А. Макаренко және педагогикалық психология



А. Макаренко және педагогикалық психология. Бала және оның дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С. Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Макаренконың ғылыми концепциясыңда жеке адамның да¬му психологиясы әр қырынан алынып (жеке адам мен коллективтің өзара қарым-катынасы, жеке адам дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасынын қалыптасуы, мінез-кұлықтың қалыптасуы т. б.) қарастырылды. Жеке адам психологиятсының түйінді проблемаларын Мака¬ренко жеке адам мен коллективтің қарым-қатынасын биогенети¬ка және социогенетика тұрғысынан түсіндірушілермен өткір айтыс үстінде шешті. Социогенетиктердің коллективті қайсыбір тітіркендіргіштерге біркелкі жауап беретін индивидтер жиынтығы деп дәлелдеуі Макаренканың қарсылығын туғызды, ол кол¬лективке ұйымдасқан жеке адамдардың мақсатқа бағытталған комплексі деп қарады. Коллективтік ұйым бар жерде коллек¬тив органы, коллектив сенген өкілетті адамдар ұйымы болмақ және жолдастың жолдасқа қарым-қатынас мәселесі — достық мәселесі емес, сүйіспеншілік мәселесі емес, көршілік мәселесі емес; жауапты тәуелділік моселесі».
Мәседені бұлай қою Макаренкоға жеке адамның коллективтегі жағдайын өзгерте отырып, оған елеулі калыптастырушылық ыкпал жасауға мүмкіндік берді. Оның үстіне тәрбиеленуші өзінің тәрбие объектісі болып отырғанын (параллельді әсер ету принципі) сезбей де калатыи.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның касиеттерін, мінез-құлық көріністерін және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке адам белгілері тізбегінін өзі-ақ («адамның коллективте өзін-өзі сезінуі, оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті, принциптілігі мен эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының елеулі касиеттеріне терең психологиялық талдау жасағанын көрсетеді. Макаренконың «Тәрбие процесін ұйымдастыру методикасы» деген еңбегіндегі тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілерін қысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер де осыны дәлелдейді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
А. Макаренко және педагогикалық психология. Бала және оның дамуы жөнінде 20
жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С.
Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық
көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген
ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай
педагогикалық тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік
тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Макаренконың ғылыми концепциясыңда жеке адамның даму психологиясы әр
қырынан алынып (жеке адам мен коллективтің өзара қарым-катынасы, жеке адам
дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасынын
қалыптасуы, мінез-кұлықтың қалыптасуы т. б.) қарастырылды. Жеке адам
психологиятсының түйінді проблемаларын Макаренко жеке адам мен коллективтің
қарым-қатынасын биогенетика және социогенетика тұрғысынан түсіндірушілермен
өткір айтыс үстінде шешті. Социогенетиктердің коллективті қайсыбір
тітіркендіргіштерге біркелкі жауап беретін индивидтер жиынтығы деп
дәлелдеуі Макаренканың қарсылығын туғызды, ол коллективке ұйымдасқан жеке
адамдардың мақсатқа бағытталған комплексі деп қарады. Коллективтік ұйым бар
жерде коллектив органы, коллектив сенген өкілетті адамдар ұйымы болмақ және
жолдастың жолдасқа қарым-қатынас мәселесі — достық мәселесі емес,
сүйіспеншілік мәселесі емес, көршілік мәселесі емес; жауапты тәуелділік
моселесі.
Мәседені бұлай қою Макаренкоға жеке адамның коллективтегі жағдайын
өзгерте отырып, оған елеулі калыптастырушылық ыкпал жасауға мүмкіндік
берді. Оның үстіне тәрбиеленуші өзінің тәрбие объектісі болып отырғанын
(параллельді әсер ету принципі) сезбей де калатыи.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен
тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның касиеттерін, мінез-құлық көріністерін
және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке
адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке
адам белгілері тізбегінін өзі-ақ (адамның коллективте өзін-өзі сезінуі,
оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-
әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті,
принциптілігі мен эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының
елеулі касиеттеріне терең психологиялық талдау жасағанын көрсетеді.
Макаренконың Тәрбие процесін ұйымдастыру методикасы деген еңбегіндегі
тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының
белгілерін қысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер
де осыны дәлелдейді.
А. С. Макаренко жеке адамның мотивтік сферасын оның қоғамдық сапаларының
қалыптасу зандылықтарын терең зерттеді. Оның ішінде қажеттіліктерді дамыту
мен қалыптастыру проблемасы өзекті дерлік орын алады. Тәрбие жұмысының аса
терең мәні... адам қажеттіліктерін тандап алу мен тәрбиелеуде, оларды тек
тапсыз қоғамда ғана болуы мүмкін және адамды онын әрі карай жетіле беруі
үшін күреске итермелейтін адамгершілік биіктікке әкелуде болып табылады.
Макаренко шығармаларында коллектившіл болу қажеттілігін тәрбиелеуге басты
роль беріле отырып, жеке адам дамуының қозғаушы күштерін зерттеудің кең де
батыл программасы жасалыпған.
Еңбек пен қоғамдык іс-әрекет процесінде қалыптаскан жеке адамды тұтас
талдау мүмкіндігі совет психологтарының алдында алғашқы рет дерлік
Макаренко екбектерінде ашылып көрсетілді; Макаренконың психолог ретіндегі
мейлінше құнды ерекшелігі — жеке адамды психологиялық зерттеудегі енжар
пайымдаушылықты жеңе білуінде болды. Тәрбиеленушіні білу тәрбиешіге оны
қалай болса солай зерттеу процесінде келмей, онымен бірлесіп жұмыс жасау
және оған белсенді көмек беру процесінде келуі тиіс. Тәрбиеші
тәрбиеленушіге зерттеу объектісі , peтіндe емес, тәрбие объектісі ретінде
қарауы керек. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту
теориясы. 20-30-жылдары JI. C. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды,
дамыту теориясы қалыптасады.
Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс
процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі
жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек — адамның құралмен істейтін іс-
әрекеті, ол адамнын, мінез-құлық типін өзғертуге, адамды жануарлардан
ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-
әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы
практикалық іс-әрекетіңде құралды, қолданатыны сияқты, өзінің ішкі
психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді т. б.) пайдалануы
негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінін ұқсастығы (психологиялық
жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен
көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі
бағыттылығынан келіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Психологияның жас ерекшелігі
Оқыту принциптері
Кеңестік психологияның дамуы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жанұя тәрбиесі туралы
Оқушылар ұжымы балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
А.С.Макаренконың тәжірибесі, теориясы
Педагогика туралы жалпы ұғым, үлес қосқан ғалымдар
Пәндер