Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары



1 Кіріспе.
2 Негізгі бөлім
Қолданылатын әдебиеттер
Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үрдістердегі басымдылығын мойындайды. Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай білетін, қазіргі басқарушыларсыз, біз инновациялық экономика құра алмаймыз», – деп атап көрсетеді [2].
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибе жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Сонымен қатар, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады» – деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педогогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [3].
1 ҚР Білім туралы заңы // Астана.-2007. – 6б.
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы: Атамұра, 2005,-13 6.
3 25 ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 9.01.2004. – 5б.
4 Аманқұлов К.І. Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. Пед.ғыл.канд. ...автореф.: 02.07.04. – Алматы: ҚазҰПУ, 2004. – 20 б.
5 Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителей: Автореф. ...докт.пед.наук., Алматы: АГУ им.Абая, 1996. – 43с.
6 Кайдарова А.Ж. Опыт педагогов-новаторов в профессиональной подготовке будущих учителей // Вестник АГУ им.Абая. – 2002. - 80-83 с.
7 Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование – Алматы: Ғылым, 1997. – 152 с.
8 Аймағамбетова Қ.А. // 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. Бастауыш мектеп. 2007.
9 Қайыңбаев Ж.Т. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны және оның құрылымының ерекшеліктері: Пед.ғыл.канд. ...дисс. – Алматы, 1998, –169 б.
10 Құрманалина Ш.Х. Проблема методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников. – алматы: «Алем», 1999.
11 Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 1991.
12 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Орталық Қазақстан. – 28 қазан, 2004. – 4-7 б.
13 Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы. – М.: Высшая школа, 1980. – 368 с.
14 Архипова С.Е. Подготовка будущего учителя к руководству развития математического мышления младших школьников: Автореф. ...канд.пед.наук. – М.: МГПУ им. В.И.Ленина, 1985. – 16 с.
15 Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. Общедидактический аспект. – М.: Педагогика, 1977. – 254 с.
16 Гамидов С.С. Профессионально-педагогическая направленность математической подготовки будущего учителя начальной школы в педвузе: Дисс. ...докт.пед.наук. – Баку, 1991. – 371 с.
17 Занков Л.В. О предметах и методах дидактических исследований. – М.: Изд-во АПН РСФСР, 1962. – 150 с.
18 Занков Л.В. Избранные педагогические труды. – М.: Педагогика, 1990. – 424 с.
19 Қоянбаев Р.М. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетінде // Бастауыш мектеп. – 1997. №1 – 10-11 б.
20 Пискунов А.И. Профессионально-педагогическая подготовка будущего учителя // Советская педагогика. – 1985. №12. – 42-47 с.
21 Домаев Т.Ш. Теория и практика подготовки учителей начальных классов в системе высшего педагогического образования. – Ташкент: ФАН, 1988, – 148 с.
22 Подымова Л.С. Дидактическая подготовка учителя начальных классов в системе высшего педагогического образования. Автореф. ...канд.пед.наук. – М.: 1983. – 17 с.
23 Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері: пед.ғыл.докт. ... автореферат. – Алматы, 1996.
24 Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущего учителя начальных классов. – Алматы: Ғылым, 1997. – 152 с.
25 Тадиян С.И. Совершенствование профессиональной подготовки учителя начальных классов в пединститутах (при обучении дисциплинам естественно-математического цикла): Автореф. ...канд.пед.наук. – Киев, 1970. – 19 с.
26 Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя: Автореф. ...докт.пед.наук. – Киев, 1986. – 46 с.
27 Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Ғылым, 1998. – 320 с.
28 Хмель Н.Д. Педагогический процесс как объект деятельности учителя. – Алма-Ата: Мектеп, 1978. – 115 с.
29 Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. – М.: Просвещение; 1990. - 141с.
30 Берикханова А.Е. Формирования готовности будущих учителей к использованию современных педагогических технологий. Автореф. ...канд.пед.наук: 16.09.03. – Алматы, 2003.
31 Калюжный А.А. Особенности содержания профессиональной готовности и компетентности учителя. – Актюбинск, 1994. – 26 с.
32 Калюжный А.А. Роль учителя в нравственном воспитании школьников. – Алматы: РБК, 1994. – 121 с.
33 Узақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. – Алматы: ИПК «Алатау», 1997. – 81 с.
34 Аймағамбетова Қ. Дүниетануды оқыту әдістемесі. – Алматы: Атамұра, 1998. – 142 б.
35 Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной учебной деятельности младших школьников. Автореф. ...докт.пед.наук. – Алматы, АГУ им.Абая, 2001. – 46 с.
36 Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қылыптастыру. – Алматы: Білім, 1994. –192 б.
37 Қосанов Б.М. Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік ой-пікірдің дамуы (ХХ 30-жылдарына дейін): Пед.ғыл.канд. ...дисс. – Алматы, 1997. – 152 б.
38 Оспанов Т.Қ. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. – Алматы: РБК, 1996. – 177 б.
39 Сатканов О. Пути совершенствования трудового обучения с использованием средств демокративно-прикладного искусства в начальных классов казахской школы: Автореф. ...канд.пед.наук. – Алматы, 1994. – 22 с.
40 Бекмағамбетова Р. Философские основы подготовки учителя начальных классов // Поиск. – 2002. №3. – 224 с.
41 Демокрит. В его фрагментах и свойствах древности. – М.:ОГИЗ, 1935. – 375 с.
42 Платон. Собрание сочинений. В 3т. Т.1: – М.: Мысль, 1981.
43 Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. – М.: Просвещение, 1964. – 482 с.
44 Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. Собр.соч. Т.2. М.: Просвещение, 1965. – 492 с.
45 Әбділдабек А. Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектеп мәселесі хақында // Бастауыш мектеп. – 1992. №3. – 3-6 б.
46 Государственный стандарт основного высшего образования по специальности 03.15 – Педагогика и методика начального обучения. – Алматы, 1996. – 18 с.
47 ҚР МЖМБС 3.07.029-2001. 031540 – педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы. – Астана, 2001. – 26 б.
48 ҚР МЖМБС 3.08.002-2004. «050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. – Астана, 2004, - 28 б.
49 Амельченко Т.В. Взаимосвязь дидактической и методической подготовки будущего учителя начальной школы: Дисс. ...канд.пед.наук. – М., 1986. – 193 с.
50 Коменский Я.А. Великая дидактика. –М., Начальная школа, 1893. 279 с.
51 Данилов М.А. Общая методология науки и специальная методология педагогики в их взаимоотношениях // Сов. Педагогика, 1972, №5.
52 Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. – М.: Просвещение, 1971. – 62 с.
53 Краевский В.В. Проблемы научного обоснования (методологический анализ). – М., 1977.
54 Таубаева Ш.Т. О структуре инновационного процесса в школе // Проблемы повышения уровня обучения и воспитания в казахстанской школе. Материалы республиканской научно-практической конференции. 14-15 мая 1996 г. –Алматы, 1996. с. 54-58.
55 Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововдений в системе образования: научный фонд и перспективы развития. /Книга 1/ –Алматы: Научно-издательский центр 2001. –с. 296.
56 Әбділдабек А.Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектеп мәселесі хақында // Бастауыш мектеп. – 1992. №3. – 3-6 б.
57 Занков Л.В. О начальном обучении. – М.: Изд-во АПН РСФСР. 1963. – 199 с.
58 Плешаков А.А Методика преподавания природоведения. – М.: «Академия», 1999. – 201 с.
59 Светловская Н.Н. Теория методики обучения чтению. – М.: «Академия», 1998. – 201 с.
60 Стойлова Л.П. Двухступенчатая подготовка учителя начальных классов в Москве // Начальная школа. – 200. №2. – 4-11 с.
61 Эрдниев П.М., Эрдниев Б.П. Теория и методика оюучения математике в начальной школе. – М.: Педагогика, 1988. – 208 с.
62 Абасов З. Подготовка учителей к работе в инновационной среде // высшее образование в России. – 2002. №6. – 151-155 с.
63 Абасов З. Инновационность в образовании и подготовке учителей // Вестник высшей школы – Алмаматер. – 2001. №4. – 7-10 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 371.307 8
Қолжазба құқығында

Жетпісбаева Гүлшат Сүйіндікқызы

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың
белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары

6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Магистрлік диссертацияның авторефераты

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2013

Диссертация Халықаралық қазақ-түрік университетінің Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика
ғылымдарының

кандидаты, доцент

Қожагелдиева С.

Ресми оппоненті:
педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

І.С.Сманов

Диссертация 2013 жылдың желтоқсанында сағат
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (мекен-жайы:
161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Бас оқу ғимараты, №432
дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын
көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын
дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу – деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат
өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің
басқа да мемлекеттік үрдістердегі басымдылығын мойындайды. Н.Ә.Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және
ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруымыз қажет. Осы
заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай
білетін, қазіргі басқарушыларсыз, біз инновациялық экономика құра
алмаймыз, – деп атап көрсетеді [2].
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз
ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибе жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Сонымен
қатар, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-
қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет
етіп отыр.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-
әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше,
жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық
процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау,
оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін
шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді
зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік
тұжырымдамасын ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары
зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз
байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады –
деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе:
әлеуметтік-педогогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [3].
Білім беру үрдісін басқару мұғалім бойындағы тұлғалық өзгерістер және
оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені
мұғалімге қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық сапасының бала үшін ғана
емес, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді. Мұғалімнің басты
міндеті жоғары деңгейдегі адамгершіліктің иесі болу, өзінің білімі,
еңбекқорлығы, адамдарға деген мейірбандығымен оқушылар үшін үлгі болу, жеке
өнегесімен оларды тәрбиелеу. Сонымен қатар, мұғалім үшін тағы бір маңызды
мәселе – өзіндік білімін жетілдіруге өзін-өзі дамыту деген құлшынысының
болуы. Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан
сәттен бастап, оның бойында мұғалімдік те жойылады.
Педагогикалық психология зерттеушілері Қ.І.Аманқұлов [4], Н.К.Ахметов
[5], А.Ж.Қайдарова [6], Ж.Ж.Наурызбай [7] және тағы басқа еңбектерінде
мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық қызметінің
тиімділігі қарастырылған. Мектепті басқару арқылы оқушылар мен
мұғалімдерді тұлға ретінде инновациялық әрекеттерге тарту туралы
Қ.Аймағамбетова [8], Ж.Т.Қайыңбаев [9], Ш.Х.Құрманалина [10], С.Рахметова
[11] және басқалар еңбектерінде көрсетілген.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға сәйкес Қазақстанда
жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау
сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған
инновациялық білімді дамытуды, жоғары оқу орындары зерттеулерінің
әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысын
орнатуды, білім беру мен технологияларды жетілдіруді, бірыңғай ақпараттық
білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу-әдістемелік және
ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді [12]. Мұның өзі білімнің негізін
салатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлықтарына жоғары талаптар
қойып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын,
оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруды игерген және қазіргі заманғы
технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде қалыптастыру мәселесін
тудырады. Сондықтан мектептің таяу уақыттарға бағытталған талаптарына
сәйкес жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда
оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру негізінде білім берудің жолдарын
айқындап, мұғалімдердің кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау проблемасы бойынша Архангельский
С.И. [13], Архипова С.Е. [14], Бабанский Ю. К. [15], Гамидов С.С. [16],
Занков Л.В. [17;18], Қоянбаев Р.М. [19], Пискунов А.И. [20], Домаев Т.Ш.
[21], Подымова Л.С. [22], Сабыров Т.С. [23], Сарыбеков М.И. [24], Тадиян
С.И. [25], Хмель Н.Д. [26;27;28] және т.б. зерттеулерінде мұғалімдерді
кәсіби даярлаудың теориялық негіздері қарастырылып, педагогикалық жоғары
оқу орындарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.
Абдуллина О.А. [29], Аманқұлов К.Қ. [4], Ахметов Н.К. [5], Берікханова Г.Е.
[30], Калюжный А.А. [31;32], Қайдарова А.Ж. [6], Наурызбай Ж.Ж. [7],
Ұзақбаева С.А. [33] т.б. еңбектерінде педагогикалық қабілеттерді
қалыптастыру, шеберлікті дамыту, мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке
даярлау мәселелері зерттелді.
Болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру проблемасы кәсіби
даярлаудың құрамды бөлігі ретінде көптеген зерттеулерге негіз болды.
Даярлық ұғымы психологиялық жағдай ретінде – М.И.Дьяченко,
Л.А.Кандыбович, К.К.Платонов, А.С.Прангишвили, Д.Н.Усзнадзе т.б.
зерттеулерінде анықталды.
Қазақстанда бастауыш мектепті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету,
соған сәйкес мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік даярлығын
қалыптастыру мәселелері бойынша Қ.Айтмағамбетова [34], А.Х.Аренова [35],
А.Е.Әбілқасымова [36], Ж.Т.Қайыңбаев [9], Б.М.Қосанов [37], Ш.Х.Құрманалина
[10], Т.Қ.Оспанов [38], С.Рахметова [11], С.О.Сатқанов [39] т.б. ғалымдар
көп еңбек сіңірді.
Дегенмен, жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы зерттеліп отырған
проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай
отырғандығын дәлелдейді.
Қазіргі уақытта ең басты мәселелердің бірі – мектептің таяу уақыттарға
бағытталған талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерін инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде
білім берудің жолдарын айқындап, бастауыш сынып мұғалімдерінің
интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану арқылы кәсіби даярлығын үнемі
жетілдіріп отыру аса қажет болып отыр.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруде оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен оларды жоғары оқу орнында
даярлау процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және оқытудың
белсенді әдістерін жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерін даярлауда интербелсенді әдістерді пайдалануды бүгінгі
заман талабының сұранысына сай жетілдіру, зерттеу, қолдану мақсатында,
тақырыпты Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін қолданудың дидактикалық шарттары деп алуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
даярлауда оқытудың белсенді әдістерін, жаңа технологияларды қолданудың
шығармашылық жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде
жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу жұмысының міндеті:
– бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздерін айқындау;
– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісін белсендірудің
дидактикалық шарттарын анықтау;
– оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің мазмұны мен әдістерін айқындау;
– оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, халық педагогикасының
мұраларын зерттеу, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің
мемлекеттік стандартын, оқулықтарды, бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан талдау, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін бақылау, алдыңғы
қатарлы озық іс-тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, сауалнама жүргізу,
диагностикалау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
– бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері айқындалды;
– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісін белсендірудің
дидактикалық шарттары анықталды;
– оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің мазмұны мен әдістері дайындалды;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруде оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісін белсендірудің
дидактикалық шарттары анықталып, мектеп тәжірибесіне ұсынылды;
– оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыруда бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің мазмұны мен әдістері дайындалды,
бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірибелерінде оқу-тәрбие үрдісінде
қолдануға болады;
– зерттеу материалдарын жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу
орындарында, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, педагогикалық
кадрлардың біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне
оқытудың белсенді әдістерін ендірудің теориялық негіздемесі жасалып,
педагогикалық шарттары анықталса, білім беру саласында үнемі жаңарып
отыратын өзгерістерге икемді, жаңалықты оқу-тәрбие процесінде қолдана
алатын мұғалімнің оқытудың белсенді әдістері, инновациялық іс-әрекеті
қалыптасады. Өйткені, оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың белсенді әдістерін
ендіру әдістемесі осы іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жасалады.
Зерттеу әдістері: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда
оқытудың белсенді әдістерін және жаңа технологияларды, дидактикалық,
суретті көрнекілікті жұмыс түрлерін қолдану және сауалнама жүргізіп олармен
әңгімелесу, тірек схемаларымен, интерактивтік тақталармен жұмыс, түсіндіру,
сұрақ-жауап, топтастыру, болжау, жұппен жұмыс, ой қозғау, шығармашылық
жұмыстарын бақылау. Педагогикалық тәжірибе іс-әрекеттер нәтижесіне баға
беру, оларды өңдеу.
Зерттеу көздері:
Қазақстан Республикасының білім беру заңы 1999ж Қазақстан – 2030 даму
стратегиялық бағдарламасы; Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім
беруді даытудың тұжырымдамасы, отандық және алыс-жақын шетелдік педагог
ғалымдардың зерттеліп отырған мәселе бағытындағы еңбектері, мектеп
мұғалімдерінің озат тәжірибелері, оқу әдістемелік құралдар және
бағдарламалар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Қазіргі бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың белсенді
әдістерін ендірудің теориялық негіздері айқындалды және мәні ашылып
көрсетілді.
2. Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұны ғылыми-теориялық
тұрғыдан талдау жасалынды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұндық сипаттамасы, оқу-тәрбие
үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің моделі мен педагогикалық
жүйесі.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі негізгі
тараудан, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны мен пәні,
міндеттері мен әдістері, болжамы мен зерттеу көздері, зерттеудің
әдіснамалық негіздері мен негізгі кезеңдері, жұмыстың теориялық және
практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар
баяндалған.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық
негіздері атты бірінші тарауда жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен
практикасында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың жай-күйіне талдау
жасау арқылы оның ғылыми-теориялық негіздері анықталады, оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын
жетілдірудің педагогикалық жүйесі, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын жетілдіру мүмкіндіктері мен жолдары ашып көрсетіледі, оқытудың
белсенді әдістерін жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын жетілдірудің теориялық моделі ұсынылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асыру атты екінші тарауда болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру және
тиімділігін айқындау мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперименттік
жұмысты жүргізу әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау
жасалынады, оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін пайдаланудың
келешегі мазмұндалады.
Ғылыми жұмыстың осы кезге дейінгі зерттеу деңгейі: Педагогика ғылымында
инновациялық педагогикалық технология ұғымына біржақты анықтама беріле
қойылған жоқ. Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары
жасалып, белсенді әдістерді пайдалану жалпы білім саласына енгізіліп жатыр.
Педагогикалық технология терминін 1960 жылдарда шетел зеттеушілері
енгізген. Оқыту технологиясы ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген
А.Макаренко, қазір бұл ұғым оқу тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр.
Дегенмен, ол әлі зерттелу үстінде.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары мазмұндалды, және қарастырып отырған мәселенің келешекте
зерделенетін бағыттары айқындалды.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін
білім ордалары ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-
әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың белсенді әдістерін дер
кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық,
саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін,
парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі
таңдағы мерейлі міндеті.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды теориялық тұрғыдан тұжырымдау
философиялық ойлар мен классикалық педагогика өкілдерінің еңбектерін оқып
үйрену мен талдауды қажет етеді [40].
Балаларды тәрбиелеудегі ұстаздың рөлі ежелгі грек ойшылдарының
еңбектерінде ерекше орын алды.
Демокрит адамдар табиғатынан емес, көп жаттығудың нәтижесінде жақсы
адам болып қалыптасатындығын өз еңбектерінде негізгі ұстаным ретінде көтере
отырып, балаға жақсы тәрбие беру үшін жақсы ойлауға, жақсы сөйлеуге, жақсы
еңбек етуге үйрену қажеттігін тұжырымдады [41].
Сократ тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру, тәрбие беруді
мемлекеттік іс деп қарауды ұсынды. Оның философиясы Өзіңді өзің таны деген
педагогикалық идеяға құрылып, тәрбие берушілерді адамгершілік сапасы мен
білімі тұрғысынан үйлесімді жетілдіріп отыруды көздеді.
Платон шәкірт ұстазының мемлекет алдындағы жауапкершілігіне ерекше
тоқтала отырып, ұстаздың өз міндетін нашар орындауы мемлекетте надандар мен
бұзақылардың көбеюіне жол беріп, оның дамуына кері ықпал ететінін айтты,
ұстаз еңбегінің қоғамдық-әлеуметтік мәні туралы құнды идеялар қалдырды
[42].
Бұл мәселе классикалық педагогиканың көрнекті өкілдері еңбектерінде
(Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, П.П.Блонский, М.Жұмабаев, Я.А.Коменский,
Н.К.Крупская, А.Құнанбаев, А.В.Луначарский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский,
С.Т.Шацкий, т.б.) жалғасын тапты.
Бастапқы балалық әсер бүкіл өмір бойына із қалдыратынын ескере отырып,
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетіне тән ерекшеліктер туралы
К.Д.Ушинский салиқалы пікірлер айтқан болатын, ол тәрбиеші білім беру
ісінде еңбек етіп жүрген оқушының жасы неғұрлым жас болған сайын сол
тәрбиешіден педагогтық білім соғұрлым көп талап етілетініне мән берді
[43;44].
Қазақ халқының көрнекті жазушысы А.Байтұрсынов мұғалімнің жеке тұлғасы
туралы мәселені көтере отырып, жақсы мұғалім мектепке жан кіргізетінін...
Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ бере алмайтынын айтты.
Сондай-ақ ол мұғалімдерге қойылатын талаптарды тұжырымдады: Бала оқытуды
жақсы білем деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы
білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам
боларға керек [45].
Ұлы ойшылдар мен педагогтардың құнды идеяларынан бастау алған бастауыш
сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі бүгінгі күнде педагогика
ғылымының теориясы мен практикасында өз алдында дербес проблема ретінде
бірнеше ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болып, әр қырынан зерттеліп
келе жатыр, мұның өзі оның үнемі дамуды, жетілдіруді қажет ететін проблема
екендігін дәлелдейді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында педагогика және бастауыш оқыту
әдістемесі мамандығы бойынша бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына бастауыш сынып мұғалімнің профессиограммасы жасалынған.
Осы мамандық паспорты, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы
бойынша түлектердің біліктілік сипаттамасы, болашақ мұғалімге қажетті
педагогикалық және әдістемелік біліктер мен дағдылардың бағдарламасы
құрайды.
Педагогика – гректің пайдос – бала, аго – жетектеу деген сөзінен
шыққан, тура аударғанда, пайдагогос – бала жетектеуші – деген мағынаны
білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке апаратын құлдарды
педагогтар деп атаған. Кейіннен бұл сөз жаңа мағынаға ие болып, баланы
өмірге жетектеу дегенді білдірді де, тәрбие мен оқыту ісімен
шұғылданатындарды педагогтар деп атайтын болды [46;47;48].
Педагогикалық еңбектерде, оқу құралдарында, сөздіктер мен
энциклопедиялық басылымдарда педагогика ұғымына әртүрлі анықтамалар береді
және оның ғылым ретінде пәнін де түрліше көрсетеді.
Педагогиканың неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларының төмендегідей
нұсқаларын ұсынуға болады:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.
Педагогика – өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогика – адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік
кешенмен толық қамтамасыз етілген. Бұл кешен болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде ерекше орын алып, олардың әдістемелік
білім, білік, дағдыларына жетілдіріп отыруын талап етеді.
Ғылыми зерттеулердің оқып-үйрену және талдау педагогикалық білім беру
жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселесінің
педагогика ғылымының теориясында өз алдында дербес проблема ретінде
анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге
мүмкіндік берді.
Педагогикалық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы
орта және жоғары оқу орындарында даярлайтыны белгілі.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлау
жүйесі – біртұтас құрылым, оның өзіндік қалыптасу тарихы, даму кезеңдері,
дәстүрлері арасында сабақтастық бар. Бұл жүйе қоғамдық өмірде
шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті, жан-жақты дамыған мамандар даярлау
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру
проблемасының теория мен оқыту практикасындағы зерттелу деңгейін талдау
бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби даярлығы өз алдына дербес, бірақ бір-
бірімен тығыз байланысып, астасып жататын қоғамдық-саяси, ғылыми-теориялық,
психологиялық-педагогикалық және арнайы даярлықты біріктіретін көп жақты
жүйе болып табылатындығын көрсетіп, оны жетілдіру жолдарын анықтауға
мүмкіндік берді.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда педагогикалық процестің
ерекшелігі онда теориялық және практикалық оқытудың сабақтастықта болуымен
байланысты. Бұл даярлықтың мазмұнына педагогикалық және көппәндік даярлық
элементтері енеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесінің мазмұнына сәйкес
студенттерге педагогикалық жүйенің өзіне тән заңдылықтары, принциптері,
құрылымымен қызметі, әдіс-тәсілдері оқытылады.
Мұғалімдердің даярлығын оқу пәндерін, педагогикалық практиканың
дидактикалық бағыттылығын күшейту және арнайы оқыту арқылы жетілдіру
проблемаларын Т.В.Амельченко [49], С.Е.Архипова [14], С.С.Гамидов [16],
Т.Ш.Домаев [21], Л.С.Подымова [22], Т.С.Сабыров [23], М.Н.Сарыбеков [24],
С.И.Тадиян [25] және т.б. көтерді.
Т.Ш.Домаевтың Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлаудың теориясы мен практикасы атты зерттеуінде бастауыш
сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің еркешеліктеріне талдау
жасалынып, оның қызметінің сипаты анықталды. Бастауыш сынып мұғалімінің іс-
әрекеті көп жақты және оқытылатын пәндер мен тәрбиелік шаралардың мазмұнына
сәйкес айқындалады. Сондықтан оның негізгі мәні мынада.
– бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін тұтастай айқындау;
– тәрбиелік немесе танымдық міндеттерді нақты сыныптық немесе жекеленген
оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қою;
– сыныптағы және сыныптан тыс уақыттағы жұмыстарды оқушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес жоспарлау;
– оқу жоспарын орындауды ұйымдастыру;
– кері байланысты ұйымдастыру, яғни әрбір оқушының қалай жұмыс істеп
отырғаны туралы мәлімет алып, қажет болған жағдайда көмек көрсету;
– белгіленген жоспарды, кеңесті, қосымша сабақтарды нақтылау;
– істелінген жұмыс нәтижелері жөнінде қорытынды есеп беру-талдау,
олардың қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес келуін қадағалау.
Зерттеуші ғалым бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің
негізгі ерекшелігі ретінде оның еңбегінің объектісі өмірге, оқуға жаңа аяқ
басқан бала екендігін айта отырып, мұғалімнің тәрбиелік қызметіне көп көңіл
бөлу керектігін ескертеді. Өйткені баланың келешекте дұрыс білім алуы мен
дамуы, әрі тәрбиесі көп жағдайда бастауыш сыныпта негізі қаланған
адамгершілік қасиеттерге, еңбексүйгіштікке, танымдық белсенділікке,
білімге, білік пен дағдының көлеміне байланысты болады.
Сонымен бірге Т.Ш.Домаев жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды жетілдірудің жолдары мен құралдарын
қарастыра отырып, оларға төмендегі мәселелерді жатқызады:
а) оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
ету, яғни оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді
жетілдіру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің мазмұнын саралау,
студенттердің ғылыми және танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен
дамытуды көздейтін арнайы курстар мен арнайы семинарларды көбейту;
ә) студенттердің оқудан тыс уақыттағы іс-әрекетінің бағдарламалы-
мақсатты және кәсіби-педагогикалық бағыттылығын күшейту, яғни студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, әсіресе дипломдық жұмыстардың сапасын арттыру;
Қоғамдық-саяси белсенділікті қалыптастыру мен дамыту;
б) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлықтың формалары
мен әдістерін жетілдіру;
в) мектеп – жоғары педагогикалық оқу орны – мектептің жүйесінде
бастауыш сынып мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру.
Көрнекті ғалым Т.С.Сабыров оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға
қажетті оқыту әдістері мен формаларын тиімді пайдалануға мұғалімдердің
даярлығын қалыптастыру шарттарын тұжырымдайды [23].
С.И.Тадиян өзінің диссертациялық зерттеуінде жаратылыс-математика
цикліндегі пәндерді оқытудың дидактикалық бағыттылығын күшейту арқылы
жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің тиімді
жолдарын анықтай отырып, мұғалімдік қызметке даярлықты мектепте жұмыс
істеуге айрықша қызығушылық пен мұғалім мамандығы туралы мазмұнды
түсініктің үйлесімді бірігуі, педагогикалық білім, білік және дағдының
нақтылы бар болуы деп түсіндірді. Автор болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің білім көлемі мен кәсіби білік және дағдыларының қалыптасу
деңгейіне өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық оқу құралдарын
пайдалану игі әсер ететінін анықтады және студенттердің кәсіби даярлығын
арттыру үшін лекциялардың, практикалық сабақтардың кәсіби-педагогикалық
бағыттылығын күшейту және ғылыми-зерттеу жұмысын мектеп тәжірибесімен
байланыстыру қажеттілігін көрсетеді [25].
Диссертацияда жаратылыс-математика цикліндегі пәндер алынғанымен,
көрсетілген мәселелер болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жалпы дидактикалық
даярлығын жетілдіруге байланысты, сондықтан зерттеу нәтижелерін басқа
пәндерді оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби даярлықты
қалыптастыру барысында пайдалануға болатыны сөзсіз.
Л.С.Подымова жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ бастауыш
сынып мұғалімінің дидактикалық даярлығы мәселесін көтере отырып,
профессиографиялық тұрғыдан оның құрылымын жасайды, ол 12 компонентті
қамтитын 3 бөлімнен тұрады:
1. Сабаққа дайындық кезеңінде қажетті білім, білік, дағдының көлемі;
2. Сабақты жүргізу барысында қажетті білім, білік, дағдының көлемі;
3. Нәтижелерді есепке алу кезеңінде қажетті білім, білік, дағдының
көлемі.
Зерттеуші бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық даярлығының
жекеленген компонеттерінің өзара байланыстылығын көрсетеді, жоғары оқу
орындарында студенттердің дидактикалық даярлығын жетілдіруге арналған
педагогикалық шарттарды ғылыми тұрғыдан тұжырымдайды. Зерттеудің құндылығы
болашақ бастауыш сынып мұғалімінің оқыту процесін басқаруда, ұйымдастыруда
атқаратын іс-әрекетін айқындауы болып табылады, өйткені оқыту білімгер
дамуында жетекші роль атқаратыны белгілі.
С.Е.Архипова оқушылардың математикалық ойлауларының дамуына басшылық
етуге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің даярлығын жеке тұлғаның біртұтас
құрылымы ретінде қарастырып, оған психологиялық, ғылыми-теориялық,
практикалық және психофизиологиялық даярлықты жатқызады [14].
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық даярлығын әдістемелік
даярлықпен байланыстыру мәселесін қозғаған Т.В.Амельченконың зерттеуі де
көңіл аударарлық дүние. Зерттеуші дидактика мен пәндік әдістемелердің
арасындағы байланыстың негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, болашақ
мұғалімдердің мектепте математиканы оқыту процесінде дидактикалық-
әдістемелік білімдері мен біліктерін жүзеге асыру даярлықтарына талдау
жасайды және осының негізінде студенттерді оқытуда дидактика мен пәндік
әдістемені байланыстыру, мазмұны мен тәсілдерін ұсынады, бастауыш сынып
мұғалімінің дидактикалық және әдістемелік даярлығының құрылымын жасайды.
Бұл зерттеуде математика пәні негізге алынғанымен, ол жалпы бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған, оқу пәні мазмұнының
ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту процесінде дидактикалық-әдістемелік
білім, біліктерді өзара байланысты қолдана білу қажет [49].
Дидактика – педагогиканың негізгі бөлімі болып табылады. Оны оқыту және
білім беру теориясы деп атайды. Дидактика – гректің dіdaktіkos деген
сөзінен шыққан. Оның мағынасы білім беру мен оқытудың теориясы немесе
оқытамын, білдіремін деген түсінік.
Дидактиканың өзінің тарихы бар. Чехтың ұлы ұстаз ғалымы Ян Амос
Коменскийдің Ұлы дидактика деген еңбегінде оқыту теориясының тиімді
мәселелерін шешіп берді.
Я.А.Коменский оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік принциптерін
ұстанған. Сондай-ақ білім беру мен оқыту, шәкірттердің жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкес жүруін, оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз
байланыста болуын талап етті, оқытудың сынып-сабақ жүйесін белгіледі [50].
Оқыту үдерісі әрқашан да дидактикалық жүйе деп аталатын белгілі бір
психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаға сүйенеді. Дидактикалық жүйе деп
оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен
элементтер жиынтығын түсінеміз. Ғалымдардың (Г.М.Коджаспирова және т.б.)
еңбектеріне сүйене отырып, біз дидактикалық жүйелер тұжырымдамаларын
ұстанған бағытына қарай дәстүрлі жүйе (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций,
И.Гербарт және т.б.), педоцентристік жүйе (Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой, Д.Дьюи,
В.Лай және т.б.) және қазіргі заманғы жүйе деп жіктедік.
Дидактика мәселесі М.А.Данилов [51], М.Н.Скаткин [52], В.В.Краевский
[53], Т.С.Сабыров [23], Ш.Т.Таубаева [54;55] және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде зерттелді.
Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық деңгейіндегі
оқыту жүйесін қамтиды. Күнделікті өмірде дидактика мен әдістеме бірін бірі
қайталайды деген пікір жиі кездеседі. В.В.Краевский: әдістеме – бұл жеке
пән дидактикасы, яғни жалпы дидактикаға қосымша. Екінші жағынан әдістеме
өзінің белгілі бір пәнді оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты
зерттеу пәні бар, өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме
дидактикамен объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл
объект бойынша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге
тән жалпы байланысты қарастырады, – дейді.
Біз зерттеуімізде бастауышта оқылатын әр пәннің әдістемесі – пән
әдістемесі – барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі – ол бастауыш оқыту
дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырамыз.
Дидактика мен әдістеменің өзара байланысын біз төмендегіше бейнеледік
(1 суретке сәйкес).

Сурет 1 – Дидактиканың әдістемемен байланысы
Т.Сабыров дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деп студенттердің
оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс-
тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін түсіндіре келіп,
педагогикалық қызметті атқаруға қажет болашақ мұғалімнің бойында оқыту
үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде
бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық қабілеттер
болуы керек дейді [23].
Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын жеңіл түсінетіндей,
қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін
тиімді құра білу.
Дидактикалық біліктілікті біз білімгердің білім беру, оқыту қызметін
орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс–
тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді
әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын төмендегіше анықтадық: оқу
материалын меңгеру мақсатын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза
білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген
материалдарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді
қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді
меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай
білу.
Педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, Болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігі - оның бастауышта
оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ
және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда
қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде
дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту
формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға
қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен
анықталатын кәсіби сапасы, – деп анықтадық.
"Дидактика" – бұл ежелгі грек сөзі, яғни dіdasko – оқыту, түсіндіру,
дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың
теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының
саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру
дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге
бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-
әрекетін арнайы ұйымдастыру [75]. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының
бірлескен іс-әрекеті. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен,
мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға
дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады.
Оқыту және білім алу. Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда
білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса
назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды. "Оқыту –
үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі
сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға
болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі
қолданылады. Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік,
дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын,
адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін
мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру
іс-әрекеті. Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне
басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері:
– оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру;
– оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;
– ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту;
– осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға
үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады;
– оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет,
мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды
ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пікір үлкен
сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: "Оқыту
қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не
үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені
зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі
тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:
Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоций, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский,
А.С.Макаренко т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670),
оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері,
принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат –
адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. Көп емес,
өмірге керекті білімдерді беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу,
тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін
әдістердің пайдалылығын дәлелдеді [50].
Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының,
оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің
айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен
жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық
сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті,
грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары
жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ
тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника
атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін
салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет Әліппе жазды, ол халықты сауаттандырудың басты
құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске
асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл Әліппенің жете өңделген жаңа түрі
жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер
оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау,
қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда
әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін
Қай әдіс жақсы (1928ж.) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім
беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы
керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп,
ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге
асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру
қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы Қазақша оқу жайынан деген мақаласында
бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік
ғылымды жақсы білу керек, – дейді [56].
Оқыту әдісі педагог пен оқушының бірлескен жұмыс тәсілдері. Оқыту
әдістері арқылы технико-технологиялық білім меңгеріп, еңбек білігі мен
дағдысы қалыптасып, оқу-өндірістік әрекетте шығармашылық белсенділіктері
мен дербестіктері дамиды.
Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа
жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін
тәсіл, алға койған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың,
ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы ізділікпен іс-әрекет
жасайтын инженер-педагог пен оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы
оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық,
біліктіліктерін дамытып, жалпы шеберлікті үйреніп, оның негіздерін
қалыптастырады.
Теориялық оқытудың әдістері:
1)  монолог түрінде жүргізілетін әдіс – оқытушы ақпаратты ауызша
жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті
берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады;
2) көрнекілік әдіс – оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы
тәжірибе түрінде түсіндіреді;
3)  диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық материалдарды
диалог ретінде баяндайды;
4) эвристикалық әдіс – оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол
оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде
проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді;
5) іздену әдісі – оқытушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Пәндер