Нарық экономикасы жағдайында салықтардың және салық салу элементтерінің алатын орны мен рөліне талдау


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
:
Мазмұны:

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

:

6

7

8

:
Мазмұны: Кіріспе
: 9
: 1
Мазмұны: 12 жылдық білім беру кезінде мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуындағы салықтардың алатын рөлін» түсіндіру
:
: 1. 1
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуында салықтардың экономикалық мәні мен маңызын» түсіндіру
:
: 1. 2
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісін қалыптасуындағы салықтардың механизмі және элементтерін» үйрету
:
: 1. 3
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР бюжет кірісін қалыптастыруда салықтардың тиімділігі мен артықшылығын» үйрету
:
: 1. 4
Мазмұны: Мектеп оқушыларына шет мемлекеттердегі бюджет кірісін қалыптастыруда салықтың алатын орнын түсіндіру
:
: 2
Мазмұны: 12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына Жамбыл облысы салық департамантінің мәліметтері бойынша бюджет кірісіне түсетін салықтық түсімдерді бағалау тәсілдерін үйрету
:
: 2. 1
Мазмұны: Мектеп оқушыларына Жамбыл облысы салық департамантінің қызметін анықтап түсіндірту
:
: 2. 2
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР кірістерінің қалыптасуындағы түсімдерінің орындалуын талдатуды» үйрету
:
: 2. 3
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің қалыптасуына баға беруді» үйрету
:
: 2. 4
Мазмұны: Мектеп оқушыларына Жамбыл облыстық салық департаментінің тексеру жұмыстарына баға беру
:
: 3
Мазмұны: 12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына «ҚР бюджетінің қалыптасуындағы салықтардың түсімін арттыру жолдарын» үйрету
:
: 3. 1
Мазмұны: Мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуындағы салықтардың элементтері арқылы салық жүйесін жетілдіруді» үйрету
:
: 3. 2
Мазмұны: Мектеп оқушыларына бюджет кірісін толықтыруға бағытталған іс-шараларды дамытуды үйрету
:
:
Мазмұны: Қорытынды
:
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:

1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008. - Астана: 2008

2 Мемлекеттік стандарт 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) . Текстік құжаттарға жалпы талаптар

3 ГОСТ 7. 1-84 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила описания

4 ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Реферат и аннотация. Общие требования

5 ГОСТ 8. 417-81 Государственная система обеспечения единства измерений. Единицы физических величин


Анықтамалар

Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдар қолданылады.

Бюджеттің кірістері - бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

Салықтық емес түсімдер - негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай - ақ, трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз берілетін ақша.

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы

Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттьң қажет болуынан пайда болды.

Тікелей салықтар - субъектінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар (табыс салығы, мүлікке салынатын салық, қосылған құн салығы)

Жанама салық - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістеріне тікелей байланысты емес салықтар (акциздер) . Жанама салықтардың универсалды, жеке, фискалды монополиялық, кедендік түрлері бар.

Жалпы салықтар - тиісті деңгейінің ағымдағы және капиталдық шығындарын қаржыландыру үшін пайдаланылады

Ең төменгі жылдық жалақы - күнтізбелік жыл үшін ең төменгі айлық жалақының заңмен белгіленген мөлшерінің сомасы.

Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Белгілеулер мен қысқартулар

Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:

ҚР - Қазақстан Республикасы

АҚШ- Америка Құрама Штаты

СК - Салық Кодексі

МБ - Мемлекеттік бюджет

РБ - Республикалық бюджет

ЖБ - Жергілікті бюджет

«12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына «ҚР бюджетінің қалыптасуындағы салықтардың рөлін бағалау және жетілдіру» бойынша сабақ өтудің тәсілдерін үйрету» тақырыбына жазылған ОПЭ -29-1 тобының білімгері Дуненбаева Ақсауле Алибекқызның дипломдық жұмысына

АННОТАЦИЯ

Бірінші бөлімде - 12 жылдық білім беру кезінде мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуындағы салықтардың алатын рөлін» түсіндіруді қарастырады.

Екінші бөлімде 12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына Жамбыл облысы салық департамантінің мәліметтері бойынша бюджет кірісіне түсетін салықтық түсімдерді бағалау тәсілдерін үйрету жолдары қарастырылды.

Үшінші бөлімде 12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына «ҚР бюджетінің қалыптасуындағы салықтардың түсімін арттыру жолдарын» үйрету жолдары қарастырылды.

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, 7 кестеден, 8 суреттен 69 беттен тұрады.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе.

ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.

ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.

Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл - күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып, талдануы тиіс.

Тағы маңызды мәселенің бірі - Білім және ғылым министірлігі бөлім-бөлімдерде білікті психологтар отыруы және олардың сауатты кеңесі керек. Егер психологтар тарапынан оқыту мәселелері дұрыс шешілетін болса, басқа жоғарыдағыдай мәселелер өзінен - өзі ретке келер еді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: Қоғамымыздың әлеуметтік - экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.

Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді.

Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарық экономикасы жағдайында салықтардың және салық салу элементтерінің алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті - қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне және салық салу элементтеріне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.

Салық салудың негізгі мақсаты - мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.

Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде - жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.

1 12 жылдық білім беру жағдайында мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуындағы салықтардың алатын рөлін» түсіндіру

1. 1 Мектеп оқушыларына «ҚР бюджет кірісінің қалыптасуында салықтардың экономикалық мәні мен маңызын» түсіндіру

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде.

Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

- өзін-өзі дамытуға;

- өз ойын еркін айта білуге;

- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Білім беруді жаңарту -үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру -оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.

12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.

Сурет 1. 12 жылдық білім берудің технологиясы

Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Интеллектуалдық дайындық - баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:

- Дифференциалдық қабылдау;

- Аналитикалық ойлау;

- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі) ;

- Есте сақтау;

- Білімге қызығушылық;

- Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі;

- Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы.

Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану - оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс - әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой - өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.

Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым - қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан - жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да, мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.

Сурет 2 . 12 жылдық білім беру жүйесінде жеке тұлғалық факторлар

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өздік жолда әдіс - тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез - құлқында - мінезі, темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін - өзі үйретуі, өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін - өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.

Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген - жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс:

Сурет 3. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жеке тұлғалық факторлар

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор

Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар - дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
«мемлекеттің экономиканы қаржылық реттеу жүйесіндегі салықтық реттеу және оның Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайындағы ерекшеліктері»
Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
Салық механизмі және мемлекеттің салық саясатын іске асырудағы оның рөлі
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Салық жүйесінің мәнімен маңызы. Акциз салығын қазақстан республикасында төлеудің ерекшеліктері
Акциз салығын қазақстан республикасында төлеудің ерекшеліктері
ҚР салық саясатын қалыптастырудың теориялық негіздері және қазіргі жағдайы
Жанама салық салуды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz