Ауыл шаруашылығының – ел экономикасын дамытып, өркендетудегі стратегиялық маңызы



1 Агроөнеркәсіп кешені
2 Ішкі нарықты бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі
Агроөнеркәсіп кешен – кез келген елдің экономикасының ең маңызды бөлігі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан бұл мәселеге байымды тұрғыдан қарауды талап етеді. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені дамуы үшін үлкен әлеуетке иеленген, сол үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындар менеджментін дұрыс ұйымдастыру қажет. Дұрыс ұйымдастырылған менеджмент ауыл шаруашылығы кәсіпорындардағы ресурстарды тиімді пайдалануға, ал өндірістікті жоспарлау және алынған нәтижелерді талдау – дағдарыс кезінде де табыс алуға мүмкіндік береді.Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттегі қоғамдық-саяси тұрақтылық та осы саланың дамуымен тікелей байланысты.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Агрардық Университеті Кафедра: АӨӨ экономикасы мен менеджменті

Тақырбы: Агроөнеркәсіп кешені

Орындаған: Юнусов М.

Тексерген:_____________________

Алматы 2011

Агроөнеркәсіп кешен – кез келген елдің экономикасының ең маңызды бөлігі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан бұл мәселеге байымды тұрғыдан қарауды талап етеді. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені дамуы үшін үлкен әлеуетке иеленген, сол үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындар менеджментін дұрыс ұйымдастыру қажет. Дұрыс ұйымдастырылған менеджмент ауыл шаруашылығы кәсіпорындардағы ресурстарды тиімді пайдалануға, ал өндірістікті жоспарлау және алынған нәтижелерді талдау – дағдарыс кезінде де табыс алуға мүмкіндік береді.Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттегі қоғамдық-саяси тұрақтылық та осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Әлемдік азық-түлік нарығында туындаған дағдарыс пен оның салдары азық-түлік мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да салмақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды. Азық-түлік тапшылығы қаупін сезініп-түйсінген әлемнің барлық елдері, қазір өздерінің аграрлық саясатын шұғыл қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Әсіресе өндіріс көлемін арттыру мен ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру мақсатындағы мемлекеттің реттеу және қолдау көрсету ролін күшейтуге ерекше мән беріліп отыр. Әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде дүниежүзілік азық-түлік нарығындағы жағдай Қазақстан экономикасына да ықпал етіп, ішкі азық-түлік нарығында көрініс тапты. Бұл әсер бізде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт қымбаттауы мен сыртқы нарыққа жаппай экспортталуы нәтижесінде ішкі қордың күрт азаюынан байқалды. Уақытында алдын алу шараларын қолданып, біз жалпы ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтап қалдық. Дегенмен, осы жағдай біздің аграрлық саланың әлсіздігін, әлемде орын алатын қауіпті құбылыстарға төтеп беретін ешқандай мүмкіншілігінің жоқтығын тағы бір рет ашып көрсетті. Біздің ел үшін әлемдік дағдарыстың әсерін дәл болжаған Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында аграрлық саланы одан әрі дамыту қажеттігіне ерекше назар аударып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді. Әлемдік азық-түлік нарығы қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан қазіргі кезде, бұрын қалыптасып қалған стеротиптерді қайта қарап, бұл тапсырмаларды орындау үшін мәселенің жаңа қырынан қарау үшін саладағы қызметтің стратегиялық бағыттарын заман талабына сай қайта өзгерту қажет. Дегенмен, бұл қазіргі стратегиялық бағытымызды толықтай қайта өзгерту дегенді білдірмейді, біз тек соңғы жағдайларға байланысты ішінара түзету енгізуіміз керек. Сондықтан бұрын жасалып, қазір жүргізіліп жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны жағдай қалай өзгерген кезде де еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Егер жеке-жеке алсақ, егін шаруашылығында ауыл шаруашылық дақылдары көлемін диверсификациялау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл арада біз бір жағынан әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол аймаққа ең тиімді деген дақылдарды таңдауымыз қажет, екіншіден, қазір ішкі нарықтың сұранысы толық қамтамасыз етілмей отырған дақылдарды жеткілікті мөлшерде өсіруді қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұны ынталандыру үшін мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары пайдаланылуда. Атап айтқанда отандық өндіріс ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырған майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін, қант қызылшасы, күріш пен жүзім өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даму стратегиясы
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Қазақстанға жер аударылған ұлттардың Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы жағдайы
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
Қазақстанның мұнай газ саласы
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕ
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Мұнай-газ саласы
Пәндер