Абайдың қара сөздеріндегі афоризмдер



1 Абайдың қара сөздеріндегі афоризмдер
2 Қорытынды
Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Алтынсариннен басталады. Публицистиканың алғашқы негізін қалаушы Шоқан болса, оны әрі қарай дамытушы Абай болды/ Поэзиясында ғаламат ақындық мәдениет танытқан данышпан, философ, дана Абай өзінің ойшылдығын, білімдарлығын тамаша сөз шебері зергерлігін «Қара сөздерінде» де мол аңғартып отырады. Ол замана жайында халықтың тағдыры мен тіршілік күйлері, ел мінезін түзеудің, опатқа ұшырататын оғаш істерді жаксы жолға салудың, жарық пен өркениетке бастаудың жолдары, адамның рухы мен санасының өзгеру жайында жазады.
Халықтардың өзара байланысы мен қарым-қатынасы, оның мәдениеті мен рухани қазынасы жайлы, сол кездегі қазақ қоғамының, сахара өмірінің қым-қуыт шындығы Абай қара сөздірінің негізгі тақырыптары болды. Абай осылырдың әрқайсысы туралы терең де мағыналы, шындықты көрсететін пікірлер қалдырды.
Абай «қара сөздерінде» өмір шындығын қозғаған реалист жазушы, халықтың мұң-мұқтажын көксеген демократ, қоғам қайраткері, ірі талант иесі, ағартушы, терең ойдың иесі болып көрінеді. Ол өзінің «Қара сөздері» арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, зұлымдыққа, надандыққа, мінез-құлыққа, адамгершілікке сыйымсыз тәлім -тэрбиеге, кертартпа әдет- ғұрыпка елдің санасындағы зиянды ұғым теріс түсінікке қарсы шығып отырғап заманның мейірімсіз сыпшысы болды.
Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қана қоймай, сонымен бірғе, одан құтылудың жолын қарастырады, әділетке, өнер білімге, адал еңбекке адамгершілікке үндеді. Қазақ жастарына акыл айтып, адамға жат мінез-құлықтардан сақтандырады. Мысалы, Абай «22 сөзінде» өзіне өзі сұрау бере отырып, қазақ қоғамындағы топтар мен таптарды сынап, талдау жасайды. Ол сойылын соғуға даяр екенін ашык көрсетеді. Қазақтың байлары мен болыс, билерін, сұмдарын, момын шаруалары мен бейшараларын салыстырып, ол топтардың арасындағы үлкен қайшылықтарды танытып отырады.

Абай қазақ еліндегі бұл топтарды, таптық жіктерді бір жақты алып қарап, бір жақты бәріне қарсы шығып отырған жок. Олардың әрқайсысына жеке сипаттама беріп, кедей шаруаны жуандар тобынан бөліп алды. Елдің бұзылуына, азып тозуына негізгі айыпты қанаушы тобы - мырзалар, атқамінер, қу-сұмдар қауымы екенін көрсете білді. Бұларды елдің кым-қиғаш, қарама-қарсы жіктерге бөліп, дау-жанжалдың отын үрлеп жүргенін көрсетеді.
1 «Қазақ әдебиеті» - Алпысбаев, Алматы, «Атамұра» 1992ж
2 «Хакім Абай» - Ғарифолла Есімов, Алматы, «Атамұра» 1994ж
3 «Абайдың сөз өрнегі» - Рабиға Сыздық, Алматы, «Арыс» 2004ж
4 «Абайдың қара сөздері» - Абай Құнанбаев, Алматы, «Көшпенділер» 2007ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Абайдың қара сөздеріндегі афоризмдер
Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Алтынсариннен
басталады. Публицистиканың алғашқы негізін қалаушы Шоқан болса, оны әрі
қарай дамытушы Абай болды Поэзиясында ғаламат ақындық мәдениет танытқан
данышпан, философ, дана Абай өзінің ойшылдығын, білімдарлығын тамаша сөз
шебері зергерлігін Қара сөздерінде де мол аңғартып отырады. Ол замана
жайында халықтың тағдыры мен тіршілік күйлері, ел мінезін түзеудің, опатқа
ұшырататын оғаш істерді жаксы жолға салудың, жарық пен өркениетке бастаудың
жолдары, адамның рухы мен санасының өзгеру жайында жазады.
Халықтардың өзара байланысы мен қарым-қатынасы, оның мәдениеті мен рухани
қазынасы жайлы, сол кездегі қазақ қоғамының, сахара өмірінің қым-қуыт
шындығы Абай қара сөздірінің негізгі тақырыптары болды. Абай осылырдың
әрқайсысы туралы терең де мағыналы, шындықты көрсететін пікірлер қалдырды.
Абай қара сөздерінде өмір шындығын қозғаған реалист жазушы, халықтың мұң-
мұқтажын көксеген демократ, қоғам қайраткері, ірі талант иесі, ағартушы,
терең ойдың иесі болып көрінеді. Ол өзінің Қара сөздері арқылы да қазақ
арасындағы озбырлыққа, зұлымдыққа, надандыққа, мінез-құлыққа,
адамгершілікке сыйымсыз тәлім -тэрбиеге, кертартпа әдет- ғұрыпка елдің
санасындағы зиянды ұғым теріс түсінікке қарсы шығып отырғап заманның
мейірімсіз сыпшысы болды.
Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қана қоймай, сонымен бірғе, одан
құтылудың жолын қарастырады, әділетке, өнер білімге, адал еңбекке
адамгершілікке үндеді. Қазақ жастарына акыл айтып, адамға жат мінез-
құлықтардан сақтандырады. Мысалы, Абай 22 сөзінде өзіне өзі сұрау бере
отырып, қазақ қоғамындағы топтар мен таптарды сынап, талдау жасайды. Ол
сойылын соғуға даяр екенін ашык көрсетеді. Қазақтың байлары мен болыс,
билерін, сұмдарын, момын шаруалары мен бейшараларын салыстырып, ол
топтардың арасындағы үлкен қайшылықтарды танытып отырады.
Абай қазақ еліндегі бұл топтарды, таптық жіктерді бір жақты алып қарап,
бір жақты бәріне қарсы шығып отырған жок. Олардың әрқайсысына жеке
сипаттама беріп, кедей шаруаны жуандар тобынан бөліп алды. Елдің бұзылуына,
азып тозуына негізгі айыпты қанаушы тобы - мырзалар, атқамінер, қу-сұмдар
қауымы екенін көрсете білді. Бұларды елдің кым-қиғаш, қарама-қарсы жіктерге
бөліп, дау-жанжалдың отын үрлеп жүргенін көрсетеді.
Абайдың Қара сөздерінде әңгімеленетін ең басты мәселе - оқу, өнер,
білім, тәлім-тәрбие жүйелері. Абайдың бұл мәселелерді өзінің кара
сөздерінің көпшілігінде-ақ әңгіме қылады. Бұған соқпай кететін өлеңі де,
қарасөзі де аз. Қара сөздерінің жиырма шақтысы осы ағартушылық пікірді
қозғап отырады. Олардың ішінде 2сөз, 8сөз, 25сөз, 35сөз, 33сөз.
37сөз, 38сөз, 43сөзі оқу, өнер, білім мәселесін көбірек қозғайды.
38-сөзінде: Тегінде,- дейді Абай,- адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселерімен оздым ғой
демектің бәрі де ақымақшылық.
Енді қарап тұрсам,- дейді Абай,- сарттың екпеген егіні жок, істемейтін
кәсібі жоқ, орыстың да өнерін тез меңгеріп алған, озара жауласуы жок,
тіптен қазақтың өлісінің ахыреттігін, тірісінің киімін сол жеткізеді. Ал
ноғайлар кедейлікке де шыдайды, солдаттыққа да шыдайды, молда, медресе
ұстап дін күтуде соларда, еңбек етіп мал табудың жөнін солар біледі,
тазалық та соларда. Біз құзғын тамағымыз үшін оларға біріміз жалшы, біріміз
көш алушылармыз Орысқа айтар сөз жоқ, біз олардың күңі қадарлы да жоқпыз.
Ал сонда ең тәуір халықпыз деген мақтан қайда қалды. Абай бұл сөзді қазақ
халқын кемсіту үшін емес, ал жағымсыз қылықтарды айту одан арылудың тәсілі.
Неге сарт сияқты егіп екпеске, неге ноғай сиякты дін бақпаска, сауда
жасамасқа, неге орыс білімін алып, олармен терезені теңестірмеске дей келіп
қазақтың өзбекті келеке ететін орны жоқ, ол халықпен дос болып, үлгі өнеге
үйретуге шақырады.
Абай осы шағын сөзде ұлттық дамудың басты басты бағыттарын таратқан.
Ақынның осы идеялары күні бүгінге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздері мен нақылдары
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін сабақтан тыс қолдану
Абайдың қара сөздерінің құндылығы
Ақын қара сөздеріндегі адам мәселесі
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай қарасөздеріндегі афоризмдер
Метафора эквиваленттілігі
Абай Құнанбаев. Қаза сөздері
Пәндер