мүмкін емес. Ш. Уәлихановтың Қырғыздардағы бақсылық іздер, Тәңірі (құдай), Дала мұсылмандары туралы шығармалары осы мақсатқа бағытталған. Ырымшылдықтар мен нанымдарды және соларға негізделген әдеттер және дәстүрлерді кеңінен қарастыра отырып ол олардың қайнар көздерін ашты. Олардың негізі осы дүниеде және халық өмірінің жағдайымен байланысты: Әлемнің таңғажайыптарын тану өлім және өмір туралы және адамның табиғатқа қатынасы әлем мен табиғатты және аталардың рухын құрметтейтін бақсылықты тудырды. Осылайша сәбиліктегі адам күнге, айға, жұлдыздарға және мәңгі-бақи шексіз біз айтатын табиғат әлеміне сиынуыға келтірілген болатын.
Ырымшылдықты және нанымдарды сынаудың негізі болып мәңгі-бақилық және шексіз, өзінен өзіне себепті әлем түсінігін қолдайтын материалистік көзқарас болып табылады.
Діни нанымдарға байланысты Ш. Уәлихановтың материалистік көзқарасы кездейсоқ ойдан шыққан тұжырым болған жоқ. Ол дінді осы өмірдің құбылысы ретінде қарастырып сыртқы бет пердесін ашады. Ойшыл, қожа-молдалар уағыздап жүргендей ислам тіптен де құдайдың жібергені емес, ал оның пайда болуы көшпелі арабтардың өмір өзгерістерінің бір кезеңдеріне байланысты бекіді деп халықты сендіреді.
Сонымен қатар ислам Ш. Уәлихановтың ойынша адам қиялының жемісі ретінде бағаланды.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз, Өзен сияқты өлендері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай! Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдықтың тұтқасы т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. Мұсылманшылдықтың тұтқасында бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық -қадір екендігіне дәлел болса керек деп тұжырымдайды.
Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұхарадан келген молдалар дінінің озбыр түріне ғана қарсы болған. Н.И.Ильмшіскийге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұхара молдаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу, оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.
Алтынсариннің этикалық және эстетиқалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жаңағы Жаз, Өзен өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы, көгорай шалғынды көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көк-жиектің мұнарланған сағыны шебер тілмен суреттеледі.
Этикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой-тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басы өте жоғары дәрежелі мәдениет иесі болғандығын айта кету керек
Ыбырай әлеуметтік мәселелерді көптеген еңбектерінде талқылайды. Кел балалар, оқылық, Өнер, білім бар жұрттар сияқты өлеңдерінде жастарды өнерге, білімге шақырды. Ыбырай ағарту ісінің тек насихатшысы ғана емес, соныменбішрге аса көрнекті ұйымдастырушысы болды. -
Абай Құнанбаев (1845-1904) - қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ-ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Науаилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді. Сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларын және Сократтың еңбектерімен таныс болды. В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абай дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдынғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өнеріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелер: Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты!
Абайдың антропоцентристік, гуманистік көзқарастары. Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпта түрмай бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп, өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды: Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды, Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел, Алдыңғы толқын -ағалар, артқы толқын інілер дейді.
Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен қасиет бар. Оның бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу.
Оны білмеген соң ол жан, адам жаны болмайды, хайуан жаны болады. Абай адам жанындағы асыл қасиеттің бірі еңбек. Бұл тек өзінің қара басының қамын ғана күнттейтін еңбек емес, пайдасы көпке тиетін еңбек деп есептейді. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуан боласың, әрекет ет, пайдасы көпке тисін дейді.
Абай адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес, айналадағы дүниені сезіп, біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз дейді Абай.
Жаралап, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, ақынмен біліп, сезбекпіз. Демек, Абай білудің сезімдік және ақылдық таным арқылы болатынын құптайды. Бірақ ол ақиқатты анықтаудың өлшемі ақыл деп есептейді: Ақыл сөзбен сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз, ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз. Ақыл мидан, өлшеу қыл деп танымдағы ақыл ролін көтермелеп, материалистердің позициясына жақындайды. Абай гуманистік көзқарасты насихаттады. Ол адам атаулы жаратылысында бірдей деп қарады. Өзін өзгеден артық санайтындарды сөгіп, Мені мен сен теңбе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz