Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың ғылыми - теорялық мәселелері.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын оқу процесі барысында белсендіру жолдары . . . 7
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңызы . . . 24

П-ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуда қазақ тілі пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығынқазақ тілі сабағында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы дамыту . . . 31
  2. Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- танымдық қызметін дамытудың жолдары . . . 51

2. 3. 3-сынып казақ тілі сабағынан сабақ үлгісі . . . 60

Қорытынды . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65

Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін көптеп жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тэрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Жалпы білім беретін мектептерде дамуында оң өзгерістер байқалады. Оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті орындар көбеюде.

Қазақстан Республикасында «Білім туралы заңында» «Білім берудің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау» - деп көрсетілген. Жастарға білім беру жақсарту мәселесі қойылса, бастауыш мектептің негізгі қазығы болып табылады.

Оқушылардың білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, жеке басының касиеттерін дамытатыны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады. Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, танымдық әрекетті негізінде оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптасады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері меы нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет-оқушылардың сабақққа деген қызығушылығын арттыра білу.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында айқындала түседі. Осыған байланысты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруды, оны тиімді басқару және дамыту әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық психолгиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғапа емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. Оқушылардың танымдық қызығушылығып арттыруда әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу, даму дағдыларын қалыптастырады.

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін кезең. Бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі-оқытатын пәнге қызығуын арттыру. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Қызығу дегеніміз нс? Қызығушылық қалай пайда болады? деген сұрақтар туындайды.

Мектеп оқуышларының қызығушылығын қалыптастыру мәселесіне педагогтардың психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбктері арналғап. Оларда ең көрнекті ғалымдар мыналар: Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт, У. Мак Дугал, Л. Аристова тағы басқада ғалымдардың еңбектерін айтып кетуге болады. Әр түрлі танымдық қызығушылығының ерекшеліктері жөнінде зерттеу кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Айтып кетер болсақ ол ғалымдарымыз: М. Беляева, Қ. Романова, Р. Римбург, Л. Гордон тағы басқада ғалымдарымызды айтып кетуімізге болады.

XIX ғасырдың екінші жартысында XX ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар: Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, А. Құнанбаев ағартушылық педагогикалық мұралары. Қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушы Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев сияқты психологтар, оқу танымдық қызығушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р. Жолдасқызы, Қайырбекова сияқты педагогтар бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Дамыта оқытуды Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен бұл мәселе оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту жолдарын зерттеуді қажет етеді.

Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең бастысы ерекшелігі оқушының үнемі жаңа дүниеге енуімен және әр бір жаңа әрекеті игерумен, әр дайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға дсген құлшынысын оятып, ақыл-ойының жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті, танымдық қызығушылықты арттырудың маңызы жоғары.

К. Д. Ушинский оқушыны сабаққа тарта білу, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне аса көңіл болді. Оның ойынша оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізген оқушы бойындағы білім алуға деген қызығушылықты жояды.

Демек біз алып отырған тақырыптың өзектілігін айта келе, әлі де болса тақырыпқа зерттеу жүмыстарын тереңірек жүргізу арқылы дамыту. Бастауыш сыныпта сабақ беру барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын зерттеу әлі де болса қолға дұрыс алынбай келеді және де бірнеше қайшылықтар бар. Сондықтан «Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары» деп таңдау себебіміз болды.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні. Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске-асыру жодарын анықтау. Қазақ тілі сабақтарында оқушының танымдық қызығушылығын дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздерінанықтау.
  2. Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтарында оқушының танымдыққызығушылығын арттыруда өзіндік жұмыстарды, жаңа тиімді қолдану жолдарын қарастыру.
  3. Бастауыш мектептің 3- сыныбы бойынша қазақ тілі пәнін оқытубарысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық әдіс-тәсілдерді талдап көрсету.

Зерттеу әдісі: Ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау, озат педагогикалық тәжірибелерді сараптау және бақылау.

Дипломдық жұмысының кұрылымы: кіріспеден, тиісті параграфқа бөлінген екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

І-ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыллрының танымдық қызығушылықтарын оқу процесі барысында белсендіру жолдары

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген мерзімдік міндеті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемелкетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениетті саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетіне қызығушылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын және жеке тұлғаны қалыптастырудың ісіне ерекше мән берілуде. Бұл жерде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қызығушылығын арттырудың білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор.

Айта кететін болсақ бастауыш сынып оқушыларының танымын, қызығушылығын қалай арттырамыз. Таным дегеніміз не? Дамыту дегеніміз не? Қызығушылық дегеніміз не?

Таным-жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы. Таным жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұнымен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.

Оқудың теориялық әдіснамалық негізі-материялистік таным теориясы. Бұл теорияға орай әлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным- бұл қоршаған болмыстың, оның элементінің белсенді ақыл-ой және көңіл-күй іс-әрекеті мен олардың нәтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі. Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы тікелей байқап, сезуден бейнақы ойлауға, одан практикаға өту.

Таным теориясының мәселелерін философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесімен алғаш айналыса бастағына ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Дристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелер мен айналасатындар Ф. Бэкон, Р. Декарт, Дж. Локк, И. Кант, Спиноза, А. И. Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты. Таным проблемалары марксистік фиолософияның басты мәселелердің бірінен саналады. Материялистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәндәнуші немесе оны теріске шығарушы философиялық ілімдердің қиынсыздығын алып көрсетеді, Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гнесологиялық) -спектицизм (күмәндәнушылық) деп атауға болады. Олар ертеде осылай аталған еді, ол XIX ғасырдың агностицизм деп аталатын болды. Ертедегі грек философ тары Пиррон, Энесидем, Секст Эмпирик ақиқатқа жету мүмкін емес деген қорытындыға келді. Ертедегі скептиктер сезімдік қабылдауда, логикалық ережелерде заттарды танып білуге мүмкіндік бере алмайды, сондықтан білімнің бәрі бар болғаны сенім ғана деп дәлелдеді. Әр бір дұрыс ойлаушы адам дүниедегі заттар мен құбылыстарды тану, білу әр дайым сезім мүшелері мен қабылдаудан, тікелей сезуден, нақты нәрселерді бақылаудан басталатынына күмән келтірмейді. Бір нәрсені танып білу үшін біз алдымен танып көреміз, оның қасиетін, белгілерін анықтаймыз. Дүниені танып білу ең алдымен сезімдік қабылдаудан басталады. Сезім мүшелерінің көмегінсіз біз ештеңе біле алмайтынымыз бізге мәлім. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формасы түйсік, қабылдау, елестету) процестері жатады.

Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер етстін объективтік дүниенің заттары мен нәрселердің жеке қасиеттері мен сапаларының бейнеленуі. Түйсіктер: көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері бар. Организмнің ішкі мүшелерінде болып жататын процестерді түйсіну-органикалық түйсікке жатады. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі болып табылады. Қабылдау түйсіктері негізінен туады. Сезімдік танымның үшінші формасы елестету деп аталады. Елестету бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекті бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі. Бұрын сақталған бейнені есте сақтап керегінде қайта жаңғырту. Тікелей байқау процесінде, түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандайда құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақы ойлау әрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтағанда, түсінік, пікір ұғымдарыды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуде мүмкіндік береді.

Таным теориясының мазмұны мен зерттейтін адамдар өмірінің барысы, оның тарихи дамуының логикасы. Таным- қоғамдық тәжірибенің дамуымен тәуелді адам ойлауында шындықтың бейнелеу және қайта жаңғырту барысы, нәтижесі әлем жайлы жаңа білімдер болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған таным-оқу тәрбие барысының мәнін кұрайды.

Танымдық белсенділік - тұлғаның әрекеттік күйі, білімді меңгеру барысында оқуға ұмтылумен, ақыл-ой кернеуімен, еріктік күш-жігерімеи көрінеді.

Қызығушылық -дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерін бір көрінісі.

Қызығушылық кезінде адам бір нәрсеге қызығып соған зейін аударады. Өзіне тартып, құмартатын нәрсенің бәрі қызығушылықтың объектісі болып табылады.

Қызығу- пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамның белсенді танымдық бағьгггылығы.

Балалардың жақсы оқуына, оқығанның жақсылап ұғып алуына, оқушыларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді енгізуіне ықпалы зор.

Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізінде әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан. Жас бала не нәрсені болсада білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді.

Оқушы бойында бір нәрсені танып білуге деген немесе танымын, ой-өрісін кеңейтетін материялдарды игеруге деген қабілетті болған жағдайда ғана танымдық іс-әрекетке оң көзқарасы қалыптасады, қызығушылығы оянып, дамиды. Таыымдық қызығушылық жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналуы үшін осы ғылыми негіздердің іргетасын мұғалім қалауы керек.

Қызығушылық құбылысының табиғаты өте күрдслі. Ол ең алдымен, өзінің тікелей жағынан түрліше болады. Бір адамның қызығушылығы жан-жақты кең болып келсе, екінші адамның қызығушылығы өте таяз, тар болып келеді. Адамның іс-әрекеті көзқарасы мен талғамына, мұрат мүддесіне байланысты қызығушылығы әр түрлі болады. Мүмкін осылардың ішінде біреуі басыңкы болды . Мұндай қызығушылық еңбек, оқу іс-әрекетінде өте қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда адам өз іс-әрекетінен нақты нәтиже ала алады. Қызығушылық өзінің мазмұнымен бағыты жағына қарай: материялдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, танымдық, эстетикалық болып сараланады. Адам объектіге түрлі мақсат қойып қызығады. Осы тұрғыдан қызығушылық тікелей және жанама болып бөлінеді.

І. Тікелей қызығушылық айналадағы заттардың тартымдылығынан тұрады.

2. Жанама қызығу- бұл әрекеттің түр нәтижесін көксеу.

Оқушылардың танымдық процестеріне мыналар жатады: қабылдау. ес,

елестету, ойлау, зейін, қиыл, ерік-жігер. Танымдық процестердің негізгі

салалары арқылы баланың қызығушылығын арттырады.

Түйсік бізге тікелей әсер етіп тұрған заттар мен құбылыстар жеке қасиеттері мен сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесс. Мұның басты ерекшелігі; дүниені танып білу, түйсіктен басталады. Сондықтанда психологияда түйсіктерді дүниетанудың алғашқы баспалдағы дейді. Түйсік арқылы алынған танымның дұрыстығы тәжірибе жүзінде тексеріледі. Түйсікке соқпай, оны аттап өтіп дүние танымайды. Түйсіктің дамуы адамның танымдық іс-әрекеттерінің қажеттік шарты ғана емес, ол сонымен бірге адамның басқада іспеттес сезімдерінің дамуының да қайнар көзі. Ал, қабылдау түйсікке қарағанда күрделі процесс. Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның тұтастығы. Қабылдау ойлау мен тығыз байланысты. Объектілердің мазмұны ойлау, белгілі тұжырымдар мен сөзі арқылы аталып толық қабылданады. Затгар мен құбылыстар мағыналылығы және оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады. Ес адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс оның есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту сияқты өзіндік процестері.

Ойлау және сөйлеу - сыртқы дүниені толық тануға, қабылдау, ес, елестету және қиял жеткіліксіз. Заттар мен құбылыстыардың миымызға жалпылай және жанама түрде сипатталады. Сөз арқылы бейнеленуін ойлау дейміз. Абстракті ойлауға және одан практикаға көшу-ақиқатты танудың диалектикалық жолы осындай ойлаудан таным сатысы ретіндегі айрықша ерекшеліктерінің бірі-сөзбен тығыз байланысты. Ойлау мен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы беріледі. Адам дүние құбылыстарын тани отырып, бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы бейнеленіп, түрлі сөздермен жеткізеді.

Зейін адам санасыныц барлық жақтарын қамтиды, оның психикасын белгілі объективті бағыттап шоғырлаыады. Зейін адамның сырт пішінінен, еш қиындықсыз-ақ көзге түсетін жэне одан адамның қаншалықты зейінді екенін жөнінде қорытынды жасауға болатын жүріс-түрыс қалпынан мимикадан білініп тұрады. Зейін қалпы қимылдың тежелуінен, сезім мүшелерінің объектіге бағытталуымен сипатталады. Тұрпат ойга шомғандығын білген кезде көз осы кеңейеді. Мұндайда: « Адамның көз қарасы еш нәрсеге қатыссыз» дейді.

Педагог балалармен жұмыс істеу тәжірибесін байыта отырып балалардың бет әлпетіне, дене қалпына қарап олардың зейіннің басқа жаққа ауа бастағанын дер кезінде байқауға дағдылануы және олардың сабақ барысынан тыс қалуына жол бермей сілтеп отыру қажет.

Зейінің психикалық әрекеттегі ролін атап айта отырып; « . . . зейін-адамның жан дүниесіне сыртқы дүниеден енетіннің барлығы да өтетін есіктің дәл өзі» деген К. Д. Ушинскийдің сөзін есімізге аламыз. К. Д. Ушинскийдің зейіннің ролі туралы осыдан 100 жылдай бұрын айтқан ойы бұл күндерде жастарды оқыту практикасы мен психологиялық-дидактикалық зерттеулерде дәлелденіп отыр. Мысалы, есту зейіні қатыспаған жағдайда дыбысқа деген сезгіштік кемитіндігін эксперименттік жұмыстар көрсетіп отыр.

Педагогикада баланың дамуын өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері ішкі қайшылық күресі. Даму процесі сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне ауысын отырады.

Баланың даму процестерінде көп нәрселерді байқауға болады.

1. Бала кезеңінде бала тілінің дамуы.

2. Баланың түсіне білуі.

3. Баланың сөйлеу кезінде тілінің дамуы, сөздік қорыыың көбеюі.

Баланың тілдік дамуы күннен күнге жетіле түседі, ол сексеннен астам сөз меңгергенен кейін айналадағы адамдармен қарым-қатынасы кеңейіп сұрақтар мен сөздерге түсіне бастайды. Осылай баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады.

Даму тұтас педагогикалық процесс. Оның ерекшеліктеріп атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер бір қалыпты есіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсіп жетілуі тұрақты емес. Баланың нерв қызметерінің дамуы бас миының үлкен жартышарлары қабығының талдау мен синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми қабығының талдау мен синтездеу әркеті естің, қиялымен ойлаудың тағы басқа негізгі механизмі болады. Осы арқылы нерв процестері арқылы бала өзінің мінез-құлқы мен қылығын табиғи жэне әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздейді. Г. Гельмгольцтің айтуы бойынша нервтік импульстер өткізу психикалық процестердің нервтік процестердің байланысты екенін және уақыт пен кеңістікте өтетінін көрсетті.

Бала организмі мен нерв жүйесінің дамуы кезінде оның психикалық қызметінің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін, сезім, тіл т. б. ) дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметтің негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлары қабығының әрекеті. Баланың әр бір дамуында жас ерекшеліктердің алатын орны ерекше.

Л. С. Выготский жас шағы дамуынық белгілі бір дамуы дәуірінде дамудың белгілі. Бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамуының жалпы циклінде алатын орны мен және дамудың жалпы заңдарынының одан әр кез өзіндік көрініс табумен анықталады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы-оқу мен танымдық әрекетінің қалыптасуындағы, оқудағы қызығушылығы мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезеңі. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасаудың күшті кезеңі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқу үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңейуінен маңызы артады. Негізгі іс-әрекет түрі оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі дамиды.

Таным-теориясы айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру немесе дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Философияның негізгі мәселесі-рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Онын ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның негізгі ақиқақтылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады. Адам танымы сырқы дүние заттары тұрғызатын түйсіктен басталады, танымның негізгі сезімдік қабылдау деп түсінеді. Оқушылар танымдық белсенділікті өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістерін зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Мектеп жасындағы балалар үлкендердің іс-әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz