Су ресурстарын қорғаудың негізгі бағыттары



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар
2. Каспий теңізі суқоймасының зардаптары
3. Ішкі су қоймалардың ластану көздері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Негізгі:
1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы. 2003
2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2000.-320с.
3. Шилов И.А. Экология.- М.: Высш. шк.,2000. - 512 с.
4. Коробкин В.И., Л.В. Передельский. Экология.- Ростов н/Д: Феникс, 2005.- 569с.
Қосымша
1. Александров В.Н. Основы санитарной экологии. Барнаул. СП - б. -1992.- 51с
2. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.- М.,1991.- 174с.
3. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва – растение. – Новосибирск: Наука, 1991.- 75с.
4. Нажметдинова А.Ш. Научное обоснование регламентов содержания некоторых пестицидов и нитратов в объектах окружающей среды, разработка методологических подходов к их идентификации и схемы мониторинга. – Алматы, 2004. – 44 с.
5. Никитин А.Ф., Жоголев Д.Т., Печенев В.Н. Основы общей экологии, экология человека.- Сп-б,1997. - 68с.
6. Щербо А.П. Негриенко К.В., Белкин А.С. Вопросы санитарного надзора в связи с антропогенным загрязнением почвы: учебное пособие. – Л.: Изд. Лен. ГИДУВ, 1990.- 28с.
7. Критерии оценки загрязнения окружающей среды тяжелыми металлами (методические рекомендации). - Алматы,1988. – 12с.
8. Методические указания по оценке степени опасности загрязнения почвы химическими веществами.- М.,1987, 25 с., N 4266-87

Интернет сайттары

1. www.google.kz
2. www.ref.kz
3. www.tspro.kz

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар
2. Каспий теңізі суқоймасының зардаптары
3. Ішкі су қоймалардың ластану көздері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл
өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп,
ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл
белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз
атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-
1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің
орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала
күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи
жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі
өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле
тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-
қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі
көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл
жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық
аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы)
тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс
алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды
тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер,
аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5
млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық
жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де
азайып кеткен. Қызыл кітапқа енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар
қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке.
Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы
таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат
туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу
деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары –
Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы
Балқашмыс комбинаты, Приозерск, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері,
Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта
тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы Балқаш көлін
құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы атты халықаралық деңгейде экологиялық
форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер
қабылданды.

Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар

Қытайдың Батыс аймақты игеруде немесе Шыңжанды қауырт игеруде
трансшекаралық Қара Ертіс пен Іле өзендерінен жаңа каналдар салу мен ірі су
құймаларын жасуы, қалайда ол өзендерден Қазақстанға келетін су мөлшерін
азайтатындығы сөзсіз. Тек су мөлшері азайып қана қоймайды, сонымен қатар,
ол өзендер бойындағы кәсіпорындардан шығарылатын ылас сулар ол өзендерге
құйылып кетпеуіне кепілдік жасалмаған. Сонда одан келетін зардапты алдымен
Қазақстан тартады. Бұл мәселе екі ел қатынастарына жағымсыз жағдай тудыруы
әбден мҝмкін. Оны Қытай басшылары жақсы тҝсінеді. Сондықтан өткен жылы
мамырда Қазақстан Республикасының призеденті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға
мемлекеттік сапармен барып Ху Цзинтаомен (Ху Жинтау) кездескенде, Қытай
президентінің: Қытай трансшекаралық су ресурстарын әділетті әрі тиымды
пайдану жағында (9) деп, алдын-ала ескерткендей болуы сол себептен екені
белгілі. Әрине бұл мәселе Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан қашанда тыс
қалған емес. Осы реткі тарихи сапарында трансөзен мәселесін Елбасы ҚХР
төрағасы Ху Цзинтаомен болған жоғары дәрежелі кездесуінде көтерген (10).
Бұл мәселе бойынша екі жақты келісімді жҝзеге асыру ҝшін құрылған арнайы
комиссия жұмыс істемек көрінеді. Оның нәтижесін уақыт өзі көрсетер. Илайым
Қазақстанға келер зардап аз болғай деп тілейік.

Каспий теңізі суқоймасының зардаптары

Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең
үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен
Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып
та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында
айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X
ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін
зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін
Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және
басқалар Каспий теңізін зерттеді.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320
км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа
мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз
деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025
м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі
– 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау),
Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы
км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды.
Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі
Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.
Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.
Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде –
континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды
субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт
өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан
айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан
соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан
оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және
солтүстікте желдің жылдамдығы 24 мс-тан асып кетеді. Шілде және тамыз
айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура
шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен
батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-
шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су
бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде
судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін,
оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына
дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12,7-
12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-
0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін
түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI
ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен). Су деңгейінің
соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ
ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу
нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы
түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі
және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау,
Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған
мекендер бар.

3. Ішкі су қоймалардың ластану көздері

Су ресурстарының ластануы деп суқоймаларға сүйық, қатты және газ
тәрізді заттардың түсуінен судың физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерінің өзгеруін айтады, яғни бүл суқоймаларды пайдаланатын халык
шаруашылығьша, адамдардың денсаулығына және өміріне кауіп төндіруі.
Жер беті мен жер асты суларының ластануын мынадай типтерге бөлуге
болады:
механикалық - қүрамында механикалық қоспалардың артуы, негізінен беттік
ластану түріне тән;
химиялық - су құрамында улы және улы емес әсері бар органикалық және
бейорганикалық заттардың болуы;
бактериялық және биологиялық - су құрамында алуан түрлі патогенді
микроорганизмдердің, саңырауқүлақтардың және ұсақ балдырлардың болуы;
радиоактивті - жер беті және жер асты суларында радиоактивті заттардың
кездесуі;
жылулық — суқоймаларға жылу және атом электр станцияларынан шығатын жылы
сулардың қосылуы.
Суқоймалардың негізгі ластау көздері: өндірістік және тұрмыстық
кәсіпорындардан, ірі мал шаруашылық кешендерінен шығатын толық
тазартылмаған ағынды сулар, рудалық қазбаларды өңдеу кезіндегі өндіріс
қалдықтары, шахталар мен кен орындарынан шығатын сулар, орман материалдарын
өңдеу жэне балқыту кезінде шығатын сулар, су және теміржол көліктерінен
шығатын сулар, зығырды бірінші реттік өңдеу қалдықтары, пестицидтер және
т.б. болып табылады. Ластаушы заттардың табиғи суқоймаларға түсуі судың
сапалық қасиеттерінің: физикалық (түсінің, дәмінің жэне т.б. өзгеруі),
химиялық қүрамының (су бетінде қалқып жүретін зиянды заттардың пайда болуы
жэне олардың су түбінде шөгуі) өзгеруіне әкеліп соғады.
Өндірістен шығатын ағынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғатты тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық маңызы
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Экология және табиғатты тиімді пайдалану жолдары
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Судың құқықтық режимі
Табиғат қоғаудың экологиялық негіздері
Су қоры жерлерінің құқықтық режимі және оның құрамдас элементтері
Теңіз аумағын халықаралық – құқықтық қорғау
Пәндер