Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру



Кіріспе ... ... 3

1. XІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі бастауыш мектептердің тарихнамасы (1861.1930жж)
1.1. Қазақ бастауыш мектептерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін алғы шарттар ... ... ... ... ..13
1.2. Бастауыш мектептердің түрлері мен олардың өзіндік сипаты ... ... ... ... ...29

2. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы мектеп түрлерінің педагогикалық сипаты.
2.1 Бастауыш мектептердің өтпелі кезеңдері мен даму тарихы ... ... ... ... ... ..39
2.2 Бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау ісінің тарихы және дамуы ... ... ..54

Қорытынды ... ... ... ... ... .66
Пайдаланған әдебиеттер ... ... .
Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.
Қазақ Республикасының білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, болашақ ұрпақты ұлттық генезисіне ана тілінің ауыз әдебиеті мен фольклорының, классикалық жазба әдебиетінің әлем таныған нұсқаларын терең таныту қолға алынуда. Тілге байланысты жеке тұлғаның: ұлттық сана-сезімі, ой-өрісі, ұлттық болмысы, ұлттық құлық, ұлттық руханият, ұлттық өркениеттік құндылықтар, ұлттық абырой, ұлттық беделі қалыптасады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

XІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі бастауыш
мектептердің тарихнамасы (1861-1930жж)
Қазақ бастауыш мектептерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін алғы
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
Бастауыш мектептердің түрлері мен олардың өзіндік
сипаты ... ... ... ... ...29

2. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы
мектеп түрлерінің педагогикалық сипаты.
2.1 Бастауыш мектептердің өтпелі кезеңдері мен даму
тарихы ... ... ... ... ... ..39
2.2 Бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау ісінің тарихы және
дамуы ... ... ..54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 6
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 69
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім мен ғылымның дамуы - адамзат
өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет
етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа
көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында
болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.
Қазақ Республикасының білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін
дамытуды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Осыған орай, болашақ ұрпақты ұлттық генезисіне ана тілінің ауыз әдебиеті
мен фольклорының, классикалық жазба әдебиетінің әлем таныған нұсқаларын
терең таныту қолға алынуда. Тілге байланысты жеке тұлғаның: ұлттық сана-
сезімі, ой-өрісі, ұлттық болмысы, ұлттық құлық, ұлттық руханият, ұлттық
өркениеттік құндылықтар, ұлттық абырой, ұлттық беделі қалыптасады. Кез-
келген қоғамның даму деңгейi адамдар мен әлеуметтiк топтардың даму
деңгейiмен анықталады оның iргелi негiздерiнiң бiрi ұлттық тәрбиенің
мазмұнымен көрінеді.
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептерде білім беру саясатында
еліміздегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың қарқынды
нәтижелері мұғалімдердің кәсіби педагогикалық шеберліктерін арттыруға
ұйытқы болып оқушылардың білімін жетілдіру арқылы бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаларды қалыптастыруымыз тиіс. Өйткені, олар өмірден өз орындарын таңдай
алатын, экономикалық тұрғыдан іскерлігі мен ойлау қабілеті дамыған
тығырықтан жол таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын іскер, тапқыр,
адамгершілік қасиеті мол, білгір болашақ мамандарды тәрбиелеуге ерекше
назар аударылып отыр [1; 2; 3].
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысанасы етіп, қазақ жеріндегі бастауыш
мектептердің қалыптасу, даму кезеңдерін (1861-1930) қарастырылып бірқатар
кереғар ой-пікірлер мен отарлық саясаттың ықпалымен жұмыс жасаған бастауыш
білім беру жүйесіне талдау жүргізіп, даму кезеңдерін негіздеуде тарихи-
философиялық, саяси-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық жағдайларды
анықтап, білім беру саласындағы ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік және
ұйымдастыру бағытындағы педагогикалық тұрғыдан сипаттама беруге талпындық.
Анықталған кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен бастауыш
білім берудің тарихына саяси және мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік-
экономикалық ахуалдың тікелей ықпалы болғандығын ескере отырып Ресейдегі
1861-1930 жылдардағы орыс бастауыш білім беру жүйесінің дамуына Л.Н.
Толстой, К.Д. Ушинский, Л.Н. Модзалевский, М.Ф. А.Г. Неболсин, 1900-1917
жылдардағы Н.В. Чехов, И. Алешинцев, И.М. Маскин, И.С. Симанов, М.И.
Демков, С.А. Золотарев, П.Ф. Каптерев, А.П. Медведьков, П.А. Сололов болса
1918-1930 жылдар аралығында Н.К. Крупская, Н. Медынский, Г. Шахвердов, А.П.
Пинкеевич, П.П. Блонский-Сватковский, М.М. Рубинштейн, сияқты ғалымдар өз
үлестерін қосты. Дегенмен, көрсетілген кезеңдегі ғалымдардың еңбектері
Ресей мемлекетінің ішкі жағдайындағы мәселелер қамтылып, шет аймақ болып
саналған Қазақстандағы оқу-ағарту, білім беру мәселелері жөнінде ешнәрсе
қамтылмаған.
Мемлекеттік құрылымдар жөнінде біз зерттеп отырған уақытта Қазақстан
Ресейдің құрамына еніп, өз дербестігінен айрылған уақыт болып саналады.
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің
тарихына зерттеушілер Ә.Сыдықов [4], Т.Тәжібаев [5], Ә.Сембаев [6], И.Я.
Гармс [7], С.Мусин [8], Қ.Бержанов [9], И.Б. Мадин [10], А.Т.Колмаков [11],
Ж.Есекеев [12], А.Көбесов [13], К.Құнантаева [14], К.Б. Сейталиев [15],
Қ.Б. Жарықбаев [16], С.Қ. Қалиев [17], , Ә.Н. Көшербаева [18], К.Ж. Ибраева
[19], А.Ильясова [20] және т.б. ғалымдар тобы өз орындарын алады.
Ә.Сыдықов зерттеуі қазақтың көрнекті педагогы Ы. Алтынсариннің
педагогикалық мұрасына арналып, сол кездегі қазақ даласындағы оқу-ағарту
жұмыстары мен XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастау алған мектебінің оқу-
тәрбие жұмыстары, ондағы әдістемелік жағдай мен мұғалімнің ролі жөнінде
кеңінен талдаулар жасаған.[4]
Т. Тәжібаевтың XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мектебі
мен ағарту ісі туралы зерттеу жұмысында Қазақстанның Ресейге қосылуының
саяси-әлеуметтік маңызындағы халық ағарту, мәдениет саласына кеңінен
тоқталады. Сондай-ақ, бұл зерттеуде қазақ жеріндегі педагогикалық ой-
пікірдің қалыптасу тарихына (Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А.
Құнанбаевтың) педагог және ағартушы тұлғалардың қызметіне ерекше мән беріп
талдаған. Бұнда отаршылдық кезеңдегі қазақ жерінде алғаш құрыла бастаған әр
түрлі оқу орындарының Азият мектебі (Омбы), Кадет корпусы, хан ордасындағы
мен шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектептері мен екі сыныпты орыс-қазақ
және бір сыныптық үкімет мектебі, ауылдық жердегі (старшина) болыстық
мектептерді, сонымен бірге, кәсіптік-техникалық білім беру және еңбекке
үйрету ісі тарихының қалыптасуы жөнінде арнайы тоқталып, онда мұғалімдер,
кіші дәрігер қызметкерлерін, қолөнершілер мен ауыл шаруашылық мамандарын
даярлау кәсіптік-техникалық оқу мекемелерінің дамуы тарихын сөз етеді.
Ал, Т. Тәжібаев еңбегінің жалғасы ретінде Кеңес өкіметінің орнауына,
яғни төңкеріске дейінгі Қазақстандағы мектеп пен ағарту ісінің дамуын
толықтыра түсетін Г.М. Храпченковтың еңбегі болды [5].
Ә.Сембаевтың зерттеу еңбегінде төңкеріске дейінгі Қазақстанда оқыту
ісінің түрліше ұйымдастырылуы, орыс және орыс-қазақ мектептерімен кәсіптік
оқу орындарында қазақ жастарын оқыту жайы, сонымен бірге, Қазақстанда кеңес
мектебін құру тарихы жөніндегі мәселелерді қамтылып, мектептерге әсіресе,
бастауыш сынып мұғалім мамандарын даярлауда ескіше оқып даярланған
мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде кәсіптік білім беру жұмыстарының өркендеуі
мен дамуын тарихи тұрғыдан талдап берді [6; 33].
И.Я.Гармстың ғылыми еңбегінде бір тарау бастауыш білім берудің тарихына
арналып, орыс-қазақ бастауыш мектептеріне сипаттама беріп, Ильминскийдің,
Григорьевтің, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері талданады. Сондай-
ақ, қоғамдағы болған түрлі төңкеріс пен өзгерістер қазақ өлкесіндегі оқу-
ағарту жұмыстарына тигізген ықпалын баян етеді [7]. С.Мусиннің зерттеу
жұмысында 1920-1936 жылдарда Кеңес өкіметі кезіндегі мектептер бастауыш,
жеті жылдық және орта мектеп болып қалыптасуы жалпыға бірдей міндетті оқу
заңының орындалуы кезеңін толығымен қамтиды.[8]
Қ.Б.Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген
монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту
ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, орысша білім беру мәселелері
жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді [9].
Ж.Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдары Қазақстандағы
педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А.Т.Колмаков 1925-1954 жылдардағы
Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын қарастырады, ал
бұл кезеңге дейінгі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне
А.П.Герасимова төңкерісіне дейінгі Қазақстанда орта дәрежелі педагогикалық
оқу орындары жөнінде тұңғыш пікірлер айтты. Қазақстанда мұғалім мамандарын
даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту мәселесіне
И.Б.Мадиннің зерттеулері арналған.[10]
Қазақстанда қыз балаларға білім беру мәселесі жөнінде М.Қозғамбаева
Қазақстандағы әйелдерге білім беру тарихынан (1968 ж.) атты еңбегі қыз
балаларға оқу-тәрбие жұмысын арнайы мектепте ұйымдастыру Ы.Алтынсариннен
бастама алған үлкен әлеуметтік-педагогикалық қозғалыс ретінде көрсетіп
Торғайдағы екі сыныптық қыздардың тұңғыш қолөнер мектебі бастамасының қалай
қазақ жерінде өркендеп дамығаны жөнінде мәліметтер береді. Осы бағытта қыз
балаларға білім беру жұмыстарының ғылыми- теориялық және тарихи дамуын
тереңдете зерттеген К.Құнантаеваның еңбектері арналған.
Қазақстандағы педагогика тарихы мен оқу-ағарту жұмыстарының дамуындағы
педагогикалық ой-пікірлер қалыптасуына А.Ильясова, К.К.Актаева,
С.Утаназаров, т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналып, бұл
тұрғыдағы еңбектер бірін-бірі толықтырып жетілдіруде.
Біздің анықтап алған уақытқа дейінгі кезеңдерде Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең
ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т.М.Алсатов, К.Ж.Ибраева, т.б.
ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандагы халықтық педагогиканың
өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-
теориялық және тарихилығына мән беріп, зерттеулерді С.Қ.Қалиев [17],
С.А.Ұзақбаева [25], С.Ғаббасов [26] т.б. қамтыған.
Сондай-ақ, Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға
ықпалы, оның ішкі бірлігі мен табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің
берілуі, ондағы білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер
жасап, пікір қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә.Нысанбаев [27],
Ж.Әбділдин [28], Ғ.Есімов [29], О.А.Сегізбаев [30], Ә.Сағатова [31],
Н.Елікбаев [32], т.б. болды.
Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен
көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде ұлттық бастауыш мектептің
қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің
Қ.Б.Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген
монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту
ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, орысша білім беру мәселелері
жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді, С.Мусиннің зерттеу жұмысында 1920-
1936 жылдарда Кеңес өкіметі кезіндегі мектептер бастауыш, жеті жылдық және
орта мектеп болып қалыптасуы ж:алпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуы
кезеңін толығымен қамтиды.
Ж.Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдары Қазақстандағы
педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А.Т.Колмаков 1925-1954 жылдардағы
Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын қарастырады, ал
бұл кезеңге дейінгі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне
А.П.Герасимова төңкерісіне дейінгі Қазақстанда орта дәрежелі педагогикалық
оқу орындары жөнінде тұңғыш пікірлер айтты. Қазақстанда мұғалім мамандарын
даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту мәселесіне
И.Б.Мадиннің зерттеулері арналған.
Қазақстанда қыз балаларға білім беру мәселесі жөнінде М.Қозғамбаева
Қазақстандағы әйелдерге білім беру тарихынан (1968 ж) атты еңбегі қыз
балаларға оқу-тәрбие жұмысын арнайы мектепте ұйымдастыру Ы.Алтынсариннен
бастама алған үлкен әлеуметтік-педагогикалық қозғалыс ретінде көрсетіп
Торғайдағы екі сыныптық қыздардың тұңғыш қолөнер мектебі бастамасының қалай
қазақ жерінде өркендеп дамығаны жөнінде мәліметтер береді. Осы бағытта қыз
балаларға білім беру жұмыстарының ғылыми- теориялық және тарихи дамуын
тереңдете зерттеген К.Құнантаеваның еңбектері арналған.
Қазақстандағы педагогика тарихы мен оқу-ағарту жұмыстарының дамуындағы
педагогикалық ой-пікірлер қалыптасуына А.Ильясова, К.К.Актаева,
С.Утаназаров, т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналып, бұл
тұрғыдағы еңбектер бірін-бірі толықтырып жетілдіруде.
Біздің анықтап алған уақытқа дейінгі кезеңдерде Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең
ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т.М.Алсатов, К.Ж.Ибраева, т.б.
ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандағы халықтық педагогиканың
өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-
теориялық және тарихилығына мән беріп, зерттеулерді С.Қ.Қалиев [17],
С.А.Ұзақбаева [25], С.Ғаббасов [26] т.б. қамтыған.
Сондай-ақ, Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға
ықпалы, оның ішкі бірлігі мрн табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің
берілуі, ондағы білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер
жасап, пікір қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә.Нысанбаев [27],
Ж.Әбділдин [28], Ғ.Есімов [29], О.А.Сегізбаев [30], Ә.Сағатова [31],
Н.Елікбаев [32], т.б. болды.
Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен
көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде ұлттық бастауыш мектептің
қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің
педагогика тарихында алатын орындары анықталып, сараланып дәлелденді.
Кеңестік кезеңде осы сынды зерттеулер 30-жылдары сталиндік жүйеге ұшырап,
жазылған еңбектер мен қолжазбаларды (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, т.б.)
оқуға, сараптап талдауға, авторлардың аттарын атауға тиым салынғандығына
байланысты елеусіз қалған еді.
Аттары аталған қазақ зиялыларының алғашқы ұлттық негіздегі қазақ тілі
мен әдебиеттен, тарих, математикадан, т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын
жазудағы қосқан үлесі орасан зор. Оның маңыздылығы жайлы тарихшылар
М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, X.Табылдиев,
филологтар Р.Бердібаев, Т.Кәкішұлы, Р.Нұрғалиев, Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова,
С.Сейітов, Ш.Елеукенов, С.Дәуітов, А.Мектепов, Т.Қожақеев, Н.Омаш
математика саласы бойынша Т.Оспанов, Б.Қосанов, Ж.Қайынбаев т.б. ғылыми-
зерттеу және ғылыми мақалаларында ауқымды талданды.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі барысында өткен
тарихымыздың объективтік тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс
саласында, әсіресе ағарту, мектеп, оқу-тәрбие жұмысына қатысып, талай
ғасырлар бойы жинақталған тәлім-тәрбиелік мұраларды егеменді еліміздің
бүгінгі күн талаптарына сай пайдалануға қолайлы жағдайлар тудырып отыр. Осы
тұрғыдан алғашқы білім беру саласы тарихының бір бөлігі бастауыш білім
берудің XIX ғасырдың екінші жартысы мен 1930 жылдар аралығындағы
қалыптасып, дамуын белгілі жүйемен зерттеу көкейкесті мәселенің бірі деп
санаймыз.
Сонымен, ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау, зерттеліп отырған
проблемаға байланысты жазылған біраз ғылыми ізденістерді қарастырудан
елімізде 1930 жылдар аралығында бастауыш білім берудің қалыптасып, дамуының
аталған жылдардың бұрынғы және кейінгі кезеңдерімен сабақтастықта күні
бүгінге дейін жүйелі түрде қарастырылмағандығы байқалды. Ал, бұл болса
қазіргі педагогика тарихы ғылымының теориясы мен практикасына елеулі үлес
болып қосылатындығы зерттеу қажеттілігін мойындатады. XIX ғасырдың екінші
жартысынан бастап XX ғасырдың 30- жылдарына дейінгі кезеңді студенттер мен
оқушылар Қазақстандағы педагогикалық ғылымның даму тарихын дұрыс түсінуге,
қазіргі жағдайы мен болашағын болжай білуге септігін тигізеді.
Демек, аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның
педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі түрде қарастырылмауы арасында
қарама-қайшылық туындайды. XIX ғасырдың екінші жартысы мен 1930 жылдар
аралығындағы еліміздегі бастауыш білім берудің даму үрдісін белгілі бір
жүйеге келтіру мәселесі тақырыпты Қазақстандағы бастауыш мектептердің
қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде) деп таңдауға
себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырды
қалыптасуы мен дамуының белгілерін, кезеңдерін жүйелеп ғылыми- бірінші
жартысындағы Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-
педагогикалық сипаттамалар беру,бүгінгі білім беру мекемелерінің оқу-
тәрбие жүйесіне ендіру.
Зерттеу объектісі: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші
жартысындағы Қазақстандағы бастауыш білім беру барысы.
Зерттеу пәні: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші
жартысындағы Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы бастауыш мектептің қалыптасып,
даму тарихын жүйелеуге және ғылыми-педагогикалық негізін айқындауға
мүмкіндік туғызылса, онда ол оқыту мен тәрбие жүйесін жетілдіруге
байланысты жаңа педагогикалық идеяларды және зерттеліп отырылған проблеманы
одан әрі дамытуға болжалдық мәні бар мүмкіндіктерді ашып көрсетуде ықпал
етеді.
Зерттеу міндеттері:
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы мектептердің қалыптасып, даму тарихнамасы;
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың
ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы бастауыш
мектепрдегі білім беру үрдісінің қазіргі бастауыш мектептерінің
педагогикалық үрдісімен сабақтастығын дәлелдеу;
Қазіргі кездегі бастауыш білім беруді жетілдіру болашағы.
Практикалық маңыздылығы. Қазақ педагогика тарихы даму үрдісінде
еліміздегі жинақталған тәлім-тәрбиелік жұмыстарды, соның ішіндегі XIX
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы бастауыш
мектептердің дамуын зерттеп қорытындылау және бағалау, бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне арқау ету.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: Жеке тұлғаны
дамыту мен қалыптастыру жайлы тарихи диалектикалық даму заңдылықтары,
тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективті, тарихи
жүйелілікті сабақтастыру.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (2012-2013) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми-
педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде бұл мәселенің зерттелу жайы
қарастырылды. Тақырып бойынша тарихи, тарихи-педагогикалық, тарихи-
этнографиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды.
Зерттеу нысанасындағы оқу жоспарлары мен бағдарламалар оқулықтармен танысып
талданды.
Ғылыми және ұғымдық аппараттар белгіленіп, мұрағат материалдары
жинақталып, олар бұрынғы баспада жарық көрген еңбектермен салыстырылып,
ғылыми дәйектелігіне көз жеткізілді.
Зерттеу материалдары негізінде бірнеше ғылыми еңбектер, мақалалар мен
кітапшалар жарық көрді.
Екінші кезең (2013-2014) жинақталған деректер қазіргі педагогика
ғылымдарының теориялық қағидалар тұрғысынан талдауға алынды, XIX ғасырдың
екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы бастауыш
білім беру кезеңдері белгіленіп, сипаттама берілді.
Ізденушінің тікелей араласуымен педагогика тарихы пәніне қажетті
зерттеу нысаны материалдары сыныптан тыс тәрбие және факультативтік
сабақтар бағдарламасында, хрестоматия, семинар және практикалық сабақтарда
арнайы және жоғары оқу орындары студенттеріне ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихнамасы (1861-1930);
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-
педагогикалық негіздері айқындалып, алғашқы рет ғылыми жүйеге келтіріліп
тұжырымдамалық тұрғыдан талдауға алынды.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердегі білім беру үрдісі мен қазіргі бастауыш
мектептерінің педагогикалық үрдістері мен сабақтастығы сараланды.
Қазіргі бастауыш білім беру жүйесін жетілдірудің болашағы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеудің көкейкесті мәселесі бойынша Қазақстандағы бастауыш мектептердің
тарихы атты арнайы курс бағдарламасын түйінделген ой-пікірлер негізінде
бүгінгі ғылыми-педагогиканың теориялық негіздеріне Жалпы бастауыш білім
беру педагогикасы, Педагогикалық сөздік атты оқу құралдары
(Р.М.Қоянбаевпен авторлық бірлестікте) дайындалды. Оларды Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қазақстан-Ресей
институтында пайдалануда.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен деректі материалдары және ғылыми
негізделген ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын жоғарғы және
арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беретін бастауыш мектептердің білім
беру ісіне ендірілуде.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін бастауыш мектеп бағытына
жұмыс жасайтын бөлімдері бар университеттер мен педагогикалық институттарда
және мұғалімдер біліктілігін арттыру мен білімін жетілдіру мекемелерінің
тәжірибесінде, сондай-ақ келешекте жазылатын Педагогика тарихы, Қазақтың
ұлттық педагогикалық энциклопедиясы мен ұлттық тәлім-тәрбиелік негізге
бағындырыла жазылатын педагогикалық ой-пікірлер антологиясын жасауда
пайдалануға болады.
Зерттеуде қамтылған материалдар жүйесі ұлттық болмысты бейнелейтін
педагогика, психология ғылымдары саласынан оқылатын пәндердің оқу
жоспарларын жетілдіруге ықпалы бар. Мысалы, Педагогика, Педагогика
тарихы, Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы, Этнопедагогика,
Этнопсихология, т.б. курстардың жекелеген бөлімдері бойынша лекция,
семинарлық және тәжірибелік сабақтарды өткізуде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасып, даму тарихнамасы (1891-
1930);
Аталған кездегі Қазақстанда бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің
ғылыми-педагогикалық негіздері;
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің білім беру үрдісінің қазіргі бастауыш
мектептердің педагогикалық үрдістері мен сабақтастығы;
Көрсетілген кездегі Қазақстандағы бастауыш мектептерді жетілдіру болашағы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: дипломдық жұмысында
алынған нәтижелердің ғылыми-теориялық және әдістемелік негізде
дәлелденуімен, Қазақстандағы бастауыш мектептердің (1861-1930 ж.ж.)
қалыптасуы мен даму тенденцияларын сипаттайтын тарихи- педагогикалық,
мұрағаттық құжаттарға сүйену барысындағы деректердің теориялық тұрғыдан
талдануы және зерттеу жұмысы қорытындысының жалпы білім беретін мектептер
мен жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісіне енгізілуімен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспе, екі бөлімнен, жалпы
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты,
мақсаты, объектісі, зерттеу пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеу
кезеңдері, әдістері, ғылыми жаналығы, теориялық және практикалық мәні,
қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі бастауыш
мектептердің тарихнамасы (1861-1930 ж.ж.) атты бірінші бөлімде осы
көрсетілген мерзімдегі Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері,
дамудағы өтпелі кезеңдері мен олардың өзіндік ерекшеліктері, сол уақыттағы
бастауыш мектепке мұғалім мамандарын даярлау ісінің тарихы және ілгері даму
жағдайы қарастырылады.
Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие процестерінің ғылыми-
педагогикалық негіздері атты екінші бөлімде зерттеу ауқымына енген
кезеңдегі әр типтегі бастауыш мектептердің білім берудегі оқу
бағдарламалары, оқу құралдары мен хрестоматия, оқу кітаптарындағы білім
мазмұнына және осы бастауыш мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын баланың ана
тілінде ұйымдастыру мәселелері бойынша пайда болған ой-пікірлерге талдау
жасай отырып, тарихындағы педагогикалық құнды мұралардың мәні ашылды.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырым мен
ұсыныстар беріледі, көкейкесті мәселенің даму болашағы көрсетіледі.

1. БӨЛІМ XІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТАРИХНАМАСЫ (1861-1930жж)
1. Қазақ бастауыш мектептерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал
еткен алғы шарттар
Қазақ жерінде құрылған бастауыш мектептердің қалыптасу және даму
жылдарына, (1861-1940 ж.ж.) олардың жұмысындағы оқу-тәрбие барысының
тәжірибелеріне талдау жасау алдымен олардың даму кезеңдерін негіздеп алуды
талап етеді. Бұл мәселені шешуде бізге дейін зерттелген ғылыми жұмыстар
жүйесіндегі пікірлерді, зерттелу бағытындағы шешімі табылуы тиіс келелі
мәселенің даму барысының өзіндік жеке ерекшелігін көрсететін кезеңдерді
негізге алдық. Әрине, қандай да кезеңді айқындап, шартты түрде оны
нақтылауға болады. Дегенмен, қайсыбір дамудың тарихи кезеңдік сатыларының
нақты басы мен аяғын дәл тауып шығудың жүйелілігінде өзара ішкі қарама-
қайшылықтардың кездесетіні анық, сондықтан оларды жеке дара жіктеудің
қажеті шамалы. Алайда, мұрағаттық құжаттар мен тарихи зерттеулік еңбектерге
сүйене отырып, пікірлер айтуға болады.
Қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің қалыптасу, даму кезеңдерін
негіздеу бірқатар кереғар ой-пікірлер тоңірегіндегі қиындықтармен
дараланады. Оның негізгі себебі өткен кеңестік жүйедегі одақтас
Республикалардағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен даму жолдарына
жүргізілген тарихи педагогикалық зерттеулердегі жүйелілікті негіздеудегі
бір ізділікті қалыптастыруда тамыры тереңнен тартылмады, шектеулі кезеңдер
төңірегінен ғана қарастырылғаны анық. Осы мәселе төңірегінде зерттеу
жүргізген ғалымдар кезеңге бөлуде жалпы кеңестік құрылымның тарихи
кезеңдеріне сүйену немесе тарихи факторларға сай кезеңдерді өз
көзқарастарында негіздеулері орын алған. (Т.Т.Тәжібаев, Ә.І.Сембаев,
Қ.Б.Бержанов, Г.М.Храпченков, Ә.С.Сыдықов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Б.Мадин,
С.М.Мусин, Г.А.Уманов т.б.)[5,6,9,33,21,16,8,24]
Құпия сырлары көп, күрделі саяси идеологиялық астарлы шешімі табылуға
тиісті келелі мәселелерді қамтуы - ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ
зиялыларының ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу-ағарту саласында жазған
еңбектері мен ғылыми мақалаларында, қоғамдық, саяси-әлеуметтік, ұлттық
мәселелер жонінде айтылған озық пікірлер әрі ақын-жазушылардың көркем
шығарма туындыларында ақиқаттық бейнесі ашыла түсіп, нақтылы көріністер
таба бастады. Осындай кезең отызыншы жылдарда сталиндік жүйеге ұшырап,
жазылған еңбектер мен қолжазба туындыларды оқуға, сараптап, зерттеп,
саралауға тиым салынып, авторларын яғни, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұханбетов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов,
М.Сералин, және т.б. зиялылардың атын атауға тиым салынды.
Ал кейінгі буын өкілдерінің еңбектерінде үстірт, яғни кеңес жүйесінің
саяси-идеологиялық шеңберінде ғана қарастырғаны мәлім.
1858 жылы тамызда Орынборлық епархиялық басқарма далалық бекіністердің
дін қызметкерлеріне форттарда алғашқыда ең болмаса балаларды Құдай заңына,
дүғаға, оқу мен жазуға, Катехизиске оқытатын шағын бағдарламалы, ұл-
қыздарға арналған училище салу үшін бар күшін пайдалануды тапсырды. Мұндай
мектептер қызметкер балаларына, қоныстанушыларға (переселендерге) және
форттың басқа да тұрғындарына арналып, 1860 жылы 21 қаңтарда №1 фортта
(Қазалы) және осы жылдың 14 сәуірінде №2 фортта (Перовск-Ақмешіт-Қызылорда)
ашылды.
Мектеп бағдарламасына жоғарыда аталған пәндерден басқа, есепке және
арифметикалық төрт амалдық ережесіне үйрету енгізілді. 1861 жылы ақпанда №1
фортта (Қазалы) дін қызметшісінің өз еркімен бөлген 40 руб. қаржысына
айрықша әйелдер училищесі ашылды. Онда 15 қыз оқыды, барлығы жергілікті
тұрғындар. Онда жазу мен оқудан басқа қыздар қолөнерге үйренді. Алайда, бұл
мектептердің өмірі ұзақ болмады. Патшалық Ресей үкіметінің басқару органы
мақұлдаған 1859 жылы Оралдың арғы бет даласынан қазақ мектебін салу туралы
генерал-адъютант Катениннің болжамының күшінде, Қазалы мен (Перовск)
Қызылорда қалаларында жергілікті орыс мектептерін ашу белгіленген болатын,
осыдан кейін 1863 жылы 4-6 қазанда 18 қазақ және 13 орыс балалары оқитын
(Перовск) Қызылорда мектебі, 1865 жылы (балалар саны белгісіз) Қазалы
мектебі ашылды. Бұл мектептер де 1862 жылы Орынбор және Самара генерал-
гебернаторы Безаков бекіткен айрықша ережемен ашылды. Осы ережеге сәйкес әр
мектепте 25 қазақ оқушысы болуы керек. Бұдан өзге келімсек орыс балаларына
арнап та мектеп ашылды. Мұнда оқыту бағдарламасы орыс және (қырғыз) қазақ
тілдерінде болды, оқу мен жазуға үйрету, арифметиканың алғашқы төрт
ережесін білдіру және екі тілдің грамматикалық формасын үйрете отырып,
қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше аударуға үйретуден құралды.
Мұғалімдікке Орынбор кадет корпусын немесе Орынбор облыстық басқарма
жанындағы (қырғыз) қазақ мектебін бітіргендерден алу керектігі қарастырылып
және оларға жылына 300 руб. қаржы беруді қарастырды. Әр мектепке қажетті
үйді жалдау үшін және оның қажетті құрал-жабдықтары үшін 575-тен 725 руб-ге
дейін, осымен қоса мұғалімді, оқушыны қаржыландыруға және басқа шығындарға
жылына 1803 руб. 50 тиын жұмсалды. Оның үстіне, бұл мектептердің жұмысы
алғашқы 5 жылда тіпті сәтсіз болды. Алғашқы жылда бір де бір
тәрбиеленушісін шығара алмаса, екінші 7 жылда, яғни 1863 жылдан 1870 жылға
дейін тек 5 адамды бітіртіп шығарды. Дәл осындай жағдай Түркістан
өлкесіндегі оқу ісінде Александр II-ші тағайындаған генерал-адьютанд
К.П.Фон-Кауфман басқарған жылдары да болды.
Бұл тұрғыдағы ұстанымның негізгі бастауы болып, 1870 жылғы оқу- ағарту
министрлігінің өзге ұлттарды орыстандыру мақсатында қабылдаған жоспары мен
осы бағыттағы Өзге ұлттарды орыстандыру және олардың орыс халқымен
бірігуі тезисі еді. Орыс мектептері жүйесінің көмегімен өзге ұлттардың
орыстануы және олардың орыс халқымен бірігуі тезисі патша өкіметінің
Түркістан өлкесіндегі ұраны болды. Осы тезиске орай Түркістан өлкесінің
бірінші генерал-губернаторы К.П.Фон-Кауфман тұсында Түркістан өлкесіндегі
халықтық білім және оқу-ағарту ісін құру жоспары жасалып, 1873 жылдың
сәуір айында патша өкіметіне ұсынылды.
Дәл осындай көріністер Әулиеата, Шымкент, Ходжент уездерінің халық
ісінде де орын алды.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы Сырдария облысына қатысты
мәліметтер. Ал Жетісу облысындағы оқу-ағарту саласындағы мектеп ісіне
байланысты мәліметтерге тоқталсақ, 1869 жылдың қаңтар айында Алматыда
(Верный) - 3 сыныптық бір ерлер мектебі, 2 сыныптық бір қыздар мектебі
ашылды. Ерлер училищесінің оқу ғимараты және қасында қосалқы үш үй
шеберхана, мұғалімнің пәтері мен қазақ балалары жататын болмелер болған.
Оқушылар саны-135, оның 4-і қазақ, 4-і татар және 3-і қалмақ: ал қыздар-47.
Училище құрамында 1 аға мұғалім, жалақысы-500 руб; 2 мұғалім, жалақылары-
300 руб. мен 240 руб-ден алады. Заң негіздерін оқытатын оқытушы-240 руб.
алса, татар тілінің мұғалімі 120 руб; қыздар училищесінің қараушысы-120
руб.алды. Бұл қаржылар Алматы қаласындағы жалға берілген 16 лавкадан түскен
ақшадан төленді. Әр лавканы 2000 руб-ге жалға берген. Шәкірттердің білім
алудағы оқыған пәндері: Құдай заңы, қасиетті тарих, арифметиканың 1 және 2-
ші бөлігі, орыс тілі, география, орыс тарихы, геометрия, сызу және таза
жазу, ботаника, татар тілі, шіркеулік ән, тігін, етікші және басмашы, ағаш
шеберлігі, түптеу қолөнері, қыздар қолөнер мен гимнастика.
2 сыныптық Қапал ерлер және қыздар училищесі 1868 жылы 2 сәуірде
ашылды. Училище құрамына Семей облысының әскери губернаторының ұсынысында
атап өтілген (№463, 20 сәуір, 1868) Қапал казактар мектебі еді.
Бұдан басқа әскери губернатордың 31 наурыздағы №1030-шы ұсынысында
баяндалғандай Жетісу облысында тағы бірнеше ауыл мектептері болды. Яғни
Сергопольск, Софийск, Қарабұлақ, Лепсі, Үржар мұндағы оқушылар саны
айтарлықтай мол, ал бұларда мұғалім қызметін діндарлар, урядниктер атқарды.
Кіші Алматы мектебі-оқытушысы шіркеу диаконы, 1868 жылда 50 ұл оқыды.
Көксу, Надеждинск, Арасан мектептерінде урядниктер сабақ берді,
кейбіреуінде бұған қоса діндарлар сабақ берді. Любовинскіде жергілікті
діндар мұғалім қызметін атқарды және осы жылдың күзінде Тоқмақ ашылуға
тиісті деген ақпарат берілген.
Жетісу облысындағы мектептер туралы осы мәліметтер толық болмаса да
біршама хабар беретіні анық.
1867 жылы Верный (Алматы) приходтық училищесінде 30 қыз, 1868-1869 оқу
жылында 47 қыз және Қапал училищесінде 25 қыз оқыды. Бұл жергілікті
басшылардың нұсқауына сүйеніп, мектепке қыздарды тарту іс-шаралары еді.
Даму кезеңдерді негіздеуде тарихи-философиялық, саяси-әлеуметтік,
педагогикалық-психологиялық бағыттағы ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік
т.б. еңбектерге талдаулар жасалып, қоғам дамуының әр кезеңіне сай келген іс-
шараларда нақтылығымен қолдау тапқан бастауыш мектеп түрлері мен ондағы
оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы ортақ даму принциптеріне сүйендік.
Сондай-ақ, Қазақстан ерекшелігіне сай оқу-ағарту жүйесіне ықпал жасаған
саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өзгерістерді, бастауыш мектептердің
жұмысындағы құрылымдық - ұйымдастырушылық принциптеріндегі ерекшеліктерді,
заңдылықтарды, ондағы мектепке қажетті құрал жабдық қорларының қалануы
жөніндегі деректемелерді жазба қорларындағы құжаттар негізінде қарастыра
келіп, жеке тарихи-педагогикалық принциптерді басшылыққа алдық. Осы
тұрғыдан келе біз Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптастуы мен
дамуын мынадай кезеңдерге шартты түрде бөліп қарастырдық.
Зерттеуші ғалымдар мен оқырман қауымға біз көрсеткен кезеңдер қазақ
өлкесіндегі бастауыш мектептердің бастау бұлағы екен деген пікірден алшақ
болуын айтамыз. Себебі, біз қарастырып отырған кезеңдердегі қазақ даласында
жүргізілген оқу-ағарту саласына байланысты жұмыстардың төркінінде көптеген
ақтаңдақтар мен құпиялық сыры мол уақыт.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп
жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп
болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру
мақсатындағы патша өкіметінің саясаты, екіншіден, осындай тарихи
құбылыстардан қазақ даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими)
жүйедегі мектептерде білім беру тілінің татар тіліне ауысы, үшіншіден, ескі
жүйедегі мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден,
қазақ-қырғыздарды орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу
құралдары мен әдеби кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде
жазылуы.[34]
Патшалық Ресей қазақ даласын билеуде губернаторлықтарға бөлу арқылы да
жүзеге асырды. Қазақ өлкесіндегі халық ағарту ісінің алғашқы бастамасы
Түркістан топырағында Түркістан генерал губернаторлығы құрылғанға дейін оқу-
ағарту саласындағы жұмыстар барысымен мектептердің ашылу іс-шаралары орыс
провославие дін басшыларымен жүзеге асқан.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге тереңірек үңіле қарағанда, Жетісу
облысындағы оқу-ағарту ісін дамыту үшін жасалған іс-шаралардың барлығы
облыстағы орыс халқының балалары үшін жасалды. Ал қазақ халқының діни
танымдық және тілдік ерекшелігін ескере отырып, арнайы мектептер
жабдықталмаған немесе құру мәселесі мүлдем қарастырылмаған деуге болады. Ал
басқа ұлттың балалары, әсіресе, қазақ ұлтының балалары білім алғысы келсе
өз ана тілінде мектептердің болмауынан амалсыз, шарасыздықтан орыс
мектептерінен білім алуға тура келді, ондағы талап-тілектер орыс халқының
ұлттық және дүниетанымдық нанымдарына сәйкестендірілді, әрине, мұндай
мектепте оқыған қазақ баласы орыстануға бейімделіп икемделе түсті.
Бұл жерден Патшалық Ресей империясының орыстан басқа ұлттарға білім
беріп, ағартушылық жұмыстарды жолға қою туралы саясатының астарында
орыстандыру болса, екіншіден, халық неғұрлым білімсіз болса, оларды
соғұрлым ұзақ мерзімде боданда ұстауға болатындығын жақсы білді, сол
себептен де қазақ жерінде қазақ балалары үшін ана тілінде мектептер ашуға
мүдделі емес еді.
1869 жылы 11 маусымда Түркістан өлкесіндегі өзге ұлттар арасында
білімді тарату туралы ой-пікірін жазбаша түрде Н.И.Ильминский министр
К.П.Толстоймен жеке кездесу кезінде тапсырып, онда: Осы жазбада
айтылғандай, барлық қазақ ісін және қазақ білімінің ерекшеліктерінің
негізін және орыс мүддесіне бағытталған қазақ білімінің бастапқы түп қазығы
болып қазақ тілінің еркіндігі болады деп ойлаймын (мен бұны түсіндіріп,
нақты дәлелдеп бере аламын).
Таза қазақ тілін оқытудың негізгі өзегі (мүшесі) болу керек, ал одан
кейін тіпті қазақ басқармасының арнайы тілі болуы керек.
Ең алдымен - қазақ тілін татар тілінің ықпалынан және татаризмге еруден
босату керек. Оның бірден-бір дұрыс жолы-қазақ тіліне арналған орыс
алфавиті. Бірақ қазақтар араб әліппесін қолданғанда, татар тілінен ажырауы
қиын. Араб алфавитінің қырғыз фонетикасына соншалықты жуықтамауы, қырғыз
этимологиясының ерекшеліктерін жасыруы, кез-келген қырғызды араб тілінен
желуін желіп соға алады. Бірақ, бұл ойымызды бірден жүзеге асыруға болмайды
және оны жүргізу орыс әкімшілігіне ыңғайсыз болады. Оны қазақтардың
өздерінің әдісімен іске асыру керек.[35]
Жасыра алмаймын, маған өте ауыр тиеді, өйткені қазақтарды басқаруға
мүмкіндік туып, татарлыққа қарсы болып жатқан мезгілде, ережелер Орынборда
қазақ тіліне емес, татар тіліне аударылып жатты. Осы ереженің негізінде
Құрылған нұсқаулар Орынборда қазақ пен татар тілінің қоспасы сияқты тілге
ауыстырылып жатты. Бұдан басқа, мен Алматыда билердің шешімін жазуға
арналған парақтарды көрдім-бәрі татар тілінде жазылған. Мұндай келеңсіздік
сөз жоқ, орыс әкімшілігі жіберген қателік, өйткені, олар қазақ тілімен де,
тіпті шығыс ғылымымен де мүлдем таныс емес. Осындай орыс әкімшілігінің
соқырлығынан, татарлар барлық жағдайда, орыс үкіметі үшін жұмыс істеп
жүргенсіп, сусып өтіп жатады. Ал біз оны байқамаймыз да...
Жетісу облыстық басқармасының 10 тамыз №10538-ші баяндамасында әрбір
ашылатын оқу орындарында орыс сыныбы болатын жағдайда немесе мектеп,
медреселерде оқитын шәкірттерді орыс тілін үйрету жұмыстарына жұмылдырса
ғана жаңа мектеп, медресе ашуға рұқсат беретіндігін баяндаған. Сондай-ақ,
орыс сыныптарын ашқан жағдайда арнайы қос тілді (қазақ, орыс) білетін
мұғалімнің қежеттілігі туындап отырғандығы және мұндай мұғалімдерді
іздестіру еш нәтиже бермегендіктен алдыңғы оқу жылында Алматы қалалық
училищесі жанынан тәрбиеленушілерді қазақ тілін үйрететін педагогикалық
курстарды ұйымдастырып, ашу керектігі қарастырылған.
Яғни, бұл әлеуметтік сұраныс өйткені қазақ тілі Жетісу облысындағы
адамдар арасындағы кең қолданыстағы тіл еді. Бұл құжатта Жетісу облыстық
басқармасы мектепке қарасты өз ұсыныстарын берді:
1. Қазақ-орыс мектептерін орыстар орналасқан пункттердің орталығына
интернатпен бірге салуды ойластыру. Орыстар орналасқан жерден салынған
мектептерді Орыс ауылының орталықтарына көшіруді қарастыру, қазақ
мектебінің ғимаратын және интернатын салуға қаражаттың жоқшылығынан бұл
мектептерді орыстың приходтық училищелерімен қосу керек, сонда мектепте екі
мұғалім болады.
2. Мұсылмандардың орналасқан жерлеріндегі өзге ұлтқа арналған
мектептер жанынан интернаттарды салуды қарастыру қажет.
Шалғай жерде орналасқан мектептерді орыс ауылына көшіруге орын
дайындап немесе жергілікті халық шығарған қаржыға, егер онда интернат
ашылса, балаларын оқытуға құқық беру керек. Егер менің бұл болжамдарым
пайдалы деп есептелмесе онда далалық мектептерден интернат ашу қажет деп
есептеймін.
Қалалық училищелерде отырықшы мұсылмандарға арналған және көшпенді
қазақтар үшін интернаты бар дайындық орыс сыныптарын құру айрықша пайдалы
болар еді.
Орда мектептерінде болған инспекторлардың біреуі өзінің есебінде былай
деп жазды: Қазақтар білім алуға өте құштарлық білдіреді. Олар мектеп
шығынына жұмсалатын қаржының көбейтілуіне тартынбас еді, бірақ олар бұл
мектептердің шын мәнісінде мектеп сияқты болуын талап етеді. Алайда, деп
жазады инспектор, халықтың мұндай ынтасына қарамастан, оның бұл көкейкесті
мұқтажы орындалмай келеді.
Тек уездегі қазақ қоғамы ғана қанағаттанарлық қаражат бере алды. Осы
қазақ қоғамының қаражатынан басқа мектептерге қарағанда мұғалімдердің
жалақысын біршама көтеруге, кей жерлерде мектеп ғимараттарын қайта
жөндеуден өткізуге мүмкіндік туған, бірақ жаңа мектеп ғимаратын салуға
қаржы жете қоймаған-ды.
Дегенмен мұсылмандардың мектепке деген қарым-қатынасы мынадай болды.
Олар әкімшілік шенеуніктердің ықпалымен өз есебінен мектептер салды, бірақ
оларға ешқашан жақсы ниет білдірмеді. Себебі, мектептерде оқу орыс тілінде
жүргізілуімен қатар мұсылмандық дүниетанымынан алшақ жатқанды, яғни
орыстандырудың оқу-ағарту жүйесіндегі басымдығын көре білді. Екіншіден,
халықтан жиналған қаржымен әлеуметтік салықтан жиналған ақшаның мектепке
мардымсыз мөлшерде бөлінуі көңілдерінен шықпады. Бұл тіпті оқушылар
қоғамының ата аналары балаларын оқыту үшін қаржы төленіп отырғандығына
қарамастан бір, екі жыл оқиды одан әрі басқа мектептерге ауысып кететін
болған. Ең сорақысы мектепте мұсылмандық шариғатқа үйрететіндердің болмауы.
Мұғалімдік семинария бітірмеген деген желеумен мектепте молдалар сабақ бере
алмайды деп алшақтатылып, жіберілмеді. Себебі, молдалар мұсылмандық
шариғатқа үйрету барысында оқу жұмысы бірнеше сағатқа созылатындықтан
мұғалімдер олармен тіл табыса алмады, олардың көп сағатты сабақтары орыс
тілі пәнін өтуге кедергі келтіреді деген еді.
Облыс мектептері де Түркістан өлкесіндегі мектептер сияқты дамудың
алғашқы сатысынан өтуде деп жазды.[36]
Бірақ, мұнда Жетісу облысындағы мектептердің жағдайы одан да қиын
болды. Земстволық жиналған қаржы мектепті қаржыландырмауы, әкімшіліктің
ықпалында әлсіздеу болды. Сондықтан төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру
керек деп карастырған. Онда: 1) Қарасу, Қорам, Малыбай, Ақсу-Шарын және
Кетмен сияқты мекендердегі мектептерді жауып, оның орнына Алматы мектеп-
интернаты, Шонжы мектеп-интернатын салу, мүмкіндігі жоғарылау мектептерді
күшейту. 2). Қазыналық немесе земстволық есептен қаладан мұсылманша
сауаттандыратын жақсы мектептер ашу. Молдаларды мектеп ашуға қызықтыру үшін
оларға көлемді акы телеу. Бірақ олардан мектепке лайықты дайындықты талап
ету қарастырған. Егер бұл icтe қазына мен земство кең көмек көрсете
алмаса, онда мұсылман мектептерінен орыс тілді сынып болуын талап ету
арқылы қадағалап, бақылап ұстауды қарастырған.
Ал, Жаркент, Алматы (Верный), Қапал, және Лeпci уездерінде қазақтарды
орысшаға оқыту үшін мектеп-интернаттардың өте қажеттігін бекіту аса
ескерілген еді. Яғни,
1.Алматы (Верный) уезінде: Алматы қаласында және Қазан -Богордскі елді
мекендерінде, болмаған жағдайда Алматы (Верный) қаласынан;
2) Қапал уезі бойынша: Қапал қаласындағы қалалық училище ішінен Қоғалы
және Абақұмнан, ал болмайтын болса, онда тек Қапал қаласынан.
3) Лeпci уезі бойынша: Лeпci қаласында, қалалық училище ішінен,
Сергопольск және Үржарда, әйтпесе Бахтыда, болмаған жағдайда Лeпci
қаласынан;
4. Жаркент yeзі бойынша: Жаркент қаласында, Нарын қаласында және Ақсу-
шарында, болмаса тек Жаркент қаласынан.
Орыс-қазақ мектептерінің оқушысыз қалуының ceбeптepiнің бipi ол
мектептерде мұсылман дінінің негіздерін оқытатын молда-мүдәрістердің
жeтicпeyшiлiгi я болмаса жұмысқа тартылмауында болды. Бұл жағдайды оқу-
ағарту саласындағы әкiмшiлiк-билiк басшылары түсініп орыс-қазақ
мектептеріне молдалардың еңбек ақысын көбейте отырып, жұмысқа тартуға
кipicтi.
Жеткізу облыстық басқармасында облыстық және уездік әкiмшiлiк шендері
мен жергілікті көшпеді қазақ ұйым шендерінің қатынасуымен 1912 жылдық
қаңтар айында Алматы (Верный) қаласында ерекше жиналыс өткізді, осыған
қатысты әкімшіліктің ic-қимылы жайлы арнайы бағдарламасы болуын қарастырды.
Аталған жиналыстық ережелері бекітілді.
1) Жетісу мұсылман мектептері халық училищелері инспекторының және
уездік басшылардың тікелей бақылауына бағынуы тиіс;
2) Осы мектептердің мұғалімдер (персоналы) қауымы толық тіркеуден өтyi
тиіс және оқушылар мен бip руға жатпайтын мұғалімдер жұмыстан шығарылуы
тиіс;
3) Мұғалімдік (персонал) қауым лайықты оқыту (цендік) куәлігін иеленуі
тиіс және қазақ болыстарында балаларды оқытып жатқан мұғалімдерге алғашқы
уақытта ғана рұқсат бepмеyi мүмкін;
4) Барлық мұсылман мектептерінде орыс тілін оқыту міндеттелсін және
оған арналған арнайы бағдарлама болуы тиіс;
5) Мұсылман қоғамдарын орыс сыныптарын қаржыландыруға міндеттеу керек,
ал егер олар қажетті қаржыны бөлуге қарсы болса, бақылауды болдырғысы
келмесе, ол мектептерді жауып тастау керек;
Кеңейтілген бағдарламалы жаңа әдісті мектеп, медресе мекемелеріне рұқсат
етілмейді, балаларына тар бағдарламалы ескі әдісті мектеп, медреселерден
жоғары білім бергісі келген мұсылман ата-аналар балаларын арнайы үкіметтің
немесе жеке, бірақ үкіметтің бақылауына бағынған жергілікті орыс, орыс-
қазақ мектептерінде оқытуды міндеттеп, оны жалпы ереже ретінде орнықтыру
керек.
Орыс-қазақ мектептері белгілі бір жоспарға сәйкес
ұйымдастырылуы тиіс, бастауыш сыныптарда оқыту ана тілінде, жоғары
сыныптарда орыс тілінде (діннен бөлек) және курсқа сәйкес; бастауыш
сыныптарда-орыс бастауыш мектептеріндегідей, жоғары сыныптарда-қалалық
училищелерге сәйкес оқытылады.
Орыс-қазақ мектептеріне балаларын бергісі келмегендерге балаларын үйде
оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік беру, бірақ бір де бір үйде құпия мектеп
болуы тиіс емес.
Қазіргідей орыс гимназиясын және орыс училищесін, институттар мен
корпустарға дейін мұсылмандарға оқу мүмкіндігін беру.
Ерекше жиналыстың (протоколын) хаттамасын жоғарыда көрсетілген
нұсқаулармен өлкенің бас басшысының қарауына 17 мамырда №10170-ші ұсыныс
негізінде берді. Осы жылдың ақпан айында облыстық шендері және уездік
әкімшілігінің ерекше жиналысы өзінің іс-қимылын тоқтатқаннан кейін
Түркістан өлкесі училищелерінің бас инспекторынан өлкенің бас басшысының 25
қаңтар 1912 жылғы №844-ші Түркістан өлкесінің халық училищелері
инспекторының атына жазылған циркулярлы ұсынысының көшірмесі алынды. Онда
жаңа әдісті ж:ергілікті мектептердің ашылуын реттеу және олардың халықтық
білім берудің іс жүзіндегі заңдарына және жалпы орыстық мемлекеттік
тапсырмаларына сәйкес іс-қимыл жасау үшін алдағы уақытта негізгі ережелерді
қабылдау ұсынылды.[37]
I. Жаңа әдісті жергілікті мектептерге қатысты:
1) Жаңа әдісті жалпы білім беретін мектептердің ашылуы тек халық
училищелері инспекцияларының рұқсатымен болады.
2) Жаңа ашылған мектептерге сол мектептегі балалармен рулас
мұғалімдердің тағайындалғанын қадағалау керек.
3) Осындай мектептерді тағайындаушыларға және қалалық, ауылдық,
қоғамдарға мектептерде балаларды жалпы мемлекеттік орыс тіліне оқыту
енгізілуін ұсыну керек.
4) Осындай мектептердің ашылуында мектеп ашушы адамдар мен қоғамдардан
мектептегі оқу курсы бағдарламасын, онда оқылатын оқулықтарды көрсетуін
талап ету керек.
5) Осы аталған нұсқаудың жариялануы уақытынан бастап жаңа әдісті
мектептер осы ережелерге бағынуға міндетті.
Өлке әкімшілігінің басшысы баяндаған нұсқауы, облыстық әскери-
губернаторының ұсынылуы - уез басшыларына, Алматы (Верный) полициясының
қалалық бастығына орындауға жіберілді. ((Циркуляр) бұйрық- жарлық 19 ақпан
1912 жылғы №282) Сонымен қатар ескі әдісті мектептерге асыру керек деп
қарастырған. Онда: 1) Қарасу, Қорам, Малыбай, Ақсу-Шарын және Кетмен сияқты
мекендердегі мектептерді жауып, оның орнына Алматы мектеп-интернаты, Шонжы
мектеп-интернатын салу, мүмкіндігі жоғарылау мектептерді күшейту. 2)
Қазыналық немесе земстволық есептен қаладан мұсылманша сауаттандыратын
жақсы мектептер ашу. Молдаларды мектеп ашуға қызықтыру үшін оларға көлемді
ақы төлеу. Бірақ олардан мектепке лайықты дайындықты талап ету қарастырған.
Егер бұл істе қазына мен земство кең көмек корсете алмаса, онда мұсылман
мектептерінен орыс тілді сынып болуын талап ету арқылы қадағалап, бақылап
ұстауды қарастырған.
Ал, Жаркент, Алматы (Верный), Қапал, және Лепсі уездерінде қазақтарды
орысшаға оқыту үшін мектеп-интернаттардың өте қажеттілігін бекіту аса
ескерілген еді. Яғни,
1) Алматы (Верный) уезінде: Алматы қаласында және Қазан -Богордскі
елді мекендерінде, болмаған жағдайда Алматы (Верный) қаласынан;
Қапал уезі бойынша: Қапал қаласындағы қалалық училище ішінен Қоғалы және
Абақұмнан, ал болмайтын болса, онда тек Қапал қаласынан.
Лепсі уезі бойынша: Лепсі қаласында, қалалық училище ішінен, Сергопольск
және Үржарда, әйтпесе Бахтыда, болмаған жағдайда Лепсі қаласынан;
Жаркент уезі бойынша: Жаркент қаласында, Нарын қаласында және Ақсу-шарында,
болмаса тек Жаркент қаласынан.
Орыс-қазақ мектептерінің оқушысыз қалуының себептерінің бірі ол
мектептерде мұсылман дінінің негіздерін оқытатын молда-мүдәрістердің
жетіспеушілігі я болмаса жұмысқа тартылмауында болды. Бұл жағдайды оқу-
ағарту саласындағы әкімшілік-билік басшылары түсініп орыс-қазақ
мектептеріне молдалардың еңбек ақысын көбейте отырып, жұмысқа тартуға
кірісті.
Жетісу облыстық басқармасында облыстық және уездік әкімшілік шендері
мен жергілікті көшпенді қазақ ұйым шендерінің қатынасуымен 1912 жылдың
қаңтар айында Алматы (Верный) қаласында ерекше жиналыс өткізді, осыған
қатысты әкімшіліктің іс-қимылы жайлы арнайы бағдарламасы болуын қарастырды.
Аталған жиналыстың ережелері бекітілді.
1) Жетісу мұсылман мектептері халық училищелері инспекторының және
уездік басшылардың тікелей бақылауына бағынуы тиіс;
Осы мектептердің мұғалімдер (персоналы) қауымы толық тіркеуден өтуі тиіс
және оқушылар мен бір руға жатпайтын мұғалімдер жұмыстан шығарылуы тиіс;
Мұғалімдік (персонал) қауым лайықты оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
1930-40 жылдардағы ана тіліндегі математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Педагогика. Оқулық
Білім беру процесін басқару сапасы
Пәндер