«Ырқ бітіг» кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы



1 «Irk bitig» . «Ырқ бітіг» атты өлеңдер жинағы кітабы
2 “Көне түркі сөздігі” кітабы
3 “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағы
Адамзаттың қуанышы, жетістігі және ренішінің көрінісі оның ішкі толқыныс сезімі арқылы терең оймен нәрленіп және даналық қуат алып, шымырланғаннан кейін поэзияда көбіне шағын көлемді өлең болып өріледі. Мұндай туындылар көркем шығармаларға тән озық жетістіктердің біразын бойына жинап, тозбайтын мұраға айналады. Біздің бағзы заманғы бабаларымыз бұл салада да көнермейтін асыл мұраларды молынан жасапты. Сондай аса құнды, өлеңдері көлемі жағынан қысқа әрі көркем, философиялық байламдармен салмақтанып, әр туынды су түбіндегі маржандай құлпырған асыл қазынаның бірі − «Ырқ бітіг» − “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағы. Бұл жыр жинақ көне түркі руна әрпімен бағзы заманда-ақ қағазға жазылған даналық кітап.
Осы өлеңдер жинағы жөнінде сөз арасында болса да пікір айтқан И.В.Стеблева: “Руна жазуының дәуірі көне түркі әдебиеті шығармасын тек тасқа ғана емес, қағазға жазылған күйде де қалдырды”, −деп жазды (1, 10-б.). Бұл ешкім таласпайтын тарихи шындық. Ал, сол бір ғана мәселенің сыры ашылды ма? Алайда, сол шағын көлеміне көп мағына сыйғызған, символизмге құрылған, жұмбақтап білдірер ойы терең “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағы туралы әлемдік шығыстану саласында әлгіндегідей тиіп-қашты пікірлер айтылумен шектеліп, осы кезге дейін бір тұжырымды мақала жазылған емес.
1. Поэзия древных тюрков VІ-ХІІ веков. М: Раритет, 1993.
2. Қашқари М. Түрік сөздігі. Үш томдық. 1-т. Алматы: Хант, 1997.
3. Древнетюркский словарь. Л: Наука, Лен. отд. 1969.
4. Қазақстан тарихы туралы түркі деректері. ІІ-том.А: «Дайк пресс», 2005.
5. Габен А.Фон. Древнетюркская литература. // Зарубежная тюркология.
Вып. 1. М: Наука, 1986.
6. Геродот. История. Избранные страницы. С-Петербург. «Амфора», 1999.
7. Еңсегенұлы Т. Әдебиетіміздің бастауы – «Авестада». Монография.
А: Ғылым, 1999.
8. Еңсегенұлы Т. Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары. А: Білім, 2001.
9. «Қазақ әдебиеті» // 18 қыркүйек 1998.
10. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А: Жалын, 1994.
11. Eski turk vazitlari. Ankara. 1994.
12. Авеста. // Парасат. Алматы: 1993, № 8.
13. Авеста. Избранные гимны. М: «Дружба народов», 1993.
14. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы... М: Наука, 1976.
15. Кляшторный С.Г. Манихейский мотив в древнетюркской «Книга предзнаменованим». Тюркологический сборник. М: 2006.
16. Еңсегенұлы Т. Көне түркі руна жазба поэзиясы. Бірінші кітап. А: Білім, 2007.
17. Еңсегенұлы Т. «Авеста» – түркілерге ортақ мұра. А: «Тоғанай Т». 2011.
18. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. А: Арыс, 2007.
19. Еңсегенұлы Т. Түркі ру-тайпаларының көне өлеңдері. А: Ғылым, 1996

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тоқболат Еңсегенұлы, филология
ғылымдарының докторы, профессор

Ырқ бітіг кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы

Адамзаттың қуанышы, жетістігі және ренішінің көрінісі оның ішкі
толқыныс сезімі арқылы терең оймен нәрленіп және даналық қуат алып,
шымырланғаннан кейін поэзияда көбіне шағын көлемді өлең болып өріледі.
Мұндай туындылар көркем шығармаларға тән озық жетістіктердің біразын бойына
жинап, тозбайтын мұраға айналады. Біздің бағзы заманғы бабаларымыз бұл
салада да көнермейтін асыл мұраларды молынан жасапты. Сондай аса құнды,
өлеңдері көлемі жағынан қысқа әрі көркем, философиялық байламдармен
салмақтанып, әр туынды су түбіндегі маржандай құлпырған асыл қазынаның бірі
− Ырқ бітіг − “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағы. Бұл
жыр жинақ көне түркі руна әрпімен бағзы заманда-ақ қағазға жазылған
даналық кітап.
Осы өлеңдер жинағы жөнінде сөз арасында болса да пікір айтқан
И.В.Стеблева: “Руна жазуының дәуірі көне түркі әдебиеті шығармасын тек
тасқа ғана емес, қағазға жазылған күйде де қалдырды”, −деп жазды (1, 10-
б.). Бұл ешкім таласпайтын тарихи шындық. Ал, сол бір ғана мәселенің сыры
ашылды ма? Алайда, сол шағын көлеміне көп мағына сыйғызған, символизмге
құрылған, жұмбақтап білдірер ойы терең “Алдыңды болжап бал ашатын кітап”
атты өлеңдер жинағы туралы әлемдік шығыстану саласында әлгіндегідей тиіп-
қашты пікірлер айтылумен шектеліп, осы кезге дейін бір тұжырымды мақала
жазылған емес. Соған орай, әуелі бұл өлеңдер жинағы кітабының табылуы,
жария етілуі, сақталуы, көлемі, қазақшаға аударылуы және осы жинақ кітаптың
туып қалыптасу дәуірі мен өзіндік ерекшелігіне зерттеу жасап, өзекті
проблемаларын ашу басты нысана етілді.
Irk bitig – Ырқ бітіг атты өлеңдер жинағы кітабы көне түркі руна
жазуымен қытайдың сары түсті қалың, мықты қағазына жазылып, кітап етіп
шығарылған. Бұл өлеңдер жинағының сыртқы формасы да назар аударарлықтай.
Мұнда руна әрпімен көне түркі өлеңдері жазылған парақтардың ұзындығы 13, 6
сантиметр, ені 8 сантиметр шамасында. Қолжазба жинақтың беттері бір-бірімен
аса сапалы желіммен жабыстырылған. Желімнің беріктігі сондай, сол көне
заманнан жеткен қолжазба шығарма сандаған ғасырлардан бері парақталып
оқылып, талай қолдан өтсе де әлі күнге дейін түптеуі сөгілмеген қалпында
тұр. Әйтсе де Ырқ бітіг қолжазба өлеңдер жинағы көп ұсталып, оқылып,
пайдаланылғаны айқын білініп, көзге ұрады. Өйткені, Ырқ бітіг атты
жинақтың сыртқы мұқабасы тозған, кітаптың бірсыпыра парақтары жыртылып, әр
түрлі дақтар түскен, сосын жинақтың жиектері тозып, мүжілген. Бұл өлеңдер
жинағының алдыңғы жағынан бес бетке, артқы жағынан үштен аса бетке және осы
мұраның бірнеше беттерінің ашық жеріне көлденеңінен қытай әрпімен жазу
түсіріліпті. Сол жәйт – қолжазба өлеңдер жинағындағы көне түркі руна
жазуларының кей тұстарын үстінен бастырып жазғандықтан негізгі мәтіннің
бірсыпыра әріптері көрінбей қалған.
Ырқ бітіг атты өлеңдер жинағын бірінші болып тауып, зерттеген А.
Стейн болса, сол жинақты тұңғыш рет аударып, жария еткен әйгілі ғұлама В.
Томсен. Бұл жазба жинақ құпиясын ашуда осы аталған екі ғалымның бір-біріне
септігі, жинақталған өз тәжірибелерінің әсері тиді. Бұған дәлел мынау: В.
Томсен осы қолжазба өлеңдер жинағындағы қосымша қытайша жазылған беттерді
аудару барысында мына шығарманы алғаш тапқан танымал археолог, зерттеуші
А. Стейннің арнайы жіберген мәліметтерін білгірлікпен, орынды
пайдаланып, оқуға қиындық туғызған беттердегі айтпақ ойдың мағынасын
үйлестіруге тырысады.
Екіншіден, В. Томсен археолог А. Стейн берген деректерге сүйеніп,
қолжазба шығарманың кейбір беттеріне және осы жинақтың алдыңғы және соңғы
жағына енгізілген қытайша жазудың бұл өлеңдер жинағына тікелей қатысы жоқ,
буддизм дініне байланысты жазба екенін мәлімдеген. Ырқ бітіг атты өлеңдер
жинағы тұтастай алғанда 65 өлеңнен, немесе, 104 шумақ жырдан тұрады. Осы
қолжазба өлеңдер жинағындағы қытайша әріппен жазылған сөздің сырын ашуды
әзірге кейінге қалдыра тұрып, алға қойған басты міндет – Ырқ бітіг атты
өлеңдер жинағы кітабын қазақшаға аударып, бабалардан қалған осы құнды
рухани мұраның құпиясын ашып, сипатын танытып халқымызға ұсыну болып отыр.
Бағзы заманғы бабалар арнайы кітап етіп жазған бұл жыр жинағын өз тілімізде
сөйлетуде, негізінен, осы рухани мұраны алғаш аударған В. Томсен жасаған
негізгі мәтінді, бұл ғалымның шығармаға жасаған ағылшынша транскрипциясын
және Көне түркі сөздігі мен М.Қашқаридің Түрік сөздігі кітаптарын
пайдалану арқылы қазақшаға аударма жасадық. Өйткені, көне түркілердің
көптеген сөзі қазақ тілінде бар және әр сөйлем құрылысын оқып, ондағы
айтпақ ойларды ептеп ұғуға болады.
Сондай-ақ, түркия ғалымы Х. Н. Оркун мен орыс зерттеушісі С. Е.
Маловтың осы өлеңдер жинағын В. Томсен еңбегіне сүйеніп жасаған
аудармаларын бұл қазақша тәржіманың сапалығы үшін кей тұстарын салыстырып
қарау кезінде назарда ұстадық. Бұл “Ырқ бітіг” атты өлеңдер жинағы – ислам
дәуіріне дейінгі көне түркі мұраларының бірі. Соған сәйкес, осы рухани
дүниені аударушы, зерттеуші – ежелгі дәуір әдебиетінің маманы әрі көне
түркі наным, дәстүрі қанына сіңген адам болғаны аса қажет. Әр дәуірдің,
заманның өзіндік елеулі ерекшеліктері тағы бар. Мысалға, ислам діні енгенге
дейінгі көне түркі руна жазба шығармаларының бәріне дерлік түркілік наным-
сенім, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, сол заманның өмір сүру ережелері,
заңдылықтары, тарихы, әлеуметтік жағдайы өзек болып жазылған. Ең бастысы,
сол дәуірдегі көне түркілер қабылдаған тәңірге табыну дінінің қағидалары
сол шығармаларға негізгі арқау болған. Соған орай, аударма жасаушы көне
мұраларды жасаған халықтың және сол заманның мәдениетін, әдебиетін, тарихын
жете білетін түркітанушы болғаны тиімді. Әсіресе, көне түркілердің діні мен
салтын айыра, түсіне білу керек. Егер көне түркі руна жазба шығармаларын
түркі тілдес халықтардың сол саланы зерттеген білікті мамандары аударса
одан да пайдалырақ болар еді. Өйткені, сол шығарма жазылған көне түркі тілі
– олардың ежелгі ата-бабаларының тілі ғой.
Көне түркі руна әрпімен қағазға жазылған “Ырқ бітіг” (“Irk bіtіg”)
қолжазба өлеңдер жинағын аударып, зерттеумен әлемдік түркітанушылардың
ішінде бір, екі ғалым ғана айналысып, өз елдерінің тілдеріне аударумен
шектелген. Бұл даналық кітапты танып, зерттеумен қазақ ғалымдары: тіл,
әдебиет, мәдениет, тарих, философия, тағы басқа салалардың мамандарының
ешқайсысы қазірге дейін арнайы сөз еткен емес. Ал түркологияны пәнаралық
кешенді сипатта жүргізу өте пайдалы. Төтесінен айтсақ, көне түркі руна
жазбаларының бірсыпырасы қазақ жерінде жасалған, қазақ тайпалары да өз
үлесін қосқан. Сондықтан ояну керек. Біздің ғалымдар арасында дәстүрге
айналып кеткен ыңғайсыз әдет болды. Ұлттық ғылымның кейбір саласында жаңа
тақырыпты зерттеу жұмыстары сол адамның өз ынта, бастама, біліктілігімен
жүргізілмейді. Көбіне орыс зиялылары сол тың саланы қарастырып, жан-
жақты зерттеп, ғылыми тұжырымын жасағаннан кейін барып, солардың
еңбектерін тікелей басшылыққа алып отырып қазақша аударылған диссертациялық
жұмыс жасалынады, кітап етіп шығарылды. Керісінше, бабаларымыз жасаған көне
түркі мұраларын неге әуелі біз зерттемейміз, өзге елдердің ғалымдары бұл
салада біз жазған еңбекке сүйенетіндей етпейміз? Себебі, сол жазбаларды
тасқа түсірген біздің бабаларымыз ғой. Олардың мұрат, мүддесі, дәстүрі,
жүрек лүпілі біздің қанымызда сақталған емес пе? Ең болмаса түркітану
саласында сондай бағытта жұмыс жасалғаны орынды әрі маңызды. Дәлдеп айтсақ,
философия, психология, саясаттану салалары ғаламшарлық байланысқа апаратын
жаһандық биіктіктегі пәндер. Осы аталған салалар көне түркі руна
жазбаларына тұтастай өзек болып тартылған. Бәрінен бұрын мұнда философиялық
жүйе, яғни түркі философиясының өрісі айқын танылады. Түркілердің тәңірлік
діні – табиғат заңдылығына түсініп отырып жасалған философия.
Көне түркі руна әрпімен жазылған “Ырқ бітіг” атты өлеңдер жинағы кітабы
жөнінде өз тілімізде алғаш сөз қозғалып, бұл құнды рухани мұра қазақшаға
алғашқылардың бірі ретінде аударылып отыр. Соған орай, осы жинақты тауып,
зерттеп, аударма жасауға бірталай уақыт жұмсалды, біршама қиындықтар
кездесті. Бір ғана қарапайым дәлел келтірейік. Мысалға, сол кітаптың
дүниеге келгендегі атауының транскрипциясы – “Уrk bіtіg”. Осы кітаптың бұл
атауы сол шығарма мәтінінің 101 шумағында жазылған. В. Томсен кітаптың
мазмұнын да ескерген болуы керек, әлгі “Уrk bіtіg” сөзін “Болашақты болжау”
деп аударып, жинақты солай атаған. Түркия ғалымы Х. Н. Оркун бұл қолжазба
кітаптың атауын мәтіндегідей сақтап, түрікше “Irк bіtіg” деп, сол күйінде
пайдаланып, шығарма мәтініндегі “Іrk bіtіg” сөзін түрікшеге “Бал кітап” деп
аударып, сол ұғымды сақтаған. Демек, бұдан осы қолжазбаны қалай атау
жөнінде нақты тұжырым қалыптаспағаны танылады. Соған орай, бұл өлеңдер
жинағы кітабының атауының мағынасын айқындау қажет болып, осыған арнайы
көңіл бөлінді. Мәселен, М. Қашқаридің “Түрік сөздігі” кітабында:
“Irk”−болжаушылық, бал ашу, біреудің көңіліндегіні табу, білу” деген
мағынада алынған (2, 71-б.) және де осы кітапта “Віtіg”−“Бітіг кітап,
мектеп; жазылған нәрсе, жазба” деп аударылған ( 2, 442-б.).
`Ал “Көне түркі сөздігі” кітабында ІRK−собирать, скопливать” деп
аударылыпты (3, 212-б). Осы орайда айтарымыз, Н. Базылхан: Түрік елінің
ресми жазуы түрік бітік болады, −деп жазып, қазақша солай пайдаланыпты (
4, 13-б.). Оқырмандар Бітік сөзінің аудармасын сұрамай ма? Сонымен, осы
кітаптың атауы жөнінде білдірер тұжырым мынадай: қасиетті шығарманың өзінің
ежелгі мәтініндегі атауын қосымша сақтауды жөн санадық. Соған орай, осы
өлеңдер жинағы кітабы атауының транскрипциясы−“Уrk bіtіg”, оқылуы Ирк
бітіг, қазақша оқылуы – “Ырқ бітіг”. Бұл жыр жинағының негізгі мәтініндегі
атауының аудармасын және осы шығарманың ортақ мазмұнын ескере отырып, бұл
Уrk bitig атты шығарманың атауын қазақша “Алдыңды болжап бал ашатын
кітап” деп жазуды жөн көрдік.
Көне түркілердің руна әрпімен жазылған “Ырқ бітіг” − “Алдыңды болжап
бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағындағы шығармалардың маңызы, оның
өзіндік дара ерекшелігі – болашағыңды ойлайтын бал ашу жырларының пайда
болуы, қалыптасуы, тарихы және жырлардың жасалу құрылысына назар аударсақ,
бұл негізде түркітанушы ғалымдар әр түрлі пікір, болжам, байламдар
білдірген. Мысалға, Германия ғалымы А. Фон Габен: Ырқ бітіг ең көне бал
ашу кітабы көнеқытайлық “И-Цзин” кітабына негізделген. Кітаптағы алдыңды
ойлап бал ашу “Бақташы сумкасы” және өсімдік сабағымен атқарылады. Алдыңды
болжап бал ашу кітабының өзге түрі әр түрлі жағдаймен байланысты, онда
әуелі қысқа оқиға келтіріледі. Содан пікір, байымдау жасалынып, “жақсы”
немесе “жаман” деген қорытынды шығарылады”, −деп тұжырым жасайды (5, 298-
б.). Бірақ, ол бұл байламын қандай дерек, мәлімет, ғылыми тұжырымдарға
сүйеніп жазғанын айтпайды және қытайдың “И-Цзин” кітабы қашан жасалған, қай
дәуірде, қандай бағыттағы шығарма екенінен хабар бермейді. А. Фон Габеннің
түркілердің “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты шығармасының түп-
төркінін қытайлықтардың сондай негіздегі шығармасымен сабақтастыруында
аздаған шындық, ежелден қалыптасып дамыған әдеби тамырластық бар. Көне
түркілердің “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағы мен
қытайлықтардың бал ашу жырларының ортақ сарында туып қалыптасуының сыр-
сипатын ашу аса кең көлемде, тереңдете зерттеуді қажет ететін күрделі
мәселе.
Негізінде, көне түркілердің руна әрпімен жазылған алдыңды болжап бал
ашу жырлары тек қытайдың сол бағыттағы шығармаларының ықпалымен жасалынды
деп кесіп айту асығыстық тұжырым, ағат сөйлегендік болады. А. Фон Габен
Еуропа ғалымдарының жаттанды сәуегейлігінің ықпалында сөйлегені байқалады.
Әрине, ежелден көрші отырған халықтардың барлық іс-әрекетінде, әсіресе,
мәдениетінде бір-біріне ықпал ету – қалыпты көрініс деуге болады. Ал шын
мәнінде, көне түркілердің руна әрпімен қағазға түсірілген алдыңды болжап
бал ашу жырлары түркі халықтарымен есте жоқ ескі заманнан бері бірге
жасасып, олардың тұрмыс-салтына бекем сіңісті болған. Бұл айтқанымызды
антикалық дәуірдің атақты тарихшысы Геродоттың:”У скифов есть много
предсказателей. Гадают они с помощью множество ивовых прутьев следующим
образом. Приносят огромные связки прутьев и кладут на землю. Затем
развязывают пучки и каждый прут один за другим раскладывают в ряд и затем
изрекают предсказания. Это способ гадания у них унаследован от предков”,
−деп жазғаны бекемдей түседі (6 , 184-б.).
Осы келтірілген пікір, дерек, мәліметтердің қайсысы дұрыс, қайсысы
болжам, қайсысы бұрмаланған? Бұл сұрақтарға тиянақты, толымды түрде ғылыми
тұрғыда жауап беру үшін сол аса маңызды сала – көне түркілердің руна
әрпімен жазылған “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағының
бүкіл әлемін тұтастай алып зерттеуге мәжбүрміз. Екіншіден, көне түркі мен
қытайлықтардың бал ашатын жырлары арасында ұқсастық болса, оның солай
жасалуының себебі неде? Бал ашатын шығармалардың әуелден поэзия үлгісінде
жазылуының мәнісі? Бұл да ғылыми қорытындысы берілмеген күрделі мәселе.
Үшіншіден, көне түркілердің руна әрпімен жазылған рухани мұраларын
зерттеуде кейбір ғалымдар тарапынан түсініксіз тұжырым, негізсіз болжамдар
айтылып жүр. Мысалға, орыстың түркітанушы ғалымы И. В. Стеблева: “Бал
ашатын кітап” түркі поэтикалық формасының даму дәстүрінің үзіліссіз
жалғасуында маңызды буын болып саналады. Бұл түркі тілді әдебиеті тарихында
лирикалық жанрдың эпитафиялық лирикаға байланыссыз бастау алуын жасаумен
айқындалады. Сонымен бірге, бал ашатын кітап мазмұны дуализмді, манихейзмді
бейнелейді. Оған қоса мұнда түркі шаманизмінде де өмір сүретін екі құдайды:
жарық – қайырымды, және қараңғы – залымдықты нұсқап көрсетеді”, −деп
тұжырым жасайды (1, 12-13-б.).
И. В. Стеблеваның бұл пікірлерінің кейбірінің жобасы дұрыс. Алайда ол
“Бал ашатын кітап мазмұны манихейзмді бейнелейді” және “түркі шаманизмінде”
деген сөздерді айту арқылы елеулі қателік жасаған. Әділін тура
білдірсек, түркілер тәңірге табыну нанымы қағидасы бойынша өмір сүрген. Ал
тәңірлік наным негізі – зороастризм діні. Манихейзм мен шаманизм сол
тәңірге табыну – зороастризм ілімі негізінде жасалынып, дамып, қалыптасқан,
яғни, зороастризмнен кейін туған дін, нанымдар. Негізгі түйінін білдірсек,
манихейзм мен шаманизмге табыну діні – осы дін, нанымдарды қабылдаған
халықтардың тұрмыс-салтына, дәстүріне бейімдеп, соларды қосып жасаған
зороастризм дінінің өзгеріске ұшыраған көшірмесі. Егер И. В. Стеблева
зороастризм, тәңірге табыну діндері жазылған қасиетті “Авеста” кітабын оқып
түсінгенде, мұндай ағат тұжырымдар жасамаған болар еді. Қысқасы, тәңірге
табыну – зороастризм дінінің негізі жазылған, Таяу Шығыс, Орта Азия
халықтарының бірсыпырасының ортақ мұрасы атанған “Авеста” шығармасының сыр-
сипатын ұқпай зороастризм, тәңірлік дін ерекшеліктеріне және көне түркі
шығармаларының маңызына, идеясына түсіну мүмкін емес. Дәлдеп айтсақ, көне
түркілер шамандықты қабылдамаған. Шаманизм сібір халықтарының
бірсыпырасының кейінірек қалыптасқан нанымы. Сосын, үстемдік жүргізіп
қалған мемлекеттер “шамандық” сөзін түркі халықтарының бірсыпырасын
кемсітіп, мұқату үшін қолданады. Төртіншіден, ең бастысы – руна әрпімен
қағазға түсірілген “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағына
көне түркілердің тәңірге табыну нанымының қағидалары тұтастай арқау болып
тартылған. Міне, осындай себептермен жоғарыда аталған күрделі мәселелерге
арнайы аналитикалық талдау жасау арқылы түсіндіру қажеттігі туып тұр.
Бесіншіден, көне түркілердің “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты
өлеңдер жинағы шығыс даналығы атанған “Авеста” шығармасымен сабақтас және
қытай халқының ежелгі Дао философиясымен, Конфуцзы жасаған даналық
мұралармен сарындас. Барлық мәселенің түйіні осында жатыр. Осы көтерілген
мәселелердің ақиқатын ғылыми тұрғыда терең танып игеру үшін бұл аталған үш
шығарманы “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағымен қатар
алып салыстырып, жеке-жеке талдау жасау аса маңызды. Әуелгі кезекте руна
әрпімен жазылған “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер жинағының
зороастризм, тәңірге табыну ілімінің негізі жазылған, Шығыс халықтарының
даналық мұрасы атанған “Авеста” шығармасымен сабақтастығына кең тұрғыда
талдау жасалынады. Шын мәнінде, көне түркілердің “Алдыңды болжап бал ашатын
кітап” атты өлеңдер жинағы зороастризм ілімі жазылған “Авеста” кітабымен
етене туыстас. Себебі, “Алдыңды болжап бал ашатын кітап” атты өлеңдер
жинағы да қасиетті “Авеста” шығармасы сияқты өмірдегі жақсылық пен
жамандықтың бітіспес арпалысын персонаж және образды сөзбен бейнелеп
суреттеп, кесапат, қасірет әкелер әрекеттерден сақтануды алдын ала
жұртшылыққа ескертеді. “Алдыңды болжап бал ашатын кітаптың” “Авеста”
шығармасынан айырмашылығы алдыңғысында – жақсылық пен жамандықты салыстыра
көрсете отырып, жаманшылықтан қорғанудың жолын философиялық тұжырыммен
білдіріп, одан пайдалы қорытынды шығарудың шарасын ойластырып табуды
оқырманның өзіне қалдырады. Сөйтіп, адамзатты толғанысқа түсіріп іс-
әрекетке жетелейді.
Жақсылық жасау, соған жету үшін жаманшылықпен талмай күресу керек. Бұл
– көне түркілердің өлеңдер жинағының да, қасиетті “Авеста” шығармасының да
негізгі өзегі. Өйткені, дала пайғамбары Жаратуштра жасаған “Авеста” кітабы,
соның есімімен аталған зороастризм діні әуелгі дүниеге келген сәттен бастап-
ақ көне түркі халқымен бірге жасасып, сіңісіп, ең негізгі наным-сеніміне,
дәстүріне айналған. Себебі, зороастризм діні түркілер ежелден мекендеген
Орта Азияда туып қалыптасты. Бұл туралы біз тарапынан бірнеше монографиялық
еңбектер және елуден астам ғылыми мақала жарияланып, Республикалық ғылыми
кеңестерде талқыланып, мақұлданды (7). Сол зерттеу барысында: “Авеста”
кітабын да, оны жасаған Жаратуштраны, соның есімімен аталатын зороастризм
дінін – Орта Азияда, соның ішінде Хорезмде дүниеге келген деп ғылыми
тұжырым жасалынды. Ондай байламға алғашқылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер
Манихей жазба ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жасалуы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Көне түркілер
Көне түркі руна жазбалары
Пәндер