«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер



Түркілердің даналық мұрасы «Қорқыт ата кітабы» жайлы зерттеу жасағандардың қатарына біз әріге бармай, ауыл маңындағы адамдардың есімін қосып жүр екенбіз. Ақиқатында, «Қорқыт ата кітабына» ХІХ ғасырдың басында-ақ әлем жұртшылығы назар аударып, бүкіл дүние ориенталистері жабыла сөз қозғап, шығыстанушы ғалымдардың көбісі зерттеу жасапты. Бұл күрделі мәселеге бармас бұрын сол түркі халқының даналық мұрасын тұңғыш рет тұтастай алып аударма жасаған В.В. Бартольд еңбегіне шұқшия үңілдік. Оған дейін германиялық ориенталист Г.Ф. Диц 1815 жылы «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасындағы сегізінші тарауын, кітап сөзімен айтқанда «Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы баяны» атты жырды аударды, оған рахмет. Академик В.В.Бартольд Дрезден кітапханасында сақталған 12 жырдан тұратын қолжазба бойынша аударма жасаған ғой, сол қасиетті мұра нұсқасына да сүйіспеншілікпен назар аудардық. Біз сөз етіп отырған ғалым «Қорқыт ата кітабын» қара сөзбен тәржімалаған.
В.В. Бартольд аудармасының алғашқы бетіне осы кітап жайлы шағын көлемде мәлімет, түсініктеме мақала берілген. Біз әуелгі сөзімізді сол кітаптың бірінші бетіндегі мақаладан бастауды жөн көрдік. Сосын, әйгілі ғалым В.В. Бартольдтың «Түрік эпосы және Кавказ», «Көркуд», «Қорқыт туралы тағы мәлімет» деген мақалаларының сыр-сипаты жайлы сөз қозғап болып, академик В.М.Жирмунскийдің «Оғыздардың батырлық эпосы және «Қорқыт кітабы» деген көлемді мақаласындағы ой-толғамдарды көңілге түйгеннен кейін өз әлімізше «Қорқыт ата кітабына» зерттеу жасауға талпыныс жасалынады. Әуелі жоғарыда аталған еңбектерді оқып, солар жайлы ой-пікір білдірмей аттап кету әбестік болар.
Сонымен, В.В. Бартольд аударған «Қорқыт ата кітабының» орысша тәржімасының алдыңғы жағына берілген шағын мақалаға тоқталайық. Осы дүниені В.В.Бартольд аударған атақты эпосты шығарушылар алқасы жазғаны анық. Мұнда «Қорқыт ата кітабы» оғыздардың ортағасырдағы батырлық эпостық ескерткіші болып табылады делінген. Шынында солай, оған қосыламыз. Ортағасырдағы оғыздармен этникалық және тілдік жағынан қазіргі үш түрік тектес халықтар – түрікмен, азербайжан және түркия елдері етене байланыста. Бұл кітапта сол халықтардың өткен тарихын баяндайтын эпикалық толғаулары жинақталып, елеп-екшелініп, көркем тілмен жеткізілген. Сондықтан «Қорқыт кітабы» әсіресе, тарихшылар мен этнографтардың қызығушылығын тудырады. Өйткені, осы шығармада көшпелі түрік тайпаларының дәстүрі, салты, ерлігі, тұрмысы, сосын соғыс және бейбітшілік кездердегі тіршілігі, бәрінен бұрын олардың өмір сүрген дәуіріндегі өзіндік ерекшеліктері шынайылықпен берілген.
Академик В.В. Бартольд аударған «Қорқыт ата кітабын» шығарушылар жазған бұл алғысөзде осы эпостық шығарма қазіргі кезеңде орыс, германия, түркия, италия тілдеріне аударылғанын мәлімдейді. «Қорқыт ата кітабын» зертеудің негізін қалаған, Ресейдің атақты тарихшысы, шығыстанушы, академик Василий Владимирович Бартольд. Ол мына шығарманы тарихи және фольклорлық тұрғыда зерттеудің негізін салып берді. Бұл мұраны танып, игеруге талпыныс жасаған түркия, германия, италия ғалымдарының жариялаған еңбектеріне зер салсақ, олар академик В.В. Бартольд салған зерттеу тәсілдерін жалғастыра пайдаланған.
Әйгілі ғалымның «Қорқыт кітабына» қызығушылығы 1890 жылдың басында пайда болған. Сол тұстан бастап ол өмірінің соңғы кезіне дейін сол даналық мұраны зерттеумен айналысты. В.В. Бартольд сол әйгілі ескерткішті 1922 жылы толық аударма жасап бітірді. Оған дейін бұл ғалым «Қорқыт ата кітабындағы» 12 жырдың төртеуін ғана аударған еді. Осы толық аудармасын ол А.М. Горький басқарған «Бүкіләлемдік әдебиет» баспасына тапсырады. Бірақ, бұл еңбегінің жарыққа шыққанын көрмей кетті. Азербайжан ғалымдары Г. Араслы мен М. Тахмасиб В.В. Бартольд аудармасына кейбір нақтылау, түзетулер жасап Баку қаласынан шығарды. Дегенмен бұл басылым жұршылыққа кең көлемде тарамады.
В.В. Бартольд аудармасы жоғары филологиялық дәрежеде орындалған. Бұған оның кең ауқымдағы әдеби білім, жетістіктерінің де едәуір септігі тиген. Негізінде, В.В.Бартольд аударма жасау барысында сол шығарма мәтініндегі көркемдік жетістіетерді сақтауға баса көңіл бөліпті. Бұл эпостық мұраны аударуды әлі де жетілдіре түсуге болатынын автордың өзі еске салады. Бұған В.В. Бартольдтың: «Настоящий перевод, конечно, тоже не может считаться окончательным; надо надеятся, что и в целом настоящий перевод будет признан устарелым и заменен другим меньше чем через сто лет»,–деп жазғаны дәлел (1, 203-б.).
1. Бартольд В.В. Китаби-Коркуд. 1. ЗВО, Т. ҮІІІ, СПБ, 1894.
2. Бартольд В.В. Сочинения. Том Ү. М: изд. Наука, 1968.
3. Қорқыт ата. Энциклопедиялық жинақ. Алматы: «ҚЭ», 1999.
4. Бартольд В.В. Түрік және Моңғол халықтарының тарихы және филология
жайлы жұмысы. М: Вост.лит. 2002.
5. Лунин Б.В. Жизнь и деятельность академика В.В. Бартольда. Т. «Фан», 1981.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тоқболат Еңсегенұлы, филология
ғылымдарының докторы, профессор

ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЛЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР

Түркілердің даналық мұрасы Қорқыт ата кітабы жайлы зерттеу
жасағандардың қатарына біз әріге бармай, ауыл маңындағы адамдардың есімін
қосып жүр екенбіз. Ақиқатында, Қорқыт ата кітабына ХІХ ғасырдың басында-
ақ әлем жұртшылығы назар аударып, бүкіл дүние ориенталистері жабыла сөз
қозғап, шығыстанушы ғалымдардың көбісі зерттеу жасапты. Бұл күрделі
мәселеге бармас бұрын сол түркі халқының даналық мұрасын тұңғыш рет
тұтастай алып аударма жасаған В.В. Бартольд еңбегіне шұқшия үңілдік. Оған
дейін германиялық ориенталист Г.Ф. Диц 1815 жылы Қорқыт ата кітабының
Дрезден нұсқасындағы сегізінші тарауын, кітап сөзімен айтқанда Бисаттың
Төбекөзді өлтіргені туралы баяны атты жырды аударды, оған рахмет. Академик
В.В.Бартольд Дрезден кітапханасында сақталған 12 жырдан тұратын қолжазба
бойынша аударма жасаған ғой, сол қасиетті мұра нұсқасына да
сүйіспеншілікпен назар аудардық. Біз сөз етіп отырған ғалым Қорқыт ата
кітабын қара сөзбен тәржімалаған.
В.В. Бартольд аудармасының алғашқы бетіне осы кітап жайлы шағын
көлемде мәлімет, түсініктеме мақала берілген. Біз әуелгі сөзімізді сол
кітаптың бірінші бетіндегі мақаладан бастауды жөн көрдік. Сосын, әйгілі
ғалым В.В. Бартольдтың Түрік эпосы және Кавказ, Көркуд, Қорқыт туралы
тағы мәлімет деген мақалаларының сыр-сипаты жайлы сөз қозғап болып,
академик В.М.Жирмунскийдің Оғыздардың батырлық эпосы және Қорқыт кітабы
деген көлемді мақаласындағы ой-толғамдарды көңілге түйгеннен кейін өз
әлімізше Қорқыт ата кітабына зерттеу жасауға талпыныс жасалынады. Әуелі
жоғарыда аталған еңбектерді оқып, солар жайлы ой-пікір білдірмей аттап кету
әбестік болар.
Сонымен, В.В. Бартольд аударған Қорқыт ата кітабының орысша
тәржімасының алдыңғы жағына берілген шағын мақалаға тоқталайық. Осы
дүниені В.В.Бартольд аударған атақты эпосты шығарушылар алқасы жазғаны
анық. Мұнда Қорқыт ата кітабы оғыздардың ортағасырдағы батырлық эпостық
ескерткіші болып табылады делінген. Шынында солай, оған қосыламыз.
Ортағасырдағы оғыздармен этникалық және тілдік жағынан қазіргі үш түрік
тектес халықтар – түрікмен, азербайжан және түркия елдері етене байланыста.
Бұл кітапта сол халықтардың өткен тарихын баяндайтын эпикалық толғаулары
жинақталып, елеп-екшелініп, көркем тілмен жеткізілген. Сондықтан Қорқыт
кітабы әсіресе, тарихшылар мен этнографтардың қызығушылығын тудырады.
Өйткені, осы шығармада көшпелі түрік тайпаларының дәстүрі, салты, ерлігі,
тұрмысы, сосын соғыс және бейбітшілік кездердегі тіршілігі, бәрінен бұрын
олардың өмір сүрген дәуіріндегі өзіндік ерекшеліктері шынайылықпен
берілген.
Академик В.В. Бартольд аударған Қорқыт ата кітабын шығарушылар
жазған бұл алғысөзде осы эпостық шығарма қазіргі кезеңде орыс, германия,
түркия, италия тілдеріне аударылғанын мәлімдейді. Қорқыт ата кітабын
зертеудің негізін қалаған, Ресейдің атақты тарихшысы, шығыстанушы, академик
Василий Владимирович Бартольд. Ол мына шығарманы тарихи және фольклорлық
тұрғыда зерттеудің негізін салып берді. Бұл мұраны танып, игеруге талпыныс
жасаған түркия, германия, италия ғалымдарының жариялаған еңбектеріне зер
салсақ, олар академик В.В. Бартольд салған зерттеу тәсілдерін жалғастыра
пайдаланған.
Әйгілі ғалымның Қорқыт кітабына қызығушылығы 1890 жылдың басында
пайда болған. Сол тұстан бастап ол өмірінің соңғы кезіне дейін сол даналық
мұраны зерттеумен айналысты. В.В. Бартольд сол әйгілі ескерткішті 1922 жылы
толық аударма жасап бітірді. Оған дейін бұл ғалым Қорқыт ата кітабындағы
12 жырдың төртеуін ғана аударған еді. Осы толық аудармасын ол А.М. Горький
басқарған Бүкіләлемдік әдебиет баспасына тапсырады. Бірақ, бұл еңбегінің
жарыққа шыққанын көрмей кетті. Азербайжан ғалымдары Г. Араслы мен М.
Тахмасиб В.В. Бартольд аудармасына кейбір нақтылау, түзетулер жасап Баку
қаласынан шығарды. Дегенмен бұл басылым жұршылыққа кең көлемде тарамады.
В.В. Бартольд аудармасы жоғары филологиялық дәрежеде орындалған.
Бұған оның кең ауқымдағы әдеби білім, жетістіктерінің де едәуір септігі
тиген. Негізінде, В.В.Бартольд аударма жасау барысында сол шығарма
мәтініндегі көркемдік жетістіетерді сақтауға баса көңіл бөліпті. Бұл
эпостық мұраны аударуды әлі де жетілдіре түсуге болатынын автордың өзі еске
салады. Бұған В.В. Бартольдтың: Настоящий перевод, конечно, тоже не может
считаться окончательным; надо надеятся, что и в целом настоящий перевод
будет признан устарелым и заменен другим меньше чем через сто лет,–деп
жазғаны дәлел (1, 203-б.).
Ертеректегі В.В. Бартольд аударған Қорқыт ата кітабын Әдеби
ескерткіштер сериясымен шығару ұсынысын СССР ғылым академиясының мүше-
корреспонденті, В.В.Бартольдтың шәкірті, профессор А.Ю. Якубовский жасаған
болатын. Оның көзі тірі кезінде сол пікірі орындалмады. В.В. Бартольд
жасаған аударманы кітап етіп шығаруда сол еңбек ешкім қол тигізбейтін
жұмыс болып танылды. Расында, бұл аударманың жоғары көркемдік деңгейі оған
редакциялық жөндеуді, елеусіз кемшіліктерді дұрыстауды міндет санамады.
Қажетті деген ескертпелер аударма еңбекке берілген түсініктемеде
көрсетілген.
Сондай-ақ, В.В. Бартольдтің Қорқыт ата кітабына жасаған аудармасы
редакция алқасының айтуынша Дрезден нұсқасымен ұқыптылықпен салыстырылған,
Ватикан нұсқасын да назардан таса қалдырмаған. Сол даналық кітаптың О.Ш.
Гекя, М.Эргин жасаған латынша нұсқалары да В.В. Бартольд аудармасымен
салыстырылыпты және Азербайжан ғалымдары жасаған түсініктемелер де ретті
тұстарда кәдеге жараған. Бірақ, мына мақалада Қорқыт жырының тарихи
деректермен етене ұштасып жатқаны мүлде айтылмаған. Кітаптағы 12 жыр он
екі тайпаға арналған емес пе? Сол тайпалардың басын біріктіріп отырған Сыр
бойындағы Жанкент қаласын астана еткен Оғыздар ұлысы еді. Әлгі мемлекет Сыр
бойын төрт жүз жылға жуық уақыт мекендеді. Оғыздар – қазіргі түрікмендер.
Айрықша айтып тоқталар мәселе – академик В.В. Бартольд Қорқыт ата
кітабының сыр-сипатын ашуға бар ақыл-ойын сарқа жұмсаған ғалым. Оның сол
оғыздар дастаны жайлы жазған Түрік эпосы және Кавказ деген зерттеу
еңбегін оқығанда атақты ғалымның алғырлық, ойшылдық келбеті, ішкі жан
дүниесінің тазалығы, шыншылдығы, көтермелей айтсақ, осы еңбекті жария
етудегі ерен қабілеті айқын аңғарылып тұрады. Сосынғы сүйсінерлік жәйт,
В.В. Бартольд түріктердің көне заманғы жыры, шежіресі, ерлігі, түркілік
мінезі, адамгершілік келбеті, нанымы, дәстүрі тұтас қамтылып жазылған
атақты Қорқыт ата кітабы жайлы сөз қозғарда қылау түспеген ақиқатты
білдіруге ұмтылған. Дәлел келтірсек, осы мақаласының алғашқы жолын автор:
Қолжазбаға қойылған атау: Оғыздар тайпалары тілінде, менің Қорқыт атам
жайлы кітап–ілгеріде, студент жылдары (1891-1892) осыдан көшірме жасаған
едім. Солардың ішінен төрт (1,2,3 және 5-ші) мәтін мен аударманы өзім
жариялаған едім. Бұл мұраның толық аудармасы қазірге дейін Еуропа
тілдерінде жоқ, сондай-ақ, мақала да шықпаған,–деп бастаған (2, 475-б.).
Ақиқатында, Қорқыт жырының атауы солай жазылған, кейін өңделіп,
ықшамдалып айтылып жүр. Бәрінен қымбаты–шетел мұражайында жатқан түрік
дүниесі кемеңгерінің даналық шығармасын өзімізге толық аударма жасап
ұсынған және Қорқыт жырын дүниеге тұңғыш таратқан осы В.В. Бартольд қой.
Оғыздардың бұл эпосын жария етуде ол шынымен бүкіл өмірін сарқа жұмсады.
Осы мақаласында академик қазақ халқының мәртебесін көтеретін тың
деректерді алға тартады Мысалға, В.В.Бартольд айтқандай, Қорқыт жыры және
кемеңгер Қорқыттың өзі жайлы қазақ халқының ауыз әдебиетінде, сондай-ақ ел
арасында көптеген аңыз әңгімелер сақталған, сол эфсаналарда халқымыз бұл
дананы Қазақы Қорқытқа, данышпан Қорқытқа айналдырған. Сол сүйсінерлік
жетістікті В.В.Бартольд дөп басып тауып, біліктілікпен дәлелдеп берді. Бұл
пікірімізге осы зерттеушінің: И где эти предания сохраняются у нынешных
обитателей тех же степей казахов. Некоторые из этих преданий были приведены
мною в других местах,–деген тұжырымы толық айғақ (2, 478-б.).
В.В. Бартольдтің бұл зерттеу еңбегінен тағы қолдауға тұрарлық
деректерді алға тартайық. Қазақ халқының Қорқыт атаны шыныменен ақылшы,
дана деп тануымен бірге оны қазақты өнерге баулушы, ішекті аспаптарды
жасаушы, үйретуші есебінде көрсетеді. Мәселен, В.В. Бартольд осы
мақаласында: более важно не замеченное мною сообщение умершего в 1865 г.
Ориенталиста из сибирских казахов (киргизов) Чокана Валиханова о Хорхуте
(Sic!), первом шамане, который научил их (киргизских шаманов) играть на
кобзе и петь саре,–деп жазып, кейбір игі істің бетін ашып берді (2, 478-
б.).
Бұл ғалым осы келтірілген үзіктегі Саре деген сөздің мағынасын білу
үшін біраз зерттеу жасайды. Белгілі ғалым П.А. Фалевтің Сарын– сарын оқу,
ән деген мағынаны білдіреді деп тұжырымдағанын келтіреді. Академик В.В.
Радловтың қырғыздардың (қазақ шамандарының) қобызбен сондай ән салғанын
естіп жазғанын алға тартады. Ал Қорқыт кітабының бір тарауын бірінші
аударған Г.Ф. Диц Ұзан сөзін адам аты есебінде түсінгенін білдіреді.
Академик осы мақаласының жоғары жағында Қорқыт жырындағы бір әңгіме
(сегізінші) 1815 жылы мәтіні және немісше аудармасымен жария етілді.
Қазіргі уақытта мәтін толығымен Константинаполде шығарылды,–деп жазады (2,
475-б.). В.В.Бартольдтің бұлай сөз қозғауына дәлел бар екен. Бұл жәйт жайлы
осы ғалым тағы мына мақаласында: Диц ұзақ уақыт Константинаполда елші
болып тұрды,–деп жазады (2, 482-б.). Демек, Г.Ф. Диц Қорқыт ата кітабын
алғаш тауып, аударушы болғандықтан, сол маңызды мұраға ынтызарлық білдіріп,
Константинаполде жүргенде Қорқыт жырының мәтінін жария еткен болса керек.
Бұған сенуге болады, өйткені академик В.В. Бартольдтің көптеген еңбектерін
оқып шыққанда жаңылыс жазылған мәлімет, деректер кездеспеді.
В.В. Бартольд Түрік эпосы және Кавказ деген мақаласында, негізінен,
Қорқыт жыры жайлы кейбір ескерілмеген, бұрын айтылмаған деректерге және
Қорқыт ата жайлы жинақталып, рухани мұраға, тәлім-тәрбиелікке құрылған,
өнеге тұтатын өсиет сөзге айналған ел аузындағы аңыздарды ортаға салып,
игілікке жетелейтін пікірлер білдіреді. Осы мақалада Қорқыт қобызды мұңлы
серігіне және өліммен күресетін қаруға айналдырады. В.В. Бартольд жинаған
аңыз бойынша Қорқыт қобыз даусы, сарын әуенімен ұзақ уақыт өзінен ұйқыны
қуалап, өлімге қарсы әрекет жасайды. Себебі, оған егер ұйықтап кеткеніңізде
өлім келіп жаныңды алады деп жаратушы күш айтқан болса керек. Ақырында,
Қорқыт ұйықтап кеткенде ажал оған жылан бейнесінде келіп, жайылған кілем
үстіне өрмелеп шығып, Қорқытты шағып өлтіреді.
Сондай-ақ, мақалада айтылғандай, Қорқыттың моласына арнайы қобыз
қойылған, бұл киелі аспап желдің әсерімен үнемі қайғылы үн шығарып тұрады
екен. Содан былайғы жұрт бұл мазар Қорқыт жатқан жер екенін есте сақтаған
және Қорқыт есімін білген, естен шығармаған.
Бұл ғалым Қобыз аспабының рухани құндылығына ерекше маңыз беріп,
өмірде алатын өзіндік орнын нақты деректер келтіріп дәлелдеген. Оның
пайымдауынша және жұртшылықтың баяндауынша Қорқыт заманының өзінде әнші,
жыршылар қобызбен бір елден екінші елге, бір бектен екінші бек халқына
барып өз өнерлерін көрсетеді. Қолында қобызы бар әнші, жыршы тойдың басты
сән-салтанаты болып саналған. Сол тұста, кей жағдайларда жауынгер-батырлар
қобызбен өнер көрсеткен. Осы мақалада Қорқыт кітабындағы оныншы баянда
жас батыр Секерек Қорқыт атадан қобыз алғанын есіне түсіріп, мақтан еткенін
айтады. Бұл шындық, Қорқыт ата кітабындағы Үшін Қожаұлы Секерек
әңгімесінің баяны атты тарауда: –Ей, кәпір, Қорқыт атамның қобызының
құрметіне қылыш сермемедім, егер қолыңда қобыз болмағанда, ағабегімнің
кегін қайтарып, сені қақ бөлер едім,–деді,–деп жазылған (3, 190-б.). Мұнда
зерттеуші В.В. Бартольд Қорқыт дәуірінде, оғыздар елінде, олар ұзақ уақыт
мекен еткен Сыр бойы жерінде қасиетті қобызды жоғары құрмет тұтатынын еске
салып отыр.
Бұл мақалада оғыздардың дәстүр-салтынан, мінез-құлқындағы
ерекшеліктерге де тоқталып өткен. Сол мәселе жайлы В.В. Бартольд: Сын,
недовольный отцам или бек, недовольный ханом, готовы порвать со своими
соплеменниками и единоверцами, уйти к абхазам или грузинам и сделаться
врагами огузов,–деп жазыпты (2, 480-б.). Мұнда, әрине, ғалым Кавказ
аймағында туған аңыз әңгімелерді пайдаланғаны байқалып тұр. Осы мақалада
оғыздарға, жалпы түрік жұртына байланысты айтылған кейде соғыста әйелдер
де ерлік жасайды деген сөзге бұл ғалым келіспейтінін білдіреді. Ел басына
ауыр күн туса кім қарап отырады? Ежелгі заманда көне түркі қыздары жаудан
кек алып, ерлік жасауды басты парыз санаған. Сондай-ақ, В.В. Бартольд
оғыздар дәстүрінде көп әйел алу әрекеті белең алмағанын, олар сүйіп
қосылған жарымен үнемі бірге тату өмір сүретінін де еске салады. Қысқасы,
бұл мақалада Қорқыт жыры және Қорқыт атаның өзіне байланысты аңыз
әңгімелерге баса назар аударылып, пайымдау жасалған.
Академик В.В. Бартольд Қорқыт атты мақаласында сол дана тұлға есімі,
нақыл сөздері, ол туралы аңыздар қазақ халқы арасында әліге дейін молынан
сақталғанын мәлімдейді. Бұған автордың: Көне түркілердің Қорқыт жайлы
кітабындағы поэма геройы қырғыздардың (қазақ деген мағынаны білдіреді)
қасиетті Қорқытынан айнымайды. Түрікмендер ортағасырдағы оғыздардың тікелей
ұрпағы, олардың бабасы жайлы аңыздары қырғыздардың Қорқыт туралы
аңыздарымен бірдей екені ешқандай күдік тудырмайды,–деп жазғаны негіз
болады (4, 236-б.). Осы мақалада Қорқыт қиын жағдай тап болғанда қалай
қарай кетерін білмей, ақыры жердің кіндік ортасын қоныс етуге шешім
жасайды. Қалай ойласа солай орындайды. В.В.Бартольд осы шағын мақаласында
Қорқыттың кемеңгерлік болмысын көрсетуді мақсат еткені танылады.
Оның Қорқыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Қорқыт атаның даналық сөздері
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Пәндер