А.Байтұрсыновтың ағартушылық мұрасының зерттелу жайы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

А. Байтұрсыновтың ағартушылық мұрасының зерттелу жайы

Ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығын, салт-дәстүрді келер ұрпаққа жеткізу - бүгінгі ғалымдардың азаматтық парызы. Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүниетанымымызды жеке тұлғалардың өмірінің тәлімдік мәнін зерттеуге баса назар аударып отыр. Тарих сахнасында XX ғасырда жарқыраған шоқжұлдыз А. Байтұрсынов мұрасының зерттелу жайы тарих ғылымы бойынша Ә. Бөкейханов, М. Қозыбаев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Ә. Тәкенов, К. Нұрпейісов, Д. Аманжолова т. б. Филология саласы бойынша С. Сейфуллин, М. Дулатов, М. Әуезов, Р. Сыздықова, Р. Нұрғали К. Құсайнов, А. Мектепов, Ө. Айтбаев, М. Мырзахметов, Г. Құрманбаев У. Суханбердина; пәлсапа ғылымында, Ә. Нысанбаев, Ғ. Есімов. О. Сегізбаев, А. Касымжанов, К. Жүкеш, Ж. Алтаев т. б. ; психология саласында Қ. Жарықбаев, Н. Іргебаева т. б. ; педагогика саласы бойынша С. Қалиев, А. Қыдырша т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Тереңірек зерттелген филология ғылымы тұрғысынан қарастырсақ алғаш оның мұраларын зерделеп, ғылымға қосқан үлесін айындап берген деп С. Сейфуллин мен М. Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз М. Әуезов А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласына қосқан үлесін: "Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиетпен елшілдік ұраны, "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымас қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер", - деп бағалайды. С. Сейфуллин "Ахмет Байтұрсынұлы 50-ге «толды» атты мақаласында А. Байтұрсыновты намысқой азамат, ұлт-жанды, абзал жан, жанқияр күрескер деп оның тұлғалық қасиеттерін талдай келе: " . . . рас айтады, Ахаң нәзік маса, ол ұйықтаған қазақ халқының үстінде қоймастан "ұйқысын аз да болса бөлуге" ызыңдайды. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ жырларына "оқу һәм тіл құралдарымен" қылған қызметі таудай", - деп ғұламаның ағартушылық бейнесін сомдай түсті.

Еліміз егемендік алғаннан кейін А. Байтұрсынов мұрасын зерттеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зерттеушілердің бірі Р. Сыздықова. Ол А. Байтұрсыновтың XX ғасырдың басындағы қазақ оқу-ағарту ісіне, ұлттық мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестеріп жан-жақты талдай келе: "А. Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйе бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі Байтұрсынов жазуы" дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін "Оқу құралы" атты оқулығын жазғанан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін "Тіл құралды" жазған. Төртінші, тілді дүрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін "Тіл жұмсарды" ұсынған, бесінші, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншы" мен Әліп-би астарын" жазған. Міне, бұлар А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, Ахмет Байтұрсынов қазақтың білім-ғылымының көш бастары дегізетін тарихи мұра" -дейді. Т. Қордабаев А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерінің насихатталуы мақаласында ғұламаның қазақ тілі мен әдебиеттану ғалымдары саласында еткен еңбегін айқындайды және А. Байтұрсынов еңбегін зерттеген әйгілі түрколог А. Самойлович, Е. Омаров, Поливанов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Садуақасов, Кемеңгеров сияқты 20-30 жылдардағы белгілі ағартушылар оның еңбектеріне талдау жасаған дейді. Сонымен қатар, осы мақала авторы Ахаң еңбегінің жалыны лапылдап тұрған репрессия заманында ашық болмаса да бүркеме аттармен баспасөз беттерінде насихатталғанын нақты деректер келтіре жеткізеді. Педагог ғалымдардың бірі А. Қыдырша А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін үнемі өз мақалаларына арқау етсе, ғұламаның ақындық мұрасы С. Қирабаевтын еңбегінде де негізгі орын алады. Ол оның ақындығын ғама емес, ұстаздық-ағартушылық еңбегін де жоғары бағалайды. Сонымен қорыта келгенде, А. Байтұрсыновтың тіл білімі саласы бойынша еңбегін еріттеген бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары, көптеген мақала, фонографиялардың бар екендігіне көзіміз жетті. Ал, А. Байтұрсыновты мемлекет және қоғам қайраткері, тарихи тұлға ретінде айқындайтын мақалалар борыштық болғанымен, арнайы ғылыми-зерттеу жоқ, ал педагогика саласындағы еңбегіне терең талдау жасаған (жалғыз профессор С. Қалиевтың "Қазақ тәлім-тәрбиесі" атты еңбекті атпағанда) зерттеу жұмыстары жоқ деуге де болады. Сол сияқты, А. Байтұрсынов еңбектеріндегі пәлсапалық көзқарастары жан-жақты зерттелмей келеді.

А. Байтұрсыновтың психологиялық көзқарастарын зерттеген белгілі психолог-ғалым Қ. Жарықбаев оның "Әдебиет танытқыш" атты еңбегіндегі психологиялық тұжырымдарын аса зор бағалай келе: «…әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік боларлықтай түйіндер мол", - дейді. Сондай-ақ, Қ. Жарықбаев Байтұрсыновтың орыс психологы П. П. Блонский зерттеулерін басшылыққа алғандығы туралы тың пікірлер білдірген. Яғни, Байтұрсыновтың артына қалдырған мол мұрасы қай ғылым саласы бойынша зерделесек те оның түпкі мүддесі - ағартушьшық, ұлттық сананы ояту болғанына көз жеткізуге болады.

Архив деректеріне сүйенсек, А. Байтұрсыновтың ғұмырына 1920 бастап ірі де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз.

Яғни, Қазревком төрағасының орынбасары, Қазревком, ішкі істер бөлімі меңгерушісі, Орталық атқару комитеті мүшесі, Халық ағарту комиссары орынбасары, комиссары, Академиялық орталық төрағасы, Орталық Мемлекеттік музейде ғылыми кеңесші, жоғары оқу орны оқытушысы профессор болып жүрген кездеріде қазаққа "қазақ" атын қайтару, жерінің тұтастығының сақталуына, жергіліктендіру саясатына, Қазақ автономиясын құру, сауатсыздықты жою, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету, қазақ мектептерінің негізін қалау, білім беру жүйесін реттеу, оқу-ағарту мәселесінің жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату ұлттық мамандар даярлау, Қазақстанда зерттеу қоғамының негізін салу, тіл саясатының аясын кеңейту, қазақ жазуын реформалау, баспасөзді көтеру істерінде басты тұлға болғанының куәсі боламыз. Мұндай деректер арқылы А. Байтұрсыновтың ағартушы педагог ғалым екенін дәлелдеу ісі жеңілдемек. Әрі А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастарын зерттеу қажеттігі, оның тәлімдік мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану мүмкіндіктерін ашуда көмегі мол болмақ. Сондай-ақ, А. Байтұрсыновтың ағартушылық мұраларын зерттеу арқылы оның аға ұрпақпен, замандастарымен, артынан ерген жас буынмен идеялық бірлігіне, мақсат-мүдделерінің ортақтығына өзара үндестіктеріне үңілу мүмкіндіктері туып отыр.

А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын зерделеген сайын оның Абай, Шоқан, Ыбырай ісін жалғастырушы ғана емес, өзінің қолтаңбасымен ерекшеленетін ғалым екенін байқаймыз. Абай мен Ахмет пікірінің ұқсастығы сол, олар болашақ жастарды жаманнан жиренуге, жақсылығын үйренуге үндейді. Сонымен катар, халықты оқу- білімге шақыра отырып, рухани тазалық, отбасы, еңбек, адамгершілігі ақыл-ой, ұл-қыз тәрбиесіне жете мән беруді мақсат еткен. Шоқан Уәлихановпен оның ағартушылық ой-пікірлеріндегі үндестік деп олардың ұлттық мінез-құлықты зерттеудегі жастар тәрбиесін жандандыру халықтық педагогиканың озық үлгілерін негіз етулерін, ұлтжандылық азаматтық сезімдерді жоғары бағалап, ұлтын тапқа, топқа бөлмей бірдей сүйюін айтуға болады. Ал, Алтынсарин мен А. Байтұрсынов ағартушылық идеясы үш бірдей салада тоғысады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын ұлттық мектеп ашуға, қазақ балаларына дүниян білімді терең меңгеуге, өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, сондай дәрежеде білім беретін төл оқу-құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазуды басты мұрат етті. Үшіншіден, болашақ маман даярлау жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектептерлін материалдық-техникалык базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп, ұлттық сананы ояту, өз үшін ұлттық баспасөз ісін көркейту болды. Жоғарыда аталған архив қорларындағы деректерден А. Байтұрсыновтың замандас әріптестері мен өзінен кейінгі буынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына өзіндік ықпал еткенінің куәсі боламыз. Ол Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ғ. Қарашов, Т. Шонанов, Н. Құлжанова, С. Торайғыров т. б XX ғасырдың басындағы зиялы қауымның көрнекі өкілдерімен пікірлес болып, ортақ мақсат мүдделерін іске асыру жолында қоян-қолттық еңбек етіп, ұлттық мектептер мен оқулықтардың жандануы үшін тер төгіп, ағартушылықтың "дәнін" сепкен "адамдық диқаншысы" болды. Бұл пікірлерімізге дәлелдер келтірер болсақ, шексіздікке кетеріміз анық . . .

А. Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1918 жылдары жарық көрген "Қазақ" газетінде, кейіннен "Айқап", "Шора" журналдарында жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Оған оның "Мектеп керектері", "Қазақша оқу жайынан", Бастауыш мектеп", "Тәні саудың - жаны сау", "Қазақ өкпесі", Орысша оқушыларға", "Білім жарысы" т. б. мақалалары дәлел. Ол бұл мақаларында мектеп жайын, бастауыш мектеп құрылымын анықтау, ұлттық тілдің аясын кеңейту, төл оқулықтардың сапасын арттыру, ұстаз шеберлігі, оқу бағдарламаларын түзеу, салауатты өмір салты сияқты маңызы зор мәселелерді көтерді. Үкіметтің бұратана халықты сауаттандыру саясатының түпкі мақсатын әшкереледі, ұлттық рух пен сананы күшейтуге күш салды, қазақ арасында оқу жайының маңдымауының, кемшілігін дәл басып көрсетті, өзінің жадидизм лидері екенін ісімен де, сөзімен де дәлелдеді. Еліміздің елдігі мен бірлігін, тәуелсіздігі мен бейбітшілігін сақтау үшін қаламымен күресті. Оның «Қырық мысал», "Маса" еңбектерін дүниеге келтірудегі мақсаты -халқының кертарапта кесапатты қылықтарын ашық, сынап, оқырман ашу, ағартушылық, прогрессивті идеяны тарату еді. Оның мысалдарындағы басты дидактикалық тақырып-оқу, білім, адалдық, ынтымақтастық, шешендік, тіл мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену. А. Байтұрсыновтың әрбір мысалындағы өсиеті -арды қатігездік, мақтаншақтық, бөспелік, жалқаулық, имансыздық сияқты жағымсыз қасиеттерден сақтау. Ғалым негізгі идеясын ар тәрбиесін құрғақ сөзге, "таусылмайтын" ақыл-кеңеске емес, үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеген. Сондай-ақ, бүгінгі тіл туралы заң мазмұнынан А. Байтұрсыновтың ғасыр бұрын айтылған пікірлерінің көрнісін байқауға болады. Мәселен, заңның 1 бабында: "осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады; диаспора - өзінің тарихи шығу тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі; ономастика-білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің зерттейтін бөлімі; орфография - дұрыс жазу ережесі, сөйлеген жазбаша беру тәсілдерінің бірізділігін белгілейтін ережелер жүйесі, -ономастикалық географиялық объектілердің атауларын, пайда болу, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі; транслитерация - бір графикалық мәтіндер мен жекелеген жерлерді басқа графикалык жүйенің құралдарымен әріппе-әріп арқылы", - дейді.

Демек, А. Байтұрсынов та осы негізгі ұғымдарды бір жүйеге келтіріп, тырысты, ол үшін тіл тарихын, тіл тегін зерттеді. Өз шығарында, лауазымды қызметтерінде орыс жұртының қолтығында халық болғандықтан өз тілін таза меңгерген соң ғана орыс жақсы білсе жөн болады, онсыз жапырағынан айрылған ағаштай, туған тілімізден айрыламыз деп дабыл қақты, айтысты. Сондай-ақ, заңның 23 бабындағы "Мемлекеттік органдар бұл тілдердін, олданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі», - деген. Ал, бұл ағартушының ғана емес, бүгінгі қазақ қоғамының да жете алмай жүрген арманы.

Ғүламаның ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мұраны бір жүйеге келтіріп, ғылыми негіздеген. «Әдебиет танытқыш", "23 жоқтау", "Ер Сайын" еңбектерінің тәлімдік тәрбиелік мәні өте зор. Бұл шығармаларында ол өнер түрлеріне соның ішінде сөз өнеріне кеңінен тоқталып, таратып, жіктеп, ғылыми негізден берген. Ауыз әдебиетінің мәнін-маңызын терең түсіндіріп тәрбие құралы етуді көздеген. Ол өзінің "23 жоқтау" еңбегінің алғы сөздінде «дүниеде еш бір тіл өз өзіне шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдіп күндеп тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсіп-өне бастаған казақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі-өрнек етіп аламыз әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, ертегілерді, өлеңдерін тағысын тағы осындайларды!", - деп мақтаныш сезімін білдіреді. Сонымен қатар, А. Байтұрсыновтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыпты зерттеуші ретінде ғана емес, артына ұрпақ тәрбиесіне берері мол өлең-жырымен өзіндік өшпес мұра қалдырған және қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне терең ой жіберген ғалым ретінде де танимыз. А. В. Затаевичтің: " . . . тамаша орындайды, ол жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын терең білгендіктен А. Байтұрсынов, Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді тіпті өзі орындады", - деген пікірнен және қызы Шолпаннын естеліктерінен А. Байтұрсыновтың тамаша өнер иесі екенін, архив деректерінен оның ұлттық мәдениет пен өнердің тек жинақтаушысы ғана емес, жанашыры да болғаным көреміз. Ол халық ағарту комиссары болып тұрған кезінде А. В. Затаевичке шығармашылық жүмыспен айналысуына қолайлм жағдайлар жасап, қолынан келер көмегін аямаған. Орталық музейде ғылыми кеңесші кезінде Хлудовтың көптеген шығармаларында ақылға сыймайтын өрескел қателер болғандықтан қайта қарап, түзетуін талап еткен. Ол мұндай-ұсынысты суретшінің еңбегін жоққа шығару үшін емес, ұлтының намысы үшін жасаған. Себебі мұндай өнер туындыларын қай халықтың болмасын мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайынан хабар береді, сондықтан шындыққа сәйкес болуы қажет деп есептеген. Нәтижесінде қазақ тілін жақсы білмегендіктен халықтың тұрмысымен терең таныса алмағанын Хлудовтың өзі мойындап, шығармаларын қайта өндеуді Ә. Қастеевке жүктеуді сұраған А. Байтұрсынов оның: "Кеші-қон», "Қой сауу", "Бие сауу", "Қой қырқу", "Қазақ әйелдері жүн түтуі", "Сабын жасау", "Үй диірмен», «От алу», "Түнгі барымта", "Қарлы көш", т. с. с. басқа да көптеген суреттеріне талдау жасаған. Барлығы 16 суретінің өрескел қателерін көрсеткен. Ол 13 жасар қыз баланы жалаңаш бейнелеу, жүн түтуші әйелдердің жалаңбас отыруы, байдың көршінің кедейдікіндей болып бейнеленуі, түнгі барымтада барымташылардың қару-жарақсыз, жалғыз жарым бейнеленуі, әйелдердің қой қырқуы, кәртамыс әйелдердің ер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz