12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың кейбір қырлары


12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ
Зарипова Гүлзира Бұйратбекқызы
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің оқытушысы
Отандық дәстүр мен әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік саясаттың білім беру саласы алдына қойған міндеттердің бірі білім беру ісін мазмұны мен құрылымы жағынан жаңарту. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы Қазақстанның шын мәніндегі бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыру мүммкіндігін беретін маңызды құралдардың бірі ретінде білім беру саласын реформалау деп танып отыр.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарына өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді, әрі жоғары білікті жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сол талапқа сай мұғалімде 12 жылдыққа сай болу керек. 12 жылдық мектепте мұғалімнің түзету дамыту жұмыстары мен жеке тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту жұмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көңіл бөлінеді. Білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін білу қажет.
Мемлекет ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз етуді; әлемдік кеңістіктегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды; қазақстандық білім беру жүйесінің тимділігін қамтамасыз ету; халықаралық рейтингтегі көрсеткіштерді жақсартуды; бала тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігін жетілдіруді қамтамасыз етсе, ата-аналар білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігіне; қорғаншылық кеңестері арқылы білімді басқаруға араласуға; мектеп алды тәрбие мен оқытуда қолжетімділікті қамтамасыз етуге; баланың табыстары туралы ата-ана білім беру байланысы арқылы қашықтан ақпарат алуға құқылы болады. Ал педагогтар педагог мәртебесін арттыруды; жалақыны экономикадағы орташа деңгейге жеткізуді; қызметтік өсу жүйесін енгізуді; қызметтің барлық кезеңінде кәсіби біліктілікті, оның ішінде шетелде дамытуды талап ете алады. Білім алушыларға барлығына бірдей сапалы білімге қол жеткізуге; үздік білім беру ресурстары мен технологияларын пайдалануға; коммуникативтік және кәсіби біліктілікті дамытуға мүмкіндік жасалады.
Білім беру саласындағы 12 жылдық оқытудың мәні мен мемлекеттік стандарттар жобасын талқылау жұртшылық арасында қызу жүріп жатыр. Жарыққа шыққан жалпы білім беру ісі мемлекеттік стандартының жобасына айтылған ой - пікірлер тұрғысынан қарар болсақ, педагогикалық жұртшылық мектептегі білім беру мазмұнын жүйелі түрде қайта қарауды жақтап отыр.
Өкінішке орай, әзірше біздегі білім беру ісінде инновациялық қызметтің жалпы қабылданып, белгіленген тұжырымамасы жоқ. Көптеген шетелдік педагогикалық технологиялар, олардың сол пайда болған елдеріндегі жағдай мен халқының менталитетіне қарай бейімделгені ескерусіз қалып, қазақстандық білім берудің құнарлы топырағына «егілуде».
Біздің ойымызша батыс технологиясының көпшілігін негіз боларлықтай ғылыми әдістемелік және тұжырымдамалық базасыз енгізуге талпыныс жасау қателік болар еді. Бұл мәселемен негізінен қоғамық ұйымдар мен бірлістіктер айналысады. Олардың қызметіне мемлекет тарапынан елеулі бақылау болмағандықтан, мұндай қызметтегі оқыту, енгізілген өзгерістер, апробацияның нәтижелерін бақылап отыру мен сапа мониторингін іске асыру күрделі.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі объективті мүмкіндіктерді ескере отырып, біздегі жағдайға үйлестіріп пайдалануға болатын педагогикалық технологияларды құру тұрғысындағы қазақстандық ғалымдардың іс-тәжірибесі (Караев Ж. А., Кобдикова Ж. У., Жанпейісова М. М., Бітібаева К. О., Есназарова У. А. және тағы басқа) технологиялан-дырудың болашағы бар екенін дәлелдейді. Бұл тәжірибе біліктілікті арттыру жүйесінде енгізіліп, сыналуда әрі қазіргі уақытта бұл технологиялар кәдімгідей жие қолданылып жүр.
Шетелдік іс тәжірибемен салыстырған кезде көргеніміздей, бұл жерде ғылыми зерттеу, жобалау қызметінің ықпалы зор. Біліктілікті арттыру жүйесінде (БАЖ) көптеген білім беру жобалары, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу негізінде жүзеге асырылатындары да бар (ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ЮСАЙД, ТЕМПУС, ТАММЕС және басқалар. ) БАЖ теория мен тәжірибені бір жерге шоғырландыратын сала болғандықтан, оның үйлестіруімен түрлі тұрпатты білім беру ұйымдарында (мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, кәсіптік мектептер, мектептен тыс ұйымдар және т. б) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің де мәні аз емес. Мәселен білім беру жүйесі Республикалық біліктілікті арттыру институтында (БЖ РБАЙ) «Білім беру ісін жаңарту жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін тұрақты дамыту» мәселесі жөнінде ғылыми зерттеу жүріп жатыр.
Курс бағдарламаларына арнайы пәндік және әдістемелік бөліктерден басқа ізгілікті дүниетанымдық, мәдениеттану мен психология - педагогика мәселелері кіреді.
- Білім беру ұйымдарын басқару, жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайларда қызметкерлерді басқару.
- Мектеп алдындағы даярлық ісін енгізу.
- Нәтижелі білім беру шарттарына жауап беретін 12 жылдық оқу түрін енгізу.
- Білім берудегі ерекше қажеттеліктерді талап ететін оқушыларды оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері.
- Педагогика кадрларының кәсіби біліктілік деңгейін арттыру.
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін жетілдіру.
- Балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жұмысына қатысты қазіргі заман тәсілдері.
- «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламаландыру» жүзеге асыру.
- Жеке басты әлеуметтендірудегі әлеуметтік институттардың өзара іс-қимылдарын жетілдіру.
- Жаңа педагогикалық, басқарушылық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануға оқытып-үйрету.
- Сапаны жалпылай басқаруды енгізу.
- Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы педагогикалық үрдістің мониторингі.
Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін -шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек.
Қазіргі заман жағдайына білікті арттыру жүйесін ақпараттандыру педагогикалық кадрларды дайындаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Оның дәлелі ретінде, қазіргі кездегі әдістеме кабинеттері компьютерлік техникамен жарақтандырылып, жалпы жергілікті желіге қосылғандығын атауға болады. .
Қазіргі замандағы білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет.
Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің жай-күйіне терең талдау жасалып, жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюуы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайтындығы айтылды. Онда бүгінгі уақыт талабына сай білім алушылар Қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-білікті жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауы тиіс екендігі, олардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіруі әлдеқайда маңызды да күрделі екендігі айтылады.
Елімізде 12жылдық оқытуға көшу қажеттіліктері төмендегідей:
- жалпы орта білімнің сапасын арттыру;
- отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулығын сақтау;
оқытуды даралап, бейімдеп жүргізу үшін жағдай жасау.
Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Мұғалімнің кәсіби әдістемелік даму деңгейіне, тұлғалық қажеттілігі мен сұранысына негізделе отырып, инновациялық мектептерге қойылатын талаптарға сай әдіснамалық ұйымдастырылатын басқару жүйесі нәтижелі болатыны белгілі. Кәсіби оқыту үрдісін ұйымдастыру - қызметтік бөлік арқылы мұғалімді тұлғалық дамытуды басқаруды жүзеге асыру әрекеттерінің жиынтығы. 12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдері үшін мынадай ерекшеліктері бар:
- Білім беру үрдісі ізгілікті және демократиялық заңдылықтарға негізделген.
- Барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді.
Мұғалім-мектептің жүрегі. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастырған жөн.
Президент жолдауында 12 жылдық оқыту моделін табысты ұйымдастыру туралы айтылғаны белгілі. Бұл міндетке орай, «Институт-мектеп» ғылыми педагогикалық зерттеу орталығының негізгі міндеттерінің бірі- болашақ педагогтың 12 жылдық мектеп құрылымы мен мазмұнына сай қызмет етуге дайындау болып есептеледі.
Ақпараттық қоғамның осындай жана талаптары өзге де оқу орындарымен бірге жалпы орта білім беретін мектептің алдына да бұрынғыдан өзгеше міндеттерді қояды. Дәлірек айтсақ, мектеп бітірушілер мыналарға қабілетті болуы тиіс:
- қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған алуан түрлі проблемаларды шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге;
- дербес сыни тұрғыда ойлай білуге; пайда болған проблемаларды көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;
- ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білуге (ақпараттарды іздеу, өңдеу, ой елегінен өткізу, қолдану, сақтау және тарату) ;
- әр түрлі әлеуметтік топтарда коммуникабелді, тез тіл табыса алатындай болуға; кез келген жанжалды жағдайларды болдырмауға немесе ондай жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;
Білім дамуының әлемдік үрдісін зерделеу, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық әдебиетті талдау, қоғамдық дамудағы білім ықпалын басымдылығын жаппай мойындап болып табылатындығын айтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңдағы өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Педагогика кадрлары біліктілігін арттыру жүйесі педагогтар кәсіптік біліктілігінің дамуын қамтамасыз етудің шарты екенін атап өту ләзім.
Қазақстандық білім берудің келешегі, сөз жоқ, оның дамуына бағыт беруге байланысты, Бұл бірінші кезекте, ізгілікті педагокикалық ойлауды қалыптастыруға, дүниетанымдық ұстанымды байытуға, мұғалімнің жеке тұлғалық және кәсіптік қасиеттерін жетілдіруге, шығармашылық белсенділікке ынталандыруға бағытталған жүйесінің қызметі.
Педагогтар біліктілігін арттыру жүйесіндегі қазіргі заманғы үрдістер педагогтардың біліктілігін арттыруда дағдыланған тәсілге, олардың жалпы талаптары мен нақты қажеттіліктерін ескеруге шығармашылық әлеуетті дамытуды бағдарлауға, курстық даярлау мен қайта даярлаудың белсенді түрлерінің әр алуандығына басымдылық берілетіндігімен сипатталады. Аталғандардың барлығы да педагогтың кәсіптік құзыреттілігін (біліктілігін) барынша тиімді жоғарылатып, жетілдіруге мүмкіндік беретін мотивациясы.
Білім беруді ізгілендіру және ізгіліктендіру. Педагокикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ізгілендіру және ізгіліктендіру, ең алдымен, тыңдаушыларда білімнің ізгілік құндылықтарын қалыптастыруға бағдар беруді, білім берудің мақсаттары, қағидалары, мазмұны, технологиясы мен ұйымдастырылуы туралы тың ойларды білдіреді. Бұл қағида оқытылатындардың ізгілік біліктілігін ұлғайтуды, гуманитарлық бағыттағы курстардың мазмұнына: білім философиясы және социологиясын, мәдениеттану, валеология мен білім беру үрдісін ұйымдастыруды, шетел тілін және басқаларды енгізуді, сондай-ақ оқытылушылар (үйретілушілер) мен оқытатындар (үйрететіндер) арасында тең құқылы қатынас, ынтымақтастық, өзара шығармашылық байланыс орнатудың қажеттілігін алға қойып отыр. Өзінің гуманитарлық бағытына сәйкес, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру оқытушыға өз құндылықтарын қайта қарауға, өзінің адамдық өзгешелігі мен өзіндік бағыттылығын ұғынуға мүмкіндік береді. Бұның нәтижесі оның оқытатын адамдарының өзгешілігі мен құндылығын түсінуге, сондай-ақ қазіргі заманғы ізгілік тұжырамдамасы мен педагогикалық технологияның мән-мағынасын ұғынуға алып келеді.
Ықпалдастыра білім беру педагокикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы қағидалар қатарындағылардың бірі. Біздің ойымызша, кадрлардың біліктілігін арттырудағы ықпалдастықты тек педагогикалық ішкі пәнаралық байланыстарды орналу есебінен біліктілікті арттырудың мазмұндық тұтастығына қол жеткізудің ғана емес, сонымен қатар оның әртүрлі бөлімдері және пәндер арасындағы үйлесім, білім беру үрдісіндегі барлық субъектілері өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің үрдісі әрі нәтижесі ретінде қарасытыруға болады. Осындай білім берудің нәтижесінде оқытушылар ойлауын біртұтас ету дамиды, бұл өз кезегінде білім өрісін кеңейіп, әр қилы ғылым саласы тоғысуында жұмыс істей білуге, қабылданатын шешімдер салдарын алдын ала көре білуге, олардың кәсіптік біліктілігін дамытуына жағдай жасайды. Ықпалдастыру білім берудің қазіргі заманғы басты нысаны адам идеясымен байланыстағы гуманитарландырудың құралы болуы мүмкін.
Білім берудің баламалығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz