12 - жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі жайлы



Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер еңгізіліп,мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.
12 жылдық білім беруге көшу:
1) Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
2) шығармашьшық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды;
3) жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде көшуді;
4) әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезендегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінін мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процессі әр педагогтың өзіне,өз ісіне және өзге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіз дегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім - мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік: «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтың құзырлылығы – жеке тұлғаның білім мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиеттін білдіретін ұғым деуге болады.
1. «12 жылдық білім» - № 8 2006 жыл.
2. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
12 - ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ

Құлтазина 3.Қ. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі №25 арнаулы орта
мектебі, Ақтөбе қаласы

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама
алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы
зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер
еңгізіліп,мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны
белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас
ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән
бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік
азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек
күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.
12 жылдық білім беруге көшу:
1) Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
2) шығармашьшық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
жаңа ұлттық үлгіні жасауды;
3) жалпыға арналған біліммен білім әркімге өмір бойы үлгісіне саналы
түрде көшуді;
4) әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу
мәселелерінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының
зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер
алдында тұрған негізгі мәселелер. Баланы оқуға қалай үйретеміз?, Ойлауға
қалай үйрету керек?, Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?
деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім
педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым
салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің
алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезендегі мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекетінін мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке
ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процессі әр педагогтың
өзіне,өз ісіне және өзге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-
қатынасын берік сенімге негіз дегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы
өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала
түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі
мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені,
Ы.Алтынсариннің Мұғалім - мектептің жүрегі, - деп айтқанындай, барлық күш
мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке
тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет
Байтұрсынов Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді деген ғой.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзыреттілігінің
теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын
келтірейік: Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті
атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Яғни, педагогтың құзырлылығы – жеке тұлғаның білім мен тәжірибесін нақты
бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиеттін
білдіретін ұғым деуге болады.
Кей зерттеушілер біліктілік ұғымын құзыреттілік ұғымымен
нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, құзыреттілік
ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған біліктілікті
сипаттайтын таза кэсіби біліммен және іскерлікпен қоса, топта, әлеуметтік
ортада жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабілеттілік,
коммуникативтік қабілету оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпараттық алу және
пайдалану, т.б. іскерліктер жатады.
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын
терең талдай отырып, 12 жылдық білім беру жағдайындағы педагогтың
құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенді сипатталуы тиіс деген
ойдамыз:
1) мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген
қарым-қатынас: бұл жағдайда 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық
негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
2) проблемалық-практикалық аспект: бұл - осы жағдайда педагогтің алдына
мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын анықтауды сипаттайды;
3) коммуникативтік аспект: бұл - педагогтің осы үрдіске, ахуалға
қатысын және өзара ықпал жасауын қамтасыз етеді.
Жоғарыда айтылған анықтамалар мен пікірлерді талдай отырып, 12 жылдық
білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде
емес, педагогтің жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке,
белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелердің
талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгізіп отыруға деген
іскерііігінің белсенділігінен көрінеді. Демек, еңбектің басты нысаны (пәні)
бойынша педагогтік кәсіп - адамтанушылық типіне жататын, ал кәсіби іс -
әрекетінің негізге зерттеушілік бағыт екенін терең ұғынуымыз қажет.
Ендеше, 12 жылдық білім беруге көшуде педагогтің ең басты міндеті - 6
жастан бастап мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің даму деңгейі мен
әлеуметтік жағдайын зерттеу, оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелеріне мониторинг
жасап отыру. Педагогикалық мониторинг объектісі-оқушы, мұғалім және білім
беру үрдісі болуы мүмкін. Әрине, педагог психологпен бірлесе отырып,
кешенді мониторинг жүргізіп, педагогикалық жұмыс әрекеті туралы ақпарлар
жинап, соған сәйкес жұмыс жоспарын белгілейді.
12 жылдық мектептің педагогі оқушыны жоғары деңгейде қалыптастырудың
бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті.
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану (ұжым,
топпен) қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерің қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік
пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылығы және білім беру
қызіметінде субъектілік пен креативтілік дамуына ынталылық, педагогикалық
және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Айрықша назар аударатын мәселе — мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі.
Ақпараттық қарым - қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі.
Ақпараттық ресурс - ақпарат көзін алу үшін династиялық оқыту,
мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру қажеттігі туындап отыр.
Әсіресе, әрбір ұстаз, өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға ұмтылуы
тиіс.
Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы
үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс.
Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов: Бала оқытуды жақсы білейін деген адам
әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, - деген
тұжырымында Шьғармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды - деген ой
айқын аңғарылады.
12 жылдық мектептің ұстазы өскелең өмір талабына сәйкес зерттеу
жұмысының тақырыптарын таңдап алып, сол проблеманы ғылыми тұрғыда терең
талдап, мынадай логикалық құрылымын айқындап алған жөн:
1. Зерттеу проблемасы, өзекті мәселені табу, оның өзектігін дәлелдеу.
2. 3ерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау.
3. Тақырыпқа сәйкес арнайы әдістемелік педагогикалық әдебиеттерді
зерттеу, пероблеманың ғылыми- теориялық негізін ашу.
4. 3ерттеу әдіс-амалдарын құру.
5. Болжамдар ұсыну.
6. Педагогикалық тәжірибе жасау.
7. Тәжірибе нәтижелерін теориялық салыстыру.
8. Нәтижелерді қорытыңдылау.
9. Жүргізген зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Әдістемелік нұсқау әзірлеу.
Бүгінгі таңда зерттеушілік ізденіс - белгілі бір ғылым саласындағы
мамандар айналысатын әрекет емес. Бұл әрбір педагогтің ажырамас сапалық
қасиеті ретінде сипатталады. Зерттеушілік жаңа заман, жаңа формация
мұғалімінің жүріс-тұрыс стиліне айналуы тиіс.
Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог - бұл
қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық,
шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол - оқытудың жаңа технологияларын өмірге
енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық
бөлігінің бірі. Оқу - тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына
комплексті тұрғыда қарайтын зерттеушілік ыңғайға бейім, теориямен практика
іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары-адамгершілік,
ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген
ұстаз.
Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік - деген, ұлы көреген Абылайханның ой - тұжырымы
қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған
мәселелерді шешуге батыл кірісу қажет екендігіне әкеліп салады.

Әдебиеттер:

1. 12 жылдық білім - № 8 2006 жыл.
2. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары.

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ -ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ
Тұрақбай Ж. С., директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары
№24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Ақтөбе қаласы

Білім беру саласы қашанда айрықша назар аударуды талап етеді. Бұл
саладағы басты мәселе- білім беру сапасын арттыру және оның үздіксіздігін
қамтамасыз ету. Мұнда сөз жоқ, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен
оқыту үлкен рөл атқарады.
Елбасы Н.Назарбаевтың білім беру қызметкерлерінің екінші съезінде
сөйлеген сөзінде қазіргі білім беру жүйесінің жағдайына сипаттама бере
келіп, оны реформалаудың перспективаларын көрсетіп берді.
Қазіргі білім беру реформасына сай оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің
өзекті мәселелерін шешуді мектептерден бастау өте орынды. Себебі қазіргі
оқушылар-келешекте ел тізгін ұстайтын болашақтың барыстары. Қоғамда болып
жатқан саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер орта мектеп жағдайында
білім берудің қызметіне жаңаша қараудың бұл бағыттағы қол жеткен табыстарға
сын көзбен саралай отырып бағалайды?. Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытып, осы бағыттағы оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістерін,
нысандарын іздестіруді талап етеді.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық
өзгермелі жағдайларда емір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар
оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық; белсенділік,
әлеуметтік жауаптылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби
сауаттылық.
Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың
жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-
өрісінің кезенді мектеп қабырғаснда қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-
пікірін еркін жеткізе алатын болады.
Сонымен қатар, қазақстандық білімде біршама өзгерістер болуда. Оның
кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде.
Жоғарыда аталған мәселені шешу мен қайшылықтарды жоюдың тиімді жолдарының
бірі-білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін
тұлғаға бағдарланған тәсілдің дүниеге келуі.

Осыған байланысты 12 жылдық білім беруге көшуде қазақстандық білім
жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен білім
әркімге өмір бойы үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім
кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
12 жылдық жалпы білім беру мектебі Жеке тұлға жетістігі негізгі
идеясы үлгісімен таңдалып алынады.
12 жылдық оқытудағы негізгі әдістері: оқушының жеке бас ерекшелігін,
ішкі қажеттіліктері мен қабілет мүмкіндіктерін ескере отырып жеке тұлғаға
бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №538 бұрығына
сәйкес №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы эксперимент алаңдарыньщ бірі
болып эксперимент жұмысына қосылып 2003-2004 оқу жылында мектеп
қабырғасында экспериметтік 1-класс ашты. Биылғы оқу жылында осы класс 5-
класқата экспериментті жалғастырып жатыр.

Эксперимент жұмысын жүзеге асыру мақсатында шығармашылық топ құрылып,
жұмыс жүйесі жасалады.
12 жылдық білім берудің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: алған білімінің негізінде еркін бағамдай алатын. Өзін таныта,
дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отырған өмірде өз бетінше дұрыс шешім
қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Міндеттері:
- ғылыми негіздері дүниетанымды, шығармашылықты және құзырлықты
қалыптастыру;
- оқу-тәрбие процесінің кең түрде әлеуметтенуі, білім беру мазмұнының
ізгілікте тәрбиелеу мен дамыту әлеуметін көтеру, кәсіптік бағдарлау
мен оқытудың практикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, оқушылардың
еңбектену дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы орта білім беруін жүйесін ақпараттандыру.
Оқытудың ақпараттық технологияларын енгізу, арналық оқытуды ұйымдастыру
және оныдамыту;
- Көпсалалық пен көпшілікке тәрбиелеу және оқыту, қамтамасыз ету;
- Рухани-адамгершілікке, отансүйгіштіке, жалпы адамзаттық
құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен Қазақстан
халықтарының алдыңғы қатарлы дәстүрлерін сақтау;
- Вариативті білім беру бағдарламасы негізінде оқытуды саралау мен
даралауды қамтамасыз ету. Шығармашылық дарындылықты, жалпы орта білім
беретін мекемелердің түрлері мен тұрпаттарының көптүрлігі, сондай-ақ
жаңашыл әдістердің қолданылуы.
Эксперитменттік жұмыс төмендегідей құрылымда құрылды.

Болашақ бірінші класс оқушылардың дайындық деңгейін анықтау мақсатында
педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмысы ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелі
және жүйелі түрде болу үшін эксперименттік сыныппен қатар бақыланушы 7
жасарлардың 1-класымен де осындай жұмыстар жүргізіледі. Алты жастағы
оқушылардың жеті жасарлармен салыстырғанда төмендегідей психологиялық
ерекшеліктері байқалады:
- қол-саусақ моторикасының әлі де толық дамымағандығы, координациялық
қимыл қозғалыстары толық жетілмегендігі;
- логикалық ойлау қабілеттері, қиялының орташа болуы;
- зейіндері тұрақсыз, ауыспалы болуы.
Сонымен эксперимент барысында төменедегі жағдайлар анықталды:
• Экспериментатор мұғалімдерге көмек көрсету (эксперимент жұмысының
бағытын анықтау, жеке тұлғаға бағдарланған оқу әдістемесі бойынша ғылыми-
әдістемелік көмек көрсету)
• Медициналық бақылаудың жүйелі жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінген жөн;
• Оқытудағы басты бағыт - оқушыны дамыту болуы тиіс.
Эксперименттің келесі кезеңдерінде:

- мектептің ерекшелігін, эксперименттің өту жағдайын, мұғалімдердің
сапалық құрамын (эксперимент барысында мұғалім оқыту үрдісін жеңілдететін
қандай тәсілдерді қолданады немесе тұлғаға бағдарланған технология, іздену-
зерттеу әдістерін қосу, мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағыттары мен
мазмұны) сипаттайтын қосымша мәліметтер алу экспериментті ғылыми-
әдістемелік техникалық жағынан қамтамасыз ету.
12 жылдық білім беруге көшу қазақстандық білім жүйесін реформалауды,
шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттан
жасауды, Жалпыға арналған білім, үлгісіне сапалы түрде көшуді және
әлемдік білім кеңестігіне енуді қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, оқушыны инабатты, парасатты болып өссін десек, ұлттық
тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың жастары әдептілікке
тәрбилеудегі мол қазынасын бүгінгі күн талабымен ұштастыра отырып, жиырма
бірінші ғасырдағы қоғам талабына сәйқес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық негіздері
ҚР 12 - жылдық орта білім беру моделі
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік
Ақпараттық модельдер
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті
Пәндер