Алматы облысының экологиялық проблемаларын, тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануын қарастыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ІРІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

1. 1 Теория . . . 5

1. 2 Әдістеме . . . 11

II АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

2. 1 Алматы облысының экологиялық жағдайына әсер ететін факторларына талдау жасау . . . 18

2. 2 Алматы қаласы аумағындағы тұрмыстық қалдықтар . . . 31

III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3. 1 Алматы қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу орталықтары . . . 38

3. 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 - 2050 жылдарға арналған бағдарламасы . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі : Ірі қалалардағы экологиялық проблемалармен, оларға әсер ететін факторлар және оларды шешу жолдарымен танысу. Еліміздің әр аймақтары мен ірі қалалары, соның ішінде Алматы облысы мен Алматы қаласындағы экологиялық мәселелерді тереңірек қарастыру. Экологиялық проблемалардың ішіндегі өзектілерінің бірі - тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің жаңа әдіс - тәсілдерімен танысу, олардың өңдеуден кейінгі жаңадан алынатын өнім түрлерін қарастыру. Іс жүзінде Қазақстан қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін жаңадан түзуі қажет, өйткені, шын мәнінде, ұйымдық және құқықтық шеңберлер жоқ. Қалдықтарды ұтымды пайдалануға арналған нормалар жеткіліксіз, ал неғұрлым кешенді жүйені құру мен оның жұмыс істеуі үшін жауапкершілік бөлінбеген. Инфрақұрылымның дамуы мен жұмыс істеуін орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.

Алматы қаласы аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің негізгі принциптері мынадай:

1) қалдықтардың пайда болуын азайту және олардың қауіптілік деңгейін төмендету;

2) қалдықтарды жинау және қайтара өңдеуге дайындау кезінде бөлу, іріктеу;

3) қалдықтарды жою алдында қайтара өңдеуден өткізу басымдығы;

4) қалдықтарды көму алдында жою басымдығы;

5) қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды жүзеге асыру мақсатында жаңа ғылыми - техникалық жетістіктерді пайдалану;

6) заңды және жеке тұлғаларға қайталама ресурстарға жататын, қалдықтарды іріктеп жинауға және оларды арнайы мамандандырылған кәсіпорындардың қайталама шикізатқа өңдеуге жауапкершіліктерін жүктеу;

7) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу және одан түскен қаржыларды табиғатты қорғау шараларына бағыттау;

8) қалдықтардың көлемін азайту және оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласында қызметтерді экономикалық реттеудің (экономикалық сүйемелдеудің) әдістерін пайдалану;

9) қалдықтардың көлемін азайту мақсатында материалдық-шикізат ресурстарын кешенді түрде қайта өңдеу;

10) қалдықтармен жұмыс істеу саласында қызметтерді экономикалық сүйемелдеу;

11) қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ақпараттардың қол жетімдігі;

12) Алматы қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық және экономикалық мүдделердің ғылыми негізделген, біріккен әрекеті.

Қалдықтармен жұмыс істеудің мақсаттары мен негізгі принциптеріне сәйкес жұмыс істеудің әдіс-тәсілін таңдау кезінде қайталама ресурстарды іздеуде қалдықтарды көбірек пайдалануды ескере отырып, қоршаған ортаға неғұрлым аз экологиялық залал келтірілуін қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдерге жол берілетін болады.
Қалдықтармен жұмыс істеудің басымдық берілетін әдістері төмендегідей:
1) қайталама ресурстарды кәдеге жарату бойынша қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу;
2) қалдықтарды қайтадан пайдалану үшін (технологиялық мен экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда) түрлендіру;
3) жылу арқылы, физикалық, химиялық және биологиялық залалсыздандыру;
4) көму.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті : Алматы облысының экологиялық проблемаларын, тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануын қарастыру және осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Алматы облысының экологиялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлары анықтау;
  • Алматы қаласындағы тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасайтын кәсіпорындармен танысу;
  • Алматы қаласын ластайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару және қайта өңдеуге арналған бағдарламаларды қарастыру;

Диплом жұмысының практикалық маңызы: Бұл жұмыстың практикалық маңызы зор. Болашағы бар, еліміз үшін енді қалыптасып келе жатқан саламен, яғни тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен халықты таныстыруға септігін тигізеді. Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аз да болса өз үлесімізді қосуға тиіспіз, сондықтан бұл дипломдық жұмысты экологиялық форумдарда, конференцияларда, халықтың экологиялық сауатын ашуға бағытталған іс - шараларда қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. 7 кесте, 5 сурет бар.

I ТАРАУ. ІРІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

1. 1 Теория

Қалалық орта - күрделі, негізгі түсінік. Бұл ортаның ерекшелігі мен өзгешеліктерін үйрену қаланы сол жағдайындағы мәнін ұғуға жол ашады. Урбандалу, бір жағынан халықтың тұрмыс - тіршілігін жақсартса, екінші жағынан - табиғи жүйені жасандыға ығыстыруға, қоршаған ортаның ластануына, адам ағзасына химиялық, физикалық және психологиялық күштің ұлғаюына алып келеді.

Мегаполис қоршаған ортаның барлық компоненттерін - атмосфераның, өсімдіктің, топырақтың, рельеф, жер асты суларының, грунт және тіпті климаттың өзгертеді. Мегаполис түптің түбінде қоғамның таптық сипатын көрсетеді, яғни оның қайшылықтары, кемшіліктері және ақаулары.

Мегаполистер саясаттың және мәдени өмірдің орталықтары болып табылады. Олар құл иеленушілік уақыттарында пайда бола бастап, феодализм және капитализмде дамыған болатын. Халықтың мегаполистерде шоғырлану процесі жалпы халық санының жылдам өсуін тездетеді. БҰҰ-ң мәліметі бойынша, дүние жүзінде қала халқы саны жылына 4% - ға көбейеді. Мегаполистердің пайда болуы Жердегі үлкен аудандардың өздігінен пайда болуын білдіреді. Бұл жағдайдан ауа және су бассейндері, жасыл алқаптары зардап шегеді, транспорт жолдарының бұрмалануы және басқа қатынастарда қолайсыздықтар туындауына себепші болуы мүмкін. Көптеген қалалар кеңейіп үлкейгендігі соншалық құрлыққа сыймай, теңізге қарай жылжиды. Қаладағы халықтың шоғырлану процесі шарасыз, бірақ қаланың құрылымы, оның индустриясы, «қала жасаушы» факторы қаланың тарихи орны мен адамдардың тұрмыстық деңгейін көтеруде қарама - қайшылықтар пайда болады [3] .

Қазіргі заманғы ірі қалалар, әсіресе мегаполистердің өте жылдамдықпен көлемін ұлғайтуы, құрамына тұрғын үйлерді, көпсалалы ғылыми және қоғамдық мекемелерді, өндірістік кәсіпорындар мен транспорт объектілерін біріктіре отырып, ұлғаяды, кеңейеді де өзара бірігіп, тығыздалып Жердің тірі табиғатына қауіп төндіреді. Адамзат өзінің тіршілік әрекетінде әрқилы экологиялық жүйелерге ықпал етеді. Мысалға келтірсек, батпақты жердің құрғауы, ормандардың кесілуін, озон қабатының жұқаруы, өзен ағысының бағытының өзгеруі, қоқыстарды қоршаған ортаға тастау сияқты қауіпті ықпалдары бар. Бұл әрекетімен адамзаттың өзі тұрақты жүйедегі күрделенген байланыстарды бұзып, оған тұрақсыздық, анығырақ айтқанда экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Өзінде жекелеген табиғи жағдайларымен және белгілі бір шаруашылыққа игерілген әр ірі аумақ экологиялық тұрғыдан қадағалауды талап етеді.

Аумақтық экологиялық анализдің маңыздылығы оның нәтижесі үлкен мәнге ие (аумақтың мәні мемлекеттің, континенттің немесе планетаның проблемасына қарағанда адамдарға «жақын») .

Қалалардың, соның ішінде өте ірілерінің экологиялық проблемаларының туындау себебі белгілі бір территорияға салыстырмалы түрде тығыз халықтың, транспорт және өндіріс кәсіпорындары, антропогендік ландшафттардың орналасуы, экологиялық тепе - теңдіктен алыстауына байланысты. Қазіргі уақытта дүние жүзі халқының өсу қарқыны ғаламшардың 40%-ға жуық халқын қамтып отырған қала халқының өсуіне қарағанда 1, 5-2, 0 есеге төмен. 1939-1979 жж. аралығында ірі қалалар халқы 4 есеге арттса, орта қалаларда-3 есеге, кішігірім қалаларда - 2 есеге артқан. Көптеген елдерде әлеуметттік-экономикалық ахуал урбандалу процесін басқара алмауға әкелді. Жекелеген елдерде қала халқының үлес салмағы: Аргентина - 83, Уругвай - 82, Австралия - 75, АҚШ - 80, Жапония - 76, Германия - 90, Швеция - 83. Ірі миллионер қалаларға қарағанда қалалық агломерациялар мен қала маңындағы елді-мекендер тез өсуде. Оларға АҚШ-тағы Вашингтон - Бостон және Лос-Анджелес - Сан-Франциско, Германиядағы Рур қаласы; ТМД аумағындағы Мәскеу, Донбасс және Кузбасс қалалары жатады.

Зат және энергия айналымы қалаларда елді-мекендерге қарағанда едәуір жоғары жүреді. Жердегі энергия ағынының орташа тығыздығы - 180 Вт/м 2 , ондағы антропогендік энергия үлесі - 0, 1 Вт/м 2 құрайды. Қалаларда бұл энергия 30-40 кейде тіпті 150 Вт/м 2 (Манхэттен) дейін жетуі мүмкін. Ірі қалалардың атмосферасының құрамында 10 есе көп аэрозол және 25 есе көп газдар болады. Бұл көрсеткіштегі 60-70 % газбен ластануды автокөлік транспортынан болып отыр. Атмосфераның өздігінен тазалануына жел жылдамдығы мен күн радиациясының 10-20%-ға төмендегені кедергі болады. Қалада ауылдық аймақтарға қарағанда 1 адамға шаққанда 10 есе көп су пайдаланады, ал сутоғандарының ластануы апаттық мөлшерге жетуде. Соның салдарынан барлық дерлік ірі қалаларда ауыз су проблемасын бастан кешіріп отыр. Су сақталатын орындар да үздіксіз құдықтар мен скважиналар арқылы пайдалану нәтижесінде айтарлықтай ластанған [4] .

Қалалық территорияда топырақ жамылғысының беткі қабаттары да өзгеріске ұшырайды. Үлкен алаңдарда, квартал мен магистральдарда топырақ беткі қабаты физикалық жойылады, ал рекреациялық зоналарда - парктерде, шағын бақтарда, аулаларда жойылуға жақын, яғни тұрмыстық қалдықтармен, атмосферадағы зиянды қалдықтармен, ауыр металдармен ластанады.

Қалалардың өсімдік жамылғысы әдетте толық «мәдени отырғызылған» орныдарымен таныстырылады: парктермен, шағын бақшалармен, газондармен, гүлзар және аллеяларымен. Антропогендік фитоценоздар құрылымы табиғи өсімдіктердің зоналық және аймақтық типтеріне сәйкес келмейді. Сол себепті қалалардағы жасыл көшеттерді отырғызып, одан әрі дамыту жасанды жағдайлар арқылы және үнемі адамның қадағалауымен жүзеге асады. Ал көпжылдық өсімдіктерді қалаларда өсіру үшін көп күтім қажет етеді. «

Мегаполистердегі тағы бір маңызды экологиялық проблемалардың бірі атмосфераның ластануы. Бұл мәселені туындатушы ластаушы заттар қалада жүздеп, оларды рұқсат етілген шамадан тыс пайдалану атмосфераның ластануына әкеп соғады. Сонымен қатар, қалада бір уақыттың ішінде көптеген ауа ластаушы заттардың әсері бірігіп, зияндығы едәуір артуы мүмкін.

Қаланың көлемі ұлғайса, атмосферадағы оны ластайтын заттардың концентрациясы да өсе береді деген пікір кеңінен таралған, алайда шындығына келгенде ластағыш заттардың қаланың барлық аумағындағы орташа концентрациясын, халқы 100 мың адамнан асатын көпфункциялы қалаларда есептесек, онда қаланың көлемі де ұлғаймайды. Бұл құбылысты біз біруақытта тасталған қоқыстардың ұлғаюымен, пропорционалды түрде өсетін халық санымен және қалалық құрылыстардың аумағының көбеюімен түсіндіріледі. 500 мыңдық халқы бар қалалардың аумағы ұлғайса, түрлі аудандарында ластану концентрациясының дифференцияциясы да өсе береді. Перифериялы аудандардағы ластану деңгейі жоғары емес, ол өнеркәсіптің өндірістік зоналарында және орталық аудандарда лезде жоғарылайды. Соңғыларында өндірістік өнеркәсіптер болмаса да, атмосферадағы жоғары концентрациялы ауа ластаушылары байқалады. Бұл осы аудандардағы автөкөлік жүйесінің тығыз қозғалысымен, түсіндіріледі. Орталық аудандарда атмосфералық ауа перифериялық ауданға қарағанда бірнеше градусқа жоғары, - ол өз кезегінде қаланың орталық төбелерінде ауа ағындарының пайда болуына алып келеді, олар өнеркәсіпті ауданнан лас ауаны сіңіріп, жақын орналасқан периферияға жөнелтеді. Қазіргі кезде ауа бассейндерін қорғау ауданы өздерінің үлкен үміттерін өнеркәсіптің толығымен газбен жұмыс істеп жәнеотын-энергетика кешешіне көшуімен байланыстырып отыр. Алайда газ эффектісін асыра сілтеуге де болмайды. Қатты отыннан газға өту, құрамында күкірті бар қоқыстардың көлемінің азаюына алып келсе, бір жағынан азоттың улы қалдықтарының көлемін ұлғайтады. Осы сияқты ұқсас жағдай көміртегі монооксидінің қалдықтары қысқарған кезде де орын алады. Жану режимін қадағалай отырып, көміртегі монооксидінің қалдықтарының санын азайтсақ та, температура жоғарылаған сайын азот атмосферасының тотығуы, азоттың тотығуының көлемінің ұлғаюы орын алады. Ауа бассейнін стационарлы ластаушы көздеріне қарағанда автокөлікпен ластау қашық емес биіктікте орналасып, әрқашан жергілікті сипатта болады.

Осы сияқты автокөлік транспортынан тыс орналасқан ластану концентрациялары көлік магистралынан алыстаған сайын азая береді, үлкен кедергілерге ұшыраса ( мысалы, жабық үй алаңдары) одан 10 есе тез азаяды.

Стационарлы ластау көздеріне қарағанда автокөлікпен ластаушылар әлдеқаййда улы болып келеді. Азот тотықтырғышы, көміртегі монооксиді және күйелермен (дизельді көліктерде) жүретін автомобильдер қоршаған ортаға құрамында 200-ге тарта улы заттары мен қоспаларды шығарады.

Болашақта ірі мегаполистердің ауа бассейндерінің автомобильді көлікпен ластануы қауіпті қатер төндіреді. Бұл ең бірінші қазіргі уақытта осы мәселенің түбегейлі шешімінің жоқтығымен түсіндіріледі.

Қоршаған ортаның автокөлікпен ластануы және оны шешу жолдарына қысқаша тоқталайық. Қала халқының денсаулығының өзгерісі мегаполистің экологиялық жадайының ғана көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ ол қоршаған ортаның жағдайын жақсартатын маңызды әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады. Осыған орай қала халқының денсаулығы тек қана биологиялық жағдайларға емес, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлармен де тығыз байланысты.

Негізінде қалалықтардың денсаулығына көптеген факторлар әсер етеді. Қалалық өмірдің көрінісі-гиподинамия, жоғары жүйке жүктемесі, көлік кептелісі, ең басты себеп- қоршаған ортаның ластануы. Бұған мысал ретінде мегаполистің түрлі аудандарындағы халықтың түрлі ауруларға шалдығуы дәлел. Қоршаған ортаның қала халқына тигізетін жағымсыз әсерлерін қалалықтардың денсаулықтарының ауыл халқының денсаулығынан нашар екендігінен білуге болады. Мамандардың пікірі бойынша қоршаған ортаның шектен тыс ластануы халықтың өлім-жітімінің өсуіне және түрлі аурулардың саныныі артуына алып келеді. Кестеде адамның қоршаған ортаның ластануының әсерінен ұшыраған ауруларының тізімі көрсетілген.

Атмосфералық ластану кезінде ең бірінші тыныс алу жүйелері зақымданады. Ағзаның улануы өкпенің альвеолары арқылы жүреді, олардың ауданы 100м 2 құрайды. Газалмасу процесінде улаушы заттар қанға түседі. Бөлшек секілді қатты өлшемдегі заттар тыныс жолының басқа жолдарына тұрақтайды. Адамның щаруашылық әрекеті, тұрғын үйлердің салынуы, шекті мөлшердегі жасыл желектердің саны өз кезегінде ірі қалаларда өзінің шағынклиматының қалыптасып, экологиялық сипатының нашарлауына алып келеді. Желсіз күндері ірі қалалардың 100-150 м биіктік үстінде температуралық инверсия орнауы мүмкін, ол ластанған ауа массаларын қала территориясының үстінде ұстап тұрады. Тас, кірпіш және темір жабдықтар мен жылу қалдықтарының қызуы - қаланың орталық аудандарының жылуына алып келеді[2] .

Жаңа тұрғын үй кешендерінде орын алатын жағымсыз жел режимдері туралы айта кету керек. Бәріміз білетіндей атмосфералық қысымның төмендеуі жүрек-қан тамыр жүйесімен ауыратын адамдарға жағымсыз әсер етеді. Осы кезекте көптеген жаңадан құрылған аудандарда кварталдардың дұрыс жоспарланбағаны ссебепті жергілікті жерде атмосфералық қысымның төмендеуі байқалады. Мысалы, екі үлкен үйдің арасындағы желдің бағыттары емес, жел ағыдарының бағыттары тез ұлғаюы мүмкін. Аэродинамиканың заңына сәйкес бұл аймақта жергілікті қысымның төмендеуі байқалады ( 10 миллибарға дейін) . Осы іспетті бірсарынды қысымның таралуы екі үй арасындағы 15-20м қашықтықта жүреді. Осыған ұқсас, бірақ нақты бақыланған көріністі ғимараттың жоғарғы қабаттарынан байқауға болады. Осы аймақ жүрек-қан тамырлар жүйесімен ауыратын адамдарға жағымсыз әсер тетеді деп айтқанымыз артық болады. Осы мәселенің шешімі жаңадан құрылған аудандардағы кварталды дұрыс рационалды жоспарлап, жел режимін нормаға келтіріп қана шешуге болады.

Қалаларда жас көшеттердің болуы жақсы экологиялық фактордың бірі. Жас көшеттер белсенді түрде атмосфераны тазалайды, ауаны реттейді, шуылдың деңгейін төмендетеді, қолайсыз жел түзілуіне кедергі болады, одан басқа, қаладағы жасыл өсімдіктер адамның эмоциялық жағдайына оң әсерін береді. Ол үшін жас көшеттер адмдардың тұратын орнына максималды түрде жақын орналасуы қажет, сонда ғана оларды қалыпты экологиялық көмек ретінде қолдана алады.

Қалалардағы экологиялық жағдайды қалыптастыратын негізгі факторларды қарастыра отырып, адам экологиясына қатысты тағы бір проблеманы қарастыруға болады. Қаланың қоршаған ортасын қалыптастыратын факторларды жоғарыда атап кеттік, сонымен қатар ірі қаланың ересек тұрғыны жұмыс күндері уақытының басым бөлігін - 9 сағатын шектелген кеңістікте өткізеді. Жұмыста, 10-12 - үйінде және 1 сағаттан кем емес транспортта, дүкендерде және тағы басқа қоғамдық орталарда, бұл рет бойынша қаланың қоршаған ортамен 2-3 сағат көлемінде ғана байланыс болады. Бұл факт өндіріс пен тұрңын үйлерге экологиялық сипаттамасына аса мән беру керектігіне назар аудартады [3] .

Шектелген кеңістіктердегі қолайлы жағдайлар, яғни ауаны тазартып отыратын құрылғы және шуылдың азайтылуы адамдарға қалалық ортаның теріс әсерін едәуір азайту мүмкіншілігіне ие болуы ықтимал, бірақ мұндай іс-шараларға біршама материалдық шығын кететіні белгілі. Бұл сұрақтың шешіміне қазіргі уақытта айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Тіпті жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде ауа тазартқыштар мен кондиционерлердің орналастырылу мүмкіндіктері жобаларда қарастырылмаған. Тұрғын үйлердің ішінде оның сапасына әсер ететін тағы басқа да азды-кем факторлар бар. Оларға газ қолданатын асханалар, тұрғын үйдегі газ қолданысынң артуы, ауа ылғалының төмендеуі(орталықтан жылу берілетін жағдайда), жұмсақ жиһаздарда және кілемдерде, тіпті құрылыс барысында қолданылатын материалдарда болатын әртүрлі аллергендер, басқа да факторлар жатады. Жоғарыда айтылып кеткеннің барлығы жаңа тұрғын үй құрылысында ғана ескеріліп қоймай, әрбір ұала тұрғынының да белсенділігін де талап етеді [5] .

Агломерациялар пайда болуына дейінгі уақыттарда қалдықтардың мәселелері қоршаған ортаның, яғни жер мен судың арқасында оңай шешілетін. Шаруалар өз өнімдерін егін алқабынан қайта өңдеусіз, көліксіз, қаптамасыз, жарнамасыз пайдаланғандықтан қалдыққа қатысты мәселе жоқтың қасы болатын. Көкөніс қалдықтары келесі жылдың егіні үшін топыраққа тыңайтқыш ретінде берілетін болған. Қаладағы қозғалыс мүлдем басқа тұтыну құрылымын алып келді. Өнімдерді айырбастау басталғандықтан, ыңғайлы болуы үшін қаптамалар пайда болды [7] .

Қазіргі кезеңде Нью-Йорк тұрғындары бір күннің өзінде 24000 т жуық материалды қалдық қоқыстарды тастап отырады. Бұл қоспа негізі әр түрлі қоқыстардан құралған: металдар, шыны контейнерлер, макулатуралар, пластик және тамақ қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар бұл қосынды құрамында үлкен көлемді қауіпті қалдықтар құрайды: құрамында сынап бар батарейкалар, фосфор-карбонаты бар шамдар және улы химиялық тұрмыстық еріткіш заттар, бояулар және тағы басқа да заттар. Сан-Франциско қаласының көлеміндей қалада кішігірім бокситтің шахтасынан кем емес алюминий, үлкен көлемді мыс, және ауқымды мөлшердегі орманнан алатындай көп мөлшерде қағаз болуы мүмкін [5] .

Жоғарыда атап кеткен ірі қалалардағы экологиялық мәселердің барлығын ескере отырып, Американың Mercer Human аналитикалық ұйымы 2012 жылдың қаңтар айында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемнің ең лас қалаларын анықтаған болатын. Бұл қалалардың барлығында өнеркәсіп орталықтары орналасқандықтан, қаланың экологиялық жағдайы өте нашар. Mercer Human компаниясының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, қоршаған ортаның ластануы жер жүзінің миллиардтаған тұрғынының денсаулықтарына кері әсерін тигізіп, өз зиянын келтіреді.

1. Чернобыль, Украина

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында сынақ кезіндегі үлкен жарылыс салдарынан 30 адам қаза болып, 135 000 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Бұл жарылыс салдарынан қала мен жақын аймақтарға кең көлемде радиация таралды. Чернобыль қаласындағы жарылыс - бүкіл әлемдегі ең үлкен ядерлық апат. Қаланың экологиялық ахуалы шамамен 5, 5 миллион адамға залал келтірген.

Қаланы ластайтын зиянды заттар: радиактивті йод, ауыр металлдар, уран, плутоний, стронций.

Қаланы зиянды заттардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілуде.

2. Хайна, Доминикан Республикасы

Байос де Хайна деген атымен кеңінен танымал бұл аймақ табиғаты автомобиль аккумуляторын шығаратын зауыт қалдықтарынан нашарланған. Әсіресе, қорғасын өндіруден шыққан қалдықтар жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Хайна өңірінің тұрғындары қорғасынмен қатты уланғандықтан, сәбилер іштен кем туылып, үлкен кісілер психикалық ауруларға душар болады екен.

Қаланы ластайтын зиянды зат: қорғасын. Шамамен 85 000 адам зардап шеккен.

3. Кабве, Замбия

Замбия астанасы Лусака қаласының солтүстігінен 150 шақырым қашықтықта жатқан Кабве қаласы қазба байлықтармен кеңінен танымал. 1902 жылы бұл қалада қорғасын кен орны табылған. Қаланың ауыр металлдармен ластану деңгейі қажетті шамадан 4 есе көп. Қала тұрғындары бұлшықет атрофиясы мен созылмалы бүйрек ауруларына жиі шалдығады. Шамамен 250 000 адам ауыр металл қалдықтарымен уланған.

Қаланы ластайтын зиянды заттар: қорғасын, кадмий

4. Линьфынь, Қытай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экологиялық проблемалар
Экологиялық проблемаларды экономикалық жолмен шешу тәсілдері
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Шағын өзендер және олардың проблемалары
Ертіс алабындағы өзен
Қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайту және оны тұрақтандыру
Нағыз тұрмыстық қалдықтар
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
Босалқы жерлердің мониторингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz