XX ғ. Батыс философиясындағы ағымдар


1 Неопозитивизм . тілдік ілім
2 Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау
3 Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау
4 Неотомизм діни идеологиясы
5 Персонализм дін мен ғылымды байланыстырады
6 Сыртқы сілтемелер
Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мүның негізгі себебі XX гасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бүрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және ңдеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен теуелді елдер арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б.
1. Тұрғынбаев Ә.Х «Философия» оқулық.- Алматы: «Білім», 2001ж.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. «Философия тарихы», -Алматы: «Жеті жарғы». 1999ж.
3. Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А., Мұхамедалиев Қ. “Философия және мәдениеттану”, - Алматы: Литера, 2001.
4. Сыдықов Ұ., Кішібеков Д. “Философия”. Оқулық.. Алматы “Ғылым”, 2007.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат




XX ғ. Батыс философиясындағы ағымдар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-
қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы
бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік
философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де
материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мүның негізгі себебі XX
гасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың
негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен
идеологияның бүрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың
философиялық білімінің саясаттануына және ңдеологиялануына капитал
елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен теуелді елдер
арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық
революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде.
Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен
бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ
тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің
тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни
философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да
прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар.
Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік
идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия
философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына
бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын
әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады.
Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі
әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды
жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниегекөзқарастық маңызын жоққа шығарады.
Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелсрді жалған проблемалар
деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады,
философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар
жасау болуы тиіс дейді. Дүнисгс-көзқарастық меселелерді жоққа шығару —
қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық
философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл
дәстүрлерден бас тарту. Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық
философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді
көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай
өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік
тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай
қалды. Осыған сейкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды
бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс
жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі
прогресшіл дестүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас
тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың
Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және
иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал
диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс
идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын
"эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын
категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп
отыратын цивилизация деген үғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті
"метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің
мазмүнын қысқаша ғана қарастырайық.

Мазмұны
  [жасыру] 
1 Неопозитивизм – тілдік
ілім
2 Прагматизм ілімі жеке адам
факторын талдау
3 Прагматизм ілімі жеке адам
факторын талдау
4 Неотомизм діни идеологиясы
5 Персонализм дін мен
ғылымды байланыстырады
6 Сыртқы сілтемелер

[өңдеу]Неопозитивизм – тілдік ілім

Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның
окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-
1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца
пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа
тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай
дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм
(неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-
1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына
кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей
қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын
іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады
позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт
көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі
мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның
жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах
(1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды
түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-
қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың,
физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды,
түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші
позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген
неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың
ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар
жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең
таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық
проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған
проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың
ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет,
соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен,
тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. Неопозитивизм
философияның барлық кемшіліктерін жойды, — дейді Фейгль деген
неопозитивист. — Оның негізгі проблемасы — „логакалық анализ". Сондықтан,
деп қорытын-дылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге
тиісті кесел деп анықтауға болады. Неопозитивистердің ілімі бойынша,
философия тек тілдік формаларды талдаумен жөне тілдік пайымдауларды қүру
ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. „Философ, — дейді А.Айер, — заттардың
физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың
тәсілдерімен айналысады". Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы,
дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз қүратын
тілдік қүрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы
жайындағы мөселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай
ғылыми қүңцылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің
арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сейтіп, олар
философияның негізгі мөселесін тіл мэселесімен ауыстырып, яғни философияның
негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары түруға
әрекет жасайды. Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі.
толығымен адамға байланысты, адамның субъективтік кеңіл күйінен теуелді.
Егер адамзаттың тілдік қүрылысын қаласа, онда дүние емір сүргені, оны
қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сейтіп, адам ез
қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады. Карнаптың белгілі
бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқаратыны, олай
болса объективтік материалдық дүниенің бар екенін қостайтын не терістейтін
де тіл екені жайындағы ойы американдық философ С.Чейздің жөне басқалардың
ілімінде әрі қарай дамытылды. Олар адамдардың мінез-қүлқын анықтайтын да
тіл, тілдік қүрылым деп дөлелдейді. Тілдік формаларды дүрыс қолданса, іс-
өрекет те, мінез-қүлық та дүрыс болады, қайсыбір сездерді дүрыс қодданбау
адамның кеңіл-күйін бүзьш, түрліше дау-жанжалдар мен қайшылықтардың тууына,
тап күресіне т.б. себепші болады. Бүдан шығатын қорытынды — адамдарды
шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын жалпы үғымдарды жойып, тілді қайта
қүру қажет-мыс. С.Чейз, мөселен, адамдар жиі-жиі жалпы үғымдарды,
абстракцияларды шындықтағы заттармен шатастырып, соның салдарынан бір-
бірімен айтысады, кейде елтіруге дейін барады. „Фашизм" деген сез нені
білдіреді? — деген сүрақ қояды да, оған озі „Бүл термин ездігінше ешнөрсені
білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады. Чсйздің пікірінше, объективтік
шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал жалпы үғымдар — қүры бос создср.
Оларға сәйкес нәрсслерді (ағашты, үйді, т.б.) таба алсақ қана жалпы
ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын заттар мен құбылыстар
болмаса, онда мүндай жалпы ұғымдар мен сөздерді қолдану міндетті түрде дау-
жанжал тудырады. Ондай кикілжіндер болмау үшін Чейз жалпы үғымдарды
білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды ұсынады. Олар „капитал",
„құн", „жұмыссыздық", „революция", „демократия" деген сияқты толып жатқан
жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни шындықта бар нәрселерге сәйкес
келетін, жалпы үғымдар мен сөйлемдерді ондай сәйкес нәрселері жоқтардан
айырудың критерийі ретіңде неопозитивистер верификация принципін, яғни
сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретін принципті ұсынады.
Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің тікелей көрсетуімен салыстыруға
бола бермейтіні белгілі. Мысалы, „адамзат" деген сөздің мазмұнын тікелей
тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер верификация принципін басшылыққа
алатын болсақ, онда заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері
мен заңдылықтарын бейнелейтіндердің барлық жалпы үғымдар мен пікірлерді
лақтырып тастауға тура келер еді. Ғылым тілін таза формальды түрғыдан
талдаудың нәтижесіз құр бос әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы —
логикалық позитивизмді тілдің семиотикалық проблемаларына бас назар
аударуға мәжбүр етті: бүл проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп
алады. Олар: 1) тілдің сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика); 2) тілдің не
нәрсені білдіретіні (семантика) жене 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы
(синтаксис). Мұның бәрі семиотика деген атаумен аталады. Неопозитивизм
ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс
жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер,
логикалық, лингвистикалық жөне психологиялық проблемалар болатын болды.
Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан
түрлі тесілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар" жүргізуге көшті, ал
бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық
және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп
қаралатын болды. Жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын
жоққа шығару социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа
шығаруға алып келді.

[өңдеу]Прагматизм ілімі жеке адам факторын талдау

Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның
басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952)
т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті
іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген
сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне
қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен
обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы
мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса
ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның
міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты
тұрмысқа жетуіне кемектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл
ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді
кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізі ретіңце олар адамды,
адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ олар "практика" үғымының
мәнін мүлдем басқаша түсінді — прагматизм практика деп жеке адамдардың қара
басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Практиканың
ғылыми-философиялық ұғымына қарама-қарсы прагматизм философияның негізгі
мәселесін идеализм түрғысында шеше отырып, практика (пайда табу, табысқа
жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық деп есептейді.
Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ жене болуы да мүмкін емес.
Олардың пікірінше, тожірибе материалдықты да, идеалдықты да, объективтікті
де, субъективтікті де, бір сезбен айтқаңда дүниеде бардың бәрін қамтиды.
Тежірибе, дейді Дьюи, түс керуді, есаландықты, ауруды, өлімді, еңбекті,
соғысты, адасуды, жалғандықты және қателікті қамтиды; ол... сиқырлықты,
жалған нанымды, сондай-ақ ғылымды да қамтиды. Бүкіл субъективтік және
объективтік құбылыстардың берін тежірибе үғымымен қамти отырып,
прагматистер оларды қарама-қарсы қою дұрыс емес екенін жариялайды, сөйтіп
философияның негізгі мәселесін мойындамауға, материализм мен идеализмнен
жоғары тұрып, философияда үшінші бір бағыт табуға ерекет жасайды.
Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-
ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып
табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік
шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады. Бұл
түсінік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
XХ ғ. батыс философиясы, экзистенциализм
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
XVIII - XX ғ. басындағы Орыс метрологиясы
XX ғ басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Ескі түркістан қаласы (XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі)
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ ойшылдары
ХIX ғ. аяғы –XX ғ басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Шәкәрім философиясындағы адам мәселесі
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь