Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доц.
С . Қожагелдиева
«» 2009 ж.
Хаттама №
«»2009 ж.
Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы
Дәулетбекова Б.
Орындаған: ППМ-515 тобының
студенті Ташимбетова К.
050102- Бастауыш оқыту педагогикасы
мен әдістемесі
ТҮРКІСТАН, 2009 ж.
М А З М Ұ Н Ы:
Кіріспе . . . 3
І БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6
1. 1 Дарындылықты дамыту мәселесінің психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегі талдануы . . . 6
1. 2 Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктері . . . 14
ІІ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 25
2. 1 Дарынды балалармен оқу-тәрбие үдерісін жүргізудегі бастауыш сынып мұғалімі жұмысының өзіндік ерекшелігі . . . 25
2. 2 Дарынды балалармен математика сабақтарында жүргізілетін
жұмыстар . . . 33
Қорытынды . . . 50
Пайдаланған әдебиеттері . . . 52
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына мемлекеттік білім саясаты әр баланың және қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамытуды өзекті мәселелер қатарына енгізілген.
Сондықтан күнделікті толассыз тасқындаған ақпаратпен қарқынды өсіп отырған ғылымның әр саласындағы мағлұматтардың арасынан жеткілікті және қажетті мөлшердегі деректерді іріктеп алып, дарындылықты дамытуға арналған мейлінше үйлесімді білім мазмұнының нұсқасын қоғамымыз дамуының бүгінгі талаптарына сәйкес қайта құру маңызды міндет [1] .
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
“Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдеріс”. Осы үдерісте дарынды балалар жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет.
Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дарындылығын ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998-жылы 24-наурызда Республикалық ғылыми - практикалық “Дарын” орталығы құрылды.
Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті - құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата - аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу - басты парызымыз.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д. Хебб, Г. Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді [2] . Ф. Галтон мен Э. Мейман жоғары қабілетінің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады.
Дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындаған шақты психологтер (В. Штерн, Дистерверг, А. Бэн, В. Вундет, Д, Милль, Т. Спенсер, Т. Циген) ой-өріс дарындылығын диагностикалық үшін негізгі функцияларды (ақыл-ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады [3] .
Ж. Локк, Д. Дьюи, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады .
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына ат салысқан көрнекті қайраткерлер Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үдерісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігін баса айтылған [4] .
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қаланған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда.
Мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр.
Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер диплом жұмысының тақырыбын “ Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі мен мұғалім рөлі ” деп таңдауымызға негіз болды.
Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Диплом жұмысының мақсаты :
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарудағы мұғалімнің рөлін анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Дарындылықты дамыту мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі талдауын зерттеу;
2. Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктерін анықтау;
3. Дарынды балалармен оқу-тәрбие үдерісін жүргізудегі бастауыш сынып мұғалімі жұмысының өзіндік ерекшелігін айқындау;
4. Дарынды балалармен математика сабақтарында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
Зерттеу нысаны: Математика сабақтарындағы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар.
Зерттеу пәні : Мұғалімнің математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, дидактикалық құралдары.
Зерттеу әдістері : теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері зерделеу және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әңгімелесу және т. б.
Зерттеу кезеңдері : дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ ТАЛДАНУЫ
Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген шәкірттерге қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің
маңыздылығы артуда.
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда.
Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердіңкөптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбекутерінде кездеседі.
Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекеленген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімімен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен (поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости) деген болатын. Бұл пікірді Демокритте қолдаған.
ХІҮ ғасыр ойшылдары қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарына ғана тән деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін де айтады. Грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әрекетін арнайы басқарып отыруды қажеттілігімен қоса, оның дарындылықты тану мақсатында арнайы оқыту әдісін -эвристикалық бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде -сұрақ қоюды ұсынды. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындап, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Ол өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде “маған көмекке әрдайым мейірімді перім-гений келеді” деген екен.
Ұлы ойшыл Плутарх жеке тұлғаның дарындылығын танып білуге, қабілеттілікті ашуға үлкен мәне бере: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздарының кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады» -деп атап көрсетті.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау психологияның негізін қалады деуге болады.
Х. Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қаже. Ол таланттылық мәселесімен айналысатан мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттерінен дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі жоғары ұлы адамдар жүргізуі керек деп есептеді.
Оқушылардың жеке қабілеттерін, дарындылығын, ақыл-ойын дамыту мәселесі туралы құнды пікірлер Ф. Бэкон, М. Монтень, Д. Локк, Д. Дьюи, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, И. Кант еңбектерінде айтылды. ХҮІ ғасырда өмір сүрген француз ғалым М. Монтень оқытудағы дарындылықты тану қабілеттерін дамытудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. «Тәрбиеші баланы бастан-ақ оның бойындағы қабілеттерді еркін көрсете білуін, түрлі заттардың дәмі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өзбетінше әрекет етуін, кейде оған жол көрсетіп, керісінше, өзіне іздетіп отыруын қалаймын». Монтень оқытушының басшылық рөлінің маңыздылығында айтты. Ол: «Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өзбетінше талдау жасау қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дами түсетіні сөзсіз»-деп жазған болатын.
Дарындылықты, ақыл-ой қабілетін дамытудағы оқу әдістемесінің негізін лағашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я. А. Коменскийдің ХІІ ғасырда жазған «Ұлы дидактика» атты кітабында «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет», - деп ерекше атап өтті [5] .
Джон Локк өзінің «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» философиялық еңбегінде төмендегідей пікір айтады: адамда туа біткен ой-пікірлер болмайды, олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «Таза тақтай» секілді; сезімде жоқ нәрсе, ақыл-ойда да болуы мүмкін емес.
Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсаты жөнінде пікір айтып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектігін негіздейді. Ол оқудағы белсенділік, өзбеттілік, дербестік ұстанымын көрсетіп беріп, таланттың, дарындылықтың көзін ашуды міндеттейді. Руссо баланың өзбетінше білім танымдық, шығармашылық әрекет идеясына үлкен мән берді. Руссо дидактикасында оқыту үрдісінде ең бірінші орынға танымдық қабілеттілікті, белсенділікпен өзбеттілік принциптерінің маңыздылығына тоқталады.
Американдық психолог, педагог Джон Дьюи дарындылық пен қабілеттілікті жоғары қояды және оқу әрекетінің маңыздылығын айта келе, негізгі дидактикалық мақсат білімді, материалды түсіну есем, ол өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту, дара қабілеттерінің дамуына жағдай жасау қажет деген пікір айтты.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырда дарындылық пен интеллектуалдық қабілет туралы және қайнар көзін іздеуде И. Г. Пестолоцци еңбектерінің маңызы зор. Пестолоцци «Көзбен қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді. Ол интеллектуалдық ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы- танымдық белсенділікті дамытуға қажетті оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті, - деп жазды Пестолоцци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі».
Пестолоцци сияқты Дистерверт те оқытудың негізі ақыл-ой мен қабілетті дамыту деп көрсетті.
ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып білуге, баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыратын ақыл-ой тәрбиесіне, интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөлді [6] .
К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегенің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» дегенін ескерсек, ақыл-ойды қандай бағытта, қандай формада дамыту керектігі туралы қарастыра келіп, өз еңбектерінде оқушының оқу үдерісінде оқыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт -мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында екендігін айтып өтті.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі -Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған. Араб сөзі бостиандығының негізін қалаушышылар (әл-Хорезми, Фердауси, әл-Фараби, Ибн Сина Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.
Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі [7] .
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан ұрпаққа берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды тұлғалар өмірнамаларын таладй оытрып, дарындылықтың тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Ф. гальтоннан кейін неміс педагогы және психологы Э. Мейман дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың ерекше қабілеті болғанын айтады. Ал Абайдың ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Осыны негізге ала отырып Канада ғалымы Д. Хебб “генотиптік интеллект” деген ұғым енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, “фенотиптік интеллектіні” құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осылай ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) -бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы, “қатып қалған интеллектіні” жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Белгілі ағылшын психологы Г. Айзенк дарындылық жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды: “Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымды жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды. Түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе. Сөйтіп Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдады ойын [8] .
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г. Спенсер, Т. Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау ерекшелігін есепке алуда осы қасиеттерге баса назар аудару керек.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында неміс психологы В. Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп, жеке адам дарындылығы психологияның негізін қалады. В. Штерн ақыл-ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: «Ақыл-ой қабілеттілігі -өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі». Штерннің пікірінше, дарынды деп жаңа талаптарға әртүрлі салада, әртүрлі жағдайларда тез бейімділе алатын адамды айтуға болады.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин: «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өз көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», -дейді.
Қазақ ағартушылары дарындылықты туа бітетін қасиет екендігін мойындай келе, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екендігін айтады.
Ш. Уәлиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой жүйріктілігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді».
Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта -табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы -туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді.
Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: «Кей қасиет тура бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады».
Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ой қабілеттілік туралы мынадай пікір айтады: «жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі -ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар -тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?», деп көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрін жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені» [9] .
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына ат салысқан көрнектіқайраткерлер Ж. аймауытов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.
М. Дулатов: «Туысыңда қанша зеректік болса да -ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда -көріп тұрғандай боласың . . . ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz