XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы мектеп пен педагогика


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы мектеп пен педагогика

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдын бас кезін В. И. Ленин: «Жалпы буржуазияшыл-демократиялық қозғалыстар, әсіресе буржуазияшыл-ұлттық қозғалыстар дәуірі, дәурені өтіп бара жатқан феодалдық абсолюттік орындардыңі күйреу кезеңі», - деп бағалады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Россиянын ішкі өміріндеі капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстын іру процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционерлері - декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.

XIX ғасырдың басында Россияда капиталистік қатынастардың дамып өріс алуымен байланысты, патша үкіметі алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірдің алдында көз бояушылық мақсатымен либералшыл бағытта кейбір реформалар жүргізді.

Осы кезеңде таққа отырған I Александр мемлекеттік билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа

бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбиесін ісін басқарды. 1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Россия 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет Чиновниті - оқу округінің попечителі деген басқарды. Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтык, жүйесі құрылды. Мектеп реформасының келесі сатысы - 1804 жылы қабылданған «Оқу орындарының уставы» болды. Бұл «Устав» бойынша Россияда төмендегідей жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.

1 . Приход училищелері әр қалалар мен селоларда ұйымдастырылды, оқу мерзімі бір жылдық. Мұның міндеті: уездік училищелерте оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесін және элементарлық сауат ашу. Училищенің оқу жоспарында: «Құдай заңы» мен ережелері, оқу, жазу, арифметикалық бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулықка байланысты оқыту пәндері болды, Сабақты жалғыз оқытушы жүргізуге тиіс еді. Училище мемлекет қамқорлығында болмай, оны қамтамасыз ету "жергілікті басқару орындарына жүктелді.

Шаруалар помещиктердің қол астында болуына байланысты, олардың балалары бұл училищеде де оқи алмады.

2. Уездік училищелер губерниялық және үездік қалаларда ашылды. Оқу мерзімі- екі жылдық. Мұның мақсаты - гимназияға оқушылар әзірлеу, сол кездегі өндіріс және сауда салаларынан білім беру. Осыған байланысты оқу пәндерінін саны шамадан артық көп болды, сондықтан олардың сапалы түрде өтуі күмәнды еді.

3 . Г и м н а з и я л а р әрбір губерниялық қалаларда ашылды. Оқу мерзімі төрт жыл. Гимназиялардың алдына қойылган міндеттер: университеттерге оқу үшін жастар даярлау, «әдепті тәрбиеленген адамдарды» қалыптастыруға қажетті білімдер беру.

Гимназияның оқу жоспарындағы оқу пәндері кең, әр салалы болды (шет тілдер, география мен тарих, жалпы және Россия мемлекетінің статистикасы, философия ғылымдарынын бастапқы курсы), метафизика, логика, этика, мораль, математика, табиғат тарихы (минералогия, ботаника, зоология), коммерция теориясы, технология мен сурет.

Гимназиялар университеттерге бағындырылды. Бұл оқу орны халық бұқарасына арналған приходский және уездік училищелерге қарағанда материалдық жағынан анағұрлым жақсы жағдайда болды.

4. Университеттер мемлекеттік жұмысқа чиновниктер, оқытушылар даярлады. Оқу орындары уставын әзірлеген ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Оны сайланып қойылатын совет, ректорат және деканнаттар басқарды.

Уставта оку орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған уставтын, ізінше крепостной шаруалар гимназияларға алынбайды деген түсініктеме хат жіберілді. Купец, мещан, колөнерші, басы бос егіншілер сияқты сословиялардың өздері балаларын гимназияға қабылдату үшін бұрынғы қоғамдық сословияларья нан шығуы тиіс болды.

Осындай тар мағыналылығына қарамастан, 1804 жылғы оқи орындарының уставының кейбір тарихи прогресшіл жактары да болды: оқу орындарының бір-бірімен байланыстылығы, сатылы түрде құрылуы көрсетілді. Уездік училищелер мен гимназиялардың оқу жоспарлары біраз кең көлемді реальдык білімдер талап етті. Осы 1804 жылғы уставтап кейін қалаларда баяу қарқында болса да, оқу орындарының саны өсті. 1812 жылғы отан соғысының қарсаңында Россияның 47губерниялық қалаларынын

барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приходский училищелері ашылды.

Бірақ бұл «либералшыл» делінген оқу орнының уставы сословиялық-крепостнойлық құрылыстың негізін бұзғысы келмеді. Оқу орындары негізінеи қалаларда ашылғандықтан, шаруалары бұрынғыша сауатсыз қала берді. Уставта оқытушылардың педагогикалық творчествосына да өзгеріс енгізе алмады, оқытушы өзінің жоғарғы басшыларының әмірін орындайтын дәрменсіз үкімет чиновнигі дәрежесінде ғана болды.

Өкімет крепостнойлы-сословиялық идеологияны күшейту мақсатында барлық оқу орындарына дін оқуын ендірді.

1812 жылғы Отан соғысы орыс халқының сана-сезіміз дамытуда ірі роль атқарды. Елде бостандық сүйгіш пікірлер өрістедің крепостнойлық пен самодержавияға қарсы саяси күрескс шыққан құпия, жасырын одақтар құрылды. Оқу орындарында бұрын тыйым салынған Пушкиннің, Рылеевтің, декабрист ақындардың шығармалары тарады.

Бұған үкімет ағарту саласында өріс алған реакцияны күшейтумен жауап берді: Оқу орындарында қатал аракчеевтік режим орнады, халықтың білім алуын тежеуге бағытталған бірнеше указдар қабылданды. Гимназиялардың оқу жоспары ірі өзгеріске ұшырады: дін сабағы кеңінен енгізілді, жастардың санасында бостандық сезімін оятатын философия, саяси экономия, табиғи право, эстетика теориясы пәндері алынып тасталынды.

Реакция университеттерге де төнді: Қазан уннверситеті үкіметтің қатты бақылауына алынып, оған реакционер попечитель Магницкнй, ал Петербург университетіне реакционер Рунич тағайындалды, прогрессившіл уннверситет оқытушылары мен студенттер үстінен полициялық бақылау орнатылды.

Осы кезде Россиядағы оку орындарына педагогикалық ой-пікірдің дамуына самодержавиялық-крепостнойлық құрылысқа қарсы шыққан декабристердің революцияшыл күресінің белгілі әсері болып жатты.

Дворян революционерлерінің программалык талаптарының негізгі бір саласы - халық және крепостной шаруалардың арасына сауаттылықты тарату еді. Олар патша чиновниктерінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізіп отырған кедергі әрекеттерін, ғалымдар мен оқытушылар үстінен жүргізіп отырған полициялы-бюрократтық бақылау жүйесін қатты сынға алды.

Декабристердің басшыларының бірі Пестель ағарту ісінің түбірінен қайта құрылуын самодержавияны құлату және жаңа саяси-қоғамдық құрылыс орнату міндеттерімен байланыстырды.

Петербург, Москва, Киев маңындағы кейбір декабристік ұйымдар солдаттар арасында, олардың балалары арасында, крепостной шаруалар арасында сауат ашу жұмысын жүргізді. Декабристер «Бірлесіп, көмектесіп еркін оқу қоғамын» құрды, бұл қоғам мектеп ашу, оқу кітаптарын тарату, мұғалімдер даярлау, дәрігерлік-тегін көрсету т. б. істермен айланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Мишель Монтень және Джон Дьюйдің тәрбие мен оқу туралы ойлары
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Алтынсарин орыс мұғалімдерімен тығыз байланыс жасады, олардың бірсыпырасы
Оқудың дидактикалық негіздері
XIX ғасырдағы тіл білімі
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Жас грамматикалық бағыт
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Қазан лингвистикалық мектебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz