Сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру (сәндік-қолданбалы өнер негізінде)



І тарау.
Мектеп оқушыларына сәндік қолданбалы өнерін сыныптан тыс (үйірме ұйымдастыру) оқытудың негіздері.
1.1. Технология пәні бойынша оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге баулу...
1.2. Оқушыларды қол өнеріне баулуда сыныптан тыс сабақты
ұйымдастыру ... .8.11
1.3. Үйірме сабағында оқушыға білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыру ... ... 11.14
ІІ тарау.
2.1. Бағдарламаға шолу ... ... ... ... ... ...14.18
2.2. 9 сыныпқа үйірме сабағына арналған күнтізбелік.тақырыптық жоспар ... ... .19
2.3. Үйірме сабағын ұйымдастырудың әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... 20.23
Қорытынды ... ... ... 24.25
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымша.
Көне заманнан қазіргіге дейін тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – ол сәндік қолданбалы өнері.
Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз – тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдарды жасау болып табылады.
Сәндік қолданбалы өнер өз атауы көрсеткендей халықтың тұрмысында кең көлемде қолданылады. Сәндік қолданбалы өнердің халық тұрмысында жиі қолданылуы болса, екіншіден оның ұлттық сипатының айқын болуы. Ұлттық сәндік қолданбалы өнердің ішінде бір түрі басым болу құбылысын байқау қиын емес. Мысалы: кавказ халықтарының сәндік қолданбалы өнерінің ішінде метал өңдеу, өзбектерде құмыра, қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің ішінде киіз бен кілем тоқу ерекше дамығандығын байқауға болады. Сәндік қолданбалы өнердің бұйымдары асқан шеберлікпен төзімділіктің, еңбектің арқасында орындалады. Қол өнердің қайнар көзі – еңбек.
1. Қарақұлов Қ.Ж «Педагогика» Шымкент, 2008 ж.
2. Қыдаева М. «Еңбекке үйрету» №2 /2007ж. Ши тоқу.
3. Омарова Р.«Қазақстан мектебі» №12/2006 ж. Шығармашылық дербестікті қлыптастыру.
4. Боқбасарова Х.Ә «Бастауыш мектеп» №10 / 2007 ж. Сәндік қолданбалы қол өнер сабағын өткізу әдістемесі.
5. Ерасылова Ф. «Мектептегі технология» №10 /2008 ж. Ши тоқу өнері.
6. Халықов Қ.З, Оразайқызы Б. «Технология» Алматы, 2006 ж.
7. Ортаев Б.Т. «Оқушылардыңтехникалық шығармашылғы» Шымкент, 20058 ж.
8. Ералин Қ, Айменов Ж. «Сәндік қолданбалы өнері» Түркістан, 2005 ж.
9. Тәжімұратова Ә. «Шебердің қолы ортақ» Алматы, 1997 ж.
10. Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы, 1995 ж.
11. Әмірғазин Қ. «Қазақ қолөнері» Алматы, 1996 ж.
12. «Білім» №6, Алматы 2006 ж.
13. Қоянбаев Ж. «Педагогика» Алматы, 2002 ж.
14. Харламов. «Педагогика» Москва, 1996 ж.
15. Қалиев С. «Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Алматы, 1996 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру (сәндік-
қолданбалы өнер негізінде)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І тарау.
Мектеп оқушыларына сәндік қолданбалы өнерін сыныптан тыс (үйірме
ұйымдастыру) оқытудың негіздері.
1.1. Технология пәні бойынша оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге
баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-8
1.2. Оқушыларды қол өнеріне баулуда сыныптан тыс сабақты
ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 -11
1.3. Үйірме сабағында оқушыға білім, іскерлік және дағдыны
қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...11-1 4
ІІ тарау.
2.1. Бағдарламаға шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14-18
2.2. 9 сыныпқа үйірме сабағына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
... ... .19
2.3. Үйірме сабағын ұйымдастырудың әдістері мен формалары
... ... ... ... ... ... 20-23
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24 -25
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26
Қосымша.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Көне заманнан қазіргіге дейін тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып өмір
сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – ол сәндік қолданбалы өнері.
Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз – тұрмыста қолданылатын көркем
бұйымдарды жасау болып табылады.
Сәндік қолданбалы өнер өз атауы көрсеткендей халықтың тұрмысында кең
көлемде қолданылады. Сәндік қолданбалы өнердің халық тұрмысында жиі
қолданылуы болса, екіншіден оның ұлттық сипатының айқын болуы. Ұлттық
сәндік қолданбалы өнердің ішінде бір түрі басым болу құбылысын байқау қиын
емес. Мысалы: кавказ халықтарының сәндік қолданбалы өнерінің ішінде метал
өңдеу, өзбектерде құмыра, қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің ішінде киіз
бен кілем тоқу ерекше дамығандығын байқауға болады. Сәндік қолданбалы
өнердің бұйымдары асқан шеберлікпен төзімділіктің, еңбектің арқасында
орындалады. Қол өнердің қайнар көзі – еңбек. Еңбек адамның іскерлігі мен ой-
өрісін ғана ескеріп қоймай, оның адамгершілігін дүниеге көзқарасын
қалыптастырып рухани сезімін байытады. Еңбек - өнер өрісі, өнер - өмір
жемісі дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін жас жеткіншектер сезінуі
қажет.
Сыныптан тыс уақытта еңбек саласы бойынша мектеп оқушыларының еңбекке
қызығушылығын және шығармашылығын ұйымдастырудың неігзгі формасы үйірме
болып табылады. Ол еңбектің нақты саласына жалпы қызығушылықты тудыратын
және осы салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті
оқушыларды біріктіреді.
Үйірме бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды
дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндіріс
жаңашылдарын ұсыныстаршылары мен өнер тапқыштарын, ғалымдарды және
инженерлерді ұжымда ұтымды тәрбилейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарды
реттілік, ұзақтық мерземе және белгілі профиль бойынша жұмыстары
сипатталады.
Еңбекке баулу сабағында кәсіпке баулу және өнімді еңбек, сыныптан тыс
жұмыстар барысында мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту,
оқытудың төменгі сатыларындағы сызбалық – еңбеке баулу жүйе негізінде,
ортаңғы және жоғарғы сатыларында жобалау негізінде орын алады.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың орындалуы, мұғалімнің жеке басына ,
оның жалпы білімімен оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс әрекеттерді
ұйымдастыра алуына байланысты. Осы айтылғандардың іске асуы және олардың
бір-бірімен үйлесімді жүгізілуі оқушының жан-жақты дамуына жол ашады.
Оқушыны жан-жақты дамыту – бұл олардың дене жағынан өсіп жетілуі,жан
дүниесінің байыппен рухани өсуі, қабілетімен дарынының анықталып ,кең
өрістеуі яғни моралдық қасиетінің қалыптасуы .Осылардың іске асырылуы
мектептің сыныптан ( сабақтан) тыс жұмыстарында кең өріс алуында.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушының бос кезінде, оның жан-жақты
жетілдіруін көздесе және бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді. Жұмыстар
мектептерде ұйымдастырыла бастайды. Сабақтан кейін де мектепте қалып түрлі
қоғамдық тапсырмаларды орындайды. Мұның бәрі тәрбиешінің бақылауымен өтеді.
Мұндай жұмыс жүргізуде тәрбиеші: оқушыны шаршатып, жалықтырып алмауы қажет.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарй оларды қызықтыратын жұмыстарды көбірек
жүргізу және жаңа ойын түрлерін үйретуді көбірек қарастыру қажет.
Зерттеудің мақсаты: мектепте сыныптан тыс жұмысты – үйірмені
ұйымдастырудың мүмкіндіктерін анықтау, сыныптан тыс жұмыстар барысында
мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Зерттеу міндеттері:
- сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен
принциптерін анықтау:
- сыныптан тыс немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру
әдістерінің жолдарын қарастыру;
- сыныптан тыс жұмыс түрлері немесе мектептен тыс мекемелер жұмысы мен
оқушылардың байланысын арттыру мәселелері;
- сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға педагогикалық орталықта білім
беруге және ұлттық өнерді қастерлеу мен қорғауға үйрету;
- сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушының білімі мен іскерлігін және
дағдысын қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу объектісі: 9 – сынып оқушыларына сыныптан тыс ұйымдастырылған
үйірме жұмысы
Жұмыс құрылымы мен көлемі: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды,
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Мектеп оқушыларына сәндік қолданбалы өнерін сыныптан тыс (үйірме
ұйымдастыру) оқытудың негіздері.
1.1. Технология пәні бойынша оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге баулу.
Сәндік қолданбалы өнері оқушыны еңбек процерімен таныстырып,
өнерқұралдарымен жұмыс істегу үйрете отырып, білімі мен шеберлігін
сабақтантыс уақытта үйірмеде, саяхат жасауда, мұражайларға бару және тағы
басқа әрекеттермен қалыптастырады.
Бұл пәннің оқушының білімділігі мен тәрбиесі тұрғысынан атқаратын
қызметін анықтасақ:
- оқушының шығармашылық ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және
мамандықты сапалы түрде таңдап алуға даярлау;
- қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің рөлін түсіну, өнер адамдарына деген
құрмет;
- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік,
қоғампайдасына шын нитпен, шығармашылық пен жұмыс істеу тілегі,
қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлық;
- еңбек мәдениеті мен оның ғылыми ұйымдастыру негіздерін үйрету және
қауіпсіздік ережелерін білу, сақтау дағдыларын жетілдіру;
- қолданбалы өнер мамандықтары бойынша оқушы блімі мен қабілеттеріне
сәйкес және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып мамандық таңдау.
Сәндік қолданбалы өнерде оқушылар негізінен кесте тігістері түрлеріне,
бастырмалы бұйымдар жасауға, тоқу ... .. тоқуға, тек тоқуға, ой-нақышты
әдіспен бұйымдар жасауға, құрақ тігуге, кілем тоқуды үйренеді.
Қолданбалы өнерге оқыту арқылы тәрбиелеу,
- өз аумағымыздағы, өз туыстары мен жақындарының өнер туралы ұғымдары
мен мүдделік ұжым қажеттерімен үштастыру ниетінде тәрбиелеу,
- Көрнекі құрал ретінде пайдалынатын өздері жасаған бұйымдарға көрме
экспонаттары мен мектеп мүлкіне аялы өзқарасқа тәрбиелеу;
- Сынып ұжымына, мектеп отбасы өмірі мен өз еңбегі, жеке тұрмыс салтына
әсемдікті енгізуге ұмтылдыру;
- Мінез-құлықтарға, тіршіліктен тұрмыстағы көріксіздікті айыптау
көзқарасын тәрбиелеу.
Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбиелеу, танымдық, белсенділік және ой
еңбегі және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеттері негізінен бұйымдар
жасау барысында яғни кілем эскизін жасау, кілем өрнегі тарихын білу
езеңдерді жүзеге асырылады.
Оқушылар бұл сабақтарда қалдық маталардан, ал кілем тоқығанда қалдық
жіптермен жұмыс істейді.
Сол жұмыс барысында қалдықты да үнемді пайдалануға, бұймдарды
тыңғылықты, қайта оралмайтындай, дер кезінде бітіруге дағдыландыру керек.
Өзінің және жолдасының жұмысына талдау жасай білуге үйрету, үй тұрмысына
қажет бұйымдардың дайынын сатып алу мен одан өзі жасағандағы үнемділікті
есептеп қана қоймай, оның ата-анаға қуаныш әкелетіні белгілі.
Қолданбалы қол өнері – түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де
тегіс тараған өнер. Әрұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қай
мемлекеттің аймағында болмасын, аға-ұрпақтың өкілдері өз халқының ою-
өрнегін, өнерін біледі, жастар арасында наихаттай алады.
Сәндік – қолданбалы қол өнері тек ою-өрнек қана емес, олар
математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерін, оң-түс сабақтастығының
қосындысы, жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.
Халық өнерін игеру – оқушыны еңбексүйгіштігіне, әсемдікке
талаптандырып халықтың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін
жалғастыра білуге баулиды. Әр сабақтың тәрбиелік мәні болу керек. Ол
сабақтың тақырыбына мұғалімнің сабақ өткізуі, ұйымдастыруы мен өткізу
тәжірибесін де байланысты. Әр сабаққа дайындалмас бұрын сол сабаққа
байланысты мәліметтер мен мысалдарды, мақалдарды баспасөз беттерінен қарап
жинақтау керек.
Сәндік қолданбалы өнері арқылы оқудың шығармашылық қабілетін
тәрбиелеудің алғы шарты мыналарды жатқызуға болады:
- шығармашылық қабілет деңгейін анықтау, топтау, бақылау қалыптастыу-
қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Оқушы мүмкінділігіне шығармашылық тапсырмаларды әдістемелек тұрғыда
жүйелі түрде орындау.
- Шаығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен
қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
- Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін тәрбилеудің кезең бойынша сатылы
дамыту.
- Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу мүддесін тәжірибе негізінде жинақтау
зерттелініп, отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

1.2. Оқушыларды қол өнерге баулуда сыныптан тыс сабақты ұйымдастыру.
Оқушылардың шығамашылық дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс
жұмыстардың мақсаты өте зор.Сыныптан тыс мектептегі бай рухани өмірді
қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс
жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық
пайдалануға , дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық
қызығушылығын қалыптастырып дамытуға байланысты қарастырады.
Сыныптас тыс жұмыстар оқ жоспарына сай оқушылардың білім дәрежесін
толықтырушы және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы,
оқушылардың дербестік қасиеттерін дамытушы құрал ретінде қарастырады.
Сыныптас тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігіне оқушылардың
шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру мұндай ерекшелік мынадай жағдайда
байқалады.
- оқушының іс-әрекетте нәтижеге жетуіне сенімділігін қалыптастыруда.
- Шығармашылық ой-өрісін кеңейтуде
- өзіндік жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуында
- дербес жұмыс істеу дағдысын жетілдіруде
- дүниетанымының интелектуалдық, эмоционалдық, еріктік бөліктерін
қалыптастыруда.
- Оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастыруда
Сынып тыс жұмыстар арқылы шығармашылық дербестігі қарыптастыру бір
жағынан оқу үрдісінде қызымет етсе, екігші жағынан тәрбиелік ықпал
жасауды күшейтері.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұны әр түрлі өзгерістерді, дағдыларды
жетілдіруге бағытталады. Олар оқу оқу дағдыларын жетілдіреді, өзіндік
жұмыс ұйымдастыруда іздемпаздығын , дербестігін, танымдық біліктерін
дамыту, этикалық нормаларды сақтау іскерлігін меңгереді. Сонымен тыс
жұмыстардың іс жүзіндік жағы басым болғандықтан , олардың мазмұнын
оқушылардың шығармашылық іс - әрекеті бағыты жағынан қарастырып,
соған орайластырылған жөн.
Ол үшін сыныптас тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген
түрлері мен әдістерін іріктеп ала берудің маңызы зор.
Сыныптас тыс жүргізілетін жұмыстар пәнннің негіздерін оқушыларға
үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,
мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі
жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып
жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қою жеткіліксіз, оларды сабақ
үстінде де, сыныптас тыс жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге
тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге тәрбиелеп, өз беттерінше
білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс
жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты
қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен
тереңдете алатын жағдайға негіз қалау қажет.
Сыныптас тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі
болуы керек. Оқу тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың
өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге,
жеке пәнге деген құштарлығын дамыту. Содай –ақ оларды қоғамдық пайдалы
еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандыққа
игеруге әзірлеу.
- мұғалімдердің негізгі міндеттері:
- сондай –ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп әсерлі баяндауы,
тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын
қисындырып енгізіп отыруды оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып
қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке
оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай
етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді
меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезде сабақты мазмұны
мен мұны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық
іс - әрекетін дамытатындай. Әрбір жақсы материалды жүйелі меңгеретіндей
етіп құрылған жөн. Осы мәселелерді бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының
ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәндерін білімін дамытып қана қоймайды,
оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің
ерекшелігімен қатар өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де ұжым
алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыеыптан тыс
жұмыстары жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттеріде
көрсетіледі. Бұл үйірме мүмкіншіліктердің арасында ұжымдық сезімді
тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады.
Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып
қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға
қарапайым құралдарды қарастырудан бастап пән кабинетін толық жабдықтауға
дейінгі жұмыстар жатады. Осыған қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық
сипаты мен қажетітілігі айқын көрініп тұрады. Мектеп тыс ұйымдар жеке
тұлғаның дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, балалардың шығармасын
еңбегіне ,олардың қабілеттерін жүзеге асыруға, қоғамда өмір сүруге
бейімделуіне, азаматтық сана сезімдерін, жалпы мәдениетінің қалыптасуына,
салауатты өмір саятына, бос уақытының мазмұнды ұйымдастыруына жағдай
жасайды.
Еліміздегі мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру және бос
уақытты, ұйымдастыру қызметтерінің бірнеше негізгі бағыттары бар. Балалар
мен олардың ата-аналар арасында кең тараған бұқаралық шаралардың бірі
көркемдік – эстетикалық бағытта қосымша білім беру. Мақал өнер көркем
шығармалары арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты қалпына келтіруге
мүмкіндік туғызатын азаматтық рухани тәрбиесі беріледі.

1.3. Үйірме сабағында. Оқушыларға білім іскерлік және дағдыны
қалыптастыру.
Үйірмедегі сабақтарда, іс -әрекеттерді оқушылардың бос уақытын тиімді
ұйымджастыруға мүмкіндік туады. Олардың қабілетін аенықтауға және дамытуға,
әр техникаға қызығушылығы артады.
Іс -әрекеттің бұл түрі көбіне орта және келешек жастардың оқушыларды
қамтиды. Ал төменгі сынып оқушылардың Шебер қолдар үйірмелеріне қатысып,
әр түрлі бұйымдар жасаумен айеалысады. Бастауыш сынып оқушыларының ауыл
шаруашылығы өсімдіктерін өсіру жөнінде қарапайым тәжірибелер жасайды, және
үй жануарларын күтіп ьбаптайды. Алайда көркем шығармашылық және тәжірибе
жұмыстарын ең күрделі түрлері мен тек жеткіншіктермен жоғарғы сынып
оқышылары ғана айналысады.
Соңғы жылдарда техникалық және ауыл шаруашылығы үйірмелерінің жұмыстарын
көру дамуының үлкендердің тапсырмаларын жай орындай салу тендециясы
тәрізді кемшіліктер жайылып келеді. Оқушылар барған сайын шығармашылыққа
араласа түсуде. Көптеген үйірмелерде ізденіс, өнерпаздық, аухалт орнаған
оқушылар өз идеялары мен жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылады. Мұның өзі
оларды өз білімімен еңбек етуге дайындауға, болашақ мамандықты саналы, әрі
ойлап таңдауға көмектеседі.
Осы тәжірибе өндірістік арнайы үйірмелерін ұйымдастырудың орынды екенін
көрсетіп отырды. Оқушылар мұндай үйірмелерде әр түрлі жұмысын игеру мен
ынталы түрде айналысады. Мұнда қажетті білім алып қана қоймай, сонымен
бірге түрлі мамандық та алып шығады. Оқушылардың еңбекке және
ауылшаруашылығын үйірмелеріне белсене қатысуы – кәсіптік бағдар берудің
құралы болып табылады. Мұндай үйірмелермен ғылыми қоғамдарда кәсіптік ынта
мен қабілеттер мейлінше ойдағыдай дамиды, кәсіптік бағытын қалыптастырады.
Еңбек мамандығын игеруде қажетті дағдылармен шеберлік жетіледі.
Педагогикалық ғылыми озат мектептердің тәджірибесі, ұжымдық еңбекті
ұйымдастыру әдістемесінде мыналардың аса смаңызды екенін көрсетеді.
Еңбекке бағытпен әзірлену (оқушыларды пайдалы істерді Барлауға
қатыстыру алдағы әрекеттің мақсаты мен маңызын түсіндіру жұмыс жолдарын
талқылау, алға қойылған мақұсатқа жету, тәсілін белгілеу, жұмысқа жауапты
адамдарды бөлу.
- жұмысты ұйымшылдықпен бастау (міндеттерді бөлу және күштерді
орналастыру еңбек әрекетіне қатысушыларға нұсқау беру)
- оқушылар еңбегін көтермелеу ( жарысты ұйымдастыру, таңдауларды
көтермелеу, еңбек әрекетіне ойын элементтерін енгізу)
- еңбекті дұрыс ұйымдастыру, жұмыстың негізгі кезеңдерге бөлу, еңбекпен
демалысты алмастырып отыру, өзара көмекті ұйымдастыру.
Жұмысты ұжымдық формасына бағдар ұстау, еңбектің ең тиімді тәсілдерін
енгшізу, оны ғылыми ұйымдастыру.
- еңбек әрекетінің нәтижелерін объективті түрде, әділ бағалау атқарылған
жұмыстың нәтижесін есептеу, оның қоғамдық мәнін бағалау тәрбиелік
тиімділігін анықтау.
Сыныптан тыс уақытта еңбек саласы бойынша мектеп оқушыларының еңбекке
деген қызығшылығын және көркем еңбек шығармашылығын ұйымдастырудың
негізгі формасы үйірме болып табылады. Олар көркем еңбегінің нақты
саласына қызығушылықты тудыратын және осы салада практикалық іс -
әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.
Үйірме бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды
дамыту, бейімділікпен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ
өндіріс жаңашылдарын ұсынысшыларымен өнер табысшылары, ғалымдарды және
инженерлерді ұжымды ұтымды тәрбиелейтін орын, әрбір үйірмедегі сабақтарда
реттеліп, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.
Көркем өнер үйірмесінің мақсаты: халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып
келе жатқан өнер туындыларын дәріптей отырып олардың бойына ізгі
қасиеттерді дарыту, еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, өнерді
қастерлеуге мұны тани білуге, жасай білуге үйретеді.
Оқушылар үйірмелерге жүйелі түрде қатыстырылып білім мен танымдық
қасиеттерін толықтырумен қатар төмендегідей қосымша дағдыларды меңгереді;

- өз жұмыс орнын ұйымдастыра білу, құрал саймандарын күту.
- күнделікті ағымдағы жұмыстарын өз бойынша жоспарлау.
- алдына мақсат қойып, оны орындау жолдарын іздестіру, талдау және оның
орындалуына бақылау жасау.
- Ұжымдық еңбекте сапалы түрде жұмыс жасай білуге бірлесе ынтымақты
еңбектерге үйренеді (түсіндіру, дәлелдеу, жолдастық көмек көрсету).
- Бірлікпен жұмысты талдап, салыстырып жүйелеп, нақтылар, негізгі
бөлігін қосалқысын ажырата алады.
- Жұмыстың дұрыс орындалмау себептерін анықтап, өзінше ізденуге
мүмкіншіліктер алады, алдына нақты мәселе қояды, оның шешімін табуға
әрекеттенеді.
- Үйірме жұмыстарында оқушылардың мынадай қабылеттері дамиды.
- Жұмыситы жоспарлауға, канспекті жасап, қортындысын жазып сөздікпен,
энциклопедия, каталог кестелермен жұмыс жасауға жаттығады.
- Еңбектің ән-күйінің, спорттың құралдарымен жұмыс жасауға тетіктерінің
аталуымен жұмысқа қосу ережелерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Пәндер