Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК 316. 334. 3:327 (574) Қолжазба құқығында

ШАТТЫҚГҮЛ ЕЛЕУСІНҚЫЗЫ ДАУЫЛБАЕВА

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік

контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері

23. 00. 02 - Cаяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық

және саяси процестер мен технологиялар

Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Астана, 2010

Жұмыс ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қоғамдық-саяси процестер мен технологиялар кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші:

саяси ғылымдарының докторы,

профессор К. Н. Бұрханов

Ғылыми жетекші:: Ресми оппоненттер:
саяси ғылымдарының докторы,профессор К. Н. Бұрханов:

саяси ғылымдарының докторы,

профессор Қ. Ж. Нұғманова

саяси ғылымдарының

кандидаты М. Н. Иғалиев

Ғылыми жетекші:: Жетекші ұйым:
саяси ғылымдарының докторы,профессор К. Н. Бұрханов: ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия және саясаттану институты

Диссертация 2010 жылы «26» қарашада сағат 11. 00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Д 14. 20. 03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік ғимараты, № 302 Диссертациялық кеңес залы.

Диссертациямен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мына мекен-жай бойынша орналасқан кітапханасында танысуға болады: 010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5.

Автореферат 2010 жылы «25» қазанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, саясаттану

ғылымдарының докторы М. Ш. Қалиева

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қазіргі кезеңдегі бағыты теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттелуге ұмтылыс жасалды. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың жағдайын, әлеуметтік дамуын, саяси-әлеуметтік мәселелердің деңгейін айқындауға, олардан туындайтын проблемалардың ұлттық қауіпсіздік тұрғысында қоғамға тигізер кері әсерлері, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға үлкен мән берілді. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жолында әлеуметтік саясатты зерттеу бүгінгі уақыт талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып қарастырылды.

Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан өзінің алдына әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 50 елінің қатарына қосылу міндетін қойып отыр. Мұндай өрелі міндеттерді іске асырудың басым бағыттарының бірі - халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарды тұрақты арттыру болып табылады. Ал, бәсекеге қабілеттіліктің бір өлшемі - халықтың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші, оның тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы. Бұл туралы Президент Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында « . . . Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасымен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз» [1] деуі мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының әлеуметтік сипатын айғақтайды, зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді. Бұл - бір.

Екіншіден, нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінен ойдағыдай өтіп келе жатқан қоғамның ендігі сипаты мен мәні осы әлеуметтік мемлекет құру стратегиясымен және тактикасымен айқындалады. Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты стратегиялық құжаты - «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [2] . Бұл әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруды басты нысан етіп отырған биліктің өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Ал, әлеуметтік қоғам - әлеуметке бет бұрған, халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын ізгілікті қоғам. Әлеуметтік саясат - қоғамның үдемелі, тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. « . . . Жүргізіліп жатқан терең экономикалық және саяси қайта құрулардың негізгі мақсаты, Қазақстан азаматтарының игілігін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін барлық әлеуметтік топтардың жағдайларына теріс әсер ететін өтпелі кезеңнің шынайы (объективті) қиыншылықтарын жеңуге тура келеді. Осыған баланысты мемлекет, халықтың негізгі мүдделеріне ең аз залал келтіретіндей етіп өмірдің жаңа құрылысын іске асыруға және нарықтық қатынастарды қалыптастыруға барлық күш-жігерін салуда» [3, 3-б] .

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекетті басқару бағытында қоғамның сұраныстары мен оның талаптарына жауап бере алатындай әлеуметтік саясатты қалыптастыру жүзеге асырылуда. Қазіргі жаһандану жағдайында өркениетті елдер өзінің әлеуметтік мемлекет үлгілерін қалыптастырып, сол таңдаған бағыттарында өз саясаттарын жүргізіп жатқанда, тәуелсіз ел ретінде енді ғана аяғына тұра бастаған біздің мемлекет үшін де бұл мәселенің өзектілігі ерекше. Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде қазіргі кезде жүргізіп отырған саясатының басты тұжырымдары айқындалса да, оларды іске асыру тетіктері әлі де әлсіз екенін ескере отырып, бұл проблемалар бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасауды басымды міндет деп есептейміз.

Үшіншіден, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, әлеуметтік мүддесі мен қажеттілігі қанағаттандырылмаған жағдайда халықта мемлекетке, билікке деген сенім азайып, ол қоғамнан шеттей түседі, әлеуметтік наразылықтың өсуіне әкеледі, бұл өз кезегінде кей жағдайда елдің тұрақсыздануына және ашық қақтығыстарға жеткізеді. Нәтижесінде әлеуметтік теңсіздікке жол беріліп, қоғамдық-саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыс қаупі күшейеді, бұл өз алдына ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірері сөзсіз. Қауіпсіздік дегеніміз күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс. Ал, адамзат пайда болған күннен бастап өз қауіпсіздігін ойлауға мәжбүр болғандығы бәрімізге белгілі. « . . . Ұлттық қауіпсіздік, ең алдымен, қоғам мүшелерінің қалыпты, толыққанды өмір сүруіне, еркін дамып, өз мүмкіндіктерін аша білулеріне қолайлы жағдай жасау» [4, 5-б] . Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан мемлекеттің әлеуметтік позициясы, әлеуметтік мұраты, әлеуметтік мүддесі бір арнаға бағытталуы тиіс. Ол үшін барша қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыратын шаралар қолға алынуы керек. Осы бағыттағы атқарылар жұмыстың мақсаты адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерімен қоса, олардың материалдық мұқтаждықтарының ойдағыдай шешіліп отыруымен де негізделеді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Әлеуметтік саясат мәселесі ғасырлар бойы саясаттану мен әлеуметтану, экономика және заң саласындағы ғалымдардың еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының күрделене түсуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуімен қоса олардың қажеттіліктері арта түскендіктен оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына тура келді. Сондықтан мемлекетті тиімді басқарудың, қоғамға жағымды саясатты орынды пайдаланудың жолдарын іздестіру қажет болды. Бұл ретте ғұлама ойшылдар Платон, Аристотельден бастап, Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірсе, сонымен бірге қазақ даласындағы қоғамдық-саяси ой-пікірлердің негізін салушы ұлы ойшылдар әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың қомақты үлес қосқандығы белгілі.

Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыдан ерекше мән беріп, оның теориялық, әдіснамалық негізін тереңдетуге АҚШ, Еуропа мен Ресей ғалымдары А. Н. Аверин, Г. А. Ахинов, В. Н. Бобков, Р. Баркер, М. Вебер, Н. А. Волгин, Е. Ш. Гонтмахер, В. И. Жуков, С. В. Калашников, А. И. Кравченко, К. Поланьи, И. Фихте, Е. И. Холостова, қазақстандық ғалымдар Н. З. Нығматулин, И. Н. Тасмағамбетов еңбектерін атаған жөн.

Тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін өз еңбектерінде ресейлік И. А. Карманова, А. А. Прохожев және қазақстандық ғалымдар М. А. Биекенов, Л. М. Иватова, Е. Т. Қарин, М. М. Тажин, Қ. Қ. Тоқаев, М. Е. Шайхутдинов, ал қоғамның дамуының, адам ресурстарының тұрақты дамуының, мемлекетте азаматтық қоғам қалыптасуының саяси-әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша отандық ғалымдар Ә. Қ. Бәкірдің, А. Қ. Бижанов, С. М. Борбасов, К. Н. Бұрханов, К. Г. Ғабдуллина, А. С. Дьяченко, Ж. Қ. Жүнісова, А. Т. Забирова, Л. Ю. Зайниева, М. Н. Иғалиев, Т. Ж. Қалдыбаеваның, М. Ш. Қалиева, Л. Т. Қожамқұлова, С. Ш. Мұсатаев, Қ. Ж. Нұғманова, Қ. С. Сұлтанов, ресейлік Х. А. Барлыбаев, И. П. Цимбалов еңбектерінде зерттелген.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Осы аса маңызды құжаттарда әлеуметтік саланың мемлекеттік саясаттағы орны мен рөлі сараланып, оның нақты бағыттарын дамытудың жолдары көрсетіледі.

Отандық саясаттанушы, әлеуметтанушы және экономист еңбектерінде қазіргі кездегі әлеуметтік саясаттың табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А. Ә. Айталының, Р. Б. Әбсаттаровтың, С. К. Биекенованың, Д. Калетаевтың, Н. Қ. Қалиевтің және т. б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен, жоғарыда аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа ұлттық қауіпсіздік талаптары мен мен мүдделері тұрғысынан саясаттану ғылымы талаптары аясында талдау жасауды арнайы мақсат етіп қоймаған. Бұл біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуын, өзектілігін дәлелдейді. Қазақстандық қоғамның қалыптасуы мен дамуы аспектілері бойынша соңғы жылдары көптеген мазмұнды ғылыми жұмыстардың жазылуына қарамастан, әлеуметтік саясаттың тиімді жүргізілуі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің, қоғамның тұрақтылығының кепілі мәселелері зерттеулер аясынан тыс қалғандықтан мәселені кешенді саясаттанулық тұрғыдан талдау, зерттеу қажеттілігі туындады.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан саясаттанулық зерттеудің қажеттілігі мен өзектілігі диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндетін, объектісін айқындады.

Зерттеу жұмысының нысаны - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы әлеуметтік саясат мәселелері.

Зерттеу жұмысының пәні - Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қазақстандық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің аса маңызды бағыты ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау.

Диссертацияның негізгі мақсаты - Қазақстанның әлеуметтік саясатын елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді нығайтудың маңызды құрамдасы ретінде зерттеу болып табылады. Жұмыста осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу алға қойылды:

- мемлекеттік әлеуметтік саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің қарым-қатынасының теориялық негіздерін анықтау және олардың қоғам өміріндегі өзара байланысы ерекшеліктерін сараптау;

- Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасу ерекшеліктері мен дамуына талдау жасау;

- дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясатының жүзеге асырылу тәжірибесі мен үлгілерін талдау арқылы оның Қазақстан үшін маңызы мен тиімді үлгілерін айқындау;

- Қазақстан Республикасының бүгінгі әлеуметтік саясатының түбегейлі бағыттары мен принцептерін талдау;

- қазіргі саяси жаңару кезеңіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілу деңгейін анықтау, олардың шешу жолдары мен бағыттарын қарастыру;

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саладағы ахуалды жақсарту және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру үшін ұсыныстар жасау.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контексіндегі әлеуметтік саясат мәселелері алғаш рет зерттеліп отыр. Осыған сай зерттеу барысында төмендегідей жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

- қоғамның әлеуметтік дамуындағы саясаттың мәні, орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық жағынан жүйелі зерттелді;

- «саясат», «әлеумет», «әлеуметтік саясат», «ұлттық қауіпсіздік», «өмір сүру сапасы», «өмір сүру деңгейі», «өмір сүру салты» сияқты ұғымдардың мәні мен мазмұны анықталды;

- дамыған шет елдердегі әлеуметтік саясатты жүргізу барысына салыстырмалы талдау жүргізілді, олардың ерешеліктері бөліп көрсетілді;

- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік саясаттың орны мен рөлі көрсетілді;

- Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне әлеуметтік салада қалыптасқан төнер қауіптер мен қатерлер сараланды;

- қазіргі жаһандану жағдайында халықтың тіршілік ету деңгейі көрсеткішінің жоғары болуы, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарының тұрақты артуы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылатындығы дәлелденді;

- әлеуметтік саясаттың тиімді жүргізілуі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының кепілі екені нақтыланды;

- Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп жариялағанымен, еліміз әлі де әлеуметтік мемлекет қалыптасу, нығаю үрдісінде екені жан-жақты негізделді;

- дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізудегі озық тәжірибелерін ескере отырып, олардың тиімді жақтарын пайдалана отырып, Қазақстан бүгінгі күнде өзіне тән әлеуметтік саясаттың тың жаңаша үлгісін қалыптастыруда екені айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздерін саяси, әлеуметтік ойды қалыптастырушы ежелгі ғұлама ойшылдар мен ғалымдар, шетелдік және отандық саясаттанушы, әлеуметтанушы, философ, экономист, құқықтанушы зерттеушілердің әлеуметтік саясат және ұлттық қауіпсіздікке қатысты ғылыми-теориялық еңбектері құрады.

Тақырыптың зерттелуіне теориялық және нақты фактілерді негізге алған ғылыми зерттеу жұмыстар, атап айтқанда жалпы саясат, ұлттық қауіпсіздік, әлеуметтік саясат, әлеуметтік мемлекет мәселелері бойынша зерттеулер, сонымен қатар қазіргі заманауи отандық, шетелдік зерттеушілердің жаңа ғылыми мақалалары мен монографиялары, ғылыми еңбектері тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болды.

Диссертациялық зерттеудің деректік негізін 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Даму Стратегиясы, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары, Қазақстан Республикасының «ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Еңбек кодексі», т. б. заңнамалар құрады.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың ресми құжаттары, халықаралық келісім-шарттар, БҰҰ Даму Бағдарламалары, екі жақты және көпжақты жасалған декларациялар мен меморандумдардың негізгі ережелеріне сүйенед.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрлігінің, статистикалық Агенттігінің мәліметтері мен ақпараттары, басқа да ресми құжаттар, сонымен қатар мерзімді басылымдардың ақпараттары диссертациялық жұмыста дерек көздері ретінде пайдаланылады.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Ғылыми жұмыстағы теориялық тұжырымдар саясаттану ғылымындағы өзекті саяси-әлеуметтік мәселелерді зерттеп, зерттеудің жаңа жолдарын толықтыруға, әлеуметтану мен саясаттану кеңістігін кеңірек зерттеуге бағытталған еңбектерді жазуда көмектеседі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жаңа жіктеуішінде белгіленген «Мемлекеттік саясат», «Ішкі саясат», «Әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару» т. б. пәндерді оқытуда қолдануға болады.

Тәжірибелік құндылығы жұмыстың тұжырымдарынан жасалған қорытындылар мемлекеттің ішкі саясатының ұлттық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, мемлекеттік әлеуметтік саясатты тиімді жүргізу, қоғамның саяси-әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалар, концепциялар дайындауда және іске асыруда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан мемлекеттік әлеуметтік саясат мәселелерін зерттеу нәтижесінде ұсынылған негізгі тұжырымдар:

1. Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндетін жүзеге асыру үшін халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыра отырып, бәсекеге қабілеттіліктің маңызы ретінде халықтың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші мен тіршілік ету деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етудің маңызы зор.

2. Нарықтық қатынастың өтпелі кезеңіндегі қазақстандық қоғамның әлеуметтік бағдарының стратегиясын айқындап, тиімді әлеуметтік саясаттың ұлттық қауіпсіздікке қатыстылығын назарда ұстаған жөн.

3. Әлеуметтік мемлекет қоғамның қарқынды дамуын қамтамасыз етуді, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруды, лайықты өмір салтын орнатуды тұрақты ұстаным ретінде қарастырғаны жөн.

4. Әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, әлеуметтік мүддесі мен қажеттілігі қанағаттандырылмаған жағдайда халықтың мемлекетке, билікке деген сенімі жоғалып, олар өз ретінде әлеуметтік наразылықтың бел алуына әкеледі, сол себепті қоғамдық тұрақсыздану мен ашық қақтығыстарға жеткізетін қауіп-қатерлерді болдырмаудың жолдарын айқындау керек.

5. Әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыс қаупін болдырмау үшін барша қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыратын шаралар қолға алынуы керектігін тұжырымдау маңызды.

6. Қазақстанда орта тапты қалыптастыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы әлеуметтік саясаттың мәселелерін шешудегі, саяси әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы, сонымен қатар, ең бастысы, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін айқындап берудегі мүмкіндігі мол екендігі болып табылады.

Диссертацияның сыннан өтуі және мақұлдануы . Диссертация ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Қоғамдық-саяси процестер мен технологиялар» кафедрасында талқыланып, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Автордың тақырып бойынша ғылыми жұмыстары «Жаһандану дәуіріндегі мемлекетік басқару реформаларының проблемалары» (Астана, 2008) ; «Мировой опыт и отечественные традиции управления человеческими реусурсами» (Москва, 2008) ; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару: басымдықтары мен бүгінгі болмысы» (Астана, 2009) ; «Ғылым және білім - 2009» (Астана, 2009) ; «Наука и практика управления в ХХІ веке: традиции и тенденции» (Барнаул, 2009) ; «Актуальные проблемы города Астаны и современного казахстанского общества в целом» (Астана, 2009) ; «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі стратегиялық жоспарлауды жетілдіру» (Астана, 2009) ; «Мировой опыт и отечественные традиции управления человеческими ресурсами» (Москва, 2009) ; «От кризиса к росту: стратегия инновационного развития» (Москва, 2009) ; «Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуы» (Астана, 2010), т. б. халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланып, «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы (2009), «Поиск-Ізденіс» (2009), «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы (2009) журналдарында жарияланды.

Диссертация жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сай кіріспеден, 2 тарау, 6 тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті қоятын талаптарға сәйкес келеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі қарастырылып, тақырыпты таңдау негізделді, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды, зерттеудің нысаны мен пәні, теориялық және әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық-тәжірибелік құндылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар дәйектелді.

Диссертацияның «Әлеуметтік саясат пен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері » деп аталатын бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Оның «Әлеуметтік саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің анықтамасы және мәні» атты бірінші тараушасында әлеуметтік саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің мәні мен анықтамасы талданды. Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелден бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізіп, соның негізінде өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз еткен. Қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр.

Адам жер бетінде тіршілік етіп, саналы деңгейге жеткеннен бері саясаттың тиімді сырын, қоғамға тигізер пайдасы мен зиянын өте ерте заманнан түсініп, өмір сүрген ортаға тән нақтылы саясат жүргізіп, сонымен қатар өз қауіпсіздіктерін ойлауға мәжбүр болғаны белгілі. Себебі, қандай қоғамда болмасын саясат негізгі рөл атқарады және оның дұрыс немесе бұрыстығы сол қоғам мүшелерінің тағдырымен тығыз байланысты.

Саясаттанушы және әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік саясаттың өзіне тән, оның көп бағытытылығы мен әр қырлылығын айқындап, мәнін аша түсетін аяқталған теориясы жоқ деп көрсетеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі мәні де, мақсаты да, нысаны да тек қана адам болғанындықтан, уақыт талабына сай анықтамасы, мазмұны, бағыты әрдайым жаңа идеялармен, тұжырымдармен толықтырылып, үнемі дами түсетін болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Халықаралық қатынастарда гуманитарлық көмектің рөлі
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Экономикалық қауіпсіздік жайлы
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz