Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселесі


Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселесі
Биологиялық әралуандылық - түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі) . Қазіргі кезде әлемде 2, 5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері олі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны - жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның "Қоршаған орта және даму" конференциясында биологиялық әралуандылық туралы әлемдік Конвенция қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:
- әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
- биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
- биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
- биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. [1]
Қазақстанның конвенцияға қосылуы
Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.
Қазақстанда оның аумағы 13, 5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4, 9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17, 5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.
Конвенцияның негізгі ережелері
Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды: 1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану; 2. Оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.
Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері
- Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру;
- Жоспар шараларын қаржымен қамтамасыздандыру;
- Қорғау үшін обьектілерді анықтау;
- Шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа қауіпті бағалау;
- Биосаналуандығының ахуалына мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер банкін құру;
- Генетикалық модифицирленген ағзаларды бақылау;
- Сирек және жоғалып жатқан түрлерді қорғауды, заңды түрде бекіту;
- Жоғалып жатқан түрлерді қайта көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру;
- Тұрақты қолдану бойынша шаралар қабылдау;
- Биологиялық сан алуандық қоспалары;
- Экологиялық білімді дамыту;
- Ағарту және тәрбие;
- Биосаналуандығы мүдделерін есептеу бойынша мәліметтерді жинау;
- Шаруашылық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы
Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т. б енген. Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл ел» және « 2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Биологиялық ресурстарды қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz