Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар жайлы


1. «Тұлға» түсінігі оның дамуы мен қалыптасуы
2. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар.
3. Тұлға - тәрбие мақсаты.
ТҰЛҒА - адамдар арасында өз ұстамын жауапкершілікпен және еркін анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Өзін қоршаған әлеммен өзара әрекет, қоғамдық және адами қатынастар мәдениет жүйесімен қалыптасады. Адам әлеуметтену барысында тұлға болады. Тұлға педагогикада белсенді пайдаланылатын ұғым, психология ұғымы. Тұлға түрлі топтарға бөлінеді.
ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫ - адамның барлық мәндік күштерінің, оның қабілеттерінің және таланттарының тұтас және толыққанды дамуы; тарихи-мәдени жағдайдың ерекшелігіне тәуелді тәрбиенің гуманистік мұраты.
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік ортаның сыртқы әрекеттер ықпалымен тұлға дамуы мен қалыптасудың барысы, тәрбиелеу мен оқытудың ықпалымен тұлғаны мақсатқа бағытты немесе кейбір қырларын дамыту адамның, қоғамның субъекті және объекті ретінде қалыптасуы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі "жеке адам" түсінігінің өзін айқындап алу. Шынында да тәрбие аясы "жеке адам" нені білдіреді? Бұл түсініктің "адам" түсінігімен арақатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену жәнс өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-қүлығында көрініп, осыдан балалық жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.
Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеуте ептіліктер мен дағдыларды қалып-тастырады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
... жалғасыСонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, "адам" түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал "жеке адам" түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық касиеттеріне тікелей байланысты. Сонымен "жеке адам" дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын керініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, ягаи өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5) даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады. Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан "адам" және "жеке адам" түсішктерінің сипаттамасы "даралық" түсінігімен толықтырылады.
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі анық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді-жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық-әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен наным-дарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
2. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе - жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманның өзіне қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама беруді өз міндетіміз деп есептейміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz