Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларды уақытты орынды пайдалануға үйрету


БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ УАҚЫТТЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҮЙРЕТУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 6
1. 1. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ . . . 6
1. 2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 26
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ УАҚЫТТЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 32
2. 1. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 32
2. 2. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ УАҚЫТТЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҮЙРЕТУ . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Халыққа білім беру ісін жетілдіру - мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Ел президенті 2030 - жылға қарай Қазақстан Республикасы Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді, Біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады, - дейді.
Президентіміздің үкілі үмітін ақтауға барлық іс-әрекет, күш жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы тәрбиенің рөлі мен мүмкіндіктері арта түсуде [1] .
Педагогика ғылымының тарихына көз жүгіртіп қарасақ, оқу процесінде оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай сонымен қатар тәрбиенің түрлі қырларын жүзеге асыру маңызды орын алғанын байқаймыз.
Педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции және т. б орыс халқының өкілдері К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б қазақ халқының өкілдері Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, және т. б. ұлы тұлғалар өскелең ұрпақтың оқу-тәрбие ісінің жұмысын ұйымдастырудың жаңа қырларын ашуда ең бірінші бастауыш білім беру жүйесі мен бастауыш мектеп жасындағы оқушы тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері мен теориялық және әдістемелік мәселелеріне аса көңіл бөліп, осы бағытта көп жұмыс жасағандарын аңғарамыз [2] .
Оқыту мен тәрбие біртұтас педагогикалық үдеріс екендігін ескере отырып, оқыта отырып тәрбиелеудің мәні - тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру болып табылады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын - мектеп. Балалар мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алып шығады. Сол себептен де оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту керек. Тәрбие шектен тыс қалып, оқыту жоғары болғанымен оқушы жан-жақты дамымайды.
Сабақта оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың - мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Ал шеберліктің өзі ұзаққа созылған тыңғылықты, өзін жасауға бағышталған мұғалім еңбегінің нәтижесі. Мұғалімнің басшылығымен сабақты жүйелі түрде оқыту үшін мұғалімнің сабақта жұмыс істеуге мүмкіндігінің болуы, оқушылардың білімі мен жан-жақты дамуына мұғалім тарапынан жағдай жасалуы тиіс. Қазіргі оқытудың тәрбиелік және оқушыларды жан-жақты дамыту сипатына ерекше мән беріліп - оқытудың әдістемелік негізі бүкіл сабақтың барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, сабақ үдерісінде оқушылардың уақытты тиімді пайдалануға үйрету, тәрбие беру. Осы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні диплом жұмысымның тақырыбын: «Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларға уақытты тиімді пайдалануды үйрету» таңдауды талап етті.
Мұғалім болдың ба - кәсібіңді арғымақша ерттеп мін, өз ісіңнің шебері бола біл. Мұғалімнің тағы бір шеберлілігі математика сабақтарында оқушыларға бақылау жұмыстарын жаздырғанда тез, жылдам орындаған оқушыларға қалған уақытын бос отырғызбау мақсатында деңгейлеп тапсырма беру керек, уақыттыран дұрыс тиімді пайдалануға үйрету [3] . Мектепте қосымша берілетін қызықты математика сабақтарында сабақта үлгермеген есептерді шығаруға болады. Бұл сабақта журналдардан, кітаптардан қызықты есептер шығартуға болады. Бөлінген сабақ кезеңдерін мұғалім уақытты тиімді пайдаланып және оқушыны соған дағдыландыру мұғалімнің шеберлігі арқылы жүзеге асады. Күнделікті сабақта осы кезеңмен сабақ жүргізіліп отырса, оқушылар оған қалыптасады.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарына дайындығы. Зерттеу пәні: математика 4-сынып.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарында бағдарламада анықталған көлемі мен деңгейіне қарай математикалық білімді, біліктілік пен дағдыны игерту және оқушының жеке басы ерекшеліктері мен қабілетіне уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Зерттеу міндеттері:
- Математика сабақтарында оқушылардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту.
- Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік
белсенділігі арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашу.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта және деңгейлеп оқыту теориясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Бастауыш білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлкеттік стандарты; Бастауыш мектеп математика оқулығы, оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет, газет-журнал көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды зерделеу, байқау, анықтау, педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: математика сабақтарында оқушылармен жұмыс жүргізудің негіздерін және мазмұнын түзу; оқытудың тиімді әдістері.
Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларын математиканы оқытудың мазмұнын дайындау.
Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ- МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпан күні Қазақстан Халқына Жолдауында білім беру саласына байланысты басты міндеттерді атап өтті. Оларға тоқталатын болсақ: 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту .
Бірінші мәселе білім және ғылым министрлігі 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Екінші мәселе бойынша әзірге халықты бастауыш балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде «бетбұрыс» жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі бастауыш төменгі сыныпта білім беруге баса назар аударған жөн. және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет [4] .
Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.
Жоғарыда Президентіміздің жолдауындағы бастауыш төменгі сыныбының мәселелеріне байланысты бірнеше бөлімге бөліп қарастырды. Білім министрінің 12 жылдық білім беруге байланысты бастауыш төменгі сыныпта оқушылардың негізгі білімі қаланады. Сол себептен 12 жылдыққа бастауыш төменгі сыныбына байланысты жасалған бағдарламаларға және де енгізілген өзгерістерге тоқтала кетсек:
- білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде жеке тұлғаны дамытуға байланысты үлгіні таңдау.
Қазіргі таңда әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын келелі де көкейтесті мәселенің бірі - жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып табылады [] .
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту.
Мұғалім - психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Осы айтылған мақсаттарды көздей отыра балалардың мектепке психологиялық даярлығын анықтауда кеңінен қолданып жүрген аса танымал әдістердің бірі -тесті арқылы қабылдау. Тест үш талаптан тұрады: ойша ер адамның дене бітімін бейнелеу, жазба әріптерін және берілген нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл әдістердің жетістігі - балалардың мектепке оқуға аса қажетті қолдың нәзік қимыл мен көз жанарын бағыттауды анықтайтындығы.
Л. С. Выготский әдістемесі бойынша балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатындығы сұралады. Бұл әдістеме арқылы ұғымдардың қалыптасуы мен олардың жинақтай білу іскерлігі айқындалады.
А. Р. Лурияның «Пиктограма» әдістемесі арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтадық.
Диагностикалық қорытындысы: 6 жастан қабылданған оқушылардың мектепке психологиялық тұрғыдан дайындықтары болғанымен, интеллектуалдық дайындықтары әлі де жеткіліксіз. Олай дейтін себебіміз бақылау кезінде, еліктеу тапсырмаларын орындағанда координациялық қимыл-қозғалыстары әлі де толық жетілмегендігі, өз-өзіне сенімділігінің төмен екендігі байқалды [5] .
Тестік жұмысты қорытындылай келіп мынадай ерекшеліктерді байқадық:
- координациялық қимыл-қозғалыстары толық жетілмеген, қол саусақ моторикасының әлі де жетік дамымағандығы және өзіндік жұмысқа бейім емес екендіктері;
- 6 жастағы балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған, естіп есте сақтау қабілеттері орташа, зейіндері ауыспалы, логикалық ойлау қабілеттері орташа, қиялының дамуы жақсы.
Балаларды жан-жақты зерттеп, зерттеу жұмысының негізінде соған лайықты жұмыс жүйесін құрып, оқушылардың сабаққа ынтасын дамытып отырсақ сонда ғана нәтижеге жететініміз анық.
Бастауыш мектеп мұғалімі қандай болуы керек? Бұл сұраққа толық жауап алу үшін төмендегі мәліметтерге тоқталайық.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы әрі іске астырушы тұлға - бұл мұғалім. Бұл тұжырымды анықтамаға келтіретін болсақ: мұғалім бұл арнайы дайындығы бар, педагогикалық қызметпен кәсіби деңгейде айналысатын адам. Бұл арада «кәсіби» сөзіне назар аударған жөн. кәсіптік болмаған педагогикалық іспен адамдардың баршасы шұғылданады, ал педагогикалық заңдарға сәйкес әрекетіне келіп, не, қай жерде, және қалай істеу керек екендігін білетін, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін мойнына алатын тек мұғалім ғана [] .
Бастауыш мектеп мұғалімі - ерекше мұғалім. Ол балалар мен ересектер әлемін ұштастырушы. Ол енді қалптасудағы сәби психикасының терең құпияларын жете таниды, балаға білім бере алады, оны тұлға - азамат болуға баулиды. Маңыздылық тұрғысынан бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін басқа кез келген ешбір еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі мұғалім төккен маңдай тердің жемісі - тұлға. Осы аса білгір, өте жауапкерлі, бала өміріндегі тұңғыш мұғалімге отбасы мен қоғам өзінің ең ардақты перзентін, аяулы азаматы мен елінің тағдырын, өз мемлекетінің жарқын болашағын үлкен сенім және үмітпен тапсырады. Мұғалім мінберіне көтерілген адам баршаға жауапкерлі, бәрін біледі де істей алады. Мұғалім лауазымының сипаты да оның осы әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігімен анықталады. Педагог еңбегінің бүгінгі нәтижесі қаншама жоғары болса, біздің қоғамымыздың ертеңгі мәртебесі де соншама жоғары болмақ. Әр адам мен бүкіл халықтың тағдырына шексіз байланысты әрі жауапкерлі келген қандай да бір мұғалімдіктен басқа қызмет түрін ойға келтіру тіпті де мүмкін емес.
Сонау замана тұңғиығында-ақ қатаң заңдылық байқалған: мұғалім дәрежесі - қоғам деңгейінің көрсеткіші. Адамзат өркениетінің даму тарихында қай елдің мектебі мен мұғалімі жетілген болса, сол ел биік дәрежелі жетістіктерімен танылған. Мұғалім беделіне қандай да нұқсан келтірудің салдарынан ел тозып, ізгілік-адамгершілік аяқ асты болған. Мұғалім тұлғасы кішіпейіл, өзін бадырайта көрсете бермейді, бірақ адалдық пен шындық тасушы болған оны тұғырынан тайдыру - лезде бүкіл адамдардың жақсылық сенімінег айрылуына, содан өркениет жетістіктерін күйретіп, адамзатты жабайылар үйіріне қайта қамап, зұлмдық шоғын шашар көргенсіздік бой тіктейді.
Мұғалімнің қоғамдағы рөлін аса жоғары бағалай білген М. Горький үлкен толғаныспен былай деген: «Жақсы, ақылды, білімді мұғалімнің ауылға қаншалықты қажет екенін білсеңіз еді. Оған айрықша жағдайлар жасау керек. Әрі мұның мүмкіндігінше тез арада орындалғаны жақсы. Себебі халықты кең білім дағдысына салмасақ, мемлекетіміз күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған үй құсап, қақырап кетуі сөзсіз. Мұғалім өз ісіне құлай сүйген әртіс, суретші болмағы лазым. Ал бізде ше - ол қара жер тырнаған, бейнеткер, сауат-білімнен жүрдай, ауыл баласын ықыласпен оқытуға емес, тап зорлықпен айдауға кетіп бара жатқан тұтқын сияқты. Ол аш, еңсесі түскен, қапелімде жұмыссыз қалу қауіпін, ертеңгі бір тілім нанын қайғырған пенде. Керегі - мұғалім ауылдың ең құрметті адамы, үлкеннің де, кішінің де қалаған сұрағына жауап таба алатын сауат иесі болмағы. Оның бойынан жұрт сый мен назарғасай күш-қуат танып, оның алдында тартынғаны жөн. Кім болса сол . . . мұғалім намысына тиіп, оның беделін аяқ асты ету - кешірілмес айып» [6] .
Педагогикалық міндетті қызмет-педагог жұмысының белгіленген бағыты. Әлбетте, педагогикалық күш-қуат жұмсаудың басты бағыттары - бұл баланы оқыту, оның сауатын ашып, білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру. Аталған бағыттардың әрбіріне орай мұғалім сан алуан нақты әрекеттерді орындайды, осындай оның қызметтері көрер көзге байқаусыз, көбіне елене бермейді. Солай да болса, педагогикалық істер төркініне үңіле назар салумен оның кәсіптік іс-әрекетінің негізінде жатқан құбылыстарды тану арқылы анықтайтынымыз: мұғалімнің міндетті қызметі - оқу, тәрбие, даму, қаыптасу үдерістеріне басшылық жасау.
Мұғалімнің парызы - оқыту емес, оқуға бағдар беру; тәрбиелеу емес, тәрбие үдерісіне жетекшілік ету. Осы басты міндеттерін толық түсіне алған мұғалім ғана өз оқушыларына жеткілікті дәрежеде дербестік, еркіндік, ынта білдіру мүмкіндіктерін бере алады. Оқу-тәрбие үдерісінде өзі көзге түспей, барша істі оқушының еркін таңдауымен, бірақ басшылық тізгінін де қолдан жібермей, орындау-хас шебер мұғалім қолынан келетін жұмыс.
Кәсіби педагогтарды Сократтың өзі «ой акушерлері» деп атаған, педагогикалық шеберлікті «дүниеге нәресте келтіру» өнерімен теңеген. Білгір педагогтың қызметі - дайын білімді қолдау емес, оқушыға жаңа ой пайымдауға көмектесу. Демек, педагогикалық еңбектің өзегі - адам қалыптасуына себін тигізетін барша үдерістерге басшылық жасау.
Негізгі педагогикалық қызмет ретінде басшылық нақты педагогикалқ әрекеттерден құралады. Қалаған педагогикалық жобаның-мейлі ол сабақ, сынып сағаты, сабақтағы жеке тақырып не бөлім өту, викторина, олимпиада не «қозғалысты өзгерістер», мектеп мейрамы, қайырымдылық іс не экологиялық саяхат болсын - бәріде мақсат белгілеуден басталады. Басқару үдерісінің мәні - «мақсат-нәтиже» бағытындағы оқушылардың әрекеттерінің басын қосып, үйлестіру, оқу барысындағы басқарым оқушы мүмкіндіктеріне: дайындық деңгейіне, жұмыс қабілетіне, оқуға қатынасы және т. б. - негізделеді. Бұлардың бәрі жөнінде ақпаратқа ие болу үшін педагог нақтама қызметін орындайды. Оқушылар дамуының тән-дене және психикалық ерекшеліктерін, олардың ақыл және адамгершілік тәрбиесінің деңгейін, сыныптық және отбасы тәрбие жағдайларын, т. с. с. анықтап алмай, дұрыс мақсат белгілеуге де, оған жетудің нақты жолдарын таңдауға да болмайды. Жан-жақты тәрбие жүргізуі үшін педагогика тәрбиелейтін адамын барша тұрғыдан тани білуі міндетті, -деп К. Д. Ушинский баса айтқан. Міне осыдан тәрбиеші педагогикалық жағдайлар талдаудың болжастыру әдістерін жете білуі қажет.
Мақсат белгілеу және нақтамалау істерімен тығыз байланыста болжау, болжастыру шаралары орындалады. Болжау - өз әрекетінің нақты жағдайлардағы нәтижесін күні ілгері білуге, сонымен нені, қалай істеу керектігін түсінуге көмектесетін мұғалімнің көрегендік қабілетінен байқалады.
Болашаққа ой жүгірте алмайтын, неге ұмтылатынын пайымдауға өрісі жетпейтін педагог «алдым жөн, артым соқпақ» деп тәуекел сапар кешкен жолаушыға ұқсас. Мұндайда көздеген мақсат кездейсоқ, ойламаған жерден ғана орындалуы немесе тіпті де бос әурешілік болуы ынтимал. Мұғалімді болжастыруға үйрете алмайтын педагогиканы К. А. Сухомлинский тәуіпшілдікпен, көрегендігі болмаған оқытушыны сауатсыз жөргекшімен теңеген [7] .
Нақтылап, сәтті болжамды арқау еткен мұғалім оқу-тәрбие қызметтерінің жобасын түзуге кіріседі. Нақтама, болжам, жоба оқу-тәрбие істерінің жоспарын жасауға негіз береді. Жоспар түзумен педагогикалық үдерістің дайындық кезеңі аяқталады. Өзін қадірлей білген мұғалім барша тарапы түбегейлі ойластырылған, нақты да анық, толық қамдастырылған жоспарсыз сыныпқа енбейді.
Сонымен, нақтылау, болжастыру, жобалау мен жоспарлау - оқу-тәрбие ісінің әр жаңа айналымының дайындйқ кезеңінде мұғалімнің орындайтын міндетті педагогикалық қызметтері.
Келесі - ниеттерді іске асыру - кезеңінде мұғалім ақпараттық, ұйымдастыру, бағалау және сараптау, бақылау мен реттеу-түзету міндеттерін атқарады. Мұғалімнің ұйымдастыру қызметі - балаларды белгіленген жұмысқа тартып, көзделген мақсатқа жету жолында оларды өзімен бірлікте орындалатын іске жұмылдыру. Оқушылардың басты ақпарат көзі - мұғалім. Ол бәрін біледі, ол өз кәсібіне байланысты пәндер - педагогика, психология және әдістемені жоғары деңгейде жете меңгерген. Пәнменді ынталандыру жағдаяттарын жасауда мұғалімге бақылау, бағалау және реттеу-түзету қызметтері аса маңызды. Осы педагогикалық міндеттердің дұрыс орындалуынан оқу үдерісі дамиды, жоспарланған өзгерістер өз деңгейінде іске асып жатады. Мұғалім бәріне де қанық: шу-шу-леу немесе мәжбүрлеумен шынайы оқу табысына жету мүмкін емес. Бақылау сала отырып сәтсіздіктер, олқылықтар мен кемшіліктер себептерін ашамыз. Бұдан жинақталған ақпарат педагогикалық үдерісті ретке келтіріп, қажет болса түзетіп, тиімді шараларды дер мезетінде қолданып, ынталандырушы сеп-түрткілерді пайдалануға мүмкіндік ашады. Педагогикалық айналымның қорытындылау кезеңінде мұғалім ауқымды талдау жұмыстарына өтеді. Мұндағы басты мақсат - біткен істі сарапқа салып, ол белгіленген деңгейден қаншама төмендеу орындалды, қай жерде және не себепті іс қарқыны бәсеңдеді, мұның бәрін келешекте болдырмаудың амалы қандай болмақ, т. с. с. сұрақтарға жауап табу [8] .
Кәсіби қызметінің көп түрлі де жан-жақты болуынан мұғалім еңбегі көптеген мамандықтарға байланысты істермен сабақтас орындалып барады: ол-актер, режиссер және менеджер; ол - сарапшы, зерттеуші және тұқым іріктеуші. Өзінің тікелей кәсіби қызметтерімен қатар педагог қоғамдық, азаматтық, отбасылық міндеттерге де жауапкерлі.
Сонымен, бастауыш мектеп мұғалімі көп санды да әрқилы іс-әрекеттер түрін атқарады. Бұл істердің бәрі кәсіби тілде педагогикалық міндетті қызметтер деп аталады. Басты педагогикалық міндет - бұл оқу-тәрбие үдерісін басқару. Басқарудың дайындық кезеңінің элементтері: мақсат белгілеу, нақталау, болжастыру, жобалау және жоспарлау. Жоспарды іске асырарда мұғалім ақпараттық ұйымдастыру, бағалау, бақылау және реттеу-түзету жұмыстарн орындайды. Ал қорытындылау кезеңінің міндеті - біткен істе талдау сарабына салу.
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғам алдындағы міндеттері барлық уақытта өзінің қатал әділқазылары - оқушыларының, мүдделі ата-аналардың, кең әлеуметтік қауымның назарында болуы - ұстаз тұлғасы мен оның моральдық келбетіне жоғары талаптар қояды. Мұғалімге қойылатын талаптар - бұл педагогикалық қызмет табыстарының кепілі болар кәсіби сапалар жүйесі.
Мұғалімге қойылатын педагогикалық талаптар жөніндегі айғақтар бізге сонау ежелгі ғасырлар тұңғиығынан жеткен, қай уақытта да адамдар оған жоғары деңгейдегі тапсырмалар тарта отырып, өз мұғалімін қарапайым пенде кемшілктерінен азат болғанын қалаған. Львовтық «бауырластар мектебінің» 1586 жылғы жарғысында былай деп жазылыпты: «Бұл мектеп мұғалімі инабатты, ақылды, кішіпейіл дана, ұстамды, араққор емес, зинакер емес, пайдакүнем ұры емес, көріпкел сәуегей емес, бөспе сөзді емес, жамандықты қолдаушы емес, бірақ жақсылық жасауға асыққан, бар тұрғыдан ожданды болып, оқушылары да оған ұқсасын?» ХҮІІІ ғасырдың алғашқы кезеңінде-ақ осы күнге дейін өз маңызын жоймаған ауқымды да нақты мұғалімге қаратылған талаптар белгіленген Я. А. Коменский тұжырымынша, мұғалімнің басты парызы - өзінің жоғары инабаттылығымен, адамдарға деген мейірмен, білім мен еңбеккерлігі және басқа да сапаларымен өз оқушыларына өрнек болып, оларды адамилық қасиеттерге баулуы тиіс [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz