Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2 - 4 І тарау. Бастауыш мектептің оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздері.

  1. Пәнаралық байланыс туралы түсінік . . . 5 - 18
  2. Бастауыш мектепті оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мүмкіндіктері . . . 19 - 28

ІІ тарау. 2 - сынып оқушыларына еңбекке баулу пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

2. 1 . Еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік стандартын, бағдарламасын, әдістемелік құралын, талдау озат мұғалімдердің іс тәжірибесін талдау . . . 29 - 33

2. 2. 2 - сынып оқушыларына еңбекке баулу пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыстың нәтижесі . . . 34 - 49

Қортынды . . . 50 - 51

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 52 - 53

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі:

Қазақстан мектептері өз жылнамасында қайта құру, жаңарту тәрізді сан алуан кезеңдерді басынан өткізді. Ұзақ уақыт бойы басқаша болған педагогтармен мектеп тәрбиешілері және жоғарғы оқу орындары үшін жұмыс күрделі болды. Еңбек пәні сабақтарында ескі жүйе жұмыс істемей бүгінгі білім берумен тәрбие жұмысы жаңа бағдарлануды талап етті. Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім жүйесіне үлкен жаңалық және салмақтық жауапкершілік әкелді. Бұның өзі білім беру заңына, бағдарламаларға, жаңа буын оқулықтарына әлі де терең үңіліп, өзгертулерді енгізуді талап етеді. Білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге бүкіл халық ат салысуда. 1 - наурыз 2006 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауында: Бүгінгі білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру, Қазақстан халқының мәдениетін өркендету және экономикалық, қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет деп көрсетті.

Білім беру реформасы Қазақстанның - бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі екенін анықтады. Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болуы керектігіне зер салып ойлау мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғыдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру нені қайта қарап өзгерту керектігі туындап отыр. Олай болса осы айтылғандардың аясында кезегін күтіп тұрған және бұрыннан мүлде еленбей келген, ендігі жерде ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе мектепте жүргізілетін еңбекке баулу сабағы.

Бұл сабақтың жас ұрпаққа берері мол. Ұлттық мәдениетімізбен өнерімізді көркейтуге өмірдегі сұлулық пен көркемдікті тануға мамандықты таңдап алуға, заттардың ерекшелігімен қасиетін түсініп үйретуде, жалпы алғанда еңбекке баулу пәнінің маңызы зор. Еңбекке баулу пәні баланың туындысынан табиғатында бар таланты болса, оның көзін ашып жетілдіруге көмектеседі. Баланың өсіп - өнуінде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осындай үлкен мәні бар еңбекке баулу пәніне бүгінге дейін зер салып көңіл аударылуы жеткіліксіз. Еңбекке баулу сабағында бала қоршаған ортаны қабылдап, өздігінен әр заттың қасиетіне және ерекшелігіне көңіл қою үшін зерттеу жұмысына тақырып етуіміздің бірінші себебі осы. Мектеп өмірінде басталған мұғалім ретіндегі жұмысымда сабақтың нәтижелі болуы, еңбекке баулуда дұрыс жолын пәнаралық байланыс арқылы меңгерту баланың көркемдікті қабылдауына байланысты екендігіне әбден көз жеткендік екінші себеп болды. Еңбекке баулу пәнін оқытуда көзделетін мақсат оқушыларды еңбекке ынталы етіп тәрбиелеу, қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға биік талғам тұрғысына қарау табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге баулу. Осы тұрғыдан пәнаралық байланысты оқытудың тиімділігін зерттеген авторларда баршылық. Еңбекке баулу пәні арқылы оқушылардың жеке басын дамыту мәселесін ұлы ойшылдар Сократ, Әл - Фараби, Абай, Аристотель сияқты философтарымыз зерттеген. Уақыт өткен сайын жас жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде психолог педагогтардың да еңбектері айрықша болды. Я. А. Коменский, А. С. Макаренко, М. Жұмабаев, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин. Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын зерттеу мен қатар көптеген ғалымдар орасын зор көңіл бөлуде. Мысалы, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов т. б. болды. Республикамызда соңғы жылдарда жарық көрген мемлекеттік құжаттарда «Білім туралы» заңдарда (1999ж. ) Мемлекеттік білім бағдарламасында (2000ж. ) болашақ қоғам мүшесі келешекте оның белсенді қайраткері болатын жастармен, оларды білім алып дамытумен айналысатын мамандарды білімді де парасатты, шеберде іскер етіп даярлауға көңіл бөлу керектігі атап айтылған. (20, 2)

Ғасырлар өткен сайын өмір талаптарына сай ұрпақ оқытып тәрбиелеу туралы ойлар өз жалғасын тауып, психолог - педагогтардың еңбектерінде орын алып отырған. Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, А. Г. Ананев, А. Н:Леонтьев, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, А. Н. Лук, Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев т. б. ғалымдар еңбектерінде бастауыш сынп оқушыларының еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралық байланысқа қызығушылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтаған. Бүгінгі білім беру саласына түбегейлі енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде десек те қазіргі заман талабына сай, бастауыш мектептің оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздерін қалыптастыруды жетілдіріп қана қоймай оны түрлендіре дамыту келелі мәселе ретінде қаралып көңіл бөлуді керек етеді. Білім берудің мазмұнын жетілдіру мәселесі осы тұрғыдан әлі де болса толық шешлімеген, енді ғана ғалым педагогтардың еңбектері, қазақ авторларының қазақ мектебіне арналған оқулық бағдарламаларының жарық көріп отырғанын айтуға болады.

Осы көкейтестілікке сәйкес диплом жұмысымның тақырыбын «Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру» - деп алдым.

Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Білім және Ғылым министрлігінің оқушылар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына, әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне танымдық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты, еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралық байланыстың міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Зерттеудің пәні:

Бастауыш сыныпты оқыту процесінде еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздері.

Зерттеудің объектісі:

Бастауыш сыныпты оқыту процесі.

Диплом жұмысының мақсаты:

Бастауыш мектепте «Еңбекке баулу» пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын зерттей отырып, нәтижелерін анықтау.

Мақсаттан туындайтын міндеттер:

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру жағдайлары мен деңгейлері.

2. Еңбекке баулу пәні сабағында оқушыларға пәнаралық байланыстың жұмысын жетілдіру жолдары.

3. Оқушылардың 2 - сынып оқушыларына еңбек пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыстың нәтижесі.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, оқулыққа, бағдарламаға, әдістемелік құралға теориялық талдау жасау. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін оқып үйрену, оқу процесінде пәнаралық байланыстың нәтижелерін бақылау.

Зерттеудің базасы:

№ орта мектеп, 2 - сынып.

Димлом жұмысының құрылымы:

Кіріспеден, 2 - тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Бастауыш мектепті оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздері.

1. 1. Пәнаралық байланыс туралы түсінік

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыданда көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов, т. б. болды.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен - бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен - бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде құрастыру оны тұлға деп түсінуі философия ұғымына жатады. Тұлға - нақты тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен қоғамның ара - қатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Осыған байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға - белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағы бірігуінің нәтижесі.

  1. биогенетикалық нышандар;
  2. әлеуметтік қатынастар;
  3. психоәлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуінің нәтижесі.

Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі консепциялық көзқарас бар:

  1. тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;
  2. тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы;

Философия ғылымы тұлғаны атқаратын роліне қарай сипаттамай, мәніне қарай сипаттау, бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп адамның өзіндік санасын, мінез - құлқымен ерік күшінің қайнар көзін белсенді іс - әрекеттің субъектісі екенін анықтап береді. Тұлға - адамның қоғамдық қатынастарымен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрнісі, дүниені танып білудің және өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға - әр дайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылыми техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миымен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам - бір тұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір - бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады. Адамзаттың қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қасиетті шарттарының, жағдайлардың болуына байланысты.

Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім системасында философияны алатын орнын анықтау ғылымен философияның шыққан тегі, түп - тамыры бар екенін көрсетеді. Философиямен арнайы ғылыми білімнің ара қатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғаруға болады.

  1. Ертегілердің алғашқы бір тұтас білімдерінің жиыны барлық пәндерді қамтитын философия деп аталды, бұл алғашқы білім, ғылым бастамаларында философия бастамаларында қамтыды.
  2. Білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы; бұл процесс көптеген ғасырлар бойы әсі- ресе XVII - XVIII ғасырларда жылдамдата жүрді.
  3. Бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып олардың біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.

Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге нақтылы шындықты түсіну кезінде көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы дүние таным қалыптасты. Адамгершілік, батырлық байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану - сезіну мен түйсінуге сүйсініп, қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнені қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құүбылыстардың бірі мен бірінің өзара байланыстылығы болып отыр. Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір - бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті - дара байланыстылықты танып - білу. Ең басты қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқудың өзекті мақсаты диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндірумен шектелмей, пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Пәнаралық байланыс кезінде материалдың өзара байланысын, бір - біріне тигізетін ықпалын ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір - бірімен сабақтастыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеу тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне өмірлік - құндылық бағдарына, мінез - құлқының қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам табиғат, адам арасын пәнаралық байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы педагог ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Филосов М. Орынбеков Абай философиясының негізі адам проблемасы екенін ашық көрсеткен. Абайдың уағыздағаны адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық. Абай аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқу - ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. әсіресе қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру Абай шығармалары мен ой - пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. (16, 29) Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орнына жетпейді. Осындай тәлім - тәрбиені мұғалымдер сабақ өту үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру арқылы оқушыға жеткізе алады. Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығына гөрі рухани байлығын дәріптеген. Ғұлама ақын тұлға арасындағы қарым - қатынасты, тіл байлығын, ақылдылықпен - тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көз қарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адаммен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр. Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады.

Сондықтанда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің бір - бірімен байланыс бар. Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір - бірімен байланыстылығын философта да ерекше атап көрсеткен. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыр. Пәнаралық байланыс кезінде оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдануына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптасыруда білім мазмұнының тиімділігі, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді.

Қазіргі кездегі білім беру ғылымның, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланыс, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда.

Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я. А. Коменский, Д. Ж. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоций, И. Ф. Гербарт пәнаралық байланысты педагогикалық ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызды. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруге табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын, дүниетанымын дұрыс қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған. Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім берумен оқыту талаптарының бірі. Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдермен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс қажеттігі туындайды. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер олардың білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінді біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады. Дүниеге көзқарас дегеніміз - адамдардың, жеке адамдардың іс - әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір - бірімен көп салалы байланыста болатын объектілермен құрылыстардың жиынтығы болса, дүние танымның негізі дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүние таным әр түрлі білімдерді игеру барысында, сонымен бірге күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.

В. Скакун пәнаралық байланыстағы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістерімен құралдарын пайдалануда әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашуға, қоғамдық құрылыстың өмірімен байланысына, оқушылардың танымдық белсенділігін өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға көп мән берді. Пәнаралық байланыстардың тәрибиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық - материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірін әлемнің тұтас бейнесі, ондағы адамның ролі мен орнын құрайды.

Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүние танымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс болғандықтан пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек.

  1. оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде әрдайым пайдалану.
  3. мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізіуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етуі.
  4. мұғалімдерді оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білуі.

Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру да дамушы жеке бастың психологиялық құрылымының ішіндегі, оның тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттер нақты айтқанда көңіл күй, ерік, зеиін, сол сияқты қоғам тәжірибесі білім мен білік дағдылар, әлеуметтік бағыт, қызығушылық қабылет түрткі, сенімдермен бірге дүние танымда ерекше құрылым бөлігі болып саналады. Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымын қалыптастыруының басты құралы іс - әрекет болып табылады. А. А. Люблинская: «Адамның іс - әрекет бүтіндей тізбек немесе практикалық ақыл ой әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады», - деп тұжырымдайды. Яғни әр түрлі іс - әрекеті арқылы жеке тұлғалар қарым қатынасқа түсіп, қабілеті, мінез құлқы жетіліп, дүние танымы қалыптасады. Адамның өмір жасын анықтауда іс - әрекет негізгі роль атқарады. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері бастауыш мектепті дамытуға зор үлес қосқан ғалым А. Ахмет Байтұрсынов адам кішкентай кезінен бастап - ақ өзін қоршаған ортаның неден тұратынын таным - біліп, оқып үйренуі керек екеніне көп назар аударды. (16, 6() Балалардағы дүниетанымның қалыптасуы қоршаған ортасын танудан басталатындығын айта келе соны танып білуде ақыл оймен білім қажетін анықтап көрсетеді.

А. Байтұрсынов ұлттық рух, халықтық дәстүр ата - баба тағлымы, ұрпақтар сабақтастығы мәселелерін қамтыған, бастауыш мектеп жасындағы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың нақты жолдарын көрсетіп кеткен ойшыл ғалым әсіресе ана тілі арқылы ұлттық өркендеу, танудың маңыздылығын дүние танымдық, мәдени әлеуметтік тұрғыда түсіндіру кезінде туған ананың ақ сүтіне, туған халқының кәусарына, өз ұлтының өмір салтына қанбаған адамның қадірсіз болатындығын анық көрсетіп жазған. Атақты қазақ педагогы әрі біртуар ақыны М. Жұмабаев бала дүниетанымын қалыптастырудағы білім мен тәрбиенің орнын және маңызын сипаттап берді. Оның «Бала тұрмыспен көзбе - көз таныссын, жан - жануардың тұрмысын бақыласын жанында көп білім болсын, жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм бала болмақ», - деп жазған тұжырымыда осыған дәлел. (10, 7)

Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа - тұс келетін Ж. Аймауытовтың оқудың күнделікті өмірімен, қоршаған ортамен байланысына қатысты тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып тәрбиелегенде затты, құбылысты көрсете бақылата отырып табиғат аясында берген білімнің тиянақты әрі мәнді болатындығын дәләлдеді. Ғалымның «Тәрбиеге жетекші, психология және өнер таңдау, қазақша ой таныту әдістері т. б. еңбектерінде де сауатсыздықты жою, келешек ұрпақ тәрбиесі, ана тілі мәселелерін шешудің жолдарымен қатар, қазақ балаларының дүниетанымын қалыптастыру бағытындағы тұжырымдар жасалынады. Мәселен дүниедегі шындықты қоршаған заттармен құбылыстарды тану үшін ұғым пайда болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына көрген білгендерді таңдау, іріктеу, игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін нық көрсетіп берді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және оларды оқыту барысындағы білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Оқытудағы құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz